Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу туралы



Кіріспе

1 бөлім. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың ұғымы
1.1. Қылмысқа қатысудың түсінігі және оның белгілері
1.2. Қылмысқа қатысушылардың түрлері

2 бөлім. Қылмысқа бірге қатысушылардың түрлері.

3 бөлім. Қылмысқа бірге қатысудың нысандары.
3.1. Қоса орындаушылық (жай қатысу).
3.2. Адамдар тобының күні бүрын сөз байласпай бірлесіп қылмысқа қатысуы.
3.3. Адамдар тобының алдын ала сөз байласып бірлесіп қылмысқа қатысуы.
3.4. Ұйымдасқан топ.
3.5. Кылмыстық ұйым (сыбайластық).


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер түрлері
Біздің қазіргі заманымыздың ерекше белгісі болып, қылмыстылықтың сандық өсуі, яғни, қылмысқа тартылатын адамдардың санының өсуі табылады. Қылмыскерлердің жас мөлшері төмендеп, қылмыстылық жасарып келеді. Бірақ та, жоғары дәрежедегі алаңдатушылықты туындататын мәселе қылмыстылықтың ең ауыр, ең қауіпті түрі - ұйымдасқан қылмыстылық қарқынды түрде өсіп келе жатыр.
Осыған байланысты, қылмысқа қатысу институтының бірден – бір маңызы мынада, ол заңда топтасқан қылмыстылықты бейнелеп, онымен күрес жүргізудің пәрменді құралы болып табылады.
Қылмысқа қатысуда ең ауыр қылмыстар жасалады. Сол себептен де, қылмыстық құқықта бұл институтқа көптеген еңбектер арналған. Қылмысқа қатысу мәселелері Ф.Г. Бурчак, П.Ф. Тельнов, Г.А. Кригер, П.И. Гришаев, М.И. Ковалева сияқты белді ғалымдардың еңбектерінде барлық қырларынан зерттелген.
Қазіргі кезде бұрынғы қарапайым, импульсивті қылмыстылықтың орнына әскери құрылымдардың ережесімен құрылған қылмыстылық келіп жатқан кезде, заңды және заңсыз бизнестер тығыз бірлестікте өмір сүріп жатқанда, ресми органдар сыбайлас жемқорлыққа бой алдырып жатқанда қылмысқа қатысудың, ұйымдасқан қылмыстылықтың мәселесі аса маңызды саяси – экономикалық мәселеге айналып отыр. Сол себептен де, қылмысқа қатысу институтын анықтау, оның белгілеріне талдау жасау, қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын белгілеу қажеттілігі туындауда.
Қылмысқа қатысу мәселелері бүдан басқа да қылмыстық-құқықтық жұмыстарда дамып отырды.
Кылмысқа қатысу мәселесіне қызығушылық кездейсоқ емес. Бұл мәселе қылмыстық құқықтың ең бір күрделі мәселелерінің бірі және ол тек теориялық қызығушылық тудырып қоймайды. Негізінде, қылмысқа қатысушылар жасаған, яғни арнайы қылмыс жасау үшін біріккен тұлғалар жасаған қылмыстарда жасалған әрекеттің қоғамдық қауіптілігі біршама өседі. Қылмысқа қатысушыларға неғұрлым ауыр, қатал жазалау шаралары қолданылады, бұл ұйымдасқан және топтық қылмыстылықпен күресті нығайтуға қажет боп есептеледі.
1. ҚР Конститутциясы. 30 тамыз 1995ж. өзгерт. мен тол. қоса.
2. ҚР Кылмыстық кодексі. 16 шілде 1997ж. өзгерт. мен тол. қоса.
3. ҚР жоғары Сотының нормативтік қаулысы. Бандитизм және басқа да қылмысқа қатысуда жасалынған қылмыстар үшін жауаптылықты соттардың қолдану тәюжірибесі туралы. 21 шілде 2001
4. ҚР Кылмыстық кодексіне түсініктеме. Алматы, 2001
5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001.
6. Курс советского уголовного права. Часть общая. Т.1. ЛГУ 1968.
7. М.И. Ковалев. Соучастие в преступлении. Ч.1. Понятие соучастия. Свердловск, 1960.
8. Курс уголовного права. Общая часть.Т.1. М., 1999.
9. А.А. Малиновский. Уголовное право зарубежных государств. М., 1998.
10. Уголовное право. Общая часть./под ред. В.Н.Петрашева М., 1999.
11. Ф.Г.Бурчак. Соучастие: социальные, криминологические и правовые проблемы. Киев, 1986.
12. Уголовное право. Часть общая. /под ред. Л.Д.Гаухмана, С.В. Максимова. М., 1999
13. Практикум по уголовному праву. Учебное пособие. М., 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе

1 бөлім. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың ұғымы
1.1. Қылмысқа қатысудың түсінігі және оның белгілері
1.2. Қылмысқа қатысушылардың түрлері

2 бөлім. Қылмысқа бірге қатысушылардың түрлері.

3 бөлім. Қылмысқа бірге қатысудың нысандары.
3.1. Қоса орындаушылық (жай қатысу).
3.2. Адамдар тобының күні бүрын сөз байласпай бірлесіп қылмысқа
қатысуы.
3.3. Адамдар тобының алдын ала сөз байласып бірлесіп қылмысқа қатысуы.
3.4. Ұйымдасқан топ.
3.5. Кылмыстық ұйым (сыбайластық).

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер түрлері

Кіріспе

Біздің қазіргі заманымыздың ерекше белгісі болып, қылмыстылықтың сандық
өсуі, яғни, қылмысқа тартылатын адамдардың санының өсуі табылады.
Қылмыскерлердің жас мөлшері төмендеп, қылмыстылық жасарып келеді. Бірақ та,
жоғары дәрежедегі алаңдатушылықты туындататын мәселе қылмыстылықтың ең
ауыр, ең қауіпті түрі - ұйымдасқан қылмыстылық қарқынды түрде өсіп келе
жатыр.
Осыған байланысты, қылмысқа қатысу институтының бірден – бір маңызы
мынада, ол заңда топтасқан қылмыстылықты бейнелеп, онымен күрес жүргізудің
пәрменді құралы болып табылады.
Қылмысқа қатысуда ең ауыр қылмыстар жасалады. Сол себептен де,
қылмыстық құқықта бұл институтқа көптеген еңбектер арналған. Қылмысқа
қатысу мәселелері Ф.Г. Бурчак, П.Ф. Тельнов, Г.А. Кригер, П.И. Гришаев,
М.И. Ковалева сияқты белді ғалымдардың еңбектерінде барлық қырларынан
зерттелген.
Қазіргі кезде бұрынғы қарапайым, импульсивті қылмыстылықтың орнына
әскери құрылымдардың ережесімен құрылған қылмыстылық келіп жатқан кезде,
заңды және заңсыз бизнестер тығыз бірлестікте өмір сүріп жатқанда, ресми
органдар сыбайлас жемқорлыққа бой алдырып жатқанда қылмысқа қатысудың,
ұйымдасқан қылмыстылықтың мәселесі аса маңызды саяси – экономикалық
мәселеге айналып отыр. Сол себептен де, қылмысқа қатысу институтын анықтау,
оның белгілеріне талдау жасау, қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын
белгілеу қажеттілігі туындауда.
Қылмысқа қатысу мәселелері бүдан басқа да қылмыстық-құқықтық
жұмыстарда дамып отырды.
Кылмысқа қатысу мәселесіне қызығушылық кездейсоқ емес. Бұл мәселе
қылмыстық құқықтың ең бір күрделі мәселелерінің бірі және ол тек теориялық
қызығушылық тудырып қоймайды. Негізінде, қылмысқа қатысушылар жасаған, яғни
арнайы қылмыс жасау үшін біріккен тұлғалар жасаған қылмыстарда жасалған
әрекеттің қоғамдық қауіптілігі біршама өседі. Қылмысқа қатысушыларға
неғұрлым ауыр, қатал жазалау шаралары қолданылады, бұл ұйымдасқан және
топтық қылмыстылықпен күресті нығайтуға қажет боп есептеледі.

