Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары



Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3.4

І бөлім. Нарықтың даму тарихы және теориясы
1.1 Нарық түсінігі, экономикалық мәні, даму кезеңдері. . . . . . . . . 5.11
1.2 Нарықтың түрлері мен атқаратын қызметтері. . . . . . . . . . . . 11.16
1.3 Нарық механизмінің мәні мен ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . 16.21

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы нарықтың дамуы
2.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтың даму заңдылықтары. . .21.25
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі және мемлекеттің рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .25.28

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . .28.30

Қолданған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субьектілерін байланыстырушы ұйым немесе тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.
Әкімшілік-әміршілдік жүйенің ұзақ жылдары созылған үстемдігінен кейін нарық механизмін түсіну кімге де болса оңайға соқпайды. Әлі күнге дейін бұқара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілдік, оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне, экономикалық тиімділігі мен бір қалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің және мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарықтық қатынастарға өту ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Нарықтық экономиканың Қазақстан Республикасында қалыптасуының ерекшелігі көптеген себептерге байланысты. Олар: ең алдымен Қазақстанның нарықтық экономикаға өту шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады және Қазақстан әлемдік практикада әкімшілдік-әміршілдікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырады. Сонымен қатар Қазақстан өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орыны болып табылады, және өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен байыту, металлургиялық, химиялық және химия-мұнай кәсіпорындарынан тұрады.
1. Қазақстан-2030. Алматы: Юристь,2003ж.
2. Әубәкіров Я. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998.
3. Әубәкіров Я., Байжұмаев Б.Б., Жақыпов Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория: Оқу құралы – Алматы. Қазақ университеті, 1999.
4. «Экономикалық теория негіздері» Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжомартов, С. Досқалиев, Ж. Жәйшібеков. Алматы, «САНАТ», 1998ж.
5. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Ж. О. Ихданов, Ә. О. Орманбеков. Алматы, ЭКОНОМИКА, 2000ж.
6. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е., Байжомартов Ү.С. Нарықтық экономика негіздері / оқу құралы / , Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1994.
7. Мәуленов С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003.
8. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.
9. С.С Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенова. «Экономикалық теория». Алматы – 2003 жыл.
10. М.Кәрібаев. «Нарықтық қатынастарды қалыптастыру сәтті қадамы». Заң газеті, 26-Мамыр – 2001 жыл.
11. Курс экономической теории: учебник - / под ред. Проф. Чепурина М.Н., Кисилевой Е.А./ , издание – Киров: «АСА» ,2002.
12. Рыночная экономика : Учебник: в 3т. М., 1992.
13. Статическое обозрение Казахстана / журнал/ №4 -20037
14. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория – Алматы-Ақтөбе, 2004.
15. Экономическая теория . /Под редакции Н.И. Базылева / , Минск, 2001.
16. Т. Қожамқұлов, Саяси экономика негіздері, Алматы, «Қайнар»,-1991
17. Ақиқат, -1996 №3
18. «Егеменді Қазақстан», 1999 №7,8,9

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 3-4

І бөлім. Нарықтың даму тарихы және теориясы
1.1 Нарық түсінігі, экономикалық мәні, даму кезеңдері. . . . . .
. . . 5-11
1.2 Нарықтың түрлері мен атқаратын қызметтері. . . . . . . . .
. . . 11-16
1.3 Нарық механизмінің мәні мен ерекшеліктері. . . . . . . . .
. . . 16-21

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы нарықтың дамуы
2.1 Қазақстан Республикасындағы нарықтың даму заңдылықтары. . .21-25

2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі және
мемлекеттің рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .25-28

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .
. . . . . . . . . . . .28-30

Қолданған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . 31

Кіріспе

Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына
немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту,
шаруашылық субьектілерін байланыстырушы ұйым немесе тауар айырбасының
аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық
қатынастар жүйесінің сипаттамасы.
Әкімшілік-әміршілдік жүйенің ұзақ жылдары созылған үстемдігінен
кейін нарық механизмін түсіну кімге де болса оңайға соқпайды. Әлі
күнге дейін бұқара халықтың санасында нарық экономикадағы
еркіншілдік, оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай
жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын
ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі нарыққа
өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне, экономикалық тиімділігі мен
бір қалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің және мәдениеттің
көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарықтық қатынастарға өту
ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің
экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың
сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан
тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.

