Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы және этноэкономикалық ерекшеліктері



Кіріспе


І . Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы
1.1.Сырдария облысының тарихи . территориялық және әкімшілік бөлінуі
1.2.Сырдария облысы халықтарының этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымы


ІІ . Сырдария облысы қазақтарының этноэкономикалық ерекшеліктері
2.1.Дәстүрлі мал шаруашылығы
2.2.Егіншілік
2.3.Қосалқы кәсібі



Қорытынды



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Тарих ғылымының даму барысында жеке аудандардың мәселелерін дербес қараудың аса маңыздылығы бар. Жеке алынған өлкені қарастыра отырып, біз жалпы Қазақстанға сипаты немесе ортақ мәселелердің де мазмұнын ашуға мүмкіндік аламыз. Сол кездегі, әкімшілік жағынан өзгешелігіне қарағанда Сырдария облысының Қазан төңкерісіне дейінгі этнологиясының дамуы мен қазақстандық өлкелермен байланысты болып қоймай, сонымен қатар қазіргі Өзбекстан дербес мемлекетінің бірқатар өңірлерімен байланысты еді. Мысалы, 1867 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Амудария бөлімі мен Ташкент уезінің шаруашылық және мәдениет мәселелері осы облыстың құрамындағы қазақстандық уездермен біте қайнасып кетті. Сырдария облысының жалпы тарихи даму өзгешелігіне мән беру арқылы қазақтар арасындағы шаруашылық, өзара қоғамдық, әрине демографиялық байланыстардың мазмұнын талдауға, баға беруге мүмкіндік туады. Міне осы айтылған тұжырымдар жұмыс тақырыбың өзектілігін, зерттеудің қажеттілігін дәлелдейді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның басқа да облыстарының тарихи даму мәселелері сияқты Сырдария облысының аржақты бағыттарын зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысында басталады.
Сырдария өзенінің бойында қоныстанған қазақ ауылдарының өмірін, шаруашылық дамуын, халқының саны мен құрамын сипаттаула алғашқылардың бірі болып еңбегін арнаған А.Ф.Миддендорф /1/. Миддендорфтың жоғарыда айталған еңбегі негізінен алғанда царизмнің экономикалық түбегейлі мақсатын ойластырған. Алайда қазақ ауылының, басқа да қоныстардың әсіресе шаруашылық өмірін сипаттаудағы мәліметтер құндылығын жоғалтпаған.
Келесі баса айтылатын еңбек Н.П.Пузыревскийдің жазбалары /2/. Бұл жұмыс мазмұны жағынан жоғарыдағы зерттеуге біршама жақын. Осы зерттеуінде өзеннің жағаларына жақын орналасқан халықтың өмірі және тұрмыс жағдайлары туралы XIX ғасырдың екінші жартысын қамтитын статистикалық мәліметтер жинастырылған .
А.И.Левшиннің 1832жылы жарық көрген « Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсакских орд и степей » атты ғылыми еңбегі қазақ халқының тарихиы мен этнографиясына арналған, бүгінгі таңда да маңызын жоғалтпаған құнды дүние. Ол бұл еңбегінде Сыр бойы қазақтарының егіншілікпен айналысқанын анықтайды /3/.
1. Миддендорф А.Ф. Экспедиция для иссследовния сельскохозяйственных
условий русского Туркестана //Известия РГО. Т.14. Вып. Спб. 1878.
2. Пузыревский Н.П. Сырь-дарья, ее физические свойства и судоходность
//Известия РГО. Т 38. Вып. 5. 1902.
3. Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и
степей. – Алматы: Санат, 1996.
4. Аничков И. Очерк народной жизни Туркестанского края. Спб, 1899.
5. Мадуанов С. История казахско-узбекских тоношений в XIX–начале XX
в. Туркестан, 1992
6. Кронградт Г. К. Население Киргизы в поседний трети XIX - начале XX
века. Фрунзе, 1989.
7. Масанов А. Очерки истории этнографического изучение казахского
народа в СССР. Алматы, 1996.
8. Қартаева Т. Е. «Туркестанские ведомости» газетінің қазақтарға қатысты
тарихи – этнографиялық деректілігі. Т. ғ. к... – Алматы,2001
9. Асфендияров. С.Ж. История Казахстана с древнейших времен. Алматы,1993
10. Зайончковский.П.А. Военные ревормы 1860−1870 годов в России. Москва,1952
11. Сулейменов.Б.С. Басин.В.Я. Казахстан в составе Росии в XVIII− начале XX века. Алма−Ата.1981
12. Муканов.М.С. Этническая территория казахов в XVIII−XX веках. Алма−Ата: Казахстан,1992
13. Жиренчин.К.А. Политические развитие Казахстана в XIX− начале XX веков. Алматы: Жеті−Жаргы.−1996
14. Қожақов.Ө.Қ. Сырдария облысының әлеуметтік−экономикалық дамуы (1867−1914ж) . Дис.канд.ист.наук. Алматы,1993
15. Толыбеков.С.Е. Общественный политический строй казахов XYII−XIXвв. Алматы, 1959
16. Толстов.С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. Москва,1962
17. Сейфулмаликова.С. XIX ғасырдағы Сырдария облысының тарихы: деректеріне талдау//Тариха дерек: археология және деректану мәселелері. Ғылыми−теориялық конференция материалдары, 2007.
18. Романов А. Статистическое очерки Кураминского уезда //Туркестанские ведомости. 1882. № 25.
19. Тоқбергенова. З. Сырдария облысының 1917 жыл қарсаңындағы әлеуметтік−экономикалық жағдайы//Ақиқат.2000.№5.
20. .Сейфулмаликова.С. Сырдария облысында Амудария бөлімі қалай құрылды?// Қазақ тарихы.2005.№5.
21. Кляшторный.Г.С, Султанов.Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы: Рауан, 1992
22. Толыбеков.С.Е. Кочевое общество казахов XVI начало XXв. Алматы,1971
23. Масанов.Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в ССР. Алма−ата: Наука, 1966
24. Арғынбаев.Х.А. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы,1969
25. Сулейменов.Б. Аграрный вопрос в Казахстане. Алма−Ата, 1963.
26. Галуза. П.Г. Аграрные отношение на юге Казахстана в 1865−1914 гг. Алматы, 1965.
27. Картаева .П. Перовск уезіндегі көшпелі мал шаруашылығының сипаты: XIX ғасырдың II ж // ҚазҰУ хабаршысы.Тарих сериясы. 2006 №4.
28. О. Ш. От Орска до Казалинска //Туркестанские ведомости. 1910. № 43.
29. Ибрагимов Ш. «Киргизы:этнографический очерк» //Туркестанские ведомости. 1891. № 59.
30. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет−ғұрыптары. І том. Алматы:Арыс 2005
31. Қазақстан тарихы. ІІІ том. Алматы: Атамұра 2002.
32. Сырдарьинский бассейн и его будущее значение //Туркестанские
ведомости. 1888. № 51.
33. Население Туркестанского края //Туркестанские ведомости.1870. № 4.
34. Беляев И. Поперек Кзыл-кумский пустыни (От Чимбая до
Перовска) //Туркестанские ведомости. 1904. № 10.
35. Арандаренко Г. Ирригация Туркестанского края //Туркестанские
ведомости.1874. № 26.
36. Дятков А. Киргизская нужда //Туркестанские ведомости. 1885. № 114.
37. Материалы по переселенческому вопросу //Туркестанские ведомости.
1910. № 24.
38. Н. О конокрадстве //Туркестанские ведомости. 1883. № 41.
39. Айтбаев.М. История ирригаций и земледелия у киргизов // Материалы второго совещания археологов этнографов Средней Азии. М−Л.,1956

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих факультеті
Археология және этнология кафедрасы

Курстық жұмыс
Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы және этноэкономикалық
ерекшеліктері

