Тарбағатай жотасы



І. Кіріспе


ІІ. Тарбағатай жотасының зерттелуіне әдеби шолу


ІІІ. Негізгі бөлім
Тарбағатай жотасының физикалық.географиялық жағдайы
2. 1. Рельефі
2.2. Гидрологиясы
2. 3. Геологиясы
2. 4. Климаты
2.5. Топырағы
2.6. Зерттеу объектісіндегі өсімдіктер жамылғысы және олардың
дәрілік сипатына қысқаша шолу


Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер
Қазақстанның кең байтақ территориясы пайдалы өсімдіктер түрлеріне өте бай. Оның ішінде маңызды болып саналатын медицинаға аса қажетті өсімдіктер тобы – дәрілік өсімдіктер. Адамзат қоғамы сонау жылдардан қазіргі күнге дейін өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланып келе жатыр. Осының салдарынан көптеген өсімдік түрлерінің қоры азайып, жоғалу қаупі туды. Қазіргі кездің өзінде отандық ғылыми медицинада 216-дан астам аса дәрілік өсімдіктер түрі қолданылады. Сондықтан бұл өсімдіктерге байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу өзекті болып табылады.
Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да өзіндік маңызын әлі күнге жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оны қолдану пайдалы екендігі анықталып, оның құндылығы артып келеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын химиялық препараттарға дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрілерге сұраныс көп деуге болады. Дәрілік өсімдіктерден жасалынған препараттардың адам денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны белгілі, соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді зерттегенде биологиялық белсенді заттарын анықтауда, тек бұрыннан белгілі түрлердің ғана емес, басқа да перспективті дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін ескеріп анықтау маңызды болып отыр.
Сондықтанда Тарбағатай жотасының жер бедерінің, климатының, топырақ жамылғысының сан алуандығы, ондағы қалыптасатын дәрілік өсімдіктер жамылғысының алуан түрлілігіне де әсер етеді. Біздің зерттеу тақырыбымызда «Қазақстан дәрілік өсімдіктерінің географиясы (Тарбағатай жотасы мысалында)» Тарбағатай жотасының ботаникалық-географиялық аудандастырылуы қарастырылған және де биіктік белдеулер бойынша таралуы келтірілген. Сондықтан да Қазақстанның енді ғана өркендеп келе жатқан медициналық және фармацевтік өнеркәсібі үшін дәрілік өсімдік шикізатының жаңа түрлерін іздестіру және анықтау халық шаруашылығының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Республика флорасында дәрілік өсімдіктер көп болса да, оның зерттелу деңгейі ғылыми тұрғыдан әлі жеткіліксіз.
Ресми медицинадағы табиғаты синтетикалық– химиялық препараттардың өндірістік технологиясы мейлінше күрделі және экономиялық тұрғыдан ел қаржысына ауырлық түсіреді де, даярлау уақыты ұзақ болады. Ал қазір Республикамызға қажетті дәрілік препараттардың тоқсан пайызы жақын және алыс шетелдерден сатып алынады. Сондықтан еліміздің фармацевтикалық өндірісіне дәрілік препараттарды табиғи немесе екпе өсімдіктер шикізатынан өндіру аса тиімді.
Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да өзіндік маңызын әлі күнге жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оны қолдау пайдалы екендігі анықталып, оның құндылығы артып келеді.
1. Джаналиева К.М., Будникова Т.И., Виселов Е.Н., Давлеткалиева К.К., Давлятшин И.И.. Жапбасбаев М.Ж., Науменко А.А., Уваров В.Н. Физическая география Республики Казахстан. - Алматы, 1998. 266 с.
2. Қазаөстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Алматы,1998 ж.
3. Степанова Е.Ф. Растительность и флора хребта Тарбагатай. Алма-Ата, 1962. 433 с.
4. Корчагин А.А. Видовой (флористический) состав растительных сообществ и методы его изучения., Полевая геоботаника. - Т.3. М.-Л., 1964. С.39-60.
5. Флора Казахстана. Т.1-1Х. Алма-Ата,1955-1966.
6. Бейсенова А.С. Физико-географические исследования Казахстана. Алма-ата, 1982.
7. Герасимова И.П. Очерки по физической географии Казахстана. // Алма-ата, 1952. 155-197.
8. Утешова А.С. Климат Казахстана. Ленинград, 1959. 64-89.
