Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру



I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
II. Негізгі бөлім. Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру.
2.1. Несиенің мәні және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.8
2.2. Несиенің құрылымы мен функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.14
2.3. Несиенің формалары және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.21
2.4. Қарыз пайызының экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.26
2.5. Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу көздері ... ... ... ... ..27.28
2.6. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.30
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмлесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмлесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен – «несие» - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие эеономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар – жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.
Осы курстық жұмысымда несиенің мәнін, құрылымын, қажеттілігін және нарықтық экономикадағы несиенің ролін қарастырамын.
1) «Ақша, несие, банктер»: Оқулық / Ғ.С.Сейтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001.
2) Хамитов Н.Н. «Банк ісі» лекциялар курсы. Алматы: Экономика баспасы 2006ж.
3) Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары». Оқу құралы Алматы 2004ж.
4) Вестник КазНУ. Серия экономическая №3 2006г.
5) Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане». Учебное пособие – Алматы 2001г.
6) Статбюлетень НацБанка РК на 2007г.
7) Исаев А. «Қазақстанның банк секторының күйі қандай?» Айқын газеті 2007ж
8) Сауытбекова Ә. «Банк жүйесінің өзекті мәселелері». «Дала мен қала» газеті – 2006ж.
9) Рамазанов Н. Кредитные риски\деловая неделя\от 22.03.02.
10) Зиябеков Б. «Кред. бюро – инсрумент выявления рисков» Банки Казахстана №2 2002г.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
II. Негізгі бөлім. Несиелік процесті ұйымдастыру және оны жетілдіру.
1. Несиенің мәні және
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
-8
2. Несиенің құрылымы мен
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-14
3. Несиенің формалары және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-21
4. Қарыз пайызының экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-26
5. Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу көздері ... ... ... ... ..27-
28
6.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .29-30
III. Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол
арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар
мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмлесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз
мәмлесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны
осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу
формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды.
Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың
тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және
жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды
ұқсастығы олардың бір атауымен – несие - бекітіледі, бірақ әр түрлі
дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге,
мазмұнға, табиғатқа ие.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық
категория. Несие эеономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи
категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір
дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар – жалпы тарихи
категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи
негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның
негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік
байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория
ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл
несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты.
Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік
қатынастар тобына жатады.
Осы курстық жұмысымда несиенің мәнін, құрылымын, қажеттілігін және
нарықтық экономикадағы несиенің ролін қарастырамын.
Несие құннының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді. Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық
қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді
анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады.
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарымен негізделген несиелік
қатынастар тауар айналысы сферасында пайда болады және тауар өндірісі
шарттарынан туындайды.
Несиенің қажеттілігі ұдайы өндіріс процесі фазаларының бірлігі мен
өзара әсерін қамтамасыз ететін тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлай
және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі. Несиенің құрылымы
оның субъектілері мен объектілері болады. Несиенің объектісі қарызға
берілген құн болып табылады.

2.1. Несиенің мәні және қажеттілігі.
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдайы
бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты
– өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша
қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен
қамтамасыз етіледі.
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы
несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте
несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың
тек бірінші жағы – алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз
алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ – кредитор өндірістік процестің
сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері
арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнің
ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды,
өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс
процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге
бастаманы өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді.
Осы мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның
сыртындағы қатынастар болып табылады.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидуумдардың қолдарына
тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске
кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немсе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және
бір-бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады.
Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі
және оның дифференциациясы терендей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс
те өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлауымен, қала мен ауыл арасындағы әр
түрлі үлестірумен т.б. Несие үлестірумен байланысты, бірақ ол үлестіру
қатынасын білдіреді. ҮЛестіруге екі маңызды жағдай тән: 1 – үлестіру
пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидуум өндірілген өнімге қатысады; 2
– ол қоғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидуумға
үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге
қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп
қойғанды қайта бөледі, сонымен қатар индивидуумнан шығатын кез ретінде
анықталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған
айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде
қалыптасатын қатынастарды арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын
қатынастарды негіз деп есептекге мүмкіндік береді.
Несиенің ұдайы өндіріс процесіне бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және
ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында
субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа
субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама – қайшылық
пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс
пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің
дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде
болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы
несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі
түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз
мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі
тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып
салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық
мынада: сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді,
қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қайтарылады.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз
мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды,
оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге
асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар
сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шарушылығының әр түрлі сатыларына тән.
Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жйілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі
және жалпылама мәнге ие болады.
Несие шарушылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де
ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы
жүйесінің алдынғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір
шарушылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы
шарушылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады.
Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының
әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан
бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі,
тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар
шаруашлығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы
қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының
өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын
әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады:
біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден,
әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе
онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер
тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және
себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмімлесінің
экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір
формаларымен байланысты шарушылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес,
өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Несие теориясы оны техникалық-заңдылық категория ретінде емес,
қоғамдық-экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-
заңдылық белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің
қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін
маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік
мәміленің ерекше техникалық-заңдылық белгілермен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық
категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи
категория екенің атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір
дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар – жалпы тарихи
категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи
негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек
натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге
асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын
ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері,
экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға
ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігімен қамтамасыз ету
қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық
субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай, өндірістік және тауарлық
формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр
түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың
өндірістік құралдарында айналуы жүреді: ақщалай қаражаттарға өндіріс
құралдары сатып алынады. Өндіріс процесінің екінші сатысында ақшалай
қаражаттардың тауарға айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға
ауысады, өндіріс құралдары қнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында,
үшінші сатыда тауар өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады.
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және
айналым) шеңбер айналымы және айналымы несиенің объективті қажеттілігін
толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың
шеңбер айналымы мен айналымының кеңістікте бірқалыпты еместігі тек
қаражаттардың бір буында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің
бар болу фактын сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдардың
шеңбер айналымы және айналымында несиелік қатынастардың пайда болу
мүмкіндігі қаланған.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар қажет. Олар
кем дегенде екеу: 1-несиелік мәмілеге қатысушылар – кредитор және қарыз
алушы – экономикалық байланыстардан келіп шығатын міндеттемелердің
орындалуына материалдық кепілдік беретін заңды дербес субъектілер ретінде
болулары керек. Несиелік қатынасқа түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін
нарық заңдары және экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге
асырулары қажет; 2-несие қажеттілігі, егер қарыз алушы мен қарыз беруші
мүдделері сәйкес келген жағдайда қажет болып табылады. Несиелік мәміле
жасалуы үшін оның қатысушылары өзара ықылас білдірулері қажет. Экономикалық
қатынастар бәрінен бұрын мүдделер ретінде көрінеді. Бұл мүдделер соңында
өндірістік қатынастың қатынасушыларының еркімен реттелетін қандай да бір
субъективті нәрсе емес. Әрекетті тудыратын кез келген мүдде бәрінен бұрын
объективті процестерге, өзара мүдделікті болдырмай қоймайтын нақты
жағдайларға сүйенеді. Несиелік қатынастар, бір жағынан, кредитор мен қарыз
алушының арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру; екінші жағынан, оларды
алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады. Осылайша,
несие капиталдардың шеңбер айналымы және айналымында белгілі бір
жағдайларда несиелік қатынастардың пайда болуы мүмкіндігі шындыққа
айналғанда қажет болады.
Несиелік қатынастардың субъектілері өзара мүдделерге негізделген
экономикалық байланыстар тұрақтылығымен, бір қалыптылығымен сипатталады,
біртұтас жүйе ретіндегі несие шеңберімен анықталады. Қажеттілік категориясы
көбінесе объектіні терендей тану дәрежесін, яғни оның мәнін, заңдылығын
ашып ақиқат өмірдің ішкі, тұрақты, қайталанып отыратын жалпылама
қатынастарын, оның дамуының негізгі бағыттарын көрсетіді.
2.2. Несиенің құрылымы мен функциялары.
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі
туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады.
Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде,
бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады.
Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы
болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар
айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардың ақшалай
эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы
тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма-
қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның өкілі немесе болашақтағы ақшаның
өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы – қарыз беруші, ал
сатып алушы – борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте
эквивалент мерзімінің ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын
жағдайлардың барлығына қатысады.
Кредитор – несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінің басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншігіндегі ресурстар
есебінен ғана емес, оның шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен
де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған
қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер
басқа барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар
ретінде бола отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын
ресурстарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір
жағдайларда босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға
беріледі. Коммерциялық несие кезінде құндылықтар да қарызға беріледі.
Коммерциялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларды қарыз
алушыға береді.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен
анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына
байланысты.
Қарыз алушы – несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір-
біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш – міндетті жылпы
сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы
емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға
деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз
еңбектерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық
несиенің бар болуының басқа формасы – ақсүйектердің көбінесе жер иелеріне
ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы
жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің
өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие:
1. Ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды,
олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес бөтен біреудің
ресурстарымен жұмыс істейді.
2. Қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да,
өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-
ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.
3. Қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға
алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті
түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс
процесін өркендете түсу керек.
4. Қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай,
сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді.
5. Қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелді
болады.
Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған
қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін
орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз
мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар
шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор
қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардың
бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор
және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор – қарызды
беруші жақ, қарыз алушы – берілген қарызды алушы жақ; бүтіннің шеңберінде
олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына
байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына
мүдделі болса, қарыз алушы – анағұрлым арзан несиеге мүдделі.
Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан
қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері
қозғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол
құнның ерекше бөлігі ретінде болады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы – оның авансылану сипаты.
Несие, қағида бойынша, құнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының
иелігіне түсуі керек. Осы мағынада несие қарыз алушының шаруашылығында
қарызға алынған құнның жұмыс жұмыс істеуі кезеңінде онда жасалуы тиіс
табыстарды болжап біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға несие беру
жөнінде өтініш жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың
болмауынан ғана емес, сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және
сол табысты алдағы төлемдер үшін пайдалану мүмкіндігін ескереді. Сонымен
бірге, қаражаттарды авансылаудың кез келгені несие болып табылмайды.
Ал несиенің функцияларына келетін болсақ, алдын ала сұрақтың
терминологиялық жағына тоқталып өтейік. Функция түсінігі ғылымда және
тәжірибеде кең түрде қолданылады. Функция латынша. function атқару,
жүзеге асыру деген мағынаны білдіреді. Экономикалық теорияда функция деп
құндық категориялар мәнінің көрінісі түсіндіріледі. Демек, несиенің
функциясы деп оның мәнінің ерекше көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің
функциясы – оның мәні емес, тек осы мәнінің көрінісі.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды.
Біріншіден, бәрінен бұрын функция да несиенің мәні сияқты объективті
сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе
отырып орындайтын белгілі бір жұмыстың көрінісін сипаттайды. Екіншіден,
несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие
өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес,
олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір
кезенде несие өзінің қозғалысының белгілі бір сатысында болады, сондықтан
өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды.
Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы
функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты.
Үшіншіден, функция – бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің
мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция
несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.
Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпы
несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер
ол тең дәрежеде несиелік мәміленің екі қатынасушысына да қатысты болса
ғана, оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.
Мұнан басқа, функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше
көріністерін сипаттауы керек. Коммерциялық несиенің, банктік несиенің жеке
бөлектенген функциялары жоқ. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері
емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады.
Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады:
қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік операциялардың ауыстыруы.
Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынас айырбас процесінде
уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілуі жолымен қайта бөлу сатысында
пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің иесіне қайта оралады. Осыған
байланысты несиенің қайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші жағдайда
кредитор қарыз мәмілесі арқылы қарызалушыға тауарлы – материалдық
құндылықтарды бере алса, басқа жағдайда ақшалай қаражаттарды береді, бірақ
екі жағдайда да беру объектісінің формалары әр түрлі болғанымен оның
мазмұны біреу – құн қайта бөлінеді. Осылайша, қайта бөлу функциясының
көмегімен құн қайта бөлінеді.
Қайта бөлу қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай
түрлерге бөлінеді: аумақ аралық, салааралық, салаішілік және шаруашылық
аралық. Қайта бөлудің барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі
өзгермейтінің ескерте кету керек. Берілген құнға меншік иесі кредиторда
сақталады.
Егер несиелік қатынасқа кредитор мен қарыз алушы ретінде олардың
орналасқан жерлеріне тәуелсіз әр түрлі заңды тұлғалар түсетін болса, құнның
қайта бөлінуін аумақаралық деп айтуға болады. Салаішілік қайта бөлу салалық
банктерден несие алған кезде орын алады. Егер құн бір саланың өкілі болып
табылатын қарыз алушыға берілген жағдайда несиенің көмегімен салааралық
қайта бөлу орын алады.
Егер кредитор бір шаруашылық субъектісінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын тартып, оны басқа субъектілерге қарызға беру көзі ретінде
пайдаланылса, онда құнның шаруашылықаралық қайта бөлінуі орын алады.