1 бөлім. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың ұғымы

1.1. Қылмысқа қатысудың түсінігі және оның белгілері

Қылмысқа қатысу түсінігі қылмыстардың көпшілігінде кездеседі. Кейбір
қылмысқа қатысу арқылы жасалынған қылмыс түрлерінің үлесі өсіп отыруға
бейім. Соңғы жылдары ұрлық үшін сотталғандардың 910-зы қылмысты ұйымдасқан
топ құрамында жасаған. Мұндай жағдай, қылмыстардың сыбайластықпен көптеп
жасалуының дәлелі.
Қылмысқа қатысумен жасалатын қылмыстар әлеуметтік және құқықтық
ерекшеліктерге ие.
Қылмысқа қатысудағы ерекше құқықтық белгілер бұл қылмыс түрін жеке бір
қылмыстық-құқықтық институт қылып бөліп қарастыруға жол береді. Бұған дейін
мұндай пікір 1863 ж. В.Д.Спасовичтің алғашқы орыс қылмыстық құқық кітабында
айтылған.
Кеңестер Одағы және Одақтас республикалар қылмыстық заңнамасының
негіздері 1958 ж. қабылданғанға дейін қылмысқа қатысу түсінігінің
анықтамасы болған емес. 1924 ж. Қылмыстық заңнамасырның негізгі
бастамаларының 12-бабында тек қана қатысушылардың (айдап салушы,
көмектесуші және орындаушы) тізбегі көрсетілінген болатын. 1922 ж. және
1926 жылдары шыққан Қылмыстық кодекстері де қылмысқа қатысу үшін
тағайындалатын жазалардың тізімімен ғана шектелген. 1958 ж. Негіздердің 17-
бабында ғана алғаш рет тұжырымдап анықтама беріледі: екі немесе одан да көп
адамдардыңқасақана қылмыс жасауға бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп
танылады.
Мұндай анықтаманы толық әрі қылмысқа қатысудың барлық белгілерін
ажыратып көрсеткен деп айту қиын.
ҚР ҚК 27-бабына сәйкес қылмысқа қатысу деп екі және одан да көп
адамның қасақана қылмыс жасауға қатысуы танылады делінген. Қылмысқа қатысу
институты қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қылмысқа қатысу және қылмысқа қатысу үшін қылмыстық жауаптылық
жағдайлары туралы ҚК 27-бабы адамдар тобымен және ұйымдасқан топпен
жасалған қылмыс белгілері көрсетілген ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарына
таралмайды.
Мұндай кезде заңшығарушы (ҚР ҚК-ның 27-бабы) жалпы бөлімінің әмебебап
нормасының аясын шектейді. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінде Ерекше
бөлімде сипатталған қылмыс белгілері бар болған жағдайда жасалған іс-әрекет
кінәлі деп Ерекше бөлімнің сәйкес бабымен сараланады. Жалпы бөлімнің (ҚК 27
бап) нормасы бұл сәтте қолданылмайды.
Қылмысқа қатысу ұғымының анықтамасында осы институттың жиі кездесетін
белгілері бар:
- бір қылмысқа екі немесе одан да көп адамдардың қатысуы, қылмысты
олардың бірлесіп жасауы, қылмыстық қызмет сипатының қасақаналығы.
Осы аталған белгілерді объективті және субъективті белгілер деп
топтастыруымызға болады.

