Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҰҒЫМЫ

1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ

1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2 Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3 2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы заң ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі».
Жұмыстың тақырыбы өте өзекті болып келеді, өйткені объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлін көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін біз мына міндеттерді орындауымыз керек:
- мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлін;
- бюджет жүйесі және бюджет құрылысын;
- бюджет балансы және бюджет тапшылығын;
- мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымын;
- Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджетін;
- 2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды көрсету.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Бюджет Koдексінде көзделген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. «Қаржы» Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Алматы 2003 ж.

2. «Қаржының жалпы курсы» Мельников В., Ли В.

3. «Kazakhstan today» газеті

4. «Жетісу» газеті, № 26, 4 наурыз 2006жыл

5. Қ.Р. статистика агенттігі «Республика Казахстан», Алматы 2005

6. Қ.Р. статистика агенттігі « Қазақстан цифрларда» 2005

7. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

8. 2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы заң

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҰҒЫМЫ

1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
рөл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Бюджет жүйесі және бюджет
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3 Бюджет балансы. Бюджет
тапшылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ

1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2 Қазақстан республикасының мемлекеттік
бюджеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3 2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы
заң ... ... ... ... ... ... ... ..34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..37

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – Мемлекеттік бюджеттің экономикалық
мәні мен рөлі.
Жұмыстың тақырыбы өте өзекті болып келеді, өйткені объективті бөлгіштік
қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше
бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды
– жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді,
экономикалық категория ретінде көрінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
рөлін көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін біз мына міндеттерді орындауымыз
керек:
- мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлін;
- бюджет жүйесі және бюджет құрылысын;
- бюджет балансы және бюджет тапшылығын;
- мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен
құрылымын;
- Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджетін;
- 2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды көрсету.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негiзделедi және Бюджет Koдексінде көзделген өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға
қолданылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың
тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына
арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша
бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн
күшiн жояды.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына
арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске
асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа
енгiзiледi.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҰҒЫМЫ

1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды
дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне
шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік
емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік
саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды
орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға
жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы
ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы
жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын,
қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады
(мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің
негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық
табыстың 30 %, жалпы ішкі өнімнің 10 % бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет
Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды
орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып
салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану
процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

1.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың
барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік - аумақтық
бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды
және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды
қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің
жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды
теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара
қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет
құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттік
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі
бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің
бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да – жерлердің
(ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация
субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі
жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы
мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды
орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша
белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және
тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді
қамтиды.
Қазақстан жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық
бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50 % тиді, оның 35 %
республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 % жергілікті
бюджеттердің қарамағында болды.

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің сызбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті

Республикалық бюджет Жергілікті бюджеттер

Облыстардың
Астана және Алматы

бюджеттері
қалаларының бюджетт

Облыстық Облыстық Қалалық
Аудандық
бюджеттер бағыныштағы бюджеттер
бюджеттер
қалалардың
бюджеттері

Аудандық
бюджеттер

Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді
жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын
қаржыландыруға арналған Қазақстан республикасының заңымен бекітілген
орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –
облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы),
аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының
заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау
тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы
туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы
және жариялығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың
дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым
толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік
алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың
берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді. Бюджеттердің бірлігі ел
аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің жалпы жүйесінің өмір
сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде көрінеді. Бұл қағидат
бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуының бірлігіне, оның
әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара байланысына кепілдік береді.
Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік
қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеу болып табылады. Бюджет
жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және
ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық
және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы
барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгейдегі
бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ
ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да
негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі
бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір
деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы
нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің
бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса
бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты
болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттің
дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістерді бөлудің
тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын
белгілеу құқығы арқылы қаматамасыз етіледі.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады.
Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді
шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Сонымен бірге бюджеттердің барлық
түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-экономикалық даму
мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен,
құзырымен анықталады.
Бюджеттің толықтылығы (толымдылығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын
шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен
шығыстары ескерілетін бюджетті жасауды білдіреді. Қазақстан Республикасының
салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің, соның
ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық
тізбесінің және шығыстарының бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен
қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының
барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік
қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін,
сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси
ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке
алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл
қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп
көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп
есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың
орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап
мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың - зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру, жол, халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу қорларының
қаражаттары енгізілген.
Бюджеттің нақтылығына ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік
жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс,
бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы
жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке
алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын
ағымдағы жылға, анағұлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы
жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады.
Нақтылық қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы
тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Нақтылық қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және
бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының
шыншыл көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың
атқарылуына сәйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың болжамдары
мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік
резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар
бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.
Бюджеттердің жариялығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына
арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы
есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жариялылық елдегі адам құқығын, демократиялық өзгерістерді сақтаудың
маңызды шарты болып табылады. Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен
салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық
жүргізу субъектілерінің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады.
Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық
төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы
хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті
заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары
үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп
баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының
көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі
және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту,
қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және "Бюджет жүйесі туралы", "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар
туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
арнайы заңдарда және басқа да заң актілерінде қамтып көрсетілген.
Төменгі-жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің
шарттары дербестікпен қатар теңгерімділік болып табылады.
Барлық деңгейлер бюджеттерінің теңгерімділігі бюджет-қаржы саясатының
қажетті талабы болып табылуы мүмкін. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде
билік пен басқарудың тиісті органдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін
белгілеуі мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен
белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысандары мыналар болып
табылады:
мемлекеттік қарыздар шығару;
кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу - ағымдағы қаржы
жылының қалған уақыты ішінде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан
басқа) белгілі бір пайызға ммлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету-
пайдаланылады.
Бюджеттердің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік
бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің жергілікті
органдары анықтап, бекітеді.

1.3. Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы.

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңдестірген, яғни
баланстандырған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде
негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-
күйіне жету болып табылады.
Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен басым
болуын білдіреді. Егер кірістер мен шығыстар тең болса – бұл теңестірілген
бюджет. Шығыстар кірістерден көп – теріс айырма – бұл дефицит.
Дефицит әр түрлі болуы мүмкін:
1. экономиканы дамыту үшін ірі мемлекеттік салымдар салу қажеттілігіне
байланысты болуы мүмкін.
2. дефицит төтенше жағдайлармен байланысты.
3. дефицит экономикадағы дағдарысты білдіруі мүмкін.
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері бар.
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар төмендейді;
3) кірістер өседі, шығыстар төмендейді.
Дефицитті қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздеу.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1) ақша белгілерінің эмиссиясы
2) мемлекеттік займдар
3) шетел займдары
4) ұлттық байлықты пайдалану.

ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ

2.1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол
бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90 % құрады және негізінен екі төлемнен
– айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930
жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік
қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан
алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін жеке-дара
нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер
болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден:
кірістерден;
алынған ресми трансферттерден (гранттардан);
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Өз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер
бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер
көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдерден толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша
(қайтару негізінде берілген - бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік
шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі
болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың щығыстарын
қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет ету"
функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар –
қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және қарыздарды орналастырғаны
үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып
жүргізіледі.
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық
бірліктерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте -
функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген
кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып
түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының
көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық
бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық
валютамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны жайында
Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі
Қазақстанның бюджет жүйесі
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар 7 3. Мемлекеттік борыш 13
Мемлекеттiк бюджеттің негізгі мәселелері мен шешу жолдары
Пәндер