Ірі қара малы



1 Негізгі бөлім
1.1 Аналитикалық бөлім
1.1.1 Ірі қара малының биологиялық ерекшеліктері
1.1.2. Ірі қараның шығу тегі.
1.1.3. Ірі қараның туыстас түрлері.
1.1.4. Ірі қараның дене тұрқы (экстерьері).
1.2 Технологиялық бөлім
1.2.1 Ірі қараның сүтті.етті тұқымдарының сипаттамасы
1.2.2 Сүтті.етті бағытағы ірі қараның ет өнімділігі
1.2.3 Сүтті.етті ірі қараның сүт өнімділгі
2.1.4 Ірі қара шаруашылығындағы селекциялық.асылдандыру жұмыстары
2. Тіршілік қауіпсіздігі
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері жатады. Ал, оның қиы топырақтың құнарлығын арттыру үшін қолданылады.
Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылығынан алынатын өнім 60%-дан асса, ал Ресейдің солтүстік-батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті ТМД-ның аймақтарында бұл өнім 65-70%-ға дейін жетеді. Сүт өнімі жағынан ірі қара мал басқа ауыл шаруашылық малдарына қарағанда көп береді. Көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықта әр сиырдан жылына 7000 кг-нан артық сүт сауса, ал аса сүтті сиырлардан бір маусымда 27600 кг дейін сүт сауған, ол Кубаның Убре-бланки атты тәулігіне 110,9 кг сүт берген. Бордақыланған төлдердің тәулікте қосатын салмағы 1500 г-нан да асуда.
Ірі қара малы өте төзімді және өмір сүретін орталығына тез бейімделгіш, сондықтан да әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі. Ірі қара малының ас қорыту органдарының ерекшеліктеріне байланысты клечаткасы көп азықтарды жақсы қорытады, әрі қорытуы 55-60%-ға дейін жетеді. Жылқы мен шошқа шошқа малдарын алсақ олардың азық клечаткасын қорытылуы тек қана 18-30%-ға ғана жетеді.
Жаз айларында ірі қара жайылымды жақсы пайдаланып, өнім өндіріп, шаруашылыққа көп пайда келтіре алады.
Кейбір етті асыл тұқымды ірі қара малының бұқалары 20 жасқа дейін де шаруашылықта пайдаланады. Ал сүтті сиырлар оданда көп пайдаланылып, 23 жасқа дейін өмір сүре алады. Ғылыми деректер бойынша 35-40 жасқа дейін өмір сүрген сиырлар бар. Ал, орташа шаруашылықтарда сиырларды 10-12 жасқа, бұқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі бұл малдардың жасы ұлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды.
Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.
1 Шойманова М.Б. Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің этнолингвистикалық сипаты: оқулық./ М.Б.Шойманова. – Шымкент.: 2012.-177б.
2 Сүлейманова З. ҚазАгроИнновация АҚ баспасөз қызметі: оқулық./ З.Сүлейманова. – Алматы.: 2012.-239б.
3 Байжұманов А.Б. Мал өсіру: оқулық./ А.Б.Байжұманов – Алматы.: Қайнар, 1987.¬-230б.
4 Байжұманов А.Б. Селекция сырлары: оқулық./ А.Б.Байжұманов, А.А.Отарбаев. – Алматы.: Қайнар, 1990.-215б.
5 Байжұманұлы Ә. Мал шаруашылығы сөздігі: оқулық./ Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. – Алматы.: 2011.-290б.
6 Бегімбеков Қ.Н. Мал өсіру және селекция: оқулық./ Қ.Н.Бегімбеков, А.А.Төреханов, А.Б.Байжұманов – Алматы.: 2006.-190б.
7 Борисенко Е.Я. Практикум по разведению с.-х. Животных: учеб./ Е.Я.Борисенко, К.В.Баранова, А.П.Лисицин. - М.: Колос, 1984.-256с.
8 Борисенко Е.В. Практикум по разведению сельскохозяйственных животных: учеб./ Е.В.Борисенко. - М.: Колос, 1984.-210с.
9 Борисенко Е.В. Разведение сельскохозяйственных животных: учеб./ Е.В.Борисенко - М.: Колос, 1967.-310с.
