Экология ғылымының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері және қазіргі экологиялық білім беру маңыздылығы



ЖОСПАР

І.МЕКТЕПТЕРДЕ ГЕОГРАФИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ.

1.1 Географияны оқытудағы экономикалық.географияның алатын орны және оның зерттеу әдістері.
1.2 Экономикалық білім берудің негізгі мақсаттары, міндеттері және оның зерттеу әдістері.
1.3.Мектептің ІХ.Х сыныптарына арналған «Қазақстан» және Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік география курстарының мазмұны және қазіргі экономиклық білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен негізгі түсініктері.

ІІ.ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2.1.Экология ғылымы және оның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы.
2.2.Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсат, міндеттері.
2.3.Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы.

ІІІ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КУРСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1.Географияны оқытудағы жалпы экологиялық білімге сипаттама беру.
3.2.Географияны оқытудағы дүнежүзілік экологиялық проблемаларды
мысалдарға ала отырып талдау жасау.
3.3.Географияныо қытудағы еліміздегі өзекті проблемаларды
(Арал, Балхаш) талдау. Адамзаттың табиғи ортаға тигізетін кері өндірістік
іс.әрекеттері.
3.4.Оқушыларға географияны оқытудағы экологиялық қауіп.қатерден
қорғану немесе оның алдын алу жолдарын түсіндіру.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.1.Географиялық білім жүйесіндегі экономикалық географияның алатын орны және оның зерттеу әдістері

Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырысын орындауда мектеп географиясының қосатын үлесі қоршаған ортаға деген біртұтас көзқарастар жүйесін қалыптастыру және оны бағалай білетін тұлғалық сапаларды тәрбиелеу арқылы көрінеді. Мектепте оқытылатын Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын кіріктіре оқыту, қоғамның жасөспірімдерді өмірге, нақтылы бір аумақта оның географияның ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек етуге даярлаудағы сұраныстарынан туындап отыр. Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстар туралы білім, орта географиялық білім беру жүйесінің маңызды элементі болып саналады. Жалпы білімді кіріктірудің танымдық және әдіснамалық маңызы зор. Оны географиялық тұрғыда қарайтын болсақ, ол оқушыларда әрбір объектіні себеп- салдарын байланыс негізінде аумақпен байланыстыру және шаруашылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік саяси тұрғыда баға бере алу біліктіліктерін қалыптастырады.
“Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік география” курсын оқытудың жаңартылған мақсат міндеттерін жүзеге асыру үшін мектепте географиядан білім беру география ғылымының бұрыннан кіріктірілген тұжырымдары мен идеяларына (географияның біртұтастығы, табиғатты тиімді пайдалану, табиғи- шаруашылық аудандастыру және т.б.) сүйенеді. Ол Н.Н Баранский, К.К Марков, Ю.Г Саушкин, В.А Анучин, И.П Герасимова, В.М Разумовскийдің еңбектерінде көрініс тапқан.
Эконмикалық білімді кіріктіру қоғамның талаптары мен география ғылымының дамуы тұрғысынан ғана негізделген, ол дидактикалық тұрғыда да негізделіп отыр. А.А Страи мектепте географияны табиғи- шаруашылық тәсілі негізінде оқытуды ұсынып, оның географияның біртұтастығына сенімді іргетас бола алатындығын дәлелдеген. Табиғи- шаруашылық тәсілі табиғи және әлеуметтік- экономикалық аумақтық жүйенің ерекшеліктері мен экологиялық жағдайын және үрдістерді ескеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының экономикалық білім беру жүйесіндегі экономикалық және әлеуметік географияны кіріктіре оқыту тәсілі оқушылардың табиғи- шаруашылық жүйесінің ерекшеліктерін жаңаша, неғұрлым жоғары деңгейде түсінуіне және қоршаған ортада дұрыс бағдар жасауына, оқушылардың географиялық объектілер мен құбылыстарға біртұтас көзқарастарының қалыптасуына жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстанның жалпы экономика, географиялық сипаттамасы тарауында “халқы және еңбек ресурстары” тақырыбының 10 пайызы кіріктірілген мазмұнды, ал 90 пайызы экономикалық географияның мазмұнын құраса, “шаруашылыққа жалпы сипаттама” тақырыбының 40 пайызы кіріктірілген мазмұнды, ал 60 пайызы экономикалық географияның мазмұнын құрайды. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде еліміздің физикалық- географиялық және әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктерінің жеке курстар арқылы оқытылып келуі оқушылардың бойында “табиғат- адам- қоғам” үштігіндегі ұғымдар жүйесінің өзөара байланысы туралы терең түсінік қалыптастыруды, аумақтың географиялық ерекшеліктерді біртұтас деңгейде қабылдауды белгілі дәрежеде шектейді. Экономикалық географиялық білім беру негізгі міндеттерінің біріоқушылардың бойында қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыру болып табылады.
Оқушылар 9- сыныпта “табиғат пен шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру” бөлімінен “табиғи аумақтар”, “аумақтың өндірістік кешендер” ұғымдарымен және физикалық, экономикалық, географиялық аудандастырудың ұстанымдарымен танысады.
Экономикалық географиялық зерттеу, зерттеу әдістері. Экономикалық география ғылымының теориялық, әдіснамалық негізгі заңдары мен заңдылықтары, ғылыми категориялары мен принциптері және олардың жалпы географиялық заңдылықтарымен тығыз байланысы болашақта оның даму бағыттарын анықтауға толығымен мүмкіндік туғызады. Қазіргі кезде әлеуметтік- экономикалық географияның зерттеу объектісінің әр түрлі дәрежедегі, типтегі, масвштабтағы әлеуметтік- экономикалық географиялық кешендер деп атайды. Оның компоненттері:
- территория және оның ресурстары, жағдайлары және факторлары
- халық және оның орналасуы.
- материалдық өндіріс және олардың түрлері, территориялық- өндірістік кешен, салааралық және салалық кешендер;
- материалдық емес сфера;
- инфроқұрылым.
Зерттеу объектісінің жете түсіну үшін, оның “ішкі” және “сыртқы” экономикалық- географиялық қатынастары мен байланысын терең зерттеу керек. Территориялық “табиғи- ресурстық потанцианалы” деген ұғымды экономикалық география ғылымына енгізген А.А Минц (экономическая оценка естественных ресурсов).
Соңғы кезде кешенді экономикалық- географиялық баға беру және оның нәтижесін практикада пайдалану ғылымның басты бағыттарының бірі болып отыр. Эконмикалық- географиялық баға беру табиғатты тиімді пайдалануға және қорғауға көп мүмкіндік береді. Экономикалық- географиялық баға беру барысында алынатын сандық және сапалық нәтижелер белгілі бір ауданның, аймақтың, мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық проблемаларын шешуге көмектеседі:
- территорияның жергілікті табиғи- ресурстың қорын, шаруашылыққа пайдаланудың мүмкіндігі және деңгейін анықтау.
- ресурстың ұлттық маңызын және құнын анықтау;
- табиғат ресурстарын пайдаланатын өндіріс салаларының мамандану дәрежесі және құрылымын анықтау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудың экономикалық аптимальдық вариантын анықтау және оған байланысты дамитын салалардың аймақтың тиімділігін есептеп шығару;
- ауданның өндіріс күштерінің даму деңгейіне әсерін сандық көрсеткіштерімен есептеп шығару;
- шаруашылыққа пайдаланып жатқан табиғат ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау,
