Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар



Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1Ветеринария туралы заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2Етқоректілердің құтырық ауруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2.1Етқоректілердің құтырық ауруының қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2.2 Етқоректілердің құтырық ауруының вирусының төзімділігі ... ... ... ... ... ..15
1.2.3 Етқоректілердің құтырық ауруының індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .15
1.2.4 Етқоректілердің құтырық ауруының қабылдағыштығы ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.2.5 Етқоректілердің құтырық ауруының жұғу көздері мен жолдары ... ... ... ..16
1.2.6 Етқоректілердің құтырық ауруының клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ...17
1.2.7Етқоректілердің құтырық ауруындағы патологоанатомиялық өзгерістер.20
1.2.8Етқоректілердің құтырық ауруын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.2.9 Етқоректілердің құтырық ауруының емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.2.10 Етқоректілердің құтырық ауруының иммунитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
1.2.11Етқоректілердің құтырық ауруының алдын ала сақтандыру және ауруға қарсы күресу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
1 Сайдулдин Т. Ветеринарлық індеттану: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Сайдулдин Т. Алматы, 1999.-195б.
2 Кононов И.В. Ветеринарлық анықтама /Кононов И.В. Мәскеу, «Колос» баспасы, 1972.-125б.
3 Бердімұратов Ж. Ірі қара аурулары: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Бердімұратов Ж. Алматы, Қайнар, 1976. - 188б.
4 Әмірбек Е. Жануарлар ауруының клиникалық диагностикасы: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін /Әмірбек Е. Алматы- 2006. -179б.
5 Ілиясов Б.К. Алғашқы ветеринарлық жәрдем: оқу құралы жоғары оқу орындары үшін, /Ілиясов Б.К. Алматы - 2001.-173б.
6 Төлеуіш Ж. Малың аман болса, май ішесің /Төлеуіш Ж. Шымкент-2007.-198б.
7 Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринария – санитария негіздерімен: оқулық жоғары оқу орындары үшін /Қасымов Е.И. Алматы - 2006.- 166б.
8 Конопаткин А.А. Эпизоотология и инфекционные болезни животных: учебник для вузов /Конопаткин А.А. Москва, Колос , 1984.-282б.
9Арзымбетов Д.Е.Ветеринария ісін ұйымдастыру: Ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық /Арзымбетов Д.Е., Орынтаев Қ.Б., Қанатбеков Т.И. –Алматы, 2009.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
‭ ‬ Аннотация


Ветеринария ісін ұйымдастыру‭‬ пәнінен‭ ‬Етқоректілердің‭ ‬ құтыру ауруына‭ ‬қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар‭ ‬тақырыбы бойынша жазылған курстық жұмыс‭ ‬30‭ ‬беттен‭ ‬тұрады.
Курстық жұмысында кіріспе,‭ ‬негізгі бөлім,‭ ‬өзіндік зерттеу,‭ ‬техникалық қауіпсіздік,‭ ‬қорытынды‭ ‬және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылды.



Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Белгілер мен қысқартулар‭
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8‭ ‬
1‭ ‬Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1Ветеринария туралы заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2.1Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2.2‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының‭ ‬вирусының төзімділігі ... ... ... ... ... ..15 ‭
1.2.3‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының‭ ‬індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .1 5‭
1.2.4‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының қабылдағыштығы ... ... ... ... ... . ... ... .16‭
1.2.5‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының жұғу көздері мен жолдары ... ... ... ..16
1.2.6‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының клиникалық‭ ‬белгілері ... ... ... ... ... ...17
.2.7Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруындағы патологоанатомиялық өзгерістер.20
.2.8Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруын‭ ‬ анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
1.2.9‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының‭ ‬емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
.2.10‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының иммунитеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .24
1.2.11Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының алдын ала сақтандыру және ауруға қарсы күресу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2‭ ‬Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Техникалық қауіпсіздік‭ ‬ ... ... ... ... .31
Қорытынды‭ ‬ ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

‭ ‬Нормативтік‭ ‬сілтемелер

Осы‭ ‬курстық жұмыста‭ ‬келесі‭ ‬нормативтік‭ ‬құжаттарды‭ ‬қолдануға‭ ‬сілтемелер‭ ‬жасалған:
‭ ‬МЖМБС‭ ‬2.104‭ ‬-2006‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.‭ ‬Негізгі‭ ‬жазбалар.
МЖМБС‭ ‬2.301‭ ‬-68‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Форматтар.
МЖМБС‭ ‬2.601‭ ‬-2006‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.‭ ‬Пайдалану‭ ‬құжаттары.
МЖМБС‭ ‬2.304-81‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.‭ ‬Сызбалық‭ ‬шрифттер.
МЖМБС‭ ‬2.701-84‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.‭ ‬Схемалар.Түрлері‭ ‬мен‭ ‬типтері.‭ ‬Орындауға‭ ‬қойылатын‭ ‬жалпы‭ ‬талаптар.
МЖМБС‭ ‬2.321-84‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Әріптік‭ ‬белгілеу.

‭ ‬Анықтамалар‭

Індеттану‭ ‬-‭ ‬індет процесін,‭ ‬жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін,‭ ‬сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Құтырық‭ ‬(Rabies,‭ ‬бешенство‭) ‬-‭ ‬орталық жүйке жүйесін зақымдап,‭ ‬шашыранды‭ ‬полиэнцефаломиелит‭ ‬арқылы ерекшеленетін,‭ ‬жіті өтетін жұқпалы‭ ‬ауру.
Дезинфекция‭ –‬микроорганизмдерге қарсы шара‭
Дератизация‭ –‬кеміргіштерге қарсы шара
Инактивация‭ –‬вирустардың жұқпалылығын әлсірету
Иммунитет‭ –‬организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті

‭ ‬Ф.7.04-03‭

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

‭__________________________‬кафедра сы

‭__________________________________ _‬пәні бойынша‭

Курстық жұмыс

Пәні‭ ___________________________________ ____________________
Жұмыс‭ ‬тақырыбы:‭________________________ _____________________
Мамандығы:‭________________________ _________________________

Орындаған‭ _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы‭)
Жетекші‭ ___________________________________ __________
(оқытушының аты‭ –‬жөні,ғылыми дәрежесі,‭ ‬атағы‭)

Жұмыс‭ ____________
бағасы
бағасына қорғалды
‭_____________‬2016ж.

