Музыка өнері



Кіріспе
Негізгі бөлім:
I. Музыка өнерінің пайда болуы
II. Музыка өнері және оның ерекше сипаттары
III. Шетелдік музыка өнерінің XVII ғ. дейінгі дамуы
a) Ежелгі дәуірдегі музыкалық өнер
b) Антикалық музыка
c) Ортағасырлық музыка мәдениеті
d) Қайта өрлеу дәуіріндегі музыка
IV. XVII.XVIII ғғ. шетелдік музыка мәдениеті
V. XIX ғ.дағы шетелдік музыка. Романтизм
VI. XIX.XX ғғ. шетел музыка мәдениеті
VII. Қазіргі заман музыкасы
Қорытынды
Музыка өте ертеде қалыптасты. Тұжырымдар бойынша ол табиғатта бар дыбыстардан: құстың сайрауы, бұлақтың сылдырап ағуы, тоғайдың сыбдыры, жаңбырдың шуы, күн күркіреуінен пайда болған. Осымен қатар басқа да тұжырымдар бар, олар бойынша музыка адамзат сөзінен, яғни сөзді әуендетіп, әндетіп айтудан пайда болған.
Ерте кезде адамдар музыканы ғарыштық күш деп білген және музыкалық үйлесімдік жаратылыстың негізі деп таныған. Ал ежелгі үндістер музыка адам тағдырына әсер ететініне сенген. Оны ғарыш заңдарымен байланыстырған: үнді планеталармен, интервалды жыл мезгілдерімен салыстырған. Ал Ежелгі Қытай, Мысыр және Грецияда музыкалық интервалды планеталар арасындағы қатынастар деп қарастырды. Пифагор мектебі (б.э.д. VI ғ.) «қозғалмалы сфералар музыкасы» туралы ғылымды ойлап тапқан кезде жаратылыстанудың, табиғи үйлесімдік негізінде музыкалық бастауды көрген.
Ежелгі адамдар музыканың адам өміріне тигізетін әсеріне көңіл бөлген. Ол адамды қоршаған ортаның әсемдігін сезіп көруге, тек ізгі сезімдерді, мінезді, тәртіп әдемілігін тәрбиеледі. Музыка адамды бақытқа кеңелтеді, қуанышқа бөлейді және сол мезетте қайғы, өкініш, уайымды сездіртеді.
Дмитриева Н. Краткая история искусств. - Вып.5. - М.,
1999.
Книга о музыке. - М., 1996.
Мартынов И. Очерки о зарубежной музыке первой поло¬вины XX века. - М.,1980
Рыжкин Н. Назначение музыки и её возможности. - М.,
1962.
Сохор А. Музыка как вид искусства. - М., 1961.
Штейнпресс Б. Музыка XIX века. - М., 1968.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім:
I. Музыка өнерінің пайда болуы
II. Музыка өнері және оның ерекше сипаттары
III. Шетелдік музыка өнерінің XVII ғ. дейінгі дамуы
a) Ежелгі дәуірдегі музыкалық өнер
b) Антикалық музыка
c) Ортағасырлық музыка мәдениеті
d) Қайта өрлеу дәуіріндегі музыка
IV. XVII-XVIII ғғ. шетелдік музыка мәдениеті
V. XIX ғ-дағы шетелдік музыка. Романтизм
VI. XIX-XX ғғ. шетел музыка мәдениеті
VII. Қазіргі заман музыкасы
Қорытынды

Музыканың пайда болуы
Музыка өте ертеде қалыптасты. Тұжырымдар бойынша ол табиғатта бар
дыбыстардан: құстың сайрауы, бұлақтың сылдырап ағуы, тоғайдың сыбдыры,
жаңбырдың шуы, күн күркіреуінен пайда болған. Осымен қатар басқа да
тұжырымдар бар, олар бойынша музыка адамзат сөзінен, яғни сөзді әуендетіп,
әндетіп айтудан пайда болған.
Ерте кезде адамдар музыканы ғарыштық күш деп білген және музыкалық
үйлесімдік жаратылыстың негізі деп таныған. Ал ежелгі үндістер музыка адам
тағдырына әсер ететініне сенген. Оны ғарыш заңдарымен байланыстырған: үнді
планеталармен, интервалды жыл мезгілдерімен салыстырған. Ал Ежелгі Қытай,
Мысыр және Грецияда музыкалық интервалды планеталар арасындағы қатынастар
деп қарастырды. Пифагор мектебі (б.э.д. VI ғ.) қозғалмалы сфералар
музыкасы туралы ғылымды ойлап тапқан кезде жаратылыстанудың, табиғи
үйлесімдік негізінде музыкалық бастауды көрген.
Ежелгі адамдар музыканың адам өміріне тигізетін әсеріне көңіл бөлген. Ол
адамды қоршаған ортаның әсемдігін сезіп көруге, тек ізгі сезімдерді,
мінезді, тәртіп әдемілігін тәрбиеледі. Музыка адамды бақытқа кеңелтеді,
қуанышқа бөлейді және сол мезетте қайғы, өкініш, уайымды сездіртеді.

