Малайзияның туристік орталықтары



КІРІСПЕ
2 МАЛАЙЗИЯНЫҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Мемлекет астанасы . Куала.Лумпур
2.2 Сабах пен Саравак
2.3 Кедах штаты
2.4 Таман.Негара ұлттық қорығы
2.5 Лангкави мен Пенанг аралдары
2.6 Борнео мен Пангкор аралдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А
Малайзия – шексіз жазбен және жарық күннің елі. Мұнда тарихи құндылықтар мен қазіргі заманғы жетістіктері керемет үйлесім тапқан. Ол ежелгі мәдениетімен, аса жоғарғы деңгейдегі дамуымен, бірігей экзотикалық құрамдастығымен, көне сәулет өнерімен және мәдениет ескерткіштерінің осы күнге дейін жақсы күйінде сақталуымен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы бизнес орталыққа арналған мегаполис астанасы – Куала - Лумпур.
Малайзия Сингапурдан кейінгі экономикасы дамыған мемлекет.
Малайзия – Оңтүстік Шығыс Азиядағы туризмі жақсы дамыған мемлекеттердің бірі. Табиғи және мәдени-тарихи көрікті жерлері, халықтың салт - дәстүрлерімен танысу мүмкіндіктері, теңіздік - курорттары және дамыған инфраструктурасы – осының барлығы Малайзияға келуге шетел туристерін тартады. Бұл жерде туристерді қызықтыратын, Азиядағы ең үлкен мешіт, ең ұзын жер бетіндегі үшінші көпір, әлемдегі ең биік телемұнарадан кейінгі үшінші орындағы «Петронас Тауэрс» ғимараты, ең үлкен, бай аквариум бар. Сонымен қатар, туристерді таң қалдырмай қоймайтын, Сабах пен Саравак таулы курорттары, Пенанг пен Лангкави, Тиоман аралдары, аппақ қардай құнды, керемет, ғажайып жағажайлары (4800 шақырым).
Лангкави аралы ең киялшыл, ең көрікті аралдардың бірі. Лангкавидің Куах қаласында Махсури Мавзолейі ерекше көзге түседі, ондағы Қолтырауындар фермасы, Телага Туджух сарқырамасы, Жыландар, Құстар паркі туристерді үнемі өзіне тартады. Сонымен қатар, Сабах пен Саравак белсеңді демалыс орындарын ерекше атауға болады. Дүниежүзінің ең әйгілі үнгірлері – Таза бұлақ, Мулу, Гунг Сабис орналасқан.
Малайзия тағы порттары көп теңіз - курортты аймақтарға, саябақтарға, мешіттерге, шіркеулерге бай. Малайзия курорттарының ең атақтысы, Пенанг теңізді - курортты қаласына ерекше көңіл бөлуге болады, ол Лангкавиден 112 км оңтүстікке қарай орналасқан. Бұл кеш батқан соң қызықты, белсеңді өмір басталатын жарнама жорықтары мен биік - биік ғимараттары бар қала.
Туристердің көп келетін жерлерінің бірі – Таман - Негара қорығы, ол Келантан, Тегару және Паханг таулы штаттарында орналасқан ұлттық қорық. Таман - Негара орманына кем дегенде 130 млн. жыл болған, ол әлемдегі ең ескілерінің бірі болып келеді. Мұнда карстық үңгірлер, сирек кездесетін аңдар мен құстар және ылғалды тропикалық джунглиялар өскен әктасты жарлар, сарқырамалар бар.
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы-342-347 бет
2. Туристический атлас мира – 97 Кирилл Мифоди-141 бет
3. Ерусалимский Г.Б., Фомичев Д.А. Страны мира такты и цифры. – М.: Санкт
Петербург. б: Норинт,2000.-175-179бет