Орындаған 1 курс магистранты:
Есжанова.Г.Б
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент
Қалшабаева.Б.К
Кафедра меңгерушісі: т.ғ.д., профессор
Төлеубаев.Ә.Т

Алматы 2009

Мазмұны

Кіріспе

І . Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы
1.1.Сырдария облысының тарихи - территориялық және әкімшілік бөлінуі
1.2.Сырдария облысы халықтарының этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымы

ІІ . Сырдария облысы қазақтарының этноэкономикалық ерекшеліктері
2.1.Дәстүрлі мал шаруашылығы
2.2.Егіншілік
2.3.Қосалқы кәсібі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тарих ғылымының даму барысында жеке аудандардың
мәселелерін дербес қараудың аса маңыздылығы бар. Жеке алынған өлкені
қарастыра отырып, біз жалпы Қазақстанға сипаты немесе ортақ мәселелердің де
мазмұнын ашуға мүмкіндік аламыз. Сол кездегі, әкімшілік жағынан
өзгешелігіне қарағанда Сырдария облысының Қазан төңкерісіне дейінгі
этнологиясының дамуы мен қазақстандық өлкелермен байланысты болып қоймай,
сонымен қатар қазіргі Өзбекстан дербес мемлекетінің бірқатар өңірлерімен
байланысты еді. Мысалы, 1867 жылы құрылған Түркістан генерал-
губернаторлығының құрамындағы Амудария бөлімі мен Ташкент уезінің
шаруашылық және мәдениет мәселелері осы облыстың құрамындағы қазақстандық
уездермен біте қайнасып кетті. Сырдария облысының жалпы тарихи даму
өзгешелігіне мән беру арқылы қазақтар арасындағы шаруашылық, өзара
қоғамдық, әрине демографиялық байланыстардың мазмұнын талдауға, баға беруге
мүмкіндік туады. Міне осы айтылған тұжырымдар жұмыс тақырыбың өзектілігін,
зерттеудің қажеттілігін дәлелдейді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның басқа да облыстарының тарихи
даму мәселелері сияқты Сырдария облысының аржақты бағыттарын зерттеу XIX
ғасырдың екінші жартысында басталады.
Сырдария өзенінің бойында қоныстанған қазақ ауылдарының өмірін,
шаруашылық дамуын, халқының саны мен құрамын сипаттаула алғашқылардың бірі
болып еңбегін арнаған А.Ф.Миддендорф 1. Миддендорфтың жоғарыда айталған
еңбегі негізінен алғанда царизмнің экономикалық түбегейлі мақсатын
ойластырған. Алайда қазақ ауылының, басқа да қоныстардың әсіресе шаруашылық
өмірін сипаттаудағы мәліметтер құндылығын жоғалтпаған.
Келесі баса айтылатын еңбек Н.П.Пузыревскийдің жазбалары 2. Бұл жұмыс
мазмұны жағынан жоғарыдағы зерттеуге біршама жақын. Осы зерттеуінде өзеннің
жағаларына жақын орналасқан халықтың өмірі және тұрмыс жағдайлары туралы
XIX ғасырдың екінші жартысын қамтитын статистикалық мәліметтер
жинастырылған .
А.И.Левшиннің 1832жылы жарық көрген Описание киргиз-казачьих или
киргиз-кайсакских орд и степей атты ғылыми еңбегі қазақ халқының тарихиы
мен этнографиясына арналған, бүгінгі таңда да маңызын жоғалтпаған құнды
дүние. Ол бұл еңбегінде Сыр бойы қазақтарының егіншілікпен айналысқанын
анықтайды 3.
Сырдария облысы туралы көңіл аудартатын белгілі орыс зерттеушісі
И.Аничковтың зерттеулері қазақ халқының әлеуметтік мәселелеріне тереңірек
үңілген арнайы зерттеуге жатқызған дұрыс. Осы аймақтағы халықтың шаруашылық
өмірін, қоғамдық даму жағдайын бірден-бір терең құрастырған И.Аничковтың
еңбегі Ресей үкіметінің экономикалық саясатын мақұлдауға арналған 4.
Тақырыпқа біртабан жақын зерттеулер қатарына М.Асылбековтың;
Г.К.Кронградтың, С.Мадуановтың қазақ-өзбек қатынастарының XIX-
XXғасырлар басындағы дамуына арналған монографиялық зерттеуі 5. Бұл кітап
Түркістан генерал-губернаторлығының құрамында қазақ-өзбектер тұрақтанып
қоныстанған өңірлер қамтылған.Сырдария облысының құрамында болған көпшілік
қоныстардағы қазақ-өзбек халықтарының сауда-экономикалық, мал шаруашылығы,
мәдени өмірі туралы мәліметтер көрсетіледі. Ал Г.К.Кронградтың 6
зертттеуіне көңіл бөлсек – монография солтүстік қырғыз ауданындағы
әлеуметтік – демографиялық мәселелерге арналғанмен жұмыстың екі тарауында
да Сырдария облысының қырғыз еліне жақын орналасқан уездері бойынша, қазақ
ауылдары бойынша демографиялық мәліметтер келтірілген.
Аталмыш тақырыптың кейбір мәселелері ішінара тарихи еңбектерде
қамтылғанмен, сан алуан этнографиялық мәселелер арнайы зерттеудің еншісіне
айналған жоқ. Осы мәселе төңірегіндегі ең қонымдысы А.Масановтың Очерки
истории этнографического изучение казахского народа в СССР атты еңбегінде
қазақ халқының тарихи-этнографиялық мәселелерінің зерттелу тарихы
қарастырылады 7.
Т.Қартаеваның Туркестанские ведомости газетінің қазақтарға қатысты
тарихи-этнографиялық деректілігі атты кандидатттық диссертациясында
Сырдария облысының этнографиясы туралы мәліметтер алуға болады 8 .
Сонымен Сырдария облысының этнографиялық даму мәселелеріне қатысы бар
еңбектерге жалпы талдау жасай келе, төмендегідей қорытынды жасауға болар
еді. Сырдария облысының салалары біршама жақсы зерттелгенмен, арнайы тарихи-
этнографиялық толыққанды зерттеулерді қажет етеді.
Курстық жұмыстың деректік негізі: Курстық жұмыстың негізгі дерек көзі
ретінде газет беттеріндегі тарихи – этнографиялық материалдар мен түрлі
хабарламалар болып табылады. Сонымен қатар көптеген деректер мен архив
құжаттары пайдаланылды. Осы деректерге талдау жасау барысында жұмыстың
мақсат-міндеттері анықталып, негізгі бағыттары ашып көрсетілді.
Жұмыстың мақсаты: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – Сырдария облысы
қазақтарының даму тарихын, әкімшілік территориялық бөлінісін, шаруашылығын
жан-жақты зерттеу.  Алға қойылған мақсатқа жетуде мынандай нақты
міндеттерді шешу көзделді:
- Сырдария облысы қазақтарының орналасқан территориясын көрсету;
- Облыс қазақтарының әлеуметтік және этникалық құрылымын саралай отырып,
этнодемографиялық құрылымын ашып көрсету;
- Әлеуметтік құрылымына талдау жасау;
- Дәстүрлі шаруашылық жүйесіне байланысты этнографиялық деректерді
саралау;
Ғылыми жаңалығы: Сырдария облысы қазақтарының ерекшеліктерін ескере
отырып, даму тарихына, шаруашылығына кешенді түрде талдау жүргізу. Талдау
нәтижесінде Сырдария облысы қазақтары туралы тарихи және этнографиялық
мәліметтерді салыстырып, сол мәліметтер негізінде облыстың өзіне тән
ерекшеліктерін ашып көрсету. Хронологиялық,
территориялық шеңбері: Курстық жұмыс ХІХ ғасыр - ХХ ғасырдың бас кезеңін
қарастырады. Аумақтық шегі Қазақстанның оңтүстік аймағын қамтиды, яғни,
елдің саяси және экономикалық орталығы ретінде үлкен маңызға ие болған
Сырдария облысын және соған қарасты барлық уездерді қамтиды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық
жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады

І тарау. Сырдария облысы халықтарының этникалық тарихы.