Музыка өнері және оның ерекше сипаттары
Музыка (гр. – музалар өнері) - шынайылықты дыбыстық көркем бейнелер
арқылы жеткізетін және адам психикасына әсер ететін өнердің бір түрі.
Музыка адамның эмоциялық күйін нақты және нанымды жеткізе алады. Ол басқа
өнер түрлерінің құралдарын да кеңінен пайдаланады, мысалы сөз (әдебиет).
Музыкалық бейнелерді жеткізу құралдары ретінде белгілі бір ретпен
ұйымдасқан дыбыстарды пайдаланады. Музыканың негізгі элементтері (оның
өрнектеу құралдары немесе музыкалық тілі) – бұл әуен, үйлесім (гармония),
метр, ритм, саз (лад), динамика, ырғақ (тембр) және т.б.
Музыка ноталық жазбаларда қалыптасып, орындау барысында жетіледі.
Музыканы бір дауысты (монодия) және көп дауысты (полифония, гомофония).
Осымен қатар музыка түрлерге, яғни жанрларға бөліну де жиі қолданылады.
Музыкалық жанр – пайда болу, орындау және оны қабылдау жағдайымен
байланысты кең түсінік. Жанр музыкалық өнердегі оған кірмейтін факторлар
(сөз, би және де басқа өнерлер) мен оның музыка ішіндегі сипаттамалардың
(музыкалық түрлердің типтері, стиль) арасындағы байланысын бейнелейді.
Музыкалық даму тарихының бастапқы кезінде жанр тек дәстүрлі көркем канон
ретінде ғана қабылданды, осының әсерінен сазгердің дербестігі айқын
байқалмаған. Музыканы орындаушылықтың канондық ережелері қоғамдық
функциялардағы музыканың орнына (культтік, рәсімдік) байланысты болды.
Қолданбалы музыкада ән, би, марш сияқты алғашқы жанрлар қалыптасты. Олардың
ерекшеліктері музыканың түрлі (тұрмыстық, еңбекші, рәсімдік) жағдайларына
байланысты болды.
Уақыт келе жанр ұғымы көркем өнердің белгілі бір түрін ажыратылатын
белгілер бойынша өрнектеп кеңінен және жалпылай қолданыла бастады.
Әр халықтың музыкалық мәдениетінде өзгешеліктер бар; олар, негізінен
халық музыкасында айқын байқалады. Халық шығармашылығының негізінде
эволюциялық заңдылықтарға байланысты кәсіби музыка да дамиды, адамдардың
рухани өмірлерін бейнелейтін түрлі мектептер, көркемдік бағыттар, стильдер
пайда болып, бірін-бірі алмастырады.

XVII ғ. дейінгі шетел музыкалық өнері
Ежелгі уақыттың музыкалық өнері.
Музыкалық өнер ежелгі уақытта пайда болды. Қазіргі таңда адамзат
тарихының бас кезінде, яғни тас дәуірінде, алғашқы қарапайым музыкалық
аспаптардың жасалғаны белгілі. Бұл аспаптар қазіргі кезге дейін сақталған:
теңіз бақалшақ, жануарлар сүйектері мен мүйіздерінен жасалған түрлі
трубалар, т.б. Дәл осы кезде адамдар өздерінің алғашқы өлеңдерін жаза
бастады және олар түрлі рәсімдер кезінде түрлі дене қозғалыстарымен
орындалатын болды.