10 Завертяев Б.П. Справочник зоотехника-селекционера по молочному скотоводству: учеб./ Б.П.Завертяев, В.И.Волгин. - М.: Колос, 1984.-223 с.
11 Кравченко Н.А. Разведение с.-х. животных: учеб./ Н.А.Кравченко. – М.: Колос, 1973.-310 с.
12 Кравченко Н.А. Разведение сельскохозяйственных животных: учеб./ Н.А.Кравченко. - М.: Колос, 1973.-210с.
13 Красота В.Ф. Разведение с.-х. животных: учеб./ В.Ф.Красота, В.Т.Лобанов, Т.Г.Джипаридзе. - М.: Агропромиздат, 1990.-421с.
14 Меркурьева Е.К. Генетика: учеб./ Е.К.Меркурьева, З.В.Абрамова, А.В.Бакай, И.И.Кочиш. - М.: Агропромиздат, 1991.-446с.
15 Плохинский Н.А. Биометрия для зоотехников: учеб./ Н.А.Плохинский. - Алматы.: Қайнар, 1969.-189с.
16 Садықұлов Т.С. Разведение и селекция сельскохозяйственных животных: учеб./ Т.С.Садықұлов. – Алматы.: 2003.-240с.
17 Садықұлов Т.С. Мал өсіру пәнінің практикумы: оқулық./ Т.С.Садықұлов, А.Б.Байжұманов, К.Н.Бегімбеков. - Алматы, 1997.-215б.
18 Садықұлов Т.С. Практикум по разведению и селекции животных: учеб./ Т.С.Садықұлов, Г.Л.Ким, Р.А.Жазылбекова. - Алматы.: 1997.-290с.
19 Сүлейманова З., «ҚазАгроИнновация» АҚ баспасөз қызметі, 2012 ж.
20 Шойманова М.Б., Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің этнолингвистикалық сипаты. Шымкент, 2012 ж.
21 Бегімбеков Қ.Н. Мал өсіру және селекция: оқулық./ Қ.Н.Бегімбеков, А.А.Төреханов, А.Б.Байжұманов – Алматы.: 2006.-190б.
22 Борисенко Е.Я. Практикум по разведению с.-х. Животных: учеб./ Е.Я.Борисенко, К.В.Баранова, А.П.Лисицин. - М.: Колос, 1984.-256с.
23 Борисенко Е.В. Практикум по разведению сельскохозяйственных животных: учеб./ Е.В.Борисенко. - М.: Колос, 1984.-210с.
24 Борисенко Е.В. Разведение сельскохозяйственных животных: учеб./ Е.В.Борисенко - М.: Колос, 1967.-310с.
25 Кравченко Н.А. Разведение сельскохозяйственных животных: учеб./ Н.А.Кравченко. – М.: Колос, 1973.-210 с.
26 Борисенко Е.Я. Разведение сельскохозяйственных животных: учеб./ Е.Я.Борисенко. - М.: Колос, 1967.-208 с.
27 Вацеевский Я. Генетика и методы разведения животных: учеб./ Я.Вацеевский, Ю.Зёмба - М.: Высшая школа, 1989.-195 с.
28 Дарвин Ч. Изменение животных и растений в домашнем состоянии: учеб./ Ч.Дарвин - М.: Сельхозиздат, 1941.-190 с.
29 Джамалова Г.А. Биотехнология воспроизводства с основами эмбриоинжәнерии: учеб./ Г.А.Джамалова, С.Ш.Мирзабеков и др. – Алматы.: Ғылым, 1996.-247 с.
30 Красота В.Ф. Разведение сельскохозяйственных животных: учеб./ В.Ф.Красота, В.Т.Лобанов, Т.Г.Джапаридзе. - Агропромиздат, 1993.-230 с.
31 Омарқожаұлы Н. Мал шаруашылығы: Оқулық/ Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбеков. – Астана.: Фоллиант баспасы, 2007.-424 б.
32 Петухов В.Л. Генетические основы селекции животных: учеб./ В.Л.Петухов, Л.К.Эрнст и др. - М.: Агропромиздат, 1989.-258 с.
33 Пискун Е.Ф. Экстерьер сельскохозяйственных животных: учеб./ Е.Ф.Пискун - М.: Сельхозгиз, 1947.-233 с.
34 Рыжик И.А. Конституция и экстерьер сельскохозяйственных животных: учеб./ И.А.Рыжик. - М.: Колос, 1979.-190 с.
35 Садыкулов Т.С. Практикум по разведению и селекции животных: учеб./ Т.С.Садыкулов, Г.Л.Ким, Р.А.Жазылбекова. - Алматы.: 1997.-200 с.
36 Садыкулов Т.С. Разведение и селекция сельскохозяйственных животных: учеб./ Т.С.Садыкулов. - Алматы, 2003.-240 с.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
1 Негізгі бөлім