Территорияға кешенді баға беру, оның эконмикалық- географиялық орны барлық табиғат жағдайымен бірге қоғамдық- географиялық факторларды ескеруді қажет етеді. Территория шаруашылығының кешенді дамуы мен территориялық құрылымына баға беру үшін өнеркәсіп географиясын жан- жақты зерттеу керек. Өнеркәсіпті экономикалық- географиялық зерттеудің басты мақсаты- территорияның нақтылы табиғаттық- географиялық және әлеуметтік және географиялық жағдайына сәйкес өнеркәсіптің аптималдық құрылымын табу. Қазіргі кезеңде мынадай бағыттарға көңіл бөлу керек:
- өнеркәсіптің орналасуы мен табиғатты қорғау мәселесінлегі өзара байданыс және олардың территориялық ерекшеліктері;
- халықаралық еңбек бөлінісінің өнеркәсіптің дамуы мен орналасуына әсері.
Экономикалық- географиялық ғылыми жүйесінің басты тарауларының бірі- агрогеографиялық зерттеулер. Ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру және кешенді- пропорциялық дамыту- оның экономикалық тиімділігін арттырудың басты жолдарының бірі. Бұл бағытта ғылыми зерттеулердің басты объектісі- аграрлық- территориялық кешен. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын территориялық тұрғыда ұйымдастыру жолын зерттеудің жаңа әдістері: құрылымдық талдау, өндірістік- территориялық топтастыру және картаға түсіру, математикалық- экономикалық модельдеу қолданылып жүр. Материалдық өндірістің басты салаларының бірі- транспорт. Транспорт жайлы географиялық зерттеулердің ішінде салалық және аймақтық сипаттам беріледі. Сонымен қатар әр түрлі тарнспорттардың жүкті тасымалдау кезінде өзара үйлесімі, тарнспорт жүйелерінің, тараптарының типтерін анықтау, мемлекеттерді және олардың аймақтарын транспорттық- экономикалық аудандастыру, жаңа жолдарды негіздеу т.б. бағыттарын анықтау басты мақсат болып табылады.
Экономикалық география ғылымында теориялық, әдістемелік, әдіснама және рпактикалық тұрғыдан жақсы дамыған бағыт территориялық өндірістік кешендерді зерттеу. Соңғы кездерде оның жаңа әдістемелік зерттеу жолдары, әсіресе экономикалық- математикалық, логикалық, картографиялық бағыттары қалыптасты.
Білімді де, білікті география мамандарын дайындау үшін, оларға ғылыми зерттеулердің әдістемелерін үйрену керек. Сонда ғана болашақ маман- географ қоғамды территориялық ұйымдастыру және оны жетілдіру, экономикалық аудандардың экономикалық және әлеуметтік дамуын болжау және негіздеу проблемаларын шеше алады. Белгілі эконом- географ Ю.Г Саушкин экономикалық- географиялық далалық зерттеулер деп зерттейтін территорияның экономикалық- географиялық жағдайын тікелей бақылау, оның алғашқы материалдарын жинау және талдау арқылы халқының, шаруашылығының орналасуын, оның территориялық ерекшелігін анықтауды айтады.
Экономикалық- географиялық далалық зерттеулердің басқа далалық зерттеулерден айырмашылығы тек қана далалық жағдайды тану емес, сонымен бірге сол жағдайда жинаған статистикалық материалдарды жеклеген байқаулардан алған әсерлерімен қосымша салыстыру арқылы зерттейтін объектінің ерекшелігін толық анықтауға болады.
Алғашқы материалдарды жинау- жергілікті адамдармен, жауапты қызметкерлермен әңгімелесу, т.б. арқылы анықтау, зерттеу тақырыбының актуальдық бағдарламаларын анықтауға және көптеген проблемаларды шешуге көмектеседі. Әрбір географ экономикалық- географиялық зерттеулер әдістемелерінің физикалық- географиялық әдістемелерімен байланысын білу керек.
Экономикалық- географиялық зерттеулер үшін әр түрлі есептеу түрлері жүргізіледі: статистикалық, бухгалтерлік, оперативтік, тікелей бақылау, анкеталық, дербес жолмен материалдар жинау.
Оперативтік есепке сол кәсіпорынның, мекемелердің жұмысын басқару және бақылау үшін натуралдық көрсеткіштерді тіркеу жатады. Бұл- әлеуметтік- экономикалық процестері кеңінен нақтылы түрде есептейтін көрсеткіштер. Бухгалтерлік есеп- кәсіпорындардың, мекемелердің материалдық ресурстардың, еңбек құралдарын ақшалай түрде есептейтін көрсеткіштер.
Статистикалық есеп- мемлекеттік және ведомоствалық статистикалық мекемелердің жұмысын көрсетеді. Олар халық шаруашылығының және оның салаларының басқару жүйесін құруға қажет. Статистикалық есеп бухгалтерлік және оперативтік есептеу мәліметтеріне негізделеді және территорияда болып жатқан басты құбылыстарды жылдам және нақты түрде анықтайды. Сондықтан статистикалық есеп ғылымда кеңінен пайдаланылады.
Қоғамның әр түрлі сфералары жайында материалдар бухгалтерлік есептеулерде болмайтын болса, арнайы әдістемелер арқылы материалды дербес түрде жинап алуға болады, бұл әсіресе локальдың не болмаса әлеуметтік зерттеулер кезінде өте тиімді. Зерттеу объектісін тікелей бақылау, статистикалық материалдар арқылы әр түрлі есептер жасау, сұрақтарға жауап және оларды бір біріне толықтырма ретінде қарау алғашқы материалдарды зерттеуді талдау жасауды жеңілдетеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Методика обучения география в школе М: 1997г. 61-75 стр.
2. Кучер экологический образования
3. География в школе 1900 г. №1, 12 лист.
4. Гладкий Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік геогрфиясы Алматы мектеп 2001ж. 212 бет
5. Максоковский География культура М:1958г. 358-360стр.
6. География в школе 2001г. №4
7. География в школе 1999г. № 2
«Изучение окружающей среды школьной географии»
8. Н.Н.Моисеев экология и образования М: «Юнисам» 1996г.
9. География в школе 1990г.№1, 82 стр.
10. Қазақстан мектебі 2004ж. №7 «Экологиялық білім қалыптасуының негіздері мен тәжірибиелері»

ЖОСПАР

І.МЕКТЕПТЕРДЕ ГЕОГРАФИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯНЫҢ АЛАТЫН
ОРНЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ.