Несие арқылы ресурстардың қайта бөлінуін әр түрлі деңгейде
қарастыруға болады. Несиелік қатынастардың субъектілері деңгейінде құнның
жеке шеңбер айналымында тауарлы-материалдық құндылықтардың да ақшалай
қаражаттардың да қайта бөлінуі жүреді. Халық шаруашылығы деңгейінде құнның
жиынтық шеңбер айналымында оның қозғалысы несие арқылы жиынтық ұлттық өнім
мен ұлттық табыстың қайта бөлінуіне ұласады. Несиенің қайта бөлу функциясы
құнның жалпы қайта бөлінуін емес, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін
қозғайды. Сонымен қатар несие арқылы жүзеге асырылатын қайта бөлу, өткізу
процесінің жалғасы болуы да мүмкін. Коммерциялық несие кезінде тауар
өндіруші өз өнімін сатып алушыға төлеуді кейінге қалдыру шартымен сатады,
яғни несиелік негізде. Алайда, мұндай кейінге қалдыру үшін тауар өндірушіде
оның өнімін төлеу кезіне дейін бос ресурстары болуы керек. Немесе оларды
ұдайы өндірістің басқа субъектілерінен уақытша пайдалануға алу керек. Екі
жағдайда да шаруашылықтың әр түрлі буындарында жасалып қойған нәрселер
қайта бөлінеді.
Несиенің қайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері
бар:
➢ біріншіден, несиенің көмегімен тек материалдық игіліктердің, өндіріс
құрал жабдықтарының және тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде
өндірілген жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп қоймайды, сонымен
қатар елдің экономикасының дамуының алдыңғы кезеңдерінде жасалған құн
да қайта бөлінеді;
➢ екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін
қозғамайды, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін сөз етеді;
➢ үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша босаған құнды
уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады;
➢ төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған құнның бірілуі
нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік
мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік
операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың
орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Қарызға берілген құнды тауарлы-материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара
талаптарды есептеуді аяқтау, аккредитивтер ашу, тұрғындардың тұтыну
тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолма-қол ақшалай
төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем
айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады.
Қазіргі тауар шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына
енуі ақшаның жалпылама орнын басу функциясын орындамайды, ал экономикалық
айналымда олардың уақытша орнын басу функциясын орындайды. Қарыз алушының
алған және шаруашылық, айналымына енген қарызға берілген құн ақшаға тән
жұмысты орындай бастайды.
Нақты ақшалардың орнын несиелік операциялар басуының келесідей
алғышарттары бар:
➢ біріншіден, банктік жүйенің дамуы және төлем айналымын ұйымдастыруда
оның ролінің жоғарылауы;
➢ екіншіден, экономикада төлем міндеттемесі немесе талабы бар төлем
құжаттарының дербес айналысы;
➢ үшіншіден, Орталық банктердің несиелік ақшаларды эмиссиялауы.

2.3. Несиенің формалары және түрлері.
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта
қандай да бір объектілерге тән тұрақты қажетті байланыстардың жиынтығын
білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар
құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде
сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты
кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің
формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы
қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген
жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық,
үкіметаралық, фирмалық т.б. жатқызады.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы
формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық
несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен
біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және
көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір
тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп
тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін.
Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық
несиенің құрылымы вексель – жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол
оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде
көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің
шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің
резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы
коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес
капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің
бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы
құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы,
машина құрылыс кәсіпорынның иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма
фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына
коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс
құрал-жабдығы бола алмайды.
Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі –
тауарлардың ұдайы жеткізілуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық
байланыстарының үнемі ұлғаюыжәне жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық
несиенің ролі оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып
кетті.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде коммерциялық несие терминімен
банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс
істеп тұрған капиталистердің бір-біріне тауарларды төлемді кейінге қалдыру
шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. К.Маркстің
айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист бір қолымен несие
береді және екніші қолымен несие алады. Сондықтан жекелеген кәсіпорын
тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие шамасын төлеуді кейінге қалдыру
шартымен, сатып алушыларға қойылған тауарлар және осындай шартпен
жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға
болады. Кейбір экономистер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін тауарларды
жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп
есептейді.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі – аясы тар
мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі
тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа
факторы бәсекелестік кезінде мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады.
Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне
ілесіп отырады, бірақ, әдетте анағұрлымжоғары деңгейде белгіленеді.
Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке
өмірсүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз
міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат еткен
алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге
айналады, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие берудегі несие саясаты
Коммерциялық банктерде несиелік процесті ұйымдастыру («Қазақстан Халық Банкі» АҚ тәжірибесінен)
Несие туралы ақпарат
Коммерциялық банктің несиелік саясатының экономикалық мәні
Қазіргі жағдайда коммерциялық банктердің несиелік саясатын талдау
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Қазіргі кездегі коммерциялық банктің қызметіндегі несиелік саясаттың рөлін айқындау және оны жетілдіру жолдары
«Казкоммерцбанк» ақ-ның несиелік процесті орындау тәжірибесіне талдау жасау
Несиенің қажеттілігі,мәні,формалары
Коммерциялық банктердегі несие саясатына талдау жүргізу (АҚ «БТА» банк тәжірибесінде)
Пәндер