Қазіргі білім берудегі интеграциялық процестер



Кіріспе
Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практика
Шет елдеріндегі білім жүйесінің жағдайы
Студенттердің курстық жұмысын ұйымдастыру
Студенттердің дипломдық жұмысын орындалуына қойылатын талаптар
Қазақстан республикасы жоғары метептің оқытушысына қойылатын талаптар
Қазақстан республикасы жоғары метептің оқытушысына қойылатын талаптар
Жоғары білікті мамандарды дайындау дәрежесін анықтаудың көрсеткіштері және өлшемдік жүйесі
Жоғары мектеп оқытушысының өзіндік жұмыс ерекшелігі
Қазақстан жоғары мектебінен білім алудың қазіргі жүйесінің даму тенденциясы
Жоғары мектепте оқытудың дидактикалық принциптері
Студенттің білімі мен дағдысын рейтинг жүйесі бойынша бағалау
Жоғары білікті мамандарды дайындау дәрежесін анықтаудың көрсеткіштері және өлшемдік жүйесі
Кеңестік және әлемдік педагогикада зерттеушілер интеграцияға ерекше көңіл бөледі. Бүгінде интегративтік-педагогикалық іс-әрекет мазмұны мен бағытын анықтайтын жүйелі көзқарастар, ережелер мен идеялардың жиынтығы, оларды жүзеге асыратын тұжырымдамалар бар.
В.Д.Семеновтың пікірінше, тәрбие қоғамдық құбылыс, рухани қарым-қатынас түрі, қоғамның тәрбиелік әлуетті (әлеуметтендіру) ғана емес, адамды өмірмен бірлікте тәрбиелеудің қозғаушы күші, қарама-қайшылығы, оның көкейтестілігінің жолы. Осыған сәйкес орта педагогикасы «шектес пәндердің ғылыми жетістігін интеграциялайды және оны қоғамдық тәрбие практикасында жүзеге асырылады». Сонымен, осындай интеграция әлеуметтік педагогика үшін «әлеуметтік-педагогикалық тәжірбиелер барысында педагогикалық міндеттерді шешуге, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қорытындылауға, оны практикаға енгізуге мүмкіндік береді» деп есептейді.
М.Н.Берулаваның зерттеу жұмысында жалпы және кәсіптік білім беру интеграциясының тұжырымдамасы ашып көрсетеді. Оның пікірінше, «білім мазмұнның интеграциясы» - білдім мазмұнының жалпы теориялық түсінігі, оқу пәні, оқу материалы, педагогикалық әрекеті, тұлға сияқты деңгейіне қатысты және процестік, мазмұндық жақтарының бірлігін білдіреді. Жалпы кәсіптік білім интеграциясының объективті негізіне ғылым, техника мен өндірісте орны бар интеграциялық процестер алынады. Сондықтан ғылым, техника мен өндіріс интеграциясының негізгі бағыты «дидактикалық бейімделген түрде» жалпы және кәсіптік білім интеграциясына қатысады. Ол білім мазмұны интеграциясының құрылымдық-типтік сипаттамасын, факторларын, принциптерін, қызметін бөліп көрсетеді.
Ю.С.Тюнников жалпы және кәсіптік білім мазмұны интеграциясының полетехникалық аспектісін қарастырып, оның студенттердің полетехникалық бағдарға дайындығын қалыптастыруға әсер ететіндігін анықтады.
Дидактикалық жүйелер синтезі проблемасын В.В.Гаврилюц «қазіргі дидактикалық жүйенің теориялық синтезінің негізі» деген еңбегінде ашып көрсетеді. Онда теориялық синтездің мақсатын – болжаулық қызметі жүзеге асыратын және бейнелейтін тұтас педагогикалық теорияны дайындау деп анықтайды.
М.А.Махмутов, Л.А.Артемьева дидактикалық синтездің ережелерін ашып көрсетеді. Соның ішінде, интегративтік тәсілдің қосындысына, «айнасына» байланысты тұтастық теориясын дайындайды. Жетекші психологиялық-педагогикалық тұжырымдаманың интегративтік негізіне педагогиканың «студентердің танымдық қажеттілігін, оқу мотивін, білім жүйесін, тұтас дүние танымын қалыптастыру мен жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық пәндерді оқытудағы білімнің бытыраңқылығы, жүйеліктің жоқтығы арасындағы» қарама-қайшылықты шешудің тәсілі ретінде синтез идеясы алынады. Авторлар дидактикалық жүйенің интегративті әлеует деңгейін де анықтайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі білім берудегі интеграциялық процестер

Кеңестік және әлемдік педагогикада зерттеушілер интеграцияға ерекше
көңіл бөледі. Бүгінде интегративтік-педагогикалық іс-әрекет мазмұны мен
бағытын анықтайтын жүйелі көзқарастар, ережелер мен идеялардың жиынтығы,
оларды жүзеге асыратын тұжырымдамалар бар.
В.Д.Семеновтың пікірінше, тәрбие қоғамдық құбылыс, рухани қарым-
қатынас түрі, қоғамның тәрбиелік әлуетті (әлеуметтендіру) ғана емес, адамды
өмірмен бірлікте тәрбиелеудің қозғаушы күші, қарама-қайшылығы, оның
көкейтестілігінің жолы. Осыған сәйкес орта педагогикасы шектес пәндердің
ғылыми жетістігін интеграциялайды және оны қоғамдық тәрбие практикасында
жүзеге асырылады. Сонымен, осындай интеграция әлеуметтік педагогика үшін
әлеуметтік-педагогикалық тәжірбиелер барысында педагогикалық міндеттерді
шешуге, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қорытындылауға, оны
практикаға енгізуге мүмкіндік береді деп есептейді.