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
2 МАЛАЙЗИЯНЫҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Мемлекет астанасы – Куала-Лумпур
2.2 Сабах пен Саравак
2.3 Кедах штаты
2.4 Таман-Негара ұлттық қорығы
2.5 Лангкави мен Пенанг аралдары
2.6 Борнео мен Пангкор аралдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А

КІРІСПЕ

Малайзия – шексіз жазбен және жарық күннің елі. Мұнда тарихи
құндылықтар мен қазіргі заманғы жетістіктері керемет үйлесім тапқан. Ол
ежелгі мәдениетімен, аса жоғарғы деңгейдегі дамуымен, бірігей экзотикалық
құрамдастығымен, көне сәулет өнерімен және мәдениет ескерткіштерінің осы
күнге дейін жақсы күйінде сақталуымен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы бизнес
орталыққа арналған мегаполис астанасы – Куала - Лумпур.
Малайзия Сингапурдан кейінгі экономикасы дамыған мемлекет.
Малайзия – Оңтүстік Шығыс Азиядағы туризмі жақсы дамыған
мемлекеттердің бірі. Табиғи және мәдени-тарихи көрікті жерлері, халықтың
салт - дәстүрлерімен танысу мүмкіндіктері, теңіздік - курорттары және
дамыған инфраструктурасы – осының барлығы Малайзияға келуге шетел
туристерін тартады. Бұл жерде туристерді қызықтыратын, Азиядағы ең үлкен
мешіт, ең ұзын жер бетіндегі үшінші көпір, әлемдегі ең биік телемұнарадан
кейінгі үшінші орындағы Петронас Тауэрс ғимараты, ең үлкен, бай аквариум
бар. Сонымен қатар, туристерді таң қалдырмай қоймайтын, Сабах пен Саравак
таулы курорттары, Пенанг пен Лангкави, Тиоман аралдары, аппақ қардай құнды,
керемет, ғажайып жағажайлары (4800 шақырым).
Лангкави аралы ең киялшыл, ең көрікті аралдардың бірі. Лангкавидің Куах
қаласында Махсури Мавзолейі ерекше көзге түседі, ондағы Қолтырауындар
фермасы, Телага Туджух сарқырамасы, Жыландар, Құстар паркі туристерді үнемі
өзіне тартады. Сонымен қатар, Сабах пен Саравак белсеңді демалыс орындарын
ерекше атауға болады. Дүниежүзінің ең әйгілі үнгірлері – Таза бұлақ, Мулу,
Гунг Сабис орналасқан.
Малайзия тағы порттары көп теңіз - курортты аймақтарға, саябақтарға,
мешіттерге, шіркеулерге бай. Малайзия курорттарының ең атақтысы, Пенанг
теңізді - курортты қаласына ерекше көңіл бөлуге болады, ол Лангкавиден 112
км оңтүстікке қарай орналасқан. Бұл кеш батқан соң қызықты, белсеңді өмір
басталатын жарнама жорықтары мен биік - биік ғимараттары бар қала.
Туристердің көп келетін жерлерінің бірі – Таман - Негара қорығы, ол
Келантан, Тегару және Паханг таулы штаттарында орналасқан ұлттық қорық.
Таман - Негара орманына кем дегенде 130 млн. жыл болған, ол әлемдегі ең
ескілерінің бірі болып келеді. Мұнда карстық үңгірлер, сирек кездесетін
аңдар мен құстар және ылғалды тропикалық джунглиялар өскен әктасты жарлар,
сарқырамалар бар.

2 МАЛАЙЗИЯНЫҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

2.1 Мемлекет астанасы - Куала-Лумпур

Куала-Лумпур Малайзия астанасы – ежелгі және жаңа, батыс және шығыстың
қайталанбас үйлесуін көрсетеді [4].
1857 жылдан Раджа Абдулла басшылығымен, Кланг және Гомбак өзендерінің
жағасында қалайы іздегіштер тоқтаған жерден қала тарихы басталады. Бұл
кездері мұнда кішкене ғана ауыл болып, бірте-бірте қалаға айналған.
1896 жылы Малайя Федерациясының құрылған кезінен және ағылшындардың
келгенінен кейін, Куала-Лумпур Малайзияның астанасына айналды. Мұнда
Британиядан әкелінген дәстүрлер мен мұсылмандық дәстүрлер үйлесімділік
тапқан. Қаланың тарихына, оның сәулетіне, жол тораптарының жүйесіне , тіпті
тұтастай тұрмысына, Британдық басқарма әсерін тигізген. Бұнда барлығы әр
түрлі ағылшын тілінде сөйлейді.
1957 жылы Малайя Федерациясы тәуелсіздік алып, Куала-Лумпур Федерация
астанасы болды.
1972 жылы 1 ақпанда Куала-Лумпур мегополис мәртебесін алды және 1974
жылы федералды территория болып жарияланды.
Куала-Лумпур - Малайзияның ірі туристік орталығы және де сауда мен
қаржылық орталығы болып табылады.
Көптеген биік-биік көкпен теңескен ғимараттары, көлеңкелі көшелері,
керемет парктері, орхидея бағы мен бақтары бар.
XX ғасырдың басында ғимараттары әртүрлі коланиальды, араб және т.б.
архитектуралық стильдерде салынған. Көкпен теңескен ғимараттарының бірі
Петронас мұнай компаниясының иелігіндегі, дүние жүзінің ең биігі – Twin
Tower ғимараты бар, оның биіктігі 452 метр. Бұл ғимаратта мұнай компаниясы
ғана емес, сонымен қатар, Малайзиялық симфониялық оркестр, Куала-Лумпурдың
қалалық орталығы (KLCC) және Петронас театрлық топтар өнерлерін
көрсететін концерт залы бар.
Кешкі уақыттарда Куала-Лумпур көптеген түрлі-түсті жарық шашады,
сондықтан да оны оттардың бақ қаласы деп атайды. Жолдағы қозғалыстарда
мотоциклистер көп, жол қозғалысы күндізгідей болып тұрады. Кешке қарай,
қала адамдарға лық толы болып келеді, мейрамхана, караоке, бар, казино,
түрлі ойын - сауық орталықтары ашық болады.
Куала-Лумпур әлемнің ең бейбіт астаналарының бірі, көрнекілік жерлері
өте көп, туристердің көп баратын жерлері, атап айтсақ, бұл - Масшид Джамек
мешітті, Абдул Самада атындағы ғимараты, Куала-Лумпурдың мемориалды
кітапханасы, Малайзия туризмінің орталығы, Орхидея және гибискус бағы,
Тәуелсіздік орталық алаңы, осы алаңда ұлттық монумент пен корольдің сарайы,
ұлттық мата-батикті өндіретін фабрикаларын көруге болады, тағы Әулие Мария
шіркеуі, Қытай шіркеуі, Шри Махамариаль шіркеуі бар [1].
Абдул Самада атындағы ғимарат – бұл айырықша жиі суретке түсірілетін
құрылыс. 1894 жылыдан бастап 1897 жыл аралығында салынды, жобаның авторы
британдық архитектор А.К. Норман. Ғимарат жақсы викториандық және
мавритандық қосындының стилінде салынған. Енді бұл жерде бірінші
инстанцияның соты және Жоғарғы сот орналасқан.
Туристердің қызыға келетін жері, Масджид Джамек мешіті. Абдул Самада
атындағы ғимараттың тура артында орналасқан. 1909 жылы Үнді-Мұсылман
архитектуралық мысалында салынған, жобаның авторы британдық архитектор А.Б.
Хаббоксом. Мешітті пияз тектес күмбез, арка колоннады және жарқыраған суық
мраморды едені әдемілейді.
Малайзия туризм орталығы – қаланың архитектуралық – тарихи көрнекілік
жерлерінің бірі. Негізгі корпусы Ю Тонг Сенг бай шахта қожасының
резиденциясы ретінде 1935 жылы салынған. Содан, ол британдық әскер
Министрлігіне өтті, тағы мемлекеттің Жоғарғы басшысының тәж кию рәсімі
салтанатының куәгері болды. 1988 жылғы ғимаратты қалпына келтіру құрылысы
біткеннен кейін, өзінің қазіргі функцияларын атқара бастады. Малайзияда
жақсы демалыс өткізу жобаларын, көптеген туристердің сұраныстарын атқару
қызметтерін ұсынды.
Келетін туристердің көбі, атақты қонақ үйлерде орналасады, мысалға,
Holliday Inn қонақ үйі, іскерлік орталықтарында орналасқан Шангри Ла,
Минг Корт қонақ үйлерінде тоқтайды [4].

