Есеп айырысу түрлері



1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.
2. Төлем талап.тапсырмасымен есеп айырысу.
3. Есеп айырысудың чектік формасы.
4. Вексельдермен есеп айырысу.
5. Төлем карточкаларымен есеп айырысу.
6. Инкассолық өкімдермен есеп айырысу.
7. Аккредитивпен есеп айырысу.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу төлемдердің кең спектрін жүргізуде қолданылады: олардың көмегімен жабдықтаушылармен және жеткізушілермен есеп айырысады, зейнетақы және сақтандыру қорларының органдарымен есеп айырысады, қызметкерлермен олардың басқа банктердегі шоттарына жалақыны аудару кезінде есеп айырысады, салықтық және басқа да төлемдер кезінде, банкке комиссиондық сыйақы төлеу кезінде және тағы басқа да жағдайларда есеп айырысады.
Төлем тапсырмалары оларды жазып бергеннен кейінгі он күн ішінде жарамды болады (мұнда жазылып берілген күн ескерілмейді) және егер кері жағдай (төлемді жүргізу үшін ссуда алу) банк пен шот иесі арасында келісілмесе, ақша төлеушіден шотта ақша қаражаттары болған жағдайда ғана орындалуға қабылданады.
Екі жақтың келісімі бойынша төлем тапсырмасымен жүргізілетін төлемдер мерзімді, мерзіміне дейінгі және мерзімі шегерілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем аванстық төлемдер кезінде, яғни тауарды түсіргенге дейін жүргізіледі (2-сурет); тауарды түсіргеннен кейін, яғни тауардың тікелей акцепті арқылы (1-сурет); немесе ірі мәмілелер кезіндегі бөлшектей төлемдер жағдайында жүргізіледі. Мерзіміне дейінгі және мерзімі шегерілген төлемдер тараптардың келісілген қатынастары шеңберінде олардың қаржылық жағдайы үшін залал келтірілмейтіндей жүргізілуі керек.
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар бланкте жазады және бенефициар банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге төрт данада ұсынады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада ұсынады. Төлем талап-тапсырмасы жабдықтаушымен қ\өнімнің нақты жеткізілуі немесе қызметтің көрсетілуі негізінде стандарттлаған бланкіде 3 данада жазлып берілежі және тауарды жеткізу бойынша құжаттарымне бірге төлеу үшін сатып атлушы банкіне жіберіледі. Төлем талап-тапсырмаларын инкассоға (жабдықтаушы банкінде) да қабылдауы мүмкін.
Инкассо – бұл банктік опеарция, осы операция арқылы банк өзінің клиентінің тапсырысы бойынша есеп айырысушылық, тауарлық және ақшалай құжаттар негізінде оған басқа кәсіпорындардан және ұйымдардан тиесілі ақша қаражаттарын алады. Инкассолық қызмет кезінде жабдықтаушының банкі төлем талап-тапсырмасын төлеуші банкіне байланыс органдары арқылы арнайы поштамен өзі жібереді. Есеп айырысуды жеделдету үшін жабдықтаушы мен сатып алушы және олардың банктері арасындағы өзара келісім жағдайында жабдықтаушы банкінен төлеушінің банкіне құжаттарды пошталық жіберу олардың мазмұнын телетайп немеес телефакс арқылы жіберумен алмастырылады.
Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысқанда инициатор жабдықтаушы болғандықтан, бұл құжаттардың төленуі сатып алушының келісімімен (акцептімен) жүргізіліуі керек. Осы мақсатта сатып алушы банкіне түскен төлем талап-тапсырмалары арнайы журналда тіркеледі және тікелей банкпен төлеушіге акцепт үшін қол қоюға беріледі.
Отандық банктік тәжірибе акцепттің әртүрлі формаларын біледі: оң жәнетерсі, алдын-ала және кейінгі, толық және бөлшектей.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу – қазіргі кезде қолма-қолсыз есеп
айырысудың ең кең тараған формасы. Төлем тапсырмасы (1-қосымша)
кәсіпорынның өзінің қызмет көрсетуші банкіне өзінің шотынан белгілі бір
соманы аударуы туралы тапсырмасын білдіреді (1-сурет). Есеп айырысудың бұл
формасы нарықтық экономика жағдайында кеңінен қолданылу тенденциясына ие.

