Франсуа де Кальер



1. Кіріспе:
Ф. Кальердің өмірбаяны
2. Негізгі бөлім:
а) «Елшілерге арналған кітаптың» жазылу тарихы
ә) Кітаптың тараулары және елшілерге арналған кеңестері
3. Қорытынды
Франсуа де Кальер 1645 жылдың 14 мамырында дүниеге келген. Оны дипломат немесе жазушы деп дөп басып айту қиын болар, бірақ ол тарихта Людовик XΙV кеңесшісі болғандығымен қалды. Оның әкесі Шербурдың генерал-губернаторы болған, бос уақытында роман жазумен шұғылданған екен. Жазу дарынын Франсуа әкесінен алса керек. Франсуа де Кальер дипломатиялық мансабын Польшадан бастаған, онда болашақ жазушы ұзақ уақыт бойы «тәуелсіз бақылаушы» болды, яғни француз корольдігі үшін Польшаның басқаруы жайлы жасырын баяндамалар жасап отырған. Кейін ол Аугсбургс Лигасымен келісімсөз жүргізу үшін тағайындалды. Келіссөздер сәтті аяқталыып, Франсуа өзінің келесі жұмысына көшті, бұл ретте ол Версальдағы кабинет кеңесшісі лауазымына ие болды. Өмірінің соңына дейін ол халықаралық қатынастарға арналған кітап пен француз әдебиетіне қатысты бірнеше еңбек жазып қалдырды. Дегенмен оның ең басты және ең маңызды жетістігі ретінде оның «Патша ағзамдармен қалай келісуге болады» деген кітабын атау керек. Бұл кітапта француз корольдігінің жасырын дерекетері көп болды , сондықтан оны тек «күн-патша» қайтыс болғаннан кейін ғана басып шығаруға мүмкіндік туды. Оған дейін кітап автордың қолында қолжазба күйінде 15 жыл жатқан екен. Бұның себебі тек Людовик XΙV ғана емес, сонымен қатар кітап сол заманның ұлы ойшылы деп есептелген Н.Макиавеллидің пікіріне қайшы келеді. Ал Макиавеллидің жақтаушысы – «күн – патша» болған деседі. Яғни Кальер XVΙΙ ғасыр бойы бүкіл Еуропаға үлгі болған адамның сөздеріне, нақтырақ айтсақ, «қулықпен, алдау-арбаумен, кез келген әдіспен серіктесіңді жеңіп шығу қажет» деген пікірге қарсы уәж айтты.
Франсуа Кальер Француз академиясының мүшесі болған.
1. http://www.mid.ru/dip_vest.nsf/99b2ddc4f717c733c32567370042ee43/3c4c131fee5cbf5bc3256ab60043b64c?OpenDocument
2. http://www.echo.msk.ru/programs/deniok/36423/index.html
3. www.google.ru
4. www.yandex.ru
5. www.wikipedia.ru

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Дипломатиямен тек ақша немесе мансап үшін айналысып жүргендер, шындығында
дипломатия туралы ештеңе де түсінбейді.Олар сеніп тапсырылған жұмысқа тек
нұқсан келтіредіі Франсуа Кальер(1645-1717 ж.ж.)
Франсуа де Кальер 1645 жылдың 14 мамырында дүниеге келген. Оны дипломат
немесе жазушы деп дөп басып айту қиын болар, бірақ ол тарихта Людовик XΙV
кеңесшісі болғандығымен қалды. Оның әкесі Шербурдың генерал-губернаторы
болған, бос уақытында роман жазумен шұғылданған екен. Жазу дарынын Франсуа
әкесінен алса керек. Франсуа де Кальер дипломатиялық мансабын Польшадан
бастаған, онда болашақ жазушы ұзақ уақыт бойы тәуелсіз бақылаушы болды,
яғни француз корольдігі үшін Польшаның басқаруы жайлы жасырын баяндамалар
жасап отырған. Кейін ол Аугсбургс Лигасымен келісімсөз жүргізу үшін
тағайындалды. Келіссөздер сәтті аяқталыып, Франсуа өзінің келесі жұмысына
көшті, бұл ретте ол Версальдағы кабинет кеңесшісі лауазымына ие болды.