Норма бақылау:
‭_______________
қолы,‭ ‬аты‭ –‬жөні‭

Комиссия:
‭_______________
қолы,аты‭ –‬жөні‭
_______________
қолы,аты‭ –‬жөні

‭ ‬ Шымкент‭ ‬2016‭ ‬ж.‭

Ф.‭ ‬7.‭ ‬05‭ –

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

‭______________________________‬каф едрасы

Бекітемін‭
Каф.меңгерушісі‭ __
_________2016ж.‭

№____Тапсырмасы

‭ ___________________________________ ‬пәні бойынша курстық жұмыс
Студент‭ _______________________________
(тегі,аты-жөні‭)
Жұмыс‭ ‬тақырыбы‭ ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер‭ ____________‬______________________ ________


Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалу‭
мерзімі
Көлемі‭
(парақ саны‭)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер:‭ ‬1.‭___________________________________ _______________________
2.‭___________________________________ _______________________
.‭___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні‭ _________‬жұмысты‭ ‬қорғау күні‭________________

Жұмыс жетекшісі‭ ___________________________________ ______________
(қызметі,‭ ‬тегі,аты‭ –‬жөні,‭ ‬қолы‭)
Тапсырманы орындауға қабылдаған‭________________________ _______‬
( күні,‭ ‬студенттің қолы‭)

Ф.‭ ‬7.‭ ‬04‭ –

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

‭ ___________________________________ ____‬ жоғары мектебі
‭___________________________________ __ ____‬ кафедрасы

‭ ‬Бекітемін‭
Кафедра меңгерушісі
‭_____________________
(қолы,аты‭ –‬жөні‭)
_______________2016ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы‭ №____

___________________________________ ___________________пәні
студент‭___________________________ __‬тобы‭_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы‭ ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:‭
.‭___________________________________ _____________________________
.‭___________________________________ _____________________________
.‭___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты‭ ‬орындау кезінде алынған‭ ‬балл‭ (‬60‭ ‬мүмкіндіктен‭) _____‬,‭ ‬қорғау бағаланды‭ (‬40‭ ‬мүмкіндіктен‭)_____‬балл.
Сомалық баллы‭______
Жұмыстың бағасы‭____________

Курстық жұмыс‭ ‬жетекшісі‭________________________ ____________
Комиссия мүшелері‭___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері‭___________________________________ _____________
Қорғау күні‭__________‬2016ж.‭
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.‭ ‬Еліміздің тәуелсіздігінің‭ ‬10‭ ‬жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады.‭ ‬Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар‭ ‬Ветеринария туралы заңның‭ ‬талқыланып,‭ ‬1995‭ ‬жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды.‭ ‬Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып,‭ ‬төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
мемлекеттік қадағалау,‭ ‬бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды.‭ ‬Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды.‭ ‬Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен,‭ ‬ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды.‭ ‬Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған,‭ ‬бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
‭ ‬ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі‭ ‬1995‭ ‬жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол‭ ‬2002‭ ‬жылдың‭ ‬10‭ ‬шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін‭ ‬Ветеринария туралы заңды‭ ‬қайта талқылап,‭ ‬қабылдануының себебі болды.
жаңа‭ ‬Ветеринария туралы заңның‭ ‬мақсаты‭ ‬-‭ ‬ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту,‭ ‬жануарлар өнімдерін,‭ ‬шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін,‭ ‬халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау,‭ ‬сонымен қатар бірінші,‭ ‬экономикалық орталық құру.
мемлекеттік қадағалау қызметін жақсарту үшін бір жағынан ветеринарияның барлық саласын лицензиялайтын институттың құрылуы‭; ‬ал екінші жағынан мемлекеттік қадағалау‭ ‬пункттерінде‭ ‬тексерілетін жүктерді дайындау,‭ ‬өңдеу,‭ ‬сақтау жұмысымен айналысатын бүкіл мемлекет территориясындағы барлық субъектілерді қамтиды және мемлекеттік ветбөлімнен ауыл аймағына дейін инсректорлық вертикаль құрылады.
заңның халықаралық ветеринарлық талаптарға жауап беруі,‭ ‬Қазақстанның Бүкіл әлемдік сауда ұйымы құрамына кіруіне себеп болады.
‭ ‬Микробтар,‭ ‬тек иесінің арқасында өмір сүрмеиді және оған зиян келтіреді-паразиттік‭ (‬тоғышарлык‭) ‬әсер‭ ‬етеді.‭ ‬Бұлар‭ ‬ауру тудыратын микробтар.‭ ‬Малдың денесіне түсіп‭ (‬кіріп‭) ‬алып,‭ ‬оны былғайды‭ (‬ауыртады‭)‬,‭ ‬оның денесіне көбейеді,‭ ‬өседі және өмір‭ ‬сүруі‭ ‬кезінде улы‭ ‬заттар бөледі,‭ ‬организмді‭ ‬уландырады,‭ ‬организмнің кейбір мүшелерін‭ ‬функциясын‭ ‬қызметін‭ ‬бұзады‭ ‬және,‭ ‬ткань,‭ ‬клеткалардын морфологиялық құрылысын бұзады,‭ ‬сөйтіп өте қауіпті ауыруы өлімге апаратын аурулар‭ ‬туғызады.‭ ‬Мұндай‭ ‬биологиялық‭ ‬күрделі процесті,‭ ‬организм‭ ‬мен‭ ‬ауру‭ ‬тудыратын коздырғыштың‭ ‬өзара‭ ‬арасындағы‭ ‬қатнасты инфекция дейді‭ ‬[1,2‭]‬.
‭ ‬Курстық жұмыстың мақсаты‭ –‬етқоректілердің‭ ‬ құтыру ауруына‭ ‬қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын‭ ‬зерттеу.‭

