Алтай – Тарбағатай аралығындағы ертесақ ескерткіштері



КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1.1 Шығыс Қазақстанның тарихи . географиялық жағдайы

1.2 Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихы

ІІ ТАРАУ. АЛТАЙ . ТАРБАҒАТАЙ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЕРТЕСАҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

2.1 Майемер мәдениеті археологиялық ескерткіштері

2.2 Шілікті археологиялық мәдениеті ескерткіштері

ІІІ ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕ САҚ ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕЛУІ МЕН МЕРЗІМДЕЛУІ


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның шығыс аймағының, яғни қазіргі Шығыс Қазақстан өңіріңдегі Алтай мен Тарбағатай тау жоталарының теріскей беткейлеріндегі ерте көшпелілердің археологиялық көне мұрағаттары соңғы жылдары өзге өңірлерімен салыстырғанда біршама жақсы зерттелуде.
Ерте темір дәуірі қазақ халқының шаруашылық-мәдени түрінің қалыптастырған тарихи кезең. Қазақ Алтайы мен Жетісуды сақ, алтын қорыған грифтер елі, у-гэ, у-сунь тайпалық одақтары мен алғашқы мемлекеттік бірлестіктері мекен етті. Осы қауымдастықты қүрайтын эртүрлі мәдениет пен олардың тармақтарының шығуы мен дамуы, дүниетанымы мен салт-жоралары шешілуі қиын мәселелер санатында.
Нақ осы уақытта көптеген ғасырлар бойы шаруашылықтың басты түріне айналған жартылай отырықшы шаруашылық қалыптасты және олар шаруашылық-мәдени жүйе ретінде қоғам өмірін толық өзгертті. Басқаша тұрмыс кешуге, ойлауға, өзге құндылықтарға әкелді. Шаруашылықтағы өзгерістер жаңа өмір салтын қалыптастырды.
Б.з.д. 8-1 ғасырларда өмір сүрген «Азиялық скифтер» жөнінде мәлімет берер жазба деректердің аздығы сақ-скиф әлемін танып-білуге бар салмақты археологиялық деректерге жүктейді. Қытай мен Орта Азия, Еуропаға дейінгі байланыс жолының бірі болған Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен Алтай – Тарбағатай тау аралығы сонау ықылым замандардан әртүрлі халықтар арасындағы этно-мәдени, этно-саяси байланыстардың тұсы, тоғысар түйіні болғаны ақиқат.
Географиялық жағынан алғанда Алтай мен Тарбағатай өңірлері батыс (жетісулық) және шығыс (оңтүстіксібірлік) тайпалардың түйісер аймағы. Бұл жерде әртүрлі археологиялық мәдениеттер мен олардың локальды варианттары өмір сүрді. Бүкіл тарихи кезең бойы үнемі тарихи қауымдастықтар арасындағы мәдени және өзара байланыстары көрініс тапты.
Нақты алғанда бұрынғы зерттеулердің басты кемшілігі ерте көшпелілердің үлкен қорғандарынан емес, негізгі әлеуметтік тобын құрайтын қатардағы қарапайым қорғандардан алынған материалдар негізінде жасалуында.
Қазіргі таңда уақыт жағынан алғанда әртүрлі археологиялық жаппай материалдардың қордалануы және ерте көшпелілердің Майемер, Берел және Шілікті сияқты сақ патша-бекзадаларының бай қорғандарының қазылуы бұл материалдарды жөнге келтіріп саралауды, нақты жүйелеуді қажет етеді.
Соңғы бір жарым ғасырда аталған өлкелерді ерте темір дәуірінде мекен еткен халықтардың жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері жайлы жинақталған көптеген мәліметтердің легі зерттеулердің жаңа әдістемелеріне сай жүйеленіп, қазіргі ғылыми-теориялық деңгей мен талапқа сай жіті талдауды керек етеді. Сонда ғана өлкелердің ғылыми тұжырымдалған ортақ тарихи-мәдени келбеті құрылады.
1. Пекевич М.В. Строение поверхности // Горный Алтай – Томск, 1971
2. Ирисов Э.А. Животный мир // Горный Алтай – Томск, 1971
3. Радлов В.В. Из Сибири: страницы дневника – М.,1989
4. Миллер Г.Ф. История Сибири. М.,-Л. 1937. Т.1.
5. Паллас П.С. Путешествия по разным провинциям Россиской империи, ч.1, Спб., 1773, ч.2, кн. 1-2, Спб., 1876, ч.3, Спб., 1788
6. Спасский Г.И. Путешествие по Сибири. Путешествие по южным Алтайским горам в 1809 г. //Сибирский вестник. 1818. Ч.ІІІ.
7. Белослюдов А.П.Отчет о работах археологической экспедиции в окрестностях города Усть-Каменогорска в 1910г. // Записки Семипалатинского п/о Западно-Сибирского отдела Русского географического общества, 1912, вып.6.
8. Адрианов А.В. К археологии Западного Алтая (из поездки в Семипалатинскую область в 1911году) //Известия Императорской Археологической Комиссии. - СПб, 1916. - Вып. 62.
9. Руденко С.И. К палеоантропологии Южного Алтая. //Казахи, Л., 1930.
Киселев С.В. Алтай в скифское время (Майемерская культура)// ВДИ. 1974. №2.
10. Черников С.С. Древняя металлургия и горное дело Западного Алтая. –Алма-Ата.: Наука, 1949.
11. Черников С.С. Отчет о работах ВКЭ 1948 года. // Изв.АН КазССР №108, вып.3. 1951.
12. Черников С.С. Наскальные изображения верховий Иртыша. //СА. 1947. Т.IX.
13. Черников С.С. О работах Восточно-Казахстанской экспедиции. //КСИИМК. Вып.64. М., 1956.
14. Черников С.С. Работы Восточно-Казахстанской археологической экспедиций в 1956 году. //КСИИМК. Вып.73. Л., 1959.
15. Омаров Ғ.Қ. Шілікті және Шағаноба қорғандарының зерттелуінен (С.С.Черниковтың жарияланбаған 1959 жылғы архив материалдары негізінде) //«Қазақстандағы этностардың дәстүрлі мәдениетіне қатысты музей жинақтары: зерттеу мәселелері мен сақтау перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинардың материалдары (28-29 қараша 2008жыл). Алматы: «Қазақ университеті», 2009.
16. Черников С.С. Загадка золотого кургана. М., 1965.
17. Черников С.С. Отчет о работе Восточно-Казахстанской экспедиции Ленинградского Отделения АН СССР в1961году. Фонд 11, дело 810, связка 54.
18. Черников С.С.Некоторые закономерности исторического развития ранних кочевников (по археологическим материалам Западного Алтая). //Центральная Азия в Кушанскую эпоху. Труды Международной конференции по истории, археологии и культуре. М., Наука, 1975
19. Черников С.С. В глубине веков. //Очерки истории Рудного Алтая. Усть-Каменогорск.: Облтипография, 1970
20. Арсланова Ф.Х. Могильник ранних кочевников на правобережья Иртыша// Изв. АН КазССР, вып. 2/19/.
21. Арсланова Ф.Х. Отчет о работе археологической экспедиции Усть-Каменогорского педагогического института за 1965 г. Фонд 11, дело 975, связка 62
22. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. А-Ата, 1966.
23. Иессен А.А. К вопросу о памятниках VIII- VIIвв. до н.э. на юге Европейской части СССР //СА, 1953, XVII
24. Арсланова Ф.Х. Новые материалы ҮІІ-ҮІ вв. до н.э. из Восточного Казахстана // Бронзовый и железный век Сибири. Новосиб., Изд. «Наука», СО. 1974
25. Арсланова Ф.Х., Чариков А.А. Бронзовые котлы из музеев Восточно-Казахстанской обл асти // Скифо-сибирское культурно-историческое единство. Материалы І Всесоюзной археологической конференции. Кемерово, 1980.
26. Ермолаева А.С. Исследования на левом берегу Иртыша в Восточном Казахстане.//АО. М,1983
27. Трифонов Ю.И., Ахинжанов С.М. Акчий III //Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. А-Ата, 1987
28. Арсланова Ф.Х. Работы в Восточном Казахстане // Археологические открытия 1981 года. М., 1983.
29. Самашев З.С., Арсланова Ф.Х. Исследования комплекса Карашат // Археологические открытия 1982 года. М., 1984
30. Арсланова Ф.Х. Новые материалы ҮІІІ-УІІ веков до нашей эры из Восточного Казахстана // СА. 1972. №1.
31. Арсланова Ф.Х. Погребальный комплекс VIII-VII веков до нашей эры из Восточного Казахстана // В глубь веков. А., 1974
32. Сорокин С.С. Памятники ранних кочевников верховьях реки Бухтармы. // Археологический сборник. №8. М-Л., 1966
33. Толеубаев А.Т., Бейсенов А.З., Омаров Г.К. К проблеме этнокультурных связей регионов Восточного и Центрального Казахстана в раннежелезном веке.// ХІV Уральское археологическое совещание. Тезисы докладов. Челябинск, 1999
34. Самашев З.С, Ермолаева А.С., Омаров Г.К. Раннесакские наконечники стрел из Казахстанского Алтая //Военная археология (Материалы международной конференции). – Спб. 1998.
35. Ткачев А.А., Тишкин А.А. Итоги изучения скифской эпохи Алтая и сопредельных территории. Барнаул, 1999
36. Омаров Ғ.Қ., Үмітқалиев Ұ.Ү.Марқакөл өңірінің археологиялық зерттелу тарихнамасы. //Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары 27 ақпан 2009 ж. Алматы, «Қазақ университеті». 2009.
37. Төлеубаев Ә.Т., Омаров Ғ.Қ., Ж.Шайкен., Ұ.Ү.Үмітқалиев, С.Самашев Шілікті қорымының зерттелуі // Мемлекеттік «Мәдени мұра -2004» бағдарламасы бойынша археологиялық зерттеулер жайлы есеп. Алматы, 2005
38. Төлеубаев Ә.Т.,Омаров Ғ.Қ.,Ұ.Ү.Үмітқалиев, Ғ.Д.Іргебаев, М.М.Майданбекова, Б. Қожахметов Шілікті археологиялық экспедициясының 2006 жылғы есебі // Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2006 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп. Алматы, 2007
39. Ермолаева А.С. Измайловский погребально-поминальный комплекс начала эпохи ранних кочевников из Восточного Казахстана //Известия НАН РК. Серия общественных наук. 2008. №1.
40. Марсадолов Л. С. Пазырыкский феномен и попытки его объяснения // Итоги изучения скифской эпохи Алтая и сопредельных территории. Барнаул, 1999
41. Руденко С. И. Культура населения Центрального Алтая в скифское время. М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1960
42. Шульга П. И. Этнокультурная ситуация в Горном Алтае и северо-западных предгорьях в VII-Ш вв. до н. э. // Итоги изучения скифской эпохи Алтая и сопредельных территорий. Барнаул: Изд-во АлтГУ, 1999
43. Марсадолов Л.С.,. Основные тенденции в изменении форм удил, псалиев и пряжек коня на Алтае в 8-5 веках до н.э. //Снаряжение верхового коня на Алтае в раннем железном веке и средневековье. Барнаул, 1998
44. Ткачев А.А., Тишкин А.А. Курганы раннескифского времени на могильнике Герасимовка в Восточном Казахстане.Барнаул: 1999.
45. Оразбаев А.М., Омаров Г.К. Некоторые итоги археологического исследования Восточного Казахстана //Проблемы изучения и сохранения исторического наследия (материалы международной археологической конференции). Алматы,1985.
46. Мартынов А.И., Алексеев В.П. История и палеоантропология скифо-сибирского мира. –Кемерово, 1986
47. Майк Эвардс. Скифы: сибирские золотых дел мастера // National geographic. Россия. Қазан, 2003
48. Төлеубаев Ә.Т.,Омаров Ғ.Қ.,Ұ.Ү.Үмітқалиев, Ғ.Д.Іргебаев, М.М.Майданбекова, Б. Қожахметов Шілікті археологиялық экспедициясының 2006 жылғы есебі // Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2006 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп. Алматы, 2007
49. Левашова В.П. К вопросу о местных особенностях в погребениях тагарской культуры // СА, 1958
50. Төлеубаев А.Т. Характеристика золотых изделий из 2-Чиликтинского могильника. // Историческая роль Александра Губольдта и его экспедиций в развитии мировой, региональной и национальной науки. Алматы, 2004
51. Акишев К.А. Саки азиатские и скифы европейские (общее и особенное в культуре) //Археологические исследования в Казахстане. Алматы: Наука. 1973.
52. Самашев З.С., Ольховский В.С., Омаров Г.К. К изучению торевтики кочевников Евразии І тыс. До н.э.(Оленья бляшка из Семиречья) //Евразийское сообщество. Алматы, 1998, №6.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

І ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1.1 Шығыс Қазақстанның тарихи - географиялық жағдайы

1.2 Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерінің зерттелу
тарихы

ІІ ТАРАУ. АЛТАЙ – ТАРБАҒАТАЙ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЕРТЕСАҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

2.1 Майемер мәдениеті археологиялық ескерткіштері

2.2 Шілікті археологиялық мәдениеті ескерткіштері

ІІІ ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕ САҚ ДӘУІРІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ
КЕЗЕҢДЕЛУІ МЕН МЕРЗІМДЕЛУІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның шығыс аймағының, яғни қазіргі
Шығыс Қазақстан өңіріңдегі Алтай мен Тарбағатай тау жоталарының теріскей
беткейлеріндегі ерте көшпелілердің археологиялық көне мұрағаттары соңғы
жылдары өзге өңірлерімен салыстырғанда біршама жақсы зерттелуде.
Ерте темір дәуірі қазақ халқының шаруашылық-мәдени түрінің
қалыптастырған тарихи кезең. Қазақ Алтайы мен Жетісуды сақ, алтын қорыған
грифтер елі, у-гэ, у-сунь тайпалық одақтары мен алғашқы мемлекеттік
бірлестіктері мекен етті. Осы қауымдастықты қүрайтын эртүрлі мәдениет пен
олардың тармақтарының шығуы мен дамуы, дүниетанымы мен салт-жоралары
шешілуі қиын мәселелер санатында.
Нақ осы уақытта көптеген ғасырлар бойы шаруашылықтың басты түріне
айналған жартылай отырықшы шаруашылық қалыптасты және олар шаруашылық-
мәдени жүйе ретінде қоғам өмірін толық өзгертті. Басқаша тұрмыс кешуге,
ойлауға, өзге құндылықтарға әкелді. Шаруашылықтағы өзгерістер жаңа өмір
салтын қалыптастырды.
Б.з.д. 8-1 ғасырларда өмір сүрген Азиялық скифтер жөнінде мәлімет
берер жазба деректердің аздығы сақ-скиф әлемін танып-білуге бар салмақты
археологиялық деректерге жүктейді. Қытай мен Орта Азия, Еуропаға дейінгі
байланыс жолының бірі болған Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен Алтай –
Тарбағатай тау аралығы сонау ықылым замандардан әртүрлі халықтар арасындағы
этно-мәдени, этно-саяси байланыстардың тұсы, тоғысар түйіні болғаны ақиқат.
Географиялық жағынан алғанда Алтай мен Тарбағатай өңірлері батыс
(жетісулық) және шығыс (оңтүстіксібірлік) тайпалардың түйісер аймағы. Бұл
жерде әртүрлі археологиялық мәдениеттер мен олардың локальды варианттары
өмір сүрді. Бүкіл тарихи кезең бойы үнемі тарихи қауымдастықтар арасындағы
мәдени және өзара байланыстары көрініс тапты.
Нақты алғанда бұрынғы зерттеулердің басты кемшілігі ерте көшпелілердің
үлкен қорғандарынан емес, негізгі әлеуметтік тобын құрайтын қатардағы
қарапайым қорғандардан алынған материалдар негізінде жасалуында.
Қазіргі таңда уақыт жағынан алғанда әртүрлі археологиялық жаппай
материалдардың қордалануы және ерте көшпелілердің Майемер, Берел және
Шілікті сияқты сақ патша-бекзадаларының бай қорғандарының қазылуы бұл
материалдарды жөнге келтіріп саралауды, нақты жүйелеуді қажет етеді.
Соңғы бір жарым ғасырда аталған өлкелерді ерте темір дәуірінде мекен
еткен халықтардың жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері жайлы жинақталған көптеген
мәліметтердің легі зерттеулердің жаңа әдістемелеріне сай жүйеленіп, қазіргі
ғылыми-теориялық деңгей мен талапқа сай жіті талдауды керек етеді. Сонда
ғана өлкелердің ғылыми тұжырымдалған ортақ тарихи-мәдени келбеті құрылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты Алтай -
Тарбағатай өңірлеріндегі ерте сақ дәуіріне жататын ескерткіштердің
белгілілерінің негізінде олардың сипаттамасын жасап, олардың мәдени-
этникалық атрибуциясын, археологиялық кезеңдемесі мен мерзімдемесін жасау.
Ерте темір дәуіріндегі аталған өлке тұрғындарының жерлеу ғұрпында
орындалған жерлеу және ғұрыптық рәсімдерді анықтау, жерлеу ғұрыптарындағы
ұқсастықтар мен ерекшеліктерін ашу, жерлеу тәсілдері мен рәсімдерінің
шығуы, қалыптасуы мен өрістеу жолдарын байқау және алынған жаңа білім
негізінде ежелгі тұрғындардың дүниетанымдық түсініктерінің кейбір қырларын
қайта жаңғырту. Осыған байланысты мынандай міндеттер тұр:
- Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте сақ дәуіріне жататын
археологиялық ескерткіштері материалдарын талдап қорыту;
- Осы негізде ескерткіштердің хронологиясы мен жүйеленуін жете
зерттеу;
- Мәйемер мәдениетінің өмір сүру уақытына, ескерткіштерінің көлеміне,
орналасқан жерлеріне және сыртқы құрылысына қарай түрлерге бөлу;
- Шілікті ескерткіштерінің ерте сақ дәуірінде алатын орнын айқындау;
- Зерттеу барысында табылған артефактілерді бұрын ғылымда белгілі
үлгілермен салыстыра отырып, мерзімделу уақытын анықтау;
- Алтай - Тарбағатай аралығындағы ерте сақ тайпаларының қалыптасуы мен
дамуындағы көрші мәдениеттердің ықпалын ашу;
- Жерлеу ғұрпы және басқа материалдарды саралау негізінде Алтай -
Тарбағатай аралығындағы ерте сақ дәуірі археологиялық ескерткіштерінің
қандай этномәдениетке жататындығын анықтауға талпыныс жасау.
Зерттеу жұмысының нысанына Қазақ Алтайы мен Тарбағатай аралығын алып
жатқан ерте сақ дәуірі археологиялық ескерткіштері және осы уақытпен
мерзімделетін артефактілер жатады. Шығыс Қазақстанның ерте сақ
сипатталады. Осы мәдениеткеқатысты зерттелген және ғылыми айналымға
енгізілген барлық материалдарды қорытып беру де нысандардың бірі болып
табылады.
Зерттеудің деректік негізі. Қазақстанды мекен еткен ерте көшпенді
тайпалардың тарихын зерттеуде тарихшылар деректердің екі тобына иек артады:
археологиялық және жазба деректер. Шығыс Қазақстан территориясында ерте
темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар тарихының қайнар көзін ашар,
мәдениетін анықтайтын жазба деректердің тым аздығына байланысты өлкені
мекендеуші ежелгі тұрғындар қалдырған жерлеу орындары – қорғандар
материалдары осы олқылықтың орынын толтырар бірден-бір дерек көзі.
Қазақстанның ерте көшпелілер тарихына қатысты археологиялық деректер
ХІХ ғасырдың өзінде-ақ жинала бастағанымен, нағыз, шынайы және кәсіпқойлық
деректер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жиналады. Бұл орайда
С.С.Черников, С.С.Сорокин, Ә.М.Оразбаев, Ф.Х.Арсланова, З.С.Самашев,
Ә.Т.Төлеубаев және т.б. зерттеушілердің жүргізген қазба жұмыстары
нәтижесінде жинақталған археологиялық материалдарды атап айтуға болады.
Аталған авторлардың кейбір жарияланбаған, жүйеленбеген материалдары, сондай-
ақ археология институтының архивінен алынған материалдар зерттеудің
деректік негізі болып табылады.
Соңғы жылдары, егемендік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан жұмыстар
өте нәтижелі де жемісті болды. Шығыс Қазақстан облысында З.Самашев
ұйымдастыруымен қазақ-француз экспедиясы Мәйемер ескерткіштерінде жүргізген
қазбалар нәтижесінде мол мұралар ашылды. Сақталған заттар өте керемет,
ағаш, теріден, киізден жасалған дүниелер бізге аман-есен жетіп отыр.
Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы аясында жүргізіліп келе жатқан
зерттеулер де мол нәтиже беріп отыр. Шығыс Қазақстан облысында Ә.Т.
Төлеубаев жүргізген қазбалар нәтижесінде Шілікті обасынан Қазақстанның
екінші Алтын адамы табылып отыр. Осы ескерткішті зерттеп, зерделеуде қазу
барысында табылған мол жәдігерлер тарихымыздың олқы тұстарын толтырар
теңдесі жоқ қазынамыз.

