Партия – саяси институт ретінде



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім:

1. Қазақстандағы саяси партиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Партия туралы заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:
1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы.
2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси п ртиялар да пайда болды.
Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси п ртиялар қоғамдық-саяси өмірдің қажетті институты болып қала беруін жалғастыруда. Уақыт өткен сайын мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар керек пе әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай ?
Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының «қайығын тербететіні» жасырын емес.Бұл бір жағынан.Ал екінші жағынан қоғам осындай саясаттың ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен қоғамның арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің (әсіресе төтенше жағдайлар кезінде) бонапарттық режимге өтіп кетуі мүмкіндігін көрсетті. Тап осы партиялық құрылымдардың азаматтық қоғамды мемлекеттің «семіртіп» жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметтік тканнің органикалық өсуіне жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады.Сонымен, саяси п ртиялар қазіргі қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған. Саяси партиялар – бұл кез келген дамыған саяси жү йенің қажетті элементі.
1. Д. Жамбылов Саясаттану. Алматы – 2003

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Партия – саяси институт ретінде

Орындаған:Абылғазинов Б. Б.

Алматы
2010 жы

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім:

1. Қазақстандағы саяси
партиялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Партия туралы
заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20

Кіріспе

Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда
саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі
ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда
тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси
үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және
билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси
партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына
таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.),
Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ
ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық
бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде
қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының
негізгіекі себебін атайды:
1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау
құқығының таралуы.
2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра
бастады.Оған қарсы саяси п ртиялар да пайда болды.
Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси п ртиялар қоғамдық-саяси
өмірдің қажетті институты болып қала беруін жалғастыруда. Уақыт өткен сайын
мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар керек пе
әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай ?
Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының қайығын
тербететіні жасырын емес.Бұл бір жағынан.Ал екінші жағынан қоғам осындай
саясаттың ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен
қоғамның арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің
(әсіресе төтенше жағдайлар кезінде) бонапарттық режимге өтіп кетуі
мүмкіндігін көрсетті. Тап осы партиялық құрылымдардың азаматтық қоғамды
мемлекеттің семіртіп жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметтік тканнің
органикалық өсуіне жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады.Сонымен, саяси
п ртиялар қазіргі қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған. Саяси
партиялар – бұл кез келген дамыған саяси жү йенің қажетті элементі.

3
2. Қазақстанның саяси партиялары

НҰР ОТАН Халықтық-Демократиялық партиясы

Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары
– Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин. Отан республикалық саяси партиясы 1999
жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557
адамды құрайды. Нұр Отан партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық
облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі
демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге
асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік
орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және
конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты
және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін
тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте
Нұр Отан парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының
қорытындылары бойынша Нұр Отан 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі
палатасына партиядан 98 депутат сайланды.[2]

Қазақстан коммунистік партиясы

Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия
1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден
өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері
республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм
қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға
жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің
негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына
Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс
жинаған Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ сайлау
блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан
жоқ.

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы

Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21

4
маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90
мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі
қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға
негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия
1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары
болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29%
дауыс жинады.

Қазақстанның Ауыл социал-демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда
тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту
кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық
облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары:
мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл
еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға
бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді
ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді
формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты,
алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене
алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Ауыл партиясы
1,51% дауыс жинады.

Қазақстанның патроиоттар партиясы

Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4
тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның
мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі
мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін
қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық
демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік
белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру;
елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру
сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004
жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады.
2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие
болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен
Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.
5

Қазақстанның АҚ ЖОЛ демократиялық партиясы

Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3
сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды.
партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін
Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік,
әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия
үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы
Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Ақ жол партиясы 3,09% дауыс
жинады.

Руханият партиясы

Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы
6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия
бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар.
Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді
шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы
Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші
шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс
сайлауының қорытындылары бойынша Руханият партиясы 0,37% дауыс жинады.

Әділет демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда
тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық
принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және
Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық
демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған
экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің
басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының
қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0,76% дауыс жинады.
Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір
депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен Әділет демократиялық
партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның АҚ ЖОЛ демократиялық партиясына
қосылу жөнінде шешім қабылданды.

Қазақстанның Нағыз АҚ ЖОЛ демократиялық партиясы

Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз

6
Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия АҚ ЖОЛ ҚДП-ның
бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17
наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия
барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін
ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік
мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы Нағыз Ақ жол ҚДП-
ның 3-ші съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу
туралы шешім қабылданды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)

Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары:
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған.
2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140 мың адам.
Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің
бөлімшелерін ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына
демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық
экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды.
2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясы 4,54% дауыс жинады.

7
3.Саяси партиялар туралы

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 15 шілде N 344-ІІ
Осы Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары
мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси партиялардың
мемлекеттiк органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейдi.[2]
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Саяси партия ұғымы

1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк
билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында
бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси
еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi
саяси партия деп танылады.
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу
бостандығына құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола
алады.
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен
бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге
құқылы.
4-бап. Мемлекет және саяси партиялар

1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын
қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет
iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк
органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.
3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай
партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады.
8
4. Парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы
ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан
Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар
мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды.
6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн органдарында қызмет атқаратын
адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және
әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.
5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi

1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару,
заңдылық және жариялылық принциптерiне негiзделедi. Осы Заңмен белгiленген
шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын, мақсаттарын, қызмет
нысандары мен әдiстерiн еркiн анықтайды.
2. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының
Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға
тиiс.
3. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып
табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа
және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттардың тiзiмiнде
өкiлдiк етуi үшiн бiрдей мүмкiндiктер жасауға тиiс.
4. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады.
5. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға
тиiс.
6. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси
партияларының қызметiне жол берiлмейдi.
7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауiпсiздігiне
нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ёлттық, дiни, тектiк-топтық және
рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардың
қызметiне тыйым салынады.
8. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi
бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия
ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан
әскерилендiрiлген құралымдар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
9
10. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық,
жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.
2-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

6-бап. Саяси партияны құру

1. Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай
съезiн (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы
бар қала мен астананың үштен екiсiнiң атынан өкiлдiк ететiн Қазақстан
Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.
2. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашы тобының тiзiмдерi
тiркеушi органға ол белгiлеген нысан бойынша табыс етiледi.
3. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткiзу үшiн құрамында
кемiнде он адам бар ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкін.
4. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы,
жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары
құрылады.
5. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн
жүзеге асырады.
7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi

1. Саяси партияның атауында "саяси партия" немесе "партия" деген сөздер
болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол
берiледi.
Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттiк
органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың
атаулары мен рәмiзiнен өзгеше болуға тиiс.
2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық
және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың
есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа
мемлекеттердiң мемлекеттiк нышандарын пайдалануға құқығы жоқ.
4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi,
вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы.
5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды
насихаттауға қызмет етпеуге тиiс.
6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға тиiс.
8-бап. Саяси партияға мүше болу

1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның
мүшесi бола алады.

10
2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына,
сондай-ақ ұжымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Идеологиялық партиялар
Саяси партия туралы
Саяси партия саяси институт ретінде және Қазақстандағы саяси партиялардың дамуы
Қазақстан жастарының 1920-30 жылдардағы сауатсыздықты жою науқанына қатысуы
Қазақстан Республикасының азаматтық институттарың анықтау
Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің ерекшелігі
Сайлау қарсаңындағы саяси партиялардың ахуалы
Пәндер