9. Иллюстрированный определитель растений Казахстана. Алма-Ата, 1969.Т.1. 664 с.
10. Иллюстрированный определитель растений Казахстана. Алма-Ата,1972.-Т.2. 643 с.
11. Аталыкова Ф.М. Рациональное использование ресурсов полезных растений хребта Западный Тарбагатай. Изучение лекарственных растений Казахстана. Алма-Ата,1988. С.30-38.
12. Руководство по работе с лекарственными растениями. Алматы, 1999. С.164-167.
13. Атлас лекарственных растений СССР. М., 1962. 702 с.
14. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана, Алматы, 1994.С. 108.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Тарбағатай жотасының зерттелуіне әдеби шолу

ІІІ. Негізгі бөлім
Тарбағатай жотасының физикалық-географиялық жағдайы
2. 1. Рельефі
2.2. Гидрологиясы
2. 3. Геологиясы
2. 4. Климаты
2.5. Топырағы
2.6. Зерттеу объектісіндегі өсімдіктер жамылғысы және олардың
дәрілік сипатына қысқаша шолу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазақстанның кең байтақ территориясы пайдалы өсімдіктер түрлеріне өте
бай. Оның ішінде маңызды болып саналатын медицинаға аса қажетті өсімдіктер
тобы – дәрілік өсімдіктер. Адамзат қоғамы сонау жылдардан қазіргі күнге
дейін өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланып келе жатыр. Осының салдарынан
көптеген өсімдік түрлерінің қоры азайып, жоғалу қаупі туды. Қазіргі кездің
өзінде отандық ғылыми медицинада 216-дан астам аса дәрілік өсімдіктер түрі
қолданылады. Сондықтан бұл өсімдіктерге байланысты зерттеу жұмыстарын
жүргізу өзекті болып табылады.
Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да өзіндік маңызын әлі
күнге жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оны қолдану пайдалы екендігі
анықталып, оның құндылығы артып келеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын
химиялық препараттарға дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрілерге сұраныс
көп деуге болады. Дәрілік өсімдіктерден жасалынған препараттардың адам
денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны белгілі, соның нәтижесінде бұл
күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Дәрілік қасиеттері бар
өсімдіктерді зерттегенде биологиялық белсенді заттарын анықтауда, тек
бұрыннан белгілі түрлердің ғана емес, басқа да перспективті дәрілік
өсімдіктердің емдік қасиеттерін ескеріп анықтау маңызды болып отыр.
Сондықтанда Тарбағатай жотасының жер бедерінің, климатының, топырақ
жамылғысының сан алуандығы, ондағы қалыптасатын дәрілік өсімдіктер
жамылғысының алуан түрлілігіне де әсер етеді. Біздің зерттеу тақырыбымызда
Қазақстан дәрілік өсімдіктерінің географиясы (Тарбағатай жотасы
мысалында) Тарбағатай жотасының ботаникалық-географиялық аудандастырылуы
қарастырылған және де биіктік белдеулер бойынша таралуы келтірілген.
Сондықтан да Қазақстанның енді ғана өркендеп келе жатқан медициналық және
фармацевтік өнеркәсібі үшін дәрілік өсімдік шикізатының жаңа түрлерін
іздестіру және анықтау халық шаруашылығының өзекті мәселелерінің бірі болып
табылады. Республика флорасында дәрілік өсімдіктер көп болса да, оның
зерттелу деңгейі ғылыми тұрғыдан әлі жеткіліксіз.
Ресми медицинадағы табиғаты синтетикалық– химиялық препараттардың
өндірістік технологиясы мейлінше күрделі және экономиялық тұрғыдан ел
қаржысына ауырлық түсіреді де, даярлау уақыты ұзақ болады. Ал қазір
Республикамызға қажетті дәрілік препараттардың тоқсан пайызы жақын және
алыс шетелдерден сатып алынады. Сондықтан еліміздің фармацевтикалық
өндірісіне дәрілік препараттарды табиғи немесе екпе өсімдіктер шикізатынан
өндіру аса тиімді.
Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да өзіндік маңызын әлі
күнге жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оны қолдау пайдалы екендігі
анықталып, оның құндылығы артып келеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын
препараттарға дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрілерге сұраныс көп деуге
толық болады. Соған байланысты дәрілік өсімдіктердің географиялық зерттеу
ерекшеліктерін анықтау қазіргі күнде өзекті мәселелелердің бірі болып
табылады.