Қылмысқа қатысудың объективті белгілері

ҚР ҚК 27-бабынан қылмысқа тек екі немесе одан да көп адамның қатысуы
болған жағдайда ғана қылмысқа қатысу болады деген қорытынды шығаруымызға
болады.
Екі немесе одан да көп адамның болуы қылмыстық жауаптылыққа тартылатын
адамдардың заңмен көрсетілген жасқа толғандығын (ҚК 15-б) және
қатысушылардың қылмыс жасаған сәтте естерінің дұрыс болғандығын (ҚК 16-б)
білдіреді. Заңда белгіленген жасқа толмаған және есі дұрыс емес адамдар
орындаушы ретінде пайдаланылса, мұндай адамдар қылмыс құралы болады, ал
айдап салушы немесе көмектесуші қылмыстық жауаптылыққа тікелей қылмысты
орындаушы есебінде жауапқа тартылады.
Қылмыстық-құқықтық мағынада екі немесе одан да көп адамның болмауы
қылмысқа қатысуға жатпайды. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттегі жасауға
көрсетілген адамдарды айдап салу немесе көмектесу біреу арқылы кәнәлілік
болады. Жасы толмағандарды пайдаланған көмектесуші және айдап салушы
қылмыстық қызметке кәмелетке толмағандарды тартқандары үшін жазаланады.
Екі не одан да көп адам санының болуы қылмысқа қатысудың тағы бір
объективті белгісінің болуын туындатады - қылмысқа қатысушылардың
бірлескендігін.
Әдетте қылмыстық құқық теориясында бұндай объективті белгіні жеке
объективті белгілер қатарын біріктіретін (нәтиже, әр қатысушы мен нәтиже
арасындағы себепті байланыс) кең ұғым деп қарастырады. Бұған қоса, кейбір
авторлар бір қылмысқа қатысушылардың субъективті, психологиялық
мазмұндарының әрқайсысында әр түрлі болуын да бірлескендікке жатқызады.
Бірлескендік – бұл қылмысқа қатысудың тек объективті емес, сонымен
қатар субъективті белгісі, яғни барлық қатысушының мүдделерінің де бір
болуын айтамыз.
Бір мақсатқа жету үшін бір қатысушының әрекетін екінші қатысушы
толықтырған кезде ғана екі немесе одан да көп адамның жасағаны қылмыс болып
табылады. Егер мұндай бірлесіп жасалынған қылмыс тек қана сыртқы сипаттарға
ие болса, онда бұл қылмысқа қатысу ретінде қарастырылмайды. Бұндай жағдайда
объективті бір нәтижеге қол жеткізгеніне қарамастан әр қатысушы жеке-жеке
қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Мысалы: Азамат У- ды жаралаған азамат В мен жарақатын таңып жатқан
кезде инфекция түсірген азамат Г-ның әрекетін қатысу деп қарастыра
алмаймыз. Бұл жағдайда қылмысқа қатысу жоқ, себебі әр қатысушының іс-
әрекетінде қасақаналық бағыт жоқ, тіпті кіналылардың төменгі психологиялық
бірлігі жоқ.
Мемлекеттегі заңшығарушылықтың дамуымен қылмыстық құқық теориясында әр
қатысушы мен қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы себепті байланысты
анықтаудың қажеттілігі пайда болды. Кезінде бұған А.Я.Вышинский қарсы
шыққан болатын 1938 ж. қатысу үшін жауаптылық шеңберінің кеңеюін жақтаған
А.Я.Вышинский орындаушы мен қылмыстық нәтиженің арасындағы себепті
байланысқа ие іс-әрекет деген тіркеске қарсы шықты. А.Я.Вышинскийдің
пікірінше, қылмыстық жауапкершілік мәселесін шешу үшін қылмыс жасаған тұлға
мен қылмыс арасындағы байланысты айқындау жетіп жатыр.
Бұл “теоретикалық” ойлар дәлелсіз репрессияларды ақтайды. Себепті
байланыс объективті шындықта туындаған зиянды нәтиженің қылмысқа
қатысушылардың бірлескен әрекетінен туындағанын анықтау барысында белгілі
болады.
Бірлескендік кезіндегі қылмыстық нәтиже – орындаушы, ұйымдастырушы,
айдап салушы және көмектесушінің іс-әрекеттерінен туындайды.
Дегенмен, қылмысқа қатысу кезінде іс-әрекет орындаушымен жасалады, ал
басқа қатысушылардың іс-әрекеттері қылмыстың жасалуына жағдай туғыза
отырып, қылмыстық объективті жағынан орындалуын қамтамасыз етеді.
Осыдан шығатын қорытынды, қылмыспен шамалы ғана байланысы бар кез –
келген қылмыстық қызметті себептй байланыс дей алмаймыз.
Алдын-ала келісілмеген жасыруды, хабарламауды қылмысқа қатысу дей
алмаймыз, себебі бұл әрекеттер зиянды нәтижені тудырмайды. Жоғарыда
айтылғандай бірлескендік объективті және субъективті мәселелерді анықтау
барысында шешіледі.
Бірлескендікті анықтау қатысушылар арасында келісушіліктің бар, я
жоқтығымен анықталады.
Қатысушылар араларында келісушілік жоқ кездері субъективті сипаттағы
белгіні анықтау қиынға соғады. Бұл кезде әр қатысушының жеке іс-
әрекеттеріне сараптама жүргізіп, бірлескендікті анықтайтын психикалық
байланыстың болуына көңіл бөледі. Бұл жерден психикалық байланыс дегеніміз
жеке қатысушылардың бір қылмысты жасауда басқа қатысушылардың мақсатын
білуі.
Қатысушылар арасындағы субъективті байланыстың мазмұнын ашу біржақты
немесе екі жақты байланыстың болуына байланысты.
Қылмыстық-құқықтық теориясында қатысушылар арасындағы екі жақты
байланыс деп - ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушінің орындаушы іс-
әрекетін біліп, онымен бірге бірлескісі келгендігінде емес. Сонымен бірге,
орындаушының әр қатысушының іс-әрекетін біліп, олармен бірлескісі келуі
танылады.
Біржақты субъективті байланыста орындаушы жаңадан қосылған айдап
салушы мен көмектесушінің іс-әрекеттері жөнінде білмеуі мүмкін. Бұл
көзқарас келесі авторлардың еңбектерінде орын алған. Мысалы, П.И.Гришаев,
Г.А.Кригер, А.Н.Трайнин, М.Д.Шаргородский.
Бұл орайда айдап салушы орындаушыны қылмыс жасауға итермелегенін
білсе, ал көмектесуші, орындаушыға көмектескендігін жақсы біледі.
Айдап салушы мен көмектесушінің біржақты хабардар болуы олардың іс-
әрекеттерінің бірлескендігін, олай болса мұндай байланыс қылмысқа қатысудың
белгісі болып табылады.
Біржақты байланыста орындаушының, айдап салушының және көмектесушінің
іс-әрекеттері, қоғамға қауіпті деп есептелінеді, себебі олар орындаушы
арқылы қылмысқа себепті және кінәлі байланыста болады.

