Тұтас педагоикалық процестегі оқыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I тарау. Тұтас педагоикалық процестегі оқыту
1.1. Оқытудың мәні, мақсаты,міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Оқыту заңдылықтары, ұстанымдары, әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... .7
1.3. Оқытудың психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4. Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
II тарау. Қазіргі дидактикадағы оқыту мәселелері
2.1. Дидактиканың маңызды мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Оқыту үрдісінің кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру саласында дидактикалық оқыту мәселелері туындап отыр және өз шеішімдерін тауып жатыр.
Дидактиканың бір маңызды мәселесі – инновациялық мәнде оқытудың жолдарын сұрыптап алу. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту бүгінгі таңда қоғамның сұранымына айналған үрдіс десек, мұндай міндеттерді жүзеге асыру барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын шешуге мүмкіндік туары сөзсіз. Оқытудың мазмұны модернизация ұстанымдарына негізделіп, меңгерген білімдерін өмір сүру барысында тереңдету іс-әрекетіне бағыттау – бүгінгі оқытудың ерекшелігі.
Әдебиетті оқытудың әдістері жайлы ой қозғағанда Ресейлік ғалымдардың еңбегіне тоқталмай өтіп кету мүмкін емес. Оқытудың дамытпалы жүйесін іс-әрекеттке қолданудың бірнеше жолдары мен тұжырымдарын ғалымдар өз еңбектерінде зерттеген. Теориялық тұрғыда ойлаудың жолдарын В.Давыдов, Д.Эльконин, ойлау қызметінің кезеңдік мәнін П.Гальперин, Н.Талызина, рухани қажетсіну іс-әрекетін Ю.Шаров, танымдық қызметтің маңызын Г.Щукина, Л.Божович, мәселелік оқытудың тиімділігін М.махмутов, А. Матюшкин, И.Лернер, саралап оқытудың тәртібін Н.Менчинская, Г.костюк, бағдарламалық оқытудың алгоритімін Н.Талызина, Т.Ильина және т.б. ғалымдар зерттеп берді. Оқытуда сезімдік құбылыстарды сөз және сөйлем арқылы қабылдаудың жолдарын айқындайтын тұжырымдар ашылды. Мұның бәрі – оқыту жүйесінің бүгінгі талапқа сай құрылуының сипаты.
Бүгінгі дидактиканың бағыттарында бұрынғыдан қандай ерекшелік бар. Аталған жаңа инновациялық мәнде оқытудың педагогика ғылымына тигізген жағымды әсері – басты ерекшелігі; бұл тұжырымдар тек теориялық тұрғыда емес, іс-тәжірибеде ұтымды ықпал еткені – екінші ерешелігі; мұның өзі респулика мектептерінде кеңінен қолданылып, жаңадан ой-түйіндерінің туындауына түрткі болып, дәстүрдегі демеуші білім берумен шектелуге қарсы әрекет жасауға мүмкіндік берді.
1. «Қазақстан мектебі» журналы, №10 2003
2. «Қазақстан мектебі» журналы, №8 2003
3. Аймауытов Ж. Дидактика, 1922
4. Выотский Л.С. Сбор. соч. Т.6. М., 1984.
5. Даранов С. Г. Сущность процесс обучения. М., 1981
6. Дидактика. //Российская педагогичсекая энциклопедия. ТЛ. М., 1999.
7. Занков Л.В. Дидактика и жизнь, М., 1968
8. Каптерев П.Ф. Избранные педагогические соч. М., 1982.
9. Коменский Я.А. Великая дидактика, М., 1955
10. Коменскйй Я.А. Избранные педагогические соч. В 2-х т. М., 1982.
11. Қоянбаев Ж. Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика Алматы, 2004
12. Көбеев С. Кейбір педагогикалық мәселелер туралы, Алматы, 1960
13. Лернер И. Я. Проблемное обучение, М., 1974
14. Лернер И. Я. Процесс обучения и его закономерности, М.,1980
15. Оконь В. Введение в обшую дидактику. М.. 1990.
16. Педагогика АГУ., Алматы, 2003
17. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е.# Дидактические основы обучения в высшей школе. А., 2000.
18. Скаткина М.Н. Дидактика средней школы, М.,1982
19. Срысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах. Мн. М., 2000.
