Мемлекеттік басқару стилі қызметіндегі өзара жауапкершілік



Мазмұны

Кіріспе

I . Басқару қызметі стилі түсінігі , мазмұны және түрлері
II . Мемлекеттік басқару стилі қызметіндегі өзара жауапкершілік
III . Мемлекеттік басқару қызметінің стилін жетілдіру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы еліміздегі басқару стилінің даму жақтары болып табылады . Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады .
Басқару қызметкерлерінің әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да , олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады . Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз билік органдарының , қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс тәсілдер , құралдар жүйесі , бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс тұрыс үлгісі . Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері
мемлекеттік биліктік өкілеттіктерге сүйеніп , оны қолданумен байланысты болатын , нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын , басқару әсерін қалыптастыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады .
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі жоғары кәсіби біліктіліктілігі , иновациялық ойлау қабілеті бар , басқарушылық қызметтің демократиялық стилін мойындайтын және мемлекеттік мүддені басшылыққа алатын қазіргі кездегі бюрократияның болуымен байланысты .
Әрбір нақты жағдайда қандай да бір бөліктері басқару тиімділігін арттыру үшін шешуші мәнге ие болуы мүмкін . Сондықтан басқаруды жетілдіру мәселелерін ш еше отырып , жоғары тиімділікке қол жеткізетін элементтер мен бағыттарды анықтау мақсатында басқару мәдениеті деңгейін жан жақты және кешенді талдаған жөн . Бүгінгі таңда басқару мәдениеті ел экономикасы қызметінің нәтижесіне тікелей әсер ететін басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 . Саясат . 2007 . №8 .
2 . КазЭУ хабаршысы . .№ 5 .
3 . Мемлекеттік басқару теориясы . Ихданов . Ж . Сансызбаева . Ғ .Н . Есенжігітова . Р . Ғ . Экономика баспасы .
4 . Ақиқат . 2008 . № 9 .
5 . « Қазақстан ­ 2030 » Даму стратегиясы .
6 . Атаманчук . Г . В . Теория государственного управления . 2004 г .
7 . Қазақстан Республикасының Заңы . Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ­ Алматы . Юрист , 2006 ж .
8 . Егемен Қазақстан . 2007. Наурыз .
9 . Интернет . KZ .
10 . Назарбаев . Н. Қазақстан ­ 2030
11. Алматы Ақшамы . 2007. 18 ­ қыркүйек .

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

I . Басқару қызметі стилі түсінігі , мазмұны және түрлері

II . Мемлекеттік басқару стилі қызметіндегі өзара жауапкершілік

III . Мемлекеттік басқару қызметінің стилін жетілдіру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы еліміздегі
басқару стилінің даму жақтары болып табылады . Бұл жұмыстың
мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік
басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады .
Басқару қызметкерлерінің әр түрлі қасиеттері бойынша
көрініс тапса да , олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын
жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады . Басқарушылық қызмет
стилі дегеніміз билік органдарының , қызметкерлерінің күнделікті
қызметінде қолданатын әдіс тәсілдер , құралдар жүйесі , бағынышты
қызметкерлерге қатысты жүріс тұрыс үлгісі . Оның қоғамның басқа
салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері
мемлекеттік биліктік өкілеттіктерге сүйеніп , оны қолданумен
байланысты болатын , нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп
отыратын , басқару әсерін қалыптастыруды мақсат тұтатын басқару
қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады .
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі жоғары кәсіби
біліктіліктілігі , иновациялық ойлау қабілеті бар , басқарушылық
қызметтің демократиялық стилін мойындайтын және мемлекеттік
мүддені басшылыққа алатын қазіргі кездегі бюрократияның болуымен
байланысты .
Әрбір нақты жағдайда қандай да бір бөліктері басқару
тиімділігін арттыру үшін шешуші мәнге ие болуы мүмкін . Сондықтан
басқаруды жетілдіру мәселелерін ш еше отырып , жоғары тиімділікке
қол жеткізетін элементтер мен бағыттарды анықтау мақсатында басқару
мәдениеті деңгейін жан жақты және кешенді талдаған жөн . Бүгінгі
таңда басқару мәдениеті ел экономикасы қызметінің нәтижесіне
тікелей әсер ететін басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады .

I . Басқару қызметі стилі түсінігі , мазмұны және түрлері .

Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған
байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде
бірнеше басқару стилдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті
(әкімшілік, автократиялық, авторитарлық), демократиялық
(ұжымдық,кооперативтік) және либеральдық.

Директивті стильге биліктің шектен тыс орталықтандырылуы көпшілік
пен және бағыныштылармен санаспаушылық тән , мұнда нені қалай істеу
керектігін басшы өзі шешеді.

Демократиялық стильде- бағыныштыларға еркіндік беру арқылы,
олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірлеп, қабылданады.
Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып, оның нәтижесі әділ
бағаланады. Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады.

Либеральдық стильде- басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне
араласпауымен сипатталады. Ол жауапекршіліктен қашқақтап, тіпті ұжым
қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды. Мемлекеттік
басқару стилі келесі элементтерден тұрады .

Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық,
функционалдық және ұйымдық сипаттамалары;

1. Басқару органдары қызметтерінің заңды түрде бекітілген және
жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, нысандары;

2. Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет деңгейі.

3. Қызметкерлердің жалпы мәдени , кәсіби және жеке қабілет
деңгейі .

Аталып өткен стильдерден басқа әркім нені және қалай істегісі
келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стиль: белгілі бір шараны
орындау,атқару кезінде ғана аса белсенділіктанытатын, шараны орындау,
атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, келесі жағдайлаға дейін
салғыртсу, әрекетсіздік білдірілетін компаниялық стиль (кампанейский)
, көбінесе бұйрыққа, қызметтік тәуелділікке негізделіп, дөрекі
психологиялық қысым жасалатын еріктілік стиль түрлері белгілі. Сонымен
қатар нормативтік , яғни көпшілік мойындаған , қоғам қолдайтын жалпы
ортақ стильді , нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлеріне және
қызметкерлердің қабілетіне байланысты қалыптасатын жеке стильдерді де
атауға болады.

Американдық психолог Курт Левин директивті басқарудағы
қызметті ең өнімді деп санаған . Демократиялық басқару ең көп тараған
және өнімділік пен сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік
туғызады . Басқарудың либералды стилі барлық жағынан нашар болып шықты
Левин мінез ­ құлықтық бағыттың өкілі болып табылады , себебі оған
дейін басқару тиімділігін басқарушының жеке қасиеттерімен емес ,
бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс тұрыс үлгісімен анықтайтын
тұлғалық және жағдайлық теориялар орын алған болатын .Осыған байланысты
стильдер автократиялық және демократиялық болып жіктеледі . Авторлар
сәйкесінше оларды барлық күш жігерін жұмысқа жұмылдырған және
барлық күш жігерін адамдарға бағыттаған деп бөледі . Барлық күш
жігерін жұмысқа жұмылдырған басшы үнемі Бірақ басшы тек
жұмысқа ғана өз назарын аударып қызметкерлеріне мүлдем көңіл
бөлмеуге болмайтындығы кейіннен белгілі болады. Ол қандай да бір
дәрежеде адами қатынастарды ынталандыруға қарамағындағыларды
қажеттілігін қанағаттандыруға мәжбүрлі . Авторитарлық бағыттың да,
адами қатынастар позициясын ұстанушылардың да жақтаушылары бар . Бұл
екі бағыт та тәжірибе жүзінде оң қолдауға ие болды және олар
жұмыспен қанағаттанушылық , жоғары еңбек өнімділігінің болуымен
бағаланады . Алайда , тәжірибе жүзінде бұл көрсеткіштердің өсуін
қандай да бір стильмен байланыстыруға болмайды . Жұмыспен
қанағаттанушылық пен еңбек өнімділігінің жоғары болуы авторитарлық
басқарудың нәтижесінде және керісінше , қарама қарсы нәтижелер
демократиялық басқару стилінде де болуы мүмкін .
Нақты өмірде аталмыш басқару стильдерінің ешбірі де таза
күйінде көрініс таппайды . Әрбір басшының мінез құлқынан ( жүріс
тұрысынан )аталған үш стиьлдің барлығына тән жалпы ерекшеліктерді
кездестіруге болады . Әртүрлі адамдар мен ұжымдарды басқаруға сәйкес
келе беретін әмбебап басқару стилі жоқ . Бірінші. Бұл – мемлекеттік
органдар құрылымын жетілдіру. Үкімет қайсыбір аралық буындарды алып тастау
арқылы биліктің барлық деңгейіндегі лауазымдық сатыларды қысқартуы тиіс.
Басқару шешімдерін қабылдаған кезде мемлекеттік органдар жұмысының
кешенділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Саяси мемлекеттік қызметшілердің саны да қысқартылатын болады.
Орталық мемлекеттік органдар, ведомстволық бағыныстағы аймақтық бөлімшелер
және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функциялардың қайталануын
болдырмау мақсатында Үкімет функцияларға талдауды оқта-текте емес, тұрақты
жүргізіп отыруы тиіс. Осындай талдаудың қорытындылары бойынша мемлекеттік
органдар құрылымын жетілдіру және мемлекеттік аппаратты қысқарту жөнінде
тиісті шешімдер қабылдануы тиіс.
Министрліктерге саясатты әзірлеу және оның іске асырылуын бақылау, саяси
шешімдер қабылдау, нормаларды жасау қызметі және қарамағындағы
комитеттердің қызметін үйлестіру функциялары бекітіліп берілуі керек. Өз
кезегінде министрліктердің комитеттері белгіленген саясатты іске асырумен
дербес айналысып, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға тиіс.
Министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің реттеуші функцияларын
арттыру үшін олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы өкілеттіктері мен
дербестігі күшейтілуге тиіс.
Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктердің мәртебесі мен өкілеттіктерін,
олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін айқындап алу керек. .

