Жаңажол кен орны «KKM Operating Company» АҚ



Кіріспе
Кен орнының қысқаша тексерілу тарихы 2
Стратиграфия 3
Тектоника 4
Мұнайгаздылығы 5
Керн алу аралықтары 7
Ұңғы конструкциясы 8
Қолданылған бұрғылау тізбегі мен құбырлары 9
Бұрғылау қондырғысы мен аспаптары 10
Бұрғы мұнарасы 23
Бұрғы лебёдкасы 25
Кронблоктар 26
Тәл блоктары 27
Тәл жүйесін жабдықтау 28
Жуу сұйықтары технологиялық көрсеткіштері 30
Бұрғылаудағы қиыншылықтар
Ұңғыларды цементтеу бекіту 32
Қауіпсіздік ережесі және қоршаған ортаны қорғау 34
Қорытынды 35
Жаңа-жол кен орнының ашылуының өзіндік тарихы бар. 1978 жылы бұл кен орнының ашылуы аса көрнекті жаңалық болды. Оның себебі оқымыстылар мен мамандардың 2900 метр тереңдікте және одан да терең жатқан тұздан төменгі жатқан жыныстарда мұнай бар деген болжауларын бастады. 1981 жылы осы кен орнынан 3900 м тереңдіктегі екінші горизонттан мұнай газды фонтан алынды. Ашылған кен орнын пайдалануға даярлау кезінде болатын бүкіл өндірістік, техникалық шараларды басқару үшін, 1984 жылдың мамырында «Ақтөбемұнай» өндірістік бірлестігі құрылды. «Грозныймұнай», «Краснодармұнай», «Украйнмұнай», «Белорусмұнай» бірлестіктерінің ұжымдары Ақтөбемұнай бірлестігінің барлық өндірістік-техникалық қызметтерін жұмысшылармен және инженер-техникалық мамандармен қамтамасыз етуіне көмектесті.
Қазіргі таңда Жаңа-жол кен орнында «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты «KKM Operating company» акционерлік қоғамы бұрғылау жұмыстарын жүргізуде.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚÀÇÀҚÑÒÀÍ ÐÅÑÏÓÁËÈÊÀÑÛÍÛҢ ÁIËIÌ ÆӘÍÅ ҒÛËÛÌ ÌÈÍÈÑÒÐËIÃI

Қ.И.Ñәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Ұңғымаларды бұрғылау техникасы мен технологиясы кафедрасы

Екінші өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру
Жаңажол кен орны
KKM Operating Company АҚ

Университет атынан

жетекші, оқытушы :

Жанабаев Т.

______________2005 ж.
Ñòóäåíò: Күзембаева Г.
Мамандығы: 2002
Тобы: НБ-01-02қ

Àëìàòû 2005

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Кен орнының қысқаша тексерілу тарихы 2
Стратиграфия 3
Тектоника 4
Мұнайгаздылығы 5
Керн алу аралықтары
7
Ұңғы конструкциясы 8
Қолданылған бұрғылау тізбегі мен құбырлары 9
Бұрғылау қондырғысы мен аспаптары
10
Бұрғы мұнарасы
23
Бұрғы лебёдкасы
25
Кронблоктар 26
Тәл блоктары
27
Тәл жүйесін жабдықтау
28
Жуу сұйықтары технологиялық көрсеткіштері
30
Бұрғылаудағы қиыншылықтар
Ұңғыларды цементтеу бекіту
32
Қауіпсіздік ережесі және қоршаған ортаны қорғау
34
Қорытынды 35