Қазақстан флорасының дәрілік өсімдіктер қорын қазіргідей дәрі-дәрмек
тапшылығы айқын сезілген кезеңде медицинада толық пайдалану үшін олардың
жаңа түрлерін өндіріске енгізу аса тиімді болар еді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Дәрілік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу, қолданысқа енбеген кейбір
түрлерін медицинаға қолдануға ұсыну. Дәрілік өсімдіктердің географиясын жан-
жақты зерттеу. Климат ерекшеліктерін талдау.

Тарбағатай жотасының зерттелуіне әдеби шолу

Тарбағатайға алғаш барған ботаник И.Сиверс болды. 1793 жылы ол Қалба
жотасынан Аягөз (Тарбағатай) өзенінің үстіңгі ағысына өтіп, оңтүстік
беткейге, Үржар өзенінің аңғарына түсіп, кейіннен дәл осы жолмен кері
қайтқан. И.Сиверстің дәрілік өсімдік ретіндегі рауғаштың жергілікті түрін
және оның өсіп-өну жағдайларын зерттеуге арнайы тапсырмасы болған еді. Өз
міндетін, тапсырмасын орындаудан өзге, И.Сиверс жол бойы жүрген жерлерінде
өсімдіктерді жинап отырды. Оның саяхаттары ботаника тұрғысынан бұрын
белгісіз болып келген жер туралы алғашқы мәліметтер бергендігімен бағалы,
құнды болып табылады. Ол алғаш болып Тарбағатайда орманның жоқ екендігін
көрсеткен.
1849-1851 жылдары Семей облысының шығыс бөлігін А.Влангали зерттеді,
бұл ретте ол Тарбағатайға да соға кетті. Негізінен оның зерттеулері
геологиялық сипатта болды, әйткенмен де өзінің 1849-1851 жылдары Қырғыз
даласының шығыс бөлігіне геогностикалық саяхаттар атты еңбегінде автор
өлкенің өсімдік жамылғысына жиі тоқталып, 1851 жылы И.Татаринов жинаған
өсімдіктердің тізімін келтіреді. Бұл тізімде жиналған жерлері көрсетілген
өсімдіктердің 122 түрі бар.
Тарбағатайдың батыс бөлігінде 1857 жылы П.П.Семенов аяқ басын тіреді.
Жетісуға барар жолында ол Үржардан Зайсанға Қарабұлақ өзені бойынша, Әлет
асуы арқылы саяхат жасап, кейініректе К.В.Регель мен А.Гербер өңдеген
өсімдіктер коллекциясын жинап алып кетті.
1864 жылы Тарбағатайды К.Струве мен Т.Н.Потанин зерттеді. Олар жотаның
оңтүстік және солтүстік беткейлерінде болып қайтты. Олардың саяхаттарының
нәтижелері 1864 жылы жазда Шығыс Тарбағатай бойынша жол жүру жұмысында
жарияланды. Бұл еңбектерінде ғалымдар Тарбағатайдың өсімдіктерін суреттеп,
оңтүстік және солтүстік беткейлердегі флораның өзгеше екендігін атап
көрсетеді, солтүстік беткейдің үлкен құрғақтығын, оңтүстік беткеймен
салыстырғандағы қандай да болмасын ағаш өсімдіктерінің жоқтығын және ондағы
бұталардың аз мөлшерін атап өтеді. Еңбекке өсімдіктердің 70-ке жуық түрі
қазақша, қырғызша атауы тізімге енгізілген.
1876 жылы Шығыс Қазақстанда сапармен М.В.Певцов болды. Ол Зайсаннан
Маңырақты арқылы Қытайға бара жатқан жолында Шілікті аңғарында және Шоған-
Оба шатқалында болды. Осы сапарының нәтижесінде ғалым Жоңғарияның жол
очерктері атты еңбегін жазды (1879 жылы басылып шықты), онда Тарбағатайдың
өсімдік әлеміне де өте қысқаша тоқтала кетеді.
Дәл сол жылы (1876 жылы) А.Брэмның зоологиялық экспедициясына
өсімдіктер жинау мақсатымен Вальдбург-Цейль қатысты. Семейден Жетысу
облысына барар сапарында олар Тарбағатайға соға кетті. Олар жинаған
гербарийді Н.Курц өңдеді.
