Қой шаруашылығы. Қой шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер мен белгілеулер
Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Әдебиетке шолу
1.1.1 Қой шаруашылығы
1.1.2 Қой малдарын шағылыстыру
1.1.3 Қой тұқымдарының жіктелуі
1.1.4 Саулықтар мен қошқарды жұптау
1.2 Технологиялық бөлім
1.2.1 Қой шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер
2 Тіршілік қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанда қой шаруашылығы басқа мал шаруашылықтарының ішінде ерекше орын алады. Оған басты себептердің бірі, бұл республикада табиғи жайылымдардың кеңдігі және басқа да азық-түлік қорының молдығы болып есептеледі. Айталық, 223 млн. гектар ауыл-шаруашылығына бөлінген 180 млн. гектары таулы, шөлейтті, табиғи мал жайылатын жайылым болып келеді. Онымен қоса қой шаруашылығынан халықтың мұқтажына керекті ең құнды заттар алады, олар: жүн, тері, ет, сүт, елтірі, май, сүйек тағы басқалар. Бұлардың ішіндегі халыққа ең керектісі, бағалысы жүн өнімі. Себебі жүннен неше түрлі құнды да бағалы киімдер тігіледі, басқа да адам өміріне керекті әр түрлі заттар бұйымдар жасайды. Қаракөл қозыларының терісі тек біздің елде емес басқа шет мемлекеттердің өзінде үлкен құндылықпен бағаланады. Соңғы кезде қой терісінен жасалатын неше түрлі сәнді тондарға баға жоқ.
Қой шаруашылығының халыққа беретін өнімдердің ішінде қой еті де жеке орын алады. Орта Азия республикаларында Қазақстанда қой етінің өнімінің сыбағалы салмағы 29-31 % -ке жетеді. Түркімен республикасында 50 %-ке дейін барады.
Қазақстан жалпы қой басынан, жүн және ет өндіру көрсеткішінен бұрынғы Кеңес Одағында екінші орын алады. Бірінші орында-Ресей. Ерте кезде Қазақстанда негізінен қылшық жүнді етті-майлы қой тұқымдары өссе, кейін айталық біздің республикада жаңадан биязы, биязылау жүнді, етті биязылау жүнді қой тұқымдары пайда болды.
1 Кулешов П.Н. Научные и практические основы подбора племенных животных в овцеводстве. М.:Наука, 1974. С.156-163.
2 Қасымов Қ., Өтесінов Ж. Қой өсіру технологиясы. Алматы: Қайнар, 1988. 144 б.
3 Боголюбский С.Н. К вопросу о стадиях развития животных. М.:Наука, 1984. 90 с.
4. Маматказин Х.Х., Алимбеков С.А. Эффективность интенсивного откорма выбракованных каракульских овец //Овцеводство. –М., 1972. -№11. - С.30-32.
5. Ескараев М.А., Елемесов К.Е. Опыт разведения каракульских овец каракульчевого типа в племхозе «Тасты». -Алма-Ата, 1985. -С.53-58.
6. Щесь Г.Г. Влияние пастбищно-кормовых условий в период суягности каракульских овец на качество их приплода //Каракулеводство и звероводство. –М., 1955. -№4. -С.18-19.
7 Иванов М.Ф. О методах племенной работы. М.:Просвещение, 1975. 120 с.
8 Алибаев Н., Бекетауов О. Биотехнологические исследования в караку-леводстве: достижения и перспективы развития /Каракулеводство Казахстана: история и проблемы развития. Алматы: Бастау, 2002. С.55-59.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

бет
Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартылған сөздер мен белгілеулер