20. Теоретические основы содержания общего средного образования / Под ред. В.В.Краевского и И.Я.Лернера, М., 1983
21. Ушинский К.Д. Избранные педагогические соч. М.,1982
22. Ушинский К.Д. Соч., III том, М., 1968
23. Харламов И. Ф. Педагогика Алматы, 1992

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I тарау. Тұтас педагоикалық процестегі оқыту
1.1. Оқытудың мәні,
мақсаты,міндеттері ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
1.2. Оқыту заңдылықтары, ұстанымдары, әдіснамалық
негіздері ... ... ... ... ... .7
1.3. Оқытудың психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

1.4. Дидактика оқыту мен білім берудің
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
II тарау. Қазіргі дидактикадағы оқыту мәселелері
2.1. Дидактиканың маңызды
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..20
2.2. Оқыту үрдісінің кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..30

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру саласында
дидактикалық оқыту мәселелері туындап отыр және өз шеішімдерін тауып жатыр.

Дидактиканың бір маңызды мәселесі – инновациялық мәнде оқытудың
жолдарын сұрыптап алу. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту бүгінгі таңда
қоғамның сұранымына айналған үрдіс десек, мұндай міндеттерді жүзеге асыру
барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын шешуге мүмкіндік
туары сөзсіз. Оқытудың мазмұны модернизация ұстанымдарына негізделіп,
меңгерген білімдерін өмір сүру барысында тереңдету іс-әрекетіне бағыттау –
бүгінгі оқытудың ерекшелігі.
Әдебиетті оқытудың әдістері жайлы ой қозғағанда Ресейлік ғалымдардың
еңбегіне тоқталмай өтіп кету мүмкін емес. Оқытудың дамытпалы жүйесін іс-
әрекеттке қолданудың бірнеше жолдары мен тұжырымдарын ғалымдар өз
еңбектерінде зерттеген. Теориялық тұрғыда ойлаудың жолдарын В.Давыдов,
Д.Эльконин, ойлау қызметінің кезеңдік мәнін П.Гальперин, Н.Талызина, рухани
қажетсіну іс-әрекетін Ю.Шаров, танымдық қызметтің маңызын Г.Щукина,
Л.Божович, мәселелік оқытудың тиімділігін М.махмутов, А. Матюшкин,
И.Лернер, саралап оқытудың тәртібін Н.Менчинская, Г.костюк, бағдарламалық
оқытудың алгоритімін Н.Талызина, Т.Ильина және т.б. ғалымдар зерттеп
берді. Оқытуда сезімдік құбылыстарды сөз және сөйлем арқылы қабылдаудың
жолдарын айқындайтын тұжырымдар ашылды. Мұның бәрі – оқыту жүйесінің
бүгінгі талапқа сай құрылуының сипаты.
Бүгінгі дидактиканың бағыттарында бұрынғыдан қандай ерекшелік бар.
Аталған жаңа инновациялық мәнде оқытудың педагогика ғылымына тигізген
жағымды әсері – басты ерекшелігі; бұл тұжырымдар тек теориялық тұрғыда
емес, іс-тәжірибеде ұтымды ықпал еткені – екінші ерешелігі; мұның өзі
респулика мектептерінде кеңінен қолданылып, жаңадан ой-түйіндерінің
туындауына түрткі болып, дәстүрдегі демеуші білім берумен шектелуге қарсы
әрекет жасауға мүмкіндік берді.
Сөйтіп оқытудың жаңа типі пайда болды. Бұрынғы басты деген оқытудың
кейбір кезеңдері жаңа типті оқыту әрекеттерінің бір элементіне айналып
кетті. Мәселен, ұйымдастыру, өткен сабақты қайталау, жаңа сабақты өту, үйге
тапсырма беру, бекіту сияқты сабақтың кезеңдері жаңа сабақ, өткен
сабақты қорыту, қайталау, жинақтау, бақылау сияқты жеке-жеке сабақтың
типіне ауысты. Аспект термині біртұтас деген ұғымға ие болды.