1904 жылы Тарбағатайда В.В.Сапожников болды. Шілікті аңғарынан ол
Тарбағатайға көтеріліп, Хабар-Асуға дейін жүрді және оңтүстік беткеймен
Бахтыға түсті. Осы бағдар жөніндегі мәліметтер В.В.Сапожниковтың 1904 жылы
Сәуірге және Жоңғар Алатауына ғылыми іссапар жөніндегі алдын ала есеп беру
деген жұмысында беріледі. Бұл жұмысында бұл автор да жотаның ормансыздығын
және оның солтүстік беткейінің үлкен құрғақтығын атап көрсетеді (еңбек 1907
жылы жарық көрген).
Жетісудан Шекаралық Жоңғарияға бара жатқан жолында Шығыс Тарбағатайда
1908 жылы Б.А.Федченко болып кетті. Чугучак поселкесінен Кузен асуы арқылы
ол Шілікті аңғарына өтті. Жол бойы ол өсімдіктер коллекциясын жинап отырды.
1905-1906 жылдары, Зайсан шұңқырын және оны қоршаған тауларды зерттей
отырып, Тарбағатайда А.Седельников та болды. Оның Зайсан көлі (1909 жылы
жарық көрген) жұмысында жотаның флорасы туралы қысқаша мәліметтер бар.
Зайсан уезінде зерттеулер жүргізе отырып, 1914 жылы Тарбағатай жотасын
В.В.Сапожников пен Б.К.Шишкин көріп кетті. Олардың бағдарлары жотаның
солтүстік беткейі және су айырығы бойынша өтті. Зерттеулердің нәтижелері
Зайсан уезінің өсімдіктері атты жұмыста (1918 жылы жарық көрген)
баяндалған, бұл еңбекте жол бойы кездескен өсімдіктер суреттелген. Жұмыстың
соңында Зайсан уезінде жинап алынған өсімдіктердің тізімі келтірілген.
Тізімде 1265 түр бар, оның 482-і Тарбағатайда кездескен өсімдіктер түрі
болатын.
Семей облысының оңтүстік-шығыс бөлігінің өсімдіктерін зерттей отырып,
1914 жылы Н.В.Шипчинский Тарбағатайдың батыс бөлігін (батыс тау
баурайларын) зерттеді. Оның зерттеулерінің нәтижелері Семей уезінің
оңтүстік-шығыс бөлігінің өсімдіктері деген жұмыста (1916 жылы жарық
көрген) баяндалған.
Осы зерттеулермен Тарбағатай жотасын ботаникалық тұрғыдан зерттеудің
бірінші кезеңі аяқталды. Ол кезең жотаға ботаниктер мен натуралистердің жол-
жөнекей кіре кетуімен, ал олардың негізінен флоралық жинаулармен
айналысқанымен және тек осы кезеңнің соңында ғана, флоралық жинаулардан
өзге, өсімдіктердің суреттемелерін жүргізгендігімен сиипатталады. Бұл
баяндаулар айтарлықтай сызба сипатында ғана болып келген еді.
1914 жылдан бастап 1930 жылға дейін Тарбағатайда ешқандай ботаникалық
зерттеулер жүргізілмеді. 1930 жылдан бастап, бірінші кезеңнен айтарлықтай
өзгешеленетін, жотаны ботаникалық зерттеу тарихындағы екінші, жаңа кезең
басталды. Бұл – көбіне көп Тарбағатайдың мал жайылымдары мен шөп
шабындықтарының мал азықтық қасиеттерін зерттеу мақсатында жүргізілген, осы
геоботаникалық зерттеулер кезеңі. Осы зерттеулердің барлық дерлік
нәтижелері қысқаша ботаникалық есеп берулерге рәсімделген және баспасөзде
жарияланбаған. Мысалы, 1930 жылы П.Н.Овчинников Аягөз ауданындағы Мыңбұлақ
кеңшарында жайылымдарды зерттеу жүргізді, 1939 жылы Б.А.Быков пен
Е.К.Лубенец Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде, Үржар ауданында орналасқан
Тасбұлақ кеңшарының жер иеліктерін зерттеді.
1955-1956 жылдары жотаны Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Орталық кешенді экспедициясы зерттеді.