1‭ ‬Негізгі бөлім‭

1.1Ветеринария туралы заң

Осы заң‭ ‬ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық,‭ ‬ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды,‭ ‬ветеринариялық-‭ ‬санитариялық қолайлы жағдайды,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың,‭ ‬ветеринариялық препараттардың,‭ ‬жем-шөп пен жем-шөптік қоспалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,‭ ‬сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
Жалпы ережелер
Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
сараптама актісі‭ ‬-‭ ‬мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілері диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық зертханалар беретін,‭ ‬олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін куәландыратын,‭ ‬сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат‭;
ветеринариялық препараттарды байқаудан өткізу‭ ‬-‭ ‬ветеринариялық препараттарды ветеринария практикасында пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін,‭ ‬иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында,‭ ‬шектеулі механикалық немесе өндірістік жағдайларда ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен сынақтан өткізу‭;
ветеринария‭ (‬ветеринария саласы‭) ‬-‭ ‬жануарлардың аурулары мен азықтан улануын зерделеуге,‭ ‬олардың профилактикасында,‭ ‬диагностикасына,‭ ‬оларды емдеуге және жоюға,‭ ‬мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сай келуін қамтамасыз етуге,‭ ‬сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы‭;
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік‭ ‬-‭ ‬мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар пайдаланатын дағдылы жағдайларда жануарлардың жеке адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі‭;
ветеринариялық-санитариялық сараптама‭ ‬-‭ ‬жануарлардың,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен органолептикалық,‭ ‬биохимиялық,‭ ‬микробиологиялық,‭ ‬паразитологиялық,‭ ‬уыттық және токсиологиялық зерттеулер арқылы тексеруі‭;
ветеринариялық құжаттар‭ ‬-‭ ‬мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілеріне ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық инспекторлар беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды,‭ ‬ветеринариялық куәлік,‭ ‬ветеринариялық сертификат,‭ ‬ветеринариялық сипаттама‭;
ветеринариялық іс шаралар‭ ‬-‭ ‬жануарлар ауруларының профилактикасын,‭ ‬емделуін немесе диагностикасын қоса алғанда,‭ ‬оның шығуын,‭ ‬таралуын болдырмауға немесе оны жоюға‭; ‬жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға,‭ ‬алып қоюға және жоюға‭; ‬жануарлардың өнімділігін арттыруға‭; ‬жануарлардың және адамның денсаулығына жұқпалы,‭ ‬оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында,‭ ‬бірегейлендіру рәсімін қоса,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған індетке қарсы,‭ ‬ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені‭;
ветеринариялық‭ (‬ветеринариялық-санитариялық‭) ‬ережелер‭ ‬-‭ ‬ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін,‭ ‬ветеринария саласының қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық іс шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық акт‭;
ветеринариялық препараттар‭ ‬-‭ ‬жануарлар ауруларының профилактикасы,‭ ‬диагностикасы,‭ ‬оларды емдеу,‭ ‬олардың өнімділігін арттыру,‭ ‬дезинфекция,‭ ‬дезинсекция және деретизация жасау үшін жануарлардан,‭ ‬өсімдіктерден алынатан немесе синтетикалық заттар,‭ ‬сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар‭;
ветеринариялық паспорт‭ ‬-‭ ‬ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы құжат,‭ ‬онда жануарлардың иесі,‭ ‬түрі,‭ ‬жынысы,‭ ‬түсі,‭ ‬жасы,‭ ‬жануарлардың ауруларының профилактикасы,‭ ‬диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетіледі‭;
жануарлар ауруларын қоздырушылар‭ ‬-‭ ‬вирустар,‭ ‬бактериялар,‭ ‬риккетсиялар,‭ ‬хламидиялар,‭ ‬микоплазмалар,‭ ‬приондар,‭ ‬қарапайым жәндіктер,‭ ‬саңырауқұлақтар,‭ ‬гельминттер,‭ ‬кенелер,‭ ‬жәндіктер‭;
ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу‭ ‬-‭ ‬ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан,‭ ‬байқаудан өткізу‭;
ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімі‭ ‬-‭ ‬ветерианрия саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шығаратын,‭ ‬мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге,‭ ‬импорттауға және қолдануға рұқсат етілген ветеринариялық препараттар туралы мәліметтері бар тізбе‭;
карантин‭ ‬-‭ ‬індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы,‭ ‬қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ қасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим‭;
ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы‭ ‬-‭ ‬базарларда және басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі‭;
ауру бойынша қолайсыз пункт‭ ‬қолайсыз пункт-‭ ‬індет ошағы белгіленген аумақ:
ветеринариялық препараттар айналысы‭ ‬-‭ ‬ветеринариялық препараттарды өндіру,‭ ‬сақтау,‭ ‬тасымалдау,‭ ‬байқаудан өткізу,‭ ‬тіркеу сынағынан өткізу,‭ ‬стандарттау,‭ ‬сертификаттау,‭ ‬сапасын бақылау,‭ ‬жарнамалау,‭ ‬сату немесе қолдану‭;
шектеу іс-шаралары‭ ‬-‭ ‬жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және індет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға жол өткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды ішінара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық,‭ ‬әкімшілік-‭ ‬шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим‭;
жануарлардың аса қауіпті аурулары‭ ‬-‭ ‬ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын,‭ ‬жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда,‭ ‬тез немесе кең таралатын,‭ ‬жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне,‭ ‬үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары‭;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер‭ ‬-‭ ‬жануарлар,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат,‭ ‬ветеринариялық препараттар,‭ ‬жем-шөп және жем-шөптік қоспалар‭;
жануарлардан алынатын өнімдер‭ ‬-‭ ‬тиісінше өңделмей тамаққа пайданылмайтын ет және ет өнімдері,‭ ‬сүт және сүт өнімдері,‭ ‬балық және балық өнімдері,‭ ‬жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері,‭ ‬сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнімдері‭;
ветеринариялық препараттарды тіркеу сынағынан өткізу‭ –‬ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы уәкілетті әрекеттік орган белгілеген тәртіппен қолданылатын әдістер,‭ ‬әдістемелер кешені‭;
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік және өтемелік қызмет‭ –‬жануарлардың аса қауіпті,‭ ‬баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендіруді‭ ‬белгілі бір түр ішіндегі типтік айырмашылықтарды анықтауды,‭ ‬олардың профилактикасы мен дигностикасы шараларын әзірлеуді қоса жүзеге асыру,‭ ‬сондай-ақ күмәнді немесе даулы жағдайларда түпкілікті диагноз қою‭;
базар‭ –‬жануарларды,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты,‭ ‬ветеринариялық препараттарды,‭ ‬жем-шөпті және жем-шөптік қоспаларды сату орнын қоса алғанда,‭ ‬арнайы жабдықталған сауда орны‭;
жануарлардан алынатын шикізат‭ ‬-‭ ‬жануарлардан алынатын,‭ ‬жануарларды сақтандыруға арналған және‭ ‬немесе‭ ‬өнеркәсіпте пайдаланылатын тері,‭ ‬жүн,‭ ‬түк,‭ ‬қыл,‭ ‬бағалы аң терісі,‭ ‬мамық,‭ ‬қауырсын,‭ ‬эндокриндік бездер,‭ ‬ішек-қарын,‭ ‬қан,‭ ‬сүйек,‭ ‬мүиіз,‭ ‬тұяқ және басқа өнімдер‭;
ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган‭ ‬-‭ ‬Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін,‭ ‬өз өкілеттігі шегінде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орган‭;
індет моноторингі‭ –‬эпизоотиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары,‭ ‬олар мекендеген‭ ‬ұсталған,‭ ‬өсірілген‭ ‬аумақтардың табиғи географиялық және экономикалық‭ ‬шаруашылық‭ ‬жағдайлары,‭ ‬жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда,‭ ‬жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар тиімділігін талдау және індеттердің немесе эпизоотиялардың пайда болуын,‭ ‬өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық‭ ‬өңдеу‭;
індет ошағы‭ –‬жұқпалы аруды қоздырушы көздер,‭ ‬тарататын факторлар және ауруға бейім жануарлар тұрған шектеулі аумақ немесе қора-жай‭;
індет‭ –‬белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы‭;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
1.‭ ‬Қазақстан Республикасының ветернария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құықтық актілерінен тұрады.
.‭ ‬Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ерекшелер белгіленсе,‭ ‬халықаралық шарттардың ережелері қоланылады.‭
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер
Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар:
жануарларды аурулардан қорғау және емдеу‭;
халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау‭;
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету‭;
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелнуі мен таралуынан қорғау‭;
ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау‭;
жануарлар ауруына қарсы күрес құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану,‭ ‬жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету‭;
жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны ластауды алдын алу және оны жою‭;
ветеринария ғылымын дамыту,‭ ‬ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру‭ [‬9‭]‬.