Қылмысқа қатысудың субъективті белгілері

Субъективті жақтан қарастырсақ, қылмысқа қатысу қатысушылардың
арасындағы субъективті байланыспен ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың
жасаған іс-әрекеттеріне және нәтижесіне деген қатынаспен сипатталады.
ҚК 27-бабында көрсетілген қылмысқа қатысу ұғымында қатысушылар іс-
әрекеттерінің қасақана болуы көрсетілген, бұл қылмысқа қатысуда
абайсыздықтың болуын жоққа шығарады. Қасақаналық, заңшығарушы берген
анықтамаға сәйкес тұлғаның қылмыстық элементтеріне деген, іс - қимылға және
оның нәтижелеріне деген психикалық қатынасы, кінә нысаны. Қылмысқа
қатысушылардың қасақаналық ойымен өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екендігі
қамтылуы және орындаушы әрекетінің қауіпті екендігін сезінуі қажет.
Мұнымен қоса, қатысушылар орындаушының осы қоғамға қауіпті іс-әрекетті
жасағанын тілейді немесе оған саналы түрде жол береді.
Қатысушылардың санасымен орындаушының іс - қимылының мүмкін қоғамға
қауіпті зардаптарыда, орындаушының іс - қимылы мен оның зардаптарының
арасындағы себепті байланыстың дамуын сезіну де қамтылады. Қылмысқа
қатысушылардың өзара білулері міндетті емес, ал орындаушы болса, әдетте
қылмысты жасауда өзіне көмек көрсететін басқа қатысушылардың қылмыстық
қызметі туралы білуі қажет.
Дайындалып жатқан қылмыс пен оның нәтижесі туралы жан-жақты
мағлұматталғандық - қатысудың қауіпті нысандарының ерекше қасиеті. Әйтсе
де, мысалы, ұйымдасқан топпен жасалған қылмыс орындаушылардың және
көмектесушілердің өзара мағлұматты болу дәрежесін елеулі түрде тежейтін,
құпияландырудың нәтижесі болуы мүмкін.
Қылмысқа қатысушылардың қасақаналық ойының интеллектуалдық кезеңі тек
қылмыстың объектісіне қатысты ғана емес, қылмыстың субъектісіне де қатысты
жағдайлардың сезінуімен сипатталады.
Бір қылмысты жасаудағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен
қызметі барлық қылмысқа қатысушылардың барлығына ортақ бір, жалпы объектіге
қол сұғуын білдіреді, бұл әрбір қылмысқа қатысушының санасымен қамтылуы
қажет.
Қылмыстың субъектісін сипаттайтын міндетті белгілерді де қатысушылар
сезіну керек. Егер де қатысушы орындаушының жасы жайлы күмәнді болса,
қылмысқа қатысу болып есептелмейді, себебі, қылмысты жасауда бір ғана адам
қатысқандықтан. Қатысушының сәтсіз әрекеті қылмысқа қатысуға оқталу болып
сараланады.
Қылмысқа қатысудың еріктілік кезеңі жалпы, біркелкі қылмыстық
зардапты туғызуға деген тілеу немесе саналы түрде жол берумен тікелей
сипатталынады.
Қылмысқа қатысушылардың мақсаты мен міндеті сәйкес келуі мүмкін,
бірақ бұл айтарлықтай міндетті емес. Мысалы, жалданып кісі өлтіруші кісі
өлтірудің нәтижесінде заңсыз баюды көздеп, пайдақорлық ниетпен әрекететеді,
алш осы қылмыстың азғырушысы мен көмектесушісі жәбірленушіден кек алу үшін,
жеке жеккөрушілік қатынастардың негізінде әрекет етуі мүмкін.
Қазіргі ҚК бойынша, қылмысқа қатысу екі немесе одан да көп адамдармен
бірлесіп, қасақана жасалған қылмыс болып табылады деп көрсетілген.
Заң шығарушы тек қасақаналық туралы айтып тұр, бірақ қылмысқа қатысуда
жасалатын қылмыстың сипаты жайлы ештеңе жоқ. Мұндай түсініспеушілік
абайсызда жасалынатын қылмыстардағы қылмысқа қатысудың бар екендігін
негіздеуге әкелді.
Алайда тек заңи ережесіне қарап абайсызда қылмысқа қатысуды дәлелдеу
әлі де жеткіліксіз.
Абайсызда қылмысқа қатысу бұл институттың мәні мен қасақаналық
қылмыстың ережесіне қарсы, сәйкес емес болып тұр.
Бұл мәселені шешуде қасақаналық қылмыс жайлы әңгіме тек тұлғаның
қасақаналық ниеті болғанда айтылады.
Яғни қасақаналық ниеті болмаған, абайсызда тұлғаның қасақаналық түрде
қылмысқа қатысуын елестету қиын. Абайсызда қылмыс бірнеше тұлғамен
жасалғанда, ол қылмысқа қатысу болып есептелмейді, бұл жағдайда да ол
абайсызда қылмыс жасаған деп есептелініп жеке дара саралауға жатады.
Қасақана қылмысқа абайсызда айдап салу немесе көмектесу қылмысқа
қатысу болып есептелмейді. Мысалы, А. материалдық құндылықтары бар қойманың
кілтін тастап кетті, онда Б. болды. Б. сол сәтті пайдаланып кілттің
дубликатын жасатып, А-ның кетуінен кейін ішіндегі бар мүлікті ұрлады. Бұл
жерде А. қылмыстық жауапқа тартылмайды. Ағылшын қылмыстық құқығының
қылмысқа қатысу институты бойынша қатысу тек қасақаналықпен ғана емес,
абайсызда да болады.
Заңсыз репрессиялармен ұштасқан жеке тұлғаға табыну кезеңі барысында
осы әрекеттерді теориялық негіздеу қажеттілігі туындады. Осындай негіздер
ретінде қылмысқа абайсыздықта азғырғандығын қылмысқа қатысу ретінде қарап,
қылмыстық жауаптылыққа теориялық тартуды негіздеген А.Я. Вышинскийдің
теориясы болды.
Сонымен, қылмысқа қатысу қылмыстық құқықтың күрделі мәселелерінің бірі
болып табылады. Қылмысқа қатысу деп екі немесе одан да көп адамдардың
қасақана қылмысты істеуге қасақана бірлесіп қатысуы. Қылмысқа қатысудағы
күрделі мәселе қылмысқа қатысудың юридикалық табиғаиты туралы болып
табылады.
Қылмыстық құқықтың теориясында осыған байланысты қылмысқа қатысудың
табиғатының екі концепциясы қалыптасқан. Оның біріншісі, қылмысқа қатысудың
акцессорлық табиғатын білдіреді.
Қылмысқа қатысудың басқа жақтаушылары оны қылмыстрық қызметтің дербес
нысаны ретінде қарастырады.
Қылмысқа қатысудың акцессорлық табиғатының мәні келесіде, қылмысқа
қатысудың орталық фигурасы ретінде орындаушы танылады, ал қалған қылмысқа
қатысушылардың әрекеттері дербес мағынаға ие емес қосымша ретінде
қарастырылады. Қылмысқа қатысушылардың әрекетін бағалау және олардың
қылмыстық жауаптылығы орындаушының әрекетінің сипатына және оның
жауаптылығына тәуелді болады. Орындаушының әрекеті жазаланса - қалған
қатысушылардың да әрекеті жазаланады, егер де орындаушы қылмыстық
жауаптылыққа тартылмаса, қалған қылмысқа қатысушылар да жауаптылыққа
тартылмайды.
Сонымен бірге, қылмысқа қатысушылардың жазаланушылығы орындаушының
әрекетін қарастыратын баппен туындауы керек.
Қылмысқа қатысудың акцессорлық теориясының белсенді жақтаушысы М.И.
Ковалев табылады. Ол бойынша, қылмыс құрамы тікелей орындаушы арқылы жүзеге
асырылады, ал қалған қылмысқа қатысушылар арқылы қылмыс құрамы орындалмайды
да, осы арқылы олардың жауаптылығы анықталады.
Ресейлік қылмыстық құқық ғылымының негізіне қаланған акцессорлық
теорияны А.В. Наумов та қолдайды. Бірақ та, ол қылмысқа қатысушылардың
жауаптылығы орындаушының жауаптылығына тәуелді болғанымен де белгілі бір
жағдайда дербес сипатқа ие болады, деп көрсетеді.
Бірақ та көптеген авторлар бұл теорияға сын көзқараспен қараған.
Қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларының бірі қылмыс жасаған адамның
жауаптылығын дараландыру болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 3 бабына сәйкес адам қылмыстық жауаптылыққа
тартылады, егер де Қылмыстық кодексте көрсетілген қылмыс құрамының барлық
элементтері бар іс - қимылды жасаса.
Бірақ та бұл қылмысқа қатысушылардың біркелкі жауаптылығын
білдірмейді. Азаматтардың заң алдындағы теңдігін қылмыстық жауаптылыққа
тартудың бірдей негіздері мағынасында түсіну керек. Жауаптылықты
жекешелендіру қылмыс жасаған адамға қатысты ғана қолданылады да қылмыстық -
құқықтық әсер етудің ең тиімді жолын таңдап алуды мақсат етеді. Осыған
байланысты, ҚК 29б. 1б. сәйкес қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы, олардың
қылмыс жасаудағы әрқайсысының нақты қатысуының сипаты мен дәрежесімен
анықталады. Сондықтан да, қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының негізі мен
шектері орындаушының әрекеттерінде емес, әрбір қылмысқа қатысушының жасаған
әрекетінде болады.
Мысал ретінде экцессті келтіруімізге болады. Яғни, орындаушының
экцессі барысында қалған қылмысқа қатысушылар орындаушы жасаған нақты
әрекет үшін емес, алдын – ала келіскен әрекеттері үшін жауаптылыққа
тартылады. Орындаушының өлімі, оның есі дұрыс еместігі немесе қылмыстық
жауаптылық жасына жетпеуі, я болмаса ол қылмыстық жауаптылықтан босатылған
жағдайларда, қалған қылмысқа қатысушылар жалпы негізде қылмыстық
жауаптылыққа жасаған қоғамға қауіпті, кінәлі әрекеттері үшін тартылады. Тек
қана орындаушының тұлғасын сипаттайтын белгілер басқа қатысушыларға
қолданылмайды. Бұл со тәжірибесінен көрініс тапқан. Тағы да айта кететін
бір жайт, орындаушының қылмысты істеуден өз еркімен бас тартуы қалған
қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының да жойылуын білдірмейді.
Қылмысқа қатысу институты қылмыстық заңнаманың институттары мен
нормаларының бөлінбес, құрылымдық бөлігі юолып табылады. Ендеше, оның
мақсаттары және міндеттері қылмыстық заңның мақсаттары мен міндеттеріне
қатысты анықталады.