2.2 Сабах және Саравак.

Шығыс Малайзияда, Борнео аралының солтүстігінде, Сабах және Саравак
штаттарында қызықты оқиғаға толы жер жатыр. Осы штаттардың кең ішкі
алаңдарын да жаңбырлы ормандар орын алады. Бұл жерге келетін туристерді
шексіз үнгірлер, коралл атоллдары, тропикалық аралдар, үлкен көлдер күтіп
тұр. Жергілікті флорасы, фаунасы мен теңіз өмірінің әр түрлілігі сөзбен
бейнелеуге келмейді. Осындай әсем жерлерді, қайталанбас күндерді еске
түсіруді сыйлайтын тек қана Малайзия [27].
Сабах. Белсеңді демалыс орталығы – Сабах. Сабахты орналасқан орнына
байланысты Желденген жер деп лақап атпен айтады, себебі, географиялық
дауыл белдеулерінен төмен орналасқан. Ауданы 74 500 шаршы шақырымға тең.
Оның батыс жағалауын Оңтүстік Қытай теңізі шайып, ал шығысын Сулу және
Сулавеси Теңізі шайып жатыр. Штатың жаға сызығы 1440 шақымға жетеді.
Мұнда Киулу және Падас тау өзендерімен жүзу, джунглиядағы Сафари, неше
түрлі бағдарламалар, мысалға, жарға шығуды сүйетіндер үшін бағдарлама, тау
велосипедімен сапарсеріктерден өту, т.б. көптеген бағдарламалар ұсынылады.
Айтарлықтай комерциялық және іскерлік қызметтің маңызды бөлігі Кота
Кинабалу штатына бағытталған. Штаттың негізгі экономикалық салалары болып,
аграрлық сектор, орман шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм табылады.
Экспортқа май, каучук, мұнай, какао бобы, т.б. шығарылады.
Штаттың ортасында дүниежүзілік таулардың бірі, Гималай және Жаңа Гвинея
арасындағы ең биік шың Кинабалу тауы бар. Оның биіктігі 4175 метрге
жетеді. Миллион жыл бұрын пайда болған, әліде өсіп келеді. Сонымен қатар,
табиғатты сүйетіндер мен ботаниктер үшін, 767 шаршы шақырым аумақты алып
жатқан, Кинабалу тауы баурайында – Кинабалу қорығы орналасқан. Бұл жерде
туристерді өте қызықтыратын - 3500 м биіктікте орналасқан алаң. Алаңмен
жоғары қаратай көтерілгенде, өсімдік жамылғысының өзгеруі байқалады.
Еменді шоқтар тропикалық тоғайларды ауыстырады, қылқынды ормандар емендерді
ығыстырады, орнына альпілік шалғындар келеді, ал ең жоғарыда тек кішкентай
бұталарды және майысқан ағаштарды көруге болады. Бұл алаңан таң атқанда,
Сабах штатының бүкіл керемет көрінісі ашылады.
Сирек кездесетін флорасы: дүниежүзілік ең ірі гүл раффлезия, оның
диаметрі 170 см-ге жетеді, сонымен қатар, орхидеялардың мыңға жуық түрі,
ірі көз шешектер.
Poring Hot Spring деп аталатын, Кинабалу паркінің шығыс жағында, ыстық
бұлақтары бар табиғи-сауықтыру комплексі орналасқан. Бұнда 480 метр
биіктікте бамбук тоғайларының арасында бұлақтан ыстық су келіп тұратын