Нарықтық экономиканың Қазақстан Республикасында қалыптасуының
ерекшелігі көптеген себептерге байланысты. Олар: ең алдымен
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту шеңберінде, егемендікте және
өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады және Қазақстан әлемдік
практикада әкімшілдік-әміршілдікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық
меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік
түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырады. Сонымен қатар
Қазақстан өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орыны
болып табылады, және өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі
кен байыту, металлургиялық, химиялық және химия-мұнай
кәсіпорындарынан тұрады.
Міне осы принциптер арқылы Қазақстан Республикасы нарықтық
экономикаға тез өтіп, жан-жақты даму үстінде.
Нарықтың маңызды қызметі еңбек шығынын, мөлшерін, көлемін және
қоғамдық қажеттіліктерді айқындау. Біздің экономиканың нарықтық
жолға өту кезеңін қамтитын сұрақтар мен мәселелердің шеңбері
күрделі де ауқымды.
Жалпы осы курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде
нарықтық экономика түсінігі, мәні, түрлері мен қызметтері
қарастырылады және артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеміз. Ал
екінші бөлімінде толықтай Қазақстан Республикасындағы нарықтық
экономикаға тоқталамыз. Яғни онда Қазақстан Республикасының нарықтық
экономикаға өту ерекшелігі, даму заңдылығын айтамыз.
Осылайша біз курстық жұмыстың әр түрлі жақтан қарастырып
маңыздылығын аштық.
Сонымен біздің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатымыз –
нарықтық экономиканың теориясын түсініп ең алдымен оның елімізге
маңыздылығын ашу.
Айта кететін жайт, курстық жұмысты жазу барысында Жүнісов,
Байжомартов, Мәуленова, Шеденов теорияларына, ой-көзқарастарына сүйіне
отырып жазылды.

І бөлім. Нарықтың даму тарихы және теориясы

1.1 Нарық түсінігі, экономикалық мәні, даму кезеңдері

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы
сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар
кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық
комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры
іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің қан айналымы жүзеге
асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет
атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына,
экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтардың
біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық
сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Осы күнге дейін нарық мәселесінде теориялық айтыстар
толастамай келеді. Көпшілігі оған әр түрлі пікір айтады. Біреулері
нарықты – у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы
нарықтық экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет дәрі деп
те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен
қайшылықтарды тез реттейтін күш деп те айтады.
Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынас білдіретін
экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар
жүйесінде ұдайы өндіріс процесінде маңызды сатысы, айырбасты
сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті,
тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі.
Нарық – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
В.И. ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. ХІХ-шы
ғасырдың 90-шы жылдарында көптеген еңбектер шығарды. Оның ішінде
нарық жайлы әңгімелесу рефераты және Капитализмнің Россияда
дамуы ғылыми еңбегін айтуға болады. Бұл еңбектерінде Ленин
нарықтың мәні мен ролі жайлы жазды. нарық ұғымын Ленин айтуынша
– қоғамдық еңбекті бөлу ұғымынан алшақ қарауға болмайды.
В.И.Лениннің ойынша, жергілікті тұйықталған нарықтар мен ХІХ-шы
ғасырдың аяғында бүкіл Ресейде ішкі нарықтың болмауы жергілікті
тұрғындардың экономикалық артта қалуының негізі болды.
Дерективті-үлестіру жүйесін басқару кезінде нарық мәселесін
ғылыми зерттеудің қажеттілігі болмады. Әміршілдік – бюрократтық
жүйенің идеологиялық нұсқауының құрсауында болған экономикалық ғылым,
көптеген жылдары нарықтың мәні, ролі, орынына догматикалық көзқарас
бұрынғы Одақ экономикалық жүйесінде басым болды.
Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігіне
қарамастан таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым-
экономистерінің нарық жайлы пікір біркелкі емес. Бірнеше
анықтамаларды келтіріп көрейік.
Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар
арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.
Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру
жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді.
Осы көзқарастың әрқайсында жеткілікті аргумент келтірілген және
нарықтық қатынастардың обьективті нақтылығын көрсетеді, бірақ
мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір:
нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде
қарап, нарықтық қатынастардың субьектісіне сатушы , сатып алушы
және тұтынушылар жатқызылады. Тауар қатынасының дамыған түрі мен
сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе, сатушы мен сатып
алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субьекті болып табылады.
Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық байланыстары сату –
сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді.
Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол
өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп,
экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде
тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы – ақша қатынасы
болатындығы айқындалады.
Нарық іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, оның
бәсекелестікпен шығын минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік
байланыстарды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек,
нарық пен нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы
өндірісті тиімді көрсететін жоғарыдағы іс-әрекеттер екендігі аян.
Мемлекеттік - әміршілдік экономикадан басқасына өту экономиканы
орталықтан жоспарлы басқарудан бас тартуға әкеледі. Себебі,
қоғамның экономикалық өмірін басқаруды жақсы әрі тиімді тек нарық
атқара алады. Нарықтың мәні тұрғысынан қарасақ, біздің ойымызша
нарықтың мәнін дәлірек Ю. Я. Ольсевич айтқан: Нарықты әдеттегідей
айналым саласына теңей салу дұрыс емес, себебі өндіріс, бөлу,
тұтынудың тұла бойы нарықтық таңбамен сызылған.
Нарық - өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық
элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның
тұрақты әсерінде болады. Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол
көптеген саладан және табиғаты әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан
тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын
құрайды.