Кіріспе

1 Негізгі бөлім

1.1 Әдебиетке шолу

1.1.1 Қой шаруашылығы

1.1.2 Қой малдарын шағылыстыру

1.1.3 Қой тұқымдарының жіктелуі

1.1.4 Саулықтар мен қошқарды жұптау

1.2 Технологиялық бөлім

1.2.1 Қой шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер

2 Тіршілік қауіпсіздігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

К
кіріспе

Қазақстанда қой шаруашылығы басқа мал шаруашылықтарының ішінде ерекше орын алады. Оған басты себептердің бірі, бұл республикада табиғи жайылымдардың кеңдігі және басқа да азық-түлік қорының молдығы болып есептеледі. Айталық, 223 млн. гектар ауыл-шаруашылығына бөлінген 180 млн. гектары таулы, шөлейтті, табиғи мал жайылатын жайылым болып келеді. Онымен қоса қой шаруашылығынан халықтың мұқтажына керекті ең құнды заттар алады, олар: жүн, тері, ет, сүт, елтірі, май, сүйек тағы басқалар. Бұлардың ішіндегі халыққа ең керектісі, бағалысы жүн өнімі. Себебі жүннен неше түрлі құнды да бағалы киімдер тігіледі, басқа да адам өміріне керекті әр түрлі заттар бұйымдар жасайды. Қаракөл қозыларының терісі тек біздің елде емес басқа шет мемлекеттердің өзінде үлкен құндылықпен бағаланады. Соңғы кезде қой терісінен жасалатын неше түрлі сәнді тондарға баға жоқ.
Қой шаруашылығының халыққа беретін өнімдердің ішінде қой еті де жеке орын алады. Орта Азия республикаларында Қазақстанда қой етінің өнімінің сыбағалы салмағы 29-31 % -ке жетеді. Түркімен республикасында 50 %-ке дейін барады.
Қазақстан жалпы қой басынан, жүн және ет өндіру көрсеткішінен бұрынғы Кеңес Одағында екінші орын алады. Бірінші орында-Ресей. Ерте кезде Қазақстанда негізінен қылшық жүнді етті-майлы қой тұқымдары өссе, кейін айталық біздің республикада жаңадан биязы, биязылау жүнді, етті биязылау жүнді қой тұқымдары пайда болды.
Қой малы басқа үй хайуанаттарымен салыстырғанда қолға ерте үйренген. Олардың шығу тегіне келетін болсақ жалпы биология ғылымының негізін қалаушы Ч. Дарвин ғылыми дәлелді тұжырымдардың жеткіліксіздігінен қой тегінің шығуы туралы дәлелді болжам жасаудан бас тартқан.
Қазіргі кезде Ю. Кюк, Нерины, Паллас, Келлер және басқа да ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде мынадай ғылыми болжам жасалды: үй қойларының арғы шығу тегіне қазіргі уақытта кездесетін муфлон, арқар, аргали және жалы бар жабайы қойлар жатады. Муфлондар тау муфлоны және дала муфлоны болып екіге бөлінеді. Тау муфлонынан роман, шотланд ж. б. қысқа құйрықты қой тұқымдары тараған. Дала муфлоны немесе арқар-ұзын жіңішке құйрықты және ұзын майлы құйрықты, қой тұқымдарын арғы тегі деп есептелінеді. Дала муфлоны тау муфлонына қарағанда ірілеу, мүйізділеу болып келеді. Денесінде қысқа қылшық жүндер өседі. Түр-түсі біртегіс қызғылт қошқыл болады. Аргали-құйрықты қойлардың арғы тегі қазіргі жабайы қой түрлерінің ең ірісі. Тірілей салмағы 180-200 кг. Ірілерінікі 240 кг. дейін барады.
Жабайы қой мен үй қойының тағы бір биологиялық айырмашылығы жүнінің түрінде. Жабайы қойларда жүннің түрі қорғаныс қасиетіне қарай қара көк, қоңыр т. б. болып өзгереді. Ал үй қойларында бұл қасиет мүлдем жойылған. Онымен қоса жабайы қойларда жүннің қылшығы өте ірі ұзын, түбіті ұзарып, әрі тығыз, жүн қылшықтары жіңішке, қысқалау болады.
Қойдың басқа малға қарағанда биологиялық ерекшеліктерінің бірі бас сүйектерінің бейнесі. Қойдың басы сүйір, жақ сүйектері ұзын, тұмсығы үшкір, еріндері икемді, тез қимылдағыш, тістері өткір, ұсақ келеді. Бұл қасиет қойдың жерден шөпті тез тауып жеуіне қолайлы және ыңғайлы. Бұған қосымша қой басқа үй хайуандарына қарағанда шөптің 544 түріне жуығын таңдап жейді, бұның ішінде басқа ауыл шаруашылық малдары жемейтін арам шөптерді де олар жақсы жей береді. Сондай-ақ қойдың қабылдаған жем-шөпті қорыту қабілеті де басқа малдардан жоғары. Осыған орай, қой ішегінің ұзындығы өзінің денесінен 30 есе ұзын, ал ірі қараның ішегі 20-22 есе ғана ұзын. Организмде қабылданған қоректік заттың ең көбі малдың жас кезінде пайдаға асады. Бұл кезде қой сапалы ет өнімін, ал 2-3 жасында ең көп жүн және ет беретіндігі тәжірибе жүргізу арқылы дәлелденген. Қойдың бұл биологиялық қасиетінің әрбір селекционордің селекция жұмысын жүргізуі үшін өте үлкен маңызы бар. Қойды басқа малмен салыстыра отырып, лоардың биологиялық ерекшеліктерін еске алу жолында селекционерлердің аса бір көңіл аударатыны қойдың өсіп-өну ерекшеліктері. Қой ең өсімтал түліктің қатарына жатады. Қой өсімталдығы жағынан қоян мен шошқадан қалып, ал ірі қара, жылқы, түйе малдарынан алда-келеді. Әрбір 100 саулықтан орта есеппен алғанда 140-150 қозы алуға болады. Ал роман, қаракөл тұқымды қойларда 100 саулықтан 200-ге дейін төл алуға болады. Қойдың жыныс органдарының жетіліп, күйлей бастауы олардың 5 айлық шамасында ақ байқалады, бірақ бұл уақытта оларды ұрықтандыруға болмайды. Әдетте алғашқы ұрықтандыруды 18 айға толғанда, ал тез жетілгіш қой тұқымдарын 10 айдан асқан кезде ғана жүргізу қажет. Бұл кезде қой организмі толық өсіп жетіледі. Осы кездегі тоқтының салмағы (ұрықтанар алдында) сол тұқымдас ірі қой салмағының 75-80 % жетуі қажет. Қой ұрықтанғаннан кейін, орта есеппен алғанда 150 күннен соң қоздайды. Кейбір романов тұқымдағы қойлар қозыны 140 күндей көтереді. Сол себепті қойды қошшқардан шығып қоздағанға дейінгі мерзімін 140-155 күн деп есептейді. Әр тұқымды қой да әр түрлі уақытта қоздауы мүмкін. Ол әрбір қойдың жеке басының қасиетіне, іштегі төлінің ірі, ұсақтығына және оның еркек ұрғашысына да байланысты. Төлдің іште жатып өсіп жетілуіне де өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпыға тән эмбриондық және постэмбриондық өсіп жетілудің өзі бір белгілі тарихи заңдылыққа байланысты екені белгілі. Осыған орай іште жатып жетілуінің заңдылығын толық меңгермейінше селекция жұмысын ойдағыдай жүргізу қиынға түседі. Қойдың ең жылдам өсіп-өнетін мерзімі оның жас кезі болса, ал сол кезде жем шөп жеткіліксіз болып мал керекті мөлшерлерінен төмен қоректенетін болса, онда қой өспейді де салмағы, жүн өнімі артпайды.