1-сурет. Тауарларды (қызметтерді) кейіннен төлеу кезіндегі төлем
тапсырмасымен есеп айырысулар.
1 – тауарды жеткізу (қызметті көрсету); 2 – банкке төлем тапсырмасын
беру және сатып алушының шотынан қаражаттарды есептен шығару; 3 –
жабдықтаушы банкіне қаражаттарды аудару және ол қаражаттарды алушының
шотына есепке алу; 4 – жабдықтаушыға оның шотына қаражаттардың есепке
алынғандығы туралы хабарлау.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу төлемдердің кең спектрін жүргізуде
қолданылады: олардың көмегімен жабдықтаушылармен және жеткізушілермен есеп
айырысады, зейнетақы және сақтандыру қорларының органдарымен есеп
айырысады, қызметкерлермен олардың басқа банктердегі шоттарына жалақыны
аудару кезінде есеп айырысады, салықтық және басқа да төлемдер кезінде,
банкке комиссиондық сыйақы төлеу кезінде және тағы басқа да жағдайларда
есеп айырысады.
Төлем тапсырмалары оларды жазып бергеннен кейінгі он күн ішінде жарамды
болады (мұнда жазылып берілген күн ескерілмейді) және егер кері жағдай
(төлемді жүргізу үшін ссуда алу) банк пен шот иесі арасында келісілмесе,
ақша төлеушіден шотта ақша қаражаттары болған жағдайда ғана орындалуға
қабылданады.
Екі жақтың келісімі бойынша төлем тапсырмасымен жүргізілетін төлемдер
мерзімді, мерзіміне дейінгі және мерзімі шегерілген болуы мүмкін. Мерзімді
төлем аванстық төлемдер кезінде, яғни тауарды түсіргенге дейін жүргізіледі
(2-сурет); тауарды түсіргеннен кейін, яғни тауардың тікелей акцепті арқылы
(1-сурет); немесе ірі мәмілелер кезіндегі бөлшектей төлемдер жағдайында
жүргізіледі. Мерзіміне дейінгі және мерзімі шегерілген төлемдер тараптардың
келісілген қатынастары шеңберінде олардың қаржылық жағдайы үшін залал
келтірілмейтіндей жүргізілуі керек.

2-сурет. Тауарларды (қызметтерді) алдын-ала төлеггендегі төлем
тапсырмасын есеп айырысу:
1 – алдын-ала төлеммен тауарларды жеткізу (қызметтерді көрсету) туралы
келісім жасасу; 2 – банкке төлем тапсырмасын ұсыну және сатып алушының
шотынан қаражаттарды есептен шығару; 3 – жабдықтаушы банкіне қаражаттрды
аудару және оларды алушы шотына есепке алу; 4 – жабдықтаушыға оның шотына
ақша түскендігі туралы хабарлау; 5 – тауарды жеткізу (қызметті көрсету).

Төлемнің жүргізілуіне кепілдік беру үшін жабдықтаушы мәміле шарттарына
төлем тапсырмасының акцептін енгізуі мүмкін. Төлем тапсырмасының акцепті –
бұл жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі. Акцепт
кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында
көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны орындаумен байланысты шығындар үшін
ақша алу құқы беріледі.
Алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеуі үшін, аталған төлем тапсырмасын
орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің банктік шотында болуы тиіс.
Қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ету ақша жөнелтуші қаржысының есебінен
немесе келісімде көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.
Акцептелген төлем тапсырмасы бойынша төлем келесі тәртіппен
жүргізіледі: жөнелтуші өзі мен алушы-банк арасында жасалған келісімге
сәйкес, акцептелген төлем тапсырмасының сомасына алушы банкке төлем
жүргізуге және санкцияланған төлем тапсырмасын іздестіру немесе орындауға
байланысты шығындарды қалпына келтіруге міндетті. Бқл кезде жөнелтуші төлем
тапсырмасын орындаған кезден бастап алушы банкте төлем жүргізу міндеттемесі
пайда болады.
Төлем тапсырмасы банкпен тапсырма сомасын жеке баланстық шотта
депонирлеу (бронирлеу) арқылы акцептеледі. Акцептелген төлем тапсырмасында
төлем үшін қаражаттардың депонирленгенін растайтын белгі қойылады.
Акцептелген төлем тапсырмалары тек толық сомада орындалуға жіберіледі.
Олардан қолма-қол артық ақша (сдача) алу немесе оларды қолма-қол ақшаға
айырбастауға жол берілмейді. Банкпен акцептелген төлем тапсырмаларымен есеп
айырысу сферасы қазіргі кезде пошта, телеграф және телефон қызметтері үшін,
жолаушылар мен жүктерді тасымалдау бойынша бір реттік операциялар үшін
төлем шеңберімен шектеледі. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысудың бұл
түрінің кемшілігіне құжаттар айналымының айтарлықтай күрделене түсуі мен
ұзара түсуін, клиенттің шаруашылық айналымынан қаражаттардың алынуын
жатқызуға болады.

2. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу.
Төлем талап-тапсырмасы (2-қосымша) – бенефициардың жөнелтушіге
жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша
құнын төлеу туралы қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу
құжаттары негізінде берген талабы (3-сурет).

3-сурет. Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысу: 1 – тауарды жеткізу
(қызметті көрсету); 1а – сатып алушының банкіне төлем талап-тапсырмасын
беру; 2 –сатып алушыға есеп айырысу құжаттарын акцепт үшін беру; 3 –
акцептелген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылады, мұнда сатып алушының
шотынан қаражаттар есептен шығарылады; 4 – жабдықтаушының банкіне
қаражаттарды аудару және оның шотына қаражаттарды есепке алу; 5 –
жабдықтаушыға оның шотына қаражаттардың есепке алғандығын хабарлау.

Төлем талап-тапсырмасын бенефициар бланкте жазады және бенефициар
банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге төрт данада
ұсынады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада ұсынады.
Төлем талап-тапсырмасы жабдықтаушымен қ\өнімнің нақты жеткізілуі немесе
қызметтің көрсетілуі негізінде стандарттлаған бланкіде 3 данада жазлып
берілежі және тауарды жеткізу бойынша құжаттарымне бірге төлеу үшін сатып
атлушы банкіне жіберіледі. Төлем талап-тапсырмаларын инкассоға (жабдықтаушы
банкінде) да қабылдауы мүмкін.
Инкассо – бұл банктік опеарция, осы операция арқылы банк өзінің
клиентінің тапсырысы бойынша есеп айырысушылық, тауарлық және ақшалай
құжаттар негізінде оған басқа кәсіпорындардан және ұйымдардан тиесілі ақша
қаражаттарын алады. Инкассолық қызмет кезінде жабдықтаушының банкі төлем
талап-тапсырмасын төлеуші банкіне байланыс органдары арқылы арнайы поштамен
өзі жібереді. Есеп айырысуды жеделдету үшін жабдықтаушы мен сатып алушы
және олардың банктері арасындағы өзара келісім жағдайында жабдықтаушы
банкінен төлеушінің банкіне құжаттарды пошталық жіберу олардың мазмұнын
телетайп немеес телефакс арқылы жіберумен алмастырылады.
Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысқанда инициатор жабдықтаушы
болғандықтан, бұл құжаттардың төленуі сатып алушының келісімімен
(акцептімен) жүргізіліуі керек. Осы мақсатта сатып алушы банкіне түскен
төлем талап-тапсырмалары арнайы журналда тіркеледі және тікелей банкпен
төлеушіге акцепт үшін қол қоюға беріледі.
Отандық банктік тәжірибе акцепттің әртүрлі формаларын біледі: оң
жәнетерсі, алдын-ала және кейінгі, толық және бөлшектей.
Оң акцепт – акцепттің бұл формасы бойынша төлеуші жабдықтаушының
төлеуге талабын қамтитын әр есеп айырысу құжаты бойынша акцептке келісім
бергендігін немесе одан бас тарқандығын жазбаша формада хабарлауы керек.
Теріс акцепт –төлеушінің жазбаша формада банкке тек ғана акцепттен бас
тартқандығын хабарлайтын акцепт формасы. Белгіленген мерзімде хабарланбаған
бас тартулар банкпен төлеушінің төлемді жүргізуге келісім бергендігі
ретінде түсініледі (молчаливый акцепт).
Алдын-ала акцепт төлеуші жабдықтаушының талабын төлеуге өзінің
келесімін оның шотынан ақшаны есептен шығарғанға дейін беретіндігін
білдіреді. Мұнда егер төлеуші банкке үш жұмыс күні ішінде акцепттен бас
тартқандығын хабарламаса, есеп айырысу құжаты акцептелген деп есептеледі.
Акцепттен әдетте мынадай себептер бойынша бас тартады: тауарға тапсырыс
берілмеді; шот тауарсыз; тауар бұрын төленген; келісілген бағаның жоқтығы;
қате мекен-жай бойынша тауарды жеткізу; сондай-ақ жабдықташы тарапынан
келісім міндеттемелерін бұзумен байланысты басқа да себептер.
Төлем талап-тапсырмасын акцепттеу үшін төлеушіге 3 жұмыс күні (оның
төлеуші банкіне түскен күнін есептемегенде) беріледі. Төлем талап-
тапсырмасын толық немесе бөлшектей төлеуге келіскен жағдайда, төлеуші оны
банктегі шотты пайдалануға өкілеттігі бар тұлғалардың қолдарымен, мөрмен
рәсімдейді және оларды қызмет көрсетуші банкке тапсырады, олардың:
1-ші экземплярі төлеушінің шотынан қаражаттарды есептен шығаруға негіз
болады және банктегі құжаттар ішінде қалады;
2-ші экземплярі бакпен жабдықтаушының банкіне жіберіледі, ол жақта ол
жабдықтаушының шотына қаражаттады есепке алуға негіз болады;
3-ші экземпялрі төлеушіге оның шоты бойынша банктік операция
жүргізгендігінің қолхаты ретінде қайтарылады.
Төлеуден бөлшектей бас тартқан жағдайда төлем талап-тапсырмасында
“Төлеуге сома” (“Сумма платежа”) графасына төлеуші төлеуге келіскен сомасын
жазады.