КІРІСПЕ

Жаңа-жол кен орнының ашылуының өзіндік тарихы бар. 1978 жылы бұл кен
орнының ашылуы аса көрнекті жаңалық болды. Оның себебі оқымыстылар мен
мамандардың 2900 метр тереңдікте және одан да терең жатқан тұздан төменгі
жатқан жыныстарда мұнай бар деген болжауларын бастады. 1981 жылы осы кен
орнынан 3900 м тереңдіктегі екінші горизонттан мұнай газды фонтан алынды.
Ашылған кен орнын пайдалануға даярлау кезінде болатын бүкіл өндірістік,
техникалық шараларды басқару үшін, 1984 жылдың мамырында Ақтөбемұнай
өндірістік бірлестігі құрылды. Грозныймұнай, Краснодармұнай,
Украйнмұнай, Белорусмұнай бірлестіктерінің ұжымдары Ақтөбемұнай
бірлестігінің барлық өндірістік-техникалық қызметтерін жұмысшылармен және
инженер-техникалық мамандармен қамтамасыз етуіне көмектесті.
Қазіргі таңда Жаңа-жол кен орнында Ақтөбемұнайгаз акционерлік
қоғамына қарасты KKM Operating company акционерлік қоғамы бұрғылау
жұмыстарын жүргізуде.

КЕН ОРНЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТЕКСЕРІЛУ ТАРИХЫ

1978 жылы Жаңа-жол кен орнының ашылуы аса көрнекті жаңалық болды.
Оның себебі оқымыстылар мен мамндардың 2900 метр тереңдікте және одан да
терең жатқан тұздан төмен жыныстарда мұнай бар деген болжауларын бастады.
1981 жылы осы кен орныан 3900 м тереңдіктегі екінші горизонттан мұнай-газды
фонтан алынды. Ашылған кен орнын пайдалануға даярлау кезінде болатын бүкіл
өндірістік, техникалық шараларды басқару үшін 1984 жылдың мамырында
Ақтөбемұнай өндірістік бірлестігі құрылды. грозныймұнай,
краснодармұнай, Украйнмұнай, Белорусмұнай бірлестіктерінің
ұжымдарыАқтөбемұнай бірлестігінің барлық өндірістік-техникалық қызметтерін
жұмысшылармен және инженер-техникалық мамандармен қамтамасыз етуіне
көмектесті.
Жаңажол кен орнында жұмыс жүргізіп жатқан Октябрь бұрғылау жұмыстары
басқармасының инженер-техникалық мамандары мен жұмысшылары бұрғылау жұмыс
жоспарларын табысты орындады. Сонымен қатар кен орнының өндірісте пайдалану
мәселесі де бірге шешілді. Кен орнының ауданында Октябрь бұрғылау жұмыстары
басқармасының техникалық базасы орналасқан. Сонымен қатар сол жерде инженер-
техникалық және диспетчерлік қызметтердің орталығы орналасқан.
Қазіргі кезде Жаңажол кен орнында жоғарғы және ортаңғы карбондарымен
байланысқан екі карбонатты қалыңдығы КТ-I жәнежәне КТ-II горизонттарынан
мұнай алынады.
Жаңажол ауданында мұнай-газ өнімі бар және оның өндірістік болашағы
жоғары екені ең бірінші А.С. Зенгердің 1:50000 масштабтағы геологиялық
карталау кезінде гравиметриялық зерттеулер нәтижелері арқылы анықталды.
1960-1961 жылдары осы ауданда сейсмобарлау жұмыстарының мәліметтері
бойынша Жаңажол күмбезі екі горизонттан құралғаны анықталды. П1-карбон
жабуы және К-кунгур жыныстардан құралған табандар.
1961 жылы іздеу-барлау ұңғымаларын бұрғылау басталды, 152 м
тереңдікте Москва Ярусының жыныстарын ашты. 3005-3056 м аралығын зерттеп
орта карбон қабатында сулы газдың шығуы білінді.
Жаңажол кен орнында бірінші өндірістік мұнайдың құйылысы 1978 жылы
наурыз айында №4 ұңғыдан алынды.