Бітіру жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы алынған тақырыпты толық
баяндау мақсатында белгілі жоспарға негізделген. Ол кіріспеден, үш тараудан
және қорытынды мен пайдаланған деректер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1. Шығыс Қазақстанның тарихи - географиялық жағдайы

Бұл аймақ еліміздің Алтай тау жүйесін, оған жалғасып жатқан далалық
жазықты қамтитын үлкен өңірді алып жатыр. Кең өрісті жайылымдарға, тарам-
тарам өзендерге, табиғи қазба байлықтарға: метал кендеріне, ағаш – орманға
өте бай және шаруашылықтың қай саласына болмасын өте қолайлы өлке. Көне
дәуір кезінен – ақ климаты, фауналық – флоралық дүниесі қазіргі кезге сай
келген. Осы өлкенің физико – географиялық жақсы жағдайы ықылым заманнан
алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған.
Сақ дәуірі жататын голоценнің субатлантикалық кезеңнің ерекшелігі – ол
кезде ауарайы біртектес болмаған. Оның алдындағы субареалды кезең Еуразия
үшін салыстырмалы түрде салқынырақ болды. Алтай мен Батыс Сібір үшін
сонымен қатар Атлантикадан алыс болғандықтан құрғақ болды. Оның дәлелі
Иткөл көлі терассаларындағы әктас шөгінділері, ал ол құрғақ климатты
дәлелдейтін бірден – бір индикатор. Оның радиоуглеродтық анализ бойынша
жасы 3660+-75 (СОАН-2192).
Бірақ б.з.д. I мың жылдықтың бірінші жартысында Атлантиканың ықпалы
өсті. Оны Оңтүстік Батыс Сібір мен Алтайда климаттың жылыуынан, қыстық және
жаздық жауын-шашын мөлшерінің көбеюінен байқауға болады.
Таулы Алтайға ылғалды және жылы циклондар батыстан ашық кең өзен
алқаптары арқылы тереңірек енді. Мысалы: Бұқтырма, Үлбі, Урсул, Көксу,
Қатын (Уймон қазаншұңқыры), Чарыш өзен алқаптары арқылы.
Бұл тау алқаптарының климаты субатлантикалық кезеңнің жылы фазаларында
қазіргіге қарағанда ылғалды болды. Бірақ бұлттылықтан және жылудың көбі
булануға кетуінен орташа жаздық температура қазіргіден жоғары болмаған.
Бұндай климаттық жағдай тау беткейлері мен өзен терассаларында өте бай
жайылымдардың қалыптасуына жағдай жасады.
Қыс кездеріндегі жауын-шашынның да мөлшері қазіргіден көбірек болды.
Бірақ таулы елдерге тән күн радиациясының күштілігі (ауаның тазалығынан
және тропосфера қабатының жұқалығынан) қыс кезінде қардың жақсы булануына
жағдай жасады. Мысалы: қазір Чуй даласындағы қалыңдығы (100-130 мм) қар
түгелдей дерлік буланып кетеді.
Таулы алқаптардағы қардың булануы қар қабатының жұқаруына әкеледі. Ал
ол үй жануарларының қар астындағы шөпті аршып жеуін оңайлатты. Сондықтан
бұл жерлердегі тау бөктерлеріндегі бай жайылымдарда малды жыл он екі ай
бағуға болатын. Ежелгі көшпенділерді қызықтырған да осы еді.
Сонымен сақ дәуіріндегі немесе басқаша айтқанда голоценнің соңғы
кезеңінде Шығыс Қазақстанның климаты өте жақсы, қоңыржай болды. Бұндай
климат мал шаруашылығының дамуына сақтардың тау жүйесіне таралуына, олардың
негізінен орташа биіктіктегі таулардың кең жайылымдарына орналасуына жағдай
жасады.
Шығыс Қазақстан еліміздің ең бір қызық та ерекше аудандарының бірі. Ол
бізге өзінің сарқылмас табиғи байлықтарымен ғана емес сонымен қатар керемет
тарихи-мәдени ескерткіштермен белгілі.
Шығыс Қазақстан географиялық жағынан шығыс ендікте 76-870 аралығы мен
солтүстік бойлықта 47-510 аралығында орналасқан үлкен аумақ. Өлкенің
шекарасы негізінен әкімшілік жағынан бөлініп отыр: солтүстігінде – Ресей
Федерациясының Алтай өңірі, шығыс, оңтүстік-шығысы – Қытай Халық
Республикасымен шектессе, ал оңтүстік-батысы Алакөл және Сасықкөл көлдеріне
дейін созылады. Шығыс Қазақстан: Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, Зайсан
қазаншұңқыры, Сауыр-Тарбағатай, Шыңғыстау-Аякөз-Көкпекті сынды тарихи-
мәдени аудандарға бөлінеді.
Шығыс Қазақстан жер бедері құрамына Кенді Алтай мен Оңтүстік Алтай
және Сауыр-Тарбағатай тау жоталары мен тауаралық Зайсан ойпаты сияқты ірі
орографиялық бірліктердің енуімен ерекшеленеді.
Оңтүстік Сібірдегі ең биік таулы аймақ – Алтай тау аймағы. Қазақстан
Алтайы Алтай тау жүйесінің оңтүстік, оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр.
Укок жазық таулы аймағы мен Бұқтырма аңғарынан оңтүстікте Нарым,
Сарымсақты, Оңтүстік Алтай тау жоталары орналасқан тау жоталары – Оңтүстік
Алтай (абсалюттік биіктігі – 3000 м) деп аталады.
Оңтүстік Алтай Кенді Алтайдан ені 5-15 км, ендік бойымен 150-170
шақырымға созылған тауаралық Нарым-Бұқтырма ойпаты арқылы бөлінеді. Ойпатты
меридиональды түрде бірнеше ұсақ қазаншұңқырлар (Шыңғыстай, Сарымсақты,
Медведка, Жоғарғы Нарым) қоршап жатыр. Оңтүстік Алтай Марқакөл, Жоғарғы
Қарақаба, Бобровка, Орловка және т.б. тауаралық ойпаттар арқылы бөлінген,
ендік бойымен созылған тау жоталары жүйелерінен тұрады. Жоталардың
ерекшелігіне солтүстік баурайының тік және оңтүстік баурайларының ұзын да
жайпақ болып келуі тән.
Алтайдан оңтүстікке қарай кең байтақ Зайсан қазан шұңкыры жатыр. Оның
оңтүстігінде Тарбағатай, Сауыр жоталары бар. Тарбағатай - Зайсан және
Балхаш-Алакөл қазан шұңқырлары арасындағы су айрық жота. Абсолюттік
биіктігі: 2991 м (Тастау). Жота ендік бағытта батыстан шығысқа қарай 300 км-
ге созылып жатыр, ені 30-50 км, шығысында Сауыр жотасына ұласады.
Палеозойлык шөгінді тақта тас, әк тасынан, перьм, тас көмір, девонның кұм
тасынан, батыс бөлігі силур және кембрий дәуірінің күшті дислокацияланған
вулканогендік интрузиялы гранитінен түзелген. Солтүстік беткейі оңтүстікке
қарағанда жатықтау, оңтүстігі тік шатқалды.
Жотадағы палеозойлык әк тастардан карст құбылыстары байқалады. Климаты
континенттік. Жылдык жауын-шашыны 300- 500 мм. Өсімдік және жануарлар
дүниесі жағынан Алтайға ұқсас. Етегіндегі шөлейтте жусанды бетеге, бұта,
тау аралық аңғарда тау шалғыны және көк терек, жабайы алма, тобылғы, арша,
солтүстік беткейінде тал басым өседі.
Марал, тау ешкі, арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қарсақ, суыр
мекендейді. Жоғарғы бөлігіндегі альпы шалғыны — жазғы жайылым [2]. Бұл
аймақ еліміздің Алтай тау жүйесін, оған жалғасып жатқан далалық жазықты
климатты үлкен өңірді алып жатыр. Кең өрісті жайылымдарға, тарам-тарам
өзеңдерге, табиғи қазба байлықтарға: металл кендеріне, ағаш-орманға өте бай
және шаруашылықтың қай саласына болсын өте жайлы өлке.
Көне дәуір кезінен-ақ климаты, фауналық-флоралық дүниесі қазіргі кезге
сай келген. Осы өлкенің физико-географиялык жақсы жағдайы ықылым заманнан
алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған.
Әуелгі ерте темір дәуірі ескерткіштерінің едәуір бөлігі Шығыс
Қазақстанның ең басты артериясы — Ертіс өзенінің аңғарларында орналасқан.
Оның сол жақ жағалауыңдағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және
оңтүстік баурайларында шоғырланған. Ал одан әрі оңтүстік батысқа
Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудаңдарына дейін созылады. Өлкенің
оңтүстігінде олар Зайсан ойымыңда тараған.
Қалба жотасы Оңтүстік Алтайдың Ертістің арғы жағындағы жалғасы
іспеттес және Нарымның Ертіске құяр тұсынан басталып батыста Шар өзені
аңғарына дейін ұзындығы – 300 км, ені – 120 км жерді алып жатыр. Ең жоғарғы
биіктігі етегінде 400 метрден басталып, орта тұсында 1500-1600 метрге дейін