1. Географияны оқытудағы экономикалық-географияның алатын орны және оның
зерттеу әдістері.
2. Экономикалық білім берудің негізгі мақсаттары, міндеттері және оның
зерттеу әдістері.
1.3.Мектептің ІХ-Х сыныптарына арналған Қазақстан және Дүние жүзінің
экономикалық, әлеуметтік география курстарының мазмұны және қазіргі
экономиклық білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен негізгі
түсініктері.

ІІ.ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2.1.Экология ғылымы және оның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы.
2.2.Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсат, міндеттері.
2.3.Қазіргі экологиялық білім берудің креативтік технологиясы.

ІІІ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КУРСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1.Географияны оқытудағы жалпы экологиялық білімге сипаттама беру.
3.2.Географияны оқытудағы дүнежүзілік экологиялық проблемаларды
мысалдарға ала отырып талдау жасау.
3.3.Географияныо қытудағы еліміздегі өзекті проблемаларды
(Арал, Балхаш) талдау. Адамзаттың табиғи ортаға тигізетін кері өндірістік
іс-әрекеттері.
3.4.Оқушыларға географияны оқытудағы экологиялық қауіп-қатерден
қорғану немесе оның алдын алу жолдарын түсіндіру.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

I.МЕКТЕПТЕРДЕ ГЕОГРАФИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯНЫҢ
АЛАТЫН ОРНЫ

1.1.Географиялық білім жүйесіндегі экономикалық географияның алатын
орны және оның зерттеу әдістері

Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырысын орындауда мектеп географиясының
қосатын үлесі қоршаған ортаға деген біртұтас көзқарастар жүйесін
қалыптастыру және оны бағалай білетін тұлғалық сапаларды тәрбиелеу арқылы
көрінеді. Мектепте оқытылатын Қазақстанның физикалық және экономикалық
географиясын кіріктіре оқыту, қоғамның жасөспірімдерді өмірге, нақтылы бір
аумақта оның географияның ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек етуге
даярлаудағы сұраныстарынан туындап отыр. Табиғат пен қоғам арасындағы
байланыстар туралы білім, орта географиялық білім беру жүйесінің маңызды
элементі болып саналады. Жалпы білімді кіріктірудің танымдық және
әдіснамалық маңызы зор. Оны географиялық тұрғыда қарайтын болсақ, ол
оқушыларда әрбір объектіні себеп- салдарын байланыс негізінде аумақпен
байланыстыру және шаруашылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік
саяси тұрғыда баға бере алу біліктіліктерін қалыптастырады.
“Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік география”
курсын оқытудың жаңартылған мақсат міндеттерін жүзеге асыру үшін мектепте
географиядан білім беру география ғылымының бұрыннан кіріктірілген
тұжырымдары мен идеяларына (географияның біртұтастығы, табиғатты тиімді
пайдалану, табиғи- шаруашылық аудандастыру және т.б.) сүйенеді. Ол Н.Н
Баранский, К.К Марков, Ю.Г Саушкин, В.А Анучин, И.П Герасимова, В.М
Разумовскийдің еңбектерінде көрініс тапқан.
Эконмикалық білімді кіріктіру қоғамның талаптары мен география
ғылымының дамуы тұрғысынан ғана негізделген, ол дидактикалық тұрғыда да
негізделіп отыр. А.А Страи мектепте географияны табиғи- шаруашылық тәсілі
негізінде оқытуды ұсынып, оның географияның біртұтастығына сенімді іргетас
бола алатындығын дәлелдеген. Табиғи- шаруашылық тәсілі табиғи және
әлеуметтік- экономикалық аумақтық жүйенің ерекшеліктері мен экологиялық
жағдайын және үрдістерді ескеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының экономикалық білім беру жүйесіндегі
экономикалық және әлеуметік географияны кіріктіре оқыту тәсілі оқушылардың
табиғи- шаруашылық жүйесінің ерекшеліктерін жаңаша, неғұрлым жоғары
деңгейде түсінуіне және қоршаған ортада дұрыс бағдар жасауына, оқушылардың
географиялық объектілер мен құбылыстарға біртұтас көзқарастарының
қалыптасуына жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстанның жалпы экономика,
географиялық сипаттамасы тарауында “халқы және еңбек ресурстары”
тақырыбының 10 пайызы кіріктірілген мазмұнды, ал 90 пайызы экономикалық
географияның мазмұнын құраса, “шаруашылыққа жалпы сипаттама” тақырыбының 40
пайызы кіріктірілген мазмұнды, ал 60 пайызы экономикалық географияның
мазмұнын құрайды. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде еліміздің физикалық-
географиялық және әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктерінің жеке курстар
арқылы оқытылып келуі оқушылардың бойында “табиғат- адам- қоғам”
үштігіндегі ұғымдар жүйесінің өзөара байланысы туралы терең түсінік
қалыптастыруды, аумақтың географиялық ерекшеліктерді біртұтас деңгейде
қабылдауды белгілі дәрежеде шектейді. Экономикалық географиялық білім беру
негізгі міндеттерінің біріоқушылардың бойында қоршаған орта туралы біртұтас
түсінік қалыптастыру болып табылады.
Оқушылар 9- сыныпта “табиғат пен шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру”
бөлімінен “табиғи аумақтар”, “аумақтың өндірістік кешендер” ұғымдарымен
және физикалық, экономикалық, географиялық аудандастырудың ұстанымдарымен
танысады.
Экономикалық географиялық зерттеу, зерттеу әдістері. Экономикалық
география ғылымының теориялық, әдіснамалық негізгі заңдары мен
заңдылықтары, ғылыми категориялары мен принциптері және олардың жалпы
географиялық заңдылықтарымен тығыз байланысы болашақта оның даму бағыттарын
анықтауға толығымен мүмкіндік туғызады. Қазіргі кезде әлеуметтік-
экономикалық географияның зерттеу объектісінің әр түрлі дәрежедегі,
типтегі, масвштабтағы әлеуметтік- экономикалық географиялық кешендер деп
атайды. Оның компоненттері:
- территория және оның ресурстары, жағдайлары және факторлары
- халық және оның орналасуы.
- материалдық өндіріс және олардың түрлері, территориялық- өндірістік
кешен, салааралық және салалық кешендер;
- материалдық емес сфера;
- инфроқұрылым.
Зерттеу объектісінің жете түсіну үшін, оның “ішкі” және “сыртқы”
экономикалық- географиялық қатынастары мен байланысын терең зерттеу керек.
Территориялық “табиғи- ресурстық потанцианалы” деген ұғымды экономикалық
география ғылымына енгізген А.А Минц (экономическая оценка естественных
ресурсов).
Соңғы кезде кешенді экономикалық- географиялық баға беру және оның
нәтижесін практикада пайдалану ғылымның басты бағыттарының бірі болып отыр.
Эконмикалық- географиялық баға беру табиғатты тиімді пайдалануға және
қорғауға көп мүмкіндік береді. Экономикалық- географиялық баға беру
барысында алынатын сандық және сапалық нәтижелер белгілі бір ауданның,
аймақтың, мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық проблемаларын шешуге
көмектеседі:
- территорияның жергілікті табиғи- ресурстың қорын, шаруашылыққа
пайдаланудың мүмкіндігі және деңгейін анықтау.
- ресурстың ұлттық маңызын және құнын анықтау;
- табиғат ресурстарын пайдаланатын өндіріс салаларының мамандану
дәрежесі және құрылымын анықтау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудың экономикалық аптимальдық вариантын
анықтау және оған байланысты дамитын салалардың аймақтың
тиімділігін есептеп шығару;
- ауданның өндіріс күштерінің даму деңгейіне әсерін сандық
көрсеткіштерімен есептеп шығару;
- шаруашылыққа пайдаланып жатқан табиғат ресурстарының экономикалық
тиімділігін анықтау,
Территорияға кешенді баға беру, оның эконмикалық- географиялық орны
барлық табиғат жағдайымен бірге қоғамдық- географиялық факторларды ескеруді
қажет етеді. Территория шаруашылығының кешенді дамуы мен территориялық
құрылымына баға беру үшін өнеркәсіп географиясын жан- жақты зерттеу керек.
Өнеркәсіпті экономикалық- географиялық зерттеудің басты мақсаты-
территорияның нақтылы табиғаттық- географиялық және әлеуметтік және
географиялық жағдайына сәйкес өнеркәсіптің аптималдық құрылымын табу.
Қазіргі кезеңде мынадай бағыттарға көңіл бөлу керек:
- өнеркәсіптің орналасуы мен табиғатты қорғау мәселесінлегі өзара
байданыс және олардың территориялық ерекшеліктері;
- халықаралық еңбек бөлінісінің өнеркәсіптің дамуы мен орналасуына
әсері.
Экономикалық- географиялық ғылыми жүйесінің басты тарауларының бірі-
агрогеографиялық зерттеулер. Ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру
және кешенді- пропорциялық дамыту- оның экономикалық тиімділігін арттырудың
басты жолдарының бірі. Бұл бағытта ғылыми зерттеулердің басты объектісі-
аграрлық- территориялық кешен. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын
территориялық тұрғыда ұйымдастыру жолын зерттеудің жаңа әдістері:
құрылымдық талдау, өндірістік- территориялық топтастыру және картаға
түсіру, математикалық- экономикалық модельдеу қолданылып жүр. Материалдық
өндірістің басты салаларының бірі- транспорт. Транспорт жайлы географиялық
зерттеулердің ішінде салалық және аймақтық сипаттам беріледі. Сонымен қатар
әр түрлі тарнспорттардың жүкті тасымалдау кезінде өзара үйлесімі, тарнспорт
жүйелерінің, тараптарының типтерін анықтау, мемлекеттерді және олардың
аймақтарын транспорттық- экономикалық аудандастыру, жаңа жолдарды негіздеу
т.б. бағыттарын анықтау басты мақсат болып табылады.
Экономикалық география ғылымында теориялық, әдістемелік, әдіснама
және рпактикалық тұрғыдан жақсы дамыған бағыт территориялық өндірістік
кешендерді зерттеу. Соңғы кездерде оның жаңа әдістемелік зерттеу жолдары,
әсіресе экономикалық- математикалық, логикалық, картографиялық бағыттары
қалыптасты.
Білімді де, білікті география мамандарын дайындау үшін, оларға ғылыми
зерттеулердің әдістемелерін үйрену керек. Сонда ғана болашақ маман- географ
қоғамды территориялық ұйымдастыру және оны жетілдіру, экономикалық
аудандардың экономикалық және әлеуметтік дамуын болжау және негіздеу
проблемаларын шеше алады. Белгілі эконом- географ Ю.Г Саушкин экономикалық-
географиялық далалық зерттеулер деп зерттейтін территорияның экономикалық-
географиялық жағдайын тікелей бақылау, оның алғашқы материалдарын жинау
және талдау арқылы халқының, шаруашылығының орналасуын, оның территориялық
ерекшелігін анықтауды айтады.
Экономикалық- географиялық далалық зерттеулердің басқа далалық
зерттеулерден айырмашылығы тек қана далалық жағдайды тану емес, сонымен
бірге сол жағдайда жинаған статистикалық материалдарды жеклеген
байқаулардан алған әсерлерімен қосымша салыстыру арқылы зерттейтін
объектінің ерекшелігін толық анықтауға болады.
Алғашқы материалдарды жинау- жергілікті адамдармен, жауапты
қызметкерлермен әңгімелесу, т.б. арқылы анықтау, зерттеу тақырыбының
актуальдық бағдарламаларын анықтауға және көптеген проблемаларды шешуге
көмектеседі. Әрбір географ экономикалық- географиялық зерттеулер
әдістемелерінің физикалық- географиялық әдістемелерімен байланысын білу
керек.
Экономикалық- географиялық зерттеулер үшін әр түрлі есептеу түрлері
жүргізіледі: статистикалық, бухгалтерлік, оперативтік, тікелей бақылау,
анкеталық, дербес жолмен материалдар жинау.
Оперативтік есепке сол кәсіпорынның, мекемелердің жұмысын басқару және
бақылау үшін натуралдық көрсеткіштерді тіркеу жатады. Бұл- әлеуметтік-
экономикалық процестері кеңінен нақтылы түрде есептейтін көрсеткіштер.
Бухгалтерлік есеп- кәсіпорындардың, мекемелердің материалдық ресурстардың,
еңбек құралдарын ақшалай түрде есептейтін көрсеткіштер.
Статистикалық есеп- мемлекеттік және ведомоствалық статистикалық
мекемелердің жұмысын көрсетеді. Олар халық шаруашылығының және оның
салаларының басқару жүйесін құруға қажет. Статистикалық есеп бухгалтерлік
және оперативтік есептеу мәліметтеріне негізделеді және территорияда болып
жатқан басты құбылыстарды жылдам және нақты түрде анықтайды. Сондықтан
статистикалық есеп ғылымда кеңінен пайдаланылады.
Қоғамның әр түрлі сфералары жайында материалдар бухгалтерлік
есептеулерде болмайтын болса, арнайы әдістемелер арқылы материалды дербес
түрде жинап алуға болады, бұл әсіресе локальдың не болмаса әлеуметтік
зерттеулер кезінде өте тиімді. Зерттеу объектісін тікелей бақылау,
статистикалық материалдар арқылы әр түрлі есептер жасау, сұрақтарға жауап
және оларды бір біріне толықтырма ретінде қарау алғашқы материалдарды
зерттеуді талдау жасауды жеңілдетеді.