1.2‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ ауруы

Құтырған иттің сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде‭ ‬1804‭ ‬ж.‭ ‬Францияда‭ ‬Цинке‭ ‬дәлелдеді.‭ ‬Оның отандасы‭ ‬Лион ветеринария‭ ‬мектебінің профессоры В.Галтье‭ ‬(1879-1881‭) ‬үй қоянына құтырық жұқтырып,‭ ‬қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты.‭
Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер‭ ‬(1881-1889‭) ‬үй қоянының миынан бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп,‭ ‬өзінің дүние жүзіне әйгілі вакцинасын алды.‭ ‬Құтырықтың қоздырушысының‭ ‬вирус‭ ‬екендігін бұдан көп кейін‭ ‬1903ж.‭ ‬Ремленже мен Риффатбей дәлелдеді.‭
Румын‭ ‬ғалымы В.Бабеш‭ ‬(1887‭) ‬және итальяндық А.Негри‭ ‬(1903‭) ‬кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан жануардың нейрондарының протоплазмасында болатын‭ ‬ерекше‭ ‬құрылымды ашты.
Құтырық өте ерте заманнан,‭ ‬адамзаттың мәдени тарихы қалыптаса бастаған кезден белгілі.‭ ‬Ол туралы‭ ‬мәліметтер Вавильонның б.д.д.‭ ‬ 2300‭ ‬жылы жасалған зандар жинағында кездеседі.‭
Демокрит‭ (‬б.д.д.‭ ‬5ғ.‭) ‬иттің құтырығын жан-жақты баяндаса,‭ ‬Аристотель‭ (‬б.д.д.‭ ‬4-ғ.‭) ‬әртүрлі жануардарға құтырықтың ит қапқанда жұгатындығын жазды.‭ ‬І.‭ ‬Есенберлиннің‭ ‬Алтын‭ ‬Орда‭ ‬романында әмір Темірдің‭ ‬(14ғ.‭) ‬Алтын орданын болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергені суреттелген.

1.2.1Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының қоздырушысы

Қоздырушысы‭ ‬–Rabies Lyssa‭ ‬virus‭ ‬ -‭ ‬рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына‭ ‬жатады.‭ ‬Барлық‭ ‬рабдовирустар‭ ‬секілді оқ пішінді.‭ ‬Вириондарының ұзындығы‭ ‬180нм,‭ ‬көлденеңі‭ ‬75-80нм.‭ ‬Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында,‭ ‬кейбір торшалардың өсінінде өсіруге‭ ‬болады.‭ ‬Бұл вирустың екі негізгі антигендері‭ ‬бар.‭ ‬Еритін S-антиген‭ (‬капсид нуклеопротеиді‭) ‬-‭ ‬барлық құтырық вирустарына ортақ және V-антиген‭ (‬вирионның сыртқы қабығындағы гликопротеид‭) ‬вирустың әрбір жеке типтеріне тән.‭ ‬Ол орталық жүйке жүйесінде оның торшаларында өніп-өседі де,‭ ‬соларды зақымдайды.‭
Құтыру ауруының‭ ‬вирусы рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирус туыстығына жатады.‭ ‬Вириондардың пішіні оққа ұқсайды бір шеті дөңгелектенген,‭ ‬екінші шеті‭ –‬кесілген сияқты,‭ ‬диаметрі‭ ‬75-80нм,‭ ‬ұзындығы‭ ‬180нм,‭ ‬геномы‭ –‬бір жіпшелі негативті РНҚ.‭
Вирус күрделі,‭ ‬сыртқы липопротеидті қабықшасы мен қапталған қабықшаның сыртында шығып тұрған өсінділері бар.‭ ‬ Вирустың формасы шар тәріздес болып,‭ ‬Беркефельдің N,‭ ‬V,‭ ‬W маркалы,‭ ‬Шамберланың L2,‭ ‬L3‭ ‬маркалы сүзгіштерінен өтіп кетеді.‭
Туғанына‭ ‬6‭ ‬тәулік болған балапанның миына вирусты орнатып,‭ ‬өсіріп алғаннан кейін‭ (‬пассаж‭)‬,‭ ‬оны тауықтың‭ ‬7‭—‬күндік эмбрионының хориоаллантоис дейтін сыртқы сары уызының қабы ішіне,‭ ‬сондай-ақ әр қилы клеткаларға‭ (‬фибробласт,‭ ‬тауық эмбрионының миына т.‭ ‬б.‭) ‬егіп өсіруге болады.‭