М.Н.Берулаваның зерттеу жұмысында жалпы және кәсіптік білім беру
интеграциясының тұжырымдамасы ашып көрсетеді. Оның пікірінше, білім
мазмұнның интеграциясы - білдім мазмұнының жалпы теориялық түсінігі, оқу
пәні, оқу материалы, педагогикалық әрекеті, тұлға сияқты деңгейіне қатысты
және процестік, мазмұндық жақтарының бірлігін білдіреді. Жалпы кәсіптік
білім интеграциясының объективті негізіне ғылым, техника мен өндірісте орны
бар интеграциялық процестер алынады. Сондықтан ғылым, техника мен өндіріс
интеграциясының негізгі бағыты дидактикалық бейімделген түрде жалпы және
кәсіптік білім интеграциясына қатысады. Ол білім мазмұны интеграциясының
құрылымдық-типтік сипаттамасын, факторларын, принциптерін, қызметін бөліп
көрсетеді.
Ю.С.Тюнников жалпы және кәсіптік білім мазмұны интеграциясының
полетехникалық аспектісін қарастырып, оның студенттердің полетехникалық
бағдарға дайындығын қалыптастыруға әсер ететіндігін анықтады.
Дидактикалық жүйелер синтезі проблемасын В.В.Гаврилюц қазіргі
дидактикалық жүйенің теориялық синтезінің негізі деген еңбегінде ашып
көрсетеді. Онда теориялық синтездің мақсатын – болжаулық қызметі жүзеге
асыратын және бейнелейтін тұтас педагогикалық теорияны дайындау деп
анықтайды.
М.А.Махмутов, Л.А.Артемьева дидактикалық синтездің ережелерін ашып
көрсетеді. Соның ішінде, интегративтік тәсілдің қосындысына, айнасына
байланысты тұтастық теориясын дайындайды. Жетекші психологиялық-
педагогикалық тұжырымдаманың интегративтік негізіне педагогиканың
студентердің танымдық қажеттілігін, оқу мотивін, білім жүйесін, тұтас
дүние танымын қалыптастыру мен жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық
пәндерді оқытудағы білімнің бытыраңқылығы, жүйеліктің жоқтығы арасындағы
қарама-қайшылықты шешудің тәсілі ретінде синтез идеясы алынады. Авторлар
дидактикалық жүйенің интегративті әлеует деңгейін де анықтайды.

Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практика
Білім беру саласында мамандарды даярлаудың қазіргі қалаптасқан
жүйесінде жоғары педагогикалық оқу орындарындағы педагогикалық практиканың
маңызы ерекше. Педагогикалық практика студенттердің мақсаты әрекеті ретінде
болашақ мамандық саласынан тиянақты хабардар етеді. Практика жоғары оқу
орнындағы оқу процесінің барлық формаларымен тығыз бірлікте бола отырып,
болашақ мамандарды кәсіби-педагогикалық тұрғыда даярлауда шешуші рол
атқарады. Практиканың барлық сан алуан түрлері мен өткізілу жолдарын,
мазмұнын біртұтас күйде қабылдап, қарастырған жағдайда ғана оның болашақ
шығармашылық шабытпен еңбектенуге икемді, іздемпаз да шығармашыл маман
даярлаудағы маңызы арта түседі. Болашақ кәсіби тұрғыда шыңдалған маман
тұлғасын қалыптастыруда оның жеке бас қасиеттері мен іскерлік сапаларын
байланыстыруға мән берген жөн. Бұл өз кезегінде оқу және тәрбие міндеттерін
жүйелі түрде іске асыруға себін тигізеді.
Студенттердің бойында кәсіби дағдыларды қалыптастырудың маңызы зор,
осы негізде оның педагогикалық қабілеттері, дағдылары мен іскерліктері,
педагогикалық шеберліктері дамиды. Жеке тұлғалық кәсіби сапалардың ең
бастысы кәсіби бағыттылық болып табылады.
Педагогикалық практикадағы кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың негізгі
мазмұны; практикалық-танымдық өндірістік міндеттерді шешуде бар күш-жігерін
жұмсап интеллектуалды ойлауын дамытуға әсер ету организмнің физиологиялық
процестерін реттеуге бағытталады. Кәсіби бағытталудың негізгі компаненттері
өз мамандығына деген қызығушылық, мақсат қою, қиындықтарды жеңе білу,
қоғамдық және танымдық белсенділік, жауапкершілік болып табылады.
Педагогикалық практика өзінің ішкі мәні бойынша кәсіби бағыттылықты
қалыптастырудың басты тиімді де өзекті жолы болуы заңды.
Педагогикалық практиканың өзіндік ерекшелігі сонда ол шикізат
ретіндегі әлі де кәсіби сапаларды толық меңгермеген болашақ маманның бойына
осы қасиеттер мен сапаларды дарытады.
