Мұздықтар туралы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) мұздықтар туралы жалпы түсінік
ә) мұздықтардың жаралуы
б) мұздықтардың қоректенуі
в) мұздықтардың еруі
г) мұздық шөгінділер
III . Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Егер жер бетінің қандай да бір бөлігі хионосфера шегінде болса, онда мұз қалыптасу жағдайы тууы мүмкін. Хионосфера (грек chion- қар және sparia- шар ) өз құрамында атмосфералық ылғалдың басым көпшілігі қатты заттар күйінде тұратын тропосфераның қабатшасын айтады. Мұнда қар жауу басым болып, үнемі қар мен мұз сақталуы мүмкін. Хионосфераның төменгі шегі-қар сызығы.
Қар шакарасының биіктік деңгейі климат жағдайына тікелей байланысты. Мәселен, Анды тауларында, Магеллан бұғазының аймағында ол 900 м биіктікте орналасса, оңтүстік тропикалық ендігнде 6700 м биіктікке жетеді. Демек, қар шекарасының ең биік жері – тропикалық белдеу. Ал, экваторлық белдеуде жауын - шашын молдығынан оның деңгейі біраз төмендеу болады. Мысалы, Килиманджаро тауларында қар шекарасының биіктігі-5500 м. Экватордан солтүстік бағытқа қар шекарасының биіктігі төмен түсе береді. Шпицбергенде оның биіктігі 600 м-де байқалса, Фрац Иосиф жерінің солтүстік аралдарында 50 м, ал полюске жақындаған кезде қар шекарасы теңіз деңгейіне дейін төмендейді.
Табиғи мұз екі түрге – су мұзы және қар мұзы болып ажыратылады. Су мұзы- құрлықтағы судың немесе мұхит суының мұз болып қатқан кезде пайда болса, қар мұзы – қардың метаморфтанғаннан пайда болады. Қар сан мәрте қату мен ерудің, сондай-ақ қысымның нәтижесінде баданадай ірі түйірлі құрылым алып, фирнге (түйіршікті тығыз қарға) айналады. Ол одан арғы өзгеру процесінен өткен соң глетчер мұзына, яғни құрлықтағы мұздықтар мұзына айналады. Сөйтіп, шамасы 10-13 м3 кардан 1 м3 мұз жаралады.
Тұрақты қозғалыстағы, негізінен құрылықта орналасқан, қатты атмосфералық жауын-шашынның жиналуы және қайта қалыптасуы жолымен пайда болған фирн немесе жер бетінде ұзақ уақыттар бойына сақталатын кристалды мұз шоғырын (қорын) мұздық деп атайды. Олар таулы өлкелерде тек қарлы шекарадан жоғары аймақтарда түзіледі.
1. Ж. Достайұлы Жалпы гидрология Алматы «Білім» 1996ж
2. С.А. Құсайынов Жалпы геоморфология Алматы «Қазақ университеті» 2006 ж
3. Қазақ ұлттық энцикклопедиясы 6 том

Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) мұздықтар туралы жалпы түсінік
ә) мұздықтардың жаралуы
б) мұздықтардың қоректенуі
в) мұздықтардың еруі
г) мұздық шөгінділер
III . Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Егер жер бетінің қандай да бір бөлігі хионосфера шегінде болса, онда
мұз қалыптасу жағдайы тууы мүмкін. Хионосфера (грек chion- қар және sparia-
шар ) өз құрамында атмосфералық ылғалдың басым көпшілігі қатты заттар
күйінде тұратын тропосфераның қабатшасын айтады. Мұнда қар жауу басым
болып, үнемі қар мен мұз сақталуы мүмкін. Хионосфераның төменгі шегі-қар
сызығы.
Қар шакарасының биіктік деңгейі климат жағдайына тікелей байланысты.