1.1.Сырдария облысының тарихи – территориялық және әкімшілік бөлінуі

Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның Қазақ өлкесі жөніндегі
саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Патша үкіметінің мақсатына отаршыл
империя тарапынан көп күш қолданылмай қол жеткізілді. Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанды қосып алып, патша үкіметі әскери – отаршылдық әрекеттерімен
ортаазиялық алғы шепке шығып, аймақтағы ағылшындардың ықпалын ығыстырып
шығарды. Қолайлы халықаралық жағдайды майдаланған Ресей империясы өзінің
алысты көздейтін негізіне бөліп ал да, билей бер принципі алынған саяси
мүдделерін басшылыққа ала отырып, және қазақтардың өз мемлекеттілігін
қалмына келтіруге ұмтылысын аяусыз жаныштап, Қазақстанда отаршылдық режим
орнатты. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасына қарай Ресей мемлекеті
Қазақстан территориясын өз құрамына қосып алуын аяқтады. Бұл кезенде
патшалық Ресей ендігінде Орта азияны өзіне қосып алу саясатын жүргізе
бастады 9.
1865 жылы шілдеде патша әскерлері Ташкент қаласын басып алып,
нәтижесінде Оңтүстік өлкені басқару үшін патшаның уақытша нұсқауы бойынша
Түркістан облысы құрылды. Бұл облыс үш әскери бөлімге бөлініп Орынбор
генерал-губернаторлығына бағынды. 1867 жылы 17 шілдеде патша жарлығымен
Түркістан облысына Семей облысының оңтүстік бөлігі қосылып, Түркістан
генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Жетісу және Сырдария
облыстары енді. 1867 - 1868 жылдардағы реформа бойынша жергілікті басқаруға
ерекше көңіл бөлінді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар бірнеше шаруашылық
ауылдарын біріктірген. Және жүз екі жүз шаңырақтан тұратын әкімшілік
ауылдарға бөлінді. Болыстар мың шаңырақтан екі мың шаңыраққа дейін. Кейде
үш мың шаңыраққа дейін қамтыды.
Шаңырақтарлың белгілі бір болыстардың бір ауылынан екінші ауылына
ауысуы, сол сияқты олардың солардың қатарында есептеулі ауыл шаңырақ
иелерінің келісімімен рұқсат етілді. Бірақ тиісті ауыл старшындары мен
болыс басқарушыларының ризалығы керек болды.
Болыс және ауыл әкімшлігін құру тәртібі бүкіл реформада көзделген
Қазақстан аймағын отарлау мақсатында да қызмет етті. Отарлау саясатын адал
жүргізетін адам ғана болыс басқарушысы және ауыл старшыны болып сайлана
алатын еді. Болыс басқарушыларының, ауыл старшындары мен олардың
кандидаттарын сайлау болыс съездері мен ауыл жиындарында әрбір үш жыл сайын
өткізіліп отырды. Сайлау кезінде ру топтарының күресі үнемі болып, әртүрлі
жолсыздықтарға жол берілді.
Жай көпшілік дауыс алған адам қызметке сайланған, ал дауыс саны
бойынша одан кейінгі адам оған кандидат болып есептеледі. Болыс
басқарушылары мен болыстардың кандидаттарын облыстық әскери губернаторы
бекіткеннен кейін ғана қызметке сайланған болып есептеледі
1867 жылғы 11 шілдеде ІІ Александр патша Сырдария және Жетісу
облыстарын басқарудың уақытша ережесі туралы жобаны, 1868 жылғы 21
қазанда екінші жоба - Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару
туралы Уақытша ережені бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Уақытша
ережелердің екі жобасы да 1869 жылғы 1 мамырдан бастап енгізілетін
болды10.
Сырдария және Жетісу облыстары аралығындағы Шекара Қорағаты және Шу
өзендері болып белгіленді. Бұл кездері Сырдария облысының көлемі 8595 шаршы
шақырымға жетті. Облыстың құрамына 6 уезд Қазалы, Перовск, Шымкент,
Әулиеата, Ходжент, Жизақ енді.
ІІІ Александр патшаның Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы 2
маусымда қол қойылған жарлығы кең – байтақ өлкені басқарудың бүкіл
құрылымына реформа жасауды бастап берді. Жаңа ережеге сәйкес Түркістан
генерал – губернаторлығына үш облыс Сырдария, Ферғана, Самарқанд, облыстары
кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы, Жетісу облысы да жаңа генерал –
губернаторлықтың құрамына берілді 11.
Бұрынғысынша генерал – губернатордың билігі сақталып, біршама
күшейтілді, ол іс жүзінде дара билеушіге айналды. Облыстардың билігі әскери
губернаторға берілді. Жоғарғы шенеунік биліктің осылай құрылуы 20 жыл бойы
өзін ақтап, әсіресе жергілікті жерлерде өлкені отарлауды жеңілдеткен едәуір
сындарлы басқару жүйесін бекіте түсті. Түркістан генерал –
губернаторлығының барлық облыстары арасынан екі облыстың – Сырдария және
Жетісу облыстарының Қазақстанға тікелей қатынасы болды. Өткен уақыт ішінде
уездерге бөлу принципі сақталып қалды, саны жағынан және олардың
шекараларын тарихи – географиялық жағынан межелеуде елеулі өзгерістер
болды.
1886 жылғы Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже бойынша, Сырдария
Облысы әкімшілік жағынан бес уезге Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата,
Ташкент және бір бөлімге Әмударияға бөлінді 12. 1886 жылы Ходжент және
Жизақ уездері Самарқанд облысына беріліп, Сырдария облысына болысқа жүз екі
жүз түтіннен құралған әкімшілік ауылдарға бөлінді. Болыста бір мыңнан екі
мыңға дейін, кейде үш мыңға дейін түтін болды. Сырдария облысының
қыстақтарында полициялық және жарлық ету билігін ақсақлдар атқарды. Оларды
әскери губернатор бекітті.
Қоныс аударушы орыс шаруалары 1870 жылдардан бастап негізінен Шымкент,
Ташкент, Әулие ата уездеріне орналаса бастады. 1874-1872 жылдары облыста
алты шаруа кешені құрылса, 1884-1890 жылдары он төрт, 1891-1892 жылдары
барлығы отыз жеті кешен орнады. 1903 жылы оныншы маусымда Сырдария,
Ферғана, Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныстану
туралы ереже бекітілді 13. 1904-1905 жылдары патша үкіметі Қзақстанға
қоныс аударушыларды бес ауданға бөлді, соның бірі Сырдария облысы еді.
Столыпиннің аграрлық формасының күшейген кезінде Сырдария облысында
қазақтар туратын аудандарда бес мың десятинадай жер, соның ішінде Шымкент
уезінде жүз сексен бір мың жеті жүз тоқсан үш десятина, әулие ата жүз төрт
мың үш жүз тоқсан сегіз десятина жер таратылды.
Оның ішінде ең үлкен уезд Шымкент болды да, ол 100808 шаршы шақырым
жерді алып жатты. Ең кішкентай уезд Ташкент 4380 шаршы шақырым болды. 1886
жылы облыс көлемі 403253 шаршы шақырымға жетіп, яғни бүкіл Түркістан
өлкесінің 70 пайызын алып жатты, ал халқы 1219400 адам болды.
Сырдария облысы Солтүстік батыста Торғай облысымен, оңтүстік-шығыста
Ферғана, батыста Орал, Шығыста Жетісу облысымен, Оңтүстікте Самарқанд,
Бұқара, Закаспий облыстармен шектесіп жатты 14.
Өлке генерал-губернаторы шексіз билікке ие болды. Оған бүкіл басқарма
аппараты-канселерия, облыстың әскери губернаторы, облыстық басқарма
бағынышты болды.