Педагогикалық практика біртұтас педагогикалық процес ретінде мақсат
қоя отырып маманды қалыптастыру мазмұны студенттің іс-әрекеті
студенттерді оқыту әдістерін белгілейді. Педагогикалық практика барысында
студенттердің бойында жекелеген кәсіби сапаларды қалыптастыра отырып, мына
міндеттерді жүзеге асыруды да назардан тыс қалдырмау керек, теориялық
білімдерін тереңдетіп және бекітіп, оны нақты оқу-тәрбие ситуацияларында
пайдалану; өз мамандығының қоғамдық-әлеуметтік маңызы мен орнын анықтау
т.б.
Педагогикалық практика барысында сонымен қатар студенттердің
практикалық жұмыстары мен шығармашылық ізденістері үнемі қадағаланып және
талданып отырылуы керек. Педагогикалық практикаға жүйелі нысан мен бағыт,
оқу бағдарламасына сай ұйымдастырылуы, практиканың өз мақсатына жетіп,
кәсіби бағыттылыққа арналған нәтижелі шаралардың жүйелілігін қамтамассыз
етеді.

Шет елдеріндегі білім жүйесінің жағдайы

Еліміздің білім беру жүйесін реформалауда әлемдік тәжірибені
ескеруіміз керек. Көп елдер ішінде үздіксіз білім беру тұжырымдамасын
жүзеге асыратын білім беру стандарттары негізінде алдыңғы қатарлы дамыған
елдер тәжірибесін оқып үйрену тиімді екендігін ескерген жөн. Елбасы
бекіткен білім беруді дамытудың 2005-2010жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасында 12 жылдық орта білімге көшу берілген. Қазіргі дайындық
кезеңінде, дамыған елдердің білім жүйелерінің даму тәжірибесін пайдаланып,
еліміздің білім жүйесінің ерекшелігін және экономикасының дамуының бағыт-
бағдарын ескере отырып, білім саласында түбегейлі реформа жасау мүмкіндігі
туындап отыр.
Бүгінгі таңда Ұлыбританияда үздіксіз білім берудің жаңа құрылымы
түзілген. Ол түрлі бағыттар бойынша маман даярлауды бастауыш, орта және
жоғарғы мектептерде жүзеге асырады. Жалпы ұлттық бағыттар негізінде жоғары
сапалы маман дайындауды жүзеге асыру мақсатында британдық педагогтар
бірімен-бірі тығыз байланысқан 5 деңгейлі жаңа ұлттық кәсіби квалификацияны
енгізген. Бұл жүйені енгізу нәтижесінде жоғары деңгейдегі квалификациялық
еңбектің сапасы 50 пайыз өскен.
АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Қытай,
Нидерланды елдерінде білім жүйесін дамыту мақсатында жүргізілген барлық
реформаларды зерделей зерттегенімізде, еліміздің білім жүйесін дамытуға
байланысты белгілі бір жұмыстар жүргізілгенімен, осы елдердегідей түбегейлі
реформа болмағаны білініп тұрады.
Германияда білім берудің біршама күрделі жүйесі қабылданған.
Оқушылардың кәсіби бағыттылығын дифференцациялау 3 типтегі орта мектептерде
жүзеге асыру көзделді. 5-6 сыныптар жалпы бағдарлы сыныптар болып
есептеледі. Олардың міндеті - әр оқушының қабілетін анықтау. 7 сыныптан
бастап оқушылар өздерінің қабілеттеріне қарай үш мектептің – жалпы мектеп,
реал мектеп, гимназияның бірінде оқуларын жалғастырады. Олардың оқу
жоспарлары бір-бірінен өзгеше болып келеді. 10 жылдық негізгі мектеп
балаларды кәсіптік оқу орындарына түсуге, 12 жылдық реал мектеп – арнаулы
жоғары оқу орындарына, ал 13 жылдық гимназия университеттерге түсуге
дайындайды.
Гимназия 11 сыныптан бастап арнаулы оқу бағдарламасымен білім алуға
қажетті іргелі білім береді. Гимназияның оқу жоспарының негізгі ерекшелігі
– 9 сыныптан бастап оқушылардың таңдауларына жаратылыстану-математика,
ғылым-экономика, музыка және басқа да бағыттардағы дифференциалды пәндер
жүйесін ұсынатындығында.
Гимназияның жоғары сыныптарында (11-13 сыныптар) барлығына міндетті
және оқушылар өздері таңдайтын күрделі курстар жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе
жалпы білім алумен бірге әрбір оқушының өзіндік қабілеттерін толық ескеруге
мүмкіндік береді. Оқушыларға ұсынылатын күрделі курстар жүйесі – тіл-
әдебиет, қоғамдық-ғылыми және жаратылыстану-математика сияқты міндетті үш
курс негізінде іске асырылады. Әрбір оқушы осы үш курстың екеуіне жазылуға
міндетті және оның ішінде міндетті түрде шетел тілі мен математика және
жаратылыстану ғылымының бір пәні болуы тиіс.
Гимназия бітіргені жөнінде атестат беру үшін 4 пәннен емтихан
алынады. Емтихан тапсырушы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жақсы
білім, ал өздері таңдаған күрделі курс бойынша үздік білім көрсету керек.
Емтихан ауызша және жазбаша түрде өткізіледі.