Әдіснамалық сараптау жүргізгенімізде, дидактикаға жатпайтын
тұжырымдармен біртұтастық оқыту жүйесін іс-тәжірибеде ұтымды қолданылуы
мүмкін емес.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде, көбінесе, оқушының дүниетанымдық ойлау
қабілеті көзден тыс қалып, сол жекелеген білім нысандарын меңгеру
көзделеді. Бір мәселені тұтас біліп шығу және оны өмірде қолдана алу сияқты
жедел іс-әрекеттер сабақтың үрдісінде дамытылмай келеді. Дәстүрлі оқыту
әрекетінде оқушының оқу еңбегінен гөрі ұстаздың сабақ беру әдістері
басымдық рөлде болып, оқушылардың білім меңгеру нәтижесі ескерілмей
отырғаны бүгін жаңалық емес. Ал сабақтың маңызы - оқушылардың ойлау
қабілетін меңгеруге тиісті материалдардың көмегімен дамыту арқылы жаңа
білімді оқушының жадында берік ұстауы, өмірдегі тәжірибесіне ол білімнің
жарауы, оны көз алдына елестетуі, берілген міндеттерді дұрыс шешуі, жаңа
ұғымдардың маңызын ашуы. Мұндай тұжырымды жүзеге асыратын дидактикалық
жүйенің категориялық аппаратының өзара байланысы мен сабақтастығы:
педагогикалық мақсаты, дидактикалық нысанның заңдылықтары, ұстанымдары,
оқыту мазмұны, түрлері, құралдары мен әдістері. Дәстүрлі оқытуда оқытудың
мақсаты өзгерсе, оның барлық құрылым-жүйесі басқаша түзіледі. Инновациялық
мәндегі оқыту үрдісінде әдістері, құралдары, огқытуды ұйымдастыру түрлері
аусқанда ғана түбірлі өзгеріске түседі. Бүгінгі постиндустралды
республикамызда дәстүрлі оқытудың орнына инновациялық мәндегі оқыту
дидактика нәтижелігімен және өнімділігімен оқшауланып отыр.
1.1.Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері
Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын,
білім, іскелік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты калыптастыру мен
дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі максатты бағдарланған
жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың
даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны
белсенді кайта өзгерту, білімдерді аға үрпақтың өскелең ұрпакқа үйретіп,
оны олардың меңгеруі, Оқыту ұрпақ сабақтастығын, коғамның толық күндылықты
кызмет атқаруын және түлғаныңсоған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның
қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі
мазм9нды игеру тетігі - өзара өрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты
үйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың
мазмүнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, окыту процесі циклдік сипатқа ие
болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты
екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалықеңбектердің ең жақын
дидактикалық максаттары:
білім беру — бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп,
олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар
мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани,денелік және еңбек
қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді
шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді
дамыған түлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе
дидактикалық процесс бірдей мағынадағы үғымдар емес. Процесс оқыту
жағдайларының толық педегогикалық қүбылыс ретінде педағогикалықіс-әректтің
үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту үғымымен
і.с-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін "қызмет" үғымы тығыз
байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның
қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші
кезектегі біршама мәндісі - оқушыларда білімділерді, дағдыларды және
шығармашылык. іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру
кызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
(тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған
орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына карай
біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы түлғасын
және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы — бұл оның денесінің физиологиялық және
психологиялықсипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының
сапалы дамуын білдіреді. Сонымен катар, оқытудың профориентациялау
қызметінің де мәні зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық
қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалық йс-әрекетке
дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын
үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креактивтілік қызметІ тұлғаның жан-
жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі —
түрлі реттегі және деңгейдегі зандар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын
заңдылықты түрде дамитын процесс. Зақдылықтар объективті, мәнді қажетті,
жалпы, тұракты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара
байланыстарды бейнелейді. Феноменнің мәнінің қатаң түрде айқындалған
ерекшеліктері — заңдарды қүрайды.

1.2.Оқыту процесінің зандылықтары, ұстанымдары, әдіснамалық негіздері
1.Оқушының білімге ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бүл
заңдылықбаланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға
жағдай жасайды, мүғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын
білімді берудегі белсенді ықыласын қажет етеді.
2.Оқушылардың жеке және үжымдық іс-әрекеттеріне окытушының әсерінің
сәйкес болу заңдылығы; Бұл заңдылық мүғалімнің, оқыту процесінде баланын
айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай қасиетін талап
етіп, сонымен бірге оны дамытыл отыратынын түсінуіне мүмкіндік
жасайды.