1 Негізгі бөлім

0.1 Әдебиетті шолу

Инбридинг дегеніміз -- туыстық жақындығы бар жануарларды жұптастыру жүйесі. Туыстас малды жұптастыру тұқымды таза өсіруде, тұқым түзуде, аталық іздер бойынша өсіруде кеңінен қолданылатындықтан, оның тұқым асылдандыру жұмыстары жүйесінде алатын орны мен мәнін қарастырайық.
Инбридинг жөніндегі ілім ертеде-ақ пайда болған. Арабтарда XIII ғасырда-ақ инбридингтің асыл тұқымды жылқылардың ұрпағына теріс әсер ететінін көрсететін көптеген фактілер жинақталған. Адамдар қан араласуының зиянды әсерін білген де туыстас малды жұптастыруға тиым салатын қатаң заңдар да қолданған. Алайда, жоғарыда айтып өткеніміздей, капитализмнің даму кезеңінде көптеген елдерде тұқым түзілу процесі қауырт басталды. Рынок талаптарына сай келетін жаңа тұқымдар шығару инбридингті кеңінен пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Тұқымның негізін салушылардың бірқатар ұрпақта бекітілуі, әдетте, тығыз инбридингті қолдану арқылы жүргізілді. Шортгорн тұқымының негізін салушы Губбактың, жылқының орлов тұқы-мындағы Барс 1-дің, шошқаның украиндық далалық ақ тұқымындағы Аскания 1-дің тұқым қуалаушылық қасиеттерін бекіту жұмыстары да осылай өткен.
Өткен ғасырдың белгілі селекциөнері Р. Беквелл тұқымның негізін салушылардың аса көрнекті қасиеттерін ұрпағында орнықтыру мақсатында кез-келген дәрежедегі инбридинг пайдалануды жаңа тұқымдар шығарудың негізі деп есептеді. Инбридингті жануарларды мол азықтандыруға ұштастыра отырып, экстерьері жөнінде мақсатты сұрыптау және аталықтар ұрпағының қасиеттеріне қарай бағалауда қолдану Р. Беквеллге зор абырой әкелді. Ол және оның шәкірттері ірі қараның (шортгорн және герефорд), жылқының (шайр), қойдың (лейстер), шошқаның (ірі ақ) тамаша тұқымдарын шығарды. Х. Уайтсон ірі қараның абердин-ангус етті тұқымын шығаруда да инбридинг пайдаланды. А.В. Ланина Х. Уайтсонның табынында не бары 6 тоқал қара сиыры, 10 тайынша мен бір ғана бұқа ұстағанын атап көрсетеді. Ол сондықтан да тығыз инбридингті қолдануға мәжбүр болған.
А.Х. Орлов пен В.И. Шишкин орловтың желісті жылқысын шығаруда инбридингті шебер пайдаланған. Олар тұқымның типін өзгерту және туыстас малды жұптастырудың зиянды салдарын бәсендету мақсатында тығыз инбридингті және аталық іздер бойынша өсіруді, сондай-ақ будандарды бастапқы тұқымдардың (голланд) бірімен қайталап будандастыру тәсілін пайдаланды. С.И. Бестужев ірі қараның бестужев тұқымын шығаруда әр түрлі типті және туыстық дәрежесі түрліше инбридинг қолданды.
Алайда тығыз инбридингті өте кең, кейде ойланбастан, ешқандай мақсатсыз қолдана беру көптеген зауытшылар үшін үлкен зиян келтіргеніне де назар аудару керек. Тығыз инбридингті жүйесіз қолдану жануарлардың өнімділігі мен өсімталдығын, дене бітімінің мықтылығын кемітті. Жақсы табындар жүдеп, нашарлай бастады, оның ішінде мысалы, дүние жүзінің басқа да елдеріне жеткізілген малдың әйгілі шортгорн тұқымының сапасы төмендеп кетті. Осының нәтижесінде инбридингке деген көзқарас та өзгерді. Сөйтіп бұл әдіске күдікпен қарай бастады. Р. Беквеллдің шәкірттері ағайынды Коллингтер шортгорн тұқымында туыстық жұптастырудың зиянды салдарын өз замандастарынан ертерек түсініп, бұл жануарларды, тіпті, галловей тұқымының бұқаларымен будандастыруға мәжбүр болды. Ол кезде туыстас малды жұптасты-рудың зиянды зардаптарының себептерін түсіндіретін теория болмаса да, инбридингтен сақтана бастады.
Инбридингке деген ынта XIX ғасырдың аяғында ғана қай-тадан көтеріле бастады. Тұқыммал кітабын талдау, көптеген зауыттық тұқымдардың шығу тарихын зерттеу тұқым түзілуіндегі инбридингтің тиімді ролін көрсетті. П.Н. Кулешов ұзаққа созылатын тығыз инбридингті тиімсіз деп есептегенімен, туыстас мал жұптастыру әдісін қолдануды ашық қорғап шықты. Алайда желісті жылқылардың орлов тұқымын шығару мысалында П.Н. Кулешов, одан соң Д.А. Кисловский тұқым шығаруда ғана емес, сонымен бірге тұқымның әйгілі аталық іздерін қалыптастырып, жетілдіруде де қалыпты инбридингтің пайдалы болатынын көрсетті. Тұқым түзудің ғылыми әдісінің негізін қалаушы М.Ф. Иванов та инбридингті селекциялық жұмыстың қажетті әдісі деп есептеді.
Генетиктер XX ғасырдың басынан инбридингтің ролі мен маңызы, оның биологиялық мәні жөніндегі мәселені шеше бастады. С. Райт теңіз шошқаларына жүргізген тәжірибелерінде инбредтелген 23 семьяда 20 ұрпақ (буын) бойы ағасы х қарындасы үлгісімен туыстас жұптастыру қолданған. Инбредті 20 ұрпақ (буын) теңіз шошқаларын өсіру барысында 35 аталық іздің 27-сі жойылып кеткен. Қалған аталық іздердің тіршілік қабілеті, тірілей массасы мен өсімталдығы кеміген. Инбредті аталық іздердің жануарларын өзара шағылыстыру ұрпақтың сапасын біраз жақсартуға да себепші болған.