Университеттерде талапкерлер емтихансыз қабылданады. Олар
университеттерде өздерінің гимназияда алған барлық құжаттарының көшірмелері
мен белгілі бір мамандықты таңдағаны жөнінде өз ойын жазбаша түрде
жібереді. Әр университет талапкерлерді қабылдау үшін олардың жіберген
құжаттары мен жұмыс жасайтын қабылдау комиссиясын құрады. Қабылдау
комиссиясы талапкерлердің гимназияда таңдаған мамандықтарын терең меңгеруге
қажетті пәндерді қандай деңгейде игергендеріне ерекше көңіл аударады.
Болашақ жұмысшы мамандарды жаппай даярлау Германияда өндірістік
шәкірттік негізде жүзеге асырылады. Шәкірттік жүйе бойынша маман даярлау
халықтық мектеп бітірушілердің 65 пайызын, ал реалды мектептің 12 пайызын
құрайды. Бұл жүйеге сәйкес өндіріс орындарындағы кәсіби мектептерде оқушы
аптасына 10 сағат дәріс алады. Оқушы кәсіпке байланысты ептілік пен дағдыны
жұмыс орнында қалыптастырады. Мұны негізгі дидактикалық қағидада еңбектегі
іс-әрекеттерді көрсету және қайталап жаттығу деп атайды. Ол ұшін арнайы
жұмыс орындары немесе оқу орталықтары құрылады.
Неміс зерттеушілері бұл жүйенің төмендегідей кемшіліктерін көрсетеді:
- көптеген өндіріс орындарында оқу жоспарымен бағдарлама талаптары
орындалмай қалады, оқушылар нұсқауларға сәйкес көрсетілген ептілік пен
дағдыны меңгерумен шектеледі;
- оқу шеберханалары өндірістің қызметіне сай пайданылмайды;
- өндіріс орындары шәкірт үшін арнайы оқу орындарын ашуға бара
бермейді, өндіріс орындарындағы оқу үрдістерін жүргізу және оны басқару
тәлімгер шеберлерге жүктелген. Олар әдетте мына талаптарға сай болуы керек:
а) 24 жастан үлкен болуы; ә) өмірлік және кәсіби тәжірибесінің болуы; б)
теориялық және әдістемелік дайындыққа емтихан тапсырған болуы керек.
Оқыту жүйесін жетілдіруге бағытталған бірнеше қаулы қабылданып, ол
баспалдақты құрылымға ие болды. Бұл құрылымға сәйкес Германиядағы кәсіптік
білім берудің төмендегідей формасын қабылдады:
- алғашқы кәсіби дайындықтың жылы (кәсіптік оқытудың түрі, онда бағыт
бойынша теориялық мағлұмат беріледі).
- оқушылар бірімен бірі жақын мамандықтар жөнінде теориялық және
практикалық білім алады;
- мамандандыру бағыты бойынша жұмыс жүргізіледі және ол емтихан
тапсырумен аяқталады.
Жапонияда 9-сыныпта 12 пәннен дәріс берілетін болса, біздің елімізде
-17. Сол 12 пәннің ішінде музыка, өнер, адамгершілікке тәрбиелеу,
өндірістік технология және үй шаруашылығы, дене тәрбиесі бар және ол пәндер
1-сыныптан бастап оқытылады. Ал бізде технология және дене тәрбиесінен
басқа 15 пәннің барлығы да – нақтылы пәндер. Жапониядағыдай топтастырылған
және пәнаралық пәндер оқытылмайды. Сондай-ақ ұлттық тәрбиеге баса назар
аударған, демек мектеп қабырғасында арнайы тәрбие жүйесін қалыптастыру
керек. 12 жылдық білім мазмұнын анықтағанда жоғары және арнаулы оқу
орындарында оқытылатын жалпы білім беретін барлық пәндердің мазмұны мен
орта мектепте оқытылатын пәндердің мазмұнын қайтадан толықтыру керек.
Себебі бір жағынан, жоғары және арнаулы оқу орындарында өтілетін көптеген
пәндерді мектепте оқытып, екінші жағынан, қазіргі уақытта мектепте
өткізілетін пәндерде берілген көптеген ақпарат материалдарды алып тастау
керек. Ал мұндай өзгерістер жоғары және арнаулы орта білім мазмұнын да
қайта түбегейлі қарауды қажет етеді. Яғни білім жүйесінің барлық
сатыларының білім мазмұны тұтастай бірге қарастыруы қажет, мұндай
жұмыстарды нәтижелі атқару үшін арнайы ұжымдар құрылып үйлесімді іс
атқарылуы керек.
АҚШ-та 7 және 8 сыныптардан бастап оқу жоспарына оқушылар өздері
таңдайтын пәндер енгізіледі. Бұл сыныптарда оқушыларға кәсіптік бағдар
беруге көп көңіл бөледі.
9 сыныпта оқу кеңінен дифференциалдық сипат алады. Дифференция
көптеген міндетті түрде оқытылатын пәндердің, әсіресе математика-
жаратылыстану цикілі пәндерінің әртүрлі деңгейінде күшейе түседі. Мектептің
жоғары сатысында (11-12 сыныптар) оқыту үш бағытта – академиялық кәсіптік
және жалпы бағыттарда жүргізіледі. Тек академиялық бағыт қана оқушыларды
университеттерге түсуге дайындайды. АҚШ-та оқушылар 10 сыныпқа дейін
өздерінің келешекте алатын білімі жөнінде шешім қабылдайды деп есептеледі.
