Торғай өзенінің су режимін сипаттау



.Кіріспе
.1.Торғай жазығының физико.географиялық сипаттамасы
.1.1.Рельеф
.1.2.Геологиялық құрылымы
.1.3.Топырақ жамылғысы
.1.4.Өсімдігі
.1.5.Климаты
.1.5.1.Жел
.1.5.2.Жауын.шашаын
.1.5.3.Қар жамылғысы
.1.5.4.Ауа температурасы
.1.6.Гидрографиясы
.2.Типтік гидрограф тұрғызу
.2.1.Жалпы ережелер
.2.2.Тапсырманың мазмұны
.2.3.Әдістемелік көрсеткіш
.Қорытынды
.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қарастырылып отырған аудан Шалқар-Теңіз тұйық алабына жатады. Осы аумақта Қазақстан Республикасының төрт облысының администрациялық аудандары орналасқан ( Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары). Бұл аудан өзінің ылғал тапшылығымен ерекшеленеді. Аумақтың табиғат жағдайы ауылшаруашылығына қолайлылығы соншалық, егер егістіктерді қосымша суаратын болса, ауылшаруашылығын қарқынды дамытуға болар еді. Атап өтетін жайт, Торғай алабы гидрология тұрғысынан қазіргі уақытқа дейін өте аз зерттелген. Бұл көптеген бекеттердің осы территорияда біркелкі таралмағандығымен және бақылаулардың қысқа мерзімділігімен анықталады. Территорияның беткі суларының ресурсы туралы анықтаманың шыққанына 35 жыл өткенін ескерсек, гидрологиялық сипаттамаларды қайтадан зерттеу туралы күрделі мәселенің шыңына жеткенін байқаймыз.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығара аламыз: соңғы жылдардағы мәліметтерге сүйене отырып жаңадан ашылған бекеттер мен станциялардағы бұрын есептелген сипаттамаларды қайтадан есептеу.
1.Беркалиев З.Т. – Гилрологический режим рек Центрального, Северного, Западного Казахстана. – Алма-Ата. 1960г. 278стр.
2.Молдахметов М.М. Влияние хозяйственной деятельности на сток реки Торгай. Вестник КазГУ, Алматы. 1997г. 79-81стр.
3.Гальперин Р.И. Водные ресурсы бессточной впадины Шалкар-Тенгиз. Вестник КазГУ, 1994г. 65-71стр.
4.Основные гидрологические характеристики. Том 13. Центральный и Южный Казахстан. Л. Гидрометиздат-1966г.
5.Основные гидрологические характеристики. Том 12. Нижнее Повольжье и Западный Казахстан. Актюбинская область. Вып.-3. Л. Гидрометиздат. 1966г.
6.Гидрологическая изученность. Том 13. Центральный Казахстан. Гидрометиздат. Л. 1965г.
7.Ресурсы поверхностных вод СССР. Том 12. Вып.-3. Актюбинская обл. Л. Гидрометеоиздат. 1966г. 515стр.
8.Ресурсы поверхностых вод СССР. Том 13. Вып.-1. Карагандинская бол. Гидрометеоиздат. 1966г. 458стр.

МАЗМҰНЫ

-Кіріспе
-1.Торғай жазығының физико-географиялық сипаттамасы
-1.1.Рельеф
-1.2.Геологиялық құрылымы
-1.3.Топырақ жамылғысы
-1.4.Өсімдігі
-1.5.Климаты
-1.5.1.Жел
-1.5.2.Жауын-шашаын
-1.5.3.Қар жамылғысы
-1.5.4.Ауа температурасы
-1.6.Гидрографиясы
-2.Типтік гидрограф тұрғызу
-2.1.Жалпы ережелер
-2.2.Тапсырманың мазмұны
-2.3.Әдістемелік көрсеткіш
-Қорытынды
-Қолданылған әдебиеттер тізімі

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс кіріспеден, физико – географиялық сипаттамасы,
әдістеме, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы
көлемі 19 бетті, сонымен қатар 2 сурет, және 5 кестені құрайды.
Жұмыстың мақсаты Торғай өзенінің су режимін сипаттау.