1.2.2‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының‭ ‬вирусының төзімділігі‭

Құтырық‭ ‬вирусы‭ ‬60°С‭ ‬кезінде‭ ‬10мин‭ ‬өткенде,‭ ‬100°С-та бірден белсенділігің жояды.‭ ‬Төменгі температураға төзімді‭ ‬болады да,‭ ‬тоңазытылып қатырыған мида айлап сақталады.‭ ‬Шіри бастаған материалда‭ ‬2-3‭ ‬апта бойы тіршілігін жоймайды.‭ ‬Қолданылып жүрген дезинфектанттардың концентрациясы:‭ ‬1-2%‭ ‬лизол‭ ‬ерітіндісі,‭ ‬2-3%‭ ‬сілтілер,‭ ‬формалин‭ ‬және‭ ‬хлорамин вирусты тез‭ ‬арада белсенділігінен айырады.
Төменгі температура вирусты консервлейді.‭ ‬500С вирус‭ ‬1‭ ‬сағаттан кейін,‭ ‬600С-та‭ ‬5-10‭ ‬минуттан кейін,‭ ‬ал‭ ‬700С-та бірден өледі,‭ ‬шіріген материалда вирус‭ ‬15‭ ‬күннен кейін бұзылады,‭ ‬ал УҚ-сәулесі әсерінен‭ ‬5-10‭ ‬минуттан кейін инактивтелінеді.‭
Дезинфекциялық заттар:‭ ‬1-5%-тік формалин ерітіндісі‭ ‬5‭ ‬минуттан кейін,‭ ‬01%-тік сулема‭ (‬алмас‭) ‬ерітіндісі‭ ‬2-3‭ ‬сағаттан кейін,‭ ‬1%-тік фенол ерітіндісі‭ ‬2-3‭ ‬аптадан кейін вирусты бұзады.‭ ‬Вакуумсыз кептіру‭ ‬10-14‭ ‬күндердің ішінде вирусты инактивтейді.‭ ‬Ал қоздырғышы керісінше суыққа өте төзімді келеді.

1.2.3‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының‭ ‬індеттік ерекшеліктері‭

Құтырықпен барлық жылы қанды үй және‭ ‬жабайы жануарлар,‭ ‬сонымен‭ ‬бірге‭ ‬адам да ауырады.‭ ‬Ит тектестер‭ ‬(түлкі,‭ ‬қасқыр,‭ ‬қорқау қасқыр,‭ ‬енот‭ ‬тәрізді‭ ‬ит‭)‬,‭ ‬сусар‭ ‬тектестер,‭ ‬жарқанат,‭ ‬кемірушілердің көптеген түрлері және үй мысығы‭ ‬аса‭ ‬бейім.‭ ‬Бұлардан‭ ‬адам мен‭ ‬төрт түлік малдың бейімділігі‭ ‬төмен,‭ ‬ал‭ ‬құстардың бейімділгі өте‭ ‬төмен.‭ ‬Жас жануарлар‭ ‬ересектерінен гөрі құтырық вирусына сезімтал келеді.
Құтырық табиғи ошақты жұқпалы аурулардың қатарына‭ ‬жатады,‭ ‬оның қоздырушысының табиғатта сақталатын қорламасы үй және‭ ‬жабайы ет‭ ‬қоректілер,‭ ‬ал‭ ‬кейбір өлкелерде жарқанат.‭ ‬Қорламасына‭ ‬байланысты‭ ‬құтырық індетінің табиғи және қалалық түрлері‭ ‬болады.‭ ‬Инфекция‭ ‬қоздырушысының‭ ‬бастауы‭ ‬қалалық індет кезінде иесіз иттер мен мысықтар,‭ ‬ал табиғи індет кезінде‭ ‬жабайы ет‭ ‬қоректі‭ ‬жануарлар.
Қазақстанның жағдайында құтырықтың ең басты таратушысы‭ ‬-‭ ‬түлкі,‭ ‬ал үй жануарларының ішінде бұл ауруға ең жиі шалдығатыны‭ ‬-‭ ‬сиыр.‭ ‬Түлкінің өсіп-өну ерекшеліктеріне‭ ‬байланысты,‭ ‬атап айтқанда,‭ ‬жаңа ұрпағының жетіліп күшіктеуіне дейінгі уақыт‭ ‬2-3‭ ‬жыл‭ ‬өткен сайын құтырық оқтын-оқтын жиі байқалып тұрады.‭ ‬Бұл‭ ‬–осы‭ ‬аурудың кезеңдік сипаты.‭ ‬Сонымен‭ ‬қатар оның маусымдық ерекшеліктері де байқалады,‭ ‬әсіресе қысқа қарай‭ ‬немесе‭ ‬қыстың көктемге ауысқан кезінде жиілейді.‭ ‬Оның себебі де ауруды тарататын жыртқыштардың тіршілігіне,‭ ‬олардың қысты күні жыныс белсенділігі артып,‭ ‬ылығуына‭ ‬байланысты.‭ ‬Бұл‭ ‬кезде‭ ‬еркек аңдар бір-бірімен таласып,‭ ‬денелерін жарақаттайды.‭ ‬Құтырық түлкі,‭ ‬қасқыр,‭ ‬қарсақ және иттерге бір-бірінен тістеген сәтте жұғады.‭ ‬Ал алиментарлық‭ ‬жолмен‭ ‬жұғуының індет тудырарлықтай маңызы түпкілікті айқындалған жоқ.

