Топырақ түзілу факторлары және жағдайлары



Топырақ түзілу факторлары.
Климат
Аналық жыныстар
Топырақ түзілу жағдайлары
Жер бедері
Уақыт
ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
Топырақтағы организмдер
Бактериялар
Антинмицеттер
Саңырауқұлақтар
Қыналар
Мүктер
Қарапайымдар
Жәндіктер
Жоғарғы өсімдіктер
Антропогендік фактор
Топырақ, топырақ түзілу процесінің нәтижесінде пайда болады және дамиды. Жер планетасында минералдық заттардан органикалық заттардың құрылуының немесе, керісінше, тіршілігін тоқтатқан организмдердің органикалық заттарының минералдық, заттарға айналуының үздіксіз процесі пайда болысымен топырақ түзілу басталған. Топырақ түзілу жердің гравитациялық алаңында атмосфера мен гидросфераның белсенді түрде қатысуымен литосфера және биосфераның өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Күн энергиясы топырақ түзілу процесінің негізгі энергия көзі болып табылады. Топырақ түзілуде жердің географиялық орны, рельефтің нақты жағдайлары, ауа-райы үлкен роль атқарады. Топырақ түзілу процестері белгілі бір жылдамдықпен өтіп жатады, олардың байқалу нәтижесі уақытқа, былайша айтқанда топырақтың жасына байланысты болады. Қазіргі кезеңде топырақ түзілу процестеріне адамзаттың өндірістік іс-әрекеті өте үлкен әсерін тигізуде.
Топырақ тузілу процестерін зерттеген кезде топырақ түзілу факторларына және топырақ түзілу жағдайларына баса назар аудару қажет. Топырақ түзілу факторлары осы процестің материалдық және энергетикалық құрамдас бөліктері: топырақ түзуші тау жыныстары, тірі организмдер, күн радиациясы, атмосфераның жер бетіндегі қабаттары, топырақ, ыза және жер беті сулары; топырақ түзілу жағдайлары – кеңістікте және уақыт ішінде топырақ түзілу процесін анықтайтын шарттар: жердің географиялық орны, рельеф, топырақ түзілудің ұзақтығы, адамның өндірістік іс-әрекеті.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Топырақ, топырақ түзілу процесінің нәтижесінде пайда болады және
дамиды. Жер планетасында минералдық заттардан органикалық заттардың
құрылуының немесе, керісінше, тіршілігін тоқтатқан организмдердің
органикалық заттарының минералдық, заттарға айналуының үздіксіз процесі
пайда болысымен топырақ түзілу басталған. Топырақ түзілу жердің
гравитациялық алаңында атмосфера мен гидросфераның белсенді түрде
қатысуымен литосфера және биосфераның өзара әрекеттесуінің нәтижесінде
пайда болады. Күн энергиясы топырақ түзілу процесінің негізгі энергия көзі
болып табылады. Топырақ түзілуде жердің географиялық орны, рельефтің нақты
жағдайлары, ауа-райы үлкен роль атқарады. Топырақ түзілу процестері белгілі
бір жылдамдықпен өтіп жатады, олардың байқалу нәтижесі уақытқа, былайша
айтқанда топырақтың жасына байланысты болады. Қазіргі кезеңде топырақ
түзілу процестеріне адамзаттың өндірістік іс-әрекеті өте үлкен әсерін
тигізуде.
Топырақ тузілу процестерін зерттеген кезде топырақ түзілу факторларына
және топырақ түзілу жағдайларына баса назар аудару қажет. Топырақ түзілу
факторлары осы процестің материалдық және энергетикалық құрамдас
бөліктері: топырақ түзуші тау жыныстары, тірі организмдер, күн радиациясы,
атмосфераның жер бетіндегі қабаттары, топырақ, ыза және жер беті сулары;
топырақ түзілу жағдайлары – кеңістікте және уақыт ішінде топырақ түзілу
процесін анықтайтын шарттар: жердің географиялық орны, рельеф, топырақ
түзілудің ұзақтығы, адамның өндірістік іс-әрекеті.
В.В. Докучаев топырақ түзілудің келссі факторларын бөліп көрсеткен:
климат, рельеф, аналық жыныс, жан-жануарлар және өсімдіктер дүниесі жене
мемлекеттің жасы. Ол топырақ түзілу процесінде климаттың негізгі роль
атқаратынын айтқан. Оның кейінгі еңбектерінде биологиялық факторлардың да
маңызы айқындалып үлкен мән берілген.
Топырақ тузілу процесі – бұл литосфераның, биосфараның және сыртқы
ортаның арасындағы энергия және зат алмасу. Ол биологиялық, химиялық,
физикалық процестердің күрделі комплексі болып табылады. Бұл комплекстің
құрамына нақты жағдайлар (шымдану, тұздану, батпақтану, қарашірік жиналу)
байқалатын элементарлық топырақ тузілу процесі кіреді.