Нарықтық қатынастардың даму кезеңдері
Нарықтық экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу
құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.Нарықтың қалыптасуы
айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық
қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а)
нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі
нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама
кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ
болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық
қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2
көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты
бола бастайды. Осының нәтижесінде Қоғамдық қажетті шығындар
категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың
бір түрімен Бір тұтас болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе – теңдігі мына айырбас формуласы
бойынша Т1 – Т2 , балама – Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама
тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты
әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза
құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас
болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын
шығындық және шығындық емес деп бөлінетін құрамалары
байланысады. Дүние жүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара
иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы : Т1- тауар
емес балама – Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның
таза иеленушілері – несие ақшалар өзінің тауарлық мәнін
жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің
оқшаулануы – қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып
табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін
нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы
нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар
өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән
болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның
негізін қалаушы Адам Смит ( 1723 – 1790 ) өзінің Халықтар
байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу (1776 ж.) деген
басты еңбегінде - жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі
мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге
лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын.
Сонымен бірге А. Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арсындығы
әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп
көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге
арласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпі қамтамасыз ететін
түнгі күзетшінің рөлін атқару қажет. Мемлекет Laisser faire (
мейлі өзімен өзі жүрсін) саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден
аулақ болуы керек. Бірақ А. Смит осы екі дәлел негізінде жаппай
анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар
мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын жаман
әдеттеріне мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны
төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықта
реттеуге қабілеті болады - деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А. Смит
нарықты экономиканың өзін - өзі реттеу механизмін ашты. Еркін
бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше –
жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады.
Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта
анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді
монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық
нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың алғашқы
кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі,
ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына
кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми –
техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына,
ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне
әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктегі ірі кәсіпорындар
монополиясына негізделген бұрынғы КСРО –ның экономикасы да жатады.
Нәтижесінде, сұраныс пен ұсыныс сұрақтары әкімшілік - әміршілдік
тәсілмен шешілетін , тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған
өндірушілер нарығының типі қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып
отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін
бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге
мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы
– несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен
топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық зерттейтін маркетингтік
қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде
реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама –
ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін
атап көрсету керек .
Шаруашылықты нарықтық ұйымдастыру тарихы әлденеше ондаған
ғасырларға созылғанымен , бірақ ол адамзат қоғамының даму тарихынан
қысқа. Адамзат қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдерде
шаруашылықты нарықтық ұйымдастырудың маңызы әрқилы болды. Ежелгі
дүниеде және орта ғасырларда орасан зор натуралды шаруашылық
аймақтарымен қатар, жергілікті рыноктар құрылды. Жергілікті рыноктар
арасында жай және кездейсоқ айырбас процесі қалыптаса бастады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі нарықтық экономиканың
көптеген жаңа сфераларын және территорияларын қалыптастыруға жағдай
жасады. Нарықтың дамуы тереңдей және кеңейе түсті. Жергілікті
рыноктардың арасындағы байланыстың жүйеленуі біртұтас ұлттық нарықтың
қалыптасуына жол ашты. Енді нарықтық шаруашылық теориясының негізгі
жағдайын айта кетелік.
Нарық дегеніміз тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын
айқындайтын және тауарларды өткізуді жүзеге асыратын айырбас
сферасындағы қатынастардың жиынтығы. Өндірушілер мен тұтынушылардың
арасындағы нарықтық қатынастардың элементтері: баға, сұраныс, және
ұсыныс, бәсеке болады.
Нарықтың маңызды қызметі еңбек шығынын , мөлшерін, көлемін
және қоғамдық қажеттіліктерді айқындау. Нарық арқылы өндіріс
құралдарын және еңбекті салаларға бөлу, сонымен қатар еңбек
өнімділігін ынталандыру және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру
жүзеге асырылады. Қоғамдық өндірістің реттеушісі ретінде рынок
өндірірген тауарлар құрылымын қоғамдық қажеттіліктер құрылымына және
көлеміне сәйкестендіреді.
Формациялық теорияға сүйенген кеңес елі, басқа да бұрынғы
социалистік елдерде орныққан жоспарлы, бір орталықтан басқару
жүйесі тарихта өз артықшылықтарын дәлелдей алмады. Сондықтан
жоғарыда аталған елдер рыноктық қатынасқа көше бастады.
Өндіріс құралдарына жеке меншік өндірушілердің қоғамдық
байланысының ерекше формасын қамтамасыз етеді. Сату, сатып алу
жолымен айырбастау, яғни шаруашылықты рыноқтық ұйымдастыру.
Сөйтіп, нарық адамзаттың ерекше өнер табысы болды, әрі
қоғамдық қажеттіліктерді барынша айқындады. Жалпылама тұрғыдан
алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері, шарттары, түрлері
арқылы ашылады.