1.2.4‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының қабылдағыштығы‭

Құтыру ауруы дүние жүзінің барлық аймақтарында кеңінен таралған.‭ ‬Біздің елімізде бұл індет негізінен барлық аймақтарда кездеседі.‭
Қазақстанның батыс облыстарында‭ (‬Батыс Қазақстан,‭ ‬Ақтөбе,‭ ‬Атырау,‭ ‬Маңғыстау‭) ‬және оңтүстікте‭ (‬Оңтүстік Қазақстан,‭ ‬Жамбыл‭) ‬құтыру жабайы жануарлар мен мал арасында жиі ұшырайды.‭ ‬Басқа облыстардан да байқалған жылдар болды.‭

1.2.5‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының жұғу көздері мен жолдары

Індет қоздырғышы сау адамға және малға құтырған иттен,‭ ‬қасқырдан,‭ ‬түлкіден,‭ ‬қарсақтан,‭ ‬мысықтан сілекейі арқылы жұғады.‭ ‬Адам мен малды ауру ит,‭ ‬қасқыр,‭ ‬қарсақ,‭ ‬түлкі қапса өте қауіпті.‭
Статистикалық мәліметтер бойынша құтырудың‭ ‬60%‭ ‬ит қапқанда,‭ ‬10%‭ ‬басқа жануарлардан жұғады.‭
Аурудың тез өршуі жарақаттың орнына,‭ ‬оның тереңдігі мен вирустың мөлшеріне тығыз байланысты.‭ ‬Егер құтырған жануар адамның немесе малдың басын тістесе ауру өте тез өршиді.
Аурудың клиникалық белгілері пайда болғанға дейін‭ ‬2‭—‬күннің ішінде құтырған малдың сілекейінен аурудың вирусы табылады.‭
Аурудың жұғуы ең алдымен сол тістелген жердің көлеміне,‭ ‬жараның тереңдігіне,‭ ‬соңғы нерв талшықтарының молдығына және лимфатиялық қан тамырларының жиілігіне байланысты.‭ ‬Малдың ашық жарасына,‭ ‬не кілегей қабығына вирустың түсуімен де жұғуы мүмкін.‭
Адам мен малға жұққан соң құтыру вирусы жүйке талшықтарын бойлай отырып,‭ ‬орталық жүйке жүйесіне,‭ ‬одан әрі миға жетіп,‭ ‬сонда көбейеді де солардың қызметін бұзады.‭ ‬Ауру асқына бастағанда вирус сілекей бездеріне,‭ ‬дененің барлық жүйке торшаларына тарайды.
Ауру жануар тістегеннен соң вирус сол тістеген орындағы бұлшық ет ұлпасында көбейеді,‭ ‬содан кейін тамырлар арқылы‭ ‬орталық жүйке жүйесінің клеткаларына жетеді.‭
Вирус көп мөлшерде ми қыртысында,‭ ‬мишықта,‭ ‬сопақша мида боалды.‭ ‬Вирустар нейрондардың цитоплазмасында өсіп жетіледі.‭
Мидан вирус орталық тепкіш жүйкелер арқылы сілекей бездеріне түседі.‭ ‬Содан кейін сілекейде көздің мөлдір қабығында,‭ ‬бүйрек безінде шоғырланады.‭
Құтырық вирусы зақымдалған нерв жүйке клеткаларында арнамалы цитоплазматикалық қосындыларды‭ ‬-‭ ‬Бабеш-Негри денешіктерді құрайды.
Вирус денеге‭ ‬түскен‭ ‬сон аз‭ ‬уақыт‭ ‬енген‭ ‬жерінде сақталады‭ ‬да,‭ ‬жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесі бағытында‭ ‬алдымен‭ ‬жұлынға,‭ ‬соңынан миға өтеді.‭
Қоздырушының мидың сүр затында өсіп-өнуі іріңсіз шашыранды энцефалиттің өрбуіне әкеп‭ ‬соғады.‭ ‬Мидан‭ ‬вирус‭ ‬қайтадан орталықтан кері бағытта сілекей бездеріне келіп түседі.‭ ‬Онда жүйке түйіндерінде көбейе келіп,‭ ‬жүйке‭ ‬торшалары‭ ‬бүлінген кезде‭ ‬вирус‭ ‬бездің түтігіне өтіп,‭ ‬сілекеймен араласады.‭
Мидан қоздырушы‭ ‬сонымен‭ ‬қатар көздің‭ ‬тор‭ ‬қабаты мен мүйіз қабатына,‭ ‬бүйрек үсті безіне жетеді,‭ ‬бәлкім оларда‭ ‬да‭ ‬өсін өнеді.

