Мемлекеттік басқару жайлы мәлімет



КІРІСПЕ

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
1.2 Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын қызметтері
1.3 Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.

2 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Франция мен АҚШ мемлекеттік басқаруына салыстырмалы талдау
2.2 ҚХР мемлекеттік басқаруды талдау


3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы бүгінде дамыған демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді.
Курстық жұмыс мемлекет теориясына, құқық теориясына негізделген. Курстық жұмыстың ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2030 жылға дейін даму стратегиясы, Уваровтың «Мемлекеттік басқару теориясы» және Жоламановтың «Мемлекеттік және құқық негіздері» кітабы құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы басқа елдерде қарқынды дамуда.
1. ҚР Конституциясы.
2. 2030 жылғы ҚР даму стратегиясы.
3. Жоламанов Қ.Д., «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2008 ж.
4. Нұрпейсов Е.Қ., Котов А.К., «Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен президенттік билікке дейін», Оқу құралы, Алматы, «Жеті жарғы», 2007ж.
5. Уваров, «Теория государственного управления», М. 2007 г.
6. «ҚР мемлекеті мен құқығының негіздері», Оқулық, Алматы, 2007ж.
7. В.Е .Чиркин, «Государственное управления», Юристь, М. 2007 ж.
8. И.Мунтьян, В.Поп, «Новые правилы игры в старых условиях», М. 2006 г.
9. Ә.Қасенова, Мемлекеттік басқарудағы ақпараттық технология, «Ақиқат», 2009ж. №11
10. Найманбаев.С., Мемлекеттік басқару, маңызы және ерекшелігі, «Ақиқат», 2009ж. №5
11. Нұрғасиев.С., Мемлекеттік басқарудың кәсібилігі бағытында, «Қазақстан жоғары мектебі», 2009ж. №3
12. Мұқышев.Ж., Мемлекеттік басқару органдарын жетілдіру – уақыт талабы, «Қаржы-қаражыт», 2008ж. №3
13. Ә.Тоқтыбеков, Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің жолдары:тұжырымдамалар мен әдістер, «Ақиқат» 2009ж. №1

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1. Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі
2. Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын
қызметтері
3. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.

2 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Франция мен АҚШ мемлекеттік басқаруына салыстырмалы талдау
2.2 ҚХР мемлекеттік басқаруды талдау

3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары
3.2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология арқылы жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы бүгінде дамыған
демократиялық елдерде мемлекеттік басқару қызу саяси тартыс болудан қалып
басқарушы шенеуніктерден жоғарғы арнайы даярлық пен көпшілік алдындағы
жауапты жұмысты ғана емес, ең алдымен азаматтардың бағалауы бойынша жақсы
нақты әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуде талап ететін күрделі кәсіптік
қызмет саласына айналды. Көптеген елдерде мемлекеттік басқару арнайы
зерттеу пәніне айналып, ғылымның дербес саласы ретінде дамып келеді.
Курстық жұмыс мемлекет теориясына, құқық теориясына негізделген.
Курстық жұмыстың ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының
Конституциясы, 2030 жылға дейін даму стратегиясы, Уваровтың Мемлекеттік
басқару теориясы және Жоламановтың Мемлекеттік және құқық негіздері
кітабы құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын
іздеу мемлекеттік басқару аппараттарының құрылымын талдау болып табылады.
Курстық жұмысының ғылыми жаңалығы:
- мемлекеттік басқаруды 3 деңгейде қарастырады. Ол мемлекеттік
басқару, жергілікті мемлекеттік басқару және аумақтық өзін-өзі басқару.
- қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды ақпараттық технология
арқылы жетілдіру кең көлем алуда. Қоғам дамуының аса маңызды стратегиялық
міндеттерін орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз
ету арқылы жетілдіру өте мағызды. Ақпараттық технологияны интенсивті
пайдалану АҚШ-та , Жапонияда, Германияда, Канадада, Англияда және тағы
басқа елдерде қарқынды дамуда.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

