Ресей мәдениеті



І. Кіріспе
1. Ресей мәдениетінің алтын ғасырлық әдебиетімен өнері
2. Шығыс славяндарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған қуат
3. XIII.XIV ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы
4. XVII ғасырдың бірінші жартысында шеберлері
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Қолданылған әдебиеттер
Ресей мәдениеті — адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажыра-мас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайта-ланбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазыны-сына қосқан үлесіне де баға жетпейдіі
Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көпте-ген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор тер-риторияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — правосла-виені руханилылықпен дөстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей оты-рып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға бай-ланысты туған «тұйықтыққа» бүдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мұддесін мемлекет мұддесіне бағындыру.
Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көреліку Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет-бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен жөне тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.
1. Халел Досмухамедулы. «Избранное» Алматы 1998.
2. Қазақстан тарихы. ІІІ-том
3. Пайдаланылған әдебиеттер:
4. История международных отношений и внешней политики. Под.ред. Ж.У. Ибрашева
5. История стран Азии и Африки в новое время, часть I. Под.ред. Ф.У. Ацамба и др.
6. История дипломатии, II том.
7. Дипломатический словарь. Алматы-2000.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
1. Ресей мәдениетінің алтын ғасырлық әдебиетімен өнері
2. Шығыс славяндарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған қуат
3. XIII-XIV ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы
4. XVII ғасырдың бірінші жартысында шеберлері
ІІ. Қорытынды
ІІІ. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Ресей мәдениеті — адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар
қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажыра-мас бөлігі. Ресей мәдениеті —
өзіндік ерекшеліктері бар қайта-ланбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік
мәдениет қазыны-сына қосқан үлесіне де баға жетпейдіі
Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі
факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көпте-ген этикалық топтар мен
халықтар мекендеген орасан зор тер-риторияны игеру; христиан дінінің ерекше
тармағы — правосла-виені руханилылықпен дөстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей
оты-рып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық
өркениеттік процестерінен оқшау дамуға бай-ланысты туған тұйықтыққа бүдан
әрі жол бермеу; жеке адамдардың мұддесін мемлекет мұддесіне бағындыру.
Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу
кезеңдерін толығырақ қарастырып көреліку Ақиқатына келсек, көп ғасырлық
тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе
жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет-бейнесімен
ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей
мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті,
византиялық көркем жүйемен жөне тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып
жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан
Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік
тапты.

