Саяси әлеуметтану



Саяси әлеуметтанудың пайда болуы мен дамуы
Саясаттану және саяси.әлеуметтік пікір алысулардың айырмашылығы
Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні
Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы
Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
Діни ұйымдар мен діни жеке адам тұрпаттамасы
Саясат (грекше polіtіka - мемлекеттік және қоғамдық істер) - қоғамның ұйымдасқан және реттеуші-бақылаушылық ортасы, басқа салалар жүйесіндегі біршама автономды және негізгі экономикалық, идеологиялық, құқықтық, мәдени шаралар.
Саясат екі негізгі қызметі бар табиғи-тарихи процестің маңызды факторы: қоғамның жалпылама ұйымдастырушылық бастамасы және оның нақты реттеуші-бақылаушылық саласы немесе жүйесі ретінде; өмірдегі іс-әрекетті, адамдар қатынасын, қоғамдық топтарды, таптарды, ұлттарды, халықтар мен елдерді бағыттаушы қызметінде. Қоғамдағы саясаттың рөлі оның үш ерекшелігімен негізделген: әмбебаптылығымен, бәрін қамтушылық сипатымен, іс жүзінде қоғам өмірінің барлық жағына ықпал ету қабілетімен, яғни мемлекеттен басталып адам мінезінің жеке белгілерімен аяқталады; ішіне кіре алу қабілеті, яғни шексіз түрде кіре алу мүмкіндігі мен оның нәтижесі; атрибуттылығы, яғни саяси емес және қоғамдық құбылыстармен, қатынастармен және салалармен үйлесе алу қабілеті.
Саясат - жеке адамдардың өмір сүру саласын нормалар, мораль, дәстүр, әдет-ғұрып негізінде реттеу мен қалыптастыру мүмкін болатын даму сатысында пайда болатын әлеуметтік өмірді реттеудің ерекше бір түрі. Ол қоғамдастықтың бүтіндігін сақтау және қызмет етуі үшін жалпылама айыптау мен ұялту арқылы емес, ерекше құралдармен іске асырылатын күш көрсету, қинау т.б. арқылы талап етіледі. Саясатпен байланысты мәселелердің барлығы білім саласын, ғылымдар кешенін өзіне қамтиды. Саяси әлеуметтану әлеуметтанудың бір саласы ретінде, саяси саланың қоғамның басқа салаларымен, саяси институттардың басқа әлеуметтік институтармен қарым-қатынасын, мемлекет, саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, қозғалыс-тармен т.б. тікелей байланысты мәселелерді зерттейді.
Макроәлеуметтану деңгейі өз назарын ірі көлемді саяси құбылыстар мен процестерге, саяси құрылымдар мен саяси институттарға шоғырландырады және жалпы ғылыми, жалпы әлеуметтанушы әдістерді (диалектиканың, құрылымдық функциона¬лизм¬нің жүйелі амалы, т.б.) қолдануымен ерекшеленеді.
Микроәлеуметтану деңгейі эмпирикалық зерттеулерге арқа сүйеуші күнделікті саяси өмірге, жеке адамдар мен топтардың саяси мінез-құлқына бихевеоризм, этноәдіснама, әлеуметтік айырбас және т.б. тұрғысынан бет бұруды меңзейді.
Саясаттың негізгі сәті ретінде таптар, ұлттық қоғамдар, басқа да әлеуметтік топтар мен мемлекеттер арасындағы саяси билігі бойынша қатынастар алға шығады. Бұл қатынастар нақтылы құбылыс ретінде саясаттың негізгі мазмұнын құрайды және оның айналасында қоғамда болып жататын саяси процестердің өзге де элементтері топтасып, дамиды және бірін-бірі ауыстырады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
САЯСИ ӘЛЕУМЕТТАНУ