Мал тұқымын жақсартуда инбридингті қолдану жөніндегі С. Райт қорытындыларының өте зор маңызы бар. Әдеттегі селекциямен тұқымды генетикалық жақсартудың өте баяу өтетіні мәлім. Инбредті аталық іздерді шығару, кейін оларды өзара будандастыру (аталық іздер кросстары) бастапқы популяцияға қарағанда, едәуір жоғары класты гетерозиготалы популяция алуға мүмкіндік береді. Бұған жай селекция арқылы жету өте қиын. Популяцияны одаң әрі жақсарту бүкіл процесті қайталауды қажет етеді, яғни жаңа инбредті іздерді окшаулауды, оларды будандастыруды және жаңа популяциялар шығару үшін таңдаулы кросстарды сұрыптауды талап етеді.
Бірқатар американ ғалымдары инбредті популяцияларда инбридингті 1% арттырудың өзі ғана тауықтардың жұмыртқалағыштығын кемітіп (0,4 жұмыртқаға), олардың балапан-дарының өлім-жітімін арттыратынын (орта есеппен 0,55 пайызға) анықтаған.
Глембоцкийдің мағлұматарына қарағанда, қойдың прекос тұқымын инбредтегенде іш тастаған саулықтардың саны туыстас емес малды жұптастырумен салыстырғанда 2 есе көп болған. Инбридингтің ұрпақ қасиеттеріне теріс әсер ететіні ірі қарадан да анықталған. Мәселен, Нильсон-Эле мен Д. Лаш инбредті жануарлардың өсуі бастапқы даму кезеңінде баяу болатынын атап көрсетеді. Лейбен Калифорнияда инбридингті ірі қарада пайдаланудың көп жылдық тәжірибелерінің мағлұматтарына сүйене отырып, инбридинг артуының әрбір пайызына сүттілік 210 фунтқа, ал сүт майы мөлшерінің 0,9 фунтқа кемігенін хабарлайды. О.А. Иванова мен Е.Я. Борисенко инбридингтің сиырлар өсімталдығы мен бұзаулардың тіршілік қабілетіне теріс әсер ететінін анықтаған. Ғалымдардың көптеген жануарларға жүргізген көлемді зерттеулері бірқатар шаруашылыққа пайдалы белгілері нашарлап бара жатқан ұрпақтың қасиеттеріне тығыз инбридингтің теріс әсер ететіні жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Туыстас малды жұптастырудың зиянды әсерін инбредтік депрессия немесе инбредтік дегенерация деп атайды. Белгілі бір тұқымның ішіндегі әр түрлі популяцияларға инбридинг түрліше әсер етеді, инбредтік депрессия дәрежесі әр түрлі болады. Бұл популяцияның бастапқы гетерозиготалылығының түрліше болуына байланысты, өйткені ол жануарлардың жоғары тіршілік қабілетін, өнімділігін және мықты дене бітімін қамтамасыз етеді. Шошқа, жылқы және құс инбридингтің зиянды зардаптарынан күшті зиян шегеді. Кезінде Ч. Дарвин өзінің 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізген бақылаулары мен тәжірибелерінің негізінде тіршіліктің ұлы заңын тұжырымдады. Бұл заң бойынша бүкіл жандының бәрі өздерімен қандық туыстығы жоқ дарақтармен кездейсоқ будандасудан пайда табады, ал ұзаққа созылатын туыстастардың жұптасуы зиян келтіреді.
Ч. Дарвин туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының өте ұқсастығы инбридингтің зиян келтіруінің басты себебі деп есептеді. Мұндай ұқсас жыныс клеткаларының қосылуынан организмнің қоршаған ортадағы өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуін тарылтатын жұтаң тұқым қуалаушылық пайда болады. Туыстас жануарлардың жыныс клеткаларының жеткілікті дәрежеде әр түрлі сапада болмауы - инбредтік депрессияның (Дарвин бойынша) негізгі себебі. Осы заманғы генетика тұрғысынан қарағанда туыстас малды жұптастырудың зиянды әсер ету себебі инбредті жануарларда гомозиготалылықтың өсуі болып табылады. Генетиктер организмде өлімге душар ететін гендердің болатынын және олардың, әдетте рецессивті күйде кездесетінін анықтады. Инбридинг кезінде гомозиготалылықтың күрт артуына байланысты мұндай гендердің гомозиготалы күйге өту мүмкіндігі де артады, ал бұл инбредті жануарларда ауытқушылықтың тууына себепші болады. Инбридинг кезіндегі гомозиготалық тіршілік қабілеті төмен рецессивті гомозиготалардың пайда болуына, гетерозиготалардың жиілігінің кемуіне (бұл организмнің тіршілік қабілетін айтарлықтай кемітеді), гендер комбинациясының өзгеруіне ұштасады.