Топырақ түзілу факторлары.
Климат
Түсетін жауын-шашын топырақтың ылғалдығына әсер етеді. Ал ылғал
топырақта өсетін өсімдіктердің және осы топырақтарды мекендейтін
микроорганизмдердің тіршілігіне жағдай жасайды.
Жауын-шашын түрінде түсетін судың бір бөлігі буланып, екінші бір бөлігі
ылди жерлермен ағып, ал қалған бөлігі топыраққа сіңіп кетеді. Топыраққа
сіңіп топырақ ылғалына айналған су, топырақ бетінен ағып кеткен су және
буланып кеткен су да топырақ түзілу процесіне қатысады. Аталған ылғалдың
біріншісі минералдық заттарды ерітіп топырақ профилімен тасымалдайды,
сөйтіп топырақтың ауа тәртібіне әсер етеді, екіншісі топырақтың минералдық
және органикалық бөлшектерін беткейлермен тасымалдайды. Осы арқылы ұсақ
түйіршіктерді орнынан қозғап ағызып әкетіп, басқа бір орынға үйеді. Үшінші
бөлігі қоршаған ауаны ылғалдап, топырақты салқындатады.
Топыраққа түсетін жауын-шашын мөлшері және оның сипаты жердің
географиялық орнына, теңіздерден және мұхиттардан қаншалықты қашық
орналасқанына байланысты болады. Күшті жаңбыр жауғанда, әсіресе нөсер
кезінде, топырақтағы минералдық және органикалық заттар жер бедерінің төмен
жағына қарай шайылып кетеді де жыралар, сайлар, шұңқырлар пайда болады.
Жауған қар топырақты жылытып микроорганизмдердің іс-әрекетін ұзартады.
Желдің әсерінен қарды ұшырып әкеткенде және үйгенде, топырақтың алдағы
уақытта ылғалдануына бірдей жағдай жасалмайды. Бұл топырақ түзілу процесіне
аз әсерін тигізеді.
Күшті минералданған ыза сулары топырақтың тұздануына әкеп соғуы мүмкін.
Олардың жер бетіне жақын жатуы топырақты мөлшерден тыс ылғалдандырады да
батпақтануға әкеледі.
Ауаның және топырақтың температурасына топырақтағы химиялық және
биохимиялық рекциялардың өту жылдамдықтары тәуелді болады. Температура
сонымен қатар топырақтың ылғалдығына және топырақ бетінен болатын булану
дәрежесіне де күшті ықпал жасайды. Температураның +20+250С дейін көтерілуі
микроорганизмдер мен өсімдіктердің іс-әрекетін жақсартады. Ал егер
температура +400С асатын болса, тірі организмдердің іс-әрекеттері
нашарлайды немесе тіптен тоқтайды. Ноль градусқа жақын температура да да
организмдердің тіршілігі тоқтайды.
Желдің де ролі үлкен, әсіресе оның әсері ашық жазық кеңістіктерде айқын
білінеді. Мысалы, шөлдерде, далаларда және тундраларда. Топырақ бетінен
тозаң және құм түйіршіктерін ұшырып әкетіп, жел, топырақ профилін қатты
өзгерістерге ұшыратады. Кейде жер бетінде топырақ түзілу процесінен өте аз
өзгерген аналық жыныстың шоқылары ғана қалады.
Жел рельефтің теріс элементтерін түзетіп, кей жерлерде төмпешіктер,
дәңдер сияқты шөгінді формаларын құрып, сол арқылы топырақ түзілу процесін
түбірімен өзгертіп жібереді.
Аңызақ желдер егістікті зақымдап табиғи өсімдік жамылғысын күйдіріп
жібереді.