Саясат (грекше polіtіka - мемлекеттік және қоғамдық істер) - қоғамның
ұйымдасқан және реттеуші-бақылаушылық ортасы, басқа салалар жүйесіндегі
біршама автономды және негізгі экономикалық, идеологиялық, құқықтық, мәдени
шаралар.
Саясат екі негізгі қызметі бар табиғи-тарихи процестің маңызды факторы:
қоғамның жалпылама ұйымдастырушылық бастамасы және оның нақты реттеуші-
бақылаушылық саласы немесе жүйесі ретінде; өмірдегі іс-әрекетті, адамдар
қатынасын, қоғамдық топтарды, таптарды, ұлттарды, халықтар мен елдерді
бағыттаушы қызметінде. Қоғамдағы саясаттың рөлі оның үш ерекшелігімен
негізделген: әмбебаптылығымен, бәрін қамтушылық сипатымен, іс жүзінде қоғам
өмірінің барлық жағына ықпал ету қабілетімен, яғни мемлекеттен басталып
адам мінезінің жеке белгілерімен аяқталады; ішіне кіре алу қабілеті, яғни
шексіз түрде кіре алу мүмкіндігі мен оның нәтижесі; атрибуттылығы, яғни
саяси емес және қоғамдық құбылыстармен, қатынастармен және салалармен
үйлесе алу қабілеті.
Саясат - жеке адамдардың өмір сүру саласын нормалар, мораль, дәстүр,
әдет-ғұрып негізінде реттеу мен қалыптастыру мүмкін болатын даму сатысында
пайда болатын әлеуметтік өмірді реттеудің ерекше бір түрі. Ол
қоғамдастықтың бүтіндігін сақтау және қызмет етуі үшін жалпылама айыптау
мен ұялту арқылы емес, ерекше құралдармен іске асырылатын күш көрсету,
қинау т.б. арқылы талап етіледі. Саясатпен байланысты мәселелердің барлығы
білім саласын, ғылымдар кешенін өзіне қамтиды. Саяси әлеуметтану
әлеуметтанудың бір саласы ретінде, саяси саланың қоғамның басқа
салаларымен, саяси институттардың басқа әлеуметтік институтармен қарым-
қатынасын, мемлекет, саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, қозғалыс-
тармен т.б. тікелей байланысты мәселелерді зерттейді.
Макроәлеуметтану деңгейі өз назарын ірі көлемді саяси құбылыстар мен
процестерге, саяси құрылымдар мен саяси институттарға шоғырландырады және
жалпы ғылыми, жалпы әлеуметтанушы әдістерді (диалектиканың, құрылымдық
функционализмнің жүйелі амалы, т.б.) қолдануымен ерекшеленеді.
Микроәлеуметтану деңгейі эмпирикалық зерттеулерге арқа сүйеуші
күнделікті саяси өмірге, жеке адамдар мен топтардың саяси мінез-құлқына
бихевеоризм, этноәдіснама, әлеуметтік айырбас және т.б. тұрғысынан бет
бұруды меңзейді.
Саясаттың негізгі сәті ретінде таптар, ұлттық қоғамдар, басқа да
әлеуметтік топтар мен мемлекеттер арасындағы саяси билігі бойынша
қатынастар алға шығады. Бұл қатынастар нақтылы құбылыс ретінде саясаттың
негізгі мазмұнын құрайды және оның айналасында қоғамда болып жататын саяси
процестердің өзге де элементтері топтасып, дамиды және бірін-бірі
ауыстырады.
“Саясат” әлеуметтік субъектілер арасындағы саяси билік бойынша
қатынастарды бейнелейді. Осыған байланысты қоғамның нақтылы саяси өмірін
зерттейтін саяси әлеуметтану саяси қатынастар әлеуметтануы ретінде
көрініс береді, оның көлеңкесі арқылы саяси құбылыстардың байланыстары
мен өзара әрекеттесулерінің алуан түрлілігі қарастырылады.

“Саяси әлеуметтану”, “саяси қатынастар әлеуметтануы” және “саясат
әлеуметтануы” ұғымдарының өзара айырмашылықтары бар. Соңғысы әлеуметтанушы
білім саласының мәртебесін анықтау үшін аса кең ұғым болып табылады. Бұл
жәйт саясаттың қоғамның өмір сүру саласының барлық саласына, мысалы
экономика саласына қатыса алуымен байланысты. Бұл жерде “саяси әлеуметтану”
ұғымын пайдаланған дұрыс деп есептелінеді, өйткені мұндай жағдайда
әлеуметтанушы білім тек саяси салаға қатысты болады.
Саяси қатынастар әлеуметтануына билік үшін күрес пен қоғамдық өмірде
орнығып қалған нысандарды іске асыруды түсіндіруші және құбылыстардың
объективті алғышарттары мен олардың қоғам өміріне әсеріне назар аударушы
әлеуметтанудың оңашаланған бөлігі жатады. Саяси әлеуметтану әлеуметтік-
саяси қатынастардың теориялық негізін құрайды. Саяси қатынастар
әлеуметтануы ұғымын ғылыми айналымға Ю.Хохфельд енгізді. Ол оны “саясат
әлеуметтануы” және “саяси әлеуметтанудың” синонимі ретінде түсінді.
Бұлай түсіну қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымында жалпылама
қалыптасқан. Сонымен, саяси әлеуметтану немесе саясат әлеуметтануы
дегеніміз - саяси институттар мен процестерді әлеуметтік құбылыс, қоғамдық
қатынастардың бір бөлігі ретінде, басқа да әлеуметтік процестермен өзара
әрекеттесудің факторы ретінде зерттейтін әлеуметтану ғылымының (білімнің)
саласы.