1.2. Сырдария облысы халықтарының этнодемографиялық және әлеуметтік
құрылымы
Қазақ елінің солтүстік, шығыс, оңтүстік, батыс шекараларын қаусыра
салынған бекіністер мен қамалдар патшалық отарлау жүйесінің мүлдем
орныққандығын айғақтағандай еді. Мемлекеттік меншік министрлігі, 1860
жылдан бастап құрылған облыстардағы статистикалық партия комитеттер, 1906
жылы құрылған Сырдария статистикалық партиясының атқаратын басты міндеттері
шаруалардың қоныстануына ыңғайлы, шұрайлы жерлерді іздестіру және
орналастыру болды.
Патшалық Ресейдің көші-қон саясатының барысы көптеген материалдарда
жарияланып тұрды. Сырдария облысында алғаш орыс поселкесі 1867жылы Шыназда,
Әулиеатада алғаш орыс поселкесі 1874 жылы Қарабалтада құрылды. Қазақтардың
шұрайлы жерін тартып алу үрдісі қаншалықты ұқыптылықпен жүргізілсе, орыс
шаруаларын қоныстандыру ісі де соншалықты ұйымдастырылды 15.
Отырықшы халықтан көшпелілер саны басым болды. Көшпелілер саны 1 085 000
жетсе, отырықшылар саны 375 000-ға жеткен екен. Отырықшылардың ең көп
қоныстанған территориясы Ходжент, Жизақ болды. Сырдария облыстары,
Шымкент, Перовск, Қазалы уездеріндегі халықтардың басым көпшілігі
көшпелілерді құрады.
Сырдария облысының солтүстік уездеріндегі отырықшылар саны небары
35 000, яғни халықтың 6% құрады. Қазалы, Перовск уездеріндегі отырықшы
орыстар саны әскерді есепке алмағанда 1000-ға жетті. Ал Сырдария облысының
оңтүстік уездеріндегі көшпелілер саны халықтың 18 бөлігін құраса, отырықшы
халық 78 бөлігін құрады 16.
Жалпы 1897 жылы 28 қаңтардағы санақ бойынша Сырдария облысында 835 432
адам, оның ішінде қазақтар 741 811 (88,7%), орыстар – 11234 1,34%),
өзбектер – 29239(3,43%), украиндар – 9749(1,16%), татарлар – 2452(0,29%)
тұрды.
Жер көлемі мен халқы жөнінен Шымкент уезінде 285 059 адам, оның ішінде
қазақтар:-24 704(78,8%), өзбектер- 20709 (7,61%), украиндар- 4388(1,47%),
орыстар- 2236(0,76%) тұрды. Әулиеата уезінде халық тығыз орналасты. Жалпы
уезде халықтың саны 276 169адам болды.Оның ішінде қазақтар – 250 988 адам
(90,80%), өзбектер-8799 (3,06%), украиндар-5339(1,93%), орыстар-5129(1,85%)
болды. Сырдария өзенінің төменгі ағысын да Қазалы уезі орналасты, онда
140 541 адам тұрды, оның ішінде қазақтар-135 850 (96,6%), ер адам 2821 (2%)
болды.
1897 жылғы санақ бойынша Перовск уезінде 133 663 адам мекендеді.
Қазақтар-130 269 (97,4%) болса, басқа халықтардың келу көрсеткіші орыстар-
1048 адам (0,75%), украиндар -117 адам (0,008%) болды 17.
Бұған қарағанда Сырдария облысы көп ұлтты және ондағы халықтардың басым
көпшілігінің, яғни 95% жергілікті халықтар екенін көреміз.
1907-1908 жылдары Сырдария көш-қон басқармасы Шымкент уезінің 29526
қазақ шаруашылығын қамтитын 2125 ауылына халықтың санақ жұмыстарын
жүргізді. Нәтижесінде 19558 адам тіркеуге алынды ,оның 105542 ерлер, 89740
әйелдер болды. Орташа ауыл 18 шаруашылықтан немесе 92 адамнан тұрды. Шағын
ауылдар 15 шаруашылықты, үлкен ауылдар 50 шаруашылықты қамтыды. Санақ
мәлеметі бойынша Шымкент уезінде халықтың тығыздығы 1 кв м-ге 6,6 адамнан
келді. Сырдария және Шу өзені жағалауы Талас Алатауы сияқты суы мол , шөбі
құнарлы жерде халық тығыз орналасқан. 16-15 жас аралығындағы тіркеуге
алынған әйелдер саны 443082, 18-60 жас аралығындағы еркектер саны 96436
болды 8.
Ал, А. Романов берген мәліметтер бойынша Құрама уезінде 39393 түтін
немесе 275751 жанбасы тұрды. Олардың 20372 түтін немесе халықтың 52 %
қазақтар, 11 093 түтіні немесе 40 % тәжіктер, қалғандары қарақытай , ноғай
халықтары құрады 18.
Сырдария облысының ұлттық құрлымынан, олардың орналасуынан 1905 жылы
жүргізілген санақ нәтижелері төмендегідей аса құнды этнодемографилық
мәлімет береді. Жизақ уезінде -145 280 өзбек, 51511 қазақ , 16 962 сарт ,
4843 тәжік , 2091 түрік , 1163 орыс ; Ходжент уезінде – 94 309 тәжік,
61 622 өзбек, 14 405 түрік, 11 465 қазақ, 2422 орыс; Әулиеата уезінде –
250 988 қазақ, 10509 орыс, 8477 өзбек, 2313 түрік; Қазалы уезінде – 135 850
қазақ, 2916 орыс; Перовск уезінде – 130 269 қазақ, 1450 сарт, 1165 орыс;
Шымкент уезінде – 224 704 қазақ, 35043 сарт, 20709 өзбек, 6443 орыс. Бұл
мақалада саны аз ұлттар жөнінде мәлімет берілмейді 19.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер зтнодемография, статистика салалары
үшін құнды мәліметтер жинауға түрарлық дүние екендігі және оларды әлі
зерттеудің еншісі болуға лайық бұл іргелі мәселені зерделеу аталмыш
кезеңдегі Қазақстанның әлеуметттік және демогрфиялық болмыс-бітімін
айқындаудың кепілі.
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы билер, байлар, батырлар жататын
ауқаттылар тобына және көшпелі, жартылай көшпелі малшылар мен егіншілер
жататын категорияларға бөлінді. Қазақ қоғамында әлеуметтік аристократиялық
жоғарғы тобы хандар мен сұлтандар болды. Алғашқы қазақ хандары заманынан
бері қарай хандық биліктің мирасқорлық дәстүрі сақталып келді. Мұрагерлік
тәртібі жүрмеген жағдайда хандарды билер, батырлар мен сұлтандар арнайы
құрылтайда сайлады. Ханның өкілеттігі діни мәселелерден тыс азаматтық,
әкімшілік және әскери істермен шектелді. Ханның ақсүйектер өкілдерін қылмыс
жасағаны үшін соттауға және жазалауға құқы болды, алым-салық мөлшерін