1.1. Мемлекеттің пайда болуы, мәні және жіктелуі

Адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі
миллиондай жыл болды қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес
адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын
құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл
бұрын қазіргі типті адамдар (хомосапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене
құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы,
тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс
бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі
бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған
сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп прогрестің жаңаруы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге
бөлінді: 1.Жабайы адам дәуірі – б.з.д.40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар
табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын:тас, сүйек,ағаш.
Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың,
қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып,
экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды
игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиі болды. 2.
Экономиканың қолдан жасау дәуірі – б.з.д.12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл
кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-
сезім, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік
қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық-егіншілік арқылы
сертификациялық қоғам,рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар
өмірге келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы –
экономиканың негізгі сипаты: қоғамдық еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық
бөліс,қоғамдық өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа,одақ,
бірлестіктер. Қоғамды басқару және әлеуметтік нормалар – қоғамдық күрделі
мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған.
Күнделікті мәселелерді шешіп басқару үшін ру басшылары сайланып отырған.
Тайпа, одақ, бірлестіктерді ру басшыларының кеңесі басқарған.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық
басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл обьективтік даму процесінің
күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс – б.з.д. 15-10
мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезде малшылық пен егіншілік қалыптасты,
ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді., адамның тәжірибесі өсіп,
молайды. Қоғамдық байлық қалыптасып, оны иемденетін топтар, таптар пайда
болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге
әкелді.Б.з.д. 5-4 мыңжылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару
үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқы тарихы туынды
қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Сонымен құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі
обьективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы;
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен
мемлекеттің өмірге келуі.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке
меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің
туындысы.Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекеттің нәтижесі
ретінде қалыптасып, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайда өкіметтің күш-қуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі
де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті
дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет
болды.
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы
іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек
болды.
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту
үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды.
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық
тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекет – бұл елдің барлық территориясына және оның халқына өзінің
билігін толық тарата алатын және сол үшін арнайы аппараты бар белгілі
тәртіп шығаратын және тәуелсіздігі бар қоғамның біртұтас саяси ұйымы.
Аристотель мемлекетті ерекшелеудің келесі критерийлерін ұсынды:
1 Мемлекеттегі билік етушілер саны
2 Мемлекеттің алға қойған мақсаты
Бірінші белгі бойынша:
1 Бір адамның басқаруы
2 Мұрагерлік басқару
3 Бірнеше адамның басқаруы
Екінші белгі бойынша:
1 Дұрыс мемлекет, яғни қоғамның жалпы игілігін жақсартуға бағытталған
мемлекеттік билік
2 Дұрыс емес мемлекет жеке мақсатқа жету үшін бағытталған мемлекеттік
билік.
Мемлекеттерді типтерге бөлу нысандармен тығыз байланысты. Мемлекеттің
нысандары 3 өзара байланысқан нысандардан тұрады:
1 Басқару нысаны
2 Мемлекеттік құрылым нысаны
3 Мемлекеттік тәртіп нысаны.
Басқару нысаны жоғарғы мемлекеттік билік органдардың құрылымын
көрсетеді және олардың арасындағы қарым-қатынастарының құрылуы мен
таратылуын білдіреді. Мемлекеттік басқару нысаны екіге бөлінеді:
1 Монархиялық
2 Республикалық
Монархия-бұл жоғарғы мемлекеттік билік жеке түрде мұрагерлікке
берілетін билік нысаны.Оның негізгі белгілері мыналар:
1 Өмір бойы билік жүргізетін жеке дара мемлекет басшысының болуы
2 Жоғарғы билік мұрагерлікке тәртіп бойынша беріледі.
3 Мемлекеттік билік монархтың көзқарасы бойынша өзгереді.
4 Монархты заң алдында жауапкершілікке тарта алмауы.
Республика – бұл халық белгілі бір кезеңге өзі сайлайтын және
мемлекеттік билік тандау арқылы жүзеге асырылатын басқарудың ерекше нысаны.
Негізгі белгілері мыналар:
1 Мемлекеттік билік біржақты және коллектив арқылы жүзеге асады.
2 Мемлекет басшысы мен жоғарғы мемлекеттік билік органдыраның мүшелері
белгілі уақыт кезеңіне сайланады.
3 Мемлекеттік билік өз еркімен емес халықтың ұсынысымен жүзеге асады.
4 Мемлекет басшысының заңда қарастырылған құқықтық жауапкершілігі бар.
5 Олардың шешімдері бәріне міндетті болып табылады және олар
азаматтардың қызығушылықтарын қорғайды.
Мемлекеттік құрылым нысаны – бұл орталық және жергілікті мемлекеттік
органдар мен мемлекеттік билік арасындағы және олардың құрам бөліктерінің
арасындағы өзара қатынастарды сипаттайтын мемлекеттің ұлттық
административтік(әкімшілік)құрылымы .
Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша барлық мемлекеттерді 3 негізгі
топқа бөлуге болады:
1 Унитарлы
2 Федеративті
3 Конфедеративті
Унитарлы мемлекет дегеніміз – тұтастай басқарылатын, яғни биліктің
орталық органдарына бағынатын әкімшілік – территориялық бірліктерден
тұратын біртұтас мемлекеттік құрылым. Оның келесі белгілері бар:
1 Унитарлық құрылым барлық ел үшін біртұтас сәйкес органдарға
басшылық ететін өкілетті, атқарушы және соттық органдарының болуы.
2 Унитарлы мемлекет территориясында бір Конституция, заңдылықтың
біртұтас жүйесі және бір азаматтық тәртіп әрекет етеді,
3 Унитарлы мемлекеттің құрам бөліктері мемлекеттік суверенитетке ие
болмайды.
4 Унитарлы мемлекетте мемлекеттік билік пен органдары басшылық ететін
біртұтас қарулы күштері болады.
Федерация – бұл бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бір одақтық
мемлекетке өз еркімен бірігуі. Оған тән сипаттар:
1 Федерация территориясы оның жеке субьектілерінің жеке
территориясынан құрылады.
2 Одақтық мемлекетте жоғарғы заңдылық атқарушы және соттық билік
федералды мемлекеттік органда болады.
3 Федерация субьектілері өзінің жеке конституциясын қабылдау құқығына
және жоғарғы мемлекеттік заңдылықты атқарушы және жоғарғы соттық органдарын
құру құқығына ие.
4 Федерациядағы негізгі мемлекеттік сыртқы саяси іс-әрекетті одақтық
мемлекеттік органдар жүргізе алады.
Конфедерация – бұл өздерінің жалпы қызығушылықтарын қамтамасыз ету
үшін құрылған тәуелсіз мемлекеттердің уақытша одағы.
Мемлекеттік тәртіп нысаны бойынша барлық елдер демократиялық және
антидемократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық тәртіп – құқықтық мемлекеттерде қалыптасады.Ол жеке
тұлғалардың дамуын қамтаммасыз етеді, заңдар көмегімен оның қызығушылығын
қорғайды. Келесі белгілері бар:
1 Экономикалық іс-әрекет саласында тұлғалар еркіндігі.
2 Азаматтардың жеке құқықтары мен еркіне кепілдік беріледі.
3 Жеке тұлғалардың құқықтары әрқашан құқық қорғау органдарымен
қорғалып отырады.
4 Тұлға мен қоғамның дамуының обьективті қажеттілігін көрсететін
заңдарға негізделеді.
Антидемократиялық тәртіп келесі жағдайлармен сипатталады:
1 Мемлекет өзінің құрамына кіретін әртүрлі басқару органдарының
көмегімен жеке тұлғаны басып тастайды, құқықтарын қорғамайды және еркін
дамуына кері әсерін тигізеді.
2 Барлық қоғамдық өмір саласына мемлекет қатаң бақылау жүргізеді.
3 Барлық қоғамдық ұйымдарды мемлекетсіздендіреді.
4 Жеке тұлға өзінің субьективті құқықтарынан айырылады.
5 Мемлекет құқықтарын халыққа кері бағытта қолдана алады.

