Сатып алу – сату туралы



Кіріспе

Негізгі бөлім

1.тарау. Сатып алу . сату туралы жалпы ережелер
2. тарау. Бөлшектеп сатып алу . сату
3.тарау. Тауар жеткізілімі


Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сатып алу – сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша соммасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді. Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу – сатуға, егер заң актілерінде оларды сатып алу – сатудың арнаулы ережелері белгіленбесе, ҚР азаматтық кодексінде ережелер қолданылады. Осы кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларда тауардың жекелеген түрлерін сатып алу – сату ерекшеліктері заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. ҚР азаматтық кодексінде көзделген ережелер, егер бұл құқықтардың мазмұнынан немесе сипатынан өзгеше туындамаса, мүліктік құқықтарды сатуға қолданылады. Сатып алу – сату шартының жекелеген түрлеріне (бөлшек саудамен сатып алу- сату, тауарлар жеткізілімі, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсіпорынды сату), егер ҚР азаматтық кодекстің ережелерінде бұл түрлердің шарттары туралы өзгеше көзделмесе, сатып алу – сату шартының ережелері қолданылады.
ҚР азаматтық кодексінің 116-бабындағы ережелерді сақтай отырып, кез келген зат шарт бойынша сатып алу – сату тауары болып табылады. Шарт жасасқан кезде сатушының бар қолында тауарды, сондай ақ заң актілерінде өзгеше белгіленбесе немесе тауардың сипатынан өзге жағдай туындамаса, сатып алушының болашақта шығаратын немесе сатып алатын тауарын сатып алу – сатуға шарт жасалуы мүмкін. Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкіндік берсе, тауар туралы талап (елеулі талаптар) келісілген деп есептеледі. Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге міндетті. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек жарақтарын, сондай ақ нормативтік құқықтық актілерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды беруге міндетті. Сатушыныың сатып алушыға тауарды беру міндетін орындау мерзімі шартта белгіленеді, ал егер шартта мерзімді белгілеуге мүмкіндік болмаса, ҚР азаматтық кодексінің 277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгіленеді. Егер мерзім бұзылған кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделілігі жоғалатындығы шарттан айқын туындайтын болса, сатып алу – сату шарты оны қатаң белгіленген мерзімде орындау талабымен жасалды деп танылады. Сатушының мұндай шартты онда белгіленген мерзім басталғанға дейін немесе біткеннен кейін сатып алушының келуінсіз орындауға құқығы жоқ. Заң актілерінде немесе шартта сатып алу – сату шартын бөліп орындау жағдайлары белгіленуі мүмкін.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1998 жылы бүкіл халықаралық референдумде қабылдарған. Алматы., „Баспа”
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс жалпы бөлім 1995 жыл. Алматы., „Жеті-жарғы”.
3. Борзенков Г.Н., Ответственность за мошенничество., М., 1971г.
4. Комментарий к УК Казахской ССР, Алматы, 1980г.
5. Ж. Советская юстиция, 1986г., №4 с.19.
6. Вечерний Алматы, 27 января 1995г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
1-тару. Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер

Сатып алу – сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші
тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне жедел басқаруына
беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және
ол үшін белгілі бір ақша соммасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді. Бағалы
қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу – сатуға, егер заң
актілерінде оларды сатып алу – сатудың арнаулы ережелері белгіленбесе, ҚР
азаматтық кодексінде ережелер қолданылады. Осы кодексте немесе өзге де заң
актілерінде көзделген жағдайларда тауардың жекелеген түрлерін сатып алу –
сату ерекшеліктері заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық
актілерде белгіленеді. ҚР азаматтық кодексінде көзделген ережелер, егер бұл
құқықтардың мазмұнынан немесе сипатынан өзгеше туындамаса, мүліктік
құқықтарды сатуға қолданылады. Сатып алу – сату шартының жекелеген
түрлеріне (бөлшек саудамен сатып алу- сату, тауарлар жеткізілімі,
энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсіпорынды сату), егер ҚР азаматтық
кодекстің ережелерінде бұл түрлердің шарттары туралы өзгеше көзделмесе,
сатып алу – сату шартының ережелері қолданылады.