Саяси әлеуметтанудың пайда болуы мен дамуы

Маманданған сала ретінде саяси әлеуметтану (саясат әлеуметтануы) ХХ
ғасырдың 30-50-жылдары орныға бастады. Саяси әлеуметтанудың алғышарты -
саясаттану ғылымы жеке академиялық пән ретінде бұрынырақ қалыптасты: оның
алғашқы кафедралары Батыс Еуропада және АҚШ-та ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басында пайда болды. Саясаттың пәндік саласы мен әлеуметтанушы
көрінісі ежелгі грек ойшылдары, атап айтқанда, Платон, Аристотель тарапынан
айқындалған еді. Соңғысы мемлекеттің әлеуметтанушылық теориясының негізін
құруға ерекше үлес қосты және саяси әлеуметтанудың ең жақын туысы -
саясаттану ғылымының идеясы мен бірқатар принциптерін қалыптастырады. Әрі
қарай саясат пен мемлекетті әлеуметтану тұрғысынан түсінудің түрлі
аспектілерін Н.Маккиавелли, Ж.Боден, Т.Гобсс, Ш.Л.Монтескье, А.Токвиль және
басқалар қарастырды. Саяси әлеуметтанудың қалыптасуына мемлекет пен
азаматтық қоғам арасындағы айырмашылықтарды ашушылар шешуші үлес қосты.
Оның өкілдері француз және неміс энциклопедистері К.А.Сен-Симон, Дж. Локк,
А.Фергюссон және Гегель болды. Кейін ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
әлеуметтану жеке пән болып дамыды. Жоғарыда айтылған мемлекет пен азаматтық
қоғам арасын айырып алу, саясатты оны әлеуметтік саласымен өзара
әрекеттесуі арқылы зерттеуге алғышарттар жасап берді. Мұндай алғышарттар
Батыс әлеуметтануында М.Вебер тарапынан, элита тұжырымдамасын жасаушылар
(В.Парето, Г.Моска), саяси партия тұжырымдамасы өкілдері (Р.Михельс,
М.Острогорский), мүдделі топтар және қысым көрсетуші топтар
тұжырымдамасының өкілдері (А.Бентли, Д.Трумен), саяси зерттеулердің
эмпирикалық мектебі немесе “Чикаго мектебі” өкілдері (Ч.Мерриам, Г.Лассуэл,
Г.Госкел және басқалар) және басқа бірқатар мектептер мен бағыттардың
өкілдері тарапынан іс жүзіне асырылды.
Батыста саяси әлеуметтанудың қалыптасуы жалпы әлеуметтанудың дамуы және
саясаттану ғылымымен өзара бәсекелесе отырып, бір-біріне ықпал ету, даму
нәтижесінде іске асты. Саяси әлеуметтану осы екі пәннің проблематикасы мен
ыңғайларын байланыстырушы ғылыми білімнің саласы ретінде пайда болды.
Мысалы, құрылымдық функционализм Т.Парсонспен оның жалпы әлеуметтанудағы
жақтаушыларының әлеуметтік жүйе теориясы мен (сонымен қоса құрылымдық-
функциялықтың көптеген түрлері) саяси жүйе теориясында саяси әлеуметтанумен
үндес, ал әлеуметтанудың институттандырылуы, әлеуметтендірілуі, әлеуметтік
жіктелуі және әлеуметтік дамуы сияқты негізгі ұғымдары мен тұжырымдамалары
саясаттандырылады немесе саяси институттандырылу, саяси әлеуметтену,
саясатты саралау құралдарына айналады.
Саясатты зерттеуші әлеуметтанушылар саясатты әлеуметтік құрылымды,
формальды емес әлеуметтік институттарды, қоғамдық пікір мен мінез-
құлықты, әлеуметтік-саяси процестер, нормалар мен қатынастардың бүкіл
кешенін талдау арқылы; тұлға мен кіші топты, олардың психологиялық және
әлеуметтік-мәдени сипаттамаларын т.б. толық күйде зерттеу арқылы
қарастыруды ұсынды.

Жалпы саяси әлеуметтанудың дамуымен олардың функциялары ретінде жаңа
білімнің генерациясы, алынуы (танымдық), саяси шешімдерді ақпараттық
қамтамасыз ету, саяси тұрақтылықты қолдау (тәжірибелік-саяси), саяси
әлеуметтенуге қол ұшын беру (тәрбие-дүниетанымдық) және басқалар
қалыптасты. Саяси әлеуметтану әлеуметтік саяси өрлеудің және қоғамның
әлеуметтік-саяси құрылымының ең дұрыс үлгісін анықтау мен іздеуде нақты
міндеттерді шеше алатын болды, саяси идея мен мұраттарды, саяси нормалар
мен әдет-ғұрыптарды, саяси ақпарат пен білімді таратуды, саяси қатынастар
мен байланысты, әлеуметтік өзара байланыстар, тәуелділіктер, құбылыстар мен
процестер жалпы білімдерді тереңдете түсуді – осының бәрін ортақ
әлеуметтану білімі ретінде байыта түсуді іске асыра бастады.
Саяси әлеуметтану қазіргі уақытта әлеуметтік өзгерістердің саяси
салдарын, саяси инститтутардың әлеуметтік процестер мен құрылымдарға әсер
етуін зерттеп-біледі, тұлға мен қоғамның өзара әрекеттесу мәселесін
қарастырады. Саяси әлеуметтанудың орталық мәселелері әлеуметтік
қауымдастықтардың өзара әрекеттесуі саяси институттардың қызмет атқару
тәсілдері мен сипатына қалайша көрініс береді, құрылымның тұрақтылығына
саяси шектеу қандай деңгейде әсер етеді, қауымдастықтардың институттану
процестерінің сипаты олардың қоғамдағы мәртебесін қалай өзгертеді және
саяси тәртіптің әлеуметтік базасы қандай деген сұрақтарға жауап береді.