Әр түрлі авторлардың мағлұматтарын қорыта келе, ірі қарада инбридинг кезінде 40-тан астам гомозиготалы летальды, кемістіктері мен ауытқушылықтары -- тұқым қуалайтын кариотиптері кездеседі деуге болады. Біздің асыл тұқымды мал табындарымызды бұлардан тазарту қажет. Сиырларда олардың көбею қабілеті мен өсімталдығына әсер ететін, туа біткен 23 кемістік табылған. Инбредті аталықтарды қарқынды пайдаланудан табын мен тұқымдағы рецессивті летальдардың тез таралуы мүмкін. Мәселен Е.К. Меркурьеваның хабарлауынша, Швецияға Нидерландыдан әкелінген Дольф атты голштин бұқасы жүнсіздік генін таратушы болған, ал А100 - А - 48 остфриз бұқасы бұзаулаудың аяқсыз туатын генін таратқан. Бұл аталықтар асыл тұқымды табындарға көптеген зиян келтірді. Инбридинг кезінде көбіне жануарлардың тіршілік қабілеті мен олардың өнімділік артықшылықтары үшін аса маңызды болып табылатын аллельдердің жойылуы байқалады. Олардың жоқтығы да инбредті депрессияның себебі болуы мүмкін.
Инбридинг кезіндегі биологиялық процестер тұқым қуалаушылық үшін ізсіз өтпейді, олар оны өзгертеді. Алайда мұндай өзгерістерді организмнің бір жақты зақымдалуы ретінде қарастыруға болмайды. Бұл өзгерістер организмді тіршілік процестері өтетін басқаша жағдайларға қояды, организм олармен әрекеттесіп, жеңіп шығуға тырысады. Егер ол жеңіп шықса, онда тұқым қуалаушылықта жаңа белгі пайда болады. Инбридингте жаңа белгілердің пайда болуы тек мутациялардың есебінен жүзеге асады. Инбридингтің әсерімен организмде терең анатомиялық-физиологиялық қайта құру жүреді, ол организмнің қарсы тұра алушылығы мен өсімталдығын кемітіп, ұрпақтың ұсақтауына себепші болады.
Қазіргі кезде, қолдан ұрықтандыру, ең таңдаулы аталық-тардың спермаларын ұзақ сақтау, зиготалар трансплантациясы қолданылып отырған жағдайда стихиялы, яғни бақылаусыз инбридингтің қаупі артып отыр.
Туыстас малды шағылыстырудың негізгі мақсаты - белгілі бір аса көрнекті ата-тектің нақты белгілері бойынша тұқым қуалайтын ерекшеліктерін сақтау. Инбридинг мақсатты түрде және белгілі бір, өте мол өнімді жануарды пайдалануда ғана жүргізілуі тиіс.
Мал шежіресі бойынша инбридинг дәрежесін анықтау. Біртекті жұп таңдаудың ең жоғары сатысы инбридинг, яғни туыстастарды шағылыстыру. Инбридингтің биологиялық салдары өте күрделі және ол әлі толық зерттеліп болмаған құбылыс. Дегенмен ата-енесінің жақсы қасиеттері берік сақталған және тұқымдық қасиеттері өте жоғары жекелеген ұрпақ алудың қазіргі уақытта сенімді жолы инбридингті пайдалану болып есептеледі. Сондықтан, кез-келген сұрыпталатын немесе таңдап алған малдың ата-енесінің туыстық арақатынасын біліп, қолданылған шағылыстырудың түрін (ин-бридинг пе, аутбридинг пе) анықтаудың маңызы үлкен.
Кез-келген малдың алыну жолында инбридинг болған-болмағанын оның шежіресі бойынша тез де оңай анықтауға болады. Ол үшін, әуелі шежіреде енесі жағынан да, әкесі жағынан да қайталанып кездесетін ата-бабаның бар-жоғын анықтау қажет. Егер екі жақта да кездесетін ата-баба болса, онда тексеріліп отырған малдың ата-енесі бір-бірімен туыстас бол-атыны, яғни оның туыстас малды шағылыстыру (инбридинг) арқылы алынғанының дәлелі.
Инбридингтің жағымды немесе жағымсыз, зиянды әсерінің білінуі шағылыстырып отырған қандас малдың туыстық дәрежесіне байланысты. Сондықтан екі малдың бір-біріне туыстық дәрежесін және инбридинг коэффициентін анықтайтын бірнеше тәсілдер қолданылады.
Селекция тәжірибесінде инбридингті жіктеу үшін Шапоруж бен Пуш тәсілі жиі қолданылады. Шапоруж шежіреде әрі ата, әрі ене жағында кездесетін, яғни ортақ ата-тек орналасқан шежіре қатарының реттік нөмірін рим цифрларымен және арасына сызықша салып көрсетуді ұсынды. Ата-баба қатарының реттік санын санау пробандтан басталады, яғни әке мен ене қатары бірінші (I), аталар мен әжелер қатары екінші (II) деп, әрі қарай кете береді. Мұнда, әуелі ортақ атаның ене жағындағы орналасқан қатарлары жазылады да, сызықша қойылады. Сызықшадан кейін ортақ атаның шежіреде әке жағынан орналасқан қатарларының реттік саны көрсетіледі. Мысалы II -- III деген жазу, ортақ атаның шежіренің ене жағындағы екінші қатарда, ал әке жағынан үшінші қатарда орналасқанын көрсетеді; немесе II, IV -- III деп жазылса, онда ортақ ата -- енесі жағынан екі рет -- екінші және төртінші қатарларда, ал әке жағынан -- үшінші қатарда орналасқандығын көрсетеді.
Пуш пен Шапоруж тәсілін пайдалану арқылы инбридинг дәрежесін жіктеудің төмендегі жүйесі ұсынылады.
Сонымен, мал шежіресіне талдау жасаған уақытта алдымен ондағы қайталанатын (бірнеше рет кездесетін) ортақ ата-тек орналасқан шежіре қатарының реттік санына қарап, инбридинг дәрежесін анықтау қажет. Себебі инбридингтің генетикалық әсері шағылыстырылған мал туыстығының алыс-жақындығына тікелей байланысты.