Өмірінің соңына дейін ол халықаралық қатынастарға арналған кітап пен
француз әдебиетіне қатысты бірнеше еңбек жазып қалдырды. Дегенмен оның ең
басты және ең маңызды жетістігі ретінде оның Патша ағзамдармен қалай
келісуге болады деген кітабын атау керек. Бұл кітапта француз
корольдігінің жасырын дерекетері көп болды , сондықтан оны тек күн-
патша қайтыс болғаннан кейін ғана басып шығаруға мүмкіндік туды. Оған
дейін кітап автордың қолында қолжазба күйінде 15 жыл жатқан екен. Бұның
себебі тек Людовик XΙV ғана емес, сонымен қатар кітап сол заманның ұлы
ойшылы деп есептелген Н.Макиавеллидің пікіріне қайшы келеді. Ал
Макиавеллидің жақтаушысы – күн – патша болған деседі. Яғни Кальер XVΙΙ
ғасыр бойы бүкіл Еуропаға үлгі болған адамның сөздеріне, нақтырақ айтсақ,
қулықпен, алдау-арбаумен, кез келген әдіспен серіктесіңді жеңіп шығу
қажет деген пікірге қарсы уәж айтты.
Франсуа Кальер Француз академиясының мүшесі болған.
Ол Париж қаласында 1716 жылы Елшілерге арналған кітап атты оқу құралын
шығарды. Оны бүгінде Дипломатия өнері деген атпен жариялап жүр. Ал
автордың заманында XVΙΙ ғасырда ол Тәуелсіз басшылармен жүргізілетін
келіссөздер деп аталған. Бүгінгі күннің өзінде ірі дипломаттар дипломатия
теориясының классигі ретінде Кальердің сөздеріне құлақ асады. Бұл еңбектің
қалай классикаға айналуына жауап іздер болсақ, ол мынау: Кальер бұл салаға
жеке дара ілім ретінде қараған, оның артықшылықтарын, ерекшеліктерін
саралап көрсеткен. Дипломатияны - өнер деп атаған. Және ең бастысы оған
салмақты мінезбен қарауға шақырған, дипломат қасиеттерін атап өтіп, оларға
әр уақытта білім алудан шаршамауы, әрқашан шыңдалу үстінде болуы
керектігіне үлкен назар аударған.
Ресейде Елшілерге арналған кітап 1772 жылы жарық көрген екен, алайда оның
көптің қолына қайта өңделіп жеткеніне көп уақыт болған жоқ. Осы басылымның
қайта жарық көруіне әсер еткен академик В.В. Попов. Бір қызығы – Кальердің
кітабы Англия, Канада, АҚШ-та жарияланған кітаптары француздық екітомдық
түпнұсқаның тек жарымы ғана екен, ал Ресейде XVΙΙΙ ғасырда жарық көрген
аудармасы толығымен түпнұсқаға сай .
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Елшілерге арналған кітап
дипломатиямен бұрыннан айналысып жүрген азулы шеберлермен қатар аталмыш
жолға жаңа бұрған оқушылар, студенттер үшін де маңызды , көп мәлімет
алуға болар құрал болып табылады. Біршама маңызды келіссөздер және бейбіт
келісімдер жасасқан Франсуа Кальердің есімі дипломатияның жеке ғылым
ретінде қалыптасқан кезеңінде әйгілі болды. Қайта өрлеу дәуірінде Италяның
қалаларында пайда болған жаңа жүйе кардинал Решельені және өзге де мемлекет
басшыларының назарын аударып, бүкіл әлемді жаулап алды. Дипломатиялық қарым-
қатынасты реттейтін халықаралық құқықтың негізін XVII ғасырда голландық
заңгер Гуго Гроций мен неміс заңгері Самуэлем Пуфендор қалады. Сол
замандағы кітаптардың барлығы дерлік латын тілінде жарық көрген. Әдетте
олар бүкіл Еуропаға тарайтын.