Саясаттану және саяси-әлеуметтік

пікір алысулардың айырмашылығы

Саясаттану және саяси әлеуметтану ғылымның екі саласы ретінде бөлек
қарастырылғанына қарамастан, олардың зерттеу объектісі мен пәні өте ұқсас.
Оған қоса саясаттанушылар да, әлеуметтанушылар да өздерінің ғылым саласына
өзара экскурсия жасауды қолданады. Сол себептен саясаттану мен саяси
әлеуметтану арасындағы айырмашылықты қарастыру және іздеу зерттеушілер
арасындағы сөзталастар мен пікір алысулар аспектілерінің бірі болып
табылады.
Саясат әлеуметтануы да, саясаттану да өз объектілерін ең алдымен табиғи
түрде бар және адамның мақсатты іс-әрекетінің өнімі ретінде зерттейді.
Саясаттану мен саясат әлеуметтануы үшін қоғамдағы ықпал ету қатынастары
мен өктемдік қатынастары, біреуінен екіншісіне өту процесі және оның
жолында пайда болатын қайшылықтар қызықты болып табылады.
Атап айтқанда, саяси әлеуметтануды ең алдымен әлеуметтік
қауымдастықтардың, саяси институттар мен азаматтардың билікке қатынасы және
қоғамдағы ықпалдылығы бойынша өзара әрекеттесуі қызықтырады. Бұл жерде
қандай әлеуметтік жағдайларда осындай саяси тәртіп қалыптасады және оның
қайта өркендеуінің әлеуметтік негіздемесі қандай деген сауалдарды анықтап
алу басты мәселе болып табылады. Оның мән-жайлары ретінде
қарастырылатындар: әлеуметтік қауымдастықтардың өзара әрекеттесуі;
әлеуметтік институттардың құрылымы мен әлеуметтік қозғалыстың нысандары;
қайта өркендеуді қамтамасыз ететін дәстүрлердің сипаты.
Саяси әлеуметтану шеңберінде пікір алысу үшін тағы бір мәселе саяси
жүйенің өзгеруі жағдайындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып табылады.

Саяси әлеуметтану ыңғайы саяси процестердегі әлеуметтік детерминантты
белгілейді. Саясат өзіндік мәнді шама емес, жеке адамдар мен әлеуметтік
топтардың қажеттілігі ретінде қабылданады. Әлеуметтану ыңғайына саяси
қатысу әлеуметтік мәртебелердің тұрақтылығын сақтау амалы, оларды келесі
ұрпақтарға жеткізу үшін жағдайлар жасау мен бекіту ретінде қабылданады. Шын
мәнінде, саяси процестерге қатысу - әлеуметтік организмнің қайта өркендеу
қызметінен туындаған қажеттілік. Саясаттанудағы әлеуметтану әдісінің
құндылығы мынада: ол саяси өзгерістердің терең негіздемелерін іздеуге
бағытталған және оның қайнар көзі ретінде әлеуметтік жіктелуден шығатын
адамдар мүдделерінің әрқилылығы қарастырылады.
Саяси әлеуметтану саяси қатынастарды нақтылы жеке адамның, топтың,
қауымдастықтың саяси институттармен саяси мақсаттары бойынша өзара
әрекеттесу тұрғысынан зерттеуді көздейді. Алайда ол әлеуметтік деңгейде
жасалынады, қарастырылып отырған объектілердің саяси шақырылуы емес,
олардың саяси әрекетінің әлеуметтік жанама түрлілігін қарастыруды меңзейді.
Бұл жағдайда саясаттың саяси партиялары немесе бағыттары ерекше
жауапкершілікке немесе өз ұйымының, тобының мақсаттарын іске асыру
мүмкіндігіне ие немесе ие емес нақтылы әлеуметтік жеке адамдардың іс-
әрекетінің тепе-теңдігі ретінде қарастырылады.
Саясаттанудың қарапайым (базалық) бөлшектері (атомдары) саяси актор
болып табылады, одан кейін басқарумен байланысты нақтылы мақсаттарды іске
асыру бойынша олардың өзара әрекеттесуі жүреді.
Саяси әлеуметтанудың ажырамас бөлшегі ретінде қоғамды басқару,
ұйымдастыру процесіне қатыстырылған, уақытша немесе ұзақ мерзімді не
үздіксіз түрде қамтылған әлеуметтік субъект алға шығады.
Саясаттануда мемлекет, саяси жүйе, саяси қатынастар, басқару, саяси
мақсаттар және амбициялар, саяси акторлар мен жетекшілер, саяси жанамалық,
идеология, партиялар, қозғалыстар сияқты базалық ұғымдар қолданылады.
Саяси әлеуметтану әлеуметтік субъект, әлеуметтік жанамалық, мемлекет пен
азаматтық қоғамның және басқа да саяси институттардың өзара қатынасы
ұғымдарын қарастырады.
Саясаттануда “саясилық” - жалпылама, субстанциялық басты мәселе, ал
саяси әлеуметтануда әлеуметтік процестердің бір бөлігі ретінде
қарастырылады. Онымен қоса әлеуметтік саясилықты өзіне сіңіріп алады,
өйткені соңғысы кез келген жағдайда әлеуметтік қауымдастық өкілдерінің іс-
әрекетінің өнімі болып табылады.
Саясаттану тек қана саяси саланы, саясаттың бір түрін - “саяси саясатты”
зерттеп-білуші ғылым ретінде түсіндіріледі, яғни мемлекеттік-әкімшілік
билікпен, оны басып алу, қолда ұстау, пайдаланумен байланысты қатынастар.
Саяси әлеуметтану саясатты оның өмірдің шарты ретінде экономикалық,
әлеуметтік (оның ішінде ұлттық-этникалық, демографиялық, экономикалық және
с.с.), саяси, рухани деген дербес салаларының барлығымен өзара әрекеттесуі
арқылы зерттейді.