Антиканың музыка мәдениеті.
Антика дәуірінде қоғам және оның мәдениетінің жоғары даму сатысында
болған мемлекет – Ежелгі Греция. Сол кезде ол саясат, мәдениет және құқық
салаларында дербестігін сақтап қалған бірнеше кішігірім калалы
мемлекеттерден (полистерден) құралған.
Музыка гректердің қоғамдық өмірлерінде қомақты орынды иеленді. Ал
музыканы үйрену жалпы азаматтық тәрбиелеудің негізі болған. Спорттық және
көркемдік жарыстардың бағдарламасы бойынша ән айту және музыкалық
аспаптарда ойнау негізгі талаптардың бірі болған. Музыкадағы ірі
жетістіктер гомердік және ежелгі грек мәдениетінің классикалық даму
дәуірлеріне сәйкес келеді (XII-V ғғ.). Осы кезде өнердің жаңа түрлері мен
жанрлары қалыптаса бастады. Ең алғашқысы – бұл Гомердің эпикалық
өлеңдерінен белгілі батырлық эпосы (Одиссея, Илиада), кейінгісі –
хордық және жеке орындаушылық лирикалары. Антикалық дәуірдің ең басты
жетістігі – театрдың пайда болуы. Антикалық дәуірдің әйгілі ойшылдары
Пифагор, Гераклит, Платон, Аристотель, Аристоксен және басқалары музыкалық
эстетика мен теориясы жайында көптеген еңбектерін жазған.

Орта ғасырлық музыка мәдениеті.
Орта ғасыр дәуірі (б.з. V-XIII ғғ.) дүниежүзілік тарихында ауыр езгі,
соғыстар, крест жорықтары дәуір болып және рим-католиктік шіркеуінің
әсеріндегі уақыт болып қалды. Шіркеу өз дәстүрлерін қорғағанға қарамастан,
халық өнерінің әсеріне қарсы тұра алмады. Осылайша, шіркеулік стиль және
оның негізгі культтік жанр месса бірте-бірте халық әуендерінің қатарына
кіре отырып, әнұран, секвенция және тропалардан байқала бастады. Бұл
дәуірдің басты жетістігі: IX-X ғғ. көп әуенділіктің ерте түрлерінің пайда
болуы. Орта ғасырлық музыка мәдениетінің басты саласы түрлі мемлекеттердің
дәстүрлерімен таныстыратын халық шығармашылығы болды. Халық ән-
интрументалдық өнері жердің бетін аралап жүретін музыканттар – шпильмандар
(Германия), жонглерлер (Франция), гистриондар (Ұлыбритания), хогларлардың
(Италия) шығармашылығы арқылы таныс. Шіркеудің бұл музыканттарға теріс
көзқарасына қарамастан, олардың өнерін бүкіл халық мойындады.

Қайта өрлеу дәуіріндегі музыка.
Қайта өрлеу дәуірі деп аталатын XIV-XVI ғғ. уақыт Батыс Европа тарихында
елеулі із қалдырған. Қайта өрлеу дәуірі өнердің барлық аймақтарына және
философияға өз әсерін тигізді. Жаңа өнер музыкада да өз кейіптеуін тапты.
Алғашында ол Италия және Францияда (Ars nova), ал кейіннен Нидерланды,
Ұлыбритания, Германия және басқа да мемелекеттерде танылды. Музыкалық өнер
халықтың қоғамдық өмірінде, әсіресе реформацияларға байланысты ұлт-азаттық
қозғалыстар мен дін соғыстары кезінде маңызды рөл атқарды. Осы кезде
қалалық музыка өмірі тез дами бастады (академиялар, университеттер,
консерваториялардың ашылуы). Ақсүйектік жанрлардың пайда болуы және дамуы –
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі жетістігі. Бұл музыка бұрыңғыға қарағанда
әуендік, фольклорлық бастауларымен және шіркеулік жанрларға қарсы тұруымен
белгілі. Ең алдымен, бұл итальяндық ән жанрлары – лаудтар, фроттолдар,
виланеллар және өзінің аристократтығымен белгілі мадригалдар; француздық
chansons (шансон), испандық романстар және де басқа жанрлар. Ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Театр және музыка өнері
Ұлттық өнер және оның ерекшеліктері
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Бейнелеу өнері үйірме жұмыстарында ағаштан ұлтық қолөнер арқылы оқытудың әдістемесі
Студенттердің бойында музыка–педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру және болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыларға музыкалық тәрбие беру жұмысына даярлау
Философия және өнер
Эстрадалық өнер жанрлары
Пәндер