1.2. Қылмысқа қатысушылардың түрлері

Қылмысқа қатысушылардың түрлерін дұрыс анықтау жасалынған қылмысты
дұрыс саралаудың қажетті шарты, оның әрбір қатысушысының сипаты және
дәрежесі туралы сұрақтың дұрыс шешімінің алғышарты, яғни қылмысқа
қатысушылардың жауаптылығын дараландырудың басты негізі болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмысқа қатысушыларды түрлерге бөлу
кезінде, әрбір қатысушымен олардың ортақ қылмыстық қызметі барысында
жасайтын әрекеттерінің сипаты, яғни объективтік критерий алынады.
Осылайша, қылмысқа қатысуды нысандарға бөлудің мақсаты қылмысқа
қатысушылардың біріккен қызметінің типтік ерекшеліктерін көрсету болса,
қылмысқа қатысушылардың түрлерін анықтау – олардың әрқайсысының жеке
атқаратын рольдерін белгілеу болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында және қылмыстық заңда қылмысқа
қатысушылардың келесі түрлері көрсетілген. Олар: орындаушы, ұйымдастырушы,
азғырушы және көмектесуші.
Қылмыстың орындаушысы деп, қылмысты тікелей орындаған немесе оны
орындауға басқа адамдармен бірігіп қатысқан, сондай – ақ қылмыстық
жауаптылыққа тартылуға жатпайтын басқа адамдарды пайдаланған адам танылады.
Қылмысты тікелей орындау деп қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде
көрсетілген нақты қылмыс құрамдарының белгілері іс - әрекеттерді жасауды
түсінеміз. Сонымен қатар егер, адам қылмыстық нәтижеге тікелей өзі емес,
басқа адамдармен біріге отырып жетсе де , қылмысты орындау деп танылады.
Яғни А.Н.Трайнин дұрыс көрсеткен қылмысты орындауға қылмыстық нәтижеге
жетумен байланысты жасалған барлық әрекеттер кіреді.
Біреу арқылы орындау дегеніміз - есі дұрыс еместік немесе қылмыстық
жауаптылықтың жасына жетпеуі, іс - әрекетті психикалық мәжбүрлеудің
нәтижесінде жасау сияқты қылмысты көрінеу белгілі бір жағдайлардың болуына
байланысты осы қылмыстың субъектісі ретінде қарастырыла алмайтын адамдарды
пайдаланып жасау.
Біреу арқылы орындау келесі жағдайларда болады.
Біріншіден, егер қылмыс жасаған адам қылмыстың субъектісінің жалпы
қасиеттеріне ие болмаса. Психикасы ауыратын адамды кісі өлтіруге
итермелеген немесе үйді өртеп жіберу үшін балаға сіріңке берген адам
қылмыстың субъектісі болып табылады, себебі: психикасы ауру адам немесе
бала қылмысты жасаудың құралы ретінде қарастырылады.
Екіншіден, адам басқа адам тарапынан болған мәжбүрлеудің нәтижесінде,
аса қажеттілік жағдайында қылмыс жасайды. Егер де, мәжбүрлеу аса қажеттілік
жағдайын туындатпаса, психикалық мәжбурлеу азғырудың құралы болады да,
мәжбүрлеуші – азғырушы, мәжбүрленуші – сәйкес қылмыстың орындаушысы болады.
Үшіншіден, біреу арқылы орындау болады, егер, сәйкес қылмыс құрамындағы
әрекетті тікелей жасаушы оларды абайсызда жасайды, ал оның артында тұрған
адам қасақаналықпен әрекет етеді. Мысалы, К-ға екі жасөспірім келіп ірі
ақша сомасын (5 мың теңгелік купюраны) дукеннен майдалап келуді өтінген,
өздерінің неге бармайтындарын дукеншімен ұрысып қалғандықтарымен
түсіндірген. К. ақшаны майдалап беруге келіскен. Сөйтіп, дүкенге барып,
майдалауға оқталған жағдайда ұсталған, өйткені ақша жасанды болып шыққан.
Яғни, бұл жағдайда, жалған орындаушының жауаптылығы болмайды, ал егер болуы
мүмкін болған жағдайда ол абайсыздықта жасалынған қылмыс үшін жауаптылыққа
тартылады.
Сонымен қылмыстың орындаушысы - қылмыс құрамының объективтік жағын
өзінің физикалық және еріктілік күш – жігерімен орындаған адам.
Қылмысқа қатысудағы қылмысты орындаудың орны былай анықталынады:
орындаушының әрекетін ҚК Ерекеше бөлімінің бабымен саралау қалған қылмысқа
қатысушылардың әрекетін саралауды анықтайды. Егер орындаушы тек қылмысқа
дайындалуды немесе оқталуды жасаса, қылмысқа қатысушылардың әрекеті де
сәйкес қылмысқа қатысудағы дайындалу немесе оқталу деп сараланады.
Қылмысқа қатысушыларға байланысты ескіру мерзімі де қалған қылмысқа
қатысушылардың әрекет жасаған кезінен емес, орындаушының әрекет жасау
кезінен басталады. Қылмысты жасау орны болып, қалған қылмысқа
қатысушылардың әрекет ету орнынан тәуелсіз, орындаушы әрекет еткен орын
танылады.
Ұйымдастырушы деп, қылмысты ұйымдастырған немесе оған басшылық еткен,
сондай – ақ ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған
немесе оған басшылық еткен адам танылады. Қылмыстық заң ұйымдасқан
қылмыстық қызметтің түрлерін ҚК 28б. 3б. көрсете отырып, қылмысқа
қатысушылар ретінде ұйымдастырушылардың келесі түрлерін ажыратады:
а) қылмысты жасауды ұйымдастырған адам;
б) қылмыстың орындалуына тікелей басшылық еткен адам;
в) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған адам;
г) ұйымдасқан топқа, қылмыстық қауымдастыққа басшылық еткен адам.
Ұйымдастырушының негізгі, маңызды функциясы – бұл, ұйымдастыру және
тікелей немесе біреу арқылы қылмысты жасау актісіне басшылық ету немесе
тұтас қылмыстық ұйымға басшылық ету және оны құру.
Нақты қылмыстардың ұйымдастырушысы деп, 1) қылмыстарды ұйымдастырған;
2) қылмысты жасауға тікелей басшылық еткен адамды түсінеміз. Бұл тұлғалар
қылмыс құрамының нақты орындаушысы ретінде қылмысқа қатыса ма, не болмаса
нақты орындаушылардың қылмыстық қызметінің табысты аяқталуына жағдай
туғзатын әрекеттерді жасай ма, осыларға тәуелсіз түрде қылмыстың
орындаушысы ретінде танылады.
Қылмысты ұйымдастыру мен ұйымдасқан топтағы, қылмыстық қауымдастықтағы
ұйымдастырушының әрекеті бір – бірінен мазмұнына байланысты ажыратылады.
Қылмыстық актіде басшы аз мөлшерде көрінуі немесе мүлдем қатыспауы мүмкін,
бірақ та бұл жағдай оны қылмыстың немесе қылмыстық қызметтің екінші
дәрежелі қатысушысы қыла алмайды.
Кез – келген деңгейдегі ұйымдастырушының қызметі әруақытта да тікелей
қасақаналықпен сипатталадыда, ұйымдастырушының қасақаналығының мазмұны оның
қылмыстағы ролі мен басшылық функцияларымен анықталады.
Егер де ұйымдастырушы қылмыстық актіні орындауға қатыспаса, айталық тек
алғашқы қызметті ғана ұйымдастырса, онда ол әрине қылмыстық қызметтің дамуы
барысында жасалынған көптеген мән – жайларды, бөліктерді білмейді. Бірақ