ҚР азаматтық кодексінің 116-бабындағы ережелерді сақтай отырып, кез келген
зат шарт бойынша сатып алу – сату тауары болып табылады. Шарт жасасқан
кезде сатушының бар қолында тауарды, сондай ақ заң актілерінде өзгеше
белгіленбесе немесе тауардың сипатынан өзге жағдай туындамаса, сатып
алушының болашақта шығаратын немесе сатып алатын тауарын сатып алу – сатуға
шарт жасалуы мүмкін. Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға
мүмкіндік берсе, тауар туралы талап (елеулі талаптар) келісілген деп
есептеледі. Сатушы шартта көзделген тауарды сатып алушыға беруге міндетті.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға
оның керек жарақтарын, сондай ақ нормативтік құқықтық актілерде немесе
шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды беруге міндетті. Сатушыныың
сатып алушыға тауарды беру міндетін орындау мерзімі шартта белгіленеді, ал
егер шартта мерзімді белгілеуге мүмкіндік болмаса, ҚР азаматтық кодексінің
277-бабында көзделген ережелерге сәйкес белгіленеді. Егер мерзім бұзылған
кезде сатып алушының шартты орындауға мүдделілігі жоғалатындығы шарттан
айқын туындайтын болса, сатып алу – сату шарты оны қатаң белгіленген
мерзімде орындау талабымен жасалды деп танылады. Сатушының мұндай шартты
онда белгіленген мерзім басталғанға дейін немесе біткеннен кейін сатып
алушының келуінсіз орындауға құқығы жоқ. Заң актілерінде немесе шартта
сатып алу – сату шартын бөліп орындау жағдайлары белгіленуі мүмкін.
Егер сатып алу – сату шартында өзгеше көзделмесе, сатушының сатып алушыға
тауар беру міндеті:
❖ Егер шартта тауарды жеткізіп беру бойынша сатушының міндеті көзделсе,
сатып алушыға немесе ол атаған адамға тауарды берген;
❖ 2) Егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға немесе ол
атаған адамға берілуге тиіс болса, сатып алушының билігіне тауар
берген кезінде орындалған болып есептеледі.
Тауар шартта көзделген мерзімде тиісті жерде беруге дайын тұрған және сатып
алушы шарт талаптарына сәйкес тауардың беруге дайын екендігі туралы
хабардар болған кезде тауар сатып алушының билігіне берілген болып
есептеледі. Егер тауар таңбалау арқылы немесе өзгеше түрде шарт мақсаттары
үшін сәйкестерілдінбесе тауар берілуге дайын емес деп танылады. Тауарды
жеткізіп беру немесе сатып алушыға оның орналасқан жерінде тауар беру
жөнінде сатып алу сату шартынан сатушының міндеті туындамаған жағдайларда,
егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды тасымалдаушыға немесе сатып алушыға
жеткізу үшін байланыс ұйымына берген кезде сатушының тауарды сатып алушыға
беру міндеті орындалған болып есептеледі. Егер сатып алу сату шартында
өзгеше көзделмесе, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі
сатушы заң актілеріне немесе шартқа сәйкес сатып алушыға тауар беру жөнінде
өз міндетін атқарды деп есптелетін кезден бастап сатып алушыға ауысады.
Жолда келе жатқан кезде сатылған тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ
бүліну қаупі, егер шартта немесе іскерлік айналым ғұрпында өзгеше
көзделмесе, сатып алу сату шарты жасалған кезден бастап сатып алушыға
ауысыды. Егер шарт жасасқан кезде сатушы тауардың жоғалтылғанын немесе
бүлінгенін білсе немесе білуі тиіс болса және бұл туралы сатып алушыға
хабарламаса, тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі сатып
алушының талап етуі бойынша тауар бірінші тасымалдаушыға өткізілген кезден
бастап сатып алушыға ауысатындығы туралы шарт талабын сот жарамсыз деп
тануы мүмкін.
