Лизинг операциялары



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I ЛИЗИНГТIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Лизингтің түсінігі, анықтамасы және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Лизингтiң түрлерi және жiктелуi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТIҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.1 Елiмiздiң ұлттық экономикасының тиiмдi дамуында лизингтiк бизнестiң маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Лизинг бизнесiнiң дамуындағы мәселелер және оларды шешу жолдары. Лизингтiк бизнестi қолдау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ..22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеге қабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады.
1. Сагадиев К.А. Лизинг Казахстане, Учебник для Вузов. - Алматы: 2000г.
2. Смагулов А. Лизинг: Учебное пособие. – Алматы: Балауса, 1996г. – 176с.
3. Курс предпринимательства: Учебник для вузов / В.Я.Горфинкель, В.А.Швандар, Е.М.Купряков – Москва: Финансы, 1997. – 439с.
4. Каренов Р. Лизингтiк қызметтер. Оның ерекшелiгi неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуiр (№105106). – 2 б.
5. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
7. “Развитие франчайзинга и лизинга в сфере предпринимательства” Методические рекомендации для предпринимателей, Астана – 2004г. 80с.
8. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
9. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
10. Кожахмедов Д.Б. “Машиностроение как основа формирования конкурентспособной экономики Қазахстана” // Аль-Пари , №1.2004 г.
11. Статистический ежегодник. Алматы. – 2005г. №5.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I ЛИЗИНГТIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗI
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. Лизингтің түсінігі, анықтамасы және мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Лизингтiң түрлерi және жiктелуi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТIҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

1. Елiмiздiң ұлттық экономикасының тиiмдi дамуында лизингтiк
бизнестiң маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..14
2. Лизинг бизнесiнiң дамуындағы мәселелер және оларды шешу жолдары.
Лизингтiк бизнестi қолдау шаралары
... ... ... ... ... ... ... ..22

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КIРIСПЕ

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету
бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге
назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу
байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып
отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi
бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп
кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы
елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған
елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей
байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ
мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеге қабiлеттi алдынғы
қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және
экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан
Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап
оң нәтижелер бере бастады. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке
шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын
өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау болып табылады.
Ал осы индустриялық стратегияны жүзеге асырып, бәсекеге қабiлетi
жоғары өнiмдер шығару үшiн ең алдымен ұлттық өнеркәсiп орындарына осы
заманғы жаңа құрал-жабдықтарсыз iске аспайтыны белгiлi. Бiрақ мұндай жоғары
сапалы өндiрiстiк құралдарды ақшалай немесе несиеге алу бүгiнгi таңдағы
ендi ғана бас көтерiп келе жатқан жас кәсiпорындар мен шағын бизнеспен
щұғылданушыларға өте қиын болып табылады. Өз кезегiнде ұлттық экономиканың
рыноктық уақытта тұрақты дамуының негiзi кәсiпкерлiк сала екенi белгiлi.
Егер олардың өнiмдерi бәсекеге қабiлеттi болмаса, алдағы 2006 жылдары
Қазақстан Бүкiл Әлемдiк сауда ұйымына мүше болып кiрген кезде отандық
кәсiпорындар бәсекеге шыдамай банкротқа ұщырайтыны белгiлi. Ол дегенiмiз
ұлттық болашағымен тiкелей байланысты.
Осы аталған мәселенi шешудiң бiрден-бiр тиiмдi жолы ол экономикамызда
қарқынды түрде лизингтiк бизнестi дамыту қажеттiгi туындап отыр. Сондықтан
мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгiнгi таңда өзектi мәселелердiң бiрi
болып отырған “Қазақстан Республикасындағы лизинг бизесi және оны дамыту
жолдары” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi бүгiнде өндiрiс құралдарының
80% дерлiк моралдық және физикалық жағынан тозып отыр. Осы тозған құрал-
жабдықтарды жаңартудың басты көзi лизинг бизнесiн жан-жақты дамыту керек.
Бұл жұмысты орындаудағы мақсатым мен мiндеттерiм кеелсiдей:
• Лизингтiң экономикалық мәнiн ашу және оның түрлерi мен жiктелуiн
қаарстыру;
• Қазақстанда лизингтiк бизнестiң қалыптасуын, оны дамыту жолдрын
қарастыру;
• Лизингтiң ұлттық өнеркәсiптi дамытудағы маңыздылығы.

I ЛИЗИНГТIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗI

1.1 Лизингтің түсінігі, анықтамасы және мәні

“Лизинг” ұғымы бүгiнде шетелдiк және отандық әдебиеттерде кеңiнен
қолданылады. Лизинг өз кезегiнде қаржы-коммерциялық, құқықтық және
техникалық аспектiде көрiнiс табады. Қазiргi уақытта осыған байланысты
лизингтiң 100-ден астам анықтамалары бар.
Лизинг сөзi “to lease” ағылшын сөзiнен аударғанда “жалға беру”
дегендi бiлдiредi. Лизингтiң жалға беруден айырмашылығы – жалға беруде екi
тарап қатысса: жалға берушi және алушы, ал лизингте үш қатысушы: лизинг
берушi, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл альтернативтi несиелiк қаржыландыру, яғни белгiлi бiр
құрал-жабдықтарды лизинг алушыға ұзақ мерзiмге беру, лизинг алушы ол үшiн
лизинг берушiге ай сайын лизинг төлемдерiн төлеп отырады.
Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды,
машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа
арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн
қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер
төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң
банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.
Лизингтiк қатынастардың дамуы инвестициялық процестiң кең көлемде
көрiнiс табуына жол ашады және қолайлы инвестициялық климат қалыптастырады.

Лизинг параметрлерiне келесiлердi жатқызуға болады: ғимараттар,
құрылғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, көлiк құралдары және жер тiлiмдерi
жатады. Ал бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизингтiң параметрлерi бола
алмайды.
Лизинг ең алғаш рет 1952 жылы АҚШ-та пайда болды. Ол лизингтiк
компания ретiнде көрiнiс тапты. Лизинг бұл альтернативтi несиелiк
қаржыландыру, яғни белгiлi бiр құрал-жабдықтарды лизинг алушыға ұзақ
мерзiмге беру. Лизинг алушы ол үшiн лизинг берушi компанияға ай сайын
лизинг төлемдерiн төлеп отырады.
Лизингтiң қаржылық ерекшелiгi бойынша арендадан өзiндiк ерекшелiгiмен
көрiiнс табады. Арендадан лизинг алушының ерекшелiгi ол тек қана объектiнi
жалға алып қоймай, ол сол объектi туралы барлық қызметтердi (жөндеу
жұмыстары, құқықтық жақтары, сақтандыру мен техниккалық қызмет көрсету) өзi
iске асырады. Лизинг алушының тағы бiр ерекшелiгi ол лизинг берушiге ай
сайын объект құнының белгiлi бiр бөлiгiн төлеп отырады.
Сонымен қатар арендалық бизнес тек қана екi жақты болса, ал лизингтiк
бизнес екi, үш және көп жақты бола бередi.
Егер лизингтi экономикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ ол
экономиканың өнеркәсiп салаларына берiлген несиелер және негiзгi қорлармен
ұқсас екенi белгiлi. Сондықтан барлық лизингтiк қарым-қатынас, оның iске
асуы қаржылық сипатта болады. Яғни, бұл жерде лизинг берушi компания
қаржылық қызмет көрсеткен болады.
Мұндағы субъектiлерге лизинг берушi және лизинг алушы, ал
объектiлерiне: машиналар, құрал-жабдықтар, көлiк құралдары және т.б.
өнеркәсiптiк құрал-жабдықтар жатады.
Сондай-ақ лизинг банктер арқылы iске асқанымен банктiк операцияларға
да жатпайды. Өйткенi банктер коммерциялық несие бергенде олар ең бiрiншi
кепiлдiк талап етедi. Ал лизингтiк бизнесте кепiл ретiнде сол лизингке
берiлiп отырған объектiлерiнiң өзi алынады. Яғни, өнеркәсiптi жылдам
дамытудағы және шағын бизнестiң дамуындағы лизингтiң артықшылығы да осы,
лизнгттiк бизнесте кепiл ретiнде лизингке алған құрылғының өзi болып
табылады. Бiзге белгiлi коммерциялық несиелер бергенде ол берiлген күннен
бастап оның иеленушiсi несиенi алушы болып табылады, яғни құрылғы өз иесiн
ауыстырады. Ал лизингтiк бизнесте лизинг берушi өз мүлкiне деген құқықтарын
сақтайды.
Жалпы лизингтiк қатынаста, егер лизинг мерзiмi аяқталып, барлық
төлемдер төленгеннен кейiн ол құрылғыларды лизинг берушi қайтадан өз
қарамағына алады. Бiрақ кейбiр жағдайларда лизинг алушы лизинг мезiмi
аяқталғаннан кейiн осы мүлiктiң барлық амортизациялық шегерiмдерiн шығарып
тастап, қалған қалдық құнымен лизинг берушi компаниядан сол мүлiктi толық
сатып алуы да мүмкiн. Әрине бұл жағдайда өзара екi жақты келiсiм болуы
керек.
Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi
схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi
суретен көре аламыз:

4

1 2
7 5

6 6 9 9 8 3

Сурет-1 – Лизинг қатынастарының типтiк схемасы

Мұндағы сандармен берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:
1. лизинг берушi мен лизинг алушы арасындағы лизинг келiсiм шарты;
2. лизинг компаниясы мен жеткiзушi кәсiпорын арасындағы сатып алу-сату
келiсiм шарты;
3. лизинг берушi банктердiң арасындағы несиелiк қорытынды;
4. жабдықтаушы кәсiпорынның құрал-жабдықтарды лизингтiк компанияға
өткiзуi;
5. лизинг берушi фирмалардың жеткiзушi кәсiпорындарға алған құрал-
жабдықтарының құнын төлеуi;
6. лизинг берушi мен сақтандыру компаниясының арасындағы келiсiмдердi
сақтандыру щаралары;
7. лизинг алушының лизинг берушiге тұрақты төлеп отыратын төлемдерi;
8. лизинг берушiге банктiк несиелердi қолданғаны үшiн пайыздық
қойылымдар;
9. лизинг берушiлердiң мемлекеттiк жергiлiктi бюджетке төлеп отыратын
төлемдерi және лизингтiк компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттiк
жеңiлдiктер мен көмектер.
Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.
Лизингтiң қарапайым несиеден мынадай артықшылықтары бар:
• Лизинг көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды
несиелеуге болады;
• Лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм
iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты
пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға
мүмкiндiк бередi;
• Кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған
қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;
• Құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты,
өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын
салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық
жеңiлдiктер алады.
Лизинг операцияларының кемшiлiктерiне мыналар жатады:
• Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе
ұтпайды;
• Ұйымдастырудың күрделiлiгi;
• Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ та ескiрген құрал-
жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында болатынын
ұмытпау қажет.
Лизинг операцияларының техникасы келесi 2 суретте көрсетiлген.

2

1 3
4

Сурет-2 – Лизинг операциясының техникасы

Мұндағы,
1. құрал-жабыққа тапсырыс беру;
2. құрал жабдық үшiн төлем;
3. құрал-жабдықты жеткiзу;
4. лизингтiк төлем.