1938 жылы Қазақстанды зерттеу жөніндегі қоғам В.С.Корнилованың
жетекшілік етуімен экспедиция ұйымдастырды, оның мақсаты дәрілік
өсімдіктердің (ащы бадамның, дәрілік түймедақтың, рауғаштың, валериананың
және т.б.) қорларын анықтау және дәрілік өсімдіктерді дайындау
мүмкіндіктерін зерттеу болды. Жұмыстар Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде,
Үржар ауданында жүргізілді. Жұмыстардың нәтижелері Қазақ университетінің
ғылыми жазбаларында (1940 жылы) басып шығарылды.
1941 жылы, Балхаш-Алакөл құйылысының өсімдіктерін зерттей отырып,
Тарбағатайға Н.А.Плотников келіп кетті. Ол Үржар ауылынан солтүстікке
қарай, жотаның оңтүстік беткейінде болып кетті. Өзінің Балхаш-Алакөл
құйылысының жинақтары атты жұмысында Н.А.Плотников өзі зерттеген учаскінің
өсімдік жамылғысына қысқаша сипаттама беріп, Тарбағатайдан кездескен
жинақтың жаңа Agrophyrym tarbagataicum түрін сипаттайды.
Аталған жұмыстың авторы жотағны бірнеше жыл бойы сан мәрте зерттеген.
Зерттеулер бағдарлық әдіспен, жотаның солтүстік және оңтүстік беткейлерінде
жүргізілді. Бағдарларды жүргізу кезінде геоботаникалық карта жасалды,
фитоценоздардың суреттемесі жасалып, гербарий жиналды. Зерттеулердің
нәтижесінде Тарбағатай жотасының геоботаникалық картасы жасалып,
фитоценоздардың 1500-ге жуық түріне сипатта жасалды, 4000 мың беттен асатын
гербарий жиналды. Осы материалдардың барлығы аталған жұмысты жазуымызға
арқау болды.

Негізгі бөлім

Тарбағатай жотасының рельефі

Тарбағатай жотасы (Тарбаға-тау – яғни, суыр таулары сөзінен шыққан) –
таулы, ендік бағытында созылып жатқан, 46-480 солтүстік ендігі және 80-840
шығыс бойлығы арасында орналасқан сілем. Жотаның өзегі шамамен 47000 және
47010 солтүстік ендік бойынша, оның батыс ұшында солтүстікке қарай
біршама бұрыла отырып өтеді. Қазақстанның шығыс бөлігінде, Қытай Халық
Республикасымен шекарасында орналасқан тау жотасы оңтүстігінде кең ауқымды
Балхаш-Алакөл жотасымен Жоңғар Алатауынан бөлінген, ал оңтүстік шығысында –
Емел өзенінің аңғарымен Шекаралық Жоңғария жоталарынан (Үрқашар, Барлық
және Жайыр) бөлінген. Солтүстік-шығыстан Тарбағатай Сәуір және Маңырақпен
бірге оларды Алтайдан бөліп тұрған Зайсан шұңқырымен шектелген, дәл сол
уақытта кең Шілікті аңғары мен Қандысу өзенінің аңғары Тарбағатайдың шығыс
бөлігінің солтүстік ұшын оның жоталарынан солтүстікке және шығысқа қарай
орналасқан Маңырақ және Сәуір жоталарымен шектеп тұр.
Жотаның солтүстік-батыс баурайының анық шекарасы жоқ, ал ұсақ төбелер
секілді биік емес таулар жүйесі Қалба жотасымен байланысқан. Тарбағатайдың
шығыс ұшы болып Сәуір, Тарбағатай және Семізтай жоталары арасындағы, оларды
бөліп тұрған, салыстырмалы түрде кең қырат Баймырза асуы болып табылады.
Батысында жота Аягөз өзенінің орта ағыстағы аңғарымен Тарбағатайдың жалғасы
іспеттес Шыңғыстау жотасының салаларынан бөлінген.
Хабар-Асу өткелімен Тарбағатай жотасы шартты түрде екі бөлікке – Семей
облысының оңтүстік-шығысында орналасқан Батыс Тарбағатайға және солтүстік
баурайы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шеті болып табылатын, ал
оңтүстік баурайы Қытай Халық Республикасының шеңберінде орналасқан Шығыс
Тарбағатайға бөлінеді.