Сондықтан 10 сыныптан бастап әдеттегі ағылшын тілі, қоғамтану, математика,
жаратылыстану сияқты академиялық пәндер оқушылардың өздері таңдайтын
пәндермен толықтырылады.
Талапкерлерді университеттерге қабылдау мынандай критерилер негізінде
іске асырылады: мектеп бітіргені жөніндегі аттестат бағалары, мектеп
жолдамасы, осы мамандықта оқи алатын және мамандық бойынша ғылыми жұмыс
жасауға қабілеттілігін анықтайтын тестілер және университетте өткізілетін
арнайы сұхбаттасудың қорытындысы.
Францияда колледждің 4-3 сыныптары (біздің білім жүйеміз бойынша 8-9
сыныптар) бағдарлау цикілі болып есептелінеді. Бағдарлау цикілі жалпы білім
беру технологиялық 2 бағыттан тұрады, бұл бағыттардың білім мазмұндары
әртүрлі болады. Ол оқушыларға өздерінің келешектегі білім бағдарларын
анықтауға көмектеседі.
3 жылдық лицей (10-12 оқу жылдары) жалпы және технологиялық білім
болып бөлінеді. 2 сыныпта (10 оқу жылы) міндетті және факультативті пәндер
оқытылады. 1 және соңғы сыныптарда (10-12 оқу жылдары) оқыту арнаулы
секциялар: А секциясы 3 кіші секцияға – жаратылыстану пәндері мен
математика, шетел тілдері мен ежелгі тілдер, гуманитарлық пәндер мен өнер
болып бөлінеді; В секциясы - әлеуметтік-экономикалық; S секциясы –
жаратылыстану-математика және ол соңғы сыныпта екі кіші секцияға –
математика және физика, математика және жаратылыстану болып бөлінеді; Е
секциясы – математика және техника; Ғ секциясы – конструкция механикасы,
электроника, электротехника және т.б.; Е секциясы - медециналық-әлеуметтік
ғылымдар, музыка, қолданбалы өнер; G секциясы - әкімшілік іс-қағаздарын
жүргізу, коммерциялық істер; Н секциясы – информатика секциялары негізінде
жүргізіледі.
Лицей бітірушілер жалпы және технологиялық секциялары білімнің
бакалавр дәрежесін алу үшін емтихан тапсырады. Бакалавр дипломы (білім
аттестаты талапкерлерге өздері оқитын секция бағдарына сәйкес келетін
университет мамандықтарына емтихансыз түсуге мүмкіндік береді.
Ұлыбританияда 6 жылдық бастауыш мектептен кейін оқушылар 5 жылдық орта
мектепте оқиды. Жоғары мектепте (12-13 сыныптар) бағдарлы білім беріледі.
Бағдарлама бойынша оқытылатын пәндер 4-6-ға дейін азайтылады және барлық
күш осы пәндерді терең оқытуға бағытталады. 10сыныпта оқитын барлық
оқушылар өздері келешекте оқитын университеттермен тығыз байланыс жасайды,
әрбір екі ай сайын тестілер алып оған жауап береді. Осылай өздерінің
таңдаған мамандықтары бойынша білімдерін тереңдетіп отырады. Бұл тестілер
негізінен мектептерде тексеріліп, тест орталығына жіберіледі. Олар саралай
келе олардың ұсынған бағыттарына қарай ұсыныстар жасайды немесе қандай
бағытта білімдерін жетілдіру керек екендігін айтады.
Сингапурда білім беру жүйесі өзгермелі және оқушылардың
қабілеттеріне қарай қызығушылығын артыра отырып, адамгершілікке
тәрбиелейді. Оқу бағдарламасы кең көлемді пәндер тізімін құрайды: ағылшын
тілі, ана тілі, математика, жаратылыстану, гуманитарлы ғылым. Ана тілін
оқытуда міндетті түрде оқушылар өз халқының мәдениетін тұсініп білуі керек,
ал оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
Жекеменшік ақылы мектептер арнайы басқарумен басқарылады, оқу ақысын
өздері тағайындайды, сонымен бірге автономиялық мектептер мен мемлекеттік
мектептер бар.
Сингапурдағы әрбір бала 10 жылдық жалпы білім алады. 6 жастан бастауыш
мектепте, орта мектепте оқиды. Білім беру жүйесі бойынша оқу, санау, екі
тілді білу, дене және ақыл-ой тәрбиесі, шығармашылық даму мен өзбетінше
ойлау қажеттігі бар.
Университеттік білім Сингапурда 1905 жылы медициналық коллежд
негізінде пайда болды, сонан соң 1929 жылы Рафлз колледжі: гуманитарлы және
дәлдік ғылым факультетіне тұрды. 1949жылы екеуі қосылып Сингапур
университеті болды. Жоғары білім саласында экономикалық комитет ұсынысы
бойынша алдыңғы қатарлы технологияға назар аударады, ғылыми зерттеулер
саласындағы мамандар санын көбейту бағытын басшылыққа алады.

Студенттердің курстық жұмысын ұйымдастыру
Практикалық, семинарлық сабақтардың маңыздылығы өз алдына, студенттер
өткен курстарда алған теориялық білімдерін басшылыққа ала отырып курс
жұмыстарын жазу барысында ізденеді, фактілерді талдауға, жинақтауға,
бағалауға, зерттеу жұмысында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді игеруге
машықтанады. Осындай сан-сала шығармашылық ізденістер, зерттеу жүргізу
нәтижесінде орындалатын курстық жұмыстар студенттердің ғылыми-танымдық
көзқарасының кеңеюіне, жауапкершілігінің артуына, күнделікті үлгерімінің
жақсаруына да игі әсер етеді.