Меншік құқығы, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы сатып
алушыға тауарды берместен бұрын ауысқан кезде сатушы тауарды бергенге дейін
оның нашарлануына жол бермей сақтауға міндетті. Егер тараптардың
келісімінде өзгеше көзделмесе, сатып алушы сатушыға бұған қажетті
шығындарды өтеугу міндетті. Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтары
жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші
тұлғалардан кез келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге
міндетті. Егер тауарға үшінші тұлғалардың құқықтары туралы сатып алушының
білгендігі немесе білуге тиіс екендігі дәлелденбесе, сатушының бұл
міндеттерді орындамауы сатып алушыға сол тауардың сатып алу бағасын
кемітуді не шартты бұзуды және заладарды өтеуді талап ету құқығын береді.
Тауарды сатып алушыға беру кезінде үшінші тұлғалардың оған қатысты
талаптары болып, ол жөнінде сатушы білген жағдайда, егер бұл талаптар
кейіннен белгіленген тәртіппен заңды деп танылса, тиісінше ҚР азаматтық
кодекстің ережелері қолданылады. Шартты орындауға дейін пайда болған
негіздер бойынша үшінші тұлғалар сатып алушыдан тауардыалып қойған кезде
сатушы, егер сатып алушы осы негіздердің болғаны туралы білгенін немесе
білуге тиіс екенін дәлелдей алмаса, сатып алушыға оның залалын өтеуге
міндетті. Үшінші тұлғалардың сатып алушыдан сатып алған тауарын талап еткен
жағдайда тараптардың сатушыны жауапкершіліктен босату немесе
жауапкершілігін шектеу туралы келісімі жарамсыз болады.

Егер үшініші тұлға шарт орындалғанға дейін туындаған негіздер бойынша сатып
алушыға тауарды алып қою туралы талап арыз қойса, сатып алушы сатушыны бұл
іске қатысуға тартуға міндетті, ал сатушы бұл іске сатып алушы тарапынан
араласуға міндетті. Егер сатушы іске қатыса отырып, сатылған тауарды сатып
алушыдан алып қоятынын болдырмайтынын дәлелдей алса, сатып алушының
сатушыны іске қатысуға тартпауы сатушыны сатып алушы алдындағы
жауапкершіліктен босатады.Сатып алушы іске қатысуға тартқан, бірақ оған
қатыспаған сатушы сатып алушының істі дұрыс жүргізбегенін дәлелдеу
құқығынан айырылады. Егер сатушы сатып алушыға сатылған тауарды беруден бас
тартса, сатып алушы сатып алу - сату шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
Сатушы белгілі бір жеке затты беруден бас тартқан жағдайда сатып алушы
сатушыға ҚР азаматтық кодекстің 355-бабында көзделген талаптарды қоюға
құқылы. Егер сатушы өзі беруге тиісті тауарға қатысты керек жарақтарды
немесе құжаттарды сатып алушыға бермесе немесе беруден бас тартса, сатып
алушы оларды беру үшін оған қисыңды мерзім тағайындауға құқылы. Сатушы
тауарға қатысты керек жарақтарды немесе құжаттарды аталған мерзімде
бермеген жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы тауарды
қабылдаудан бас тартуға құқылы. Сатып алушыға берілуге тиіс саны шартта
тиісті өлшембірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде кездеседі. Тауарлардың
саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісуі
мүмкін.