1.1.1 Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі саласы
Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратын дар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.
Қой бұдан 10 - 11 мың жыл, ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтары: Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.

Қазақ биязы жүнді қошқары Арқар-меринос қойы

Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда, қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Оның пірі - Шопан ата (кейде Қошқар ата) деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде малды берсең қойды бер деп өтінген. Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық деген ұғым қойға қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан).
Биязы жүнді қолтұқымдар. Жүні өте сапалы, әрі жіңішке салалы биязы жүнді. Осы бағытта сегіз қой тұқымы өсіріледі. Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі - Қазақстанда шығарылған арқар меринос қойы. Ол 1934 - 1950 жылдары арқардың құлжасы (қошқары) мен жергілікті саулық қойларды жұптастыру арқылы алынды. Бұл - Қазақстандық ғалымдар И. С. Бутарин, Ә. Есенжолов, А. Жандеркин, т.б. ұзақ жылғы ғылыми еңбектерінің жемісі. Қолтұқым таулы аймақтың табиғатына төзімді. Қазіргі кезде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан аймақтарында өсіріледі. Қазақтың биязы жүнді қойы - 1934 - 1946 жылдар аралығында Қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды. Қолтұқым Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Оңтүстік қазақ меринос қойы - Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүнді-етті бағыттағы қолтұқым. Солтүстік қазақ меринос қойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда өсіруге бейімделген. Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред қолтұқымдары өсіріледі. Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі етті-майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірінде де өсірілуде.
Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және сараджын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ол әрі етті әрі жүнді мол береді. Қарағанды өңірінде өсіріледі. Сараджын қойы ертеде Түрікменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған. Жүнінің түсі ақ, жібек тәрізді талшықтары біркелкі, кілем тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе алқабындағы шөлейтті жерлерде өсіріледі.
Қылшық жүнді құйрықты қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде. Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды өңірінде өсірілуде. Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай қойынан кішілеу. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3 - 3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2 - 3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болады. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті аймақта өсіруге бейімделген. Қатаң ауа райына шыдамды, тұлғасы берік, терісі жұқа, бірақ тығыз. 1990 жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6 млн болса, 2000 жылғы саны 2 миллион шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсірілді.