З.Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқушы әсерінің
сәйкестігі. Бұл зандылық мұғалімдерден оқушылардың ерекшелігі
контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін,
танымдықмүмкіндіктерін, сабақтыцжәне сабақтан тыс уақыттағы кызығушылыктары
мен мінез -қүлықтарын ескеруді және оқу — тәрбие әсерінің балалардьщ жеке
және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және үжымдық іс-әрекеттерінің
ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.
4.0қытушы мен окушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарынын
мүмкіндіктеріне сәйкестігі. ОТК, нақты бір сабақтьщ мақсаттары мен
міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен колданылуы керек.
5.0қытушы мен оқушының іс-әркетін казіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің
талаптарына сәйкес модельдеу. Сондықтан олардың барлык окулары ойын
түріндегі тіршілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында
меңгерген білімдерін, Іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын
қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын
жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.
Оқытудың үстанымдары оқыту процесінің зандылыкгарынан дамиды. Олар көп
жылдықтәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мектептің
жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.
Ұстаным — бүл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез -
қүлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, үстанымның
заңдыдықтардан айырмашылығы, оның түлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады
немесе оны қажет етпейді. Ал, заңдылықтар түлғаның еркіне тәуелді емес: ол
оны тек қана іс-әрекетті үйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.
Оқыту ұстанымдары — оқытудың мазмүнына, үйьшдастырылуына және
әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, негізгі жағдайлар.
Оқыту процесін құрылымдауда оқытудың ұстамдарына сүйенуге міңдетті
болғандықтан, олардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:
1.Оқытудың саналылық, белсенділікжәне өз бетіншілік ұстамдары оқушылардың
сабақтың мақсатымен міндетіне жауапкершілігін, оның практикалық мәнін
ұғынуды кажет етеді. Оқытудың тиімді әдістері, ОТҚ және басқа да көрнекі
құралдар қазіргі кездегі әдісмелермен тәсілдері арқылы оқушылардың танымдык
белсенділігін арттырады, жаңа материалды оқу және оны тәжірбиеде қолдану
процесінде шығармашылықтың, инциативалықтың дамуына қабілеттендіреді.
2.Оқытудың көрнекілік ұстанымы, көрнекіліктің сабақтың мақсатына және
мазмүнына және жауап беруіне, айқын мазмұнды болуына, ұғымды әрІ түсінікті
болып, шығармашылық және әдістемелік жағынан дұрыс қолданынуына бағыттайды.
З.Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік үстанымдары: оқу пәнінің
білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бүрынғы білімдермен байланыстыра
оқытуды, оқыту процесінін үйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты
бақылау жасауды; оку сабақтарының нақгы жоспарын іске асыруды, оқу
материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды талап етеді.
4.Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде окыту үстанымы оқушылардың ақыл — ой
және деые мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру; оқу материалының және олардың
мазмүндалу қарқынынын күрделілігіне; окушылардың бастапқы дайындығының
деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай
біртіидеп оқытуға; оқушылардың оқу әрекеттерінін қыйыншылықтарын жеңуге
саналы қатынасын тәрбиелеуге бағдарлайды,
5.Білімді іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі ұстанымы:
оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік Іс-әрекеттері
үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның
негізгі мазмұнын берік, әрі үзақ уақытка дейін еске сақтауға деген мақсатын
қалыптастыруды; бүрын оқытылған оку материалын жүйелі ұйымдастырылған түрде
қайталауды; оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бакылау жүргізуді
талап етеді.
б.Оқытудың топтык және жеке тәсілдері ұстанымы: балаларды келісімге
негізделген бірлестіх әрекет;ердс оқытуға, топта жағымды психикалық
жағдайда оқьпуды болжайды.
Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы үйымдасуын формалары мен
әдістерін тандауды белгілейтін үстанымдық ережелері педагогикалық
процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен катар, оқытудың оқушылардың
танымдық әрекеттерінің үйымдасты-рылуымен тікелей байланысты болғандықтан,
оның әдіснамалық негізін арнайы қүрастыру қажет.
Бихевиризм және прагматизм-оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін)
түсіндіруге мүмкіндікжасайтын, оқытудың кең таралған түжырымдамалары. Бұл
бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін
төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл — ойды дамытуды тәуелдендіреді, бүл
позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын үғынуға
болады деген зандылықтардан шығады.
Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға түратыны: Д.Бруннер (АҚШ)
жасаған "жаңалық ашу арқылы оқыту" түжырымдамасы. Д.Бруннердің
тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлык танымдық күштерін
талап ететін және саналы ойлауға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз
бетінше жаңалық ашулары аркылы тануға білімді меңгеруге тиіс.
Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Бруннердің пікірі бойынша, белгілі
бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті
қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың
шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.
Ұстанымы тәжірбиелік педагогикалық іс-әрекетінің нсгізінде жаткан,
қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ереюпеліктері сипатгайды:
1.Оның әдіснамалык негізін таным философиясының объсктивті заңдылықтары
қүрайды.
2.Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі тандағы
дидактикалык жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді, не
қиыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардьш өзбеттерінше
жеке жаңалык аша оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың
жеке пікірлері мен тәуелсіздігІ, белсенділіктерінің, педагогикалык
басқарымның саналы үйлесімділігінде.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы
түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс-әрекеттеріпде окуды
салыстыру арқылы түсіндіруге болады.
Ғылым объективті жаңаны, ал оқушы - субъективті жаңаны таниды, бірақ
қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми
түсініктерді, үғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді
меңгереді.
Ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау,
сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер күрайды, ал
оқушының танымы мүғалім шеберлігінің көмегімен
біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы
тікелей және жанама түрдегі окушының көмегін міндетті
түрдс пайдаланады, ал ғылым тұлға аралык өзара әрекеттің
көмегінсіз таниды. ұалым мен оқушы танымыиың
арасындағы осы зор айырмашылыкка қарамастан, бүл
продестер негізін ұқсас яғни, әдіскамалық негіздері
бірдей.
Оқыту проиесін танымның арншіы ііроцесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы,
дамушы ппсшесс ретінде -карама-қайшылықтарында түсіндіру керек. Осыған
байланысты мүғалім ешқандай тікелёй түзуліктің піындык жолында түрақты
қозғалыс тетіктерікіц болмайтьшын және керісіншс үлкенді кішілі
серпілістердің, қүлдыраудың, күтпеген ойлардың туьшдайтынык, толганыстарын
болатынын білу керек. Таньш бейнемсн беріле отырып, кайшылықтардан пайда
болады. Онда логикалық талдау, индукцйя да. мәндісі де. мөнсізі де болады.
Негізгі қайшылықтар ок.ыту процесініл қозғалыс күші, ссбебі таным
процесі. ол да сарқылмайтын кұбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғадыстағы
кадамдары танымдык. жүие практикалык. міндеттермен оқушылардын
білімдерінің, іскерліктерінін және дағдыларының деңгейлерінің, олардың
ой-өрісінің дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп
түсіндіреді.

1.3.Оқытудың психологиялық негіздері
Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың озекті
мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, ок.ытудың ғылыми
неізін іздестіру басталған, соның негізінде әрбір оқушының жеке
мумкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта
оқытудың ғылыми негІзін іздестІру басталған. Бұл мәселеге орыс
педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинскийде назар аударған. Ол өзінің
"Адам тәрбие пәні" атты еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі
негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең
күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта
да, өз өектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкІлдерінің
бірі Л.С.Выготскийде зерттей отырып, оқыту мсн дамудың аракатынасы
мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
-оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
-оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын
мүмкіндіктерді пайдаланады;
-оқыту мен даму екі түрлІ салыстырмалы процесс;
-оқьіту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға
жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.
Баланы оқьтту мен дамытудың арақатынасы мөселесінің шешімін түрлі
зсрттсушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:
-Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмүнының өзгерісін іздестіру
керек деп есептеді;
-Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленская, Е.А. Кабанова-Миллер білімді,
іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ак.ыл-ой іс-әрекеттірінің
тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдсді;
-Б.Г.Ананьев, А.А.Любинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын
зерттеуге мән береді;
-Л.В.Занков оқытудың дамытушылык әдістеріне еа бірікші, оқыту процесінің
өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;
Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын психологиялық
тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге
қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементтер жиынтығын құрайды.
Жүйенің сипаттамасы мақсаттың, білім мазмұнының, дидактикалык процестердің,
окытудың әдістері, кұралдары, формаларының және оның ұстанымдарымың
сипаттамаларына сәйкес. Дидактикалық тұжырымдамалардан үшеуін бөліп алу
қажет: дәстүрлі, педоцентристикалық жөне дидактиканың казіргі жүйесі.