Кальердің кітабы жарық көрген уақытта мемлекеттің сыртқы саясатына арналған
біршама басқа да еңбектер жинақталып қалған еді. Мысалға алар болсақ,
атақты америкадық тарихшы Уильям Прескот XVΙ ғасырдағы дипломаттар үшін
шынайы кітап деп атаған Никола Макиавеллидің Өкілдік хаттары ,
италияандық заңтанушы Альберико Джентилидің 1585 жылғы Елшіліктер туралы
үш кітап пен 1589 жылғы Соғыс құқығы жайындағы үш кітап еңбектері
болған. XVII ғасырда кардинал Решельенің Саяси мұра атты кітабы жарық
көрді. Сонымен қатар итальяндық дипломат Гаспаре Брагачченің Елші (1627ж)
мен голландық дипломат Абрахама де Викфорта Елші және оның қызметі
(1680ж) деген оқу құралдырын атауға болады.
Ф.Кальердің кітабы атауынан-ақ оның келісөздер жүргізумен кәсіби түрде
айналысып жүрген адамдарға арналған екенін аңғаруға боллады. XX ғасырдың
атақты дипломат ғалымы бұл еңбекті ұлы және осы заманға дейін жазылған
дипломатия туралы кітаптардың ең ерекшесі деп атаған. Ойлы оқырман
иллюминист Кальердің стилі Н. Макиавеллиден ерекшелетінін бірден түсіне
алады. Соңғысы туралы ағылшын дипломаты Томас Маколей Кейбір сөздерін
оқып отырып, ешқандай кәсіби дипломат сөз етпетін мәселелер қозғалатынын
байқауға болса, кейбір ойлар мектеп жасындағы оқушының қаламынан туындаған
пікірлер деген сезімді тудырады деген екен. Яғни Н. Макиавеллидің және
өзге де сол замандағы авторлардың қателігі – жалаң кеңес берумен және
қызуқандылыққа салынумен есте қалса керек. Ал Кальердің айырмашылығы –
салмақты оймен өз тақырыбын терең зерттеп, саралап жаза білген.
Бірақ, әрине, мәселе тек стильде ғана емес. Кальердің еңбегі дипломатиялық
теорияны қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі болды. Алайда автор
өзіне дейінгі кітаптарды жоғары бағалаған, және олармен санасқан, оның
сүйікті жазушысы Викфорт болған екен. Кальер халықаралық құқыққа (jus
intergentium) халық құқығы (jus gentium) терминін енгізген сол деп білген
деседі. Бірақ Франсуа Кальер өзінің жеке, дара жолын, стилін, әдісін
қалыптастыруға тырысқан. Мысалы: ол өз еңбегінде оқиғалардың тарихи желісін
жасамаған, оның орнына елшінің мемлекет басшыларымен қалай жақсы саяси
қарым - қатынас құруға болатынына көп тоқталған. Тіпті психологиялық
талдау, зерттеу жасаған десе де болар.
Кальер дипломатияны халықаралық қатынастар жүзеге асыратын кішкентай
механизм ретінде қарастырған. Оның кітабының негізгі ойы – дипломатияның
мақсатын айқындау. Кальердің пікірінше дипломатияның мақсаты –
қызуғышылықтар қақтығысының үлкен соғысқа айналып кетпеуін қамтамасыз ету.
Бұл ойды мына бір сөзімен дәлелдеуге болады: Елшілерге соғысты жариялау
жараспайды, олардың дәрежесі мен атқаратын міндеті бейбіт болып келеді.
Елші әрқашан екі жаққа да жағымды болатын шешімге тоқтауға тырысуы қажет,
ол өзіне де өзгегеде пайда әкеледі.
Кітаптың ең маңызды тарауларын автор иландыру, нандыру мәселелеріне
арнайды. Бұның өзі нағыз өнер деп бағалайды, себебі қару көрсетіп
қорқытқанша, әңгімелесушіні өз позицияңмен келісуге, оны түсінуге және
қабылдауға идіру – техника, ым, ишара, кәсібилік талап ететін мәселе дейді.

Ал елшінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дипломатиялық институттарға аса
үлкен мән бермей, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елшілерге арналған кітаптың жазылу тарихы
Ришельенің Францияның дипломатиялық қызметіне қосқан үлесі
Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі
1974-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫ» ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚШ-ТЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Франсуа Вольтер философиясы
Антуан Франсуа Экзиль Прево
ХІХ ғасырдың І жартысындағы Реализм және Импрессионизм өнері
Қырғи қабақ соғыс жағдайындағы АҚШ пен Совет одағы және Францияның қарым - қатынастары
Виет теоремалары
Адам Смит ілімі
Пәндер