Егер сатушы шарт талабын бұза отырып, сатып алушыға тауар санын шартта
белгіленгенінен кемірек берсе, сатып алушы, егер шартта өзгеше көзделмесе,
не тауардың жетіспейтін санын беруді талап етуге, не берілген тауардан және
оған ақы төлеуден бас тартуға, ал егер ақысы төленіп қойған болса, оған
төленген ақша соммасын қайтаруды талап етуге құқылы. Сатушы сатып алушыға
тауарды шартта көрсетілгенінен артық мөлшерде берген жағдайда сатып алушы
бұл туралы сатушыға ҚР азаматтық кодекстің 436-бабының 1-тармағында
көзделген тәртіппен хабарлауға міндетті. Егр сатып алушыдан хабар
алынғаннан кейін қисынды мерзімде сатушы тиісті тауарға билік етпесе,
шартта өзгеше көзделмегендіктен, сатып алушы бүкіл тауарды қабылдауға
құқылы. Сатып алушы тауарды шартта белгіленгенінен артық мөлшерде
қабылдаған жағдайда тиісті тауарға ақы, егер тараптардың өзгеше баға
белгіленбесе, шартқа сәйкес қабылданған тауар үшін белгіленген баға бойынша
төленеді. Егер сатып алу сату шарты бойынша түрлеріне, үлгілеріне,
мөлшеріне, түстері мен өзге де белгілеріне қарай белгіленген тауарлар
берілуге тиіс болса, сатушы сатып алушыға тауарларды тараптар келіскен түр
– түрі бойынша беруге міндетті. Сатушы шартта көзделген тауарлардың түр –
түрін шартқа сәйкес келмейтін етіп берген кезде сатып алушы оларды
қабылдаудан және ақы төлеуден бас тартуға, ал егер оларға ақы төленіп
қойған болса, төленеген ақша соммасын қайтаруды талап етуге құқылы. Егер
сатушы сатып алушыға түр – түрі шартқа сәйкес келетін тауарлармен қатар,
олардың түр – түрі туралы шарттың талаптарын бұза отырып тауарлар берсе
сатып алушы өз қалауы бойынша:
1) түр – түрі туралы шарттың талаптарына сәйкес келетін тауарды қабылдап,
қалған тауарлардан бас тартуға;
2) берілген барлық тауарлардан бас тартуға;
3) түр – түрі туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарлырды
шартта көзделген түр –түріндегі тауарлармен алмастыруды талп етуге;
Түр – түрі шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарлардан бас тартқан
немесе түр – түрі туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды
алмастыру жөнінде талап қойған жағдайда сатып алушы бұл тауарларға ақы
төлеуден бас тартуға да, ал егер ақы төленіп қойған болса, төленген
сомманың қайтарылуын талап етуге құқылы. Егер сатып алушы түр – түрі туралы
шарттың талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды алғаннан кейін он бес күн
мерзімде өзінің тауарлардан бас тартатынын сатушыға хабарламаса, олар
қабылданған деп есептеледі. Егер сатып алушы түр – түрі шартқа сәйкес
келмейтін тауарларданбас тартпаса, оларға сатушымен келісілген баға бойынша
ақы төлеуге міндетті. Сатушы бағаны он бес күн мерзімде келісу жөнінде
қажетті шаралар қолданбаған жағдайда, сатып алушы тауарғашарт жасалған
кезде әдетте сол сияқты мән жайларда ұқсас тауарлар үшін алынатын баға
бойынша ақы төлейді. Егер сатып алу сату шартында өзгеше көзделмесе, ҚР
азаматтық кодекстің ережелері қолданылады. Сатушы сатып алушыға сапасы
шартқа келетін тауар беруге міндетті. Шартта тауардың сапасы туралы
талаптар болмаған жағдайда сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар
пайдаланатын мақсаттарға жарамды беруге міндетті. Егер сатушы шарт жасасу
кезінде сатып алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы
хабарламаған болса, сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға
жарамды тауар беруге міндетті. Тауарды үлгісі бойынша және сипаттамасы
бойынша сатқан жағдайда сатушы сатып алушыға үлгіге және сипаттамасына
сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер сатылатын тауардың сапасына заң
актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе,
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті
талаптарға сәйкес келетін тауар берілуі мүмкін. Сатушы сатып алушы
арасындағы келісім бойынша, заң актілерінде көзделген тәртіппен белгіленген
міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын жоғары талаптарға