белгіледі, әскери жасақтар құрды. Көшпелі аристократияның жоғарғы тобы
сұлтандар болды, ханның өз үкімет билігін сұлтандармен бөлісуіне тура
келді. Өз иелігіндегі территориядағы әкімшілік және сот билігі сұлтандардың
қолында болды. Олар міндеткерлік атаулыдан босатылды. Хан сұлтандардың
басшылығы мен қажеттілігіне қарай әскери жасақ жинап отырды. Мақала түйіні
қазақ қоғамындағы ХІХ ғасырдың орта кезеңіндегі хандық биліктің жойылуын
негіздеуге келіп тірелді. Хандық билік ыдырағанмен сұлтандар билігі күшейе
түсті. Мақалада сұлтандарды жоғары әлеуметтік өкілдерге жатқызып,
ақсүйек деп атайды. Ал кедейлер төменгі топқа қарасүйек деген жалпы
атпен кіргендігін айтады.
Қазақ қоғамында билер зор роль атқарған билердің ықпалы олар басқарған
рулардың көптігіне және күшеюіне, сондай-ақ олардың байырғы шыққан тегі мен
үлкендігіне қарап айқындалды 20 .
Бай ұғымына бай, ауқатты адамдарға байланысты қолданылды. Байлар
қоғамда айтарлықтай орын алған. Барлық шаруашылық байдың қолында болды. Бай
шаруашылықты өз-өзінің мол тәжірибесіне сүйеніп, маңайындағы басқа ауыл
ақсақалдарымен кеңесе отырып жүргізді. Маңына сайлау кезінде көп дауыс алу
мақсатымен туған-туыстарын жинауға тырысқан. Ауылдағы шаруашылық байдың
билігінде болды.
Ауқатты байлар малдарын бақтыру үшін қол астына малшылар ұстады. Қойшы
мен жылқышының жылдық табысы 10-13 сом, ал түйеші мен сиыршының жылдық
табысы 10-15 сом аралығында болды. Мал иесі малшы кедейге тағам мен киім
берді. Кедей малшының әйелі байдың үйінің шаруашылығына көмектесті. Бала-
шағасы қозы бағу сияқты жұмыстарға араласты.
Қазақ шаруаларының арасында егіншілер де болды, негізінен жер
жыртып, егін салатын шаруалар жатты. Малшы, егінші аймақтық байлары өз
шаруашылықтарын нарықтық қажеттеріне бейімдеп отырды, кейде қызметшілер
жалдап, мал өсірді 21.
Қазақ егіншілерінің ең кедей бөлігі үшін өз алдына жер жыртып өнім
өндіруді мүлдем қойып, бай шаруашылықтарға жалданып жұмыс істеуі кең
таралған жай болды. Мұндай жағдайларға олар өздерінің жер учаскелерін орыс
шаруаларына жалға беретін. Күйзеліске ұшыраған қазақ кедейлерінің едәуір
бөлігі орыс кулактарына жалданып жұмыс істеді. Ал кедейлердің едәуір бөлігі
сарттардың егін алқаптарында жұмыс істеді. Бірақ бұл жұмыс егістік
кезеңдерінде, яғни маусымдық сипатта болды. Орыс байлары жалдамашыларға
ақыны ақшалай, сарт байлары заттай төледі. Мүлік теңсіздігінің айқын болуы,
көшпелі және егінші көшпелілердің жаппай жерсіз қалуы, өндіріс құрал-
жабдықтарының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етілмеуі оларды жоқшылыққа
ұшыратты, шаруашылықтың бұрынғы түрімен шұғылдана беру мүмкіндігін жойды.
Еңбекшілердің жоқшылыққа ұшырауы салдарынан олардың кәсіпшілерге және ең
алдымен ауыл шаруашылық жұмыстарға келуі, ХІХ ғасырдың аяғында күрделене
түсті.
Ең құқықсыз әлеуметтік топ құлдар болды: саны жағынан көп болғанымен
байлар шаруашылықтарында кездесті. Оларды сататын, қайта сатып алатын,
иелері бір-біріне уақытша пайдалануға беретін.
Мүлік теңсіздігі, әлеуметік тәуелсіздік қазақ қоғамындағы таптық
күресті шиеленістіре түсті. Бұл күрес барымта, мүгедек қылу, кісі өліміне
дейін баратын қақтығыстарға ұласып отырды.
Қоғамдық басқару құрылымдарына тек ер адамдар сайланды. Сонымен бірге
шаруашылық негізі – көшетін, қонатын жерді нұсқау, көш бастау, мал
жайылымын анықтау, егін салу, оны суару, жиналған жем-шөбіне қарау, оны
жинау ерлердің ісі болып саналды.
Ал әйелдердің қоғамдағы орны ерлерге қарағанда әлдеқайда кем саналды.
Оны әйелдердің қоғамдық мәселелерді шешуге араласпайтындығынан, сайлауға не
сайлануға құқысының жоқтығынан көруге болады. Ел арасындағы әртүрлі
мәселелер және отбасы дауы көбінесе әйелдердің араласуынсыз тек ерлер онда
да ақсақалдар мен билер арасында шешілетін. Ел арасындағы қоғамдық маңызы
бар мәселелерді шешуге әр тайпаның өзіндегі белді ақсақалдары өзара
ақылдасып, ұйғарып жасайтын болды 22.
Қазақ әйелдерінің негізгі теңсіздігі өз еркінен тыс малға
сатылғандығында екенін дәлелдейді. Әйелі өлген, не тоқал алғысы келген 50-
70 аралығындағы байлар малға жығып, кедейдің жас қызын айттыруының өзі
қазақ әйелдерінің жағдайын дәлелдейді. Әйелдің адамшылық арына нұқ
келтірген мұндай әрекеттерге мойынбай өз еркімен қалаған теңіне қосылуды
армандаған қазақ әйелдерінің шағымдануы жайлы мәліметтер де бар
Дегенмен, бұл айтылғандардан қазақ отбасында әйел еркіндігі болмады –
деген біржақты пікір тумауы керек. Әйел құқығының заң жүзінде қорғала
бастауының алғышарттары көрінд.
Егер әйел ақылды, сабырлы болса, ол тек еріне ғана емес, онымен бірге
бүкіл ауылға да өзінің ықпалын тигізгендігін, мұндай әйелдерге күйеулері
өздерінің өмірлік серігі ретінде қарайтын. Сонымен бірге, қазақ әйелінің
әлеуметтік еркіндігі де болды. Қазақ әйелдері ұзын жең, кең етекті киім
киіп, денелерін жасырғанмен, бет-жүзін ашық ұстаған, көрші өзбек, түрікмен
халықтары сияқты беттерін пәренжемен тұмшаламаған 23.
Жоғарыда қарастырылған мақалалар деректері қазақ қоғамының әлеуметтік
қатынастарын сипаттайтын құнды материалдар ретінде іргелі зерттеулерге
арқау болатындығына еш күмән тумаса керек.