1.1 Аналитикалық бөлім

1.1.1 Ірі қара малының биологиялық ерекшеліктері

Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері жатады. Ал, оның қиы топырақтың құнарлығын арттыру үшін қолданылады.
Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылығынан алынатын өнім 60%-дан асса, ал Ресейдің солтүстік-батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті ТМД-ның аймақтарында бұл өнім 65-70%-ға дейін жетеді. Сүт өнімі жағынан ірі қара мал басқа ауыл шаруашылық малдарына қарағанда көп береді. Көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықта әр сиырдан жылына 7000 кг-нан артық сүт сауса, ал аса сүтті сиырлардан бір маусымда 27600 кг дейін сүт сауған, ол Кубаның Убре-бланки атты тәулігіне 110,9 кг сүт берген. Бордақыланған төлдердің тәулікте қосатын салмағы 1500 г-нан да асуда.
Ірі қара малы өте төзімді және өмір сүретін орталығына тез бейімделгіш, сондықтан да әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі. Ірі қара малының ас қорыту органдарының ерекшеліктеріне байланысты клечаткасы көп азықтарды жақсы қорытады, әрі қорытуы 55-60%-ға дейін жетеді. Жылқы мен шошқа шошқа малдарын алсақ олардың азық клечаткасын қорытылуы тек қана 18-30%-ға ғана жетеді.
Жаз айларында ірі қара жайылымды жақсы пайдаланып, өнім өндіріп, шаруашылыққа көп пайда келтіре алады.
Кейбір етті асыл тұқымды ірі қара малының бұқалары 20 жасқа дейін де шаруашылықта пайдаланады. Ал сүтті сиырлар оданда көп пайдаланылып, 23 жасқа дейін өмір сүре алады. Ғылыми деректер бойынша 35-40 жасқа дейін өмір сүрген сиырлар бар. Ал, орташа шаруашылықтарда сиырларды 10-12 жасқа, бұқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі бұл малдардың жасы ұлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды.
Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған Сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.

1.1.2. Ірі қараның шығу тегі.

Ірі қараның шығуы өте күрделі мәселе. Бұл мәселенің күрделілігінің себебі осы уақытқа дейін ғылыми, немесе сенерліктей ешқандай ірі қараның шығуы жөнінде дректер жоқ. Дегенменде қазіргі уақытта ірі қараның шығуы жөнінде кейбір қағидалар пайда болып жүр. Сонымен қатар бұл мәселе келешекте де кеңінен зерттелуге тиісті.
Ірі қара малының шығуын зерттеу оның эволюциялық өсіп-дамуын қамтиды. Аймағымызда жабайы малдардың түрлері өте көп, біз үшін олардың кейбіртүрлері ғана қажет. Әрі ол жабайы түрлерінің қайсысы қолға үйретуге қолайлы және келешекте жоғары өнім бере алатындығына мән берген жөн.
Қара малдың арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур болып табылады. Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, тұрлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен. Ірі қараның адамзатқа ерте заманнан танымал жануар екендігі белгілі. Оның шығу тегі жөнінде көптеген пікірлер бар. ТМД және шетел ғалымдарының топшылауы бойынша осы күнгі ірі қара Европа мен Азия жерінде тіршілік еткен жабайы турдан таралған. Адамзаттың алғашқы даму сатысының өзінде олар малды мақсатсыз сұрыптамаған. Қажеті шамалы малды таңдап, сақтап қалудың қажетсіздігін түсінген. Келе-келе адамзаттың санасы малды сұрыптау жұмыстарына ерекше ден қоюға жеткен. Сөйтіп малды өзіне қажет бағытта өсіре бастаған. Сұрыптау, жұп таңдау жұмыстарының, сауу тәсілдерінің жетілдірудің арқасында, азықтандыруды жақсарта түсу нәтижесінде желін қызметі жақсарған. Малдың төлшілдігі де артып, күйлеуінің жыл маусымына байланыстылығы жойылды. Асау сиыр жуасып адамның дегеніне көнетін болды.
Қолда үйретілген малдың дене бітімі жабайы жануарлар мен салыстырғанда нашар болғанымен, адамзаттың ұзақ жылдар жетілдіріп, қалауынша сұрыптауының нәтижесінде қазіргі кезде өз қажетімізге жарайтын малға айналды.