1. Ресей мәдениетінің алтын ғасырлық әдебиетімен өнері

Ежелгі Русь мәдениеті — шекарасы Тамань түбегіне, сондай-ақ Солтүстік
Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына
дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты
Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды
сындарлы кезеңнің қатал сынағынан бұлдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне
басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің
өнері.
Ежелгі славяндардың мәдениеті — орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып
саналады. Оның басты мәдени құндылықтары — қасиетті жырлар, мифология, аңыз-
ертегілер. Ғалымдардың пікірінше, олардың көпшілігінің тектері Христиан
дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пүтқа
табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар Ресей топыра-ғында пұтқа
табынушылық мәдениетінің дамуы жоғары болды.
Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты
болды. Олар өр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да
жанды нәрсе деп түсінген.Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің көрінісі
ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, аеау өзендерді қасиетті деп санаған,
сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам тілінде
сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киелі деп
санап, оларға құдайдай табынған. Орыс батырлары тағдырының тау-тастардың
құпияларына байланысты болуы да осындай түсінікке тікелей байланысты болса
керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғырт
славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпияларына байланысты болып
келеді. Мысалы: Перун-қатерлі найзағай құдайы, құдайдың ішіндегі ең
құдреттісі.
Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлі ат қойған (бог, яғни
рақымы күшті құдай) адамға тән қасиеттерді адам еместерге теліп, оларды
адамның сана-сезіміне жақындату дүние жүзінің басқа да халықтарындағыдай
славяндарға да тән қасиет болды. Сондықтан да құдіретті тәңірананың
бейнесін жасау осының айқын айғағы тек славяндар ғана емес, басқа да
көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен мол-шылықтың, дүниедегі барлық
нәрсенің құдай — тәңірананы ежелгі славяндар Бережна (жер, тіршілік
анасы, дүниеге әкелуші деген ұғымдарды білдіреді) деп атаған.Қолын көкке
көтерген осы бір әйел бейнесі, шығыс христиандарда, оның ішінде ежелгі орыс
өнерінде ерекше орын алады.Жер — ана қолын жоғары көтерген әйел
бейнесіндегі тәңірананы славяндар ерекше қасиет тұтып, табынып өткен.
Ежелгі славяндар жайында өз кезінде де аз жазылған жоқ. Солардың бірі,
XVII ғасырдағы византиялық тарихшы Прокопий Кесарийский былай деп
баяндайды: Славяндар мен антыларды бір адам басқармайды, сонау ежелден-ақ
халықтық басқарумен өмір сүріп келеді, сондықтан да олардың бақытты және
бақытсыздық істері ақылдасу арқылы шешілген Ал славян-дардың әдет-ғұрпы
мен етене таныс византиялық жазушы Мав-рикий кесімді түрде былай деп жазды:
Славяндар мен антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың әдет-ғұрпы бір,
бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды, суық пен
ыстыққа тезімді, киім мен тамақ тапшылығына мойымай-ды. (Л. Любимов.
Ежелгі орыс өнері. Алматы, 1989, 67-бет).
Ежелгі славяндардың дүниетанымы мен әдет-ғұрыптары да жан-жақты болып
келеді. Олар әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық
жасап, ошақ басының отын сөндірмей, түн сайын пештің астынан шығып, өз
сыбағасын жейді екен деген ұғым қалыптасқан. Егістікті жыртатын өгіз
молшылықтың бейнесі деп танылса, ал Тур (жабайы бұқа) құдай-дың құрметіне
жастардың көктемгі мерекелері өткізіліп тұратын болған. Сонымен бірге
ежелгі славяндар көсемдерін жерлегенде олардың әйелдерін қоса көметін
скифтерден қабылдаған тағылық әдет-ғұрпын қолданғанын да атап өткен жөн
сияқты.
Дін қай мәдениеттің қай түрі болмасын басты элементі болып саналады.
Дін құдіретке жай ғана табыну немесе діни салт-жоралардың жүйесі ғана емес,
ол адамның өзін қоршаған орта жөніндегі, ондағы адамзат баласының алатын
орны жайындағы қалыптасқан идеяларының, діни наным-сенімдерінің белгілі бір
жүйесі және адамның тіршілік бейнесі. Сондықтан да Русь Византиядан
христиан дінін қабылдауы орыс мәдениетінің тарихындағы бетбұрыс кезең
болды. Орыстардың христиан дінінің шығыс тармағы православиені қабылдауы
орыс елінің ішкі және сыртқы жағдайларына тікелей байланысты болды.
Солардың ішіндегі ең бастысы — Киев Русі мен Константинопольдің арасында
қалыптасқан саяси, экономикалық және мәдени байла-ныстар болатын. Христиан
діні орыс мемлекетінің қоғамдық саяси, мәдени өмірінің барлық салаларына
ықпал етеді. Жаңа діннің қабылдауына байланысты Киев Русінің христиан
дүниес елдерімен сауда, саяси, мәдени байланыстары тұрақтанып, арнаға
түсті.
Христиан діні 988 ж. Князь Владимирдің басшылығымен қабылданады Славян
халықтарының тарихындағы жаңа тарихи кезең Киев Русі дәуірінде жүзеге
асырылған бұл шараның нәтежиесінде орыс мәдениеті жаңа сатыға көтеріледі.
Шіркеулер Русьте таңғажайып ғимараттардың көптеп салынуына, атап айтқанда,
өнердің барлық салаларының жан-жақты өркендеуіне алғашқы мектептердің
ашылуына, тарихи шежірелердің жазыла бастауына айрықша ықпал етеді. Осы
орайда христиан дінін Руське дейін қабылдаған оңтүстік славяндар, армяндар
мен грузиндер византиялық мәдениет мәнерін олардан бұрын сезінгенін атап
өтпеске болмайды.