1.2. Мемлекет теориясының құрылуы және мемлекеттің атқаратын
қызметтері

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді.Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеу жасап келеді.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың қысқаша
мазмұны келесідей:
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді.Бұл теория дұрыс-бұрыс деуге болмайды.Мәселені
дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы
ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны
ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен тағы басқалар.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекет басшысына айналады. Отбасы басшысы - әке,
мемлекет басшысы – монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі
Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды(Фильмер,
Михаиловский тағы басқалар).
Органикалық теоия – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д.
IV-III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғ. қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли,
Г.Спенсер, Вормс, Прейс тағы басқалар. XIX ғ. ғылым жетістіктеріне сүйене
отырып, бұл теория – адам қоғамы да табиғаттың обьективті даму заңдарына
сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады.Мемлекет Үкіметі – адамның басы-
миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады.
Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория – XVII-XVIII ғ.ғ.
қалыптасты.Өкілдері:Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза,
А.И.Радищев тағы басқалар. Теория мазмұны адамдардың өздерінің табиғи
құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау, т.б.). Оны ешкім жоя
алмайды, яғни зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде
адамдардың арақатынасында қаишылықтар басталды. Сондықтан қоғамда
бостандықты, әділеттікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап
мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің конституциясына кіреді деп
түсіндіреді.
Психологиялық теория – XIX ғ. қалыптасты. Өкілдері: Л.Гумплович,
К.Каутский, Е.Дюринг тағы басқалар. Теория мазмұны: күшті рулар, тайпалар
өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап
өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп
түсіндіреді.
Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық
тұрғыдан түсіндіреді.Себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің,
жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі,
қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи
өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсаттарарды қорғауы. Кемшілігі – мемлекет
пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын
жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін
болжаудағы қателіктері.
Қазіргі кезде мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы
деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:
1. Экономикалық функция – мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдарын,
тәсілдерін көрсету.
2. Әлеуметтік функция – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі –
халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы
дәрежеде дамыту.
3. Қаржы реттеу функциясы – қоғамдағы барлық азаматтардың,
бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен
кірісін реттеп басқарып отыру.Бюджеттің дұрыс пайдалануын қаржы
министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады.
4. Мәдениет бағытындағы функция – адамдардың денсаулығы, рухани сана
– сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер,
музыка, ғылым, тәрбие және тағы да басқа мемлекеттің тұрақты
бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады.
5. Экологиялық функция – бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен
бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да
өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды
қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек
күттірмейтін міндет.
6. Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы – қоғамда мемлекеттің,
бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын
әділетті, ғанибатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны
қалыптастыратын, реттеп басқаратын мемлекет және оның органдары.
7. Қоғамдағы тәртіпті қоғау функциясы – бұл мемлекеттің органдары
қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың
бостандығын, құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға
мүмкіншілік қалыптастыру.
8. Ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы. Қазіргі заманда
қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы қарөынды түрде
дамуына толық мумкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік
бюджетке тапсыру.
Мемлекеттің сыртқы функциялары:
1. Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда
мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға,
байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар
құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б. іс-әрекеттер
жасау.
2. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық
мәселені бейбітшілік жолмен шешу.
3. Мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Ғылыми-
техникалық, мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру және т.б.
жолдарын іздестіру.
4. Дүниежүзілік, ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру. Бұл
мәселені реттеп, шешуге әлемдегі барлық мемлекеттер қатысулары
керек.
5. Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені
жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу.

3. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару

Басқару – бізді қоршаған ортаның универсалды (әмбебап) және қажетті
элементі. Кең мағынада – бұл объектілік жағдайдың, тәртіптің сапасын
өзгертетін, субъектінің объектіге әртүрлі әдіспен әсер етуі.
Мемлекеттік басқару әлеуметтік іс-әрекеттің анықталған түрі ретінде
кең және тар мағынада түсініледі. Тар мағынада – бұл мемлекеттің әкімшілік,
атқарушы-басқарушылық іс-әрекеті. Бұл позицияда мемлекеттік басқару,
негізінен, әкімшілік құқықпен оқытылады. Оның объектісі – мемлекеттік
басқарудың құқықтық формасы. Кең мағынада – бұл мемлекеттің
ұйымдастырушылық, нұсқаулық іс-әрекеті, әртүрлі қоғамдық қатынастарды
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының әрекеті жолымен мемлекеттік
реттеу.
Басқару әрқашан билікті пайдаланумен байланысты. Биліктің келесі
түрлері бар: жекелік, персоналды (мысалы, отбасында немесе басқарушы мен
қызметтер қатынасында), корпоративті (соған ерікті кірген адамдарға ғана
таратылатын жалпы ұйымның билігі) және әлеуметтік, қоғамдық – қоғамда
белгіленетін билік. Политологияда қоғамдық билік әртүрлі позицияда
қарастырылады: темалогиялық (бірлік мақсатқа жету), психологиялық
(себептер), бихевиористік (өзін-өзі ұстауы), субъекті-объективті (қарым-
қатынас), жүйелі-кибернетикалық (әлеуметтік коммуникация құралы), құрылымды-
функцияналдық (белгілі бір ұйым көрінісі), заңды (конституциялық құқықтың
анықталған институты) және т.б.
Қоғамда биліктің әртүрлі түрлері болуы бірден қабылданды. Ескі заман
және ортағасырлар авторлары үшін билік түсінігіне синкретикалық келу
сипатты болады. Ерекше әлеуметтік, қоғамдық биліктің бөлінуі жазушы-
утопистер мен энциклопедистердің іс-әрекетімен байланысты. Осы уақыттағы
өлеңдерде халықтың билігінің болуын сұрады.
Мемлекеттік билік қоғамдық билік ретінде, біріншіден, әлеуметтік
сипаттағы әсер ету формасынан ерекшеленеді. Бұл ойды немесе ораторлық
талантты көрсететін билікке қарағанда тіптен бөлек құбылыс, жағдай және
қарым-қатынас. Құбылыстың бағалы сапасы табиғи мәліметтер қажетті тәртіпті
билік, міндеттеу жолымен анықтамайды. Олар тек тәртіптің қозғаушы
себепттерінің бөлігі болып табылады. Мұндай себептер табиғи сипатта болады.
Жалпы ереже бойынша қоғамдық биліктің әр түрлі көрініс алатын тек
жалғыз керемет ұжым болады – саяси, публикалық.Бұл әлеуметтік –
ассиметриялық қоғам. Саяси билік өзінің көрінісін мемлекет билігінен алады.
Бірақта, саяси билік мемлекетпен байланысты болғанымен, оны мемлекеттік
биліктен айыру қажет. Біріншіден, кез-келген мемлекеттік билік саяси
сипатта болады, бірақ кез-келген саяси билік мемлекеттік болып
табылмайды.Екіншіден, саяси билік – бұл халықтың белгілі бір кластың,
әлеуметтік бөліктің құралдары. Мемлекеттік билік – мемлекеттік құралдары,
оның атымен оны мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметткерлер
орындайды.Үшіншіден, мемлекеттік емес саяси билік және мемлекеттік саяси
билік орындаудың әртүрлі механизмін алады. Саяси билік қызығушы топтар іс-
әрекеті жолымен іске асырылады.Мемлекеттік билік түрленген, ол
мамандандырылған мемлекеттік аппараттар (парламент,үкімет,соттар және т.б.)
арқылы іске асырылады. Төртіншіден, тек мемлекеттік билік қана заңды түрде
бекітілген және барлық қоғам атынан жүреді. Ал саяси билік ондай іске бара
алмайды.
Осылайша, мемлекеттік билік - әлеуметтік – саяси негіз болып табылады.
Бұл үлкен әлеуметтік қоғамда (халық, класс, әлеуметтік бөлік) саяси билікті
көрсетудің негізгі формасы. Ол ассиметриялық қоғамның функциясы ретінде
жүреді, қоғамдық қатынастарды құқық арқылы реттеу үшін маманданған аппараты
болады.
Мемлекеттік билік – тек әлеуметтік – саяси көрініс емес.Заңдық
көзқарас бойынша бұл, сонымен қатар, конституциялық құқықтық институты,
яғни берілген әлеуметтік көрінсті заңды позициясынан реттейтін құқықтық
нормалар жүйесі. Осы нормалар мемлекеттік биліктің сипатын, мемлекеттік
билік органдарының жүйесін оның іс-әрекет әдісін, тапсырмаларын және
қызметін бекітеді.
Мемлекеттік биліктің оның сипаты, іс-әрекет шегі, тапсырмалары, іске
асыру әдістері, органдар жүйесі бойынша бірнеше түрлері бар. Әлеуметтік
сипат бойынша халықтық билікті және белгілі бір әлеуметтік кластың,
бөліктің билігін бөледі. Сонымен қатар, демократиялық және демократиялық
емес биліктер бар. Демократиялық мемлекеттік билік көптеген тұрғындардың
қызығушылығын көрсетеді және билікті бөлу, адамның құқығын сыйлау,
жергілікті өзін-өзі басқаруды, құқықтық мемлекетті мойындау және әртүрлі
принциптерге сәйкес орындалады.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекетті басқару түсінігі әртүрлі мағынада
қолданылады. Тар маманды мағынада бұл термин мемлекеттік органның және
лауазымды тұлғалардың өзіндік басқарушылық іс-әрекетін білдіреді.
Басқару, яғни обьектінің (тұлға, ұжым, бөлімше және т.б.) іс-
әрекетінің бағыты басқарушы субьектпен (мемлекеттік органдар, лауазымды
тұлғалар және т.б.) қойылған мақсаттарға жетумен орындалады. Мақсатқа жету
– басқарушылық іс-әрекеттің басты нәтижесі, оның нәтижелілігі. Бірақ та
нәтижелілік категориясында баға басымды ресми сипат алады. Егер мақсатқа
жетуге кеткен күш есептелмесе, кеткен күштер тиімділік категориясымен
бағаланады.
Тиімділік – мақсатқа қысқа уақыт аралығында төмен шығынды ресурстар
және басқарушылық энергия жұмсаумен жету.
Мемлекеттік басқарудың да қатысушылары, яғни субьектілері мен
обьектілері бар.Мемлекеттік басқару субьектілері – бұл басқару қызметін
жүзеге асыратындар. Оған экономикалық саланы, әлеуметтік саланы, әкімшілік
– саяси құрылымдарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жатады.
Мемлекеттік басқару обьектілері – бұл басқарылатын салалар, ұйымдар
және жалпы халық.