3. Есеп айырысудың чектік формасы.
Чек – бұл төлеушінің өзінің банкіне оның шотынан чек ұстаушыға чекте
көрсетілген белгілі бір ақша сомасын төлеуге берген бұйрығы. Ақшалай және
есеп айырысу чектерін бөледі.
Ақшалай чектер чек ұстаушыға банкте жалақыға, шаруашылық
қажеттіліктерге, іс-сапар шығындарына, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып
алуға және тағы басқа да жағдайларға қолма-қол ақша төлеу үшін қолданылады.
Есеп айырысу чектері – бұл қолма-қолсыз есеп айырысу үшін қолданылатын
чектер. Есеп айырысу чегі – бұл чек берушінің оның банкіне өзінің шотынан
қаражаттарды алушының (чек ұстаушының) шотына белгілі бір соманы аударуы
туралы бұйрығын қамтитын бекітілген формадағы құжат. Есеп айырысу чегі де
төлем тапсырмасы сияқты төлеушімен рәсімделеді, бірақ төлем тапсырмасынан
айрмашылығы төлеуші чекті төлем алушы кәсіпорынға шаруашылық мәміле жасау
кезінде береді, содан кейін төлем алушы кәсіпорын бұл чекті өз банкіне
төлеу үшін ұсынады.
Сонымен қатар чектер жабылмаған және жабылған болуы мүмкін. Жабылған
есеп айырысу чектері бойынша қаражаттар алдын-ала чек беруші-клиентпен жеке
баланстық шотта депонирленеді, бұл жағдай берілген чектер бойынша төлемнің
кепілі болады.
Жабылмаған есеп айырысу чектері бойынша төлемдер банкпен
кепілдендіріледі. Бұл жағдайда банк чек берушіге оның шотында уақытша
қаражаттың болмауы кезінде банк қаражаттары есебінен чектерді төлеуге
кепілдік береді.
Есеп айырысу чегін алу үшін клиент өзіне қызмет көрсететін банкке
бекітілген формадағы өтініш жазады, бұл өтініште чектердің саны және
қажетті сома көрсетіледі. Осы мәліметтердің негізінде бір чектің лимиті
анықталады, ол лимит әрбір чектің сыртқы жағында көрсетілуі тиіс. Чектерді
алуға рұқсат беертін өтінішке кәсіпорынның басшысының, бас бухгалтерінің
қолдары қойылады және кәсіпорын мөрімен бекітіледі.
Егер клиент барлық есеп айырысу чектерін пайдаланып болса, чектік
карточка банкке қайтарылуы тиіс және банкте ол жойылуы тиіс. Кәсіпорын
чектерге жаңа қажеттілік туындатса және мұнда бір чектің лимиті
өзгертілмеген жағдайда ғана карточка кәсіпорында қалуы мүмкін.
Чектермен есеп айырысу кезінде құжаттар айналымы келесідей жүреді (4
-сурет). Чек беруші тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алған кезде есеп
айырысу чегін жазып береді және ол жерде келесідей мәліметтерді көрсетеді:
- төлем сомасы (цифрмен және жазумен); төлемді алушының атауы; чекті жазып
беру орны;
- төлемнің жүзеге асырылу күні, айы, жылы (ай жазумен көрсетілуі тиіс).
Жазып берілген чек төлемді жүргізу кезінде (чекті алушыға ұсынған
кезде) ғана чек беруішінің қолымен бекітіледі.
Төлеуге есеп айырысу чегін алған кәсіпорын (чек ұстаушы) келесіге көз
жеткізуі керек:
- чек сомасы оның сыртқы жағында көрсетілген және чек карточкасында
көрсетілген шекті сомадан аспауы тиіс;
- чекте көрсетілген чек берушінің шотының нөмірі чек карточкасында
көрсетілген нөмірге сәйкес келуі керек; чекте қойылған чек берушінің қолы
чек карточкасында қойылған қолға толықтай сйкес келуі тиіс.