2. Шығыс славяндарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған қуат

Шығыс славяндарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған қуатты, өзінің
көлемі мен маңызы жағынан сол кездегі Еуропада алдыңғы орындардың бірінде
болған Киев Русі мәдениетінің дамуына дүниежүзінің алдыңғы қатарлы
мәдениеттерінің ықпалы орасан зор болды. Олай болса мұндай ерекше мәдени
құбылысты орта ғасырлық әлемнің басқа елдерінен кездестіре қою қиын деген
атақты ғалым Л. Любимовтың орынды пікіріне қосылмасқа болмайтын сияқты.
Шындығында да, географиялық жағынан Русьті Византия, Шығыс пен Кавказ
халықтары, Батыс Еуропа мен Скандинавия айнала қоршап жатты, ал өз
кезегінде бұл елдердің мәдени әсері орасан зор болды. Міне, сондықтан да
болар Византиялық шіркеулердің ішіндегі ең атақ-тысы Әулие Софияның Киев
князі Владимирдің елшілеріне әсер еткені соншалық, олар өздерін шынымен-ақ
о дүниеде жүр екенбіз деп сезінген.
Христиан дінін қабылдағаннан кейінғі аз ғана уақыттың ішінде, әсіресе
князь Ярослав кезінде ежелгі Русьтің мәдениеті өзінің шарықтау шегіне
жетті. Киев — Еуропаның ең ірі қалаларының біріне айналды. Шетелдік
саяхатшылар Киевті екінші патша қала деп атаса, XI ғасырдағы батыс жазушысы
Адам Беременский Киевті Грецияның арайлы ажары болған Констан-тинопольдың
бақталасы деп өте жоғары бағалады. Князь Ярос-лавтың (XI ғ.) кезінде
тұрғызылған киевтік София соборы — таңғажайып ескерткіштердің бірі болды,
Киев Русінің ең құдіретті сәулет енерінің бұл тамаша ескерткішінің он үш
мұнарасына ұқсас үлгі, сәулетшілердің пікіріне қарағанда, Византия ғана
емес, басқа да бірде-бір христиандық елден табылмаған.
Ежелгі Руське христиан дінінің келуіне байланысты шіркеулер мен
монастырьлар салу, яғни діни құрылыстар кең етек алды. Сондай мәдени
ескерткіштердің қатарына XI ғ. Ортасында Антоний (983—1073 ж.) және
Феодосий, Печерскийлер негізін қалаған Киев-Печерск монастыры, ежелгі тас
ғибадатхана — Киевтің Десятин шіркеуі және т.б. жатады.
Бір жүйеге келтірілген жазудың енгізілуі орыс мәдениетінің аса үлкен
жетістігі болды, өйткені тіл қай мәдениеттің болсын басты элементі болып
табылады. Славян әліппесін жасаушылар ағайынды гректер Кирилл (827—869 ж.)
мен Мифодий (815— 885 ж.) болды. Дәл осы бір мәдени бетбұрыс кезеңінде орыс
жазуы мен әдебиеті өзінің шарықтау шегіне жетті. Киев Русінің ең алғашқы
жазба ескерткіштерінің бірі Орыс шындығы қара-пайым, әрі түсінікті
халықтық тілмен жазылса, орыс халқының аса үздік әдеби мұрасы Игорь жасағы
туралы жырдың тілі де дәуір тынысын жан-жақты бейнеледі.
Византия елімен болған тығыз қарым-қатынастардың арасында Киев Русінде
ағартушылық ісі де жолға қойыла бастады. Қала халқы негізінен сауатты
болды, сондықтан да болар, Киев Русін Кітаптар елі деп атағані
Монастырьлардың жанынан мектептер, кітапханалар, архивтер ашылып, шетел
әдебиеті аударылып, түрлі шежірелер жазылды. Киев Русі өздері басып
шығарған кітаптарын мақтаныш еткен. Олардың бірқатарының бағасының қымбат
болғаны соншалық, өрт шыққан жағдайда, ең алдымен құнды кітаптарды сақтап
қалуға тырысқан, Византиядағы сияқты мұнда да кітаптар Құдайдың жаңалығы
мен даналық қоймасы болып саналған. Кітапты безендіру үшін ештеңені де
аямаған. Кітаптың бүкіл өрнегін алтындаушы суретшілер жасаған, ал оның
күміспен, әсем ою-өрнектермен, қымбат бағалы тастардан және финифтпен
(эмальді осылай атаған) жасалған бейнелері бар алтын қабыршақтармен
көмкерілген мұқабаларды дайындау ісін алтындаушы үста мен эмальшыға
тапсырған. Орыс кітаптарының ең үздік ежелгі үлгілерінің бірі ұлы князь
Изяславтың жақын серігі Остромирдің тапсырысы бойынша дьякон Григорий
1056—1057 жылдары жазған Інжілдік дүниетаным кітабы. Демек өз заманының
деңгейі тұрғысынан алып қарағанда, Киев Русі мәдениетінің жоғары
болғандығын аңғаруға болады.

3. XIII-XIV ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы

XIII-XIV ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы Новгород қаласы болды.
Кескіндемелік және сәулетшілік ескерткіштерімен өзін Ұлы мәртебелі
Новгород деп атаған бұл тарихи қаланы шетелдік бір автор байлығы жағынан
тек Риммен ғана теңесе алады деп бағалауы тегіннен-тегін емес сияқты.
Мұндағы орыс халқының рухы сіңген енер дүниелерінің бірі Новгород
Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монас-тырының Георгиев соборы және
т.б. Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын
Киев соборының тікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән
ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат.
Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий
монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден
жатқызуға болады.
Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона (бейне де-ген мағынаны
білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықты
ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу
өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге
құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың
ішінде әлемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Со-лардың бірі шамамен XII
ғасырдың соңында жасалған Алтын шашты періште. Осы бір таңғажайып естен
кетпес бейнеде қаншалық биік, таза сүлулық бар десеңізші. XV ғасырда
Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс
өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің
құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі —
орыс мәдениетінің гүлденген дөуірі XVI—XVII ғасырлар, яғни мәскеулік кезең
мәдениеті болып саналады.
XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да, сондай-ақ
мәдени жағынан да беделге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген құдіретті
Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың мәдениеті ыдырай
бастады, монғолтатар езгісі әлі де жойыла қоймады, Дмитрий Донскойдың
тарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Ендігі жерде тек
Русьтен ғана емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей мәдениеті жайында
Орыс мәдениеті
Ресей
Ресей Федерациясы орыс
Н. Бердяев бойынша Ресей мәдениетінің тарихи кезеңдері
Ресей Федерациясы
Тақырыбы: XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Көркем мәдениет
Ежелгі Русь мәдениеті
Пәндер