жетеді. Қалба жотасында аласа таулар кең дамыған. Әсіресе батыс бөлігінде
жаппай белдеуді құрайтын жон-арқалар көп. Жотаның шығыс баурайлары тік
болып келеді.
Құрамына Ульба, Ивановский, Уба, Көксу, Тегерецкий және Қазақстан
жеріне өзінің батыс бөлігімен кіріп жатқан Листвяга, Холзун және Орталық
Алтай т.б. ірі тау жоталары енетін, Ертістің оң жағалауындағы, оңтүстік-
шығыста Нарым өзенінің, ал солтүстік-батыста Уба өзенінің Ертіске құяр
сағаларының аралығындағы тау жота жүйелері орналасқан жерлер - Кенді Алтай
таулы аймағы деп аталады. Ең жоғарғы биіктіктері – 2599 м (Линейный Белок)
мен 2776 м (Ивановский Белок). Кенді Алтайдың аласа жерлері (500-700 м)
солтүстік-батыс бөлігіне тән. Жеке биіктіктер немесе жоталардың аралығында
алаңы 3-10 шаршы шақырымға жететін Зырян, Бородинская және Лениногор сынды
тауаралық ойпаттар кездеседі.
Қазақстан Алтай таулары саз, кремний тақта тасы мен құмдақтан тұратын
жоғарғы палеозой жыныстарынан құралған. Кенді Алтай – көпметалды кендердің
(қалайы, қорғасын, мырыш, мыс, вольфрам, күміс, сынап және т.б.) қазынасы
саналады. Нармы мен Қүршім тау жоталары аумағында алтын мен сирек
кездесетін металдардың бай қоры болса, ал Қалба тауында қалайы мен вольфрам
кеніштеріне бай.
Қазақстан Алтайы ауа-райы континентальды. Көршілес Сібір аудандарымен
салыстырғанда жаз мұнда салқын, қыс жылылау, жауын-шашын көп. Мұндағы ірі
өзен – Ертіс.
Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы табиғи жағдайы бойынша Алтай мен Тянь-
Шань таулары аралығын алып жатыр. Бірақ ландшафтысы Орталық Азияға
қарағанда Сібір, Монғол ландшафтысына ұқсас. Екі жота да Зайсан ойпатының
оңтүстігінде батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Оңтүстік Алтайдан жауын-
шашын түсімінің аз болуымен ерекшеленеді. Тарбағатайда далалық ландшафт
басым болса, Сауырда – таулы-орманды-жайылымды-далалық. Ландшафт.
Тарбағатай жотасы батыстан шығысқа қарай 300 шақырымға созылады, ені – 30-
50 шақырым. Қазақстан жағына шығыста Хабар асу асуынан Аягөз өзеніне
дейінгі 180 шақырымдық батыс бөлігі енеді. Мұнда далалық ландшафт басым,
тау жотасының солтүстік баурайларында альпі жайылымдығы бар. Жотаның
оңтүстік баурайында бұталы өсімдікті дала кең таралған. Сауырда
балқарағайлы орман бар. Сауыр және Маңырақ Зайсан мен Шілікті тауаралық
ойпаттарының аралығында жатыр. Биік жері – Мұзтау (3816 м). Сауырдың
Қазақстан жеріндегі ұзындығы 30 шақырым және жоталары аласара түсіп,
Маңырақ жоталарына ұласады. Сауыр жоталарының оңтүстік баурайы қысқа да тік
болса, солтүстігі ұзын және жайпақ. Ірі орографиялық бірліктерден Сайхан
тау сілемі, Кендірлік ойпаңы мен Ақкезең ойпаты ерекшеленеді. Шілікті
тауаралық ойпатының шығысында Шат-Қызылқұм таулары орналасқан және ойпаттың
орталық бөлігі аллювиальды (тұнбалы) жазықты.
Шығыс Қазақстан көлдерінің көбі солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан. Аблайкит-Себинское көлдер тобы (Қоржынкөл, Шалқаркөл,
Төртқаракөл, Құнакөл және т.б.), Черновое, Марқакөл, Язевое, Рахман,
Бұқтырма, Казнаковка, Тақыркөл, Мұңлықсор және т.б. ірі көлдер өзен
аңғарлары мен тауаралық ойпаттарда орналасақан.
Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай рельефі негізінен таулы әрі өте
тілімделген. Ертістің оң жағын Кенді және Оңтүстік Алтайдың жоталары, таулы
үстіртері, тау аралық қазан шұңқырлары алып жатыр. Ең биік жері облыстың
солтүстік шығысындағы Қатын жотасы (Мұзтау шыңы, 4506 метр) Кенді Алтайдың
Уба, Иванов, Үлбі жоталарының биіктігі 2000 метрден, Оңтүстік Алтайдың
Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Күршім, Оңтүстік Алтай, Азутау сияқты
жоталары 3000 метрден астам. Алтайда Үлкен Берел мен Кіші Берел тағы басқа
мұздықтары бар. Алтайдан оңтүстікке қарай кең байтақ Зайсан қазан шұңқыры
жатыр. Оның оңтүстігінде Тарбағатай, Сауыр жоталары бар. Облыстың солтүстік
батысы ұсақ шоқылы жазық, батысы Қалба жотасы. Климаты тым континенттік.
Қаңтардың орташа температурасы жазықта -17°С, биік тау аралық тұйық қазан
шұңқырларында -26°С; шілдеде 19-23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері
солтүстік шығысында 350-380 мм, оңтүстік шығысында 250-300 мм. Ең аз
мөлшері Зайсан қазан шұңқырында (129 мм), ең көп мөлшері Кенді Алтайдың
батыс беткейлерінде (1000-1500 мм). Вегетациялық кезең солтүстік батысында
176, оңтүстік шығысында 190 күн. Шығыс Қазақстан облысының жер беті ағын
суына бай. Басты өзендер Ертіс және оның ірі оң салалары: Қалжыр, Күршім,
Бұқтырма, Үлбі, Уба. Өзендерінің суы мол, ағыны қатты келеді [1].
Тарбағатай – Зайсан және Балхаш-Алакөл қазан шұңқырлары арасындағы су
айрық жота. Шығыс Қазақстан облысы жерінде. Абсолюттік биіктігі: 2991м
(Тастау). Жота ендік бағытта батыстан шығысқа қарай 300км-ге созылып жатыр,
ені 30-50км, шығысында Сауыр жотасына ұласады. Климаты континенттік.
Жылдық жауын-шашыны 300-500мм. Өсімдік және жануарлар дүниесі жағынан
Алтайға ұқсас. Етегіндегі шөлейтте жусанды бетеге, бұта, тау аралық аңғарда
тау шалғыны және көк терек, жабайы алма, тобылғы, арша, солтүстік
беткейінде тал басым өседі. Марал, тау ешкі, қасқыр, аю, түлкі, борсық,
қарсақ, суыр мекендейді. Жоғарғы бөлігіндегі альпы шалғыны – жазғы жайылым
[2].
Зайсан ойпатының ең төменгі бөлігіне Зайсан көлі мен оны қоршаған
көлдік-тұнбалы тегіс жазықтар (абсалюттік биіктігі 400-500 м) кіреді.
Зайсан ойпатының оңтүстігі мен батысындағы көп жер Бөкен, Көкпекті, Боғас,
Базар, Қарғыба және т.б. өзен сағалараындағы борпылдақ массаның жиналуы
нәтижесінде құралған тұнбалы тегіс жазықты болып келеді. Сондықтан да өзен
салаларында Қызылқұм, Айырқұм сықылды құмдар сілемі тұзілген.
Алтай және Қалба тауларында орманды ландшафт кеңінен дамыған. Орташа
тау белдеуі (1600-2600 м) самырсын мен балқарағай орманды және таулы-
орманды жайылымды. Сауыр мен Алтай тауларының 2500-3000 метрлік абсалютті
биіктіктігінде таулы-жайылымдық ландшафт түрі орналасқан. Орманды-далалы
ландшафт Кенді Алтайға тән. Оның солтүстік-батыс баурайына қайыңды-көк
терек орманды аласа таулар мен далалық жайылымды ландшафт тән. Оңтүстік
Алтайдың оңтүстік баурайы мен Қалбаның аласа таулы жерінде далалық ландшфат
кең дамыған.
Әуелгі ерте темір дәуірі ескерткіштерінің едәуір бөлігі Шығыс
Қазақстанның ең басты артериясы – Ертіс өзенінің аңғарларында орналасқан.
Оның сол жағалауындағы обалы қорымдар Қалба жотасының солтүстік және
оңтүстік баурайларында шоғырланған. Ал одан ары оңтүстік батысқа
Шыңғыстауға және Тарбағатайдың батыс аудандарына дейін созылады. Өлкенің
оңтүстігінде олар Зайсан ойымында тараған. [3, 264б.]
Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алтай мен Тарбағатай тау жоталарының
теріскей беткейлері еліміздің Алтай тау жүйесін, оған жалғасып жатқан
далалық жазықты қамтитын үлкен өңірді алып жатыр. Кең өрісті жайылымдарға,
тарам-тарам өзендерге табиғи қазба байлықтарға: металл кендеріне, ағаш
орманға өте бай және шаруашылықтың қай саласына болмасын өте қолайлы өлке.
Көне дәуір кезінен-ақ климаты, фауналық-флоралық дүниесі қазіргі кезге сай
келген. Осы өлкенің физико-географиялық жақсы жағдайы ықылым заманнан
алғашқы адамдардың өмір сүруіне қолайлы болған.

2. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихы

Шығыс Қазақстанның ерте сақ дәуірі ескерткіштерінің зерттелу тарихын
Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулер, Кеңес дәуірі тұсындағы зерттеулер
(1920-1990 жж.) және егемендік алғаннан кейінгі жаңа археологиялық
материалдармен толығу, ұғыну және мән-мағынасын түсіну кезеңі деп
қарастыруға болады.
Патшалық Ресей Сібірді жаулап алғаннан кейін алуан түрлі табиғаты, сан
түрлі ғажайып ескерткіштері, өзіндік этно-мәдени үлгілері бар қазақ жеріне
қызығушылық танытты. Қазақстанның шығысындағы археологиялық ескерткіштер
туралы алғашқы қысқа мәліметтерді біз ХҮІІІ ғасырдың саяхатшылары мен
ғалымдары еңбектерінен кездестіреміз [4]. Алғашқы академиялық экспедицияға
қатысушылар қазіргі Шығыс Қазақстан өлкесіне 1733-1743 жылдарда келген.
Академик Г.Ф.Миллердің маршруты Ертіс өзенін бойлай Семей мен Өскемен
бекіністерін басып өткен. Өскеменнен қашық емес Ертіс жағасында Г.Ф.Миллер
1734 жылы бірнеше қорған мен Үлбі өзенінің оң жағалауында екі қорғанда
қазба жұмыстарын жүргізген. Бұл қазбалардан көне дәуірден сыр шертетіндей
мардымды заттар табылмағандығына қарамастан еңбегінде: ...Болашақта бұл
жерлерден әлі де құнды заттар табылады - деп жазып кеткен [4, 607 б.].
Осы еңбегінде Обь пен Ертіс өзендері аралығындағы қорымдардан табылған
заттар туралы да атап өтеді.
Күршім өзенінің жоғарғы сағасындағы Нарын жотасы етегіндегі Доланқара
тауы жанындағы көшпелілер дәуіріне жататын иесімен қоса атын да жерлеген
екі қорған туралы 1793 жылы И.Сиверс мәлімдеген.
1768-1774 жылдардағы екінші академиялық экспедицияға қатысушы
П.С.Паллас, И.П.Фальк, И.Г.Гмелин, Х.Барданестер де Ертістің жоғарғы
ағысындағы ежелгі қорғандар туралы мәліметтерді жинақтаған [5].
Археологтар үшін Г.И.Спасскийдің жұмыстары елеулі дүниелер болып табылады.
Оның ішінде Записки о Сибирских древностях еңбегін атап өту керек.
Азиатский вестник және Сибирский вестник журналдарында 1818 және 1825
жылдары ол алғаш рет Шығыс Қазақстандағы жартастағы суреттер туралы
материалдарын жариялады [6, 28-64 бб.].
Ежелгі Шығыс Қазақстанды зерттеуде үлкен үлес қосқан академик
В.В.Радлов болды. Археологиялық ескерткіштерді зерттеуде шынайы ғылыми
әдістерді пайдалана отырып, ол тек ежелгі Шығыс Қазақстанды ғана емес,
сонымен бірге бүкіл Қазақстанды зерттеуге зор үлес қосты. В.В.Радлов 1862
жылы Семей, Сергиополь (Аягөз) маңында археологиялық зерттеу жұмыстарын
бастаса, 1865 жылы 12 мамырдан 9 тамызға дейін Берел даласында ежелгі
көшпелілердің 7 қорғанына қазба жұмысын жүргізеді [3, 186-189 бб.].
В.В.Радловтың есептерінен 1866 жылы сызба, суретсіз-ақ қорғандардың
орналасуы, құрылысы, Орталық және Шығыс Азияны зертету саласындағы Орыс
комитеті 1910 жылы Жоғарғы Ертіске В.И.Каменскийдің басшылығымен және
А.Белосюдов пен В.Пилетичтің қатысуымен Семей облысындағы қорғандарды
қазуға экспедиция жібереді, оны осы аудандарға жіберілген бірінші
археологиялық экспедиция деп есептеуге болады [7, 1-4 бб.].
А.В.Адрианов 1906, 1910 және 1911жж. Семей облысы жерінде
археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстардың нәтижелері 1916
жылы Императорлық археологиялық комиссияның Хабаршысында жарияланды.
Майемер жазығында, Нарым жоталарындағы Солнечный Белок түбінде, Черновая
ауылынан жоғары Бұқтырма өзенінің оң жағалауында қазба жұмыстары
нәтижесінде ерте темір дәуіріне жататын өте құнды заттар табылды,
жартастағы жазулар мен тас балбалдар туралы да дерек жиналды [8, 1-94 бб.].