Қандай да бір стильді дұрыс таңдау басқарушылардың оларға тән
қасиеттері мен жеке ерекшеліктері , бағыныштылардың әлеуметтік
­психологиялық ерекшеліктері , сияқты көптеген факторларға байланысты .

Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде басқарушының әр
түрлі бағыныштылармен өзара қарым қатынас орнату барысында бірнеше
басқару стильдерін ұстанатындығы анықталған . Ал ол басқару ісіндегі
бағыныштылардың жауапкершілігіне байланысты болған

Жалпы түрде жауапкершілік өзара байланысты жақтардың
мүдделері мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қатынасты , адам
бойындағы қасиетті білдіреді. Ол үш құрамдас бөліктердің өзара
байланысының нәтижесінде қалыптасады ;

а ) борыштық сезім ,

ә ) іс- әрекетті бақылау ,

б ) шектеу қою , жазалау шараларын қолдану .
Жауапкершілік алғышарттардан , обьектіден , мазмұн мен өлшемнен
тұрады . Алғышарттар қоғамдық қатынастардың , адамдардың жүріс
тұрысының және қызметінің нақты деңгейін және сапасын қамтамасыз
етуге деген қоғамның , азаматтардың қажеттіліктерінен туындайды . Мұндай
қажеттіліктер қоғамның нормативтік жүйесінде көрініс тауып
бекітіледі .