Мәселен, Анды тауларында, Магеллан бұғазының аймағында ол 900 м биіктікте
орналасса, оңтүстік тропикалық ендігнде 6700 м биіктікке жетеді. Демек, қар
шекарасының ең биік жері – тропикалық белдеу. Ал, экваторлық белдеуде жауын
- шашын молдығынан оның деңгейі біраз төмендеу болады. Мысалы, Килиманджаро
тауларында қар шекарасының биіктігі-5500 м. Экватордан солтүстік бағытқа
қар шекарасының биіктігі төмен түсе береді. Шпицбергенде оның биіктігі 600
м-де байқалса, Фрац Иосиф жерінің солтүстік аралдарында 50 м, ал полюске
жақындаған кезде қар шекарасы теңіз деңгейіне дейін төмендейді.
Табиғи мұз екі түрге – су мұзы және қар мұзы болып ажыратылады. Су
мұзы- құрлықтағы судың немесе мұхит суының мұз болып қатқан кезде пайда
болса, қар мұзы – қардың метаморфтанғаннан пайда болады. Қар сан мәрте қату
мен ерудің, сондай-ақ қысымның нәтижесінде баданадай ірі түйірлі құрылым
алып, фирнге (түйіршікті тығыз қарға) айналады. Ол одан арғы өзгеру
процесінен өткен соң глетчер мұзына, яғни құрлықтағы мұздықтар мұзына
айналады. Сөйтіп, шамасы 10-13 м3 кардан 1 м3 мұз жаралады.
Тұрақты қозғалыстағы, негізінен құрылықта орналасқан, қатты
атмосфералық жауын-шашынның жиналуы және қайта қалыптасуы жолымен пайда
болған фирн немесе жер бетінде ұзақ уақыттар бойына сақталатын кристалды
мұз шоғырын (қорын) мұздық деп атайды. Олар таулы өлкелерде тек қарлы
шекарадан жоғары аймақтарда түзіледі. Мысалы, Іле Алатауының қар жиегі 3700-
4000 м биіктікте орналасқан. Алайда динамикалық процеске орай мұздықтар бұл
шекарадан төмен түсе алды. Көлемі үлкен мұздықтар өз салмағынан және
созылмалы қасиеттерінің әсерінен таудан төмен қарай жылжиды. Мұздықтардың
жылжу жылдамдығы тәулікте бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін.
Мұздарға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігіндегі кездесетін
мұздықтар, ұзақ жылдар бойы қабатталып жиналған қар, су беті, жер асты
мұздары, шельфтік мұздар, мұхиттарда кездесетін қалқыма-ықпа
мұздар(айсбергтер) жатады. Олар жербетілік, теңіздік және жерастылық болып
бөлінеді. Жер бетінде кездесетін мұздар құрлықта, теңіз жағалауларында
(шельфтерде) ондаған, жүздеген мың жылдар бойы қалыптасады, қардың
кристалдануынан, еріген судың қатуына байланысты пайда болған атмосфералық
фирндер мен мұздардың табиғи жиынтығы болыа саналады.
Жер жүзінде құрлықтың 16.2 млн км2 аумағын, яғни оның 11 пайызын
мұздық басқан. Ондағы мұздың жалпы көлемі 30 млн км3.Егер біз мұздар еріп
кетті деп есептейтін болсақ, онда әлемдік мұхиттың деңгейі 64 метрге
көтеріледі екен. Осы су жиналатын болса, онда жер бетінің тереңдігі 150
метрге жететін су басып жатар еді.
Мұздықтардың жаралуы.
Мұздықтарды зерттейтін ғылым саласын гляциология (латын тілінде
гляциес мұз деген мағына) деп атайды. Мұздарға гидросфера мен
литосфераның жоғарғы бөлігінде кездесетін мұздықтар, ұзақ жылдар бойы
қабаталып жиналған қар, су беті, жер асты мұздары, шельфтік мұздар,
мұхиттарда кездесетін қалқыма ықпа мұздар (айсбергтер) жатады. Олар жер
бетілік, теңіздік және жерастылық болып бөлінеді. Жер бетінде кездесетін
мұздар құрлықта, теңіз жағалауларында ондаған, жүздеген, мыңдаған жылдар
бойы қалыптасады. Қардың қайта кристалдануынан еріген судың
қатуынабайланысты пайда болған атмосфералық фирндер мен мұздардың табиғи
жиынтығы болып саналады.