2 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Франция мен АҚШ мемлекеттік басқаруына салыстырмалы талдау

Франциядағы мемлекеттік қызметтің дәстүрлері ағылшын – американдықтан
айрықша болып келеді.
Соңғы 250 жыл ішінде француздық тарихта шенеулік маңызды рөлге
иемденді. Франциядағы мемлекеттік қызмет Германиямен қатар континентальді
Еуропаның классикалық сипатына тән. Бюрократизм термині француз тілінен
шыққан.
Франциядағы шенеуліктер мемлекеттің жалдамалы қызметкерлері ретінде
емес, ұлттық мүдделерді басқалардан өзге жақсы түсініп алатын, қорғай
алатын және іске асыра алатын орынға әрқашан талпынды. Бұл қазіргі
француздық мемлекетті қалыптастыру ерекшеліктерімен байланысты. Бурбондар
мен Бонапарттардың абсолюттік режимдері шенеуліктерге сүйкенді, бірақ оған
көптеген революциялық режимдер де қажет болды. Орталықтандыру тұрақты
әкімшілік дәстүрге айналды. Бесінші республикада шенеулік өзінің маңызын
жоғалтқан жоқ. Оның қатарынан шыққандар Президенттік (Помпиду, Жискар д’
Эстен, Ширак) сияқты жоғарғы мемлекеттік орындарға ие болды.
Франциядағы мемлекеттік қызмет ұзақ уақыт бойы 1789 жылы жарияланған
теориялық ашықтығы мен нақты жабықтығымен айрықшаланады. Лауазымды
отбасылар арасында өздерінің балаларын офицерлік қана емес, шенеулік
корпусты толтыру үшін жіберіп отырды. Француздық әкімшілік элитасы
экономикалық және интеллектуалды элита ортасынан артықшылықты толықтыру
тұтас династияларды құру арқылы жүзеге асырылады. Тек соңғы онжылдықтарда
оның демократияландыруы болды.
Мемлекеттік қызмет қатарын толықтыратын түлектерді үйрететін арнайы оқу
орындарының жүйесін құрудың негізін салушы болды. әр түрлі режимдер
өздерінің әкімшілік кадрлардың ұстасын құрды: жоғарғы қалыпты мектеп,
Политехникалық мектеп, Ұлттық әкімшілік мектеп.
Көптеген континентальді Еуропа елдерінде 16 – 18ғ. қалыптасқан
көпбұтақталған шенеулік аппарат абсолюттік режимнің атрибуты болды. Франция
да одан бөлініп қалған жоқ. Бірақ та қызметті мұра ету мен сату тәжірибесі
Полет 17 ғасырдың басында қалыптасқан. Нәтижесінде шенеулік пен жоғарғы
билік қарым – қатынастары қарапайым болған жоқ. Бұл жүйенің кемшіліктері
көрініп тұр, бірақ өз уақытына сай жоғары білікті бюрократияны қызметтер
мұраға берілген жағдайда және министрлерге қатысты жеткілікті тәуелсіздік
жағдайын қамтамасыз етті. Мұрагерлікпен өздерінің орындарын алып тұрған
қызметтік тұлғалар мен соттардың бұл топтары мантия ақсүйектері атына ие
болды, мемлекет пен сарайда жоғарғы орындарын иемденген және көбінесе
әскери қызметте болатын ақсүйектер шпага ақсүйектері деп аталады. Жоғарғы
және төменгі класстан шығушыларға және орынды іздеушілерге қатаң қызметтік
талаптарды қою арқылы қызметтік патенттер иемденушілер өзін қорғауды
қамтамасыз етеді. Міндетті түрде университеттік білімнің болуы керек.
Ұлттық революция қоғамдық қызмет ұйымдастыруында төңкеріс жасады. Адам
мен азамат құқығының декларациясы (1789ж) келесідей жариялады: Барлық
азаматтар заң алдында тең, сондықтан да белгілі бір өзгешеліктер мен өзінің
қабілеттіктеріне сәйкес тең шарттарда қоғамдық қызметке кіре алады. Бұл
жағдай алдыңғы қызметке ие болу тәжірибесіне қарсы бағытталған. Шынымен,
революционерлер тек Наполеон империясына және содан кейінгі режимдерге
тиімді және компитентті қызметкерлер керек болды. Мамандықта соңғы сапа
көрсеткіштері шешуші болды. Бірақ та табиғи ұйымдастырушылық – мәдени ценз
төменгі класс тобынан шығушылардың қызметтік сәттіліктеріне кедергі
келтіруді жалғастырды.
Қоғамдық қызмет жүйесінің тұрақты сипатына Үшінші республика
периодында табады. Қызметкерлер иерархиялық рангтарға бөлінді. Қоғамдық
мәртебесі мен мансабы жеке құқықтар нормаларымен реттелетін жергілікті
қауымдастық қызметкерлері алады. Бір уақытта мемлекет қызметкерлерді өзінің
сарбазы ретінде қарастырды, сондықтан да олар көптеген әлеуметтік – саяси
құқықтарынан құр қалдырды. Оларға кәсіподақтарды құру, саяси қызметке
активті қатысуға тыйым салынды.
Үшінші республиканың құлдырауы мемлекеттік қызметті салмақты
реформалауды келесі мақсаттарды көздеу арқылы жүргізді;
- оның тиімділігін арттыру;
- құрылымды демократияландыру;
- қызметкерлердің саяси құқықтарын кеңейту;
- олардың әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жақсарту.
Бұл мақсаттарға орай 1945 жылдың басында арнаулы комитет құрылады және
