Ортағасырлық Сауран қаласы – туристік нысан ретінде



Өткен тарихымыздың жоғын жоқтап, барын түгендеп жатқан тұста Отандық музей ісінде ескерткіштерді ашық аспан астындағы мұражай-қорыққа айналдыру үрдісі кең етек алуда. Себебі, мәдени жәдігерлеріміздің көбісі алғашқы қауым адамдарының тұрақтары мен қоныстары, обалар, қала жұрттары мен кесенелер және тағы да сол сияқты ескерткіштер кең сахарамызда көктегі жұлдыздардай шашылып жатыр. Олардың көбісі, магистральді автотрассалардың бойында орналасқан. Солардың бірі – Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шекарасында орналасқан ортағасырлық Сауран қаласының жұрты.
Мәдени мұрамыздың Оңтүстік Қазақстанда орналасқан археологиялық ескерткіштерінің ішінде Сауран қаласының көне жұрты ерекше орын алады. Оны зерттеу, қорғау және ашық мұражайға айналдыру – «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан ауқымды жобаның мақсаты болып отыр. Осы орайда, Сауранның ашық аспан астындағы қала-мұражай ретінде Ұлы Жібек Жолы бойында елеулі туристік торапқа айналуға барлық мүмкіндігі бар.
Қала жұрты уақыт тоздыруның әсерінен 3-6 метр биіктікте сақталынған қамал дуалдарымен қоршалып жатыр. Қала аумағының пішіні сопақ алаңқай түрінде келеді. Ол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытымен 800 м-ге, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 500 м-ге ұзынынан созылып жатыр. Қала аумағы айналасындағы тегістіктен 2-2,5 м биіктікке орналасқан. Қаланың қамал дуалдары биіктігі 2-3 метр келетін стилобаттың үстінен бой көтерген. Көзбен шолу барысында қамал дуалдары екі құрылыс кезеңін бастан өткергендігі анықталды. Алғашқы дуал белгілі бір уақытта тиянақты жөндеуден өткен болып отыр. Жөндеу жұмыстарының іздері дуалдың жақсы сақталған бөліктерінде айқын байқалады.
Қала жұртында соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде туристердің назарына ұсынуға тұрарлық көптеген ескерткіштер ашылды. Олардың қатарында Жұма-мешіт, мұнаралары шайқалмалы медересе, қала қақпасы, намазғақ, ханака, қоныс-жай бар.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ортағасырлық Сауран қаласы – туристік нысан ретінде
Бейсебаев А.И.

Өткен тарихымыздың жоғын жоқтап, барын түгендеп жатқан тұста Отандық
музей ісінде ескерткіштерді ашық аспан астындағы мұражай-қорыққа айналдыру
үрдісі кең етек алуда. Себебі, мәдени жәдігерлеріміздің көбісі алғашқы
қауым адамдарының тұрақтары мен қоныстары, обалар, қала жұрттары мен
кесенелер және тағы да сол сияқты ескерткіштер кең сахарамызда көктегі
жұлдыздардай шашылып жатыр. Олардың көбісі, магистральді автотрассалардың
бойында орналасқан. Солардың бірі – Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа
қарай 40 шақырым жерде, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының
шекарасында орналасқан ортағасырлық Сауран қаласының жұрты.
Мәдени мұрамыздың Оңтүстік Қазақстанда орналасқан археологиялық
ескерткіштерінің ішінде Сауран қаласының көне жұрты ерекше орын алады. Оны
зерттеу, қорғау және ашық мұражайға айналдыру – Мәдени мұра бағдарламасы
шеңберінде іске асырылып жатқан ауқымды жобаның мақсаты болып отыр. Осы
орайда, Сауранның ашық аспан астындағы қала-мұражай ретінде Ұлы Жібек Жолы
бойында елеулі туристік торапқа айналуға барлық мүмкіндігі бар.
Қала жұрты уақыт тоздыруның әсерінен 3-6 метр биіктікте сақталынған
қамал дуалдарымен қоршалып жатыр. Қала аумағының пішіні сопақ алаңқай
түрінде келеді. Ол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс бағытымен 800 м-ге,
солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 500 м-ге ұзынынан созылып жатыр.
Қала аумағы айналасындағы тегістіктен 2-2,5 м биіктікке орналасқан. Қаланың
қамал дуалдары биіктігі 2-3 метр келетін стилобаттың үстінен бой көтерген.