А.В.Адрианов зерттеу жұмыстарын әуесқой өлкетанушы деңгейінде ғана
жүргізді деп есептеуге болады.
Осы уақытта Семей музейінде кездейсоқ табылған әртүрлі археологиялық
заттар, негізінен керамика сынықтары мен қоладан жасалған бұйымдар
шоғырланған болатын.
Революцияға дейінгі кезеңде-ақ Қазақстанның шығыс аймағының өткен
тарихын жалпы суреттеуге мүмкіндіктер беретін археологиялық материалдар
жинақталған. Бірақ бұл жерде археологиялық ескерткіштер шынайы ғылыми
негізде зерттелді деп айта алмаймыз. Себебі олар кездейсоқ, қазу әдістері
сақталмай зерттелді және арнайы мамандар емес еді, типологиялық сипаттауы
сияқты қарапайым кемшіліктері болды, материалдарды тарихи тұрғыдан мәнін
түсінуге жеткілікті көңіл бөлінбеді.
Адамзаттың өткен тарихын зерттеумен шұғылданатын Кеңес археологтары
тек қорғандарда қазу жұмыстарын жүргізіп қоймай, сонымен қатар қоныстарды,
көне бұйымдарды да зерттеуге үлкен мән берді. Осы аймақта Кеңес
археологтарынан бірінші болып 1927 жылы С.И.Руденко Катонқарағайдың жанында
3 қорғанды зерттеді [9, 146-148 бб.]. Осы жылы С.И. Руденконың Семей
қаласынан шығыстағы Вавилов ауылы маңынан б.з.д. V-IV ғасырларға жататын
қорғанды қазғанда қоламен әшекейленген тері белдік, темір қанжар, тас
қайрақ, темір ілмек, қола айна, үш қырлы ұңғылы бес қола жебе ұшы, алтын
мойын әшекей және тұмсығы иіріле келген жыртқыш құс басы түріндегі алтын
пластиналар сынды ақыреттік заттарды тауып, қорған құрылысын анықтаған
[10].
Шығыс Қазақстанды жүйелі археологиялық зерттеу 1935 жылғы КСРО-ның
Ғылым Академиясының Материалдық Мәдениет тарихының институты, Қазақ ССР-нің
тарих, археология және этнография институты бірігіп ұйымдастырған Шығыс
Қазақстан археологиялық экспедициясының қызыметінен басталады. Экспедицияны
СССР Ғылым Академиясының Материалдық Мәдениет институтының аға ғылыми
қызметкері С.С.Черников басқарды. С.С.Черниковтың ғылыми ізденістері
әлемдік қола мәдениеті ошақтарының ірі орталықтарының бірі - Шығыс
Қазақстанның Қалба, Нарым жоталарындағы ежелгі адамдардың мыс, қалайы,
алтын кен орындарын зерттеуден басталды. Осынау 1935 жылдан басталған тың
зерттеу жұмыстарын Ұлы Отан соғысы аяқтатпады. Әскер қатарынан босағаннан
кейін ғылымға оралған ол Батыс Алтайдың металлургиясы мен тау-кен ісі
атты монографиялық еңбегін аяқтап оны 1947 жылы кандидаттық диссертация
ретінде сәтті қорғап шықты [10, 112 б.].
Дегенмен Шығыс Қазақстанның ежелгі тарихы, әсіресе ежелгі көшпелілер
дәуірі салыстырмалы түрде алғанда өте аз зерттелген. Бұл осы облыстағы
археологиялық зерттеу жұмыстарының өте кеш басталуымен тығыз байланысты.
Соғыс жылдарынан кейін 1947 жылдан бастап Шығыс Қазақстандағы археологиялық
зерттеулер жүйелі сипатқа ие болады [11, 67-68 бб.].
В.Г.Никитин мен С.С. Черников Жоғарғы Ертіс ауданында ерте темір
дәуіріне жататын ескерткіштерді тіркеуге алды. Шығыс Қазақстан
археологиялық экспедициясын С.С.Черников 1947 жылы құрған уақыттан бастап
кейбір үзілістерін санамағанда өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басына дейін
басқарды. Соғысқа дейінгі 1935-1937жж. өзінде-ақ көне кен орындарын
іздестіру, археологиялық барлау мен стационарлық қазба жұмыстарына және
шешуін күтпейтін күрделі мәселелер мен ірі ескерткіштерді жүйелі түрде
зерттеуге бағытталды. Жартас суреттері де ғалым назарынан тыс қалмады [12,
251-282 бб.].
Барлау жұмыстарынан басқа қола дәуірі мен ерте көшпелілердің
қорғандарына ежелгі тайпалардың орналасу аймақтары мен әртүрлі
мәдениеттердің генетикалық байланысын анықтау мақсатында қазба жұмыстарын
жүргізу көзделді. Сондықтан да 1948 жылғы экспедицияның Шыңғыстаудағы
Саркөл маңында және Шілікті даласында барлау жұмыстары анықтаған
ескерткіштеріне қазба салынды.
Алғашқы рет 1949 жылы Шығыс Қазақстандық ЛОИА АН СССР экспедициясы
Шілікті даласында арнайы археологиялық барлау жүргізді. Қазба жұмысының
нәтижесінде Шілікті ауылында 51 қорғаннан тұратын сақ дәуіріне жататын ең
үлкен обалар тобы ашылды. Оның солтүстік батысынан оңтүстік шығысқа дейінгі
алып жатқан көлемі 8 км. Соның ішіндегі 13 қорғанның диаметрі 100 м, ал
биіктігі 8-10 м. Қалған қорғандардың диаметрі 20-дан 80 м дейін жетеді. Осы
жердегі орталық қорғанынан б.з.д. Ү ғасырдың екінші жартысына жататын
хайуанат стилінде жасалынған алтын қапсырма және тағы да басқа материалдар
тапқан.
Бұл экспедиция 1952, 1961-1962, 1971 жылдары да қазба жұмыстарын
жүргізген, бірақ аса бағалы бұйымдар болмады.
Шығыс Қазақстан экпедициясы 1950 жылы Ертіс өзенінің оң жағалауында
Самар ауданы Қызыл ту ауылы маңындағы ерте темір дәуірінің қорғандарына
қазба жұмыстарын жүргізді [13, 43-60 бб.].
Ертіс бойындағы басқа қорғандардан сыртқы түрімен-ақ бірден
ерекшеленетін 1947 жылғы барлау жұмыстары кезінде анықталған 54 қорғаннан
тұратын топырақ үйінділі Усть Бөкен қорымында 1956 жылы б.з.д. V-IV ғғ.
мерзімделетін 22 қорған қазылды [14, 99-106 бб.]. Нәтижесінде бұл қатардағы
жерлеу орындарының тайпа көсемдері Шілікті, Ақсуат алқабындағы зәулім
қорғандарда жерленгендігіне, сондай-ақ бұл қорғандардың скиф қорғандарына
ұқсастығына назар аударады. Осы жағынан Геродоттың скифтер шығыстан батысқа
қарай қоныс аударған деген мәлімдемесіне жаңаша көзқараспен қарау
керектігін айтады. Көңіл аударарлық жайт бір қорғанда да жылқыны қоса
жерлеу ғұрпы кездеспеген. Бұл ескерткішті пазырық және құлажорға
мәдениеттерінен жерлеу ғұрпы мен тұтыну бұйымдары жағынан нақты
айырмашылығы бар, әрі көп жағынан ұқсастығы бар Шығыс Қазақстанның ерте
көшпелілерінің этникалық тобына жатқызды [14, 101-103 бб.].
1959 жылғы С.С.Черниковтың басшылығындағы археологиялық экспедицияның
алдына қойған мақсаты 1949 жылы басталған Шілікті қорымы және Шаған оба
қорымын нақтылай зерттеу болып табылды [15, 82-84 бб.].
Шілікті қорымында 1959 жылы диаметрі 27-40м, биіктігі 1,7-1,9м төрт
қорғанға қазба жұмыстары жүргізілді. Топырақ және топырақ пен тас аралас
үйінді астында қабір ұзынша болып келіп шығыс жағында дромосқа жалғасады.
Тоналған қорғандардан адамның қаңқа сүйектері ірі тұқымды ит қаңқасы, қола
жебе ұштары, алтын жапырақша қаңылтыр, көлемді темір шығыршық (акинак
жетесі?), сүйек бұйымдар табылды.
Табылған заттарға қарап Шілікті қорымындағы №11, 12, 13, 31
қорғандарды б.з.д. V-IV ғғ. мерзімдеген.
Шілікті ауылынан 30 км шығыста Шағаноба өзені бойында, шығысы және
батысынан таулармен қоршаған жазықта Шағаноба қорымы орналасқан. Оның
шығысындағы үш қорған ірілігімен ерекшеленеді, оның біреуінің (№1) Д-95м.
Бұл қорғанды 1909-1910жж. Семейлік гидротехник Г.Бокий бастап қазып, қазба
қабырғасының құлап кете беруіне байланысты толық аяқтамаған. Қорымда
барлығы 47 құрылыс, оның 5 қорған емес. 1959 жылы С.С.Черниковтың
басшылығымен ШҚАЭ зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жиыны 14 шағын топырақ пен
тас аралас қорғанға қазба жүргізіліп, малта тастан қаландысы бар құрылысқа
(№11) барлау мақсатында траншея салынған. Тоналған қорғандардан 2 ұңғылы
сүйек, 5 темірден жасалған жебе ұштары, тас қайрақ сынығы, сабы бар темір
пышақ, қапсырмалы тесігі бар 16 темір қаңылтыр, анықталмаған үш темір
пластинкалар, темір тілі бар екі қола айылбас және белдіктің қоладан
жасалған фигуралы басы табылды. Табылған заттарға қарап бұл қорым б.з.д. VI-
Vғғ. жататын ескерткіш деп мерзімделген. [15, 82-84 бб.].
С.С.Черниковтың басқаруындағы Шығыс Қазақстан археологиялық