та, ол қылмыстың сипатымен байланысты туындаған зардаптар үшін толық
көлемде жауап беруі керек. Мысалы, егер қарақшылықты ұйымдастырған адам,
қатысушылардың қаруланғандығы туралы білген болса, осы қаруды қолданудың
кез келген нәтижелері үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы керек.
Ұйымдастырушының жеке мақсаты нақта орындаушылардың мақсатымен сәйкес
келе бермеуі де мүмкін. Соған қарамастан, ол тікелей қылмыстың
орындаушыларына тән мақсаттарға жауап беруі керек. Мысалы, қарақшылықты
ұйымдастырған адам кек алу мақсатын көздесе де, пайдақорлық қылмысты
ұйымдастырғаны үшін жауаптылыққа тартылуы қажет.
Сонымен, егер де қылмыс жасау орнын трагедия ойналып жатқан сцена
десек, ұйымдастырушы бұл сценада пьесаның қоюшысы. Яғни, ол пьесаны
дайындайды, рольдерді бөледі, акрелерге әртүрлі нұсқаулар береді, ал өзі
шымылдықтың артында тұрады.
Көптеген жағдайда қылмыстың ұйымдастырушысы, қылмыстық қауымдастықтың
басшысы тұлға ретінде жағымсыз сипатталады. Кез келген қылмыстық топта,
бандада басшы ретінде бірнеше мәрте сотталған, қылмыстық тәжірибесі мол
тұлға тұрады. Сондықтан да, бұл адамдар қылмыстық ойды жүзеге асыру жолында
ешнәрседен тайынбайды, адамдардың міне - құлқын жетік білгендіктен, оларды
қылмысқа табысты түрде пайдалана алады.
Қылмысқа айдап салушы. Қылмысқа айдап салушылықты анықтау барысындағы
басты мәселе оны қылмысты орындаудан және интеллектуалдық көмектесуден
ажырату болып табылады. ҚР ҚК 28б. 4б айтылғандай, айдап салушы деп, басқа
адамды қылмыс жасауға азғыру, сатып алу, қорқыту және басқа әдістермен
көндірген адамды айтады.
Айдап салушы қылмыстың интеллектуалдық орындаушысы. Бірақ та бұл
көқарас аса дұрыс емес сияқты. Себебі, интеллектуалды кінәлі ретінде,
мысалы, көмектесуші, ұйымдастырушы бола алады, сондықтан да интеллектуалды
термині қылмысқа қатысушылардың кез келгеніне қолданыла алады.
Біздің көтерейін деп отырған мәселеміз келесідей. Қылмысқа айдап
салудың юридикалық негізі неде, қылмысқа азғыру, орындаушыда қылмысты жасау
шешімінің туу фактісінде ме, әлде, осы шешімнің жүзеге асырылуында ма?
Осыған байланысты қазіргі қылмыстық құқық ғылымында, заңда және сот –
тергеу тәжірибесінде айдап салушы деп қылмысты жасауға көндірген адамды
түсінеді.
Осылайша, айдап салу барысында адамда қылмысты жасау ойы туындайды да,
бұл ой толығымен немесе ішінара жүзеге асырылады.
Айдап салудың объективтік жағына тоқталатын болсақ, айдап салу басқа
адамды қылмысқа көндіруден көрінетін әрекеттен тұрады. Көндіру дегенде, біз
басқа адамға нақты қылмысты жасаудың қажеттілігін, пайдалылығын сіңгізуге
байланысты әрекеттерді түсінеміз. Қылмысқа айдап салудың объективтік
жағының ерекшелігі ретінде айтуымызға болады, айдап салу адамды нақты
көндірумен аяқталуы қажет. Сондықтан да, басқа адамды қылмыс жасау үшін
көндіруге бағытталған әрекеттер емес, айдап салудың нәтижесі айдап салу
ретінде қарастырылады.
Басқаша айтқанда, айдап салу нақты адамға нақты қылмысты жасау үшін
бағытталған болса болады.
Айдап салу қылмысқа қатыспай тек көндіруді ғана білдіреді. Егер де
айдап салушы, қылмысқа тікелей қатысса ол қатысу сипатына байланысты
ұйымдастырушыға немесе көмектесушіге айналады.
Айдап салуды интеллектуалдық көмектесуден ажырата білу қажет. Айдап
салу әруақытта да басқа адамда қылмыс жасауға деген ойды туындатуға
бағытталған, ал интеллектуалдық көмектесу болса орындаушының санасындағы
сенімділікті бекіту үшін психологиялық құралдарды арттыруды білдіреді.
Азғыруды заңи сипаттаудың екі тәсілі бар. Біріншісі, заңда азғырудың
мүмкін әдістері мен құралдарын көрсету. Екіншісі, заң шығарушы адамды нақты
қылмысқа азғырудың мазмұнын жалпы негізде анықтайды.
ҚР ҚК 28 бабында азғырудың әдістері мен құралдарының улгі тізбегі, оның
ішінде көндіру, сатып алу, қорқыту және басқа әдістер деп жалпылама
көрсетілген.
Көндіру деп сендіруді, өтініш айтуды түсінеміз. Сендіру өтініштен
ажыратылады келесі белгісі арқылы. Сендіру кезінде адамға қылмыста өзіндік
қызығушылығы бар екендігі құйылады, ал өтініш езінде орындаушы азғырушының
немесе басқа адамдардың мүддесіне қатысты қылмысты жасау үшін тек келісімін
береді.
Сатып алу дегенде материалдық игіліктерді, ақшалай қаражаттарды, құнды
заттарды беруге, мүліктік міндеттемелерден босатуға, тиімді мәміле жасауға
уәде беру арқылы қылмысқа көндіруді түсінеміз. Айдап салушылық қазіргі
кезде кең тараған тікелей сатып алудан да көрініс табуы мүмкін. Бұндай
жағдайларда айдап салу қылмысты ұйымдастыруғат ұласуы мүмкін.
Қорқыту айдап салудың күш қолданған әрекеттеріне жатады. Қорқытуға
физикалық күш қолдану, бұйрық, мәжбүрлеу жатқызылады.
Қорқыту деп физикалық немесе психикалық күш қолданамын деп уәде беруді
түсінеміз. Айдап салудың бұл әрекеттеріне бопсалау, яғни, орындаушыны
масқаралайтын қандай да блмасын мәліметтерді жариялаймын деп қорқыту
жатады. Барлық жағдайда да қорқыту аса қажеттілік жағдайын туындатпауы
керек.
Айдап салудың басқа әдістеріне міндетті сипаты жоқ әдеттегі қызмет
барысындағы нұсқау жатқызылады.
Айдап салудың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталынады.
Қасақана қылмысқа абайсызда айдап салу қылмысқа қатысуды құрмайды.
Айдап салудың угіт – насихат жүргізуден айырмашылығы мынада, айдап салу
әруақытта да нақты адамға бағыттыған.
Көмектесуші әдетте қылмысқа қатысушылардың ішіндегі қоғамға қауіптілігі
аздауы болып келеді. Көмектесуші қылмыстың жасалуына кеңестерімен,
нұсқауларымен, мәлімет бермен, кедергілерді жоюмен, құрал – жабдықтармен
қамтамасыздандырумен, қылмысты, қылмыскерді, қылмыстың құралдары мен
қаруларын жасырумен байланысты әрекеттерді жзүзеге асырады.
Көмектесу екі түрге бөлінеді: интеллектуалдық және физикалық болып.
Интеллектуалдық көмектесу қылмыстың орындаушысының психикасына және
санасы мен еркіне әсер етеді, ал бұл оның қылмыс жасауға деген шешімін
нығайтады. Көмектесудің осы түрі азғырушыға ұқсас, айырмашылығы мынада:
көмектесушіге адам қылмыс жасау үшін бар ойымен келеді, ал азғырушы осы
ойды туындатады.