1.2.6‭ ‬Етқоректілердің құтырық‭ ‬ауруының клиникалық‭ ‬белгілері‭

Жасырын‭ ‬кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін,‭ ‬кейде‭ ‬одан‭ ‬да‭ ‬артыққа созылады,‭ ‬әдетте‭ ‬2-3‭ ‬апта аралығындай‭ ‬болады.‭ ‬Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен іскен‭ ‬орнына,‭ ‬вирустың мөлшері мен уыттылығына,‭ ‬таланған малдың төзімділігіне‭ ‬байланысты.‭ ‬Инкубациялық кезең жас төлде‭ ‬ересек‭ ‬малға қарағанда әдетте кысқарақ‭ ‬болады‭ ‬[4,5,6‭]‬.
Құтырық жіті өтетін‭ ‬ауру.‭ ‬Әртүрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас‭ ‬болады,‭ ‬әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген.‭ ‬Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді.
Өршіген құтырықтың‭ ‬3‭ ‬кезеңі‭ ‬болады:‭ ‬біліне бастаған,‭ ‬көтерілген және дел-сал.‭ ‬Біліне бастаған кезең‭ ‬12‭ ‬сағаттан‭ ‬3‭ ‬тәулікке дейін‭ ‬созылады,‭ ‬бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады.‭ ‬Ит көңілсіз,‭ ‬немқұрайлы болып,‭ ‬қараңғы бұрышқа‭ ‬немесе‭ ‬үйшігіне тығылады,‭ ‬иесінің шақыруына ықылас білдірмейді.‭
Кей жағдайда иесіне тым еркелеп,‭ ‬қолын,‭ ‬бетің жалауға тырысады.‭ ‬Бұл кезде иттің сілекейінде‭ ‬вирус‭ ‬болатындықтан,‭ ‬өте сақ болған жөн.‭ ‬Біртіндеп‭ ‬ит‭ ‬мазасызданып,‭ ‬тез‭ ‬шошынып,‭ ‬ұзақ орланады,‭ ‬орынсыз жүгіре береді.‭
Есінің ауысқан белгілері біліне‭ ‬бастайды:‭ ‬бұрыннан үйреншікті нәрселерге ызалана үріп,‭ ‬аузымен ауаны қабады‭ (‬шыбын ұстағандай‭)‬.‭
Тәбеті бұзылып үйреншікті тамақты жемей,‭ ‬ағаш,‭ ‬шүберек сияқты‭ ‬заттарды‭ ‬жей‭ ‬бастайды.‭ ‬Кейде‭ ‬таланған жері өте қышынып,‭ ‬оны жалап,‭ ‬үйкеп,‭ ‬тіпті тістелей‭ ‬бастайды.‭ ‬Біліне бастаған кезеңнін соңында жұтқыншақ бұлшық еттерінің салдануы нәтижесінде‭ ‬жануар‭ ‬жұтына алмай,‭ ‬бір нәрсеге қақалғандай‭ ‬әсер‭ ‬туғызады.‭ ‬Сілекейі ағып,‭ ‬үргенде дауысы қырылдап,‭ ‬ұли береді.‭
Иттің кенеттен өшпенділігі артып,‭ ‬орынсыз басқа жануарларға,‭ ‬адамға,‭ ‬тіпті өз иесіне де ұмтылуы мүмкін.‭ ‬Бұл белгілер аурудың көтерілген кезеңде басталғанын көрсетеді.‭ ‬Бұл кезең‭ ‬3-4‭ ‬күнге‭ ‬созылады.‭ ‬Иттің қорқыныш сезімі жоғалып,‭ ‬шынжырын тістеп,‭ ‬бұлқынып,‭ ‬үзіп кетуге‭ ‬тырысады,‭ ‬босанып алса кісіге шауып,‭ ‬бет‭ ‬алды жүгіріп,‭ ‬қашып кетеді.‭
Құтырған ит бір күн ішінде ондаған шақырым қашықтыққа жүгіріп,‭ ‬кездескен‭ ‬мал мен‭ ‬адамға‭ ‬шабады,‭ ‬ұмтылған кезде үрмей,‭ ‬үндемей қабады.‭ ‬Егер ит торға‭ ‬қамалса,‭ ‬онда темір шыбықтарды тісінің сынғанына қарамастан тістеп,‭ ‬әлсіреп құлағанша бұлқына береді.‭
Кез келген сыртқы‭ ‬әсер‭ ‬елірменің қайтадан ұстауына әкеп соғады.‭ ‬Бұдан кейін әлі бітіп құлайды.‭ ‬Біртіндеп бұлшық еттері жансызданып,‭ ‬аурудың үшінші,‭ ‬дел-сал кезеңі басталады.
Дел-сал кезең‭ ‬1-4‭ ‬күнге‭ ‬созылады.‭ ‬Бұлшық еттерінің‭ ‬салдануы‭ ‬нәтижесінде дыбысы мүлдем өшіп‭ ‬(афония‭)‬,‭ ‬жағы салақтап,‭ ‬көзі шапыраштанады.‭ ‬Артқы аяғы басуға келмей,‭ ‬сүйретіліп,‭ ‬кейіннен тұла бойы еттері мен алдыңғы аяқтары‭ ‬да‭ ‬салданып,‭ ‬ит мүлдем қимылсыз қалады.‭ ‬Аурудың жалпы ұзақтығы‭ ‬8-11‭ ‬күнге‭ ‬созылады,‭ ‬кейде жануар‭ ‬3-4‭ ‬күн ішінде өліп кетеді.
Құтырықтың бәсең‭ (‬салданған‭) ‬түрі‭ ‬аурудың итке түлкіден жұққан кезінде байқалады.‭ ‬Көтерілу әлсіз‭ ‬немесе‭ ‬мүлдем болмайды.‭ ‬Ең бірінші‭ ‬-кезеңде көзге түсетін белгісі‭ ‬-‭ ‬ауырған‭ ‬жануар‭ ‬жұтына‭ ‬алмайды,‭ ‬аузынан сілекей ағады.‭ ‬Жағы салақтап,‭ ‬аяқ және тұла бойы бұлшық еттері‭ ‬салданып,‭ ‬2-4‭ ‬күн ішіңде өліп қалады.‭ ‬Аурудың‭ ‬бас‭ ‬кезінде жануардың аузында‭ ‬немесе‭ ‬көмейінде‭ ‬бөгде‭ ‬зат‭ ‬тұрып қалғандай‭ ‬болады.‭ ‬Бұндай жағдайда дәрігерлік көмек көрсету әрекеті кезінде ауру‭ ‬жұқтырып алудан‭ ‬сақ‭ ‬болу керек.
Құтырықтың кәдімгідей емес түрі‭ ‬сирек кездеседі.‭ ‬Ондай‭ ‬кезде ит өшпенділік‭ ‬көрсетпейді.‭ ‬Ауру‭ ‬сәл жіті өтеді‭ ‬де,‭ ‬жануар тез‭ ‬арып,‭ ‬бұлшық еттері сола‭ ‬бастайды.‭ ‬Кейде‭ ‬тек‭ ‬қана шектен‭ ‬тыс‭ ‬арықтайды‭ ‬да,‭ ‬басқа белгілері көзге түспейді.‭ ‬Аурудың‭ ‬үзілмелі түрі‭ ‬өте сирек кездеседі,‭ ‬ондай‭ ‬жағдайда‭ ‬жануар‭ ‬ара-тұра жазылып кетеді де,‭ ‬қайталамалы‭ ‬құтырық‭ ‬деп аталады.‭
Мысықта‭ ‬құтырықтың белгілері иттегідей.‭ ‬Өршіген түрі жиі ұшырайды.‭ ‬Бастапқы кезеңінде мысық‭ ‬аса‭ ‬секемшіл,‭ ‬қорқақ болып,‭ ‬қаға беріс қараңғы жерлерге тығылып қалады.