СТРАТИГРАФИЯ

Жаңажол кенорнының ашылған және зерттелген шөгінді қалыңдығының
қимасының қыртыстары таскөмір жүйесінен (төменгі, ортаңғы және жоғарғы),
триас, юра, бор жүйелерінен және төрттік қыртысының антропогендік
жүйелерінен құралған.
Таскөмір жүйесі (С).
Таскөмір жүйесінің қабаттары орта және жоғарғы бөлім қабаттарынан құралған.
Ортаңғы бөлім (С2)
Башқұрт ярусы (С2в)
Башқұрт ярусы ізбестастар мен аргилиттерден құралған. Ізбестастар
оргоногенді, жарықшақты, кеуекті, кейбір жерлерінде доломиттелінген және
сазды болып келеді. Аргилиттер ашық сұр түсті және тығыз орналасқан.
Башқұрт ярусының қалыңдығы 100 метр болады.
Москва ярусы (С2m)
Москва ярусы Мячков+Подоль, Подоль, Кашир және Верей горизонттарынан
құралған. Верей мен Кашир горизонттарындағы кездесетін тау жыныстары бір-
біріне ұқсас. Олар да оргоногенді, жарықшақты, сонымен қатар кеуекті ақ сұр
түсті ізбестастар, олар кейбір жерлерінде доломиттелінген және сазды болып
келеді. Сонымен қатар ашық сұр түсті тығыз орналасқан. Олардың қалыңдығы
200 метр болады. Мячков-Подоль және Подоль горизонттарында кездесетін тау
жыныстары шамамен бірдей. Бұл горизонттарда ізбестастар, аргилиттер,
алевролиттер, құмтастақтар және доломиттер кездеседі. Ізбестастар ашық сұр
түсті, оргоногенді, жарықшақты, кеуекті және аргилиттер мен доломиттер
қатпарларынан тұрады. 3075 метр тереңдікте терригенді жыныстарда
тығыздалған жасыл-сұр аргилиттер, қатпарланған сұр алевролиттер және орта
түйіршікті құмдақтар кездеседі. Сонымен бірге кристалданған, фауна
сынықтары бар жарықшақты ашық сұр доломиттер кездеседі. Бұл екі горизонттың
қалыңдығы 650 метр болады.
Жоғарғы бөлім (С3)
Касимов ярусы (С3к)
Касимов қабаты шайылған орта таскөмір жыныстарының үстінде орналасқан және
екі аралыққа бөлінген, төменгі сульфитті карбонатты және жоғарғы сульфитті.
Төменгі аралық құмтастар, ангидриттер, әктастардан құралған. Жоғарғы аралық
ангидритті аргилиттерден құралған. Сонымен қатар кеуекті, қуысты.

ТЕКТОНИКА

Жаңажол кен орны тектоникалық қатынаста Каспий маңы ойпатының шығыс
қалқанының Орал геосинклинал белдемінде орналасқан. Геологиялық даму жолы
территориялық қарқынды төмендеуі және қуатты шөгінді жабынымен
ерекшеленеді.
Геологиялық дамуының бірден-бір жолы территорияның босауы және қатты
шөгінді қабықтың түзілуі болып табылады. Бұл қалыңдықтың негізгі бөлігін
Кунгур ярусының гологендік шөгіндісінің табаны мен Кембрийге дейінгі
құрылым бетінің шөгінді қабатын қоса алғандағы тұздан төменгі кешенін
құрайды.
Тұздан төменгі шөгінді қабаттың беті батысқа моноклинальды Ащысай
жарығының маңына 2,0 - 2,5 км Моноклиналь шегінің көрсетілген қатарларынан
жекелеген қатарлар оқшауланып көрінеді. Төменгі горизонтта соңғылары
байқалады да, ойпаттың ортаңғы бөлігіне ене түседі. Шығыстан батысқа қарай
Кенқияқ, Көздісай, Шұбарқұдық жүйелерінің қатарлары байқалады да олардың
тұздан төменгі горизонтыныңжамылғы шегінің тереңдіктері 3-3,5 км, 3-4, 4-5,
5 км төмен болып келеді. Жаңажол кен орны Подольск-Гжелькесі жасындағы
жыныстардан құралған көлемді карбонат массивінің жоғарғы бөлігінде
қалыптасқан. Сейсмикалық деректер бойынша қалыңдығы 600 м және ол алғашқы
бұрғылау жұмыстары кезінде анықталды. Құралған бөліктің амплитудалық
көтерілуі 250 метрдей ал шығыс қанатымен салыстырғанда батыс қанатымен өте
күрт көтерілген жалпы карбонат массивінің жыныстарымен, шекарасымен барлық
горизонттар байланысқан.
Қалыптасқан құрылымдық пішіні сақталған. Көтерілу амплитудасы жоғары,
олардың өлшемдері үлкен.