ІІ тарау. Сырдария облысы қазақтарының этноэкономикалық ерекшеліктері.

2.1. Дәстүрлі мал шаруашылығы
Кең байтақ Қазақ жерін ежелден бері мекендйтін қазақ халқы табиғи-
географиялық жағдайына сай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.
Қазақстанның барлық аудандарында үй жануарларының төрт түлігі ( жылқы, ірі
қара, қой-ешкі, түйе) түгел өсірілді. Бұл түліктің ара салмағы жергілікті
жердің табиғи жағдайына байланысты. Өйткені көшпелі елдің өндірістік
тәсілінің төмен болуына қарай, шаруашылығы көпшілік жағдайда геграфиялық
ортаның шешуші ықпалында қалып отырды. Дегенмен, қазақ халқының мал
өсірудегі сан ғасырлық бай тәжірибесіне қарағанда, географиялық ортаның
түрлі ерекшеліктерін шаруашылық мүддесіне сай дұрыс пайдалана білген.
Сондықтан да көшпелілікке жартылай көшпелі мал шаруашылығының өзінде
жергілікті ерекшеліктердің көптеп кездесетіні заңды еді. Осыған байланысты
Қазақстан жерін оның табиғи ерекшеліктеріне сай төрт зонаға бөлуге болады:
1. Батыс Қазақстанда, яғни Каспий, Арал бассейндері мен Маңғыстау
түбегінің табиғаты негізінен құмды, шөлейт болуының нәтижесінде, мұнда төрт
түліктің өзге түріне қарағанда қой мен түйені көбірек өсіруге қолайлы.
2. Суы мол шөбі шүйгін – Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстанды
(Сарыарқа), әсіресе, жылқы, қала берді қой мен ірі қара мал түліктерін
өсіруге қолайлы.
3. Оңтүстік Қазақстанның табиғи жағдайы қой мен түйе түліктерін өсіруге
ыңғайлы.
4. Жетісу төңірегі ежелден қолайлы өлке, солай бола тұрса да жылқы мен
ірі қараны молырақ өсіруге керекті жағдайдың бәрі де Алатау қойнауында
баршылық.
Сөйтіп, Батыс және Оңтүстік Қазақстан зоналарында байлық түйе, қой,
санына қарай, Сарыарқада түйе, жылқы санына, Жетісуда қой санына байланысты
айырылатын.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан жерінің татабиғи
жағдайлардағы ерекшеліктеріне және Қазақ елінің басынан өткізген әртүрлі
тарихи кезеңдерге байланысты Қазақстанның әр жерінде мекендейтін қазақ
жұртшылығының шаруашылығында да айтарлықтай өзгешеліктер болды. Мұндай
өзгешеліктерді топтай келіп, негізінен, шаруашылықтың үш түрін белгілеуге
болады. Бұлар:
1. Көшпелілік жағдайда мал өсіру.
2. Жартылай көшіп мал өсіру, қыстау төңірегінде мал салу.
3. Отырықшылық жағдайда мал мен егін шаруашылығын қатар жүргізу.
Қазақстанда шаруашылықтың жоғарыда көрсетілгендей түрлерінің
болғаныдығын бір мың тоғыз жүз жиырмасыншы жылғы жүргізілген санақ
деректерінен де анық көруге болады. Сырдария мен Жетісу облыстарын
қоспағанда Қазақстанның қалған жерлеріндегі халықтың 53% егіншілік дамыған
аудандарда отырықшылық жағдайда тұрса, 22% жартылай отырықшылық жағдайда,
егіншілікпен айналысты, ал 25% көшпелілік жағдайда көбінесе мал өсірумен
шұғылданды, кейбіреулері егін шаруашылығымен айналысты. Бұлар Қызылқұмды
қоныстайтын Кіші жүз қазақтары мен Шу, Сарысу өзендерінің аяғы мен Атбасар
даласының арасында көшіп жүретін бағаналылар еді. Шаруашылықтың бұл түрлері
бір−бірімен тығыз араласып жатты, яғни революцияға дейінгі әрбір уезд
жерінде отырықшы – егіншілер де, көшпелі мал өсірушілер де табылатын еді.
Бірақ бұлардың әр уездегі арасалмағы әртүрлі болды. Мәселен, Қазақстанның
сотүстік шегіндегі Ертіс,Тобыл бойларындағы орыс поселкалары мен қалалар
маңында кедейленгендіктен отырықшылыққа көшпелі жатақтар саны басым болса,
қазақтың аты−шулы Сарыарқасында, Жетісу, Шу, Арыс, Талас бойында жартылай
отырықшылыққа көшкен шаруалар көп болды 24.
Егіншілікпен айналысқан жатақ ауылдары азын−аулақ малын жаз болса ауыл
маңында бірігіп бағып, қыста қолда шөппен асырайтын.
Белгілі қыстауы бар жартылай көшпелі ел жазды күні жайлауда бар малымен
көшіп жүрсе, қысқа қарай қой, ірі қара және түйе түліктерін қыстауларда
ұстайтында, жылқы табынын қосататып, жазғы жайлымға айдайтын. Қызылқұм мен
Шу өзенінің аяғын қыстайтын ауылдардағы түндік саны көшпелі бағаналалыларға
қарағанда анағұрлым көбірек. Әдетте, қазақ ауылдарындағы түтін саны жазда
көбейетін де, қыста азаятын. Өйткені қысты күні бір жерде көп үйдің бірігіп
отыруына жайлым тарлық ететін, сондықтан малы көп байлардың қыстауында
екі−үш түндіктен артық болмайтын. Бірақ малы шағын шаруалар отыз−қырық үйге
дейін бірігіп, үлкен қыстақ жасап отырғандары да аз болмаған. Жазғы
жайлауға қыстауы бөлек, туысы жақын бірнеше жанұя бірігіп қанаттас қонатын.