Көзбен шолу барысында қамал дуалдары екі құрылыс кезеңін бастан
өткергендігі анықталды. Алғашқы дуал белгілі бір уақытта тиянақты жөндеуден
өткен болып отыр. Жөндеу жұмыстарының іздері дуалдың жақсы сақталған
бөліктерінде айқын байқалады.
Қала жұртында соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер
нәтижесінде туристердің назарына ұсынуға тұрарлық көптеген ескерткіштер
ашылды. Олардың қатарында Жұма-мешіт, мұнаралары шайқалмалы медересе, қала
қақпасы, намазғақ, ханака, қоныс-жай бар. Енді осы нысандарға тоқталайық.
Бірінші кезекте қала ішіндегі ескерткіштерді атап өтейік:
1. Қала қақпасы. Сауранның ішіне екі қақпа арқылы кіруге болады.
Қаланың басты қақпасы қамал дуалдарының солтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан. Оның екі шетінде екі қабатты мұнаралар салынып, қақпа тұсындағы
қамал дуалдары күшейтілген. Қақпаның кіреберісі қамал дуалдарының шығыңқы
тұстарының есебінен дәліз түрінде жасалынған, ұзындығы жиырма метр келеді.
Қаланың екінші қақпасы (жақсы сақталмаған) қамал дуалдарының оңтүстік-
шығыс бөлігінде орналасқан. Шығыс жақтағы мұнарада ойық түрінде жасалған
(ені 1,2 м, биіктігі 1,7 м) қалаға кіретін жасырын есік орны байқалады.
2. Қамал дуалы. Қамал дуалының бойында шеті сыртқа шығарыла соғылған
дөңгелек пішінді, екі қабатты төрт мұнараның болғаны байқалады. Үстіңгі
қабаты тромптарға орнатылған күмбезбен жабылған. Оның қалдықтары әлі күнге
дейін сақталған. Мұнаралардың қабырғаларында да оқ ату үшін жасалған ені
шағын тесіктер бар.
Тереңдігі 1-3 м, ені 15-20 м шамасындағы ор қамал дуалдарын айналдыра
қоршап жатыр. Оны қазғанда шығарылған топырақтан биіктігі 1-1,5 м, ені 5 м
шамасындағы үйінді қаланған.
3. Мұнаралары шайқалмалы медресе. Қамал дуалдарының солтүстік-шығыс
қақпасынан қала ішіне ені 10 м келетін орталық бас көше алып барады. Одан
қала көшелерінің торабы бастау алады. Бұл қазір биіктігі 1,5-2 м дейін
жететін төмпешіктерге айналған жекелеген зәулім құрылыстар мен тұрғын үйлер
арасындағы қолаттардан кәдімгідей анық байқалады. Орталық көше солтүстік
шығыс қақпадан 200 м жерде аумағы 120×40 метр келетін қаланың орталық
алаңына келіп тіреледі. Алаңмен тоғысқан жерінде көшенің ені 16 м-ге дейін
ұлғаяды.
Солтүстік-шығыс қақпадан орталық алаңға алып баратын көшені бойлай
210м жүргенде сол жақ бетте орналасқан, жалпы ауданы 100х100м болатын,
беткі қабатында кірпіш үйіндісі қалған төбеде салынған қазба нәтижесінде
мұнаралары шайқалмалы медресе орны аршылды.
Қазба жұмыстары барысында ғимаратты әрлеуге арналған әшекейленген
сырлы кірпіштердің көптеген түрлері табылды. Олардың пішіндері трапеция,
алтыбұрыш, тікбұрыш болып келеді. Трапеция пішініндегі әшекейлік тақташалар
көк, ашық-көгілдір, жасыл, ақ және қоңыр түсті бояулармен аралас сырланған.
Тік бұрышты тақташалар біркелкі, көк немесе жасыл сырлармен боялған.
Әрлеуге арналған боялмаған кірпіштердің 27 пішіні бар. Олардың ішінде
көбірек кездесетіндері: алтыбұрыш, трапеция, жартылай келген алтыбұрыш және
тік бұрышты пішіндер.
Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде күйдірілген кірпіштерден
өріліп қаланған, қаланың орталық алаңы маңынан орын алып, өз заманының
айтулы сәулет өнерінің кереметі саналған ғимарат орны ашылуда. Бұл құрылыс
орны Бұхара билеушісі Убайдулланың әмірімен құрылысы 1515 жылы аяқталған,
мұнаралары шайқалмалы медресе деп анықталып отыр. Васифи жылнамасында сол
медресенің, әсіресе оның шайқалмалы мұнараларының суреттемесі бар. Олардың
біреуі 1867 жылы, екіншісі 1878 жылы құлап, қираған көрінеді.