Саяси әлеуметтанудың зерттеу

объектісі мен пәні

Саяси әлеуметтанудың объектісін саяси институттар, жүйелер, адамдардың
осы шеңбердегі іс-қимылдары, саясатқа адамдардың, әлеуметтік
қауымдастықтардың, топтардың әсер етуі құрайды.
Саяси әлеуметтану зерттеуінің пәндік саласы: қоғамның саяси өмірінің
әлеуметтік аспектілері, саяси биліктің әлеуметтік феномен ретінде саяси
саланың қоғамның басқа салаларымен әлеуметтік өзара әрекеттесуі. Саяси
әлеуметтанудың негізгі пәні: саяси билік, оның қызмет етуінің әдістері
мен нысандарын және жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, этникалық
қауымдастықтардың саяси санасын, мүдделері мен іс-қимылын нақтылы және
жеке-жеке жіктеп зерттеу.

Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы

Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып, қалай түсіндірілгенімен,
әлеуметтану қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай тұра алмайды, жоқ
дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру
нысандарының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің,
бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл
дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен
ерекшеленеді.
Дін әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік
феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең
тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып
отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра
отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын,
қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен
бірге әлеуметтану олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән
қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді.
Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің
бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға
ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да
мысалдар бар. Әлеуметтанушылар мен басқалар арасында да діннің шіркеу,
құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен
пікірлестік байқалса, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда
үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі
тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді
жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп
тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік
тудырады. Әлеуметтану беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын
жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін
әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ
дінді зерттеудегі әлеуметтанушылық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар
тұйықталмайды.
Дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық
қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты. Бұл
сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798-1857) жасады. Ол
әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген
индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің
негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа О.Конт “тарихтың үш сатысы жайлы
заңында” жауап берді. Бірінші саты – діни немесе “теологиялық жағдай”, онда
адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік
негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі – философиялық, “метафизикалық
жағдай”, онда абстракция, дөрекі дерексіздік шынайылық ретінде қабылданады.
Үшінші - позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс
баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш “сана жағдайының” әрбірі бүкіл
әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және позитивті білім, ғылым
арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, сонымен
бірге оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне
алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін
болжады. Ақырында Конт әлеуметтік байланыстардың рухани тірегі ретінде
“екінші теологиялық синтез” керек деген қорытындыға келіп, адамзаттың
бірыңғай ортақ “ұлы тірі жан” культі, барлық өмір сүргендердің, өмірден
өткендердің және болашақ ұрпақтардың үлкен әлеуметтік организмі ретінде
“позитивті дінді” жасады.
К.Маркс (1818-1883) дінді қоғаммен өзара байланыста қарастырды, бірақ
оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың өзара әрекеттесуі
болған жоқ. Маркс, шын мәнінде алғаш рет дін өзінің табиғатымен әлеуметтік
феномен болатынын көрсетті. Ол қоғамдық байланыстар, қатынастар жүйесіне
енгізілген және оның түп-тамыры әлеуметтік құрылымдарда. Діннің
түсіндірмесін содан іздеу керек. Жаратылыстан тыс, қасиет туралы
көзқарастар осындай негізде пайда болды: дін аспан есебінен емес, жердің
есебінен өмір сүреді.
Дінді әлеуметтік феномен ретінде түсіну оны қоғам өмірінде әбден шынайы
функциялар орындайды, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырады деп
түсінуді білдіреді. Маркс осылайша дінді зерттеудегі функционалдық әдістің
негізін қалап кетті. Бірақ Маркс көзқарасының айрықша ерекшелігін дінді
тарихи табиғатында мәңгілік емес, ауыспалы әлеуметтік жағдайлардың -
олардың негізін басқаның еңбегін иемдену жүйесі, әлеуметтік теңсіздік
жүйесі құрайтын жағдайлардың туындысы ретінде сендіру құрайды, яғни
біреулердің бостандығы екіншілердің құлдығын білдіреді; қоғамның таптарға
бөлінуі, әлеуметтік антогонизмдер, таптық күрес осыдан келіп шығады.
Маркстің пікірі бойынша, дін - идеология, ол оның ең ежелгі, тарихи алғашқы
нысаны. Оның әлеуметтік қызметі - идеологиялық қызмет: ол оны ақтайды
немесе сонысымен қолда бар тәртіптерді заңдастырады немесе оларды сынайды,
оларға өмір сүру құқығын беруден бас тартады. Ол қоғамдық дамудың тежеушісі
ретінде қызмет атқара отырып, әлеуметтік конформизмді сіңіруі мүмкін немесе
әлеуметтік наразылықты ынталандыруы мүмкін. К.Маркстің діннің шарасыз өлуі
немесе оның жеңіске жеткен жұмысшылар табы тарапынан жойылуы жайлы
айтарлықтай қатаң түрдегі қорытындысы осыдан шығады. Көріп отырғанымыздай,
олай болған жоқ және болып жатқан да жоқ, оған қоса Конт айтқандай, олардың
