Ұлттық байлық



1.Ұлттық байлықтың әлеуметтік экономикалық мәні
2. Ұлттық байлықтың құрамы
3. Айналым қорлары ұғымы мен ұлттық байлық бөлігі ретіндегі құрылымы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ұлттық байлық- мемлекеттің экономикалық потенциалын және экономикалық дамуының деңгейін бағалауда қолданылатын маңызды экономикалық категория.
Ұлттық байлық ғылыммен анықталған макроэкономикалық көрсеткіштердің алғашқыларының бірі болып есептеледі.
Ұлттық байлықты бағалауы 17- ғасырда бірқатар еуропалық экономистермен есептеліп шығарылған. Байлық көрсеткіштері өндірістің алдыңғы кезеңінде жинақталған нәтижелерді өлшеу, мемлекеттің қуаты мен экономикалық даму деңгейін бағалау үшін қолданылған.
Алайда, ҰБ есептеудің ұғымы мен әдістемелерінде соңғы уақыттарға дейін біркелкілік болмай, халықаралық салыстыруда қиындықтар байқалды. Байлық көрсеткіштерінің құрамына жеке мемлекеттер нақты мәселелерді шешумен бірге мүмкіншілігіне сүйене отырып, әр түрлі компоненттерді енгізіп отырды. ҰБ құрамына халықты енгізу ұсыныстары да болды. Әрине, алынған көрсеткіштер құрамында, элементтері бойынша ұқсастық болмай, халықаралық салыстырулар кезінде мүлдем үйлесімсіздіктер кездесті. Мұндай айырмашылықтар ҰБ- ң құрамын компоненттері бойынша нақтылаудың қажеттілігін талап етеді. Басты кезең болып ҰБ- ң экономикалық категория және статистикалық зерттеу объектісі ретінде анықталуы есептеледі.
Ұзақ уақытттан бері отандық статистикалық тәжірибеде ұлттық байлық алдыңғы ұрпақтардың еңбегімен жиналған материялдық игіліктер (ұлттық мүлік) мен экономикалық айналымға түскен және барланған табиғи ресурстар жиынтығы ретінде анықталып отырды.
1. Иванов Ю.Н. Экономическая статистика. - М.:Инфра-М, 2000.-480 с.
2. Иванов Ю.Н. Система национальных счетов - инструмент макроэкономического анализа. - М.:Финстатинформ, 1996.
3. Камаев В.Д. Экономическая теория. -М.: ВЛАДОС, 1998.-640 с.
4. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы.-Алматы: Аркаим, 2003.-120 б.
5. Липпе П. Экономическая статистика. -Штутгарт, Йена, 1995.
6. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003.-432 бет.
7. Студенский П.С. Доход нации. - М.:Статистика, 1992.
8. Чепурин М.Н. Курс экономической теории. - Киров: «АСА», 1995.-327с.
9. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы. - 2006 жыл.
10. Статистический пресс-бюллетень.- 2006г. Агенство Республики Казахстан по статистике.
11. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение/ под ред. Кенжегузина М.Б. - Алматы, 1997. - 350с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Ұлттық байлықтың әлеуметтік экономикалық мәні
2. Ұлттық байлықтың құрамы
3. Айналым қорлары ұғымы мен ұлттық байлық бөлігі ретіндегі құрылымы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ұлттық байлықтың әлеуметтік экономикалық мәні