КІРІСПЕ

Қарастырылып отырған аудан Шалқар-Теңіз тұйық алабына жатады. Осы
аумақта Қазақстан Республикасының төрт облысының администрациялық аудандары
орналасқан ( Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстары). Бұл аудан
өзінің ылғал тапшылығымен ерекшеленеді. Аумақтың табиғат жағдайы
ауылшаруашылығына қолайлылығы соншалық, егер егістіктерді қосымша суаратын
болса, ауылшаруашылығын қарқынды дамытуға болар еді. Атап өтетін жайт,
Торғай алабы гидрология тұрғысынан қазіргі уақытқа дейін өте аз зерттелген.
Бұл көптеген бекеттердің осы территорияда біркелкі таралмағандығымен және
бақылаулардың қысқа мерзімділігімен анықталады. Территорияның беткі
суларының ресурсы туралы анықтаманың шыққанына 35 жыл өткенін ескерсек,
гидрологиялық сипаттамаларды қайтадан зерттеу туралы күрделі мәселенің
шыңына жеткенін байқаймыз.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығара аламыз: соңғы
жылдардағы мәліметтерге сүйене отырып жаңадан ашылған бекеттер мен
станциялардағы бұрын есептелген сипаттамаларды қайтадан есептеу.

1.Торғай үстіртінің физико-географиялық сипаттамасы.

Қарастырылып отырған территория орманды даладан шөлді зонаға дейінгі
әртүрлі табиғи ландшафтысымен сипатталады. Дала және шөлейтті ландшафт
негізгі бөлігін алып жатыр. Орманды дала зонасы осы аймақтың шеткі
солтүстігінде кішкентай ғана ауданын алып жатыр.
Дала зонасы территорияның солтүстік жартысының түгел дерлік және
оңтүстік жартысын иемденеді. Бұл аудан біз қарастырып отырған территорияның
дала зонасын жамылып жатқан негізгі жер игеру базасы болып табылады.
Шөлейтті жерлер территорияның оңтүстік батыс бөлігінің негізгі
аумағын алып жатыр. Бұл аймақ негізінен мал - шаруашылығына пайдаланылады.

1.1.Рельеф.
Қарастырылып отырған территорияның негізгі бөлігі Тұран ойпатына
жатады.
Жер бедерінің құрылымы бойынша аймақты екі ауданға бөліп қарастыруға
болады:
1.Торғай үстірті.
2.Қазақтың ұсақ шоқысының батыс бөлігі.

Торғай үстірті Тұран ойпатының шөлді даласынан солтүстігінде
Солтүстік Сібір жазығына дейінгі аймақты қамтитын территорияның орталық
және оңтүстік бөлігін алып жатыр. Аймақ батысында Мұғалжар таулар
тізбегімен және Оңтүстік Орал тауымен, шығысында Қазақтың Ұсақ Шоқысымен
шектеседі. Торғай үстіртінің солтүстік бөлігі Батыс Сібір жазығына қарай,
оңтүстігі Тұран ойпатына қарай еңіс орналасқан. Торғай үстірті өзінің
меридионалды түрде таралған ежелгі енді Торғай - Обаған жыраларымен
ерекшеленеді. Оның солтүстік бөлігінен Обаған өзені, ал оңтүстігінен Торғай
өзені ағып өтеді. Бұл жыра өзінің төменгі бөлігінде теңіз Бұл жыра өзінің
төменгі бөлігінде теңіз деңгейінен 80-100м төмен орналасқан. Ал орта
бөлігінде оның ені 30-40км, тереңдігі 50-100м жетеді. Обаған және Торғай
өзендерінің суайрығында ірілері болып саналатын Ақсуат және Сары-Мойын
тұйық көлдері орналасқан. Торғай үстіртінің рельефі әртүрлі болып келеді.
Мұнда биіктігі 305м-Қарағанытау, Жыландытау-262м, Текетау-207м, Қызбелтау-
232м сияқты қыраттар кездеседі. Үстірттің беткі бөлігі Қабырға, Теректі,
Сары-Өзен, Сары-Торғай, Торғай, Ырғыз және тағы басқа өзендердің
аңғарларымен тілімделген. Алаптың ірі көлдері Торғай-Обаған жырасында
орналасқан.