1.2 Лизингтiк операциялардың негізгі түрлерi және көптүрлілігі

Лизинг өз кезегiнде қызмет етуiне, берiлу формасына, жалпы
экономикалық сипатына байланысты бiрнеше түрлерге жiктеледi. Осыған орай
лизинг келесi белгiлерi бойынша жiктеледi:
1. Лизингтiк қатынасқа қатысушылар құрамы бойыншы:
• Тiкелей лизинг, яғни құрал-жабдықтардың иесi лизингтi лизинг алушыға
өзi бередi. Мұны кейде екi жақты лизинг деп атайды;
• Жанама лизинг, яғни мүiктi лизингке беру делдалдар арқылы iске асса.
Осы жанама лизингтiң өзi үш жақты лизинг және көп жақты лизинг деп
бөiнедi.
2. Лизнгке берiлетiн мүлiк түрi бойынша:
• Қозғалатын мүлiк лизингтерi (машина-техникалық лизинг);
• Қозғалмайтын мүлiк лизингi;
3. Мүлiктi сатып алу немесе өтеу деңгейiне байланысты:
• Толық формадағы төленетiн лизинг, яғни бiр мерзiмдегi келiсiм шартта
жалға алынған мүлiкке толық лизингтiк құнын төлеу;
• Толық емес формадағы төленетiн лизинг, белгiлi мерзiмдегi келiсiм
шарт бойынша жалға алынған лизингтiң белгiлi бөлiгi бойынша лизингтiк
төлемдi төлеу;
4. Амортизациялық жағдайына байланысты лизинг келесiдей жiктеледi:
• Толық түрдегi амортизациялық лизинг, яғни лизинг объектiсiн толық
түрде амортизациялық шегерiмдерi арқылы төлеу бойынша;
• Толық емес түрдегi амортизациялық лизинг, яғни лизинг құнын бөлшектеп
төлеу;
Осы жоғарыдағы аталған екi жiктеме түрi бойынша лизинг өз кезегiнде
үлкен екi түрден тұрады. Ол шұғыл және қаржы лизингi.
Шұғыл лизинг – бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның
пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн
сипаттайды.
Қаржы лизингi – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi
iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесе өзiн-өзi
өтеуiмен байланысты сипатталады.
5. Берiлген лизингтiк мүiктiң қызмет ету көлемi бойынша:
• Таза лизинг, алынған мүлiктiң барлық жөндеу немесе тағы басқа
қызметтерiн лизинг алушы өз мойнына алған жағдайда;
• Толық қызметтерiмен берiлген лизинг, мүлiктiң барлық қызметтерiн
лизинг берушi мойнына алған кездегi лизинг;
• Бөлшектелген қызмет арқылы берiлген лизинг, яғни лизинг берушi мүлiкке
қызметтердiң белгiлi бiр бөлiктерiне қызмет көрсететiн кездегi
лизингтiк қатынас;
6. Рынок секторына байланысты лизингтiк операциялар:
• Iшкi лизинг, яғни лизингтiк операцияға қатысушы тұлғалар бiр елдiң
азаматтары болған жағдайда;
• Сыртқы (халықаралық) лизинг, яғни лизинг алушы немесе лизинг берушi,
сондай-ақ делдалдардың бiреуiнiң немесе барлығының әр түрлi елдерден
болуы. Сыртқы лизинг өз кезегiнде экспортты және импортты лизинг болып
жiктеледi. Экспортты лизинг кезеiнде шетелдер лизинг алушы болып
табылады, ал импортты лизингте сәйкесiнше шетел лизинг берушi болып
келедi.
7. Салықтық және амортизациялық жеңiлдiктерiне байланысты лизинг
келесiдей түрлерге бөлiнедi:
• Фиктивтi лизинг, егер лизинг алдағы мақсаттары бойынша жоғары пайда
табуға және салықтық, амортизациялық жеңiлдiктер берiлмеген жағдайда,
• Iскерлi лизинг, егер мемлекеттiк маңызды салаларды дамыту барысында
белгiлi бiр өнеркәсiп құрал-жабдақтарын тарту мақсатында жеңiлдiктер
арқылы iске асырылатын лизингтiк қатынас;
Жоғарыдағы аталған лизинг түрлерi мен жiктелуiн келесi суреттен
көруге болады:

Сурет-3 – Лизингтiк операциялар түрлерi мен жiктелуi

8. Лизингтiк төлемдер сипаттамасы бойынша:
• Ақшалай түрде төленетiн лизинг, яғни төлемдер ақша формасында болған
жағдайда;
• Компенсациялы төлемдегi лизинг, яғни лизинг төлемдерi шығарылған
өнiмдер арқылы, құрал-жабдықтар немесе басқа да қызметтер арқылы
төлемдер;
• Аралас формадағы төлемдер арқылы iске асатын лизинг, яғни бiрiншi
жiне екiншi төлем формасында да төлемдер жасауға болады.
3-шi суреттегi лизинг берудегi рентинг операциясы дегенiмiз қысқа
мерзiмдегi жалға беру, ал хайринг – орта мерзiмдегi 1 жылдан 3 жыл
аралығындағы лизинг беру мерзiмi.
“Пакет” арқылы лизинг ғимараттар мен құрылғыларды кәсiпорынды
қаржыландыруда несиеге алынып, ал құрал-жабдықтар жалға алынатын жағдайдағы
көрiнiс болып табылады.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТIҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Елiмiздiң ұлттық экономикасының тиiмдi дамуында лизингтiк бизнестiң
маңыздылығы