Ұлттық байлық- мемлекеттің экономикалық потенциалын және
экономикалық дамуының деңгейін бағалауда қолданылатын маңызды
экономикалық категория.
Ұлттық байлық ғылыммен анықталған макроэкономикалық көрсеткіштердің
алғашқыларының бірі болып есептеледі.
Ұлттық байлықты бағалауы 17- ғасырда бірқатар еуропалық
экономистермен есептеліп шығарылған. Байлық көрсеткіштері өндірістің
алдыңғы кезеңінде жинақталған нәтижелерді өлшеу, мемлекеттің қуаты мен
экономикалық даму деңгейін бағалау үшін қолданылған.
Алайда, ҰБ есептеудің ұғымы мен әдістемелерінде соңғы уақыттарға
дейін біркелкілік болмай, халықаралық салыстыруда қиындықтар байқалды.
Байлық көрсеткіштерінің құрамына жеке мемлекеттер нақты мәселелерді
шешумен бірге мүмкіншілігіне сүйене отырып, әр түрлі компоненттерді
енгізіп отырды. ҰБ құрамына халықты енгізу ұсыныстары да болды. Әрине,
алынған көрсеткіштер құрамында, элементтері бойынша ұқсастық болмай,
халықаралық салыстырулар кезінде мүлдем үйлесімсіздіктер кездесті. Мұндай
айырмашылықтар ҰБ- ң құрамын компоненттері бойынша нақтылаудың
қажеттілігін талап етеді. Басты кезең болып ҰБ- ң экономикалық категория
және статистикалық зерттеу объектісі ретінде анықталуы есептеледі.
Ұзақ уақытттан бері отандық статистикалық тәжірибеде ұлттық байлық
алдыңғы ұрпақтардың еңбегімен жиналған материялдық игіліктер (ұлттық
мүлік) мен экономикалық айналымға түскен және барланған табиғи ресурстар
жиынтығы ретінде анықталып отырды.
Ұлттық Байлық- бұл алдыңғы ұрпақтардың еңбегімен жасалған,
мемлекетке тиісті немесе бір мемлекетттің экономикалық аймағындағы және
оның шекарасынан тыс резиденттерінің меншігіндегі барлық материялдық және
материялдық емес активтердің жиынтығы, сонымен қоса барланған және
экономикалық айналымға түсірілген табиғи және басқа ресурстар.
Анықтама келесіге ерекше көңіл бөлінген:
• Ұлттық байлық- басқа макроэкономикалық көрсеткіштерден
ерекшелігі- мезгілдік көрсеткіш
• Ұлттық байлық құралу көздеріне байланысты екі бөліктен тұрады-
өндірілмеген активтер мен ұлттық мүліктен
• Оның құрамында тек материялдық активтер ғана емес,
материялдық емес активтер де есептелінеді (қаржылық және
қаржылық емес)
• Қазақстан меншігіндегі ұлттық байлық компоненттері оның
экономикалық аймағында және шекарасынан тыс та орналаса
алады.
• Ұлттық байлықтың заңды түрде болуы орын алады:
Оның көлеміне мемлекеттік және мемлекеттік мүлікке жатпайтын, жеке
тұлғалар мен резиденттер- заңды тұлғалар иелігіндегі мүлік кіреді.
ҰБ- жиынттық активтер мен міндеттемелер айырмасының сомасы-
өзіндік капитал. Қазақстан Респупубликасының статистика жөніндегі
әдістемелік ережелер жинтығында ұлттық байлық тауар өндіруге,
қызмет көрсетуге және адам өміріне қажеттіліктерді қамтамасыз
ететін мемлекеттің ресурстарының жиынтығы ретінде анықталады.
Сонымен, ұлттық байлық статистикакалық зерттеу объектісі және
экономикалық категория ретінде тек қана материялдық активтердің
жинақталуын қамтып көрсетуге арналмай, заңды тұлғалардың және жеке
тұлғалардың материялдық емес қаржылық және қаржылық емес активтерін
жинақтау мен түбегейлі мемлекеттікін де қамтып көрсетуге арнал

Ұлттық байлықтың құрамы

Ұлттық байлыққа келесі экономикалық активтер кіреді
• Өндірілген қаржылық емес активтер
• Өндірілмеген қаржылық емес активтер
• Қаржылық активтер
Қаржылық емес активтер олардың шығу тегіне байланысты өндірістік іс-
әрекет нәтижесінде өндірілген және өндірілмеген табиғат сыйлары болып
бөлінеді.
Өндірілген қаржылық емес активтер – барлық алдыңғы ұрпақтар еңбегі
нәтижесінде жинақталған активтер.
Олардың құрамына кіреді
• Негізгі қорлар(Негізгі капитал)
• Айналым капиталы
• Материалдық айналым құралдар қоры, резервтер және т.б.
• құндылықтар
Өндірілген қаржылық емес активтер – тауарлар мен қызметтерді
өндіретін салалардағы қызмет ететін негізгі қорлар, материалды айналым
құралдар қоры, резервтер, пайдалану мақсатына байланысты әр түрлі қорлар,
тұрғындардың мүлкі және құндылықтар.
Өндірілмеген қаржылық емес активтерге өндіріс процесінің нәтижесі
емес, алайда сол процесте қолданылатын активтер жатады. Олар материалдық
және материалдық емес болып бөлінеді.
Өндірілмеген материалдық активтерге табиғи активтер- жер, қазба
байлықтары, табиғи биологиялық ресурстар, жер асты су ресурстары және
т.б. жатады. Өндірілмеген қаржылық емес активтер өндіріс процесінің
нәтижесінде пайда болмайды және олар ұдайы өндірілетін және ұдайы
өндірілмей өңделетін табиғи ресурстардан және де кейбір материалдық емес
активтерден құралады. Олар материалдық және де материалдық емес активтер
деп сипатталады.
Көрсетілген активтер топтарының мазмұны сәйкес жіктелумен
анықталады.
Ұлттық байлықтың құрамын және оның толық және түбегейлі нақты
сипаттамасын өндеу және оларды есептеу әдістемелері мен талдауын ұдайы
жетілдіруді қамтамасыз ету дәстүрлі статистиканың алдында тұрған
мәселелер.
Ұлттық байлықтың көлемі мен құрамын анықтау, оның мемлекет
территориясында орналастырылуы, меншіктің түрлері бойынша бөлінуі, оның
ұдайы өндіріс процесіндегі нәтижелерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес байлық
Тұрғын үй де — ұлттық байлық
Ұлттық өнім теориялары және оны өлшеудің тәсілдері
Ұлттық байлық туралы
ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ӨЛШЕУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
ҚР Ұлттық байлығы
Ұлттық өнім территориялары және оны өлшеудің тәсілдері
Ұлттық шаруашылық мазмұны
Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Экономиқалық теория негіздері» мәліметтері
Меркантилизм туралы жалпы ұғым
Пәндер