1.1.3. Ірі қараның туыстас түрлері.

Шығу тегі және шаруашылықтағы мәніне қарай ірі қараның туыстас түрлеріне енеке, зебу, қодас, буйвол, бантенг, гаур және гаялды айтуға болады.
Зебу өзінің дене бітімі, шоқтығындағы өркеші, сүтінің сапалылығына байланысты, ірі қара малы туыстас түрлері арасында ерекше орын алады. Зебудің өркеші оның шоқтық тұсындағы ромба және трапеция пішінді бүлшық еттерінің ерекше өсуіне байланысты. Өсу кезеңінде бұл бүлшық еттер майлы шандыр мен жақсы қапталған, қайсібір кезде түгелімен майға айналып кетеді. Еркек зебудың өркеші, оның сиырларына қарағанда ерекше үлкен. Зебудің басы ұзынша, ықшам, шотмаңдайлылау, салпаң қүлақ, кеудесі кең, жоны түзу, сауыры қысқалау және түсіңкі келеді. Зебудің түсі әр түрлі - қара, қара сұр, сұр, қызыл немесе таңбалы болады. Зебу гибридтері 3000-3500 кг дейін (майлылығы 4,2%) сүт береді. Мәскеу түбіндегі Снегири атты ғылыми шаруашылығында сүттілігі 4000-4500 кг (майлылығы 4%) будан табыны шығарылды [44].
Зебудің биологиялық ерекшелігі оның сүтінің майлылығы 5-6% жететіндігі және сиыр малында кездесетін жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы. Зерттеулердің арқасына ірі қара малында көп тараған аусыл, бруцеллез, туберкелез және қан аурулармен зебудің мүлде ауырмайтындығы, ауырсада жеңіл ауыратындығы анықталды. Зебудің қасиеттерін пайдалану үшін соңғы жылдары сиыр мен зебуден будан алу жолға қойылып отыр. Мысалы, Америкада шығарылған етті бағыттағы санта-гертруда, брангус, бифмастер, брафордчарбрей тұқымы сиырларында зебудің каны бар тұқымдар шығарылған. Куба жерінде өсіріліп, күніне 110 л шамасында сүт берген, майлылығы 3,8% Ақ желін атты сиырдың тегінде зебудің де қаны бар.
Қодастар: қодас Алтай, Памир тауларында және Байкал маңында өседі. Ең көп тараған жерлері Моңғолия, Қытай және Ауғанстан. Жабайы қодас тибет тауларында кездеседі. Терісінде қылшық жүн мен түбіт болғаны оның ызғырық суыққа шыдамдылығын арттыра түседі. Бауыр жүнінің ұзындығы 70 см. Бауыр жүнінің қалың болғандығы, қодастардың демалғанда жер тандамайтындығын білдіреді. Басы үлкен, мүйізі ұзын, жұмыр, таза қанды қодастың шоқтығының биіктігі 120 см, бұқасының салмағы 350-400 кг, ал аналығының салмағы 300 Қодастың еті күрең қызыл, тарамыстау болып келетіндіктен шүжық, консерві жасау өндірісінде пайдаланады. Сойыс шығымы орта есеппен 45% мөлшерінде. Терісі қалың болғанымен босаң, көбінесе үлтан жасалынады [45].
Қодасты 180-220 күндей сауып, майлылығы 6-8,5% дейін келетін 650-700 кг сүт алады, суалар кезде сүтінің майлылығы 12-15% жетеді. Қодастың сүтінде майдан басқа белок, сүт қанты және құрғақ заттар мөлшері де өте көп. Қодас пен ірі қара будандаса алады. Бірінші будан еркек мал тұқымсыз болады, ал үрғашы мал үрпақ бере алады. Будан мал қодастан үлкен келеді. Сойыс шығымы 62% шамасында. Будан сиырлардың сүті 3000-3600 кг-ға жетеді. Қырғызстандағы Аламедин атты асыл тұқым мал өсіретін совхозда қодас пен сиыр будандары сауын маусымында майлылығы 6,4%, 3100 кг сүт береді.