1.2.Экономикалық білім берудің негізгі мақсат міндеттері және мектеп
географиясының экономикалық мазмұны

Экономикалық білім берудің негізгі мақсат міндеттері және мектеп
географларға жалпы білім берудегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Негізгі дәстүрлі оқу пәндері география, математика, информатика, экономика
пәндері арқылы, экономикалық пәндік өзіндік мазмұны бар аспектілер арқылы
айқындалады. Қазір жекелеген экономикалық мәдениеттің қалыптасуында негізгі
рольді жаңа курстар ойнайды: “ Экономикалық кіріспе”, “ экономика негіздері
мен кәсіпкершілік”. Сонда да география бұрынғыдай оқушыларға экономикалық
білім беруде қазіргі қоғамның және оның экономикалық даму жүйесінің
зерттеулерімен бірге олардың өзіндік географиялық даму ерекшеліктері мен
заңдылықтарын айқындайды. Оның басты белгісі- территориялығы. Ол қандай да
бір территориядағы әлеуметтік, саяси, экономикалық, экологиялық
жағдайлардағы компоненттерді кешенді оқып- зерттеуге мүмкіндік береді.
Сондықтан бұл бөлімдердің әрқайсысының өзіндік сипаты болады.
Сондықтан мектеп географиясының қарастырылатын жан- жақты мәселелері
күрделі территориялық және салааралық құрылымдарға жалпылама және нақтылы
экономикалық географиялық сипаттамалар беріледі.
Географиядағы экономикалық білім берудің басты мақсаты – белгілі бір
территроиядағы табиғат пен шаруашылық және олардың халықпен өзара
байланысына әсер ететіән экономикалық процестерге талдау жасай білуге
үйрету және оларды осы негізде баулу, осыған байланысты оқушыларға білім
беруді қалыптастыруда:
1. Қоғамның территориялды ұйымдастырудың тиімділігіне сандық баға беруде
білім жүйесін құру, ал жекелей немесе кешенді түрде беріледі.
2. “Табиғат- халық шаруашылық” жүйесіне алғашқы экономикалық тұрғыдан
баға беру және оның себеп- салдар байланыстарын анықтау.
3. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоғамды дұрыс қалыптастыру.
Экономикалық білімдер қалыптасқан жүйесін 2 блокқа бөлеміз:
1. Жалпы экономикалық
2. Аймақтық экономикалық
Бірақ бұл бөлінулер өте шартты себебі жалпы экономикалық түсініктер
және категориялар аймақтық кескінде қолданылуы мүмкін. Бұл екі блок бір-
бірімен тығыз байланысты.
Өзінің кезегінде жалпы экономикалық блок өзара байланысты 5 топтық
түсінікке бөлінеді:
1. “Адам және қоғамның экономикалық жүйесі”.
2. “Макроэкономика”
3. “Микроэкономика”
4. “Экокномикалық көрсеткіштер”
5. “Экономикалық әдістер”
Бұл берілген блоктардың ішінен мектеп географиясы курсында соңғы
кездерде пайдаланылып келген “мамандану”, “бірлесу”, “аралас мамандану”,
“өнімнің өзінің құндылығы”, “еңбек өнімділігі деген ұғымдар кең түрде
пайдаланылған болатын. Кезінде олардың қалыптасуы Ресей және әлем
экономикалық- география курстарында тікелей жүргізіледі. Қазір олар
экономика курсына байланысты. Хронологиялық жекелеген тақырыптар үшін
географияның қалыптасуына шектелмеген. Ереже сияқты мектеп географиясында
оларды қолдану өзіндік мақсат емес. Берілген түсініктер географиялық
категориялардың қалыптасуы үшін базасы қызмет атқарады: “географиялық
еңбектің бөлінуі”, “өндірістің орналасу факторы” және т.б.
Ресейдің нарықтық байланыстары мен трансформациялық жалпы әдістемелік
базасының өтпелісіне байланысты мектептік оқытуда бұрын қолданылмайтын
түсініктерге көшті: “нарықтық экономика”, “баға”, “өмір сапасы”,
“кәсіпкершілік”.
Топтардың әрқайсысының ішінде бір- біріне өзара бағынышты және
байланысатын деңгейі бойынша экономикалық түсініктер орналасқан. Оларды
негізгі түсініктердің байланысына біріктіретін терминологиялық ұяшыққа
топтастыруға болады. Мысалы, “кәсіпорын” түсінігі географияны оқытуда бір
жағынан оның жалпы экономикалық мазмұнын құрайтын кәсіпорындық шаруашылық
сияқты қарастырса, ал басқа жағынан берілген түсініктің географиялық мәнін
ашатын географиялық еңбек бөлінісінің негізгі бөлімі сияқты қарастырылады.
Егер жалпы экономикалық білім оқытудың қосымша функциясын орындаса,
онда аймақтық экономикалық білім жүйесі мектеп география курсында
экономикалық білімнің мазмұны ролін атқарады. Ол қоғам және табиғаттың
негізгі сфераларымен өзара байланысатын табиғатты пайдалану, өндірістің
орналасуы туралы білімнің ғылыми жүйесіне сүйенеді.
География – экономикалық білім жүйесіндегі орталық орын қоғамды
эффективті территориялық ұйымдастыру түсінігінде орын басады. Ол мағынасы
бағынышты болып келетін “эффективті табиғатты пайдалану” және “халықты
эффективті орналастыру” түсініктеріне қатысты негізгі аттас болып табылады.
Берілген түсініктердің күшті ерекшелігі оның кешенді мазмұны қызмет
атқарады. Ол қызметтерге қоғамдағы адамдарға тойтарыс беретін әлеуметтік,
экологиялық және экономикалық талаптар жатады. Адамның мамандығын және оның
бағасын ескере отырып, экологиялық және экономикалық эффективті есепке ала
отырып, әлеуметтік табысқа қол жеткізуге болады.
Географияны оқытудағы экономикалық білім жүйесі адамның территориалды –
ұжымдық әрекеттерінің тиімділігін бағалайтын әрекеттердің тәсілдерін
енгізеді. Әрекет объектісіне байланысты білімнің тиімді бағасы үш топқа
бөлінеді: табиғатты пайдалану, өнеркәсіпті орналастыру және халықтың
орналасуы.
Білімнің негізгі мазмұны компонент бойынша және кешенді құру, ағымды
немесе геожүйе жағдайының болжамды бағалаумен аяқталады. Ереже тәрізді,
бағалау арнайы бағалау шкаласы негізінде жүргізіледі. Онда кешенді
бағалаудың көрсеткіштері беріледі.
Экономикалық білім жүйесі географияны оқыту процесіндегі оқушыларға
негізделген оқу әрекетінің әр түрлі үйлесіміне сүйенеді. Оларға
географиялық сипаттаманың құрылысы, геомодельдердің және территориялық
проектінің құрылымдары жатады.
Мектеп географиясының мазмұны білімді құрайтын компонентті және кешенді
сипаттама болып табылатын географиялық білімнің негізгілерінің бірі.
Бағдарламаға енгізілген осымен байланысты көптеген тәжірибелік жұмыстар әр
түрлі географиялық материалдардың негізінде берілген білімдердің
қалыптасуына мақсатталған. Сол уақыттағы модельдеу және проектілеумен
байланысты білім, оларды ғылыми географиялық білімде және зерттеу
әдістерінде кең, терең түрде қолдану жаңадан оқыту болып табылады.
Экономикалық білім жүйесі оқушының жеке әлеуметтік сапасыныцң
қалыптасуына маңызыды роль атқарады. Ол қоғамдағы жеке өмірінің даму
себептерін оқушының әлеуметтік ұстанымын орындауды қамтамасыз етеді.
Оқушыларға экономикалық білім беру үлкен маңызы- оқушылар оқулыққа сүйенеді
және географияны оқытудағы басқа да тәсілдерді қолданады. Олардың ішіндегі
ең маңыздысы әлеуметтік- экология- экономикалық мазмұнды карталар;
электронды таблицаларды, графиктерді және маделдерді; біздің қоғамдағы
экономикалық мәселелерді бейнелейтін видео және кинофильмдерді қолданатын
компьютерлік программалар болып табылады.