шомылғылар орнатылған. Сонымен бірге, 2000 метр биіктіктегі рододендрон
тоғайларының арасында лагерь бар.
Канибалудан ұшақпен 40 мин. жерде, әлемге өзінің ең ірі орангутангтар
қорығымен әйгілі, жануарларды жақсы көретіндер, Сепилок деген қалаға
ұмтылады. Ол орманды жерде орналасқан, 11 мың аймақты алады [25].
Саравак. Саравак мүйізтұмсық құсының отаны, бұл өте ерекше жер. Ол
туристерді өзінің джунглия байлығымен және жергілікті халықтың өмірлік сан-
салалы тұрмыс-тіршілігімен тартады. Штат халық мәдениетімен және
табиғатымен атақты. Саравак символы болып, қорғауға алынған мүйізтұмсық
құсы табылады. Саравак оңтүстігінде Индонезиямен, солтүстігінде Бруней және
Сабахпен шектеседі. Ауданы 124450 шаршы шақырым, тоғыз ауданнан тұрады,
штат астанасы Кучинг.
Штаттың астанасы Кучинг Саравак көлінің жағасында орналасқан. Бұл қала
өзінің бірнеше ландшафтты паркімен және бақтарымен, керемет колониальді
құрылыстарымен, әдеміленген базарымен және шулы теңіз жағасымен мақтана
алды. Қалада штаттың басты мешіті, христиан мешіттері және қытай шіркеулері
орналасқан. Жергілікті мұражайы Азиядағы ең күштілерінің қатарына кіреді.
Негізгі мешіттің құрылысы 1968 жылы біткен. Ол 1852 жылы салынған, ең
ежелгі ағаштан жасалған Масджид Бесар мешітінің орнына салынған. Ол керемет
алтын күмбездерімен салынған мешіт [25].
Саравакта дүние жүзінің ең әйгілі үңгірлер жүйелерінің бірі - Мулу
орналасқан. Саравактің ең үлкен, әйгілі үңгірлері:
1.Саравактік жазық дүниежүзіндегі ең үлкен табиғи үңгір. Оның ұзындығы
- 600 метр, ені - 450 метр, биіктігі - 100 метр.
2.Ең үлкен үңгір кірісі – Бұғылар үңгірі. Оның ені - 100 метр,
биіктігі - 120 метр.
3.Оңтүстік Шығыс Азияның ең үлкен үңгірлер тізбегі - Таза Бұлақ
үңгірлері. Оның тереңдігі 51,5 км-ге жетеді. Осы жерде геологтар үшін
үлкен құпия болып саналатын, 45 м-ге жететін әктасты бағандар
орналасқан.
Ниах қорығында, 1873 жылы палеолит және неолит кезеңдерінің еңбек
құралдарын тапқан, Сабис әйгілі үңгірлері бар. Осы үңгір ішінде жыландар,
шаяндар, сколопендиялар бар, алқабырғаларына қарлығаштар ұя салған.
Туристерді тағы қызықтыратын, Кучингтен екі сағаттық жерде, Гунунг
Гадинг паркі. Мұнда жыл сайын, дүние жүзіндегі ең үлкен гүл – раффлезия
гүлдейді. Гүлдің жапырағының диаметрі-1 м-ге жетеді.
Саравакта тағы, 53 мың га жерді алатын Мулу қорығы орналасқан. Бұл жерде
өсімдіктердің 20 мың түрі, ал жануарлардың 3,5 мың түрі бар. Бірақ өте
сирек кездесетін ірі тасбақалар мен маймылдар [4].