Қарастырылып отырған территорияның оңтүстік батыс бөлігі Ұлытау
тауының жоталарына қатысты Қазақтың Ұсақ Шоқысының тілімділері жатыр. Жеке
биіктіктер 400-500м, ал Ұлытау тауы -1135м болатын ең биік шың болып
табылады. Қараторғай өзені, Улы-Жыланшық және көптеген салалары өзінің
бастауын Ұлытау тауларының беткейлерінен және солтүстік жоталардан алады.
Жазықтық батысында және солтүстік батысында (Мұғалжар тауы беткейінің
табанында) биіктік 320-280м, ал оның оңтүстік шығыс бөлігінде (Торғай,
Ырғыз өзендері ауданында) небары 70-50м құрайды.

1.2.Геологиялық құрылымы.

Зерттеліп отырған ауданда негізінен палеоген және неоген дәуірінің
шөгінділері таралған. Бұл жерде топырақ қалыптастырушы түрде құмды-сазды,
кей жерлерде қиыршық-тасты шөгінділерден тұрады. Ауданның солтүстігінде
жазықтық үштік және төрттік қалың шөгінділермен жамылған. Үштік шөгінділер
қабатталған сазды және құмды қабаттармен, ал соңғы төрттік шөгінділер
сазды, сазды-топырақты және құмды қабаттармен көрсетілген. Территория
көлденең немесе солтүстікке қарай әлсіз еңіс орналасқан палеоген дәуірінің
теңіздік тұзды шөгінділер, яғни сазды құмды қабаттардан құралған.
Мұнда топырақ қалыптастырушы түрлер болып тұздалған палеогендік
шөгінділерде және оларды жамылған тұщыланған қабаттар да болады.
Торғай үстірті бойынша тігінен өтетін Торғай-Обаған жырасы
негізінен гипсқұрамды құммен және саздан құралған, сонымен қатар қуаттылығы
60м жететін кварцті құмнан және сары топырақты саздақтан құралған. Үштік
шөгінділер қуаты оңтүстікке қарай көбейіп Улы-Жыланшық өзені және Шұбар-
Теңіз көлі ауданында 100м-ге жетеді.
Жоғарыда қарастырған орографиялық ауданмен салыстырғанда Қазақтың
Ұсақ Шоқысының батыс шетінің геологиялық құрылымы күрделірек. Ол сор
жерлермен құмдықтардан құралған палеозой дәуіріне жатады.
Соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша Торғай ойпатының қалың құмды –
сазды шөгінділерінің астында өте үлкен ауқымда бағалы пайда қазба
байлықтары анықталған.

1.3.Топырақ жамылғысы.

Ауданның топырақ жамылғысы топырақтың түрі бойынша да,
механикалық құрамы бойынша да айтарлықтай әртектілігімен
сипатталады. Қарастырып отырған территорияның солтүстік бөлігінде, яғни
орманды-дала және дала зонасында ауданы 30 пайызды алатын қаратопырақ кең
таралған. Ең шеткі солтүстікте орта гумусты және шалғынды қаратопырақ
оңтүстікке қарай азгумусты қаратопырақпен ауысады. Құрғақ дала және
шөлейтті аудандарда территорияның 40 пайызын алып жатқан каштанды топырақ
орын алады. Қара каштанды топырақ солтүстікке қарай ашық каштанды топырақ
оңтүстікке қарай таралған. Біршама биік жерлерде әлсіз сортаң, ал төмен
жерлерде сортаң топырақ қалыптасқан.
Өзен аңғарларының және көлдердің төмен және ылғал бөліктеріне өзен
жайылмаларының (Улы-Жыланшық, Ырғыз, Торғай өзенінің төменгі бөлігі және
т.б.) топырағы сәйкес келеді. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі өзен
жайылмаларында шалғынды, және сортаң топырақ дамыған. Ауданның жекелеген
бөліктерінде құмды сілемдер орналасқан. Құмдықтар оңтүстікте Торғай
өзенінің сол жағалауында, Теке-Қабырға өзені аралығында және Улы-Жыланшық
өзені аңғарында таралған.