Жотаның шығыстан батысқа қарай ұзындығы – 360 км, бұл ретте оның
кіндік бөлігі 270 км құрайды, 90 км батыс тау баурайларына жатады. Тау
баурайларымен және тау асты шлейфтік жазықтықтарымен бірге жотаның ені әр
түрлі және оның шығыс бөлігіндегі 6 (10) км-ден орталық бөлігіндегі 150-200
км-ге дейін жетеді, бұл ретте оңтүстік баурайы қысқа, ал солтүстік баурайы
ұзақ болып келеді[1-сурет].
Геоморфологиялық жағынан Тарбағатайда негізгі жота (кіндік бөлік), тау
баурайы (солтүстік, оңтүстік және батыс) және тау баурайының маңындағы
шлейфтік жазықтықтар көзге көрінеді.
Негізгі жота немесе нақ Тарбағатайдың өзі – ені 4 км-ден 24 км-ге
дейінгі монолитті, орташа биіктіктегі таулы түзілім. Оның тегістелген
үстірт тәріздес су айырығы [2-сурет] және асимметриялы беткейлері бар.
Тегістелген су айырық бөлігінің ені 100 (200) м-ден 2 (3) км-ге дейін
ауытқиды. Жотаның оңтүстік беткейі қысқа, құламалы, үгілмелері бар құзды
және терең шатқалдармен қатты тілімделген [3-4-сурет], ал солтүстік беткейі
болса жазық және өзендердің шатқалдарымен әлсіз бөлшектелген, құздар,
үгілмелер, тасты беткейлер бұл жерде сирек кездеседі.
Жотаның орташа биіктіктері деп теңіз деңгейінен 2000-2200 м белгілерді
есептеуге болады, ең биік жері болып Батыс Тарбағатайдың батыс бөлігінде
орналасқан Тастау тауы (теңіз деңгейінен 3100 м) болып табылады,
одан барып жота шығысқа және батысқа қарай төмендей береді.
Шығыс Тарбағатайдың ең биік нүктесі – теңіз деңгейінен 2800
метрде орналасқан.
Тарбағатайда кейбір жерлерінде орографиялық және гидрологиялық су
айырықтарының сәйкес емесі байқалады. Ең үлкен биіктіктер оңтүстікте
жатқанда, су айырығы солтүстікке қарай жылжытылған секілді. Мысалы, бұл
Батыс Тарбағатайда байқалады, мұнда кейде жотаның негізгі биіктіктері,
оңтүстікке қарай ағатын және солтүстікке қарай ағатын өзендердің су
айырығынан болған терең де көлденең шатқалдармен бөлінгендіктен,
гидрографиялық тұрғыдан оңтүстік беткейге тиесілі болып келеді.
Негізгі су айырығынан және оған қатарлас оңтүстік беткейде екінші
оңтүстік жотасы бөлінген. Ол солтүстік жотадан 200-300 метрге төмен, алайда
өткір бөлінген, осы жағдай С.В.Обручевке (1932) оны таулы елдің бұрынғы
негізгі су айырығы болған деп есептеуге негіз болды.
Солтүстік беткейінде, Хабар-Асу өткелінен шығысқа қарай, негізгі су
айырығынан солтүстіктік ең биік нүктесі 2500 м және негізгі су айырығына
қатарлас өтетін су айырық сызығы бар Теріс-Айырық жотасы бұтақтанып шығады
[5-сурет].
Жотаның негізгі тау баурайымен шекарасы әр түрлі көрініс тапқан. Кей
жерлерде негізгі жота мен тау баурайлары арасындағы күрт шекара байқалмайды
және жота, олармен тұтасып кеткендей, біртіндеп тау баурайына өтеді.
Жотаның оңтүстік беткейінің шығыс бөлігінде және Қарабоға өзенінің шығысына
қарайтын солтүстік беткейде осындай болып келеді.. Тарбағатайдың батыс ұшы
болса, оңтүстігінен де, солтүстігінен де тау баурайларынан тауаралық
аңғарлармен бөлінген. Солтүстік беткейде тауаралық аңғар (абсолютті
биіктігі теңіз деңгейінен 1000-1400 м ) Қарабоға өзенінен бастау алып,
кейде тарыла, кейде кеңейе отырып, жотаның кіндік бөлігін солтүстікке қарай
орналасқан тау баурайларынан бөле отырып, батысқа қарай созылып жатыр.
Жотаның бөктерінде, батыс бөлігінде оңтүстіктен 700-800 метр биіктікте
жотаны оңтүстікте орналасқан Қызыл Белдеу биіктігінен бөліп жатқан
тауаралық аңғар орналасқан.
