Мемлекеттік аппарат түсінігі және түрлері



ЖОСПАР

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
2.1. Билік бөліну принциптері
2.2. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
2.3. Өкілетті органдар
2.4. Мемлекеттің жергілікті жердегі өкілетті органдары және жергілікті өзін. өзі басқару органдары
2.5. Құқық қорғау органдары
2.6. Мемлекет тетігінің түсінігі және құрамы
2.7. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және қызметтерінің принциптері

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; Мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі үйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктермен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның екінші бабында; Мемлекеттік қызмет туралы - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттік, өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынас бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым - қатынастар, сана - сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір - бірімен қарым - қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамудың обьективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттері мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. "Мемлекет және құқық теориясы" Т.Ағдарбеков, 2002 жыл
2. "Мемлекет және құқық теориясы" Қ.Д.Жоламан, А.Қ.Мұқтарова, А.Н.Тәукелов 1999 жыл
3. "Мемлекет және құқық теориясы" Т.Ағдарбеков, 2003 жыл
4. "Мемлекет және құқық теориясы" Қ.Д.Жоламан, А.С.Ибраева 1998жыл
5. Мемлекет және құқық негіздері, «Алматы 2001ж
6. Жоламан «Мемлекет жэне құқық теориясы», Алматы 1999ж.
7. Дулатбеков Н. «Мемлекет жэне құқық негіздері», Астана, 2001 ж.
8. Құттыаяқов Ш. «Президенттік билік - егемендіктің ақ жолы», Алматы, 1991 ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекеттік аппарат түсінігі және түрлері

ЖОСПАР

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Билік бөліну принциптері
2.2. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
2.3. Өкілетті органдар
2.4. Мемлекеттің жергілікті жердегі өкілетті органдары және жергілікті
өзін- өзі басқару органдары
2.5. Құқық қорғау органдары
2.6. Мемлекет тетігінің түсінігі және құрамы
2.7. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және қызметтерінің
принциптері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет
органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын
және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; Мемлекеттік аппарат
мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі
үйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктермен
қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделері мен
құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік қызмет
туралы" Заңның екінші бабында; Мемлекеттік қызмет туралы - азаматтардың
мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге
асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттік, өзге де
міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет
делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынас бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси
қарым - қатынастар, сана - сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің
орны, бір - бірімен қарым - қатынастары, қызметінің негізгі принциптері
көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын
қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл
аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік
республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік
аппарат дамудың обьективтік бағыттары байқалады: бюрократизация,
дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне
мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік
аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет -
конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар
мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік
міндеттері мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.

2.1. БИЛІК БӨЛІНУ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен
реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелері,
тиімді болады. Ол үшін оның қызметі демократиялық, конституциялық, заңдылық
принциптері сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттік лауазымды адамдары,
қызметкерлері жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттік аппарат
халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті
басқару процесінде қатысуының демократиялық жолдары олардың сайлауға
қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына мемлекеттік кепілдік береді. Халық
мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық үйымдарды құрады,
олар мемлекттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады.
Конституцияның 33 - бабында "Азаматтардың тікелей және өз өкілдері
арқылы мемлекеттік өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы және
жүмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі" делінген.
Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді; мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін - өзі басқару органдарына жеке және үжымдық өтініштер
жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін - өзі басқару органдары сайлау және
оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру. Мемлекеттік
қызметтің принциптері: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет
жүйесінің біртүтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды
мүдделерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің алдында басымдығы; мемлекет
қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары түрған
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған, шешімдердің төменгі
мемлекеттік органдар қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
Қазақстанның біртүтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну
принципі Конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес,
ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік
билік біртұтас, өйткені бірден - бір бастауы. Қазақстан халқы және
мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне
сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір
- бірін шектейді. Мемлекет аппараты өз құзыретін анық және жариялық істеуге
тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және
хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің
қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы - қатаң тәртіпті, субардинацияны,
олардың бір - бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас
күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді; заң шығару, атқару және сот
жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі.
Бұл мекемелердің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары,
құзыреті, қолданатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп,
қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
Мемлекеттік аппарат - алдында түрған ерекше мақсаты бар және соны
орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны.
Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі
Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетітеді. Әрбір мемлекеттік
аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, үйымдық және зорлау күшімен
қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің ойынан функцияларын атқарады,
әрқайсысының алдында түрған мақаттары заңда анық белгіленген. Басқа
мемлекеттік органдармен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті
белгіленген. Мемлекетің аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттің билігі.
Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан
барлық субьектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе
құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға
құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері, мен
функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге
асыратын толық жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің
өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында түрған мақсаттарға және
міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы: прокуратура органдары, сот жүйесі,
ІІМ, ҰҚК құқықты корғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір бірімен
байланысты. Бәрі бірге жалпы құқық қорғау жүйесіне жатады. Мемлекеттік
аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері; Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды түлғалардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда
белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қорғауға, олар жөнінде
қажетті шаралар қолдануға; өздерінің берілген құқықтар шегінде және заңды
міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек
тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бүйрықтары мен өкімдерін,
шығарылған шешімдері мен нүсқауларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде
мәселелерді қорғауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген
тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен
материалдарды алуға құқықтары бар.