4. Жұма-мешіт. Ұзындығы 15 м-ге, ені 2 м-ге тең траншея 1,5 метр
тереңдікте (төбенің ең жоғарғы нүктесінен) күйдірілген шаршы кірпіштен
төселген еден деңгейін анықтап берді. Қазба ғимаратты толықтай көлденең
кесіп өткендіктен оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс дуалдарының
қалдықтары анықталды. Сыртқы, оңтүстік-батыс (михраб) дуалы 5,5 қатар
кірпіштен 1,4м. қалыңдықта қаланған. Сақталып қалған биіктігі 7-8 қатар
кірпіш болып келеді. Солтүстік-шығыстағы дуал да осындай қалыңдықта болуы
тиіс. Оның сақталған биіктігі 1,2м. Олардың ортасында орналасқан бөлме (ені
9м.) ортасынан ені 1,4м. келетін тірек бағанамен бөлінген. Бір шеті қазба
алаңынан тыс қалғандықтан, оның ұзындығы анықталмай қалды. Бағанадан
солтүстік-шығыс дуалға қарай созылған ені 0,7м кереге байқалады. Солтүстік-
шығыс дуалда өткел болған секілді. Оның едені, дуалдың арғы жағы секілді
күйдірілген кірпіштің сынықтарынан төселген. Бұл өткел дуал бойында
орналасқан ені 1 м-ге жуық (3-4 қатар кірпіш деңгейінде қаланған) аласа
сыпаға келіп тіреледі. Ашылған алаңдағы ғимарат бөлігінің көрінісі осындай.
Осының негізінде бүкіл ғимараттың жобасын анықтауға болатын сияқты.
Л.Ю.Маньковскаяның классификациялауы бойынша, бұл ғимаратты жұма мешіт
үлгісіндегі екі қатарлы, бес нефті намазгох, түрі бойынша – алды ашық мешіт-
айуан болған деп шамалаудың қисыны бар[1].
Дуалды қалауға және еденді төсеуге көбінесе ені мен ұзындығы 25-27см.,
қалыңдығы 5см. шаршы кірпіштер пайдаланылған. Кірпіштің күйдірілуінің
сапасы негізінен жоғары болып келеді. Толық күйдірілмеген кірпіш ғимараттың
солтүстік-шығыс дуалының сақталынып қалған жоғарғы бөлігінде ғана
пайдаланылған. Кірпіштер жай саз балшықпен қаланған. Дуалдардың сақталып
калған қабырғаларында сылақ іздері байқалмады. Еден және дуал қалдықтарын
басып қалған үйінділер арасынан кірпіштерді қалауға пайдаланылған әк пен
алебастрдан жасалған ерітінді үлгілері табылды. Бұл ерітінді, сірә,
күмбіздерді қалағанда ғана пайдаланылса керек.
Еден кірпіштерінде көп басылудан пайда болған көнетоздық іздері
көрінеді. Кейбір кірпіштер шытынап кеткен. Солтүстік-шығыс дуал мен
ортадағы бағана алдындағы еденнің кірпіштері жоқ.
Еденді басып қалған қабат сынық (және бүтін) күйдірілген кірпіштің
топырақпен араласқан үйінділерінен кұралған. Тұрмыстық қыш ыдыстардың ұсақ
сынықтары, өндірістік ақаулы керамика қалдықтары, сырлы тостаған мен
табақтар жасау кезінде көзеші-шеберлер пайдаланған аспап - сепоя
сынықтары өте сирек ұшырасты. Үйінділер арасынан қаптауыш жылтыр кірпіш пен
тақташалардың қалдықтары да қазірше кездеспеді. Керамиканың жинап алынған
қалдықтарын - бояуланған кесе, пиалай, табақ және басқаларды нышандарына
қарай XVII-XVIII ғасырларға жатқызуға болады.
Қысқа мерзімді қазба жүмыстары барысында жинақталған мағлұматтар бізге
төмендегідей ой қорытуға мүмкіндік береді. Сауранның солтүстік-шығыс
кақпасынан бастау алатын басты көше бойында қаланың орталық алаңы
орналасқан. Алаңды айнала діни және қоғамдық сипаттағы зәулім ғимараттар
салынған. Қазіргі таңда олардың қалдықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Түркістан аймағындағы туризм
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
Туған жер туралы
Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Саурандағы археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі және зерттеулер барысынданда аршылған нысандар
Пәндер