1.2 Нарықтың түрлері мен атқаратын қызметтері

Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен
классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты бюылай жіктейді:
ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі
(республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық (қосымша
– 1).
Әлемдік нарық жеке елдің нарығымен байланысты. Ол байланыстар
өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау
операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар
арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның
экономикалық қауымдастық елдері арасында және дүниежүзілік нарық
қалыптасуда.
Ішкі нарық - түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы;
өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-
техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы
енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып,
жағдай мен нәтижелерді сату – сатып алу немесе өндіріс факторы
арқылы жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі
нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын
көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен
байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлісіне қарай топтасқан елден
құралған нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық
қатынастардың жіктелу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз:
дамыған нарық, қалыптасатын нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені
шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Бәсекелік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
а) мемлекеттік нарық – бір субъектінің бағаны анықтауымен
сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектілер болуы
мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан
монополиялық бағаны өзгертуге шамасы келмейді;
ә) олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс-әрекет жасап,
олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
б) монополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәсекелестер көп
болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген
өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең
өрісте варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға
итермелейді.
Сатушы нарығы және сатып алушы нарығы болып та жіктеледі.
Сатушы нарығы деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті
белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың
мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат
алуымен түсіндіріледі. Сатып алушылар нарығы деп сатып алушылар
көп билікке ие болып, нарықтың субъекті белсенділігін сатушылар
жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай
жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай – азық-түлік жәнге азық-
түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата,
аяқ киім, телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі.
Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады: нан-бәлішке өндіру
нарығы, ұн және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім
нарығында мынаны жіктеп қараймыз: тігін (өндірісі), тоқыма
тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай
болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің дамуы
мен қызмет жасауы бір-бірімен байланысты және бір –біріне тәуелді.
Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты.
Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік
емес, қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы)
жалпы ұлттық ішкі нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге
болады.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген
элементін қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады.
Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір –біріне тәуелді. Мысалы,
өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету
салалары - өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет
жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.
Нарықтың рөлі жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі
(қосымша – 2).
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші
роль атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі
үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік
басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып
келіп, сүйкессіздіке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық
өсудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады.
Қоғамдық қажеттілдіктерді өтеу барысында халық шаруашылығы
құрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі
жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы
байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен
тапсырмалар алдымен нарықта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындарының
келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, нарық
белгіленген жоспарды жүзеге асыруды маңызды рөл атқарады Өйткені ол
өндірілген өнімнің оған жұмсалған еңбектің қоғамдық қажеттілігін
дәлелдейді.
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет
көрсету, банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің
призма арқылы тұрақты өзгеруі. Нарықты экономиканың борометріне әрі
айнасына айналдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті
өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ,
әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің
қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар
жеткізеді.
Нарықтың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту.
Бұл қызметін ол бағаның қоғамдық қажетті еңбек шығындарын нақты
сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар нарықтық өзгерістерді
әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.
Нарықтық механизм санациялық (сауықтыру) қызметті де
атқарады. Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз біріңғай
шаруашылықтан тазалап, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай
жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың
50-70% солардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын қызметі