1.1.2 Қой малдарын шағылыстыру

Кейбір малдардың жыныстық жетілуі бойынша ерте (7-8 айда), кейбірінде кеш (9-10 айда) жетіледі. Ол мал тұқымына, климатқа және азықтануына байланысты, олардың жыныстық жетілуі және өсуі қанға бөлінетін гипофиз гормонымен реттеледі. Малдың жас кезінде гипофиз гормоны өсуді тездетеді. Өсуі баяулағанда, гипофиз жыныстық мүшелердің дамуын үдететін гормондар бөле бастайды.
Қойларды жыныстық жетілу өсуден бірінші дамиды, сондықтан оларды жыныстық жетілсе де, ұрықтандыру тиімсіз. Ерте ұрықтандыру малдың қалыпты өсуін тежейді, оның өсуіне қажет барлық қоректік заттар төлдің өсуіне жұмсалады, ал төлдегеннен кейін сүттің түзілуіне кетеді. Сонымен қатар өте кеш ұрықтандыру да зиян. Мұндай жағдайда төлді азықтандыруға кететін қорек мал организмінде май қорын түзеді. Саулықтың аналық безіне жиналған май өсіп-өну қызметіне кері әсерін тигізеді.
Кейбір биязы қой тұқымдарын өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарда ең бірінші ұрықтандыруды 2,5 жаста жүргізуді ұсынады. Мұндай жаста алғаш ұрықтандырылғандарды тұсақ (переярка) деп атайды. 2,5 жаста алғаш ұрықтандыруға барған малдар тек өмірінің бірінші жылында дұрыс азықтанбағаннан немесе ауырғаннан дұрыс өспей қалу жағдайына байланысты болады. Ал барлық басқа жағдайларда жыныстық-жастық топқа тұсақтар тиімсіз.
Барлық тұқымдар үшін ұрғашы тоқтыларды алғаш ұрықтандыруға 12-18 айлық жаста жіберу ұсынылады.Және олардың тірі салмағы ересек саулық салмағының 70-80 %-ын құрауы тиіс.
Шағылыстырудың еркін, үйірлі, кластық, қолдан және жасанды түрлері қолданылады.
Еркін шағылыстыруда саулықтар мен қошқарларды жалпы табында 1,5-2 ай ұстайды. Күйге келген саулықтар шағылысу кезеңінің кез келген уақытында адамның бақылауынсыз шағылыса береді. Еркін шағылысу кезінде асыл тұқымдық уақыттың аздығына байланысты аталықтар тез шаршайды. Әрбір 100 саулыққа 3-4 аталық қажет. Егер саулықтар табынына бірнеше аталықты жіберсе, онда оларды екі топқа бөліп, оларды саулықтарға күнара кезекпен жіберу қажет. Сонымен қатар қошқарларды түнде саулықтарға қосып, күндіз бөліп алып, азықтандырып отыруға болады, ал егер саулықтар жайылымда бағып күтілсе, онда қошқарларды табынға күндіз жіберіп, түнде азықтандырады.
Бақылаусыз шағлыс кезінде, яғни еркін шағылысу сау малдың ауруға шалдығуына жол береді, сонымен қатар қойлардың көп мөлшері құйрығындағы май қорының көптігіне байланысты шағылысуы қиындап, қысырлыққа ұшырайды. Еркін шағылыстыруды өткізу мен ұйымдастыру неғұрлым қарапайым және еңбек шығынын аз қажет ететін операция, бірақ, құнды қошқарларды тұрақсыз және бақылаусыз пайдалану асыл тұқымдық жұмыстың нақты нәтижелілігін қиындатады.
Үйірлі (гаремная) шағылыстыру алынатын ұрпақтың шығу-тегін бақылауға мүмкіндік береді. Өткізу үшін 30-50 бас аналықтан тұратын әрбір топқа бір айға арналған азық қоры бар жайылым аумағын қоршау қажет. Сонымен қатар аналық тобының санвна байланысты онша үлкен емес қоршаулар жасауға болады, оған бір ай ішінде жем-шөпті тасымалдау арқылы саулықтарды азықтандырады. Саулықтарды қошқарлармен бір ай ұстағаннан кейін, әр қоршаудағы саулықтарды бір табынға біріктіріп шағылыстыруды аяқтайды.
Кластық шағылыстыруда шағылыс кезеңінде саулықтардың белгілі бір класына нақты аталықтар бекітіледі. Еркін шағылыстырудан айырмашылығы мал саны аз қолданылады.