Ондай‭ ‬жерден алып шығуға тырысқанда иесін тырнап,‭ ‬тістеп алуы мүмкін.‭ ‬Әдетте кісінің бетіне шабады.‭ ‬Жұтынуы қиындап,‭ ‬сілекейі ағады,‭ ‬қырылдап мияулайды.‭ ‬Көтерілген кезеңі басталғанда ит құсап қашып‭ ‬кетуге тырысады,‭ ‬бірақ‭ ‬аса‭ ‬алысқа ұзамайды.‭ ‬Мұндай мысық өшпенді келеді,‭ ‬әсіресе‭ ‬ит пен‭ ‬кісіге соқтығады.‭ ‬Бұдан соң жұтқыншақтың,‭ ‬аяқтарының,‭ ‬тұла бойы бұлшық еттерінің салдануы күшейіп,‭ ‬ауру‭ ‬басталған соң‭ ‬2-5‭ ‬күн өткенде мысық өліп қалады.‭ ‬Салданған құтырық кезінде өшпенділік‭ ‬аса‭ ‬байқала қоймайды‭ ‬немесе‭ ‬мүлдем болмайды‭ ‬[1,2,3,6,7‭]‬.
Жабайы ет‭ ‬қоректілер кұтырған‭ ‬кезде‭ ‬адамнан қорқуды қойып,‭ ‬өшпенділігі артады.‭ ‬Әсіресе құтырған қасқыр мен қорқау қасқыр өте қауіпті‭ ‬болады.‭ ‬Жабайы‭ ‬жыртқыштарда үй жануарларындай‭ ‬гидрофобия‭ ‬(судан сескену‭) ‬болмайды.‭ ‬Өршіген кезеңінде олар үлкен өзендерден де жүзіп өтеді.‭ ‬Құтырған түлкі мен қарсақ тапа-тал түсте елді мекендерге келіп,‭ ‬иттермен таласады,‭ ‬кісіден қашпайды.‭ ‬Түлкі‭ ‬мал‭ ‬қораларға,‭ ‬мал‭ ‬отарларына кіріп малға‭ ‬шабады.‭ ‬Салдану басталған кезде мұндай жыртқыштар жүре‭ ‬алмай,‭ ‬жатып қалса‭ ‬да,‭ ‬ит пен‭ ‬адамға ұмтылып,‭ ‬тістеп алуы мүмкін.
Ауру белгілерінің жасырын,‭ ‬белгісіз кезеңі үш аптаға,‭ ‬кейде үш айға созылады.‭ ‬Бұл ауру екі түрде елірме және сал ауруы‭ (‬паралич‭) ‬түрінде өтеді.‭ ‬Аурудың жасырын кезеңі‭ ‬15‭—‬күнге созылады,‭ ‬ал бұл мерзімнен аз не көп болуы сирек кездеседі.‭
Құтыру ауруының клиникалық белгілері мынадай болады:‭ ‬аурудың күйзелуі қозумен ауысып отырады,‭ ‬тыным таппайды,‭ ‬үрке қарайды,‭ ‬рефлекстік қозуы өршиді,‭ ‬тынысы тарылады,‭ ‬көзінің қарашығы ұлғаяды.‭
Ауырған мал еліріп,‭ ‬тұрған қоршауды сүзгілеп,‭ ‬салған шөпті жан-жағына шашып,‭ ‬жақындаған адамға ұмтылып қалыптан тыс қылықтар көрсетеді.‭ ‬Аузынан сілекейі шұбырады,‭ ‬астыңғы жақ сүйегі сал болып істемей қалады.‭ ‬Ауру мал жаралы жерін,‭ ‬жараның төңірегін қатты қасиды.‭
Аузына түскен жұмсақ немесе қатты заттардың бәрін де жұта береді,‭ ‬астауды кеміреді,‭ ‬жұтқыншағы ауырады,‭ ‬шөлдейді,‭ ‬аузынан сілекей көбірек ағады,‭ ‬жылқы мен сиырдың жыныс мүшесі қоза түседі.‭
Ауру дендеген сайын малдың тынышы кетіп,‭ ‬жүгіре жөнелуге,‭ ‬сүзуге ұмтылады.‭
Ауру мал басқа малға тиісе береді,‭ ‬оларды тістелейді,‭ ‬адамға да жиі соқтығады.‭ ‬Бұдан соң құтырып ауырғандардың көпшілігін өршіген паралич соғады.‭
Ауру‭ ‬3‭—‬күнге созылады,‭ ‬бұдан артық мерзімі сирек болады.‭ ‬Ауру малдың не хайуанның өлуімен тынады‭ ‬[1,2‭]‬.
‭ ‬Құтыру ауруы ірі қара малда елірме және сал түрінде өршиді.‭ ‬Бастапқы кезде ауырған мал еліріп,‭ ‬тұрған қоршауын сүзгілейді,‭ ‬салған шөпті жан-жағына шашады,‭ ‬өзіне жақындаған адамға,‭ ‬ит пен мысыққа тап береді,‭ ‬оларды сүзеді.‭
Орнынан атып тұрып мойнын созып,‭ ‬қатты мөңірейді.‭ ‬Сөйтеді де өз-өзінен құлайды да аяқтарын сермеп,‭ ‬іле қалпына келеді.‭ ‬Аурудың осы кезеңдегі бір белгісі аузынан сілекейі шұбырып,‭ ‬терлейді,‭ ‬жиі-жиі зәр шығарады.
Ауру сиырдың сүті тартылып,‭ ‬тәбеті болмайды,‭ ‬су ішпейді.‭ ‬Кейде мал аурудың бастапқы кезеңінде-ақ жемшөпке,‭ ‬суға қарамайды.‭
Аурудың соңғы сатысында қатты күйзеліп,‭ ‬ақырында әлсіреп жатып қалады,‭ ‬айналасындағы болып жатқан жағдайды сезбейді.‭
Көзі шарасынан шығып,‭ ‬кең ашылған аузынан тілі салақтап сілекейі шұбырады.‭ ‬Ауру мал ақырында салға ұшырайды,‭ ‬алдымен артқы аяқтары кейіннен алдыңғы аяқтары жансызданады.
Аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан кейін‭ ‬5-7‭ ‬күн өткенде мал өледі.‭ ‬Бұл індет итте де елірме және сал түрінде өтеді.‭
Бірінші түрі‭ ‬1-3‭ ‬күнге дейін созылады.‭ ‬Судан қорқады.‭ ‬Жарық пен судан қорқу,‭ ‬астыңғы жақ сүйегінің салданып істемеуі аурудың негізгі белгілеріне саналады.‭ ‬Осы кезде ит ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты
Ет қоректілердің жұқпалы гепатиті ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Иммунизацияланған Жануарлар препараттармен нуклеокапсид, сатып алғанымыз жоқ резистенттілігін кейіннен құтыру вирусын жұқтыру
Семей аймағында құтырық ауруының байқалуы және оны болдырмау шаралары
Ет қоректілердің оба ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Пәндер