экспедициясы 1960 жылы Шілікті алқабындағы орталық қорымнан сақтардың №5
қорғанына қазба жұмыстарын жүргізді. Қорған дөңгелек формада және оның
диаметрі -66 метр, биіктігі 6 метр, ұсақ жұмыр тасты топырақ аралас
үйіндіден тұрады. Диаметрі 45 метр, биіктігі шамамен 10 метр [16].
Таң қаларлығы қабір адам жерленгеннен кейін шамамен 50 жыл өткен соң
тоналған. Орнында 8 жебенің қола ұштары және 4 алтын бұғының фигурасы
қалған. Моланың оңтүстік батыс бөлігінде бас киімнің әшекей алтын бұйымдары
мен екі адамның сүйек қалдықтары табылды. Бұлар тонаушылардың қорғанға
түскен бағытына тұспа-тұс келгендіктен көп қираған жоқ. Шұңқырдың төменгі
қабатындағы материалдар ешқандай бұзылмастан сақталған. Скифтік
қорғандардың қосымша жерлеу мен құпия түрде жерленгендері кездеспейді.
Қазба барысында көптеген заттар табылды. Солардың қатарында: жебенің қола
ұштарынан — 1 дана, қорамсақтың қалдықтары көп, сондай-ақ жебе ұштарының
түрлері бірдей. Жалпы ұзындықтары 4,5—5 см, көлемі 1,2-1,4 см.
Ассимтериялық-ромбылық формада.
Бұғы түріндегі қапсырмалар қорамсақтарды әшекейлейтін 1 типтегі қола
берельеф алтынмен қапталған. Барлық бұғылар тек оң жағынан, аяғын жайып
тұрған сипатта. Жалпы саны- 14 дана. Бүркіт түріндегі қапсырмадан - 9 дана.
Осындай әдіспен өңделген. Бүркіттің басы иіліп, имекті тұмсығы ерекше
көрсетілген. 5 бүркіт қапсырмалардың басы оңға, ал 4-еуінің басын солға
қаратып бейнелеген. "Пантера" қабанның түрі- 29 дана, бұл да сол әдіс-
тәсілмен өңделген. Хайуанның жыртқыштық мүсіні суреттелген. Мұны
археологтар "Қабылан" деп атайды. Қабанның толық 5 данасы алтын қаңылтырдан
жасалынған. Бұл жерде жануарлар басын сәл төмен салып алға жүріп келе
жатқан түрде суреттелген.
Қанатын жайып үш бұрышты схематикалық бас формасымен және құйрығын
барынша кең жайған бір құстың қапсырмасы бар. Тең қабырғалы үш бұрыш
түріндегі тағылатын әшекей бұйымдар саны 3-еу. Маржанның-303 данасы, алтын
қаңылтырдан кесілген жіңішке әшекейлерден 41 дана. Алтын қаңылтырдың 2
бөлігі табылған. Жалпы қорғаннан cалмағы 100,5гр 524 алтын бұйымдар
табылды. Барлық алтын әшекейлер жоғары зергерлік шеберлікпен жасалынған.
С.С Черников №5 Шілікті қорғандарынан табылған заттарды б.з.д. VII-VI ғғ.
мұрасы деген қорытындыға келген болатын.
С.С.Черников 1961 жылы Шілікті алқабындағы басталған зертеу жұмыстарын
[17, 15 б.] 1971 жылы аяқтайды. Сол жылы таң қаларлығы Солдатово
қорымындағы Шілікті қорғандарымен құрылысы жағынан ұқсас қорғандарда
зерттеу жұмыстарын жүргізуі.
Өмірінің соңғы жылдары Душанбе қаласында өткен халықаралық
конференцияда сөйлеген баяндамасында С.С.Черников Еуразия белдеуіндегі ерте
көшпелілердің әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне Батыс Алтайдағы ерте
көшпелілер тайпаларының нақты археологиялық және антропологиялық
материалдарын пайдаланып негіздеме береді. Шығыс Қазақстан жерін ерте темір
дәуірі кезінде мекендеген тайпаларды этнографиялық белгілеріне қарай
топтастырып, олардан табылған заттарды формасына қарай кезеңдейді [18, 282-
286 бб.].
С.С.Черниковтың Шығыс Қазақстан ерте көшпелілер дәуірін зерттеуге
қосқан басты-басты жетістіктеріне тоқталар болсақ: Металлургиялық қола
орталығы Батыс Алтай тауларында мыс пен қалайы кен орындарының тоқырауға
ұшырап, жойылуына әкеліп соғуы б.з.д. VII ғасырда-ақ көшпелілердің алғаш
темір заттарды пайдалана бастауынан болғандығын археологиялық деректер
арқылы дәлелдейді [19, 5-15 бб.].
Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді зерттеумен 1965-1974,
1982 жылдар аралығында Ф.Х.Арсланова басшылық еткен Шығыс Қазақстан
археологиялық экспедициясы айналысты [20, 57 б.].
Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетінің студенттері
1965 жылы т.ғ.к. доцент Ф.Х. Арсланованың жетекшілігімен Шығыс Қазақстанның
солтүстік аудандары – Предгорнен, Шемонайха және Таврия аудандарында әр
дәуірге жататын ескерткіштеріне барлау жасап, ішінара кей ескерткіштерге
қазба жұмыстарын жүргізді [21, 62 б.].
Ерте темір дәуірінің Орловка ауылы жанындағы №12 қорғанына және
Зевакино қорымындағы №83 қоршауларға қазба салынды.
Қазылған екі қорғанның жерлеу ғұрпына және табылған аздаған ақыреттік
заттарына (темір пышақ, қыш ыдыстың сынықтары, тас дәнүккіш) қарағанда
алдын-ала ерте темір дәуірінің ескерткіштер тобына жатқызған.
Осы жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Камышин орта
мектебінің ауласынан құрылыс жұмыстары кезінде оқушылар кездейсоқ тауып
алған жылқының жүген құралдары ерекше көңіл аудартады. Олар үзеңгіге ұқсас
қола ауыздықтар, құс бастарының стилизациялық бейнесі сияқты болып бітетін
ұшы сәл иіліп келген сулықтар, төртбұрыш рамадағы екі қапсырма және олардың
біреуінің белдікке орнататын ілмегі бар, белдіктердің үстіңгі дөңес жағы
айқасып келіп бекітілетін бес цилиндірлі құрсау, жалпақ басты болып бітетін
артында бекітпесі бар жартылай сфералы тегіс екі қапсырма, жұлдызша
бейнеленген және сырт жағында ілдіргі болып бітетін бекітпесі бар бір
жалпақ қапсырма, үш бөшке тәріздес моншақ пен белдіктер айқасып келетін
үтір түріндегі екі құрсау.
Жергілікті ауылдың орта мектеп оқушылары тауып алған Камышин
көмбесіндегі заттарды кезінде М.Қ.Қадырбаев зерттеген Орталық Қазақстанның
Тасмола қорымындағы (б.з.д. VII-VIғғ.) ат әбзелдерімен жақын ұқсастығы
байқалады [22, 7-28 бб.].
Ауыздықтар мен сулықтардың формасы А.А.Иессеннің [23, 52 б.].
ауыздықтар мен сулықтар классификациясының үшінші түрімен ұқсастығына
байланысты Камышин көмбесін де Ф.Х.Арсланова да сол уақытпен мерзімдеген.
Зерттеу проблемаларының ауқымы кең болғандықтан ғалымға жекелеген сауалдар
бойынша да ой түюге тура келді. Ол тіпті кездейсоқ табылған олжаларды да
мұқият саралаудан өткізіп, тың ғылыми пайымдаулар жасай білді. Камышин
(Шемонайха ауданы) мен Чистый Яр (Самар ауданы) ауылдарынан табылған
археологиялық олжаларды зерделеп шыққан. Бұл олжалар ат әбзелдері, қола
пышақтар, садақ ұштары сынды бірқатар қару-жарақтар мен бұйымдардан тұрады.
Оларды басқа өңірлерден табылған осындай артефактілермен салыстыра келе
Ф.Х.Арсланова мынадай қорытынды жасайды: Шығыс Қазақстан жерінен табылған
материалдардан екі қанатты (жақты) төлкелі жебе ұштары қола дәуірінен
бастап ерте темір кезеңіне дейін сақталғандығын көруге болады. Қазақстандық
мұндай типтегі төлкелі жебе ұштары б.з.д. VІІ-VІ ғасырларға жатады, ал
Минусин қазаншұңқырындағы осындай заттар б.з.б. V ғасырға жатқызылған.
Сірә, Н.Л.Членованың б.з.д. VІ ғасырда Шығыс Қазақстаннан Минусинге қарай
жылжыған тайпалар миграциясы туралы айтып жүрген пайымдауы дұрыс дей келе
ғалым: андроновтық ескерткіштерге тән тас жәшіктегі жерлеу ғұрпы, және де
негізгі тұрпаты қола дәуіріндегі металдан жасалған заттарға келіңкірейтін
табылған заттар арасында бұйымдардың ерте кезге жататын түрлерінің (пышақ,
жебе ұшы) болуы, сақ мәдениетінің қайнар-бастауы андроновтық тайпалармен
өзара байланыста екендігін дәлелдейді деп тұжырымдайды [24, 82-83 бб.].
Ф.Х.Арсланова А.А.Чариковпен бірлесіп жазған Бронзовые котлы из музеев
Восточно-Казахстанской области атты мақаласында да облыстық өлкетану
музейіндегі кездейсоқ табылған бірқатар жәдігерлердің ғылыми анықтамасын
жасап берді [25, 147-155 бб.]. Онда авторлар 1947 жылы Күршім ауданындағы
Чердояк кен орнынан, 1965 жылы Большенарым ауданы Көктерек ауылы жанынан,