1.3.Мектептің IX-X сыныптарына арналған Қазақстан және Дүние жүзінің
экономикалық әлеуметтік география курстары және қазіргі экономикалық
білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен негізгі түсініктер.

Дәл қазіргі жағдайда жаңа білім арнасы- экономикалық білімді мектеп
қабырғасынан бастап, басқа пәндермен қатар оқытқан жағдайда жалпы білім
берудің құрамды бөлігі. Сондықтан қазіргі кезде дүние жүзінің көптеген
елдердің мектептерінде экономикалық білімді жүйелі де сапалы беруге баса
назар аударылуда. Осы кезеңге дейін экономикалық білім жоғары, не арнаулы
оқу орнында, соңғы уақытта мектептің жоғары сыныптарында және басқа
пәндердің құрамына енгізіліп оқытылып келеді. Атап айтқанда, “табиғаттану”
пәнінде – табиғат экономикалық ресурстардың қайнар көзі, экология және
экономика арасындағы өзара байланысы, экономика және табиғи орта, “тарих”
пәнінде- дүние жүзі елдерінің экономикалық тарихы жалпы тарихтың бір
бөлігі, “география” пәнінде- экономикалық аймақтар аспектілері, әр аймақтың
экономикасы мен табиғи ресурстарының байланысы, өндіріс айналымы, табиғи
ресурстарының орналасуына қарай тиімді пайдалану, салааралық және сыртқы
экономикалық байланыстар; бұрын экономикалық білім басқа пәндерде пәнаралық
байланысты сақтау негізіне беріліп келді және жеке пән ретінде не білім
беру аймағы ретінде қарастырылады. Бұл мәселеге тек соңғы уақытта ғана
қолға алына бастады.
Қазақстандағы экономикалық географиясындағы экономикалық білім жүйесі
өз өлкеміздің табиғатын, шаруашылығын, халқын, оның экономикалық
ерекшеліктері мен проблемаларын кешенді оқып зерттеуге және оның
заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Экономиканың күрделі мәселелерін
талдауға республикамыздың шаруашылығы мен тыныс- тіршілігінде болып жатқан
өзгерістер мен табиғат және еңбек қорын тиімді әрі орынды пайдаланудың
маңыздылығы ашылады. Қазақстанның экономикалық географиясындағы
экономикалық білім жүйесі бойынша оқушыларда біздің отанымыздың
шаруашылығының тұтас бейнесін, оның құрылымын, даму, орналасу
ерекшеліктерін және өркендеу болашағы туралы мәліметтер қалыптасады. Осы
мәліметтерді білу барысында мынадай экономикалық ұғымдардың мазмұны
қалыптасады:
- Қазақстан Республикасы алдындағы басты экономикалық міндеттер жіне
оларды шешу жолдары, елімізде қазір жүріп жатқан аса маңызды
өзгерістер;
- Республика шаруашылығының құрылымы және өндірісті ұйымдастырудың
негізгі нысандары.
- Табиғат және еңбек қорларының ерекшеліктері, оларды тиімді
пайдалану жолдары;
- Шаруашылық жүйесі элементтерінің өзара байланыстары (өндіріс-
табиғат, өндіріс- халық);
- өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларын орналастырудың
принциптері мен оның нысандары.
- Ірі экономикалық аудандар, олардың шаруашылығының ерекшеліктері мен
даму болашағы;
- Облыс, аудандағы табиғат және еңбек қорларының, шаруашылықтың
негізгі салаларының құрылымы мен орналасуының ерекшеліктері.
Халықтың оның ішінде жастардың экономикалық білімінің жеткіліксіздігі,
кейде тіпті сауатсыздығы елді экономикалық жағынан қайта құру ісіне елеулі
болып отыр. Қалай болғанда да, қоғамның әлеуметтік мірінің барлық жағы
экономикамен тығыз байланысты. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
географиясын оқып – үйрену барысында оқушылар мамандандыру,
кооперативтендіру, шоғырландыру, еңбек қоры, шаруашылық салалары сияқты
ұғымдарды меңгереді. Өндірістік өсу қарқыны, ауқымы мен құрылымы, оның және
орналасу заңдылықтары, оны аумақтық жағынан ұйымдастыру принциптері және
оның микроэлектроника, биотехнологияға және т.б. байланысты негізгі
бағыттары туралы мағлұмат алады. Бұлармен танысу экономикалық ойлау
дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Өз республикасы, облысы, ауданының
табиғаты мен экономикасын терең білу, болашақ маман ретінде оқушыға
келешекте жаңа өмір құруға белсене және саналы қатысуға мүмкіндік тудырады.
Болашақта әр түрлі мамандық иелері табиғат пен қоғам заңдары туралы
біліміне сүйене отырып, республикамыздың ең өзекті проблемаларын шешуге,
халықтың денсаулығын жақсартуға, оның әл- ауқатын арттыруға болатын
жолдарды өздері таңдай білуге үйренуі тиіс.
Қазақстанның шаруашылығын оқып- үйренуде алдымен экономикалық
ұғымдарға сипаттама беріледі. Аса маңызды экономикалық ұғымдарға
жататындар: экономика, шаруашылық, өндірістік және өндірістік емес салалар,
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салалары, ауыр және жеңіл өнеркәсіп,
салааралық өндірістік кешен, шаруашылық есеп және өзін- өзі қаржыландыру,
қызмет көрсету саласы, кәсіпорын т.б.
Дүние жүзі экономикалық географиясындағы экономикалық білім жүйесінің
өзіндік ерекшеліктері мен негізгі түсініктері, ұғымдар жүйесі.
Мектеп оқушыларды болашақ қоғамда өмір сүріп, оны түсініп, еңбек етуге
дайындауы керек. Дүние жүзі елдеріндегі болып жатқан өзгерістер туралы
мәліметтер жастарға зор әсер етеді. Бұл мәліметер экономикалық білім алуға
деген ұмтылыстарын арттыра түсу еді. АҚШ- да экономикалық тәрбие беру
мәселелеріне ХХ- ғасырдың 60 – жылдарында айрықша назар аударыла бастады.
Американ экономистері, педагогтері мен үкімет ұйымдары өздерінің істерін,
бизнесін дұрыс басқару үшін барлық адамдарға өте қажет экономикалық
түсініктер мен дағдылар өнерін меңгерудің, сондай- ақ азаматтың саясатқа
жауаптылықпен қатысушылардың және қоғамдардың жалпы игілігін қолданудың зор
маңызы бар екенін түсіне отырып, бүкіл халыфқтың экономикалық сауаттылығын
алдыңғы орындардың біріне қойды. Американ мамандарының пікірі бойынша,
экономикалық білім беру бастауыш мектептің бірінші сыныбынан басталып,
балалардың жыныстық және жас, этникалық және мәдени ерекшеліктері ескеріле
отырып, олар мектеп бітіргенге дейін жүргізілуі тиіс.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген мемлекеттерде мектеп пен
кәсіптік білім беру мекемелерінде оқушыларға экономикалық білім беру
мәселесіне көп көңіл бөлінді. Мәселен, АҚШ- та, Жапонияда, Германияда
экономикалық білім беру жөніндегі ұлттық кеңес құрылған. Бұл елдерде
экономика жеке пән ретінде бастауыш мектептен бастан оқытылады. Қолданбалы
экономикалық білім берудің ұлттық кеңесінің көмегімен С. Равичев пен Т.
Протасевич Ресей мектептері үшін “Современная экономика” бағдарламасын 1991
жылы дайындады және ол Ресей мектептеріне таратылды. Сонымен қатар, Мәскеу,
Санкт- Петербург, Новокузник Омбы, Самара қалаларының білім беру ұйымдары
да өз бағдарламаларын жасап шықты. Ресей білім министрлігі жанындағы жалпы
білім беру жөніндегі сарапшылар кеңесінде 1993 жылдан бері экономикалық
білім беру секциясы жұмыс істейді. Құрамында ғалымдар, экономистер,
мұғалімдер, баспагерлер бар бұл топ оқулықтар жазып, нәтижесінде әр түрлі
деңгейдегі оқу құрамдары жарық көріп отыр. Олардың қатарында А.С
Нисимчуктың “экономическое образование школьников (1991), “удивительные
приключения в стране экономики”, сондай- ақ төменгі және орта сынып
оқушыларына арналған Е.В Савицкаяның “уроки экономики в школе” (1993)
бағдарламалар мен оқу - әдістемеліктер сынақтан өтті.
Адамзат өмір сүріп отырған әлем өзара байланысты әрі өзара тәуелді.
Біздің бәріміз бір планетада қатарласа тіршілік етеміз, ал бұл планетамызды
бөлшектеп танып- білу өте қиын. Міне, сондықтан да дүние жүзі экономикалық
және әлеуметтік географияны оқытудың ондағы оқушыларға берілетін негізгі
түсініктер мен ұғымдардың маңызы зор.
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы курсы арқылы
оқушылар бөліп- жаруға келмейтін тұтас дүниенің қазіргі заманғы көрінісін
көреді. Осыған байланысты табиғи ресурстар мен халықтар туралы, дүние
жүзілік шаруашылық, оның ғылыми- техникалық революция жағдайындағы даму
беталыстары жайында оқушыларға түсінік қалыптастыру. Сонымен қатар оларға
қазіргі заманның келер проблемаларын ұғындыру, көптеген жаңа географиялық,
әлеуметтік, демографиялық және басқа да ұғымдармен, терминдермен таныстыру,
ал әрбір оқушы бұларды жетік білуі керек.
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы- бұл адамзат
қоғамының аумақтық ұйымдасуын зерттейтін қоғамдық географиялық ғылым.
Экономикалық және әлеуметтік географияда географияның, экономика мен
социологияның элементтері тоғысатындықпен, онда тек географиялық қана емес,
сонымен қатар экономикалық, социологиялық зерттеу әдістері де кеңінен
қолданылады. Соңғы ондаған жылдар бойында экономикалық география да көп
өзгеріп, енді бұл курс әлеуметтік және экономикалық география курсы деп
аталатын болды. Мұның мәнісі экономикалық және әлеуметтік салалар өзара
байланысты. Бұл курсты оқып- үйренуге кіріккенде оқушылардың оқып-
меңгеретін объектілері – табиғат, адамдар, елдер, шаруашылық болып
табылады. Мұғалім осы курсты оқыту барысында оқытылатын объектілер мен
құбылыстардың белгілері мен қасиеттін игеру, географиялық объектілер
жөнінде түсінік, оның орналасу жағдайын көрсету және географиялық картада
жылдам көрсетуге шеберлену және соған сәйкес ауызша сипаттама бере білуге
үйретеді. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясын оқыту
бағдарламасында курстың маңызды міндеттері орнатылған:
Оқушыларды экономикалық география облысын және экономиканы өзіндік
білуге дайындайды, дүние жүзінің жекелеген елдері мен аудандарының
шаруашылық географиясының құрылымын ашатын даму қарқынын оқып біледі, кеңес
уақытындағы мен қазіргі саяси- экономикалық сипаттарды салыстыру барысында
оқушыларда жаңадан көзқарас қалыптасады.

ІІ. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖәНЕ ҚАЗІРГІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

2.1.Экология ғылымы және оның пайда болуы, қалыптасуы, дамуы.