Өкінішке орай жоғары мектептерде түрлі себептермен студенттердің жазу
дағдысының қалыптасуына жеткілікті көңіл бөліне бермейді.
Курс жұмыстары студенттердің алған теориялық білімін зерттеу
жұмыстарының барысында практикалық тұрғыда қаншалықты қолдана білу
біліктілігінің де көрінісі.
Жұмысты мазмұнды, жоғары талапқа сай орындау студенттерден кәсіби
білім мен бейімділікті, жазу мәдениетін, талдау мен жинақтаудың
қағидаларын, амал-тәсілдерін білуді, белгілі мөлшерде эстетикалық
сауаттылықты, сөз өнерін сүйюді қажет етеді.
Курстық жұмыстар студенттердің жоғары кәсіби білім алу жолындағы
маңызды әрі міндетті оқу-педагогикалық шаралардың бірі болғандықтан олардың
құрлысы мен жалпы мазмұнына, орындалуына белгілі бір талаптар қояды.
Курстық жұмыстардың сапалы, мазмұнды орындалуы мамандық беретін
кфедралардың және студенттердің даярлығына байланысты. Оқу жылы барысында
кафедралар курс жұмыстарының тақырыптарын талқылаудан өткізіп, бекітуге
тиісті. Тақырыптардың тым ұсақ, жеңіл, таптаурын немесе тым ауқымды, аса
күрделі болмау жағына мән беруі керек.
Курстық жұмысқа кірісер алдында ең алдымен жалпы жұмыс жоспарын жасап
алу міндетті. Ол мынадай бөліктерден тұрады: а) тақырып таңдау; ә)таңдаған
тақырыпты жан-жақты талдап ашуға қажетті материалдарды іріктеу, тізбесін
жасау; б) іріктелген материалдарды оқу, тақырыпқа сай жүйелеу, міндет-
мақсатты айқындау; в) курс жұмысының нақтылы жоспарын жасау; г) жұмысты
жазу, аяқтау.
Курстық жұмысқа кірісудің бастамасы тақырып таңдаудан басталады.
Іріктелген материалдарды байыппен оқып шығып, тақырыпқа сай талдайтын,
сілтемелер жасайтын қажетті тұстарын белгілеп, зерттеу еңбектер мен оқулық
материалдарымен танысып, олардағы түйінді тұжырымдарды дәйектеме ретінде
пайдалану үшін жазып алған абзал. Осындай даярлық жұмыстары барысында
зерттеу жұмысын тақырыппен байланыстыра қандай аспектіде қарастыру, яғни
тақырыпты ашудың амал-тәсілдері, жолдары айқындалады. Бұл сілтеме,
дәйектемелердің қандай зерттеуеңбектерінен, газет-журналдарынан алынғаны,
авторлары, баспаның атауы, жарияланған жылы, айы, күні және беттері дәл
көрсетілуі қажет. Студенттердің курстық жұмыстары: кіріспеден, негізгі
тараудан, қорытынды мен әдебиет тізімінен тұрады.
Студенттердің дипломдық жұмысын орындалуына қойылатын талаптар

Жоғары оқу орындарының оқу жоспарларында дипломдық жұмыстар
студенттердің өзіндік ғылыми ізденістерінің ең жоғары түрі саналады.
Дипломдық еңбек курс жұмысынан қарастыратын проблематикасы, зерттеу
амал- тәсілдері тұрғысынан да, мазмұны мен көлемі жағынан да әлдеқайда
күрделі, ауқымды жұмыс. Онда студенттер тақырып, мәселе бойынша еңбектерде
айтылған пікірлерді, талдауларды жинақтап қана қоймай, өз бетінше
ізденіп, оларды дамыта қарастырады,сөйтіп, өзіндік түсінік, көзқарасын да
танытады.
Дипломдық жұмыстар жазу әдетте үнемі үздік және жақсы оқыған, ғылыми
үйірмелерге белсене қатысып, кафедраның ғылыми конференцияларынада
баяндамалар жасап төселген, ғылыми ізденіске бейімділіген танытқан
студенттерге тапсырылады. Бұл жұмыстар талапты жастардың теориялық
білімі мен жазу дағдысының қалыптасқанын, шығармашылық қабілетін айқын
танытуына мол мүмкіндік береді.Алайда сапалы диплом жұмысы студенттердің
жоғары оқу орнында алған жоғары теориялық білімінің көрсеткіші, бұл
білім қоры бітірушінің ертең мектепте қызмет еткен кезінде өзін
білімдар, үнемі шығармашылық ізденіс үстіндегі ұстаз ретінде танытуына
мол септігін тигізері анық.
Дипломдық жұмыстар студенттердің жоғары теориялық білімнің
көрсеткіші әрі мамандық пән бойынша мемлекеттік емтиханның орнына
қабылданатын болғандықтан, оларға тақырыптық – проблематикалық жағынанда,
талдау сапасы, мазмұны тұрғысынан да жоғары талап қойылады.
Курстық жұмыс тақырыптарын әдетте кафедра ұсынса, диплом
тақырыптарын студенттердің өздерінің таңдауына ерік береді, кейде ғылыми
жетекші-оқытушымен ақылдаса отырып та тақырыпты белгілеуге болады.