оның жұмысының нәтижесі болып шенеуліктердің ортақ беделі туралы Заң
қабылдады. (19 қазан 1946 жылы). Ол мемлекеттік қызметкерлер корпусының
жаңа иерархиясы мен құрылымын, әлеуметтік құқықтары мен жалақыларын
орнатты. Сол кезден бастап оларға кәсіподақтарды құруға рұқсатын берді.
Оған дейін қызметті жою, қызметтен ауысуға әкеледі деп есептелді. 1946 жылы
Заң қызметкерлердің құқықтарын қорғады. Енді оларды персонал мен
қызметкерлерді қысқарту туралы арнайы заң негізінде жұмыстан босатуға
рұқсат етілді.
Бесінші республика режимінің құруы шенеуліктің саяси әсерінің өсуіне
алып келді. Жаңа республика құрушылардың маңызды міндеттерінің бірі болып -
өкілетті мекемелермен өзара қатынаста оларға өздігінше әрекет ететін
беделді беруге, президенттік және үкіметтік биліктің тиімділігін
жоғарлатуға ұмтылды. Осыдан олардың қолына маманданған және тәуелсіз
әкімшілік аппаратты берудің объективті қажеттігі туындады.
Мемлекеттік қызметшілер корпусының мақсаттарын өзінің жұмысында Дебре
қалыптастырды:
- мемлекет жайлы қамқорлықта алатын үкіметтің бұйрықтарына бағыну;
- қазіргі мемлекетте маңызды мамандану аппарат әрекетіне кедергі
келтірмеу керек;
- үкіметтің бұйрықтарын орындай отырып, шенеуліктер өз бетінділігі мен
инициативаны көрсетуге міндетті;
- олардың автономиясына сәйкес қызметкерлердің субординациясы сай келу
керек; субординация мекеменің ішінде, ал автономия – басқа
органдармен өзара қатынаста болады.
Бұл көзқарастар 1959 жылы 4 ақпанда шыққан мемлекеттік қызмет туралы
ордонансы негізінде жатты, онда жаңа конституцияны қабылдаумен байланысты
жағдайларды бөлек қарастырды. 1946 жылы заңмен салыстырғанда ресми
жаңашылдықтар көп болған жоқ, бірақ та олар шенеуліктердің адал қызметі
мен дисциплинасын күшейтуге және кәсіподақтар рөлінің төмендеуіне
артықшылықты бағытталған.
Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызмет 1980 жылдары қабылданған заңдар
жиынтығы мен мемлекеттік қызметкерлердің ортақ жарлығы мен территориялық
коллективтер әр түрлі бөлімшелері негізінде реттеледі. Қызметкерлердің жеке
категорияларының қызметі қосымша ерекше жарлық негізінде реттелінеді.
Францияда мемлекеттік қызметшілер бұқара қызметкерлер категориясына
кіреді. Оған жергілікті билік органдарында немесе мемлекетте қызмет
көрсететін кез келген қызметшілерді кіргізуге болады. Бірақ та заң бұқара
қызметкерлерге ерекше беделге ие болған және онымен құқықтар мен
міндеттерді иемденгенді жатқызады. Мемлекеттік бұқара қызметкерлерінен өзге
1984 жылы ұқсас беделге ие болатын жергілікті қауымдастықтардың бұқара
қызметкерлері де тағайындалды.
Бұқара қызмет жүйесін басқаруға активті түрде әкімшіліктер мен
қызметкерлердің өкілдері кіретін түрлі кеңес беруші комиссия қатысады.
Олардың бар болуы өздерінің мекемелерінің істерін басқаруға қатысу туралы
заңды қағидасымен қаланды. Тәжірибие жүзінде бұл қатысу еңбек шарттарын
талқылау мен қызметші мен әкімшілік арасындағы жанжалды шешу үшін
жүргізіледі. Ең жоғарғы құрылым болып премьер – министр немесе өкілет
берілген тұлға басқаратын Бұқара қызметінің жоғарғы кеңесі болып табылады.
Оның құрылымына кәсіподақтар мен әкімшілік өкілдері кіреді. Кеңестің
функциялары түрлі. Ол мемлекет қызметтің болжалды реформаларын талқылайды,
оның жағдайы туралы жыл сайынғы баяндамаларды тыңдайды және әкімшілік
шешімдеріне қызметшілердің арыздарын қарастырады.
Францияда көптеген елдерде секілді мемлекетте қызмет ететін тұлғаларды
саяси тағайындалғандар мен манданды шенеуліктер деп құрылымды бөлу бар.
Бірінші категорияға мемлекеттік қызметшілердің көбісі жатады, бірақ оларды
тағайындау немесе ауыстыру уәжді талап етпейді. Екінші категория мәртебесі
мемлекеттік қызмет туралы заңмен қорғалған және оларға саяси қызметтің
партиялық және жеке мүдделерін білдіруге кедергі келтіреді.
Жоғарғы маманды мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін анықтау үшін
дәреже (квалификациясы, нақты қызметке орын алу үшін құқық береді), қызметі
(қызметшінің міндеттерінің жиынтығы), кадр (1 қызмет саласында қызметтік
және иерархиялық тең қызметтің жиынтығы), топ (түрлі қызмет салаларында
иерархиялық тең кадрлардың жиынтығы).
1946 жылы шенеуліктің жұмысының маңыздылығы мен қиындығын көрсететін
ведомствоны емес барлық мемлекеттік аппараттағы шенеуліктің жағдайын
сипаттайтын класс түсінігі кіргізілді. А класы (мемлекеттік қызметкерлердің