4-сурет. Чектермен есеп айырысу:
1 – сатып алушы банкке чек кітапшасын беруге өтінішін жазады; 2 – банк
оған чек кітапшасын (немесе бір реттік чек) береді; 3 – тауарларды жеткізу
немесе қызметтерді көрсету; 3а – тауарды чекпен төлеу; 4 – жабдықтаушы
чекті банкке төлеуге ұсынады және соңғысы, яғни банк сатып алушының шотынан
қаражаттарды есептен шығарып оларды жабдықтаушының шотына есепке алады.

Чекті дұрыс тексермеу нәтижесінде болатын шығындарды чекті төлеуге
қабылдаған кәсіпорын (жабдықтаушы) өзі өтейді. Жабдықтаушының өкілі чектің
сыртқы жағына қолын қойып, штамп қояды. Осыдан кейін жабдықтаушы чек
ұстаушы ретінде бұл чекті төлемді алу үшін өз банкіне ұсына алады. Банкке
чекті ұсыну мерзімі – 10 күнтізбелік күн (жазып берген күнді
есептемегенде).
Әлемдік банктік тәжірибеде төлемнің алушысы ретінде кім
көрсетілгендігіне байланысты, чектерді атаулы, ордерлі және ұсынбалы деп
бөледі.
Атаулы чек бойынша төлем чекте көрсетілген тұлға пайдасына ғана
жүргізілуі керек. Ордерлі чек бойынша төлем чекте көрсетілген тұлға
пайдасына немесе сол тұлғаның бұйрығы бойынша (бұл бұйрық онымен чектің
сыртқы жағына жазылады) басқа тұлға пайдасына жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұсынбалы чек бойынша төлем банкке чекті ұсынған кез-келген тұлға пайдасына
жүрзгізіледі. Атаулы чектер басқа тұлғаға ұсынуға жатқызылмайды, ұсынбалы
чектер басқа тұлғаға жай беру арқылы ұсыныла алады, ал ордерлі чектер ұсыну
жазбасын (индоссамент) жүргізу арқылы басқа тұлғаға беріледі.
Чек ұстаушы чекті банкке реестрдің 4 данасымен бірге тапсырады. Реестр
чектер туралы толық ақпаратты қамтуы тиіс: чектердің нөмірлері, чек беруші
мен чек ұстаушының шоттарының нөмірлері, сонымен бірге оларға қызмет
көрсетуші банктердің шоттарының нөмірлері, чектер сомасы. Реестр чек
ұстаушының екі бірінші тұлғасының қолдарымен және мөрмен бекітіледі.
Сонымен бірге қазіргі кезде тауарлар (қызметтер) үшін есеп айырысу
ретінде лимиттелген чек кітапшаларынан чектерді пайдалану кеңінен тараған.
Лимиттелген чек кітапшасы кітапша ретінде тігілген есееп айырысу чектерін
(10, 20, 25 немесе 50 бет) білдіреді. Олар кәсіпорынмен осы кітпашада
бекітілген лимиттен аспайытн сомаға жазып берілуі мүмкін. Чек кітапшасының
лимиті банкте алдын-ал жеке банктік шотта депонирленген қаражатар сомасымен
шектеледі.