Жабайы (абориген) тұқымына табиғи жағдайлар әсерінен пайда болған тұқым малын айтады, мысалы, кавказ, қырғыз, қазақ, сібір ірі қара малдары.
Зауыттык, тұқым малының пайда болуы үзақ уақыт, адамзат араласып, сұрыптау, жұп таңдау, жеткілікті азықтандырудың нәтижесінде пайдалы тұқымдық қасиеті бекіген (өнімдік ерекшеліктері және сырт пішіні, дене бітімі) малды айтады. Қорыта айтқанда, сыртқы орта мен малдың өнімін жақсартуға тырысқан адам еңбегі нәтижесінде пайда болған тұқым. Мүндай тұқым малына ғалымдар лебеды, истобе тұқымдарын жатқызады. Егер келешекте асылдандыру-селекциялық жұмыстар жете қолданылса, мүндай тұқым малы зауыттық тұқымға ауыстыруға әбден болады.
Бантенг, Гаур, Гаял-айыр кеуде, сом дене, алды биіктеу келген мал.
Бантенг. Үнді Қытай жерлерінде, Кіші Азия архипелагы аралдарында жабайы түрін де, қолға үйренгендері де кездеседі. Олар явалық, бирмалық және манипурлық деп үш түрге бөлінеді. Бір-бірін тұлғасы мен түр-түсіне қарай ажыратуға болады. Көбінесе ет малы немесе күш-көлік түрғысында пайдаланады. Бантенг ірі қарамен будандаса алады.
Гаур. Джунгли, қалың орман малы. Жабайы түрінде Индия тауларында болатындығы белгілі. Үлкен мал (шоқтығының биіктігі 150-160 см). Шаруашылықта пайдасы аз [46].
Гаял. Бирма жерінде ертеден үй шаруашылығында ет малы, күш-көлік есебінде, жоғары майлы сүт алу үшін өсіреді. Ірі қарамен будандаса береді.
Енеке. Зоологиялық классификациясы бойынша еуропа- лық және азиялық болып екі топқа бөлінеді. Олар Үнді елінде, Қытай, Болгар, Румын жерлерінде өсіріледі. Енекенің әлемдегі жалпы саны 2 млн-ға тарта болғанымен, ТМД елдерінде 500 шамасында. Енекені сауады және күш-көлік ретінде пайдаланады. Шоқтығының биіктігі 125-130 см, сүйегі ірі, жоны түзу, кеуделі, салмағы 450-500 кг. Түсі әр түрлі - қара, қарабурыл, қарасұр. Терісінің салмағы 26-32 кг, жас енесінің сойыс шығымы 40-50%. Енеке сауым маусымында 1500-2000 кг (майлылығы 7-8%) сүт бере алады. Буаздығы 300-305 күн. Енеке улағыш, өте сирек қысыр қалады. Енеке күтім талғамайды,әр түрлі ауруларға төзімді.
Бизон (зубрлар) американдық бизон және еуропалық зубр екіге бөлінеді. Біздің елде еуропалық зубр мекендейді. Жабайы түрі Ресейдің батысында, Литва жерінде, Украинада Кавказда кездеседі. Қазіргі кезде зубрлар тек қорықтарда өсіріледі (Кавказ сатылы ока және Аскания нова қорықтары). Өте ірі, салмақты жануар. Басы үлкен, мойны қысқа, жұмыр, сом денелі, кеудесі жүндес. Бұқаларының салмағы 1000 нан жоғары, аналықтарының салмағы 600-700 кг. ТМД-да қазіргі кезде 800-ден астам зубр өсіріледі.
Украинада (Аскания нова) зубр мен ірі қара будавдары алынған. Зубрдың буаздық мерзімі 260-280 күн. Сауын маусымы 5-6 ай. Зубрлар орман өсімдіктерін пайдалануға бейімделген, қарақайың, үйеңкі жапырақтарымен азықтана алады. Олар тағы-30°С келетін аязда да төзімді. Зубр тебін малы, қарды аяқпен аршып, қар астындағы былтырғы шөппен азықтана алады. Сатылы Ока қорығы еліміздегі жануарлар паркіне және :қа да қорықтарға зубрлар жібере алатын репродуктор болып саналады.