II. Мемлекеттік басқару стилі қызметіндегі өзара жауапкершілік
Жауапкершіліктің маңызды элементін оның обьектісі құрайды
: себебі үнемі бір нәрсеге жауап беруге тура келеді , мысалы :
материалдық , моральдық , құқықтық , саяси , жеке , ұжымдық
жауапкершілік болады . Жауапкершіліктің мазмұны міндетті және мақсатты
әлеуметтік байланыстарды қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерде
көрініс табады . Осыдан асырмайынша азамат та ,
қоғам да, мемлекет те қанағаттана алмайтынын білдіретін оның кешенді
сипаты туындайды . Жауапкершіліктің өлшемі субьектінің өз іс-
әрекеттерінің әлеуметтік салдарларын немесе нәтижесін түсінумен
байланысты .
Елбасының биылғы Жолдауынан кейін әкімшілік реформаның түйіні
одан әрі тарқатыла бермек. Дүйсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы
туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық бойынша Әкімшіліктің жұмыс сапасы мен
тиімділігін көтеру мақсатында құрылымдық бөлімшелерінің саны 22-ден 13-ке,
ал қызметкерлерінің саны 10 пайызға қысқартылды. Демек, Ақорданың
жинақылануы өзге де орталық және аймақтық мемлекеттік басқару органдарының
ықшамдалуына серпін беретін болады. Жалпы, мыңдаған қызметкерден тұратын
алып мемлекеттік аппаратты АҚШ, Ресей және Қытай елдері ұстайтыны белгілі.
Еліміздің мемлекеттік басқару органдарында функционалдық қызметі өте ұқсас,
бірін-бірі қайталайтын қызмет түрлерін былай қойғанда, егіз құрылымдар да
баршылық. Соларды анықтап, оңтайлы шешім қабылдау қажет-ақ. Шындығын айту
керек, 90-жылдардан бері Қазақстанның мемлекеттік басқару органдары
әжептәуір қысқарған. Мәселен, алғашқы Терещенко үкіметінде 54, Қажыгелдин
үкіметі құрамында 44 министр болған. Бұл үкіметтерде бақандай 10-15 адамның
вице-премьер болуы бүгінгі күннің тұрғысынан алғанда ақылға сыймайды.
Қазіргі Кәрім Мәсімов үкіметінде 17 министр бар. Егер аяқасты қазіргі
үкіметті ауыстыру қажеттігі туындай қалса, жаңа үкіметті жасақтай алатын
сақадай-сай құрам бар ма? Өкінішке қарай, бұл сауалға жоқ деп жауап беруге
тура келер еді. Мәселен, осы кезге дейін Қасым-Жомарт Тоқаев және Иманғали
Тасмағамбетов үкіметтері толықтай дерлік жаңа кадрлармен жасақталды. Одан
кейінгі Даниял Ахметов үкіметі 50 пайызға дейін, ал Кәрім Мәсімов үкіметі
ішінара жаңартылды. Бізде бір қызмет атқарып, бірнеше үкіметті ұзатып
салғандар да бар. Мысалы, Александр Павлов Балғымбаев, Тоқаев,
Тасмағамбетов үкіметтерінде тапжылмай вице-премьер болыпты. Бұл кадрдың
біліктілігінің көрінісі ме, әлде тапшылығының белгісі ме, ол жағын дөп
басып айту қиын. Қалай дегенмен де бұл биліктің жоғары эшелонында резервтік
кадр тапшылығын аңдатқандай. Жоғары басқарушы құрамды былай қойғанда орта
деңгейдегі мемлекеттік органдарға басқарушы кадрлар жетіспейді. Сондықтан
Елбасы Жолдауда атап көрсеткендей жаңа кадр саясаты, резерв дайындау –
өзекті мәселе. Әлемдік тәжірибеде болашақ ел басқарушыларды мектеп жасынан-
ақ тәрбиелейді. Ұлыбритания тарихында 18 премьер-министрді берген әйгілі
Итон мектебі, Франциядағы Ұлттық әкімдік ету мектебі (ENA) болашақ
мемлекетшіл кадрлардың ұстаханасы болып есептеледі. Әрине, біз болашақ
басқарушы резервтен құралақан емеспіз. Мәселен, елімізде Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы,
Еуразиялық мемлекеттік қызметкерлерді оқыту орталығы мемлекеттік
қызметшілерді оқыту, кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан
өткізіп тұрады. Сонымен қатар былтыр шетелде 306 мемлекеттік қызметкер
білімін жетілдіріп қайтты.
Саяси әдебиетте элитаны елеп-екшеп, іріктеудің екі жүйесі кеңінен
қолданылады. Атап айтқанда, антрепренерлік және гильдийлік әдіс.
Антрепренерлік әдіс бойынша үміткердің жеке бас қасиеттері, танымалдығы,
халыққа жағымды имиджі есепке алынады. Демократиялық Батыс елдерінде
қалыптасқан мұндай жүйеде бәсекелестік күшті. Тек жасампаздық, тапқырлық,
ерекше белсенділікпен ғана мансап биігін бағындыра аласың. Ол үшін тіпті
кәсіби білімнің де қажеті шамалы. Мысалы, ешқандай кәсіби білім алмаған
танымал әртіс Рональд Рейган бір-ақ күнде АҚШ президенті болып сайланып
шыға келді. Терминатор Арнольд Щварценеггер еш қиналмай-ақ Калифорния
штатының губернаторы атанды. Демократиясы өркендеген елде жеке бас
қасиетіңмен өсесің, билік биігіне самғайсың. Ал бізде ше? Біз ғана емес,
бүкіл посткеңестік мемлекеттік елдер гильдийлік әдіспен болашақ мансабына
соқпақ салып, тас қияға өрлеп жүр. Бұл – нақтырақ айтқанда, кімнің
өтетіні, кімнің өтпейтіні алдын ала шешілетін бармақ басты, көз қысты
атам заманғы номенклатуралық тәсіл. Шынайы бәсеке атымен жоқ. Майлы жілік
қызмет түгілі, нәпақа табарлық жай жұмысқа ағайын-туыс, көкенің күшімен,
бала-шағаның аузынан жырып немесе қарызданып-қауғаланып жүріп, кредитке
алған ақшаның буымен әзер дегенде орналасасың. Құзыреті зор құтты қызметтің
жазылмаған қақы, көлеңкелі нарқы бар. Бізді қайдам, Михаил Барщевскийдің
баяндамасына жүгінсек, көрші Ресейде министрдің орынбасары қызметі 5
миллион доллар, ал ірі мемлекеттік компанияның құрылыс басқармасы
бастығының орынтағы 12 миллион долларға бағаланады екен. Одан
қала берді, партиялық тізімдегі депутаттық орын 2-5 миллион доллар, ал
заң жобасын оқылымға жіберу 250 мың доллар тұрады. Шен-шекпендіні
сын садағына ілу үшін тележүргізушілерге айына 20 мың
долларын ұстатады екен. Біздегіні айтпаса да түсінікті.