діннің дәл сол әлеуметтік қызметтерін иелену арқылы діни идеологияның басқа
жүйелермен ауыстырылуы болып жатыр.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында еуропалық қоғамда діннің жағдайы
айтарлықтай өзгере бастады. Индустриаландыруға және урбанизациялануға
байланысты күшейе түскен әлеуметтік жіктеліс процестері қоғамды біріктіруші
факторлар жайындағы мәселені күрделі түрде қойды. Мұндай фактор ретінде
діннің жағымды рөлі жайында әлеуметтік қатынастарды, өрлеу, тұрақтылық пен
тәртіпті жете түсінуге әрекет жасаған ғалымдар айта бастады. Француз ойшылы
Э.Дюркгеймнің (1858-1917) көзқарасы тұрғысынан, дін қоғамның ынтымақтастығы
мен оның тұтастығы үшін маңызды әлеуметтік қажеттілікке жауап береді.
Діннің шығу көзі - қоғамның өзі. Ол дінді қасиетті немесе қарапайымнан
бөлінген тыйым салынған заттарға қатысты сенімдер мен нанымдардың тұтас
жүйесі ретінде анықтайды. Олар артынан ерушілердің барлығын шіркеу деп
аталатын моральдық қауымдастыққа біріктіреді. Ол әлеуметтік сезімді оятады,
ұжымдық көзқарастарды қалыптастырады. Дінде адамдарға тән жай заттарды
құдай деп тану қасиеті жүзеге асады, оларға қасиетті мән беріледі, соның
арқасында олар қоғамды тұтас ортаға топтастыру қызметін атқара алатын
болады. Олар салт-жоралық әрекеттердің, құрметтеудің, ізгілік көрсетудің
ерекше объектісіне айналады. Олар сол әлеуметтік топтың нышаны ретінде
қасиетті, оларда өмір және оның құрамына кіретін адамдар әл-ауқатының
жақсаруы іске асырылады.
Әлеуметтік өмір өзінің табиғатынан ұжымдық болып келеді. Сондықтан
сенушілердің оларды “жоғары күшпен” байланыстарын біріктіруші толғаныстары,
адамның туылуында, өлімінде қолданылатын салт-жоралық әрекеттер, бірігіп
жасалатын ырымдар бірігу және ынтымақтастық сезімдерін нығайтады. Осылайша
дін басқалардан өзінің қасиетті объектіге бағыттылығымен ерекшеленетін
айрықша әлеуметтік әрекет болады. Бірақ сенімнің қасиетті объектісін
құрметтеу - ол шындығында өз “әлеуметін” құрметтеу, оның мықтылығы - топтың
ұйымдасып өмір сүруі жалғасуының кепілі, бұл оның әрбіреуінің және
барлығының үстінен талассыз билігін мойындау. Сонымен діннің шығу көзі -
адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік тәсілі.
Э.Дюркгейм шындығында әлеуметтік және діниді теңдестіре отырып, дінге
кеңейтілген түсіндірме береді. Алайда қазіргі қоғамда дүниені ғылыми
түсіндірумен байланысты жаңа мифтер мен нышандар пайда болды. Сондықтан ол
діннің рөлі мен әсерін нақтылы тарихи тұрғыдан бағалау талаптарын қояды.
Әлеуметтіктің дінимен бірлігінің ажырау өзгерісі болып жатыр, мұнда саяси,
экономикалық және ғылыми қызметтер діни қызметтерден біртіндеп босанады
және ол бірте-бірте айқын көрінген зайырлы сипатқа ие болады. Сонымен,
қоғам өмірінің бүкіл саласының діннің әсерінен құтылуының үздіксіз процесі
бар екендігі мойындалады. Солай бола тұра, Э.Дюркгеймнің пайымдауындағы бір
нәрсе – бұл процестің дамуы діншілдіктің аяқталуын білдірмейді. Оның
ойынша, дін К.Маркске қарағанда, мәңгі өмір сүреді. Қоғамның бірлігі мен
жеке-даралығын айқындаушы ұжымдық сезімдер мен идеяларды үнемі тірілтіп,
нығайту қажеттілігін бастан кешірмеген қоғам өмір сүруі мүмкін емес. Ол бұл
процестің нәтижесінде діннің және құдайдың орнына “адамгершілік дінінің”
келетініне сенді.
Дюркгейммен қатар, неміс ғалымы М.Вебер (1864-1920) дін әлеуметтануының
негізін салушы болып саналады. Ол әлеуметтануды әлеуметтікке айналатын
әлеуметтік мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырды. Егер ол мәнге ие
болса, онда олардың белгілі бір мінез-құлқын күтуге бағыт ұстанған басқа
адамдардың мінез-құлқымен саналы түрде субъективті ара қатынаста болады,
осыған сәйкес қандай да бір өзінің әрекеттерінің табысты болу мүмкіндігін
субъективті бағалаумен өз жалғасын табады дейді.
Әлеуметтану пәнінің осындай жалпы тұжырымдамасына сәйкес М.Вебер дінді
зерттеуге әлеуметтанушылық ыңғайдың ерекшелігін қалыптастырады. М.Вебер
тұрғысынан әлеуметтанушы теолог пен философқа қарағанда, діннің шығу көзі
жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық
“мәніне” мән бермей, оның өмір сүру жағдайын қарастыруды немесе проблеманы
сену объектісінің шынайылығымен, құдай болмысы, т.б. жөніндегі мәселелерді
шешумен алмастыру керек. Басқаша айтқанда, дін әлеуметтанушы үшін тек
адамдардың әлеуметтік мінез-құлқы дәлелденуінің ерекше түрі ретінде ғана
қызық болады. Сонымен, М.Вебер бойынша, әлеуметтану діннің шынайылығы мен
жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселені қозғамай, көзқарастардың
діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге
әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған
маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық үгіт шеңберінде
сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі
заманғы әлеуметтанушылар үшін айрықша өзекті болып отыр.
Дін әлеуметтануының пәніне мұндай баға беру – діннің әлеуметтік қызметін
Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді. М.Вебер дінді мәдени жүйенің
белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырды,
яғни білім саласын, нышандарды және жеке адам мен қоғамның құндылықтарын
анықтайды және сонымен бірге ол өзінше әлеуметтік институт ретінде қызмет
атқарады.
М.Вебер дінді құндылықтардың бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осы
тұрғыда ол әлеуметтік әрекетке мән берудің ең маңызды амалдардың бірі
болып табылады, оның мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. Осыдан келіп
діни нұсқаулардың негізінде адам өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі
өз тарапынан өмірлік маңызды немесе маңызды емес болып жіктелінеді.
Дүниеге діни түсіндірме беру – ондағы бағыт ұстануды және мінез-құлықты
реттеу құралы болып табылады. Дін дүниенің белгілі бір бейнесін
суреттейді және сонымен қатар құндылықтар мен нормалардың жүйесін ұсынады
және соларға сәйкес бір әрекеттерге тыйым салынады, екіншілерге рұқсат
етіледі. Сонысымен ол адамның мінез-құлқының моральдық нормаларын құрады.