Аналық жыныстар
Жер бетіне шыққан тау жыныстары топырақ тузуші негізгі материал ретінде
қызмет етеді. Лесс тәрізді саздақтарда көмір қышқыл кальций және көмір
қышқыл магнийдің үлкен мөлшері бар топырақтар түзіледі. Жамылғы саздақтарда
және мұздықтың құмдарында аталған тұздар кездеспейтін топырақтар құрылады.
Жыныстарда кальций карбонаттарының болуы топырақтарда аз сілтілі реакцияны
түзеді. Карбонатсыз саздақтарда және құмдарда түзілген топырақтар қышқыл
реакциялы болуы мүмкін. Құмдарда түзілген топырақтар, саздақтарда түзілген
топырақтарға қарағанда құнарлы заттарға кедейлеу келеді.
ТМД-ның солтүстік бөлігінде орналасқап әктасты тайгалық-орманды
аймақтың жағдайында құрылған қарашірікті-карбонатты топырақтар құнарлығы
жоғары деп саналады. Кальцийдің және магнийдің көмір қышқыл тұздары топырақ
ерітіндісінің қышқыл реакциясын бейтараптандырып микробтардың тіршілігіне
және өсімдіктердің өсіп дамуына қолайлы ортаны құрады. Қара топырақтар
және орманның сұр топырақтары негізінен карбонатты және лесс тәріздес
жыныстарда түзілген. Мұндай топырақтарда тіпті тайгалық-орманды жағдайларда
да қарашіріктің жиналуы болып жатады.
Көп жағдайларда аналық жыныстарға ыза суларының деңгейі, топырақтардың
батпақтануы, тіпті, оның жоғарғы қабаттарының тұздануы тәуелді. Топырақтың
ылғал сыйымдылығы да аналық жынысқа байланысты болады.

Топырақ түзілу жағдайлары
Жер бедері
Жердегі ылғал мен жылудың таралуы көп жағдайларда жер бедеріне
(рельефке) байланысты. Ол желдің бағытына, күшіне, топырақ бетінің жарықпен
қамтамасыз етілуіне, өсімдік жамылғысының түзілуіне үлкен ықпал жасайды.
Топырақтардың құрлық бетінде таралуы, әсіресе таулы елдерде, рельефке
тікелей тәуелді. Сонымен қатар жазық жерлерде де рельеф формаларының
топырақ түзілу процесіне тигізетін әсерін байқауға болады.
Топырақ түзілуге рельефтің макроформалары ғана емес, сонымен қатар
микроформалары, тіпті наноформалары да өз әсерін тигізеді. Әрбір шұңқырдан
және төмпешіктен қоршап жатқан топырақтардан өзгеше топырақтың кішкентай
учаскесін оңай байқауға болады.
Рельефтің ұсақ формалары жер бетінде, әр түрлі сеьептерден пайда болуы
мүмкін.
Теңіз жағаларында нанорельефтің бас киімдік формасын байқауға болады.
Мұндай форма өсімдік аралығындағы топырақтардың майда түйіршіктерін жел
ұшырып әкетіп өсімдік тамырлары орналасқан тұстарға үйіп кетуінен пайда
болған. Наноформалар топырақта өмір сүретін жәндіктер мен де (тышқандар,
көртышқандар) түзілуі мүмкін.
Наноформалар өсімдік жамылғысының сипатын өзгертеді. Өзінің дамуы және
біртіндеп өзгеруі барысында наноформалар рельефтің жаңа микро және
мезоформаларын құрады..
Топырақ тузілу процссінде беткейлердің формалары айрықша роль атқарады.
Беткейдің бағытына және ылдилығына топырақтың температурасы және ылғалдығы
тәуелді болады. Оңтүстік беткейлер жылы, құрғақ, ал солтүстік беткейлер –
суық, ылғалдылығы жоғарылау келеді. Эрозиялық процестер оңтүстік, ылдилығы
жоғары беткейлерде күштірек жүреді. Солтүстік беткейлер жазықтау келеді,
оларда көктемде қар ұзығырақ жатады, сөйтіп топырақ түзілу процесіне әсер
етеді.

Уақыт
Белгілі бір топырақ типі түзілуі үшін уақыт қажет. Бұл жерде топырақтың
абсолюттік және салыстырмалы жасын айырып тану қажет. ТМД елдерінің
солтүстігі, салыстырмалы түрде алғанда жақында ғана мұз жамылғысынан
босағаны белгілі. Сонымен қатар оңтүстік Орыс және Қазақстан далалары,
Өзбекстан жене Туркменстан шөлдері, Сібірдің және Қиыр Шығыстың бір бөлігі
мұздануға ұшырамаған. Осындай жағдайларды топырақ түзілу процестерінің
ұзақтығы әр түрлі болады. Сондықтан топырақ түзілудің басқа факторлары
ұқсас болғанмен пайда болған топырақтар бірдей болмайды. Шартты түрде,
тундра топырақтарын ең жас топырақтар деп айтуға болады. Ал шымдық
топырақтарды орта жастағы, қара топырақтар және қоңыр топырақтарды –
кемеліне келген деп санайды.
Топырақтың абсолюттік жасы осы топырақ орналасқан құрлықтың мұздан
көлден, теңізден және мұхиттан босану сәтінен бастау алады. Топырақтың
уақыт ішінде қалыптасу жылдамдығын оның салыстырмалық жасы деп түсінеді.
Егер таудын, онтүстік беткейлері қара топырақтармен жабылған болса,
солтүстік беткейлері – боз немесе тіпті тау ормандарының шымдық
топырақтарымен жабылған. Егер оңтүстік беткейлерді құрғақ даланың
топырақтары мысалы қоңыр топырақтар алып жатса, солтүстігін – қара
топырақтар алып жатады. Себебі бірдей жағдайларда олардың түзілуіне, аз
уақыт кетеді.

ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
Топырақтағы организмдер
Топырақты мекендейтін организмдер күрделі экологиялық жүйелерді құрады.
Осы экологиялық жүйелер органикалық заттардың жиналуы және ыдырауы,
химиялық элементтердің айналымы сияқты топырақ түзілу процесінің өте
маңазды функцияларын атқарады.
Тірі организмдер және органикалық заттар топырақ құнарлығының
құралуындағы негізгі фактор болып табылады.
Топырақта және оның бетінде бактериялар, саңырауқұлақтар
актиномицеттер, су өсімдіктері (жалбыздар, балдырлар), қыналар, жоғарғы
өсімдіктер (мүктер, папоротниктер, шөптер, ағаш өсімдіктері), қарапайымдар,
құрттар, жәндіктер, сүтқоректілер және бауырымен жорғалаушылар өмір сүреді.
Егер топырақты мекендейтін организмдерді топырақ тузілу процесінде
алатын маңызы жағынаи реттеп қоятын болса, бірінші орынды бактериялар
екінші орынды актиномицеттер, үшінші орынды саңырауқұлақтар алады.
Қарапайымдар, амебалар, инфузорлар, су өсімдіктері топырақтарда аз мөлшерде
кездеседі.
Профессор Е.Н. Мишустиннің мәліметтері бойынша 1 грамм кедей топырақта
0,3 тен 0,6 млрд, ал органикалық заттарға бай қара топырақтарда - 2-ден 3
млрд дейін микробтар болады. Шөлдегі суғармалы сұр топырақтарда
микроорганизмдердің саны 3 млрд дейін барады. 1 гектар құнарлы
топырақтардың жырту қабатында олардың жалпы массасы 3-тен 5 тоннаға дейін
жетеді. Олардың ең көп бөлігі өсімдік тамыры орналасқан аймақта
шоғырланады.
Микроорганизмдердің тіршілік етуіне қолайлы температура +20+350С. Бірақ
олар бұл температуралардан төмен және жоғары температураларда да өмір суре
алады. Әйткенмен де микроорганизмдер, топырақтың қолайлы ылғалдылықтарында,
әсіресе жаз айларында белсенділік танытады. Ыстық күндері топырақтар кеуіп
кеткенде микробтардың тіршілік әрекеттері де баяулайды. Бактериялар
бейтарап немесе аз сілтілі ортада, ал санырауқұлақтар қышқыл ортада жақсы
дамиды. Тонырақтың минералдық құрамындағы және өлі органикалық заттардағы
өзгерістердің барлығы микроорганизмдердің тіршілігіне байланысты өтеді.

Бактериялар
Бактериялар топырақ мекендеушілердің ең үлкен бөлігін құрайды. Бүкіл
жер шарында бактериясыз топырақты табу мүмкін емес. Олар топырақтың беткі
қабатында әсіресе жыртылатын қабатта көп болады. Төменгі қабаттарда
бактериялардың саны азаяды, бірақ 2-3 м тереңдікте де оларды барлық топырақ
түрлерінен, әжептеуір мөлшерде, кездестіруге болады.
Оттегіге қатысты алғанда бактерияларды аэробты, анаэробты, және
факультативті деп бөледі.
Бұлардың біріншілерінің тіршілік іс-әрекеті тек қана оттегінің
қатысуымен өтеді, екіншілері оттегісіз-ақ тіршілік етеді, ал үшіншілері
оттегімен де, оттегісіз де өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл ауданының аймақтық экологиялық жағдайы
Топырақтану. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Топырақ ылғалы
Топырақ түзілу факторлары
Топырақтың түзілуіне қатысатын негізгі факторлар
Эрозиялардан қорғау
Топырақ ресурстары мен ластануы жайлы
Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру
Литосфера ластаушылары, қаупі және одан қорғану
Топырақ ресурстарының маңызы. Топырақтың ластануы
Пәндер