1.1.4. Ірі қараның дене тұрқы (экстерьері).

Ipi қараның сырт пішіні және дене бітімі. Ірі қараның конституциясын, экстерьерін және интерьерін білудің ірі қара шаруашылығын дамыту үшін маңызы зор. Тек қана конституциясы мықты, ал экстерьері мен интерьері жақсы мал ғана өнімді мол береді. Ірі қараның конституциясы, интерьері және экстерьері оларды тұқымына, өскен ортасына, шаруашылық бағытына, дүрыс және толық азықтандыруына байланысты.
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы. Ол малдың биологиялық ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты. Малдың эктерьерін зерттеу арқылы, оның денсаулығы жөнінде және қандаә тұқымға жататындығын білеміз. Сүтті және етті ірі қараны сыртқы құрылысына қарап айырады. Асыл тұқымды мал өсіру жұмысымен айналысқан уақытта малдың өнімділігін зерттеумен қатар, сыртқы дене құрылысын да зерттейді, әсіресе сұрыптау мен жұптау мезгілдерінде малдың экстерьерін ерекше ескереді. Малдың экстерьері оның тұқымына, жынысына, жасына, бағып-күтуіне байланысты. Малдарды экстерьері бойынша іріктегенде оның өнімділік бағытына, сүйегінің мықтылығына, дене етінің жетілуіне және дене құрылысының әрбір мүшесіне баға береді.
Ірі қара экстерьерін жете зерттеген ғалымдарға М.И. Придорогин, Е.А. Богданов, П.Н. Кулешов т.б. ғалымдар жатады.
Әр тұқымның өзіне тән стандарты болады, бағалағанда тұқымына және өніміне қарайды, әрі әр малдың жасын тісіне қарап айыру, ал тірідей салмағын дене өлшемдері арқылы анықтау т.б. тәсілдері ұсынылған.

Сүтті-етті бағыттағы ірі қараның дене тұрқы (эктерьері).
Сүтті-етті бағыттағы ірі қараның (экстерьері) сырт пішіні аралас қалыптасқан. Бірақ, көбінесе етті немесе сүтті бағыттағы өнімдері басым келуі мүмкін, соған орай дене пішіні де өзгеріп тұрады. Әсіресе олай өзгеруі ірі қара малының тұқымына және асылдандыру жұмысының төл өсіру, бағып-күту, пайдалану себептеріне байланысты.
Сүтті бағыттағы ірі қараның дене тұрқы (экстерьері). Басы жеңіл, ұзын, мойыны ұзын, әрі жіңішке, мойын қыртысы көп. Арқасы түзу және ұзын, ішті, бөксе жағы кең, құйымшағы ұзын, сирақтары жіңішке, түзу, буындары айқын көрініп тұрады. Біріңғай сүтті тұқым ірі қарасының желіні үлкен жіне аумақты, сауын алғаннан кейін жақсы қайтады.
Желіннің пішіні тегене немесе тостаған тәрізді, желіннің барлық сүт бөлігіде бірқалыпты дамыған. Дене пішіні сүйірлеу буындары, қабырғалары қаңқасының бірқатар бөліктері білініп тұрады. Жалпы дене құрылысы дұрыс бітпесе: басы үлкен әрі сөлекет, мойыны қысқа, әрі етті, шоқтығы қос айыр, арқасы, белі қайқы, кеуде сүйегі қысыңқы, іші төмен, құйымшағы өте биік болса, желіні ешкі желін тәріздес жетімсіз дамыса оны сүтті ірі қара сырт пішінінің кемшілігі деп санайды.
Желіннің терісі жұқа, жұмсақ жүнмен жабылан. Ең қолайлы желін тегене немесе тостаған тәріздісі. Сүт бездері тамыры өте жақсы жетілуі қажет, әрі сүт құдықшасымен жалғасып жатады. Емшектері тең орналасқан цилиндр тәріздес болғаны жөн.
Етті бағыттағы ірі қараның дене тұрқы (экстерьері). Басы ықшам, етті, әрі қысқа, мойыны қысқа және жалпақ, етті, бұлшық еті жауырынмен тұтасып жатады. Жауырыны арқасымен тұтасқан жалпақ. Арқасы мен белі кең, ой-шұқырсыз етті және тұтас. Бөксесі шамбал, бұлшық еттері сыртына теуіп тұрады. Ақтары қысқа, талтақ. Терісі босаң, қалың шел қабаттары күшті дамыған, Ұйысқан жүн басқан.
Жануарлардың экстерьері мен конституциюсын әртүрлі әдістермен зерттейміз:
Жануарлардың иық биіктігі, кеуде тереңдігі, қиғаш дене ұзындығы, кеуде орамы, білезік орамы сияқты өлшемдері өлшеуіш таспа арқылы алынса, тірілей массасы таразығы тарту арқылы, жануарлар дене индексітері әртүрлі топ арасында есептеп шығару арқылы: ұзынаяқтылық, созылыңқылық, толымдылық (сбитости), сүйектілік индексітері алынды.
* Ұзынаяқтылық индексі = [кеуде орамы иық биіктігіне] * 100 (1)
* Созылыңқылық индексі = [дене ұзындығы иық биіктігіне] * 100 (2)
* Толықтылық индексі = [кеуде орамы иық биіктігіне] * 100 (3)
* Сүйектілік индексі = [білезік орамы иық биіктігіне] * 100 (4)
Корреляция коэффициентін есептеп шығарғанда стандарт қателігін көрсетеміз, оны мына формула арқылы шығарамыз:
mr = [1-r2]n (5)
ондағы, r - корреляция
n - корреляция коэффициенті шығарылған жануарлар саны.