Вебердің дін әлеуметтануының тағы бір маңызды бөлігі - “шіркеу мен
секта” арақатынасын қарастыруға саятын діни ұйымдар түрлерін зерттеу.
Діни әлеуметтанудың негізін қалаушылар қатарына Б.Мали-новский де (1884-
1942) жатқызылуы тиіс. Дінтанушылар Дж.Фрэзер және оның соңынан Л.Леви-
Брюльдің есептеуінше адамның дамуының ертеректегі сатысында оның санасы
пралогиялық сипатта болды және сиқырлық (магия) хабарсыздық пен надандыққа
негізделеді, одан көмек сұраған адамның талпынысын сәтсіздікке ұшыратады.
Сиқырлық пен діннің айырмашылығын көрсете отырып, Б.Малиновский дін адамның
әлеуметтік табиғатына негізделеді, ол сиқырлықты өлімге ұшыратып, оның
орнын басады деп санады. Ол адамдар шындығында да олардың әрекеті өзіне
бағынышты болған жерлерде - өзінің бау-бақшасында, балық аулауда кәдімгідей
ұтымды ойлайтынын көрсетті. Сиқырлық іс-әрекет тәуелділік пен анықсыздық
элементі жоғары болған кезде өз күшіне енеді. Сиқырлықтың адамның өмірі мен
әрекетіне айтарлықтай мықты әсері бар, өйткені олар толығымен еш уақытта
адамның билігінде болмайды және ол ешқандай есептеуге келмейді. Сиқырлықтың
қандай да бір қоғамда әсер ету көлемінің деңгейі сол қоғамдағы табиғи және
әлеуметтік процестерге бақылау орнатуға қол жеткізу деңгейіне байланысты
болады. Малиновский сиқырлықтың таза функционалдық түсінігін ұсынады. Ол
Фрэзер сияқты оның дінмен ұқсастығын, екі жағдайда да әңгіме ойдағы
нәтижеге тексеруге келмейтін құралдар көмегімен қол жеткізу жөнінде болып
отырғанын көреді.
Дінге және мәдениетке жалпы фунционалдық көзқарасқа сәйкес, өркениеттің
әрбір түрінде әрбір әдет-ғұрып, идея, сенім-нанымдар бірқатар өмірлік
қызмет атқарады. Оның ішінде ең бастысы - қоғамдық тәртіптің тұрақтылығын
сақтау. Малиновскиймен келісер болсақ, сиқырдың қызметі адамға бағынбайтын
үмітсіз жағдайды, үрей-қорқынышты жеңуге үміттенуге көмектесіп,
қиыншылықтардан өте білуінен тұрады. Функционализм тұрғысынан дін сол
сияқты рөл атқарады: ол Дюркгеймдегі секілді қоғамның бірігу факторы болып
табылады.
Жоғарыда келтірілген дін әлеуметтануының негізін салғандардың еңбектері
оның кейінгі барлық дамуын, зерттеудің негізгі бағыттарын, проблематикасын,
әдіснамасын анықтады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дін
әлеуметтануы жеке пән ретінде қалыптасты. Әлеуметтану дінді қоғамға
қатынасында қарастырады, оның қоғамдық өмірді ұйымдастырумен байланысы
тұрғысынан талдайды. Бұл байланыс екі жақты болады. Қоғамның дінге әсер
етуі қалай бағаланып, түсіндірілмесін, әлеуметтану мұндай әсер ету фактісін
мойындамай тұра алмайды. Діннің әлеуметтік тәртіптің құрылуындағы, оны
ұстап тұру мен өзгерісіндегі, тұлғаның іс-әрекетінің қалыптасуындағы рөліне
баға беру мен түсіндіру әр түрлі болуы мүмкін, алайда діннің қоғамда қызмет
етуі әлеуметтану тұрғысынан талдаудың басты пәнін құрайды.

Дін және қоғам.