сәйкес келетін тауар берілуге міндетті. Сатушы сатып алушыға беруге
міндетті тауар оны сатып алушыға берер кезде, егер тауардың бұл талаптарға
сәйкестігін айқындаудың өзгеше жағдайы шартта көзделмесе, ҚР азаматтық
кодексінің баптарына көзделегн талаптарға сәйкес келуге тиіс және қисыңды
мерзім шегінде әдетте осы тектес тауар пайдалынатын мақсаттар үшін жарамды
болуға тиіс. Заңдарда, мемлекеттк стандарттардың міндетті талаптарына
немесе басқа да міндетті ережелерде бітуіне қарай тауар мақсаты бойынша
пайдалануға жарамсыз саналатын уақыт кезеңі сондай ақ тауарда оның
жарамдылық мерзімі көрсетілетін жағдайлар белгіленуі мүмкін.Сатушы
жарамдылық мерзімі белгіленген тауарларды сатып алушыға жарамдылық мерзімі
біткенге дейін олардың мақсаты бойынша пайдалануға болатындай есеппен
беруге міндетті. Тауардың жарамдылық мерзімі оның дайындалған күнінен
бастап есептелетін, осы мерзім ішінде тауар пайдпалануға жарамды болатын
уақыт кезеңімен, не басталғанға дейін тауар пайдалануға жарамды болатын
күнмен белгіленеді. Шартта сатушының тауар сапасына кепілдік беруі
көзделген жағдайда сатушы шартта белгіленген белгілі бір уақыт кезеңі
ішінде сатып алушыға ҚР азаматтық кодекстің 422-бабында көзделген
талаптарға сәйкес келуге тиісті тауар беруге міндетті. Тауар сапасына
кепілдік, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық құрамдас бөліктеріне
де қолдданылады. Кепілді мерзім егер шартта өзгеше көзделмесе тауар сатып
алушыға берілген көзден есептеле бастайды. Егер сатып алушының сатушыға
байланысты мән жайлар бойынша шартта кепілді мерзім белгіленеген тауарды
пайдалану мүмкіндігі болмаса сатушы тиісті мән жайларды жойғанға дейін
кепілді мерзім өтпей тұрады. Егер шартта өзгеше көзделмесе ҚР азаматтық
кодексінің 436-бабында белгіленген тәртіп бойынша сатып алушыға тауардың
кемшіліктері туралы хабарлаған жағдайда кепілді мерзім тауар ондағы
байқалған кемшіліктер себепті пайдаланыла алмаған уақытта ұзартылады. Егер
шартта өзгеше көзделмесе жинақтаушы бөлімге берілген кепілді мерзім негізгі
бұйымға берілген кепілді мерзімге тең болып есептеледі және негізгі бұйымға
берілген кепілді мерзімнен бір мезгілде өте бастайды. Егер шартта өзгеше
көзделмесе тауарды алмастырған кезде кепілді мерзім қайтадан басталады.
Егер заңдарда немесе шартта тауардың сапасын тексеру көзделсе ол соларда
белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік
стандарттарда стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда
тауарлардың сапасын тексеруге міндетті талаптар белгіленген жағдайларда
сапаны тексеру оларда келтірілген нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Егер ҚР азаматтық кодекстің 427-баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен
тауардың сапасын тексеру талаптары көзделмесе тауар сапасын тексеру
іскерлік айналым дағдыларына немесе әдетте шарт бойынша берілуге тиіс
тауарды тексеру жағдайларына қолданылатын өзге де талаптарға сәйкес
жүргізілуге тиіс. Егер заң актілерінде мемлекеттік стандарттың міндетті
талаптарына стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда немесе
шартта сатушының сатып алушыға беретін тауарының сапасын тексеру міндетті
көзделген болса саиушы сатып алушының талап етуі бойынша оған тауар сапасын
тексеруді жүзеге асырғандығы жөнінде дәлелдемелерді табыс етуге міндетті.
Егер сатушы тауардың кемшіліктері туралы айтпаған болса тиісті сапасы жоқ
тауар берілген сатып алушы өз қалауы бойынша сатушыдан:
➢ сатып алу бағасын сол мөлшерде кемітуді
➢ қисыңды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жоюды
➢ тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеуді
➢ тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен алмастыруды
➢ шартта орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша соммасын
қайтаруды талап етуге құқылы. Шарттың сатып алушының осы тармақта
көзделген құқықтардын бас тартуы туралы талаптары жарамсыз болып
табылады.