қорғалатын қоғамдық қатынастардың әлеуметтк мәнділігіне , қоғамның
адамға артатын сеніміне , тұлғаның даму деңгейіне , өзінің жасаған
іс- әрекеттерінің әлуметтік маңыздылығын сезінумен анықталады . Басқару
ісіндегі жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін мәжбүр ету , шара
қолдану , жазалау , ынталандыру шаралары қолданылып , басқару
қызметкерлерінің жауапкершілігі басқару стилін айқындайды .

Қазіргі кезде басшыға қабылданған стильдердің тек біреуін
ғана ұстану міндет емес , әр уақытта оның әрекеті нақты қалыптасқан
жағдайға қарап анықталады . Орын алып отырған жағдайды дұрыс қолдана
алса ғана ол жақсы көшбасшы бола алады . Ол үшін
қарамағындағылардың қабілетін , олардың қойылған мәселені шешу
мүмкіндігін , өз өкілеттігін жақсы білу қажет .

Міндеттерді атқару барысында қалыптасқан жағдай өзгеруі
мүмкін , ал бұл қол астындағыларға ықпал ету тісәлдерін , яғни
басқару стилін өзгертуді талап етеді . Жалпы басқару сияқты
көшбасшылқ та өнер , сондықтан керек кезінде басқару стилін
өзгерте алатын , яғни өндіріс пен сыртқы ортада орын алған
жағдайға бейімделе алатын адам тиімді басшы болып табылады . Ал
бұл өз кезегінде бейімделген басқару стилі туралы сөз етуге
мүмкіндік береді . Ол көп жағдайда басқару стилін жетілдіру
қажеттілігін тудырады . Мемлекеттік басқару стилін
жетілдіру көптеген мәселелерді талдап , шешуді көздейді . Бірақ осы
мәселелерді жинақтай , зерделей келе ең алдымен , қызметтің дұрыс ,
тиімді ұйымдастырылуына басты мән берілуі қажетт екендігін аңғаруға
болады .Себебі басқару жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы мемлекеттік
басқарудың ұтымдылығы мен тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік
беретіні мәлім . Бұл процесс біріншіден , билік орындарындағы
мемлекеттік лауазым мен жұмыс орнын ұйымдастырудан басталады .
Лауазымның мемлекеттік орган құрылымындағы орны мен рөлі анықталып ,
ол атқаратын жұмыстың мазмұны көрсетіледі , басқа лауазымдармен сыртқы
өзара байланысы ұйымдастырылады . Осыған қоса мемлекеттік органдағы
әрбір лауазым праксеологиялық және эргономикалық тұрғыдан
жабдықтауды қажет етеді . Қазіргі таңда әрбір адамның өзін толықтай
көрсете білуіне , қабілет мүмкіндігін қолдана алуына жағдай жасау
арқылы лауазымдық қызметтің тиімділігін арттыруға көңіл бөлінуде .
Келесі атқаратын міндет органдардың буындары мен құрылымдарын
ұйымдастырумен байланысты . Бұл жерде сөз басқару функцияларын
көлденеңнен құрылымдық бөлімшелерге шоғырландыру туралы болып отыр .
Мұндай шоғырландырудың өзіндік артықшылықтары бар : басқару ісіне
мазмұнды , мәнді сипат береді , басқарушылар мен орындаушылардың
арасында байланысты нығайтады , мемлекеттік басқару стилін
жетілдірудің көптеген мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді . Бұдан
кейін жетекші қызметін атқару барысын ұйымдық қамтамасыз ету міндеті
туындайды . басқарылатын органның қызмет ету Жетекшінің қызметін
ұйымдастыру стилін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады және ол басқару
қызметінің стратегиясын әзірлеуге , қарастырылатын мәселелердің
тәртібін белгілеуге , қоршаған ортамен байланыс орнатуға , жиналыс
, пікір алмасулар өткізуге мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет .

Басқару қызметімен айналысатын жеке адамдардың бойынан
ынталандыру мен жауапкершілік іспетті қасиеттердің үнемі табылуы бұл
процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізін құрайды
. Дегенмен тек жеке адамдардың ізденгіштігін, өзін өзі дамы
Басқару қызметімен айналысатын жеке туға ұмтылыс жасауына ғана үміт
артпай басқару тәжірибесін игеру ұйымдасқан түрде жүргізіліп , ол өз
кезегінде басқару стилінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны дұрыс .
Осыған байланысты мемлекеттік басқару стилін жетілдірдің төменгідей
негізгі бақыттарына тоқталып өткен жөн . Алдымен басқару қызметінің
басқару әсеріне бағытталуын қарастырамыз . Басқарудың нақты сипаты ,
болмысы тек тиісті үрдістерге оның тигізетін ықпалында көрініс табады
. Басқару ықпалы қоғамдық даму үрдістерінде бір қалыпты ,тиімді
жағдайды қалыптастырып , дамытқан , өзгерткен жағдайда ғана орын алады
.Егер басқару ықпалы қабылданған шешімдерге , жүргізілген
ұйымдастырушылық шараларға , басшының жұмсаған күш жігеріне қарамастан
обьектіге жетіп , жүзеге асырылмаса , онда басқаруда болмайды . Бұл
жерде әңгіме мемлекеттік басқару стилін дамыту бағыты ретіндегі басқару
ісінің нәтижелілігі жөнінде болып отыр .

Басқару қызметімен айналысатын адамдардың еңбегін бекітілген
нормалар арқылы өлшеу мүмкін емес , себебі бұл үрдісте жұмсалатын күш
жігер шығуын сипаттайтын , нақты тәжірибе жүзінде іске асатын
жасампаздық , шығармашылық қызмет . Басқару қызметінің нәтижелілігі
қолданылатын әдістерге , процедураларға , нысандарға , лауазымды
тұлғалардың білім біліктілігіне , қабілетіне , талантына байланысты
екені белгілі . Практикалық қызмет талданып , ой елегінен өткізілмесе ,
оны жетілдіру қиындық тудырады және керісінше , теориялық ой
пікірлер тәжірибе жүзінде туындап және керісінше , теориялық ой
пікірлер тәжірибе жүзінде туында және онда жүзеге аспаса , олар тек
тілек түрінде ешбір нәтижесіз қалып қояды .

Сондықтан басқару қызметінің шығармашылық , ізденгіштік ,
практикалық тұстарын бірге қарастырған жөн .

Басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік орган мемлекеттік механизмдегі элементі ретінде
Басқарудың стильдері
Басқару қызметі
Ерекшелеу тәсілімен басқару
Басқарудың индивидуалды стилі. Индивидуалды стил, басқару стилі
Менеджердің жұмыс істеу стилі
Тиiмi бақылауды қамтамасыз ету және бақылауды мәлiметпен қамтамасыз ету
Кадрды басқару әдістері
Дара басшылық туралы
Менеджер тұлғасы, билігі мен беделі
Пәндер