МҰНАЙГАЗДЫЛЫҒЫ

Жаңажол кен орны өнімділігі карбонат коллекторларынан байланысты
Қазақстанда бірінші ашылған ірі кен орындарының бірі болып табылады. Ол
бұрыннан белгілі төменгі бор, юра және төменгі триас, жоғарғы және төменгі
пермь шөгінді қабаттарының қойнауында мұнайы бар Кеңқияқ, Құмсай, Көкжиде,
Ақжар және тағы да басқа мұнай кен орындары бар аудандарда орналасқан.
Жаңажол ауданының қимасының мұнайгаздылығының алғашқы деректері I-
ұңғыны бұрғылау кезінде газдылық көрсеткіші жоғарылады.
Қабат ерітіндісінің газдануы және мұнай белгілері арқылы Жаңажол кен
орнында терриген кешенінің мұнайгаздылығы байқалады. Жоғарғы корбонат
қалыңдығы қимасының қорытындысын салыстыру арқылы, 3 коллекторлы өнімді
пачкасы анықталып жоғарыдан төмен қарай олардың газ мұнай конденсат қоры
есептелді.
Стратиграфиялық қатынас бойынша А және Б пачкалары гжель және
касимов ярусының жоғарғы карбонына байланысты 10, 30, 50 ұңғылардың
ауданында байланысты солтүстік күнбез құрылымының шегінде ВI төртінші
пачкасы табылған. Оның өнімділігінің таралуы шектелген. А және Б
жоғарғы екі пачкалардың жалпы қалыңдықтары 35-80 метр, ал Б пачкасының
қалыңдығы 50-95 метр, өнімді пачкаларды құраушы коллектор қабаттарының саны
1-12 м аралығында, ал олардың әрбіреулерінің қалыңдығы 1- 40 метрге дейін
өзгереді.
А өнімді пачкасы. Пачка шегінде 1-2 қабат коллекторлары оқшау
бөлінеді де, олар барлық оңтүстік қанаттар мен батыс қанаттағы солтүстік
қосылыстардың шегінде жақсы байқалады. пачка құрылымының ерекшелігі
ауданның солтүстік шығыс бөлігінде карбонатты коллекторлар қабатының
ангидриттермен толық араласы болып табылады. Орташа алғанда қаныққан газдың
қалыңдығы 26 метр, ал қаныққан мұнайдікі 12 метр. Мұнай дебиті 1,4-6,4
м3тәуболды, газ дебиті 175 мың м3тәу. Ашылған мұнайгаз ең аз абсолютті
белгісі 2640 (7 ұңғы). Сынақ кезінде судың ашылған белгісі – 2640.
Кәсіпшілік геофизикалық көрсеткіштерге байланысты СМБ оңтүстік қосылыстың
құрылымына 2650 м белгісінде ашылды, ал 6 және 2631 метрде ашылды. Газ
мұнай байланысты 2560 м.

ҰҢҒЫМАНЫ БҰРҒЫЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Ұңғыманы бұрғылауға дайындық жұмыстары келесідей бөлімдерден тұрады:
1. Бұрғылау қондырғыларын монтаждауға дайындық жұмыстары
( ұңғыманы бұрғылайтын қондырғының орны жоспарлау , қатынас
жолдарын салу , су құбырларын жүргізу , электр жүйесін қамтамасыз
ету , телефон желісін тарту және т.б.)
2. Бұрғылау қондырғыларын монтаждау (қондырғының ірге тастарын орнату
, оларға бұрғы қондырғысының блоктарын отырғызу , қондырғыны бір-
бірімен байланыстыру , мұнара мен қондырғыларды жабу , сыймдылық
ыдыстарын және тұрмыстық блоктарды орнату .)
3. Ұңғыманы бұрғылауға дайындық жұмыстары: бағыттаушы құбырды орнату
, тәл жүйесін жабдықтау , шурф орнын бұрғылап оған құбыр түсіру
(шурф тереңдігі 16м болады, көтеріп-түсіру операциялары кезінде
құбырлар сол жерге қойылады), жұмыс процесін жеңілдетуші кіші
механизация тетіктерін құрастыру және тексеру , бұрғы шлангасын
вертлюг және тіке манифольд құбырына жалғау , машина кілттерін
ілу , ротордың горизонтальдылығын таксеру сияқты жұмыстар.

ҰҢҒЫМАНЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ

Ұңғыманың конструкциясын жобалау Ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын
жүргізудің жалпы техникалық ережесі және Мұнай мен газ ұңғымаларының
конструкциясын жобалау кезіндегі методикалық нұсқауларталаптарына сай
жүргізіледі. Осы құжаттарға байланысты ұңғыма конструкциясына төмендегідей
талаптар қойылады.
- Міндетті түрде ұңғыманы жобаланған тереңдікке жеткізу
- Өнімді горизонтты ашудың көрсетілген тәсілін және оны алу тәсәлін
іске асыру
- Техника және технологиялық процестің, мүмкіндік потенциалдық
процестің, мүмкіндік потенциалдың толық пайдалану және бұрғылау
процесіндегі шиеленіс жағдайларын болдырмау
- Ұңғыманы қарастырғанда, аяқтағанда ең аз шығын жұмсау;
Көрсетілген талаптарды қамтамасыз етуге қажет шегендеу тізбегінің,
соның бұрғылау кезінде әртүрлі ұңғы интервалдарының сәйкес келмеуіне
байланысты жобалаймыз. Бұрғылау шарттарының сәйкес келмеуі деп жоғарғы
интервал шегендеу тізбегі бекітілген жағдайда төменде жатқан интервалдың
берілген бұрғылау технологиялық процесінің, параметрлері бұрғыланған
жоғарыда жатқан интервалда шиеленіс туғызуын экономикалық жағынан тиімсіз
болуын немесе қосымша арнайы технологиялық шараларды жүргізгенде шиеленісті
болдырмау мүмкін болмауын атайды.
Ұңғы конструкциясына келесі шегендеу тізбектерінің түрін қолданамыз:
бағыттаушы шегендеу құбыры - тұрақсыз топырақтардан тұратын жоғарғы
интервалды бекіту үшін арналған. Біз бұрғылаған ұңғымада бағыттаушы
шегендеу құбырымызды 10 м тереңдікке түсірдік және оның диаметрі 620мм
болды;
кондуктор – қиманың тұрақсыз интервалдарын бекіту үшін, сулы горизонтты
ластанудан сақтау үшін, лақтыруға қарсы жабдықтарды сағаға орнату үшін,
бұрғылау кезінде ұңғы сағасын жуып кетуден, одан басқа келесі шегендеу
тізбегін орнату үшін арналған. Біздің ұңғыда кондукторды 860 м тереңдікке
дейін түсірдік, диаметрі 444,5 мм болды;
аралық шегендеу құбырын геологиялық қиманың жоғары жатқан аймағын бұрғылау
шарты бойынша бекітуге қолданады.

КӨМЕКШІ АСПАПТАР

Сына ұстағышы түсіріп көтеру процесінде бұрғы тізбегін бір жерде
ұстап тұру үшін қажет, ротор тақтасына бұрғы қондырғысының автоматикалық
кілтін орналастырады. Бұл бұрғы тізбегінің құлыптық қосылыстарын ашып жабу
үшін, соның ішінде ауырлатылған бұрғылау құбыры (АБҚ), шегендеуші құбырлар
диаметрі 194 мм – дейінгілерді қосып ажырату үшін арналған. БҚАК-3 ауа
арқылы қозғалысқа келеді. Ілмелі пневматикалық кілтті көтеріп түсіру
кезінде құбырлар тізбегін жалғап ажырату үшін арналған. Көмекші жұмыстарына
арналған лебёдкасы бар.

БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Жаңажол кен орнында көбінесе Уралмаш – 4000 э. қондырғысын қолданып
бұрғылау жұмыстарын жүргізеді. Бұл қондырығыны қолдану себебі терең
ұңғымаларды қазуда мүмкіншілік туғызады және кен орныныда қондырғыны
жөндейтін цех бар. Бұл қондырғы 4000 м тереңдікке дейін қазуға мүмкіндік
береді. Ұңғыманы бұрғылау кезінде қолданылған бұрғылау қондырғысы және
оның аспаптары.
Біздер ұңғымамызды Уралмаш-4000э бұрғылау қондырғысы арқылы
бұрғыладық . Бұрғылау қондырғысының құрамына мыналар кіреді : тәл
жүйесі ілінетін және бұрғылау құбырлары орналасатын мұнара , бұрғылау
аспаптарын көтеріп – түсіруші және айналдырушы жабдықтар , жуу
сұйықтарын дайындау және тазарту қондырғылары , көтеріп–түсіру
операцияларын автоматтандыру және механизациялау аспаптары , бақылау -
өлшеу приборлары мен т.б. қосалқы аспаптар .

БҰРҒЫ МҰНАРАСЫ

Бұрғы мұнарасы бұрғылау құбырлары мен шегендеу құбырлары
тізбектерін ұңғымадан көтеріп және түсіру үшін , сонымен қатар тәл
жүйесін , бұрғылау құбырларын орналастыру үшін қолданылады .
Бұрғы мұнаралары биіктігі , жүк көтеру мен конструкциялық
ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді: мачталы және башен тәрізді
. Башен тәрізді мұнараларда салмақ оның төрт тіректеріне түседі . Ал
мачталық мұнараларда салмақ бір немесе екі тірекке түседі .

2 кесте - бұрғы мұнарасының техникалық сипаттамасы

Башенді мұнара А-тәріздес мұнара
Параметрлер
ВБ-53-320 Уралмаш БУ-75 БУ-80 БМ43-185Бр
-4000э
Ілмектегі ең 3200 5600 1000 1400 1850
жоғарғы салмақ
Табан өлшемі, м 2 х 2 - - - -
Жоғ., төм. тіректер
ара-ның өлшемі, м 10 х 10 14,5 х 14,5 6,2 7,2 9,0
Мұнара биіктігі, м 54,47 64 40 40 44,6
Мұнара жинағының
салмағы, кг 42500 48200 18200 18300 33680

Бұрғы шығыры
Бұрғы шығыры бұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп – түсіру , ұстап
тұру , бұрғылау кезінде жайлап жіберіп отыру және шегендеу
құбырларын түсіру үшін қолданылады . Кейбір жағдайларда шығырды
қозғалтқыштар қуатын роторға жеткізу , құбырларды бекіту , ашу , ауыр
жүктерді сүйреп тарту және де басқа қосалқы жұмыстарды атқаруда
қолданылады . Шығыр бұрғы қондырғысының ең негізгі агрегаттарының бірі
.
3 кесте - шығырдың техникалық сипаттамасы

Параметрлер БУ-75-БУралмаш- У2-2-1У2-5-5 ЛБУ-1100ЛБУ-1700ЛБУ-300
рд 4000э 1 м.1 Д
Ең жоғарғы жетек460 560 662 809 1250 1250 2646
қуаты , кВт
Тәл арқанының 25 28 28 32 32 35 35
диаметрі , мм
Барабан өлшемі, м
Диаметрі 0,6 0,7 0,65 0,8 0,75 0,835 0,93 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өндіру
Мұнай-химия - шикізат шырмауынан шығу жолы
Шұбарқұдық мұнай кен орны
Өндірістік практика өту туралы есеп: «Жобаларды басқару» (“Intelligent computer Services” мысалында)
Сазы сұр, қара сұр
АҚ «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты»
Бекітілмейтін ұңғыдағы сораптың плунжері
Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу
Газды қабатқа айдаудың қолданылып жүрген қысымының орташа мәні
Пәндер