Тақырыптың курс жұмыстарының тақырыбынан күрделірек, ауқымдырақ болуына,
мүмкіндігінше студенттерді қызықтыратын тартымды, алуан түрлі проблемаға
құрылған, теориялық сипатта болуына көңіл бөлген жөн.
Диплом жұмыстарына салыстыра талдауға құрылған тақырыптар ұсынуыда
ұтымды. Бұл олардың бір қаламгерлердің еңбегімен шектеліп қалмай,
кеңірек, жан-жақты ізденулеріне, тақырыптас еңбектерді өзара тақырыптық –
идеялық т.б. тұрғысынан әр қырынан салыстыра талдап, шеберлік туралы
нақтылы қортынды жасауға мүмкіндік туғызады.
Тақырыпқа дайындық барысында студенттер әлденеше ғылыми, еңбектермен
танысады, қажетті тұстарынан сілтемелер жасауға керекті пікірлерді
конспектілейді, сөйтіп жазу барысында қарастырып отырған проблемасын жалаң
алмай, еңбектерді өзара салыстыра талдайды, кемшілік – жетістіктерін әділ
таразылауға ұмтылады.

Қазақстан республикасы жоғары метептің оқытушысына қойылатын талаптар
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру
жүйесін оңтайландыру қажет. Онда азаматтық міндеттерді жүзеге асыру
үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру,
бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу керек.
Оқытушыларға қойылатын талаптар:
- оқытушы жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі түлға
және маман оқытушы болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар оқытушы
жоғары деңгейде болады;
- оқытушы педагогтық, психологиялық білімін күнделікті ісіне шебер
пайдалана білуі қажет. Дүниежүзінде ғаламтану үрдісі жүріп жатқандықтан,
ақпараттар ағыны көбейгендіктен жан-жақты хабардар болуы керек. Көп білу
үшін көп ойлау, оқу керек. Интернет жүйесін білу керек;
- міндетті жоғарғы білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану,
ақпараттардың көбеюі, т.б. оқытушының білім берудегі жетекші ролін жойды.
Енді білім беру негіздерін өзбетінше оқып үйренуге студентті баулу міндеті
тұр;
- оқытушы ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік сараптамалық
қабілеттермен қатар, өз бойындағы педагогикалық жағдайаттарды, дәйектерді,
құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын
анықтай білуге де бейім болуы шарт;
- оқытушының адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс
тауып, ол ұстанымды студент тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Студент ықпал
ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек;
- бұрын оқулықтар мен бағдарламалар ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән
менталитеттерін ескермей, оқыту мен тәрбие үрдісі орталықтан басталады.
Соның нәтижесінде ұлттық сана мен нұқсан келтіреді, өз ана тілін ұмытқан
ұрпақ пайда болады. Оның орнын толтыру оңай шаруа емес. Сондықтан жаңа
заманға лайық этнопедагогика мен этнопсихология ғылыми негіздерін
меңгеруі тиіс;
- кешегі педагогикадағы жақсы үрдістерді ысырып тастамаған абзал;
- жершары бүкіл адамзат үйі екенін естен шығармай, дүниежүзілік
хабарлар кеңістігінің мүшесі болып, интернет жүйесіне ену қажеттілігі
туып отыр;
- мамандар өзара араласып, ақылдасып атқарған істің жемісті болатыны
белгілі. Ендеше, жаңа оқулықтар оқыту әдістемесі мен дидактикалық
материалдар даярлау барысында ғалымдар мен ұстаздар бірлесіп еңбек етсе,
олардың сапасы да талапқа сай болары сөзсіз;
- оқытушылар ынтымақтастық педагогикасы қағидаларын өз ісінде
басшылыққа алулары тиіс. Ең бастысы оқытушы өзінің өмірімен, білімімен,
зерделілігімен, сауаттылығымен, яғни барлық ісімен үлгі болатын тұлғаға
айналуы қажет;
- оқу мен тәрбие егіз екендігін естен шығармауымыз қажет.

Студенттердің өзбетінше жұмысының мақсаты мен мазмұны

Студенттердің өзіндік жұмысы – сабақ кезінде және сабақтан тыс
арнайы бөлінген уақытта оқытушының жетекшелігімен және кейде
қатысуымен орындалатын студенттердің жекелеген және ұжымдық іс-
әрекетінің әрқилы түрлері.
Студенттердің өзіндік жұмысының әдіснамалық негізін іс-әрекет
құрайды, бұл ретте оқытудың мақсаты студенттерден типтік және типтік
емес мәселелерді шешу дағдысын қалыптастыруға бағытталады, яғни шынайы
жағдайларда олар нақты пән туралы білімін көрсетуі қажет. Сипатау,
әзірлемелер мен әдістемелік нұсқауға дайындау, оқу, анықтамалық,
әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді таңдау.