1.4.Өсімдігі.

Территорияның көбірек ылғалданған солтүстік бөлігінде, яғни
каштанды топырақ басым бөлігінде бетегелі дала және ауылшаруашылығы
егістіктері кеңінен таралған. Аймақтың әлсіз ылғалданған бөлігінде шөлді
зонаға тән жусан тектес өсімдіктер өседі. Құмды бархандарда сексеуіл,
жалаңаштанған тасты және қиыршық-тасты-сазды жерлерде өсімдік түрі азаяды.
Өзендер аңғарларында дала өсімдіктерінің түрі көбейіп, құмды
грунтты учаскелерде дәнді өсімдіктер, саздақ грунтта жусанмен жамылған.
Ағашты, бұталы және шалғынды өсімдіктер негізінен ірі өзендер
(Торғай, Ырғыз және олардың салалары) жайылмаларына тән. Қайыңды тоғайлар
негізінен ойыс жерлерде кездеседі, және ауданның тек солтүстік бөлігінде
ғана болады.

1.5.Климаты.

Біздің қарастырып отырған ауданымыз материктің ішінде, яғни теңіз,
мұхит сияқты үлкен су кеңістігінен алыс орналасқан. Территорияның
солтүстігімен оңтүстігінде үлкен табиғи барьерлердің жоқ болуы Қазақстанның
шөлді аймақтарының жылы құрғақ субтропикалық ауа массасы мен ылғалды суық
Арктикалық ауа массасының меридионалды түрде алмасуына жол ашады.
Аудан территориясы Атлант мұхитынан келетін ылғалды ауа
массаларынан Орал таулары жоталарының қуатты табиғи барьерімен қорғалған.
Ал шығысында Тынық мұхитының жылы ауа массаларынан Алтай таулары кешенімен
және Орта Сібір таулы қыратымен қорғалған.
Климаты шұғыл континенталды: ыстық және құрғақ жазы суық және
қары аз қысымен алмасады. Ауа температурасының жылдық амплитудасы орта
есеппен 750С-ты, ал кей жылдары 880С-қа жетеді. Шілдеде температура 400С-қа
дейін, ал қыста минус 40-460С-қа дейін төмендейді. Жыл ішінде түсетін жауын-
шашын мөлшері аз—солтүстігінде 300-350мм, оңтүстігінде 175мм-ді құрайды. Ал
олардың 70-80 пайызы жылы мезгілге сәйкес келеді.
Жазда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы орталық бөлігінде 30-40
пайызға, оңтүстігінде 20-30 пайызға дейін төмендейді.

1.5.1.Ауа температурасы.

Ауа температурасының орташа жылдық мәні оның солтүстік бөлігінде
1.20С-тан оңтүстігінде 4.40С-қа дейін өзгеріп тұрады. Қысы айтарлықтай
тұрақты аязды ауа-райымен сипатталады. Суық айлар болып саналатын қаңтар
және ақпан айларының орташа температурасы минус 160С, минус 180С ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тобыл алабы өзендерінің соңғы онжылдықтардағы су ресурсын бағалау
Тобыл өзенінің көпжылдық ағынды тербелісін бағалау
Нұра алабы өзендерінің ағындысының қалыптасуындағы табиғи және антропогендік фаторларының рөлі
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Жем өзенінің ең аз ағындысын есептеу
Ақмола облысының табиғи жағдайларының ерекшеліктері
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Сарысу өзені алабының көлдері
Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Пәндер