20%) үкіметтің саяси қалыптасуынан шыққан басқару шешімдерін өндіруге
бағытталған. В класы (41%) берілген шешімдерді орындайды, С класын (32%)
мамандар құрады, Д класы (7%) – қосымша персонал (бұл класс 1990 жылы С
класына қосылып кеткен).
Қабылданған шешімдерге үлкен әсер тигізетін үкіметтік ведомстволардың
саяси басқарушылар құрамына кірмейтін мемлекеттік қызметтің лауазымы жоғары
ерекше тұрады. Ресми түрде олар бұқаралық қызметке кірмейді, сондықтан да
оларды еркін және еш уәжсіз жұмыстан босата алады. Іс жүзінде ондай сирек
болады, олардың жағдайы жеткілікті тұрақты болып келеді. Жұмыстан босатқан
жағдайда оларға басқа, ұқсас, тіпті жоғарғы жұмысты ұсынады. Барлық елдерге
тән айналмалы есіктер жүйесі – жұмысы бойынша жақын жергілікті бөлімшелер
мен мекемелер арасында кадрларды айырбастай оған көмектеседі. Осылайша,
Францияда заң Министрлігі мемлекеттік кеңес пен кассациондық сотты, шет ел
істерінің Министрлігі – халықаралық Курстық жүмысатиялық өкілеттіліктерді,
қаржы Министрлігі үкіметтік бақылауда болатын қаржылық мекемелерді, ішкі
істер Министрлігі – префектер корпусын толтыра алады.
Көрсетілген бөлінуден өзге мемлекеттік қызметкерлер штатқа қабылданған
тұрақты (олар көпшілік) және штаттан тыс қызметкерлер деп бөлінеді.
Соңғылардың негізгі категориялары болып:
- стажерлер – стажировка кезінде тұрақты қызметкер орнына үміткер
қажетті тәжірибие табумен қатар сынақ мерзімін де өтуге міндетті;
олар стажировка кезінде де, оның бітуі кезінде де жұмыстан босатылуы
мүмкін;
- уақытшалар, маусымдық немесе кездейсоқ жұмысты атқаратын, әскери
қызметі, демалысы мен ауруы кезінде тұрақты жұмысшының орнын
босатындар;
- келісім бойынша жұмыс істейтіндер – оларға кейбір тұрақты
қызметкерлер құқықтары жайғасады, бірақ та 3 жыл мерзіміне қорытылған
және оны қайта құру құқығымен дайындалған жұмыс шарттары келісім –
шартта анықталады.
Штаттан тыс қызметкерлердің көптеген категориялары мәртебесімен ғана
емес, сонымен қатар тарихи тегі бойынша бір – біріне жақын. Ақырындап
уақытша қызметкерлер нақты түрде тұрақты болып қалды, бірақ қызметтер
дискриминацияға ұрынып отырды. Олардың жағдайын 1950 жылы қабылданған заң
жақсартты:
- оларға тұрақты негізге көшуіне рұқсат берді;
- орталық үкіметтік мекемелерге уақытша қызметкерлерді қабылдауға тыйым
салды.
Тұрақты қызметшілердің жағдайы, әрине, қалаулы болады, өйткені ол
тұрақты, әкімшіліктен кепілдендірілген және ерекше заңдармен реттеледі.
Тұрақты қызметші құқығын иемдену үшін тұрақты лауазымға тағайындалу қажет.
Францияда мемлекеттік қызметкерлер болып қоғамдық заңды тұлғалардың
мемлекеттік қызметкерлері – астана мен одан тыс жерлерде оның заңдық,
атқарушылық және сот органдары болып табылады. Мемлекеттік қызметтен өзге
1984 жылы ерекше реттелетін жергілікті қауымдастықтардың бұқаралық қызметі
қабылданды. Өйткені әрбір бұқаралық заңды тұлға - өз алдында жұмыс беруші,
оның қызметкерлерінің құқықтық жайларында өздерінің ерекшеліктері бар.
Олардан кейін сандық құрылымы бойынша почташылар мен жол бекетшілері,
полиция мен әскер ереді. Таза басқару қызметінен ірі штатты қаржылық
қызметтер, оның ішінде бастылары болып салықтық және бухгалтерлік қызметтер
иемденді.
Мемлекеттің штатты қызметкерлері тұрақты лауазымға ие. Олардың
жағдайлары тұрақты. Мемлекеттік қызметте жеке сектордан өзгеше жұмыс
шарттары мен жұмысқа тұру жөнінде коллективті және индивидуалды келісім –
шарт жүйелері іске жарамайды. Мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі жайлы
көпшілік сұрақтар заңмен бекітілген жарғы негізінде шешілді.
Барлық мемлекеттік қызметкерлер 2 үлкен категорияға бөлінеді. Оның
біріншісін жергілікті қауымдастық пен бұқаралық мекемелерді, сонымен қатар
мемлекеттік әкімшіліктің азаматтық қызметкерлері құрайды; екіншісін -
әскери қызметшілер, сот пен парламент қызметкерлері құрайды.
Бірінші категория қызметшілерінің құқықтық мәртебесі 1983-1986 жылы
төрт заңды құраған мемлекеттік және жергілікті қауымдастық қызметшілерінің
ортақ жарлығымен реттеледі. Бұл жарлық әскери қызметшілерге, сот пен
парламент қызметкерлеріне, бұқаралық сауда - өндірістік мекемелердің
жұмысшыларына таратылмайды, өйткені олар өздерінің арнайы жарлықтарына
бағынады.
Арнайы жарлыққа қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызмет жұмысшылары ие:
полиция, түзету мекемелері, азаматтық авиацияның кейбір қызметтері, ішкі