Жиынтыққа кіретін тауарлардың бір бөлігінің сапасын тиісті деңгейге
болмаған жағдайда сатып алушы тауардың осы бөлігіне қатысты ҚР азаматтық
кодекстің 428-баптың 1-тармағында көзделген құқықты жүзеге асыруға
құқылы. Тиісті сапасы жоқ тауарды сатушы оның дайындаушысы болмайтын
жағдайда тауарды алмастыру немесе оның кемшіліктерін тегін жою туралы
талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылу
мүмкін. Егер сатып алушы тауардағы кемшіліктерін өзіне берілгенге дейін
пайда болғанын немесе сол кезге дейін пайда болған себептерден
туындағанын дәлелдесе тауардың кемшіліктері үшін сатушы жауап береді.
Сатушы сатылған тауарыдң кемшіліктері үшін олар жөнінде өзі білмеген
кезде де жауап береді. Сатушыны жауапкершіліктен босату туралы немесе оны
шектеу туралы келісім жарамсыз болады. Егер тауардағы кемшіліктердің олар
сатып алушыға берілгеннен кейін сатып алушының тауарды пайдалану немесе
сақтау ережелерін бұзуы не үшінші бір тұлғалардың әрекеттері немесе дүлей
күштің салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе сатушы кепілдің берген
тауарға қатысты тауардың кемшіліктері үшін жауап береді. Егер заң
актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе тауар кемшіліктері ҚР
азаматтық кодекстің 430-бапта белгіленген мерзімде анықталған жағдайда
сатып алушы оның кемшіліктеріне байланысты талаптар қоюға құқылы. Егер
тауарға кепілді мерзім немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе сатылған
тауардағы кемшіліктер қисыңды мерзімде бірақ тауардың сатып алушыға
берілген күнінен бастап екі жыл шегінен табылған жағдайда егер заң
актілерінде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе сатып алушы
тауардың кемшіліктеріне байланысты талаптар қоя алады. Тасымалдануға
немесе почта арқылы жөнелтуге тиісті тауардың кемшіліктерін анықтауға
арналған мерзім тауардың жеткізілген жерігде алынған күнінен бастап
есептеледі. Егер тауарға кепілді мерзім белгіленсе сатып алушы кепілді
мерзім ішінде тауардың кемшіліктеріне байланысты талаптар қоюға құқылы.
Шартта негізгі бұйымға қарағанда жиынтықтаушы бұйымдарға ұзақтығы қысқа
кепілді мерзім белгіленген жағдайда сатып алушы негізгі бұйымға
белгіленген кепілді мерзім ішінде кемшіліктер табылған кезде жиынтықтаушы
бұйымның кемшіліктері туралы талаптар қоюға құқылы. Егер шартта негізгі
бұйымға белгіленген кепілді мерзімге қарағанда жиынтықтаушы бұйымға
ұзағырақ кепілді мерзім белгіленсе сатып алушы негізгі бұйымға
белгіленген кепілді мерзімнің өткеніне қарамастан жиынтықтаушы бұйымның
кемшіліктері оған белгіленген кепілді мерзім ішнде табылса тауар
кемшіліктері туралы талаптар қоюға құқылы. Егер кемшіліктер тауардың
жарамдылық мерзімі ішінде табылса сатып алушы жарамдылық мерзімі
белгіленген тауарға байланысты тауарлардың кемшіліктері туралы талаптар
қоюға құқылы. Шартта көзделген кепілді мерзім екі жылдан кемболып сатып
алушы тауардың кемшіліктерін кепілді мерзім өткеннен кейін бірақ тауардың
сатып алушыға берілген күнінен бастап екі жыл шегінде тапқан жағдайда
егер сатып алушы тауардың кемшіліктері тауар сатып алушыға берілгенге
дейін немесе сол кезге дейін пайда болған себептерден туындағанын
дәлелдесе сатушы жауап береді. Сатушы сатып алушыға жиынтықтылық туралы
шарттың талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті. Шартта тауардың
жынтықтылығы белгіленген жағдайда сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы
іскерлік айналым дағдыларымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен
белгіленетін тауар беруге міндетті. Егер шартта сатушының сатып алушыға
белгілі бір жиынтықтағы тауарлар жинағын беру міндетті көзделсе,