Қазақстан Республикасының рыноктық қатынастарға өтуi барысында
өнеркәсiп орындарының құлдырап, экономиканың жаппай дағдарысқа ұшырауы
сипат алды. 1993-1994 жылдары елiмiзде өндiрiс құлдырауымен бiрге инфляция
қарқынды өсiп, әлеуметтiк сала нашарлап, экономиканың инвестициялық
активтiлiiг азайып, ЖIӨ-нiң үлесi 40-50% құлдырап кеттi.
Мiне бүгiнде елiмiзге рыноктық қатынастарға өткенiмiзге 14 жылдан
астам уақыт болды. Соңғы жылдары осы уақытқа дейiнгi жүргiзiлген
реформалар, экономикалық саясаттар мен стратегиялардың нәтижесiнде
жоғарыдағы аталған мәселелердi шешу барысындамыз.
Елiмiздiң нарықтық қатынастарға өтуi барысында жалпы экономика өтпелi
кезеңде болып отыр. Экономикалық өсудегi дағдарыс елдегi 1991-1998 жылдар
аралығындағы ЖIӨ-нiң құлдырауымен байланысты. Әлемдiк тәжiрибеде
экономикалық өсудiң дағдарысы , яғни ЖIӨ көлемi үш жылда 9%-дан асып кетсе
экономикалық өсудегi дағдарыс деп аталады. Ал Қазақстанда болса ЖIӨ-нiң
көлемi 1998 жылы 1991 жылға қарағанда 31,2%-ға төмендедi.
1991-1995 жылдардағы экономикалық өсудегi дағдарыстың басты себебi
инфляциялық жағдай болып табылады. Өйткенi 1992-1994 жылдарда елiмiзде
инфляция қарқыны тым үлкен болды. Инфляция деңгейi 2000%-дан асып кетiп,
гиперинфляцияны құрады.
Омыған байланысты 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура
келдi. Алайда соның өзiнде инфляция белең алып отырды. Осы мәселе туралы
ұлттық валюта енгiзiлгеннен бастап елдегi банк жүйемiз нақты ақша-несиелiк
және валюталық реттеуге кiрiстi. Осының нәтижесiнде экономикада 1995 жылдан
бастап инфляция деңгейi төмендей басатады, ал ол өз кезегiнде экономикалық
өсуге жол ашты.
Қазақстанда 1991-1995 жылдар 1990 жылмен салыстырғанда ЖIӨ көлемi
38,6%-ға төмендедi, яғни жылына шамамен 8%-ды құрап отырды. 2000 жылға
дйiнгi ЖIӨ көлемiнiң өсу қарқыны байқалғандығымен 1990 жылмен салыстырғанда
69,3% -құрады. Ал сонғы 2001-2003 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық өсiмi
30%-дан астам болды. Сонда ЖIӨ динамикасына назар аударатын болсақ
Қазақстанда экономикалық дағдарыс және өсудi параболалық түрде көруге
болады екен.
Елiмiзде 1995 жылға дейiн экономикалық дағдарыс болғаны анық көрiнедi. 1995
жылы ЖIӨ көлемi ең төменгi шегiне , яғни 61,4%-ға құлдырап кеттi, былайша
1990 жылмен салыстырғанда 38,6%-ға азайды.
1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен жалпы экономикада экономикалық өсу
көрсеткiштерi белең ала бастады. Яғни елдегi экономикалық өсу параболалы
түрде болып, оның көлемi бұрынғы 1990 жылғы көлемiне мiне осы 2003 жылы
ғана жеттi. Қазiргi уақытта елiмiз экономикалық өсудiң дағдарысынан
толық шықты деп айта аламыз.

Сурет-3 - Қазақстанда экономикалық дағдарыс және өсудiң параболалық
динамикасы
Айталық, елдегi қаржы секторының тиiмдi дамуы арқыыл инфляция деңгейiн
тұрақтындырдық және осының нәтижесiнде инвестициялық активтiлiктiң өсуiне
жол аштық. Жекешелендiру реформасыынң негiзi ел экономикасында кәсiпкерлiк
қызмет күннен-күнге дамып, өндiрс салалары және қызмет көрсету орындары
көбеюде. Осындай саясатардың нәтижесiнде елде туындап отырған жұмыссыздық
мәселесi, халықтың табыстылығыынң өсуi және iшкi сұраныстың өсуi белең
алады.
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсiптi дамытуға
барлық жағдайдың бар екендiгi белгiлi. Шикiзат қорларының молдығы, еңбек
ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа
өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, жағрапиялық жағынан орналасу
тиiмдiлiгi, iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтар –
мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын
кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, отандық
өнеркәсiптiң қарқынды дамуына терiс әсерiн тигiзер факторлар мен кедергiлер
жоқ емес.
Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспеймiз:
• өтпелi кезеңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген
қателiктер осы кезге дейiн өзiнiң терiс “жемiсiн” беруде;
• кәсiпорындардағы табиғи және моралдық тозығы жеткен негiзгi қорлардың
үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;
• жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын
импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның
салдарынан өнiм бағасы қымбаттайды;
• отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары және импорт алмастыру
саясатын тоқтаусыз және табанды түрде жүргiзудiң болмауы;
• өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға
мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан
құралатын амортизациялық, сақтандыру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Банктің қаржылық операциялары
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Инвестициялық операциялары
Форфейтинг операциялары
Коммерциялық банктердің қаржылық қызметі
Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні
Банк өтімдігі лизинг операциясы
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Банк қызметін жүзеге асыру
Пәндер