2.2. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын
қызметтеріне сәйкес жүйе - жүйеге, сала - салаға жіктеледі. Мемлекеттік
органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді. 1. Мемлекеттік
билік органдары; Парламент Президент және Мәслихаттар. 2. Мемлекеттік
атқару органдары; үкімет, министрліктер, ведомоствалар, жергілікті атқару
органдары, әкімдер.
Мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары.
Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: Өкілетті органдар, атқару органдар
және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті .мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш
биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуінің және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел
ішінде және халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін
жоғарғы лауазымды түлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының адам және адамзат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

2.3. ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАР
Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару
функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның
өкілеттік мерзімі - төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі
палатадан; Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық
маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді
органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан
тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік
- аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен
тең бір мандатты аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын 67
депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ
кейде басқа жоғарғы органдар осы жүмысқа кіріседі. Парламент кейбір
заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп
атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы
Конституциясында жарияланған. Бүл Парламенттің қабылдаған заңдарының
сапасын көтеруге, парламентті біршама түрақты және орнықты органға
айналдыру үшін қолданған шара.
Қазақстанның сайлау жүйесі можоритарлық типке жатады, сайлауға көп
саяси партиялар қатысады. Бүл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы
керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және
оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші
жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып
сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның
палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.
Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жүмыс органдары - тұрақты
комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің
жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан
есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум
тағайындау бастама көтереді, Конституциялық заңдылық туралы жыл сайын
жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция
жүктеген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар.
Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне өзі қойысатын болса, Мәжіліс заң
қозғау және қаржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған заңдарға
Президент қол қояды да, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жүмысын
президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады. Парламенттің
екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Президентке 23
дауыспен рұқсат берсе (Конституцияньщ 53-бабы), Президент заң жобаларын
қарау басымдылығын белгілейді, Парламент ссы жобаны енгізілген күннен
бастап бір айдың ішінде қарауға тиіс.
Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай
референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай
алынады.