4. Вексельдермен есеп айырысу.
Есеп айырысудың вексельдік формасы тауарлар немесе қызметтер үшін
жабдықтаушы мен төлеуші арасында арнайы құжат-вексель негізінде төлемді
кейінге қалдыру (коммерциялық несие) жолымен есеп айырысуды білдіреді.
Вексель – вексель иесіне (вексель берушіге) мерзімі жеткен кезде
қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын төлеуді талап етуге құқық
беретін заңмен бекітілген формадағы жазбаша қарыздық міндеттеме. Заңмен
вексельдің еуінегізгі түрі бөлінеді: жай және аудармалы.
Жай вексель (соло-вексель) вексель берушінің (қарызгердің) белгілі бір
ақша сомасын белгілі бір мерзімде және белгілі бір орында қаражаттарды
алушыға төлеуге жай ештеңемен шарттасылмаған міндетемесін қамтитын жазбаша
құжат. Жай векселді төлеуші өзі жазып береді және оны қарыздық қолхат деп
те есептесе де болады.
Аударамалы вексель (тратта) – бұл вексель берушінің (кредитордың)
төлеушіге векселде көрсетілген ақша сомасын үшінші тұлғаға төлеу туралы
бұйрығын қамтитын жазбаша құжат.

5-сурет. Жай вексельдің айналыс процесі.
1 – сатып алушы (вексель беруші) вексельді тауарды (қызметті) сатушыға
ұсынады; 2 – сатушы (вексель ұстаушы) сатып алушыға (тапсырыс берушіге)
тауарын, қнімін жөнелтеді, жұмысын атқарады, қызметін көрсетеді; 3 –сатушы
вексельде көрсетілген, яғни тқлейтін мерзім жеткенде вексельдегі қарызды
төлегуе төлеушіге ұсынады; 4 – сатып алушы (төлеуші) вексельді төлейді.

6-сурет. Аудармалы вексельдің айналыс процесі.
1 – вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) тауарын және оған
қоса аудармалы вексельді (траттаны) жөнелтеді; 2 – төлеуші (трассат)
акцептелген вексельді вексель берушіге (трассантқа) қайтарады; 3 – вексель
беруші (трассант) акцептелген вексельді ремитентке (аудармалы вексель
бойынша қаражатты алушыға) жібереді; 4 – вексельде келісілген төлем
мерзімінде ремитент вексельді трасссатқа төлеуге ұсынады; 5 – трассат
вексельді төлейді және сонымен бірге вексельдің келесі бетінде төлегені
туралы белгісін салады.
Жай векселден айырмашылығы аудармалы векселде екі емес, кем дегенде үш
тұлға қатысады: векселді беретін вексель беруші (трассант), вексель бойынша
төлемді жүзеге асыруға бұйрық бағытталған төлеуші (трассат), вексель алушы
(ремитент) – вексель бойынша төлемді алушы.
Аудармалы вексель міндетті түрде төлеушімен (трассатпен) акцептелуі
тиіс, осыдан кейін ғана ол атқарушы құжатқа айналады. Жай векселдің вексель
берушісі сияқты, аудармалы векселдің акцептанты да негізгі векселдік
қарызгер болып табылады, ол бекітілген мерзімде векселді төлеуге
жауапкершілікті болады. Акцепт векселдің бетінің сол жақ бөлігінде
белгіленеді және “акцептелген, қабылданған, төлеймін” және тағы сол сияқты
сөздермен сипатталады және міндетті түрде төлеушінің қолымен рәсімделеді.
Вексель қатаң формальды құжат болып табылады. Ол міндетті реквизиттер
тізімін қамтиды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолма-қолсыз есеп айырысу
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Банктің вексельді операциялары
Ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарды түгендеу
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыру
Эквайер - банк банктері
Ақшаның маңызы мен қажеттілігі, шығуы
Қолма-қолсыз есеп айырысу туралы
Ағымдағы міндеттемелер аудиті
Пәндер