Қолдан шағылыстыру адам бақылауымен іске асады. Бұл малды жекелеп жұптастыру мен асыл тұқымдық жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік береді; асыл тұқымды қошқарларды пайдалану жақсарады. Алайда қолдан шағылыстыру кезінде өте жақсы аталықтарды пайдалану шектеулі, өйткені оған көп еңбек шығымы қажет, аталықтар ауру жұқтырып таратуы мүмкін сондықтан қолдан шағылыстыруды мал басы аз жеке жұптау жүргізетін шаруалышықтарда пайдалану тиімді.
Қолдан шағылыстыру кезінде күйге келген аналықтарды күйттеуші аталықтар көмегімен таңдап алады. Күйге келген саулықтарды оларға бекітілген қошқарлармен шағылыстырады. Шағылыстыру үшін саулықты станокқа бекіткен дұрыс, аталық аналыққа күшпен итеріліп, секіргенде ғана ұрықтанған болып есептеледі. Бір саулыққа қайта-қайта аталықты секірту қажет емес. Бір рет алыпты секіру, ұрықтану үшін жеткілікті.
Аталықты ұрықтандырғаннан кейін аталықты тұратын қоршауына, ал саулықты - ұрықтанған малдар қатарына қосады. Одан кейін дәл осы жолмен келесі саулық ұрықтандырылады. Аталық бәр тәулікте үш төрт саулықты ұрықтандыруы қажет, ал жаақсы күтіммен күшті азықтандырудағы аталық үшін 5-6 саулық бекітіледі, секірту аралығы 1-2 сағаттан кем болмауы керек. Ұрық сапасын 5күнде бір тексеріп отырады.
Егер ұрық сапасы тұқыммен төмен болса, аталықты шағылыстыруға жібермей оған арнайы жақсы күтіммен толық құнды азық беріп, жағдайлар жасалады. Мұндай аталықтарды тек ұрық сапасы жақсарған жағдайда ғана шағылыстыруға жібереді.
Шағылыстыру кезеңі мен ұзақтығы 1,5-2 ай. Қолдан шағылыстыру кезінде бір аталық 60-80 және одан да көп аналықты ұрықтандыра алады. Қолдан шағылыстыру аяқталғаннан кейін аталықтарды ұрықтанбай қалған саулықтар үшін, саулық табынына 25-30 күнге еркін шағылысуға жібереді.
Жасанды ұрықтандыру аналықтарды ұрықтандырудың нақты әдістерінің бірі болып табылады. Жасанды немесе қолдан ұрықтандыру асыл тұқымды аталықтарда неғұрлым көп пайдалануға мүмкіндік беріп, малдың өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жоғарылатуға зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, бұл әдісті қолдану басқа ұрықтандыру әдістерімен салыстырғанда аналықтардың қысырлығына жол бермеудің бірден бір күресушісі. Бұл әдіс жыныс жолдары арқылы берілетін ауруларды алдын алады.
Бірақ қолдан ұрықтандыру әдісі ғимарат, құралдарымен жабдықтап, реактивтер және қосымша жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан, бұл қажеттіліктермен кез-келген шаруашылық қамтамасыз етіле бермейді, ол тек мал басы аз фермаларда (500-1000 бас саулық) ғана қолданылады.
Кейінгі жылдары еліміздің бірқатар аймақтарында қойларды қатырылған ұрықен ұрықтандыру қолданыс табуда. Мұндай ұрықты шаруашылыққа жеткізу мен оны сақтауды қолдан ұрықтандыру станциялары жүзеге асырады. Алайда, қатырылған ұрықтың жібігенімен кейінгі ұрықтандыру сапасы неғұрлым төмендеу.
Сондықтан қойларды ұрықтандырудың тиімді әдісін таңдау нақты шаруашылық жағдайына байланысты, ондағы маманның шешуі бойынша жүргізіледі.
Қолдан ұрықтандыруды қой мен ешкіні қолдан ұрықтандыру нұсқаулығын (1986) басшылыққа ала отырып, жүргізеді.
Ұрықтандыру нәтижелә ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Қаракөл терілері - қаракөл қойларының негізгі өнімі
Жеке топтап жұп таңдау
Қаракөл қойы туралы түсінік
Жұп таңдау қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктері
Қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігі
Қой тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау
Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының биологиялық ерекшеліктері
Қой шаруашылығы – қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы
Пәндер