монополияланған саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру
үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың
табиғи күй-жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып,
кәсіпкер өндіріспен байланысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп,
қызметке белсенді кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызменттеріне – тауардың қоғамдық маңызын
мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан
қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарық өндірістің қай жағдайлары қоғамдық қажетті екенін
анықтайды, шығындардв азайту және еңбек өнімділігімен, өндірістің
техникалық деңгейінің өсуін ынталандырады да, осы арқылы, тауарлар
қалай, қандай ресурстардың көмегімен және қандай технологиямен
өндірілетінін анықтайды. Ақырында нарық тауарлар кімдер үшін
өндірілу керек, әр түрлі табыстар мен әр түрлі мамандығы бар
халықтың, әр түрлі бөлігінің арасында ұлттық табыс қалай бөлінуі
керек мәселесін шешеді. Әрбір тауар өндірушінің негізгі міндеті
нарықта өз тұтынушысын табу, оған өз тауарын сату. Нақ осы
тұтынушы өз қолындағы ақшаны пайдалана отырып, ақыр соңында не
өндірілетініне тауарлар қайда кететініне қызмет етеді.
Нарықтық механизм өз қызметінің кәсіпкерлік еркіндігін, әр
түрлі қолдану салаларына ресурстардың ауысуы мен баға құрылу
еркіндігін, сатып алушылар менсатушыларды таңдау еркіндігін
білдіретін экономикалық қатынастарды барынша тиімді жүзеге асырады.
Басқаша айтқанда, нарықтық экономика дегеніміз мемлекеттің
араласуынсыз тиімді қызмет істеу қабілеті бар өзін өзі реттеуші
жүйе. Оның өз ішкі тәртібі бар және белгілі бір заңдылықтарға
бағынады. Жүз мыңдаған тауарлар нарық заңымен орталықтанған
басқарусыз өндіріледі, сонымен қатар сұраныс пен ұсыныстың теңдігі
қамтамасыз етіледжі. Атап өту керек, бірнеше мыңдаған жылдар бұрын
пайда болған нарық табиғи жолмен, өзгермелі жағдайларға бейімделе
отырып, күрделі даму жолынан өтті және осы арқылы өзінің
өміршеңдігін көрсетті. Осы мәнде нарықтық экономиканы адамзат
өркениетінің жетістігі ретінде барлық өмір сүрген қоғамдық өндірісті
ұйымдастыру формаларының ішіндегі ең тиімдісі ретінде қарауға
болады. Сонымен бірге, нарықты қайсыбір кемшіліктерсіз және
қайшылықсыз тамаша механизм ретінде қарау үлкен қателік болар еді.
Қоғамдық еңбектің кейбір ысырапқа ұшырауы өз бетіншелік (стихиялы)
сипатының нәтижесі болады. Жеке кәсіпкерлер қоғамдық қажеттіліктермен
сұраныстың өзгеру тенденциясын дәл анықтай алмайды, сондықтан
материалданған еңбек шығындары артық болып қалуы мүмкін.
Баға мен ұсыныстың өз бетінше ауытқуы өндіріске қатысушылардың
жағдайларының тұрақсыздығын қалыптастырады. Баға төмендеуіне
байланысты өндірушілердің белгілі бір бөлігі бұл саладан шығарылып
жіберіледі, ал бұл кәсіпкерлер үшін толық зиянға отыру болса,
жұмысшылар үшін жұмыссыздыққа ұшырау болады.
Нарықтық экономикада тауарлар ақша көп болған жаққа қарай
бағытталатын болғандықтан, нарық табыстың жетіспеушілігімен байланысты
кейбіреулерді тарықтырса, ал басқалар салыстыруға болмайтын немесе
шектен тыс табыстар алуы мүмкін. Нарықтық механизм пайда алуға
бағдарланған, сондықтан қоғамның алдында тұрған көп міндеттерді,
әлеуметтік қамтамасыз ету, ғылым мен мәдениетті дамыту, қоршаған
ортаны қорғау және т.б. тиімді түрде шеше алмайды. Нарықтық
механизмнің маңызды кемшіліктерінің болуы оны мемлекеттің
экономикалық өмірге араласу жолымен реттеудің қажеттігіне әкеледі.

1.3. Нарық механизмінің мәні мен ерекшеліктері.

Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың
тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің
бірі деп есептеледі, оны математикамен ген инженериясымен ,
электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен
теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті
дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі
формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін,
мұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ
шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс
жасайтын болашағынан үміт күттіретіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан
біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің
демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп
отырмыз.
Сонымен бірге нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі
қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу,
әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік,
жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранысқа ғана
бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған
ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан
адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру құқын реттеп
отыратын шараларды жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім
алу, табыс табу сияқты әлеуметтік – экономикалық құқтарына кепілдік
бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін
қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде
табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта
мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту
жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Мұндай
шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты ахуалды ұстап тұру
мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін , еңбек
ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен
пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін
оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды ,
өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете
алмайды.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық .
Нарық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы туралы
Маркетинг түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары
Комуникация және ақпарат
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Маркетингтің теориясы және тұжырымдамалары жайлы
Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы
ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
Бағаның нарық жағдайына бейімделуі
Кешенді тәсіл
Пәндер