1966 жылы Ұлан ауданындағы Ленинка ауылы төңірегінен табылған қазандарға
сипаттама жасады да, олардың жанынан шыққан өзге заттармен (қола пышақтар,
т.б.) және республика аумағында кездескен осындай бұйымдармен салыстырды.
Нәтижесінде авторлар Шығыс Қазақстанның қола қазандары сібірлік және
жетісулық қазандарға тән белгілері бар екендігін, мұндай ұқсастық көршілес
отырған тайпалардың өзара мәдени байланысын, материалдық мәдениетінің
біртұтастығын көрсететіндігін тілге тиек етеді. Авторлардың пікірінше,
мұндай қауымдастық өзге де әшекейлік бұйымдар, қару-жарақтар, ат әбзелдері
бойынша да байқалады және де бұл жерде шығысқазақстандық тайпалардың екі
мәдени ошақтың аралығында орналасуы көп жайтты аңғартады [25, 147-155 бб.].
Ерте темір дәуіріндегі заттық мәдениет қола дәуірімен астасып жатқандығын
да айтқан зерттеушілер қазандарды б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларға жатқызады.
Бұл терең талдаудан, әрі нақты археологиялық мағлұматтардың ұштасуынан
туындаған тұжырым еді. Музейдің құнды жәдігерлерін құрайтын
шығысқазақстандық қазандардың осы археологтар тарапынан жүйеленуі кейіннен
табылған осындай бұйымдардың хронологиясын анықтауға, жасалу жолдарын
нақтылауға жол ашқан
А.Г.Максимова және А.С.Ермолаевалар болашақ Шүлбі су қоймасының жайылу
аймағында 1977 жылғы барлау жұмыстары кезінде ашқан Измайловка қорымында
б.з.д. VIII ғасырдың алғашқы жартысы мен б.з.д. VII ғасырлар аралығына
жататын ерте көшпелілердің төрт қорғанына және үш ғұрыптық орындарына
зерттеу жұмыстарын жүргізді [26, 509-510 бб.].
Шүлбі археологиялық экспедициясы 1981 жылы Ертістің оң жағалауында 3км
жерде Пролетарка ауылының батысындағы Ақши III қорымынан б.з.д. VII
ғасырлармен мерзімделетін №2 қорғандағы №3 қабірді зерттеп құнды
материалдар алды [27, 168-176 бб.].
Өлкенің қантамыры іспетті Ертіс өзені бойындағы алғашқы зерттеулер,
әсіресе С.С. Черников ізденістері, Өскемен мен Бүқтырма су қоймаларын
салуды жоспарлауға байланысты басталды. Осындай мақсаттағы жұмыстар Шүлбі
СЭС-ін салуға байланысты Жоғарғы Ертіс бойында 1977, 1980-1983 жылдары
ҚазССР Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология жэне
этнография институтының Шүлбі археологиялық экспедициясы тарапынан
жасалынды. Қазба қорытындылары өлкенің өзі жұтаңқы жарияланым қорын байыту
мақсатында Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС
атты еңбек болып жарияланды. Шығыс Қазақстанның, жалпы Қазақстанның қола
дэуірі мен ерте темір дэуірінің мэдени сабақтастығы маңызды да өзекті
мәселе. Осы түрғыдан алғанда Зевакино кешенінен кейін (б.з.д. 8-7 ғғ.)
Измайловка қорымы ескерткіштері (б.з.д. 9-7 ғғ.) мен Желдіөзек обалары
зерттелінді. Алынған мәліметтерді оба құрылысы (қоршаулы, не қоршаусыз
төртбүрыш тас жәшік, ағаш табыт), жерлеу әдісі (мәйтті оң қырымен, басын
батысқа қарату мен шығыс бағытқа қаратып адамды жерлеу) және қойылған
заттарына қарап топтастыра отырып, Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дэндібай,
Арал бойындағы Түгіскен ескерткіштерімен ұқсастырады, жақын орналасқан
Зевакино кешенінен ерекшелігін атап өтеді. Мұнымен қатар кұлажорға түріне
жататын обалар зерттелініп, жер беті құрылысы (тұғыртасты, не тұғыртассыз
жэне тас қоршаулы тас топырақты үйінділі), қабір іші құрылымы (сопақша
жерасты шұңқырының тас жәшік жабындысына қарай қоңырау тәрізді кеңеюі мен
ағаш рамалы қабір) мен адам мүрдесін қою мен бағыттау (бір тобында беті
солтүстікке, басы шығысқа қаратылса, келесі топта адам басы тек батысқа)
бойынша екі топқа бөліне қаралған [26, 64-155 бб.].
Ф.Х.Арсланова 1980-1987 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық
өлкетану музейінің шақыртуымен осы өңірде қазба жұмыстарын жүргізді. Бұл
уақыттағы зерттеу жұмыстары кезінде түрлі дәуірлерге жататын көптеген
ескерткіштер кешені ашылды. Мәселен, 1980 жылы Таврия ауданындағы
археологиялық барлау барысында тоғыз обалық топ, бұғытас пен бес
антропоморфты құлпытастар табылады. Жартас, Ковалевка және Ертіс өзендері
алабында орналасқан Ковалевка-1-4, Жартас-1-3 секілді қорымдардан қола
дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі аралықты қамтитын жүздеген
ескерткіштер ашылады [28, 430 б.].
1981 жылы Ф.Х.Арсланова басқарған Шығыс Қазақстан облыстық өлкетану
музейінің археологиялық экспедициясы Қызылсу, Қанай, Күршім және тау
беткейіндегі аңғарлардан қола дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі
уақыт аралықтарына жататын 20 обалық топтарды (Күршім ауданынан 11 топ
белгіленген) анықтайды. Олардың арасында жартас суреттері, антропоморфты
құлпытастар да бар [29, 430-431 бб.]. Сонымен қатар Ф.Х.Арсланова осы
кездері Шүлбі археологиялық экспедициясының отрядтарында да жұмыс істеді.
Мұнда Семей облысы Ново-Шульба ауданындағы Қарашат жерлеу кешенінде
(Қарашат-1-3) бірнеше оба қазып, тың материалдар алды.
Атамұраның қай түрі болсын көне тарих тұңғиығы жөніндегі мәліметтер
легін толықтыра береді,- деген белгілі ғалым, Өскемен Педагогикалық
Институтының оқытушысы Ф.Х. Арсланова Кенді Алтай ескерткіштерін, әсіресе
бір Зевакино кешенін толықтай зерттеп, б.з.д. 8-7 ғасыр ескерткіштерінің
жер беті қүрылысының бірнеше түрін, қабірді қазу мен адамды жерлеудің әдісі
мен тәсілдерін ашуға талпынды. Көптеген жылдар жасалынған (1965-1974 жж.)
қазба жүмыстарының нэтижесі мен Чистый Яр, Камышинка сияқты кездейсоқ
табылған олжаларды талдай отырып, зевакинолықтардың индивидуумды о дүниеге
аттандыру салты мен жергілікті өткен тайпалармен (андрондықтар (феодоров))
жерлеу ғүрпындағы ұқсастығы, металл бұйымдардың жаңа карасук-тағарлық
түрінің шығуы мен қыш ыдыстардағы өзгерісті жергілікті тұрғындардың жат
элементтермен араласуымен болғандығын және көршілермен өте тығыз этномәдени
байланыста екендігін көрсетеді деген қорытынды жасайды [30, 254-258 бб.]
Зевакино қорымындағы зерттелінген, бірі-біріне жалғасып тұйықтала
жатқан жетпістен астам қоршау материалдары бойынша адамды негізінен сопақша
шұңқырға, оң жақ қырымен басын оңтүстік-батыс, не оңтүстікке қаратып,
жанына қыш ыдыссыз, кейде қола пышақ қоя жерлеген делінеді. Бұл отырықшы
шаруашылықтың металды өңдеу ісімен айналысқан, көшпелі шаруашылыққа өтер
өтпелі кезеңнің қарапайым жерлеу ғұрыптары болса керек [31, 50-53 бб.].
С.С. Сорокиннің басшылығымен жүрген Оңтүстік-Алтай археологиялық
экспедиция 1959-жылдан 1964-жылға дейін Бұқтырма өзенінің жоғарғы
ағысындағы ежелгі көшпелілердің ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізді
[32, 35-37 бб.].
1965-жылы Шығыс Қазақстаннан әр дәуірге жататын көптеген қорғандар
қазылды. Олардың ішінен Шемонайха ауданындағы, Зевакино ауылының
маңында орналасқан оба ерекше қызығушылықтарды туғызады. Онда
300-ден астам, қола дәуірінен бастап әр-түрлі кезеңге жататын қорғандар
бар. Обалар Өскемен қаласынан 100 км қашықтықта, солтүстік-батыста,
Ертістің оң жағалауында орналасқан.
Осы жылдар аралығында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте темір дәуірі отрядын
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Ақсуат ауылдық округі
САҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ПОЛИМОРФТЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Тарбағатай ауданының тарихы
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациалық ресутстары
Шығыс Қазақстан облысының табиғаты және туристік рекреациялық мүмкіншіліктері
Пәндер