2.3 Кедах штаты

Дәстүрлі түрде күріш отаны болып саналатын – Кедах штаты. Кедах
штатының астанасы - Алор Стар қаласы – үкіметтік және корольдік
резиденциясы, сонымен қатар, штаттың негізгі коммерциялық орталығы болып
келеді. Мұнда көптеген жылдар бойы өзгермеген үйлер мен көне заманнан
қалған заттар сақталып қалған. Штатта тағы бірнеше аймақтар бар: Кубанг
Пасу, Паданг Терап, Кота Стар, Сик Ян, Куала Муда, Балинг, Кулим, Бандар
Бару және Пенданг.
Өткен заманның реликвиясы болып табылатын, Балей Бесар тамаша ғимараты
1898 жылы салынған. Бұл жерде жиі патшалық және мемлекеттік мерекелер болып
тұрады. Тағы, жергілікті сәулет өнерінің керемет мысалы болып, Кедахтық
корольдерінің мұралары жинақталған, Корольдік мұражай табылады. Бұл
ғимараттың ішінде бұрында сұлтан сарайы орналасқан. Оның коллекциясында –
Кедах корольдік жан-ұясының діні, сонымен қатар, Кедах ханзадасының,
Малайзияның бірінші премьер-министрі Абдул Рахман Путры Аль-Хаджаның –
өмірі мен қызметі туралы ақпараттар сақталған. Мұражай апта бойы 10:00-ден
18:00 дейін ашық, жұма сайын үзіліс 12: 00 – ден 15:00 болады. Одан кейін
елдегі ең көрікті, ең ежелгі мешіттерінің бірі болып, 1912 жылы салынған
Захир мешіті табылады. Ол Балай Бесарға қарама - қарсы тұр.
Балай Сени Негри галереясы – штаттың көркемдік галереясы орталық
алаңның қасындағы колониальды архитектуралық әдемі ғимаратында орналасқан.
Бұл жерде көркем өнер, археологтардың антиквариат және табылған заттары
ұсынылады.
Мемлекеттегі ең көне штаттарының бірі, осы Кедах штаты. Бұл жерде,
яғни Кедах тау курорттары орналасатын, Джерай тауының етегінде, Буджанг
даласында, ІV ғасырда ежелгі үнді-буддалық мемлекет болғанын дәлелдейтін,
көне заттар табылған. Қазба тұсындағы мұражайда, қазба кезінде, табылған
заттар - Таяу Шығыстан әкелінген бағалы тастар және қытай фарфоры
көрсетілген.
Кедах штатының ең әйгілі, туристерді көп қызықтыратын орындары көп,
солардың бірі 99 аралдан құралған - Лангкави аралы. Оның ішіндегі ең ірісі
Пулау-Лангкави деп аталады. Тек жалғыз демалғылары келетіндер үшін, өте
қолайлы Педу көлі.
Тағы, туристерді өзіне тартатын - Куах қаласы. Бұл жерде туристерді
қызықтыратын дүкендер өте көп. Куах қаласы халықаралық конференциялар мен
көрмелер орталығына айналған. Мұнда көптеген сапарсеріктер ұйымдастырылады,
мысалға, халықаралық теңіз және аэрошоулар ұйымдастырылады. Ең әйгілі
жағажайлары – Пулау Брас Басах аралы, Пулау Даянг Бунтинг аралында. Сонымен
қатар, басқа да көрнекіліктері - Жеті құдық, Суасты әлемі, Хангат ыстық
бұлақтары, Пердана көрмелері, Махсури ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малайзияның туристік орталықтары жайлы
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Малайзия мемлекетіндегі туризм
Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі
Малайзия экономикасы
Туристік формальділік
Малайзия елі
Өзіндік туризмді дамыту
Экологиялық туризмнің мәні
Маңғыстау облысындағы іскерлік туризмді дамыту және жақсарту-арттыру жолдары
Пәндер