2 бөлім. Қылмысқа бірге қатысушылардың түрлері.

Қылмыстық құқық барлық кезде де бірнеше түлғанык бірлесіп қылмыс
жасауы кезінде қылмысқа қатысу мев қатысушылардың жеке түрлерін ажыратуды
қажет деп есептеді. Бір қылмысқа қатысушьшардың әрекеті мүлдем бірдей болуы
мүмкін емес. Олардың арасындағы айырмашылықтарды анықгауға қылмыстық заң
мен құқық теориясы өте үлкен мән береді. Сот және тергеу органдары онда
қарастырьшған қылмыстар үшін жауапқершілік мәселесін шешу кезінде,
қінәлілер қандай функция атқарады, яғни олардың қайсысы қатысушы, ал
қайсысы қылмысты ұйымдастырушы болғанын айыруы қажет.
"Қылмыскіа қатысу" — деп атап өтті А.Н. Трайнин, — бүл бірнеше
түлғаның құрастырьшған қарым-қатынасы, яғни әр-кімге белгілі бір орын,
белгілі бір функция және білгілі бір роль бөлініп берілетін қарым-қатынас
(ынтымақтастық). Қылмысқа қатысушыларды топтастыру, жіктеу қылмысқа
қатысудың осындай нақты ерекшеліктеріне сай етіп, қылмысқа қатысушының
нақты функциясын емепке ала отырып күрылуы тиіс. Әрине, әрбір жеке жағдайда
әрбір қатысушының атқаратын қызметі және ролі әрқилы. Алайда типтік
өзгешелікке оңай беріледі. Қылмысты ұйымдастыратын және оның жасалуына
бейімдейтін, қылмысты жасауға көмектесетін және тікелей қылмысты жасайтын
қылмысқа қатысушылар ту-ралы айтуға болады және міндетті түрде айту қажет.
А.Н. Трайнин, занда қарастырылған әрекеттердің тікелей жасалуы
фактісіне ерекше көңіл аудара отырып, бьшай деп жа-зуды: "Орындау тікелей
қылмыстық нәтиже келтіретін әре-кеттердің тар шеңберін қамтып қана қоймайды
(мысалы: кісі өлтірудегі пышақ тығу, үрлау кезінде заттарды үрлап кету және
т.б.), сонымен қатар осы қылмыстық нәтижені келтірумен байланысты барлық
әрекеттерді де қамтиды”.
Қылмысқа қатысушьшарға жаза тағайындау кезінде олар-дың қылмысқа
қатысуының сипаты мен деңгейін ескеру қажет. Басқаша айтқанда, бірлескен
қылмыстық әрекеттерді топтасты-ру және жаза түбірлі мәселелерін шешу
бірлесіп әрекет етуші тұлғаларды дәл бөлусіз мүмкін емес.
Қылмыста қатысу сипатына байланысты қылмысқа қатысушылардың төрт түрі
ажыратьшады:
а) орындаушы;
б) ұйымдастырушы;
в) азғырушы, арандатушы;
в) көмектесуші.
Олардың әрқайсысының әрекеттеріне ҚР ҚК-ң 28-бабында көрсетілген
өзіндік белгілер тән. Занда қылмысқа катысушылардың жеке қасиеттерін,
олардың әрекеттерінің же-ке сипаттамасын бекіту арқылы, қылмысқа
қатысушьшардың әрбір түрінің белгілі дербестігіне ерекше көңіл аударылады.
Қылмысқа қатысушьшардың түрлері бірыңғай таптастырғыш белгі бойынша,
атқаратын функцияларының сипаты бойынша ажыратьшады. Қылмысқа қатысу
деңгейі кінәлінің белсенділігі шамасын көрсетеді, ол бірлескен әрекеттегі
тұлғаның ролңнңғ сандық сипаттамасы боп таылады. Ал қатысу сипаты болса,
қатысушыны қайсы түрге жатқызу керек екендігш аныктау кездінде басшылыққа
алатын негізгі объективті критерий боп есептеледі. Алайда, қатысудың сипаты
мен деңгейі арасында ерекше айырмашылықгар жоқ, және олар бір-бірінен алшақ
жатқан түсініктер боп есептелмейді, өйткені, қылмысқа катысу деңгейі қандай
да бір шамада осы қатысудың сипатымен де аныкталады.