жиынтыққа енгізілген барлық тауарлар берілген кезден бастап міндеттеме
рындалған болып есептеледі. Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол
міндеттеменің мәнінен туындамаса сытушы сатып алушыға жиынтыққа ететін
барлыұ тауарды бір мезгілде беру міндетті. Жиынтықтылмаған тауарлар
берілген жағдайда сатып алушы өз таңдауы бойынша сатушыдан:
• сатып алу бағасын сол мөлшерде кемітуді
• тауарларды қисыңды мерзімде толымды жиынтықтауды
• жиынтықталмаған тауарды жиынтықталған тауармен алмастыруды
• шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша соммасын
қайтаруды талап етуге құқылы.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе
тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа
салып және буып түйіп беруге міндетті. Егер шартта ыдыспен буып түюег
талаптар белгіленбесе тауар осындай тауарға арналған әдеттегі әдіспен, ал
бұлай болмағанда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы
тектес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынуға
немесе буып түйілуге тиіс. Егер заңдарда белгіленген тәртіппен ыдысқа
салынуға және буып түйілуге міндетті талаптар көзделсе кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға тауарды осындай міндетті
талаптарға сай келетін ыдысқа салып немесе буып түйіп беруге міндетті.
Ыдысқа салынуға және буып түйілуге тиіс тауар сатып алушыға ыдыссыз
немесе буып түюсіз не тиісті ыдысқа салынбай және буып түйілмей берілген
жағдайда сатып алушы сатушыдан егер шарттан міндеттеменің мәнінен немесе
тауардың сипатынан өзгеше туындамаса тауарды ыдысқа салып және немесе
буып түйіп беруді не тиісті дәрежеде емес ыдысты және буып түйілген
орауышты алмастыруды талап етуге құқылы. Сатушыға сатып алушы оған
тиісіті сапасы жоқ тауар беруден туындайтын өзге де талаптар қоюға
құқылы. Сатып алушы шарттағы тауардың саны түр – түрі сапасы жиынтықталуы
ыдысқа салынуы және буып түйілуі туралы талаптардың бұзылғаны жөнінде
сатушыға заң актілерінде өзге нормативтік құқықтық актілерде немесе
шартта көзделген мерзімде ал егер мерзім белгіленбесе тауарлардың сипаты
мен мақсатын негізге ала отырып шарттағы тиісті талаптың бұзұлуы
байқалуға тиіс болғаннан кейін қисыңды мерзімде хабарлауға міндетті.
Сатып алушы белгіленген міндетті орындамаған жағдайда егер мұндай дер
кезінде хабарламау өзінің талаптарын қанағаттандырудың болсауының әкеп
соққанын немесе шарт талаптарының бұзылуы туралы дер кезінде хабарламаған
жағдаймен салыстырғанда сатушы өлшеусіз шығындар келтіретінін дәлелдесе
сатушы сатып алушының тиісті талаптарын қанағаттандырудан толық немес
ішінара бастартуға құқылы. Егер сатып алушы сатушыға берілген тауарлардың
шарт талаптарына сәйкес келмейтіндігін білсе немес білуге тиіс болса оның
сатып алушының көзделген міндетті орындамауына сілтеме жасауына құқығы
жоқ. Тауарды ауыстыруды талап етуге немесе шартты орындауадн бас тартуға
өзі құқылы болатын жағдайларды қоспағанда сатып алушы өзіне сатушы берген
тауарды қабылдауға міндетті. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше
көзделмесе сатып алушы әдетте қойылатын талаптарды тиісті тауар беруді
және алуды қамтамасыз ету үшін өз тарапынан қажетті іс – қимылдар жасауға
міндетті. Сатып алушы заң актілерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу шарты
Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері
Бөлшектеп сатып алу, сату шартының ұғымы
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Сатып алу - сату шарты туралы
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Сатып алу-сату шарты жайлы
Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы
Келісім шарт жасау шарты
Пәндер