Жотаның оңтүстік беткейінің орталық бөлігі оңтүстікке тау баурайларына
биіктігі теңіз деңгейінен 500-ден 1500 м-ге дейінгі сатымен түседі,
батысында Тарбағатай тау баурайларынан Қаракөл өзенінің тар аңғарымен ғана
бөлінеді.
Солтүстік және оңтүстік беткейлердің тау баурайларының негізінен
алғанда ұсақ шоқы (кейде тегістелген) түріндегі төбелік рельефі бар,
олардың арасынан ұсақ шоқылармен және тауаралық аңғарлармен бөлінген
биіктігі төмен таулардың жекелеген массивтері биікке көтеріліп тұр.
Солтүстік-батысында Тарбағатайға жоғарғы биіктігі теңіз деңгейінен 1616 м
болатын шағын Ақ-Шаулы жотасы жапсарласып жатыр. Ол Тарбағатайдың жалғасы
болып табылады және одан тек Қаракөл өзенінің тар аңғарымен ғана бөлініп
жатыр. Ақ-Шаулы жотасының солтүстік-батыс жалғасы болып Аягөз өзенінің
аңғарымен аяқталатын Берқара таулары (теңіз деңгейінен
920-1000 м) болып табылады.
Жотаның батыс бөлігінде, одан солтүстікке қарай, сонымен бірге Өкпекті
(теңіз деңгейінен 2300 м), Байыр (теңіз деңгейінен 1606 м), Желқора (теңіз
деңгейінен 1721 м), Жылды Қора (1801 м), Жаман Қызылтас (теңіз деңгейінен
1800 м), Жаманбай-тас (теңіз деңгейінен 1400 м), Ақ Жайлау (теңіз
деңгейінен 1400 м) төмен таулы массивтері орналасқан. Солтүстік беткейдің
орталық бөлігінде, Базар және Қарабоға өзендерінің өзен аралығында Баспан-
Биік төмен таулы массиві көзге түседі (теңіз деңгейінен 1500-1600 м).
Жиелі-Тау (теңіз деңгейінен 1697 м), Түйе Мойнақ (теңіз деңгейінен
1320 м) және Жағалбайлы (теңіз деңгейінен 1000 м) төмен таулары тау баурайы
тегістігіне күрт түсетіндей саты түзе отырып, Тарбағатайдың тау баурайларын
солтүстік-шығыстан шектеп жатыр. Бұл төмен таулардың бөлшектенген,
бөліктелген рельефі, тік, тасты болып келетін беткейлері бар.
Солтүстік беткейдегі ең ірі тауаралық аңғарлар болып: оңтүстіктен
Жағабайлы тауларына жапсарласып жатқан Бұлақ-суық Бұлақ аңғары (теңіз
деңгейінен 800-900 м) және Түйе Мойнақ тауларынан оңтүстікке қарай
орналасқан аңғар (теңіз деңгейінен 900-1000 м) болып табылады.
Оңтүстік беткейдің тау баурайларының аумақтың көпшілік бөлігінде
шоғырлы-төбелі сипаты бар, төбелер мен шоғырлардың кескіндері жұмсақ; батыс
(Келді-Мұрат өзенінен батыс бөлігінде) және шығыс (Үш Қатын -Ақ Шоқы
өзендерінің өзен аралығында) бөліктерінде олар лесс жамылғысымен жабылған.
Келді-Мұрат өзенінің шығысына қарай оңтүстік беткейдің тау
бөктерлерінің айтарлық ұзындықта батыстан оңтүстік–шығысқа қарай бұрылған
үстірт сипаты бар. Солтүстік бөлігінен ол үстірт негізгі жотаның тік
құздарымен шектелген, оңтүстігінде тау бөктерінің тегістігіне күрт үзіледі,
ал батысында біртіндеп негізгі жотаның беткейлеріне көшеді. Оның
бөлшектелуі әлсіз, әрі негізгі ауданын әлсіз шоқыланған су айырық
кеңістіктері алып жатыр.
Жотаның оңтүстік беткейінен (1271 м), Арқалық (теңіз деңгейінен 900-
1000 м) және Қызыл Белдеу (теңіз деңгейінен 1200 м) салыстырмалы түрде
шағын, ұсақ таулы массивтері табылады. Олар қатты бөлшектенген,
асимметриялы баурайлары бар – солтүстік баурайлары тегіс, оңтүстік
беткейлері тау баурайы тегістігіне үзілетін тік әрі құзды болып келеді.