Мұздықтардың қоректенуі оның бетіне қар түрінде түсетін атмосфералық
жауын-шашын есебінен, жел арқылы айдап алып келген тау баурайларынан
құлаған қардан, сонымен қатар мұздың үстінде ауадағы булардың суға
айналуынан жүзеге асады.
Судың қатты фазасының, яғни қардың, фирнның, мұздың балансы
жағдайларына қарай мұздықтың өзі аккумуляция және абляция зонасына
бөлінеді. Мұздық массасының еру және булану арқылы кемуі абляция деп
аталды. Абляция мұздықтың шеткі бөлігі қалыңдығының жұқаруына әкеліп
соғады. Абляцияның қарқындылығы ауа температурасына тікелей байланысты.
Температураның ауытқуымен абляция да ауытқып тұрады. Сондықтан мұздықтың
алдыңғы жиегі тұрақты орнында қалмай өзгеріп тұрады. Оның сәл ғана алға
қозғалуы артқа шегінуі осциляция деп аталады. Жамылғы мұздықтар
миллиондаған шаршы километр аумақтарды алып жатады және үсті жайпақ
дөңестеу келеді. Мұндағы мұздар мұздықтың ортасынан шетке қарай жылжиды.
Қазіргі кезде жер шарында бар - жоғы екі материктик жамылғы мұздықтары бар.
Олар Гренландия мен Антарктиданың мұз жамылғылары. Мұндай мұздықтардың
өздеріне тән ерекшеліктерінің бірі – олардың кең-байтақ аумағымен және
орасан зор қалыңдығы. Мұздық жамылғысының ең жоғарғы қалыңдығы – оның
орталық бөлігінде. Ал жиектерінде мұздықтың қалыңдығы келмейді, сөйтіп бұл
аймақтардың астынан тасты құндағының кейбір шығыңқы тұстары көрінеді.
Мұндай жерлерді Антарктидада Оазис (Жазира) деп атайды. Мұның мысалы,
Советтік Антактидалық Мирный станциясы төңірегіндегі Бангер оазисі. Егер
мұндай тасты сілемдер мұздықтың бетінде оқшауланып көрініс берсе, оларды
нунатаки деп атайды.
Гренландия мен Антарктиданың жамылғы мұздықтары өздері көмкеріп
жатқан бедердің жағалаулық еңісті жазықтықтары арқылы теңізге қарай
жылжиды. Мұздардың бұл ағысы асаралған мұздықтар деп аталады. Суға жеткен
мұз жүзіп шығады да сынады, соның нәтижесінде теңізде еркін жүзіп жүретін
орасан зор мұздар (қалқыма мұздар), мұзтаулар (айсбергтер) пайда болады.
Теңіз ағысымен жүзген мұзтаулар төменгі ендіктерге жетіп, бірте-бірте ери
бастайды. Еру барысында мұзтаудың ішіндегі әр түйірлі материал айсбергтен
босап, теңіз түбіне шөгеді.
Антарктида шеткі аймақтарындағы мұздардың едеуір аумағы шельфтерде
жатады немесе біразы жүзіп жүреді, бұларды шельфтік мұздықтар дейді. Егер
қар шекарасы мұздануға ұшыраған тау етегі деңгейімен шамалас жатса,
мұздытау етегіндегі жазыққа шығып, жан-жаққа жайылып кетеді. Осы даму
сатысындағы мұздықтар, тау етектік мұздық деп аталады. Мұндай мұздықтың
бірі – Аляскадағы Маластин мұздығы. Бұл бірнеше аңғарлы мұздықтардың тау
етегінде бір-бірімен қосылу нәтижесінде пайда болған. Құрлықтың едеуір
бөлігін көмкере отырып, мұздықтар экзогендік морфогенезде елеулі және
маңызды ролін атқырады. Ежелгі мұз басу заманында жазғы және орта жылдық
температураның төмендегенінен, климаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау беткейлерінің мүздықтары
Жер бетіндегі мұздықтардың геологиялық қызметі
Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар
Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары
Мұздықтар
Әлемдік қар мен мұз қорлары
Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері
Мұздықтардың еруі
Қазақстан аумағындағы мұздықтар
Пәндер