істер министрлігінің связисті. Бұл қызметтің шенеуліктері ортақ жарғы
әсерінен бөлшекті алынған. Олар, мысалы ереуілге шығу құқығынан айырылды,
бірақ та материалды артықшылықтарды қолдана алады.
Жергілікті қауымдастықтың, бұқаралық қызмет пен ауруханалар
жұмысшыларының өздерінің жарлықтары бар (ол Ортақ жарлыққа ұқсайды, бірақ
өзінің ерекшеліктері де бар). Қызметкерлердің ұқсас категориялары қатынасы
бойынша (1 мың адам шамасында) ортақ жарлықтан өзге ерекше жарлық іске
асырылады. Олардың кейбіреулерінде Ортақ жарлықтан шығару шарттары
қарастырылды.
Мемлекеттік қызмет жүйесінде басты басқару органы болып қаржы
министрлігінің бюджеттік басқару болып табылады. Ол өте маңызда 2
сұрақтарды: штат кестесі мен еңбекақыны қарастырады. Мемлекеттік қызмет
басқаруында екінші орын мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік әкімшілікті
басқаруға тиесілі. Олар зерттеу мен координациямен айналысады. Мемлекеттік
қызметті ұйымдастыруы мен қызметіне қажетті әсер етуді қаражат пен
штаттардың жетіспеуі қамтамасыз ете алмайды.
Францияда мемлекеттік қызметкерлерді іріктеудің күрделі жүйесі
қолданылады. Конституцияның бір бөлімі болған адам мен азамат құқығының
Деклорациясында айтылған барлық азаматтар заң алдында тең, сондықтан да
теңдей шарттарда өздерінің қабілеттеріне сай қоғамдық лауазымға, қызметке
және постқа тұруға құқығы бар.
Теңдік мағынасында ұлтына, жынысына және көзқарастарына тәуелсіз
мемлекеттік қызметке тұру мәні түсіндіріледі. Мысалы, саяси көзқарастар
бойынша дискриминациялауға тыйым салынады. Бареля ісін шешу кезінде бұл
қағида 1954 жылы мемлекеттік кеңес шешімімен қалыптасты. Ұлттық әкімшілік
мектепке коммунистердің түсуіне мемлекеттік хатшы мемлекеттік қызмет туралы
шешімдерді теріске шығарды. Конкурсқа коммунистердің қатысуына мемлекеттік
кеңес рұқсат берді.
Қызметке тұру кезінде жас, азаматтық пен қабілеттік жөнінде бірқатар
шектеулер бар. Қызметке тұру үшін минималды және максималды жас мөлшерін
қарастыратын жарғы бар. Көптеген лауазымға максималды жас 40 – тан 45 жасқа
дейінгі аралықты құрды. Штаттық лауазым үшін француздық азаматтықтың болуы
міндетті. Штаттан тыстағыларға шетелдіктерді қабылдауға болды. Кейбір
лауазымдарға қажетті мамандық деңгейін растайтын Курстық жүмыс талап
етіледі. Осы деңгейден қызметкердің жалақысының мөлшері тәуелді.
Тәжірибиеде лауазымға тұру кезінде мағыналы теңсіздік бар. Ақсүйек
отбасылардан қызметкерлердің жоғарғы эшелоны жиылады, қалыпты түрде
басқарушылық орындарда әйел адамдар аз. Нақты теңсіздікті төмендету
мақсатында 1983-1984 жылдардың заңдарында жергілікті қауымдастықтардан,
ассоциациялар мен кәсіподақтар басшыларынан іріктемелі қызметкер тұлғаларға
орын бөлініп тұратын болды.
Көптеген қызметкерлер категориясы бойынша лауазымға қабылдау конкурс
жариялау арқылы жүргізу жарғыда қарастырылды. Кандидаттарды іріктеудің ең
жақсы әдісі болып конкурс қарастырылады. Онда олардың жалпы мәдениеті мен
мамандану деңгейін тексеріледі. Фаворотизмді болдырмауға және
кандидаттардың мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге конкурс мүмкіндік
береді.
Конкурстық жүйеге ең жоғарғы және ең төменгі қызметкерлердің эшелондары
түспейді. Жоғарғы Префектер, елшілер және министрлік директорлары үкіметтің
бұйрығымен тағайындалады. Төменгі С және Д класс деңгейлерінің атқарушы –
техникалық персоналының жұмысшылары конкурстан тыс тесттер мен емтихандар
көмегімен іріктеледі.
Конкурс емтихан түрінде немесе кандидаттардың іс – парақтары
салыстырылатын дәреже мен лауазымы түрінде жүргізіледі. Параллельді түрде 3
конкурс жүргізіледі: бірінші – жоғарғы оқу орындарының түлектеріне; екінші
– Курстық жүмысы міндетті түрде болмайтын кадр қызметкерлеріне
(дәрігерлерден өзге, оларда Курстық жүмыс міндетті түрде болу керек);
үшінші – жергілікті қауымдастықтың, ассоциациялар мен кәсіподақтар
басшыларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құжаттарды рәсімдеу – іс жүргізудің негізі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері
Жер кадастры жайлы жалпы мәліметтер
Супермаркеттің деректер қорын жобалау
Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер қорын жобалау
Қызметтік хаттың құрылымы
Internet глобальді ақпараттық желісі
Қазақстан Республикасында сапа жүйесін сертификаттау
Автоматтандырылған объектіні зерттеу
Пәндер