а) Орындаушы.
ҚР ҚК-ң 28-бабына сәйкес, қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға
баска адамдармен (қоса орындаушылар-мен) бірге тікелей қатысқан адам,
соңдай-ақ жасына, есінің дүрыс еместігіне немесе осы кодексте көзделген
баска да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын баскд
адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды
пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.
Орындаушы, қылмысқа қатысушьшардың ішіндеғі ең көп тараған түрі.
Объективтік жағынан алғанда, қылмысты орындау қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің бабында көрсетілғен әрекеттерді жүзеге асыру боп таылады.
Қылмысты орындаушы — бүл, ең алдымен, занда көрсетілғен қылмысты қарқынды
болса да, әрекеттері құрамды атқару боп табылмайтын түлғалар.
Қылмысты орындау процесі қылмыстық окиғаның сыртқы жағының заңды
сипаттамасымен тағайындалатын бел-ғілі бір объективті шекараға ие болады.
Оған қатысушы түлға тура қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғады
және оны Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген
әрекеттер арқьшы жүзеге асырады.
А.Н. Траининнің монографиясында бьшай бекітіледі, яғни қылмысты
орындау тек тікелей қылмыстық нәтиже келтіретін әрекеттердің тар шеңберін
ғана емес, сонымен кдтар осы нә-тижемен байланысты барлық әрекеттерді
қамтиды. Мұндай кепілдемелерде қылмысты орындау процесі, орындауға ықпал
ететін әрекеттердің есебінен кеңейеді.
Орындаушының функциясының ерекшелігі ҚР ҚК-ң 28-бабында айрықша аталып
өткендей қылмысты тікелей жасаудан немесе басқа түлғаларды пайдалану арқылы
жасаудан тұрады.
Қылмыстық қүқық оқулығында бьшай деп көрсетіледі — "Орындаушы үғымына
пакты қылмыстың қүрамын жүзеге асы-ратын әрекеттерді орындауға тікелей
қатысатын кез-келген түлга сәйкес келеді. Сондыктан да, кісі өлтіруде,
тікелей кісі өлтірген адам да, сол уақытта жәбірленушінің крлын үстап
түрган адам да, және қылмыс жасау кезінде басқалардың әре-кетін басқарып
түрған адам да орындаушы бон есептеледі”..
Орындаушылар, қылмыстың құрамын құрайтын әрекеттерді тікелей
жасаушылар бола отырып, әрине басқа қатысушылардың арасында өте маңызды
орынды алады. Дәл солар ең ақырында барлық қатысушылар үшін ортақ қылмыстық
ниетті жүзеге асырады. Сондыктан, орындаушы жасаған әрекеттер барлық басқа
қатысушылардың жауапкер-шілігінің шегін және мамандығын анықтайды.
Адамдар тобы жасаған зорлауда орындаушы деп - күш қолданып жыныстық
қатынас жасаған адамды да және жыны-стық қатынас жасамаса да, қылмыс
процесінде жәбірленушіге күш қолданған (үстап түрған, ұрып соққан, т.б.)
адамды да айтамыз.
Орындаушы — Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында
көрсетілген әрекеттерді толық немесе жартылай жасаған, яғни бірлескен қол
сүғушылықтың сыртқы, объективті жағын толығымен немесе жартылай жүзеге
асырған қылмысқа катысушы болып таылады. Бүл түсіндіру орындаушының ролін
аса тар мағынада түсінуден сақгандырады.
Орындаушының ролін өте кең мағынада түсіну де заңға сәйкес келмейді.
Қылмысты орындаушы ұғымының да белгілі бір шеғі бар, жоғарыда айтылып
өткендей, олар заңда — ҚР ҚК-ң Ерекше бөлімінің бабында қылмыстық
объективтік жағының сипаттамасымен аныкталған. Қылмысқа қатысушьшардың
әрекеттерін осы сипаттамамен жеткіліксіз бағалап салыстыру, кейде
орындаушының функциясына дә-лелсіз кең түсінік беруді туғызады, және бүл
көбінесе қылмыс жасалған жерде болып, қандай да бір әрекетімен орындаушыға
көмектескен барлық кінәлілердің әрекеттерін жатқызудан туындайды. Бүл жерде
орындаушының роліне бірлесіп жасалған қылмыстағы кез-келғен үлес емес, ал
тек қылмыстың сыртқы, объективтік жағының, мысалы бір бөліғін жүзеге
асырудан тұратын мән-жайдың сәйкес келетінін ескеру жеткіліксіз. Осыған
байланысты, кейде тәжірибеде туындайтын, қылмыс жасау кезінде күзетте
түрған қатысушыны орындаушы деп моиындау мүмкіндіп туралы мәчелені
керісінше шешу қажет.
Орындаушының әрекеті оның сапасы мен еркі арқылы өте отырып, оның
ниетінің мазмүнына өзіндік белгі салады.
Орындаушының ниеті мыналарды қамтиды:
а) қылмысты басқа түлғаларды көмектесуі арқылы жасап жатқандығын және
оның күш салуы арқылы барлық қылмысқа қатысушьшардың ниеттері жүзеге
асырылатындығын түсінуі;
б) ортақ қылмыстық нәтижені алдын ала болжауы;
в) нақты нәтиженің болуын қалауы және оған біле тура жол беруі.
Сонымен, орындаушы деп — қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға
басқа адамдармен (қоса орындаушылар-мен) бірге тікелей қатысқан адам,
сондай-ақ жасына, есінің дүрыс еместігіне немесе занда көзделген басқа да
мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды
пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану
жолымен қылмыс жасаған адам танылады.

б) Ұйымдастырушы.
Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орында-луына басшылық еткен
адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық
(қылмыстық ұйым) қүрған не оларға басшылық етекен адам ұйымдастырушы деп
таньшады. (ҚР ҚК-ң 28-бабы 3-бөлім).
Қымлыс жасауды ұйымдастыру әрқилы дайындық әрекет-терінің жиынтығы боп
таылады (бірлесіп қол сүғушылық ту-ралы үсыныс жасау, қатысушыларды іріктеп
алу, жоспар құру, рольдерді бөлістіру, қажетті байланыстарды жөндеп алу
және т.б.).
Қылмыс жасауға басшылық ету — қатысушьшар арасында рольдерді бөлу,
оларға қажетті бұйрық беру, қылмыстың ізін жасыру тәсілдері туралы
инструктаж өткізу және т.б. көрінеді. Қылмысты ұйымдастыру және оған
басшылық ету ұйымдастырушының әрекеттерінде көбіне қоса атқарылады.
Ұйымдастырушы қылмысқа қатысудағы неғұрлым қауіпті тұлға. Ол турақсыз
адамдардың күші мен еркін қоғамға қарсы бағыттай отырып, олардың санасын
бұзады, қылмыскерлерді қалыптастырады. Ол басқа қатысушылардың қылмыстық
күш сынауына белгілі жүйе, ұйымдасқандық табандылық енгізеді.
Ұйымдастырушы функциясының объективтік жағын екі жақты әрекет құрайды:
а) қылмыс жасау процесіне басқа түлғаларды тарту, еліктіру;
б) әлдеқашан құралған қатысушыларға басшьшық ету.
Түлғаны ұйымдастырушы деп тану үшін осы әрекеттердің біреуі
жеткілікті.
Басқа түлғалардың күш салуын кейін қылмыс жасауы мақсатында біріктіру
кезінде ұйымдастырушы, қатысушыларды іріктейді және дайындайды, өзінің
ролін болашақта атқарушыны іздеп табады, оларға қылмыстық қызметтің
дағдыларын сіңіреді, және т.б. Әлдеқашан біріккен қылмысқа қатысушьшарға
басшьшық ету барысында олардың арасында міндеттерді бөлістіреді, қылмыстық
оқиғаның орнында басқа тұлғаларға бұйрық береді және т.б. Бүл екі жағдайда
да ұйымдастырушы қылмыстық әрекеттерді біріктіреді. Ол қатысушьшардың
арасында және сонымен қатар оларда басқарады. Басым көпшілік жағдайда,
ұйымдастырушы көрсетілген екі әрекетті де атқарады, яғни қйлмысты
ұйымдастырады және оның жасалу процесіне басшьшық етеді.
Үымдастырушы, сонымен бірге қылмысты тікелей орын-дау процесіне
қатыспай-ақ өз ролін атқара алады. Мұны ұйымдастырушы функциясының занды
анықтамасы көрсетеді, яғни мүнда қылмыс жасау немесе оған дайындықтағы оның
ролі айтылады, бірақ қылмыстық ниетті жүзеге асыруға тікелей қатысуы туралы
айтылмайды.
Өзіндік сыртқы, объективтік белғілерден басқа, ұйымдастырушы ролі
өзіндік ішкі субъективтік белгілерғе де ие. Ұйымдастырушы деп, бірлескен
қылмыстағы өзінің ұйымдастырушылық ролін және өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық институтындағы себепті байланыстың ерекшелігі
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі
Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың жауапкершіліктері
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу жайлы
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу
Қылмысқа қатысудың түрлері
ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа қатысудың түсінігі
Пәндер