Студенттердің өзіндік жұмысының түрлеріне әдебиеттерді конспектілеу,
әдебиеттер бойынша мәнжазба жазу, кітаптарға, мақалаларға аннотация жазу,
ізденушілік-зерттеушілік сипатындағы тапсырмаларды орындау, ғылыми -
әдістемелік әдебиеттерге терең талдау жасау және эксперимент жүргізу,
гигиеналық, емдік, өндірістік гимнастика бойынша жаттығулар кешенін
құрастыру, әралуан шығармашылық тапсырмалар, ұйымдастырушылық-қимыл
ойындары жатады. Сондай-ақ студенттердің өзіндік жұмысына бақылау, курстық
және дипломдық жұмыстарды орындау кезіндегі, өндірістік және дипломалды
практика кезіндегі бақылау және материал жинау бойынша тапсырмаларды
орындау барысындағы оқу-зерттеушілік және ғылыми-зерттеушілік жұмыстары да
жатады. Студенттердің өзіндік жұмысын аудиториялық, яғни лекция, семинар
және лобораториялық-практикалық сабақтарда жүргізуге болады. Лекция кезінде
студент өзіндік жұмыстың мынадай түрлерін орындай алады: лекция жоспарын
құру немесе жоспарға ілесу, лекцияның конспектісін жасау, конспектіні
ұсынылған әдебиеттер бойынша толықтыру, лекция жоспарларының жекелеген
сұрақтары бойынша хабарлама бойынша немесе сөз сөйлеу.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша оқытушыларға
арналған негізгі әдістемелік нұсқауларда мынадай жағдайларды атап
көрсетеміз: студенттерге шығармашылық тапсырмаларды шамадан тыс көп бермеу,
аудиториядағы шығармашылық жұмысты сабақтан тыс уақыттағы тапсырмалармен
кезектестіру; студенттерге нақты әрә толық нұсқау беру, өзіндік жұмыс
тапсырмасының мақсаты, оны орындау шарттары, орындау көлемі, мерзімі және
үлгісінен тұратын дәл ретін беру; ағымдық бақылау мен есепке алуды жүзеге
асыру; жұмысты бағалау және рецензиялау, өзіндік шығармашылық жұмысты
меңгеру қабілетінің деңгейін жалпылама анықтау; орындалған өзіндік
жұмыстарға қойылатын талаптардың негізделген деңгейін ұстану. Бірінші
курста студентерге өзіндік жұмыс жасаудың реттері мен қағидаларын үйрететін
әдістемелік семинар ұйымдастырған жөн. Аудиториялық жүктеме мен
студенттердің өзіндік жұмысы көлемінің ара-қатынасы өзгертілген жаңа оқу
жоспарларына көшу жоғары мектептегі біртұтас педагогикалық үрдісті
ұйымдастыруда жаңа қадамды талап етеді.

Жоғары білікті мамандарды дайындау дәрежесін анықтаудың көрсеткіштері және
өлшемдік жүйесі
Білім беру саласының ең басты мәселесінің бірі – кадр мәселесі.
Өйткені кез-келген саланың деңгейін білікті маман ғана көтеретіні анық.
Сондықтан да, білім деңгейі мен педагогтік шеберлігі жалпы білім беру
мекемелерінің табыстарын айқындайды.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы оқытушының
біліктілігін қажет ететіндігі сөзсіз. Біліктілік, жалпы алғанда, маманның
жеке мүмкіндіктері, оның білімі мен тәжірибесі, соның арқасында ол өзінің
көздеген мақсаттарына қол жеткізеді. Педагогтың кәсіби біліктілігінің
мазмұны мұғалімнің педагогикалық міндеттерді өз бетінше тиімді шешуге
жағдай туғызатын жеке мүмкіндіктері. Қандай да бір педагогикалық
міндеттерді шешу үшін педагогикалық теорияны, оны практикада қолдана білу
қажет болады.
Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі деп педагогикалық іс-әрекетті
жүзеге асыру үшін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігін
түсінеміз.
Психологиялық-педагогикалық білімнің мазмұны жоғары педагогикалық
білім берудің Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары кәсіптік білім
стандартымен анықталады да, тиісті оқу бағдарламалары мен олардың оқу
жоспарларымен нақтыланады.
Психологиялық-педагогикалық және арнайы (белгілі бір пән бойынша)
білім – мұғалімнің біліктілігі үшін маңызды, бірақ жеткіліксіз шарт,
өйткені көптеген теориялық-практикалық және әдістемелік білім мен дағдының
тек алғышарты ғана болады.
Кәсіби біліктіліктің құрылымы қабылданған педагогикалық білік арқылы
түсіндіріледі, ал ол білік теориялық білімге негізделген және педагогикалық
міндетті шешуге бағытталған бірнеше іс-қимыл жиынтығы арқылы ашылады.
Ғалымдар кәсіби тұлғаны біліктілік және шеберлік ұғымдары тұрғысынан
сипаттауды ұсынады. Олар педагогтың кәсіби біліктілігінің мынандай
компоненттерін көрсетеді: тұлғалық-адамгершілік бағдар, педагогикалық
шындықты жүйелі түрде қабылдай білу және онда жүйелі іс-әрекет жасау,
қазіргі заманғы технологияны меңгеру.
Қазіргі заман білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің бұл төрт
құрылымдық компоненті тағы үш компоненттен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асырудың теориялық мәселелері
Қазақстан Республикасы аймақтық интеграция процесінде
Интеграцияланған оқыту мәселелерін зерттеу
Пәнаралық байланыс функциялары
Білім беруді дамыту
Ортақ нарықтың басымдылықтары
Ақпараттық технологияның даму кезеңдері
Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту
Кіріктірілген оқыту принциптері
Педагогикалық білім берудің үздіксіз жүйесін сипаттау
Пәндер