2.4. МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ
ӨЗІН- ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
Бұл мемлекеттік органдар әдеттегідей, өкілетті сипатта болады және
белгілі әкімшілік - аумақтар көлемінде қызмет етеді. (Муниципиальдық
кеңестер, префекторлық жиналыстар, халық депутаттарының кеңесі, ұлттық
кеңестер, ұжымдық кеңестер) жергілікті өкілетті органдар, тікелей әкімшілік
аумақтар тұрғындарымен сайланады. Оларға, заңда белгіленген мөлшердегі
жергілікті кәсіпорындар, жергілікті бюджет, көлік, сумен жабдықтау,
жергілікті тұрғындардың тұрмыс қажетін өтеу, халық білімі, денсаулық,
құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтық қорғаныс т.б. жатады.
Жергілікті жерде, мемлекеттік билікті құрудың тарихи екі нысаны пайда
болады. Жергілікті үкіметтің демократияға көп жақындығы, билікке сай
болатыны. Барлық жергілікті жұмыстар, сайланған әртүрлі деңгейдегі
органдардың қолдарында болуы қажет. Мысалы Жапонияда барлық негізгі ішкі
мәселелерді префектурада, қалаларда, поселкаларда және ауылда^да
(деревняларда жергілікті жерлерде) сайланған органдар шешеді. Біздің елде
де, жергілікті мемлекеттік өкімет органдары әкімшілік - көлемдік (поселка,
ауыл, қала, аудан, облыс) бөлімдерде әртүрлі ішкі өмір мәселелерін өздері
тәуелсіз шешуге толық мүмкіншіліктері және құқықтары бар. Кейбір елдерде,
жергілікті өзін - өзі билейтін органдар өзінің жүмысында белгілі деңгейде
орталық өкіметпен тежелейді. Олар жергілікті шаруашылықты, финансты,
денсаулық сақтауды, жол салумен және басқа мағңызды мәселелермен шүғылданып
басқарса да, тәртіп сақтау, орталықпен тағайындалған адамға.жүктейді. Ондай
сипаттағы жағдайға Франциядағы жергілікті өкіметтің ұйымдастырылуы мысал
бола алады. Оның департаменттеріндегі ортаңғы өкімет, президентпен
тағайьшдалған префект арқылы жүргізіледі. Префектіге барлық ведомстволық
қызметкерлер бағынады, ол муниципальды қызметтің үстінен жүргізілетін
бақылауды полиция басқарады. Генеральды кеңес, өзін - өзі билейтін орган
ретінде, барлық қалған маңызы бар жергілікті мәселелерді шешеді,
муниципальды кеңес коммуналарда қызметте жүріп орталықтың өкілі, жергілікті
полицияны, мәрді сайлайды.
Атқару билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда
өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік
тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады, әрі құрады,
оның дербес құзыреті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық
сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты
егеменділігі нақты мемлекет басшысының субьективтік пікіріне тікелей
тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы билікті жүзеге
асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне
басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы түрғысынан
Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда ҚР-сы
Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы Конституциялық күші бар жарлығымен
бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64-
бабының 1-тармағы бойынша парламенттің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті
құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен түрады. Сонымен өкімет
атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне
басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер - Министр,
оның орынбасарлары, Республика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика
министрлері мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және
нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың,
мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы
мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы
Наурыздың 4-дегі Президенттің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрылымы
белгіленген: Премьер-министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының
басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыреті
бойынша бүйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне
Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премьер -
Министр, оның орынбасарлары және Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның
құрамына кіреді. Премьер - Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына
Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы министрлік тиісті мемлекеттік
басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті -
салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы орган
болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік
саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді
жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі
және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалык мемлекеттік басқару
органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады.
Сот билігі Конституцияның 75-бабына сәйкес ҚР - да сот төрелігін тек
сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтык, қылмыстық
және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. ҚР-да
сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары
(облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды.
Республика аумағында ҚР Әскери (әскердің, құрамалардың, гарнизондардың)
соттары болады.
Жоғарғы соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтың шаруашылық,
қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және төтенше
соттарды құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі білікті ешкімнің еркіне
қарамастан ҚР-ң Конституциясы мен заңдарына сөйкес жүзеге асырады. Сот
терелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі
заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес
деп саналады. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның
келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Сотқа әркім өз сөзін тыңдатуға
құқылы, жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттемелер жүктетйтін және олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері
күші болмайды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
Ешкім өзіне-езі, жүбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына
қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күмән туғызатын жағдай
айыпталушының пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың
заңды күші болмайды. Қылмыстық заңды үқсастығына қарай қолдануға жол
берілмейді. Республика соттары қызметі заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі,
баршаның заң және сот алдындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік аппаратты құқықтық реттеу
Биліктің бөліну принциптері
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Орталық басқару органдары
Мемлекеттік құқық теориясының негіздері
Мемлекеттік билік
Мемлекеттік аппарат туралы
Мемлекет механизмін ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
Мемлекеттік механизм
Пәндер