Оңтүстік беткейдің тау бөктері облысында солтүстікте жатқан орталық
тау массивінен және оны қоршаған төмен таулардан күрт сатылармен шектелген
екі ірі құйылма көзге түседі. Бұлар Ақ Шоқы мен Талдысу өзендерінің өзен
аралығындағы Сазы шатқалы және Қарақытай шұңқыры, бұл ретте соңғысының
көпшілік бөлігі Қытай Халық Республикасының шегінде орналасқан. Сазы
шатқалы – ұшы оңтүстікке қараған, тең бүйірлі дерлік үшбұрыш пішінді
депрессия. Оның биіктігі – теңіз деңгейінен 1000-1200 м.
жоғары орналасқан.

Тарбағатай жотасының гидрологиясы

Тарбағатай жотасы солтүстігінде Зайсан көлінің бассейніне, оңтүстікте
Алакөл, Сасықкөл және Балхаш көлдеріне тиесілі өзендердің су айырығы болып
табылады [5-сурет]. Зайсан көлінің бассейніне бастауын Тарбағатайдың
солтүстік беткейінен алатын өзендер жатады. Олардың аса ірісі Теріс Айырық
өзені болып табылады, оның терең аңғары негізгі жотаны оның солтүстік
тармағы – Теріс Айырық жотасынан бөліп тұр. Ол Шығыс Тарбағатайдың
солтүстік беткейінен бастауын алып, негізгі жотаның солтүстік беткейінен
және Теріс Айырық жотасының оңтүстік беткейінен суларды жинай отырып,
алдымен батыстан шығысқа қарай ағады, Шілікті аңғарына шығып, осы жерде
оңтүстіктен солтүстікке күрт бұрылып, одан әрі Маңырақ жотасынан және
Тарбағатайдың шығыс ұшынан су жинайтын Қандысу өзеніне (аңғар шегінде)
құяды. Бұл өзен солтүстік-батыс бағытында ағады, Зайсан шұңқырына шығып,
мұнда бірнеше тармақтарға бөлінеді, олардың ішінен тек Чата өзені ғана,
оның өзінде ылғалды жылдары, Зайсан көліне дейін су жеткізеді. Шығыс
Тарбағатайдан ағып, Зайсан шұңқырына ағатын басқа өзендерден Шет-ласты,
Орта-Ласты, Темерлік өзендерін атап өтуге болады, олардың бәрі Зайсан
шұңқырында ізін жасырып, Зайсан көліне дейін жетпейді.
Батыс Тарбағатайда Зайсан көлінің бассейніне келесі өзендер жатады –
тармақтары көп Тебезге, тармақтары бар (олардың ең ірісі - Нарын) Қарабоға
өзені, Базарка өзені, ірі-ірі Үлкен Боғас, Кішкене Боғас және Орта Боғас
тармақтары бар Боғас өзені және т.б. олардың бәрі бастауын жотаның
солтүстік беткейінен алып, негізгі жотаның беткейлерінен және оның тау
бөктерлерінен су жинай отырып, солтүстік-шығыс бағытта ағады, алайда Зайсан
өзеніне дейін су жеткізбейді.
Тарбағатайдың оңтүстік беткейлерінен Алакөл көлінің бассейніне жататын
өзендер ағады. Олардың ішіндегі ең ірілері Емел, Қаработа, Келді Мұрат және
Үржар болып табылады. Олардың біріншісі Қытай Халық Республикасы шеңберінде
бастауын алады. Оның Тарбағатайдың оңтүстік баурайынан бастау алатын ең ірі
тармақтары Орта-Ласты және Тастысу деген тармақтары бар Қара-Китат және тек
жекелеген жылдары ғана Емел өзеніне дейін су жеткізетін Ақ-Шоқы болып
табылады. Ақ-Шоқа өзені бастауын Тарбағатайдың ең биік нүктесі Тастау
тауының маңынан алып, алдымен тар шатқалда оңтүстік-шығыс бағытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтай таулы өлкесі
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстанның таулары мен шөлдері
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Шығыс Қазақстан облысы туралы ақпарат
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Өзен ағындысын есептеу
Ертіс өзені - Өскемен қаласы тұсындағы гидрологиялық сипаттамаларды есептеу
Ертіс атауының этимологиясы
Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастыру
Пәндер