Оқытудың дәстурлі жүйесіндегі басты рөлді білім беру, мүғалімнің іс-
әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменский, И.Пестолоцци, И.Гербарт секілді
педагогтардың түжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясыньң
дидактикасы қүрайды.
Педоцентристикалык, тұжырымдамада оқытудағы басты рөл оқуга баланың іс-
әрекетіне беріледі. Бұл тәсілдің негізінде Д.Дьюидін жүйесі,
Т.Кершенштейнердің енбек мектебі, В.Лайдың XX ғасырдың басындағы
педагогикадағы реформа кезенінің теориясы жатыр. Г.Кершенштейнер халықтын
"еңбек мектебі" баланы қазіргі мемлекеттің талабына үйрету және әлеуметтік
шығу тегіне сәйкес алдағы кәсіби іс-әрекетке дайындауы керек деген үғымына
сәйкес "азаматтык тәрбие" түжырымдамасын жасады. В.Лай тәрбие мен оқыту
оқушыларға сырттай әсер ету мен олардың оған сурет, модельдеу, сызу, ән-
күй, би сабактары, түрлі ауызша және жазбаша жүмыстар мен жануарларды бағып-
қағу түріндегі жауапты реакцияларының кезектесуі ретінде карастырылуына
сәйестендірілген "әсер ету" формуласына негізделген "әрекеттегі педагогика"
тұжырымдамасын ұсынды.
Қазіргі тандағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу — оқытудың
іс әрекетін күрайды. ал олардың дидактикальтк қарым-қатынасы дидактика
пәнін қүрайды деген түжырымдамадан негіз алады. ҚазІргі таңдағы дамыта
окыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған түжырымдаманы (Л.В.
Занкон, З.И. Калмыкова, Е.Н. Кабанова-Миллер) және түлғалық дамуды
ескеретін түжырымдаманы (Г.А. Цукерман, В.В. Давыдов, Д.Б, Эльконин, С.А.
Смирнов) ерекше атаута болады.
Л.В.Занковтың түжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара
байланыстағы ұстанымдар қүрайды:
- қиыншылықтың жоғарғы деңгейінде оқыту;
-бағдарламалык материалды оқытудың жоғарғы қарқындылығы;
-бастапқы теориялық білімнің маңызды рөлі:
-оқушылардың оқу процесін ұғынуы;
-барлыкқоқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі ұмыс жүргізу.
З.И.Калмыкованың түжырымдамасы бойынша, енімді және шығармашылыкты ойды
қалыптастыратын сжъгр дамытуы болып есептеледі.Өнімді ойды оқып білім
алудын негізі деп қарастыра отырып З.И.Калмыкова онімді ойлаудын
ерекшеліктерінің сырттайкы көрінісі - жаңа білімді озбетінше игеру және оны
іс-әрекетте қолдана білу деп біледі. Мұндай ойдын, негізгі көрсеткіштері:
-ойдын жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;
-ассоциациялық байланыстардын пайда болуының жылдамдығы және дамуы;
-мәселенің үғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімі:
-ойдың жүйріктіхі - кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігінде пайда
болатын ассоциациялық идеялардын, саны.
З.И.Калмыкованың дәлелдеуі бойынша, дамудағы оқыту төмендегі дидактикалық
ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:
а)оқытудың мәселелігі:
ә)оқытудың жекелігі және даралығы;
б)ойлаудың түрлі комаоненттерінін, (нақтылық және абстрактылы және
теориялык) үйлесімде дамуы:
в)ақыл-ой әрекеітерінің тәсілдерін қалыптастыру:
г)есте сақтау әркеттерін арнайы ұйымдастыру:
Е.Н.Кабанова-Миллердін тұжырымдамасы, өзі оқу жұмысының тәсілдері деп
атаған, ойлау операцияларын калыптастырумен байланысты. Оқу жүмысының
тәсидеріне салыстыруды, қортындылауды, себеп-салдар байланысын ашуды
бақылауды, зерттеліп отырған қүбылыстың сипаттамасын қүрастыруды, үғымның
мәнді жәис мәнсіз белгілерін ажыратуды кіргізеді.