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болған. Экология сөзін
Естественная история пройсхождения атты кітабында ең бірінші қолданған
неміс биологі Эрнест Геккель (1986 ж.). Экология ойкос деген грек сөзі
үй, баспана ұғымын білдіреді. Э.Геккелдің айтуы бойынша экология-
зоологияның бір тармағы, ал жанды мақұлықтар және оларды қоршаған
органикалық және онорганикалық ортамен өзара қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болған. Экологияны
жасаған органикалық эволяция туралы оқудың негізін салушы, англия ғалымы
Чарльз Дарвин. Дарвиннің анықтауы бойынша, тіршілік үшін күресу ұғымы тірі
жәндіктердің өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатысының көп
заттардың байланысының түйінделуі деп негізделеді. Экологияның зерттейтін
мәселелері – жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы олардың ортамен өзара
байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы зор.
Сонымен, экология - тірі органикалық тіршілік әрекетін және өзара
қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Көптеген ғалымдар әр алуан
жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара
байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты. Экологиялық зерттеу ХХ
ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде
кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа қөзқарасының тікелей
өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп
уақыттан бері аясыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты
табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде
өсімдіутер, жанурлар, өзен-көлдер, адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекеттің
нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жайып апатқа
ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (Химия, мұнай,
көмір, АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдасы заттардан
бәлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын
заттардың, өнімнің, яғни азық-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық қоқыстары
іріп-шіріп бұзылуынан түрлі зиян келтіреді, ғылыми мәліметтерге қарағанда,
қоршаған ортаға әсер ететін екі факторды атауға болады: Жер бетіндегі
халықтың өсуі және адамның іс әрекеті.
Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп, көбеюде мысалы, 1990 жылы
біздің планетамызда 5,3 млрд шамада болды. 2000-ы жылы жер бетінде
тұрушылар саны 6 млрд шамада болды. Мысалы, Пантелеевтің болжамы бойынша,
халықтың өсіп, көбеюі одан әрі жалғасады, ХХ ғасырдың орта кезінде
негізінде 10 млрд деңгейін жетіп тұрақтана бастайды. Жер бетінде халықтың
тез өсіп жетілу көптеп қиыншылықтарды туғызады. Мәселен, планетадағы бүкіл
халықты тамақтандыру, азық-түлікпен қамтамасыз ету, оларды жақсы жерлерге
орналастыруға, әл-ауқатын үздіксіз жақсарту – бұл әрине, оңай жұмыс емес,
міне, бұл жағдай халықтың күні бұрын қалын ойлауды, көптеген іс-
әрекеттерін алдын-ала тиімді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелердің бірі-бұл
экологиялық білім және тәрбие. Әлемдегі экологиялық деректерді, ғылыми
мағұлматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең
білімділігіне байланысты. Осыған орай, ең басты міндеттердің бірі –
табиғатты қорғау мәселелермен оқушыларды ғылым негінде теориялық білімнің
негізі көздері – химия, физика, география, астрономия пәндері.
Бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерге терең түсіндіріп, сыныптан
және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді.қолдана білуге оқушыларды
үйрету және дағдыландыру керек. Оқушыларды экологиялық білім негіздерімен
қаруландыру үшін осы пәндер бойынша мектеп өзінің мүмкіншілігін еске алып,
экология бағдарламасын жасайды. Көрсетілген аймақтар бойынша экологиялық
мәліметтерді сол пәндердің негізінде бағдарламаға енгізу керек. Мысалы,
география пәні бойынша: жерді қорғау, тиімді пайдалану, орман-тоғайларды,
өсімдіктерді қорғау, оларды өрттен т.б. апаттан сақтау; өзен, көлдердің
ластануына қарсы күрес жүргізу; ауаның тазалығын сақтау; өндіріс орындарын,
топырақ, ауа жағдайларын есепке алып, тұрғын жерлерде дұрыс орналастыруды
қамтамасыз ету.
Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін кейбір теориялық және
практикалық мәне бар экологиялық мәліметтерді бағдарламаға кіргізу керек.
Оқушылар олармен лекциялар, практикалық жұмыстар, кештер, саяхаттар арқылы
танысады. Шамамен осындай әуенді пайдаланып, тікелей эхкологияға қатысы
бар пәндер бойынша экология бағдарламасын құруға болдаы.
Енді экологиялық тәрбие жұмыстарының бірнеше түрлерін қарастырайық:
1.Ауыл міндеттерінің оқу-тәрбие учаскесіндегі бағасы ағаштан
тұқымының көшектерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді
көгалдандыруға пайдалану.
2.Мектеп оқушылары мемелекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек
көрсетіп отырады. Өйткені, олар мектеп орманшылығының мүшесі, сонымен бірге
ормандарды қорғау және ағаш өндіру жұмыстарына да белсенді қатысады.
Олардың негізгі істейтін жұмыстарының түрлері:
-Көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту,
ұрылардан қорғау, орман-тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу.
-(Көшет) Дәрі өсімдіктерін дайындау, жидан, саңырауқұлақ т.б.
жемістерді жинау.
-Пайдалы хайуанаттарды қорғау және олардың есебін алып отыру.
-Фенелогиялық бақылау жүргізу.
3.Оқушылар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе
жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдардың ғылымымен
жүргізіледі. Осы орайда сөз ретінжде мысалы келтіретін болсақ Қазақстанның
Оңтүстік және Терістік облыстарының топырағымен ауа райы жағдайында ауыл
шаруашылық тәжірибеде жұмыстары әр түрлі тақырыптарда жүргізіледі: Кубань
- 3, Дубровский - 129 күріш сорттарының өсіміне минералдық және кең
қосылған минералдық тыңайтқыштар әсер етуін анықтау, күріш егісінде өсетін
аралшөп балдырлары мыс купорасымен жою: Сәбіз егістігіндегі араншөптерді
керосин және солер майымен тазалау т.б. Қазақстанның терістік
облыстарында мектеп оқушылары егістік дала жағдайында ауыл шаруашылық
дақылдарының сорттарын зерттеу мақсатымен тәжірибе жұмысын мынадай
тақырыптарға жүргізеді: Сібірдің тез пісетін помидоры. Сонымен, оқушылар
дала жағдайында тәжрибе жұмысын жүргізу кезеңінде әр түрлі аймақтардың
топырағы мен ауа райын есепке алып, дәнді және бақша өсімдіктерінің
сортынан, олардан түсетін өнімді зерттейді, химиялық құралдарды қолдану
жолымен түсетін өнімді зерттейді, химиялық құралдарды қолдану жолымен
егістікжерлерде өсетін арамшөппен күрес жүргізу.
4.Оқушылар түрлі табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі,
қорықтық ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы затарды, минералды
тоңайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшекерлейді.
5.Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепке жаппай шаралар
ұйымдастырылады. Олар: кештер, лекциялар, әңгімелер, көрмелер, сайыстар,
оқушылардың шығармалары, рефераттар, баяндамалар, табиғатты қорғау
тақырыптарында арналған плакаттар т.б. Осылардың бәрі оқушылардың
экологиялық мәдениеті санасы жете түсінүіне, табиғи ортаны қорғау мен
жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралдардың бірі.
Егер экологиялық құлың еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып, тікелей
табиғи байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай
күмән келтірүге болмайды.
Егер экологиялық құлық еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып, тікелей табиғи
байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән
келтіруге болмайды.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
1. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана
білу, іскерлікке төселу.
2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларда жаппай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі
Экология ғылымының даму кезеңдері
Экология пәнінен лекциялық сабақтар тезисі
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Экология ғылымының шығу тарихы
Пәндер