Діннің әлеуметтік функциялары

Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір
сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың
әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана
алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп
кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен
дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік
жіктелудің күшеюімен қатар, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының
тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам мамандану және жіктелу жолымен жылжи
отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып,
оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін
білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.
Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін, егер мәселе дамыған қоғам
жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер
мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер
дамушы қоғамда болса, ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі
сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін
білдіреді.
Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады: біріншіден, діннің қызметі кез
келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған
субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен
арақатынасы белгіленуі керек. “Қоғам” ұғымы қатаң әлеуметтанушылық мағынада
топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың
етене араласып кеткенін білдіреді. Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен
мәдениеттің әрекеттесуінен көрінеді. Егер Вебермен келісе отырып, қоғамды
жеке адамдардың әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда ол
олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі. Жеке адам
әрекетті бастама ретінде көреді, әрекеттілік оның тарапынан келіп шығады.
Мәдениет болса, мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары ретінде өмір
саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді, ол жеке адамға сырттан
берілгендей болады. Осы тұрғыда дін адамның әрекеті және әлеуметтік феномен
болады. Яғни, қоғамның өмірлік әрекетінің туындысы, одан кейін адамға
сырттан берілген және міндетті түрдегі қарсы тұратын секілді. Дін бұл
тұрғыда мәдениет түсінігімен арақатынасын белгілейді. Жоғарыда
айтылғандардың негізінде “дін және қоғам” мәселесі көбінесе “дін мен
мәдениеттің” бір бөлігі болып табылады.
Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың
құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік
қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді,
біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір нысандарын
заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап
тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде
қарастырылуы шарт. Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты
қызметтерінің қатарына жататын - мағыналық пайымдау қызметі жатады, ол
Вебер, Дюркгейм және басқа қазіргі заманғы діни әлеуметтанушылардың
түсінігінде діннің негізгі қызметі болып табылады. Дін - адам өмірін саналы
қылатын нәрсе, ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі “мағынасымен” қамтамасыз
етеді. Бұл діннің дүниенің (ғарыштың, универсумның) бейнесін беруінің
арқасында болады, онда әділетсіздік, қайғы-қасірет көру, өлім, “менің
өмірімді” қайғылы сәтсіздікке алып келетіннің барлығы үмітті үзуші, “менің
тағдырымды бұзады, ол тіпті басқаша болуы мүмкін еді”, міне, осының бәрі
“соңғы немесе түпкі нақтылық” перспективасында басым мағына мен мәнге
айналады, ол жерде дін дүниені өз бейнесінде ұсынады. Егер қайғыру және
өлім мағынаға ие болса, егер адам оның мәні неде екенін білсе, онда
қайғыруды жеңе отырып, адамда өмір сүруге деген жігер пайда болады. Адамның
не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі
жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған
кезде ол әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан
қалыпқа түседі. Сол сияқты, егер адам, оның кездейсоқ жолы болып өзінің
бақытты жеребе үшін еңбегі сіңгенін сезбесе, онда өмір мағынасыз болады.
Осы жағдайда да өмір мағынасыз болады, өйткені барлық іс соқыр
кездейсоқтықтан басталады, ешнәрсе сенімді емес.
Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның
құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып, өздерінің кім екенін түсінуге
көмектеседі. Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауына
мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті
әрекет етті. Мысалы, американдық дінтанушы-әлеуметтанушылар плюралистік
американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі діндер бұл мақсатты орындай алмай
отырғанын айтады. Әлеуметтің сипатымен бірге өзгеруінен дін де өзінің
қызметімен өзгеруде. Сондықтан діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда
ең бір маңызды болып сақталуда, бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен
нысандарын өзгертуде.
Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге
оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы
нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның
моральдық міндеттерді орындауы үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың осы
тыйым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан, көпшілік діндер қайта
орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын
амалдарға ие - тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін
бәсеңдетуі немесе оны арттыруы мүмкін.
Дінді бұлай түсіну Р.Беллдің жоғарыда келтірілген анықтамасында көрініс
береді. Ол анықтама бойынша, дін тұтас әлемді қабылдау үшін символикалық
жүйені және жеке адам мен әлемнің ортақ тұтастығы ретінде байланысын
қамтамасыз етеді, ол жерде өмір және әрекет белгілі бір соңғы мағынасына ие
болады. Қазіргі заманғы көрнекті әлеуметтанушы П.Бергердің сөзімен айтсақ,
діни нышандар мен түсініктер белгілі бір мағына бере отырып, адамның өмір
сүруінің тұрақтылығы мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Дін адам өмірінің
құндылықтары мен нормаларын түсіндіре отырып, әлеуметтік тәртіппен
әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп, қандай да бір “қасиетті
шымылдықты” көзге елестетеді.
Қоғамның тұрақтылығы төрт деңгейдегі қызметтердің орын-далуымен:
бейімдеуді, мақсатты бағыт ұстануды, қоғаммен бірігуді және мінез-құлықтың
институцияланған мәдени үлгілерін орындау мен қолдауды қамтамасыз етумен
орнығады. Бейімделу - ол қоғамның өмір сүру ортасына, ең әуелі табиғи
ортаға үйренуі; бұл міндетті қоғам ішіндегі экономикалық шағын жүйе шешеді.
Мақсатты бағыт ұстану - ол жерде жеке адамның қоғам үшін қиратушы, өзінің
жалпы мақсаттарымен бәсекелесуші жағдайларды жете түсінбеуін қамтамасыз
ету; қоғамдық жүйе ішінде бұл қызметті орындауға отбасы да қатысқанымен,
оның негізінен саяси шағын жүйе орындайды. Ықпалдасу – ол бір-бірінен
тәуелсіз белсенді тұлғалар арасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Әлеуметтану білімінің құрылымы
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Социология ғылым ретінде
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Пәндер