Е.Н.Кабанова-Миллердін тұжырымдамасындағы шарттары ретінде төмендегілер
белгіленеді:
1.Оқытудың барлык қатары оқушыларда түрлі децгейлерде толықтырылған оқу
жүмысының тәсілдерін қалыптастыру идеясына сйкестсидірілуі керек;
2.Әрбір оқу пәнінде оку жүмысының негізгі тәсілдерінің болуы жоне оларды
оқушыларда қалыптастыру маңызды;
З.Оқушылар жағынан өздерінің оқу әрекеттерін басқару тәсілдерін
қалыптастыру қажет.
Сонымен жоғарыда қарастырылған түжырымдама-лар жалпы психиканы дамыту
мақсатында оқушылардың психикалык к.ыз.метін (негізінен ойдың) дамытумен
(Л.В.Занков), шығармашылық ойыы дамытумен (3. И.Калмыкова) немесе ойлау
операцияларын қальштастырумен (Е.Н.К.абанова-Миллер) байланысты. Оқу
әрекеттерін үйымдастыруға бағдар ретінде окушылардың жеке қасиеттерін
дамыту тұжырымдамасы кең таралған.
Г.А.Цукерман тұжырымдамасына сәйкес, оқытудағы маңызды міндеттердің бірі
— оқушыларды оқу бірлестігі дағдыларына оқыту. Оку процесі мұғалім мен
баланың бірлестігінін негізнде жасалады. Ол оқу бірлестігіндегі үш басты
сипаттамаларды ажыратады:
-өзара әсердің симметриясыздығы (бала үлкен адамды қабылдамайды, ол өзіне
қажетті білімді ІздестіредІ, ал мүғалім баланың ізденісін ретттеп,
тиімдендіреді);
-баланьң танымдық инициативасы;
-жаңа білімге нақты сұраныс жасау.
В.В. Давыдовтың Д.Б. Элькониннің тұжырымдамалары бойынша оқушыларды
дамыта оқытудың негізінде теориялық білімді сараптау, жоспарлау және
рефлексия арқылы меңгеру процесінде оқу әрекетін оның субъектісінде
қалыптастыру теориясы жатыр. В.В.Давыдовтың және Д.Б.Элькониннің түлғаны
дамыта оқыту түжырымдамасы, бірінші оқушылардың шығарма-шылығын дамытуға
бағытталған.
Берілген шығармашылықтың әдістемесін бейнелейтін, С.А.Смирновтың
түжырымдамасында, педагогоикалық процестің негізгі мақсаты ретінде,
әлеуметтіктәжірибенің каркынды жинақталуымен және баланы ішкі психологиялық
тыныштық пен өз-өзіне деіен сенімді қалыптастыру үйлесіміндсгі қабілетін
мүмкіндігінше дамытудың шарттарын жасау жағдайы қарастырылады. Осы
түжырымдамаға сәйкес, мүғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:
-Оқушының мүғаліммен және бір-бірімен езара әрекеттерін үйымдастыру;
-сабақтарда жеке ойындарды және оку әрекеттерін ұйымдастырудың ойын
формаларын кейіннен пайдалану;
-окушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру.
Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сактау,
ойлау және ұғым калыптастыру, теориялық толыктыру және ақыл-ой
инициативаларын) дамытуға ерекше көңіл аударады.

1.4.Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы
Дидактика (грек тілінен ауд. Dіdакtікаs — зерттеу бойынша, сісіако
-зерттеуші) — балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмүнын
ашатын. білімді, іскерлікті және дағдыны менгеру процесін суреттейтін,
окытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын,
оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігін
күрайды.
Оқыту процесі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағддйдармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен,
қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын
артып отырған оқушы түлғасына койылатын талаптармен детерминделеді.
Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін зандылықтарды
зерттейді, оқыту процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын
тәуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге
асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, үйымдастыру формаларымен қүралдарын
анықтайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтас педагогика ұғымы
Оқушы өміріндегі шебердің рөлі
Өзін-өзі тану пәнінінен лекциялар жиыны
Сынып жетекшісі
Педагогикалық технологиялар
Мұғалім және оның педагогикалық процесті ұйымдастырудағы рөлі - копия
Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері
Прагматикалық педагогика
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Болашақ мұғалімдерге педагогикалық пәндерді оқытудың психологиялық негіздері
Пәндер