Сырттан қарағанда қазақ ауылдары негізінен туыстық жақындығына қарай
құралатын сияқтанғанмен ондағы топтық қайшылықты көрмеуге болмайды.
Революцияға дейінгі көшпелі қазақ ауылдарын екіге бөлуге болады. Бірі бай
ауылы, екіншісі орта шаруалар мен кедей шаруалар ауылы. Әдетте, байдың
екі−үш қоңсысы болатын. Олар көбінесе өз руынан шыққан кедей туыстары
болуымен бірге басқа рулардың адамдары да жиі кездесетін. Бұлар малдарын
бірігіп бағып, жайлымды бірег пайдаланғанмен щабындық егіндік жерлері бөлек
еді.
Байларға қоңсы қонған кедейлер күнделікті ішкен−жегені, мінген көлігі
мен сауған сауынына бола байдың малына қарайтын. Құдық аршып, жылқы суару,
құлын байлап, бие сауу, қой тоғытып, жүн қырқу, шөп қырқып, қора салу т.б.
осылар сияқты ауыр жұмыстарды еркектер атқарса, әйелдер бай үйінің қойын
сауып, құртын қайнататын, отын жағып, суын әкелетінғ киіз басып, өрмегін
тоқитын.
ХІХ ғасырдың ішінде одан бұрын да қазақ байлары, мал бағуға тағы басқа
үй шаруасын атқаруға малшылар жалдайтын. Бұл үшін жалшы мен бай арасында
алдын−ала келісім шарты жасалатын. Мұндай келісім шарттары жыл мезгіліне
қарай алты ай жазға немесе алты ай қысқа деп жасалатын еді. Өйткені жаз бен
қыста жасалатын жұмыстың өзі әртүрлі болғандықтан оған төленетін ақы да
соған қарй белгіленетін. Ақы мөлшері бағатын түлік түріне, мал санына
немесе басқа үй шаруашылықтарының ауыр−жеңілдігіне, жалданатын адамның
жасына, іскрлігі мен қайраттылығына байланысты болатын.
Россиямен сауда қатынасы дамыған солтүстік шегіндегі жалшы ұстаған
байлар ақыны көбінесе ақшадай төлейтін. Ал солтүстіктен оңтүстікке ойысқан
сайын жалшылар ақыны заттай−мал, киім ретінде алатын. Қозы бағатын балалар
көбінесе қозы−лақ алса, үлкендердің алты айына төрттен алтыға дейін
бойдақ қой мен төрттен алтыға дейін киім берілетін. Жазғы алты айға осы
айтылғандардың әрқайсысының саны кемиді де, қысқы мерзімге арта түсетін. Ал
жалшылардың әйелдері бай үйінің шаруасын қанша істесе де, ол келісім шартқа
енбейтін, ішкен тамақ пен бай әйелінің ескі−құсқысын киэден өзге айрықша
ақыға ниет те қылмайтын 25.
Сөйтіп байлар мен ауқатты шаруалардың малын бағудағы барлық бейнетті
олардың кедейленген туыстары мен жалшылары көретін де, оларға сіңірген ауыр
еңбегінің оннан бірі ғана төленетін.
Енді мал бағудың жылдық цикліне тоқталатын болсақ:
Бірінші баса тоқталатын жайылымдық жерлер болып табылады. Жыл
мезгілдеріне байланысты жайлымның да қыстау, жайлау, көктеу, күзеу деп
аталатын төрт түрі болады. Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ұшы−қиыры жоқ
шөл далалар мен құмды аймақтар қой мен түйе, жылқы малы үшін ең жақсы қысқы
жайылым есебінде саналса, өзен бойы мен көл жағасындағы шалғын, құнарлы
жерлер ірі қараға қолайлы келеді. Көктеу мен күзеу әруақытта қыстау маңына
жақын орналасады және көлемі қыстау мен жайлауға қарағанда анағұрлым кіші
болады. Қысқы және жазғы жайылымдарың көлемі көп болса, солтүстік
жартысында жазғы жайылым көлемі кеңірек болды. Себебі оңтүстікте жазды күні
көптеген сусыз жайылымдар пайдаланылмай, қысты күні қар түскеннен кейін,
қысқы жайылым есебінде пайдаланылады.
Қазақстанның әр жерін мекендейтін қазақ руларының қыстауы мен жайлауының
арасы әр түрлі қашықтықта болды. Өйткені әр жердің табиғи жағдайына қарай
ондағы елдің шаруашылықтарының дамуының ерекшеліктеріне, яғни шөп шабудың,
егіншіліктің артуына байланысты еді.
Екінші бір маңызды мәселе қысқа мал азығын дайындау. Қазақ жұртшылығының
жартылай отырықшылыққа айналуы, олардың қыстауы мен жазғы жайлауының
арасында көшіп – қонып жүргені көп заман ішіндегі тарихи процесс. Онымен
бірге қысты күні малды аман сақтап шығу олардың түбегейлі жұмысы еді. Осы
ретте олар қыстау маңынан мал азығын дайындау ісін қолға алды. Әрине мұның
ең алдымен қысқы жайылымның қандай атрапқа орналасуына байланысты болған.
Қазақстанның Оңтүстік жартысындағы Сырдария, Шу, Талас, Жетісу өзендерінің
су жайылатын аңғарларында қыстайтын ел мен Қазақстанның Сотүлтік жартысында
қыстайтын да өздерінің мүмкіндігінше жер – жердің табиғи ерекшеліктеріне
қарай шөп дайындау ісімен ертеден бері – ақ айналысты.
Қазақ тәжірибесінде шабындықты сызат, көгалды және құрақты қзен аңғары
мен көл жағаларынан таңдайтын. Әсіресе жазғытұрым қар суы көп жайылатын
жазық алқаптардың шөбі көк майса шүйгін болатын. Мұндай жерлерді қазақтар
жайылма деп атайды. Осындай жайылма жерлерге егін салып, пішенін шабатын.
Мұндай жерлердің шөбі қалың және жұмсақ келеді және мүндай жерлер қол
шалғымен шабуға да ыңғайлы болып келеді.
Қол шалғымен шабылған шөп өзінен – өзі жол – жол болып жығылып отырады.
Екі – үш күн жатып кепкеннен кейін жинап, шөмелелер салынады. Ол шөмелемен
бір жерге жиып шошақ жасайды. Бір шошақ қазақтың екі аяқты арбасымен он
арба шөп болатын. Деме бір шөмеле бір арба шөп болып табылады. Шошақты
арбамен тасып, қыстадағы арнаулы шқпарандарға маялайды.
Қазақстанның оңтүстік өлесінде шөп тасуға арба аз пайдаланады. Мұнда
көбінесе сүйреткілер көбірек қолданылады. Оңтүстік қазақтары шөпті түйеге
артып таситын. Ол үшін жуас түйені шөгеретін де, қомның үстінен екі ұзын
арқанды көлденең салып қойып, түйенің екі жағынан шөптің үстіне кісі шығып
тұрып әбден тығыздап текшелеп үйеді. Әбден тиеп болған соң ұзын арқандармен
шандап буады да, түйені тұрғызып алып жетектеп жүре береді. Түйеге артылған
шөпті түсіру де оңай, яғни арқанның байлау түйіндерін шешіп жіберсе болды
шөп өз салмағымен түйенің екі жағына бөлініп түсе қалады26.
Ертеден суарма егіншілік дамыған Қазақстанның оңтүстік аудандарында
аздап жоңышқа егу орын алды. Жоңышқаны салт мінетін аттарға, бірлі –жарым
қысыр сауған биелерге ғана жететіндей, аз мөлшерде дайындайтын. Жоңышқаның
аз болатындығы сондай, оны шашып – төгіп, жапырағын рәсуә етпей, баулап
жинайтын.
Егіншілікпен айналысқан ел көлік аттарына шөппен бірге сұлы, арпа, тары
және бидай сияқты дәнді – дақылдар олардың ұшықтары сияқты жемде
дайындайтын.
Мал шаруашылығындағы тағы да бір тоқталатын бір мәселе мал қора салу
ісі болып табылады. Қыстау, қора салу қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрі.
Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ даласында төрт түлік малға арналып салынған
қоралар өте көп болатын. Мал қоралардың екі түрі бар. Ол жабық және ашық
қоралар. Қазақстанның оңтүстігіндегі шөлейт далалар мен құмды аудандарда
ірі қара мен қой түлігіне ғана әртүрлі қора салатын. Ірі қара көбінесе
құрақты өзен, көл жағалауында қыстайтындықтан оларға жабық қоралар салынып,
ал қой түлігі құмды шөл далаларда қыстайтындықтан оларға ашық қоралар
жасалатын. Жабық қоралар салмайтын оңтүстіктің өзінде арық – тұрық пен жас
төлді сақтау үшін жеркепелер мен қозылар үшін ( бетін жауып қоятын)
кішкентай жер үйшіктер қазылатын.
Кейбір ірі байлар ашық қораны шиден жасап ( ши, шитен) оны көшу – қону
кезінде түйеге артып алып та жүре береді.Бұл шетеннің жабдығы тоқылған
шилер, ұзын қазықтар, жіңішке сырықтар ғана болатын. Мүндай көшпелі қоралар
қысы жазы бірдей пайдаланыла берілетін.
Жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне байланысты мал қораларды
шымнан, кірпіштен, қамыстан, сексеуілден, талдан, қала берді көңнен
салатын.
Қазақстанның кең байтақ қазақ қоғамында мал шаруашылығының көшпенді,
жартылай көшпенді және отырықшылық түрі қалыптасты. Бұл шаруашылық түрлері