Кесте 1 - Сиыр топтарының экстерьер,конституциясы,тірілей массасы көрсетілген.

Көрсеткіш
Иық биіктігі, см
Кеуде тер., см
Дене ұзынд., см
Кеуде орамы, см
Білезік орамы, см
Тірілей массасы, кг
Табын бойынша
М+-m
127,9+-0,6
67,9+-0,4
165,9+-1,03
186,2+-1,07
18,7+-0,1
513,9+-8,4

4,2
2,9
7,3
7,6
0,9
59,3
Cv, %
3,3
4,2
4,4
4,06
5,3
11,5
Бірінші топ
М+-m
127,2+-0,9
68,4+-0,6
169,5+-1,45
187,9+-1,8
19,12+-1,19
517+-11

3,9
2,7
5,99
7,3
0,78
45,3
Cv, %
3,0
3,8
3,5
3,9
4,06
8,7
Екінші топ
М+-m
127,9+-0,97
68,2+-0,8
165,6+-1,94
185,9+-2,09
18,5+-0,3
509,5+-18

4
3,4
8,03
8,7
1,18
74,3
Cv, %
3,0
4,8
4,8
4,7
6,4
14,6
Үшінші топ
М+-m
130,6+-1,3
67,3+-0,6
162,5+-1,6
184,6+-1,7
18,4+-0,2
515,1+-14,6

5,03
2,6
6,2
6,6
0,9
58,2
Cv, %
3,8
3,8
3,8
3,6
4,9
11,3

Ірі қараның сырт пішінін бағалау тәсілдері. Ірі қара малдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және оның асылдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник-селекционердің тәжірбиесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы білуі қажет, сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінде мәліметтер болғанда ғана малдың сырт пішіні дұрыс бағаланады.
Көзбен бағалау тәсілі. Малдың дене пішінін бағалаудағы ең негізгі әдіс болып саналады. Тәжірбиелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін, әрі денсаулығын т.б. анықтайды. Көзбен бағалау екі түрге бөлінед: біріншісі малдың мүшелерін жеке-жеке сипаттап,оның мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін балмен бағалау, сосын жалпы қорытындысын шығарады.
Әр мүшені өлшеу. Малдың әр мүшесін өлшей бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін -11, орташа дене өлшемі - 18. Бірақта дене өлшемі дұрыс болса да, малдыңсырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбенен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданады.
Графикалық тәсіл. Бұл тәсілдердің негізі, мысалы бір дене өлшемін 100 пайыз деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығын соған пайызбен шаға анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 пайыз деп
алған дене өлшемі түзу линия болады. Нәтижесінде екі-үш топтың дене пішінінің салыстырмалы бағлары анықталады.
Фотографиялық тәсілмен бағалау. Әсіресе, асыл тұқымды малдарды фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор.

1.2 Технологиялық бөлім

1.2.1 Ірі қараның сүтті-етті тұқымдарының сипаттамасы

Симментал асыл тұқымды ірі қара малы
Сүтті-етті тұқымға жатады. Швейцариядан Италияға, Францияға, Австралияға, Германияға, Чехословакияға, Ресейге, Оңтүстік Америкаға әкелінген. Бірақ Оңтүстік Америка мен Африкағакөп таралған жоқ. Еуропа мемлекеттеріне көп таралып, жергілікті ірі қара малын асылдандыру үшін қолданылады.
Біздің мемлекетке симментал ірі қара малы өткен ғасырдың басында әкеліне бастады. 1926-1927 және 1930 жылдары шет елдерден әкелінген симментал ірі қарасы асыл тұқымды мал савхоздарының табындарын толықтыруда ерекше роль атқарды. Жаңа табиғи өлкелік аудандарда жақсы бейімделіп жерсіне бастады. Бұрынғы Кеңес Одағында симментал ірі қара малы саны жағынан бірінші орында, әрі барлық республикаларға тараған. Әкелінген симментал ірі қара малын асылдандыру үшін қолданады, себебі бұл тұқым сүтті және етті болып келеді, ал тірідей салмағы жоғары.
Түсі негізінен сары ала, қызыл аласы да кездеседі. Дене құрылысының сипаттамасы: басы үлкен, жалпақ, маңдайлы. Мойыны етті, арқасы мен белі түзу және жалпақ, жауырыны ұзын, сандары етті, сирақтарының ұзындығы орташа, мықты, сүйек буындары жақсы жетілген. Терісі мықты, ауыр. Денесі өте ірі.
Симментал ірі қара малы жақсы бордақыланады, ал етінің дәмі жақсы. Семірту уақытында күніне 800-1000 кг салмақ қосады. Жас малының ет шығымдылығы 56-58% болса, үлкендерінікі 64%-ға жетеді.
Сүттілігі әр жерде әр түрлі. Украина шаруашылықтарындағы симментал ірі қара малының сүттілігі 9000 кг-ға жетеді. Артистка атты ірі қара малы 5 маусымда 305 күннің ішінде майлылығы 3,9% 12950 кг сүт берген. Ондай сүтті сиырлар бұл тұқымда көп.

Швиц асыл тұқымды ірі қара малы.
Швейцарияның таулы аймақтарында шыққан. Бұл ірі қара көптеген жылдар бойы іріктеу, сұрыптау арқылы шығарылған, жергілікті аймаққа өте жақсы бейімделген. Бұл тұқым сүтті-етті бағытқа жатады, сондықтан сүтті де, етті де жақсы беретін тұқым. Түсі қоңыр. Швейцариядан солтүстік Италия және Австрияға әкелінді.
Сүтті типті Швиц ірі қара малының етті-сүтті типке қарағанда дене тұрқы ұзын, төрт бұрышты, еті орташа жетілген, тірідей салмағы онша үлкен емес, ал сүттілігі өте жоғары болып келеді.
Сүтті типті сиырларының дене бітімі ықшамды, еті жақсырақ дамыған, ал тірідей салма, тірідей салмағы және сүт өнімі жағынан сүтті типке жататын сиырларға қарағанада кемдеу. Швиц ірі қара малының түсі қоңыр, ал тұмсық айналасы ақшыл, бұқаларының басы, мойыны, дене тұрқысының алдыңғы бөлімі қаралау болып келеді.
Сиырларының орташа сүттілігі 3100-4200 кг болса, сүтінің майлылығы 3,7-3,9%, сүтінің белогы 3,2-3,6%, желін индексі 41-44%.

Алатау ірі қара тұқымы.
Сүтті-етті тұқымға жатады. Ол Қазақстан мен Қырғыстанның оңтүстік-шығысында жергілікті қазақ және қырғыз ірі қара малын Швиц және Кострома ірі қара малының тұқымымен шағылыстыру арқылы өсіріліп шығарылған, Швиц ірі қарасы Швиц Қазақстанға бірнші рет өткен ғасырдың аяғында әкеліне бастады.
Ірі қараның түсі негізінен әр түрлі реңді қоңыр келеді. Дене құрылысы жағынан швиц тұқымына ұқсас. Басы үлкен, мойыны жалпақ және орташа етті, арқасы мен белі түзу, жалпақтығы орташа, кеудесі кең, сандары білеуленген, сирақтары орташа, ұзын, түзу, мықты. Тұяқтары да мықты.
Ірі қараның сүттілігі 2800-3500 кг, ал сүтінің майлылығы 3,8-4,0% . Сүтті сиыры көп. Мысалы Березка ірі қара малынан 10300 кг сүт алады. Бұл тұқымның еттілік қасиеті жақсы. Пішпелері тәулігіне 800-900 г-ға дейін салмақ қосады. Ірі қара малының ет шығымдылығы 53-55% болса, бордақыланған өгіздерінікі 60%-ға жетеді.

1.2.2 Сүтті-етті бағытағы ірі қараның ет өнімділігі

Малдан алатын негізгі маңызды азық - ет. Оның құрамындағы нәруыз және майға, сондй-ақ жоғары каллориялығына байланысты анықталады. Көптеген адамдардың мәзірінен етті алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
Ірі қараны өнімділігі бойынша кластау
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Қазақстанда өсірілетін сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы
Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы
Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы
Қарасанның індеттік ерекшеліктері және емі
Пәндер