табиғат ауа-райы, әлеуметтік-экономикалық және тарихи факторлардың әсерімен
қалыптасты. Бұл кезеңді, Сырдария облысында, жайлаулы-жартылай қолда
ұстайтын, жатылай көшпенділік мал шаруашылығы дамыды. Облыс тұрғындары
негізінен жылқы, түйе, ірі қара мал және қой, ешкі өсірумен айналысты.
Сырдария облысындағы мал шаруашылығымен айналысуда және табын
құрылымының жеке түрлерінің дамуына, өлкенің табиғаты, ауа-райы және
халықтың көшпенді жартылай көшпенділікпен айналысуы үлкен әсерін тигізді.
Табында негізінен қойдың үлес салмағы жоғары болды 27.
Перовск уезінің орта жүз қазақтары Сырдария өзені жағалауындағы тоғайлы
қамысты жерлерде қоныстанды. Қойлары мен түйелері қыстың кей күндері
Қызылқұмға қарай айдады, өздері ауыз суға қар суын пайдаланды.
Ж.Головачев Сарышығанақ, Сарысу болыстығындағы қазақтар жайлауға, Ұлы
тау, Кіші тау етегіне және Сарысу төңірегіндегі Қаражар елді мекенде
қоныстанды. Сарышаған болыстығының түйелері өзендегі судың жылылығынан және
сонаның көптігіне байланысты, Сырдария жағалауына он бесінші тамыздан ерте
келуге болмайды,- дейді Г. Загряжский. Одан әрі автор: Көшпелілер қыстауға
да малға ыңғайлы таза, суға жақын жерді қарастырды. Кейбір жағдайда қыста
да Сыр жағалауынан ыққа, Ұлытау жаққа көшуге тура келеді. Қыстаудан кері
жайлауға көшу наурыздың басынан басталады, бұл кезде қойларды Қызылқұмнан
Сырдарияға қыр арқылы өткізуге болады. Жиырма бесінші наурызға қарай
көшпелілер Сарысуды жағалап жүріп отырды. Жөлек болыстығының көшпелілері Шу
өзені арқылы Половенческая жане Сарышаған болыстығының көшпелілері арқылы
көшеді. Ұлытау мен Кішітау жайлауларындағы қазақтар Сырдария жағалауына
қыркүйекте қайтып оралады,-деп жазды 28.
Көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы қазақтар жылқы, қой, ешкі,
мүйізді ірі қара, түйе өсірді. Кедей және орташа шаруалар ірі қара, түйе ,
қой өсірсе, ауқатты байлар көбіне жылқы ұстаған. Кедей шаруалардың азын-
аулақ малы күн көріс қамына жарады, ал бай үйлердің малы сауда-саттыққа
шығарылды.
Барлық мал, оның терісі, жүні, еті, сүті т.б. жәрмеңкеге шығарылып,
астық, халат, шыт - сәтен тауарларына, ыдыс-аяқтарға т.б. айырбасталып
отырды. Қазақтардың мал шаруашылығының дамуына орасан зор апат әкелген –
қыс, көктем суығында малдардың жейтін шөбі болмай, қырылды. Яғни жұт үлкен
әсерін тигізді. Жұт негізінен қолайсыз ауа-райының әсерінен, яғни
құрғақшылық, қарлы қыс, боран, көктемде, жер көктегенде, қар ,бұршақ жауып
малдардың тебінге шыға алмауынан болды. Кей жылдары бірнеше күнге созылған
бұрқасынды борандарда 500-1000 жылқышы табындар қатпаған, беті қармен
жабылған сортаңды көдерге түсіп кетіп, қырылғандары болған.
Қазақ халқына 1876-80 жылдары болған жұт адам айтқысыз әсерін тигізді.
Мысалы Сырдария облысының 4 уезінде 56 пайыз қырылған. Ал 1891-92 жылғы жұт
та Қазалы уезінде көп малдың қырылуына алып келді 40. Ғасырлар бойы мал
шаруашылығымен шұғылданған қазақтар төрт түлік малдың сыр-сипаты мен жай-
күйіне қанық еді. Олар үнемі мал сойып отырғандықтан малдың барлық
денесінің автономиялық құрылымы жөнінде де мол білімге ие болды. Малдары
ауырған жағдайда емдеуге тырысты. Кейбір малшылар мал дәрігерлікті арнайы
кәсіп еттті. Оларға мал дәрігерлік атадан балаға мирас болып қалып отырды.
Қазақ мал дәрігерлері асқынған мал жараларын пышақпен сылып тастайды. Малды
емдеу арқылы мал ішінде кездесетін түрлі кеселдердің алдын алып, аман алып
қалып отырды. Еркек малдыа піштіруі кез-келген малшы өзі игереді.Ал қатерлі
індет алдын алу үшін, басқа малдарды аман алып қалу үшін өртеп жібереді.
Қысқы суықтан аман алып қалу үшін әлсіз қойлар мен боталарды өздерімен
бірге киіз үйде немесе жертөледе алып жатты. Бұл малды аман сақтап қалдың
тағы бір жолы болды.
Түркістан елді мекендерінде құдықта су 2-4 аршын тереңдіктен шығады. Ал,
Нұрата елді мекенінде жер қатты су 10-12 аршын тереңдіктен шықса да
жергілікті халық суландырудың осы жүйесін тиімді санады. Құдықтар бір-
бірінен 10 аршын қашықта орналасқан. Құдықтың жоғарғы ені 3 аршын, төменгі
ені 2 аршын, тереңдігі 8-12 сажын, орта құдықтар 3-6 сажын болды. Нұрата
елді мекенінде кәріз құрылысына артельдер құрап кіріскен. Артель 30 адамнан
тұрды, іс барысы бүкіл артельге хабарланып отырды. Егер құдықтар жыл сайын
ұқыпты тазаланып тұрса кәріздерді жүз жылға дейін пайдалануға
болады24.114.
ХХ ғасырдың бас кезінде Сырдария облысындағы мал шаруашылығында
айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Тұрғындардың басым көпшілігі жыл бойы
жайлймдарда ұстауын өзгертпеді. Алайда отырықшы орыс поселкелерінің маңында
орналасқан қазақтар қысқа мал азығы қорын жинауды қолға ала бастады. Сондай-
ақ қоныстанушы шаруалар өздерінен артылған жем-шөп қорын қазақтарға сата
бастады. Ол Әулиеата, Қазалы, Перовск әрі Қостанай уезіне қарай жылжыды.
ХХ ғасырдың аяғында қазақтардың жаппай отырықшылыққа көше бастауына
1892, 1895, 1898 жылдары қыстың қатты болуы, жұт әсерінен малдың қырылуына
әсер етті. Туркестанцев атты автордың Земледелие в Сырдарьинской области
атты мақаласында төмендегідей фактілер беріледі: 1909 жылы Ташкент уезінде
10181,2 пұт астық жинаған, 1 қала тұрғынына 18,39 пұт, қаладан тыс жерде
тұратын тұрығынына 32,7 пұт астықтан келеді. Шымкент уезінде 9886,8 пұт
астық жинаған, жан басына -20,5 пұттан Қазалы уезінде 3161,9 пұт астық
жинаған, жан басына 17,3 пұттан келеді. Сондай –ақ, автор Туркестанцев
деген атпен Переселение и земледелие, Киргизское землеустройство атты
мақалалар жариялап, отырықшылық мәдениетімен таныстырды 29.
Мал шаруашылығындағы төрт түліктің өсіп – өнуін қамтамасыз етуде
казактардыі дүниетанымы негiзiнде түрлi наным - сенімдер мен ғұрыптық ,
магиялык тәсiлдер арқылы көбейту әдістері қзге де рәсімдердің дәстүрлі
жиынтығын құрады. Олардъың әрқайсысының құры л ы мдық жағынан өзіндік айқын
белгілері және семантикасы да қалыптасты. Бұл ерекшеліктер қазақтардың
дүниетанымының шаруашылық негізбен ғасырлар бойы сабақтасып, ұлттық
ерекшеліктерін байытып, айшықтандыра түсті. Төрт түлік малдың өсіп –
өніп, көбейуі үшін жасалынатын қадамның бірі – көшпелі ел дәстүріндегі
малға ен салу. Ен, таңба салу кесілген қанды құлақтарды жинап, үстіне ақ
тамызып құмырсқаның илеуінне тастау ырымы болған. Малымыз құмырсқадай көп
болсын! деп, илеу үстінде қанды құлақты қан талапай жасаудағы ғұрыптық
түсініктің этимологиялық ассосациясында, магиялық тәсіл арқылы
құмырсқадай быжынаған, көп мал бітсін деп жасаған бұл істің семантикасы да
мал да осындай көп болсын деген сенімнен туындаған. Әрі мал енін құмырсқа
илеуіне тастаудың мәнісі келер жылы мал басының көбейіп, өсіп – өнуіне
жасалған стимуляторлық функциясы деуге де саяды.
Мал шаруашылығының ең бір жауапты кезеңі
– малдардың төлдеу масымы. Қазақ малдың төлдеу циклінде де түрлі магиялық
күштерге, наным сенімдерге, ырымдар мен ғұрыптарға сеніп, соларды жасап
отырған. Өзге түліктерге қарағанда түйенің төлдеуі көп күтімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария облысы қазақтарының этнографиясы (Түркістан хабаршысы газетіндегі мәліметтер бойынша)
Қазақтар
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер жинағы
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Қазақ хандығының күшеюі
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Қазақтар (шетжұрты)
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Пәндер