Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны



Мазмұны

Кіріспе
І . тарау. Мемлекеттік меншік құқығы
1.1. Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы
1.2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
1.3. Мемлекеттік меншік құқығынң объектілері

ІІ . тарау. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
2.1. Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет игілігінен алу және жекешелендіру
2.2. Шаруашылық жүргізу құқығы
2.3. Оралымды басқару құқығы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттік меншік қатынасы тендікті жариялай отырып, бірақ белгілі бір ерекшеліктерге ие: а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады; ә) мемлекет заңды тұлға болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде, белгіленген заңдар мен ережелер шеңберіңде қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе шектелгендерін де иелене алады; в) мүлікті меншікке алуда әртүрлі тәсілдер қолданады, айталық, салық, баж салығы, жинау жәнет.б. бар; г) мемлекеттік меншік негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, ягаи тұрғындарды күнкөріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекеттік мүлік иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.
Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы.
3. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы // Жеті Жарғы.
4. Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В., и Овчиников И.Н.. 1998г.
5. ражданское право. Под.ред. доктора профессор юридических наук. А.П.Сергеева. Санкт-Петербург 1996г.
6. Основы гражданского право. М.Г.Маркова.
7. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.
8. Гражданское право. Е.А.Суханов.
9. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, «Әділет-Пресс», 1997г.
10. Гражданское право. Учебник/Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. М., 1997г.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
І – тарау. Мемлекеттік меншік құқығы
1.1. Мемлекеттік меншік құқығының ұғымы
1.2. Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
1.3. Мемлекеттік меншік құқығынң объектілері
ІІ – тарау. Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
2.1. Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет
игілігінен алу және жекешелендіру
2.2. Шаруашылық жүргізу құқығы
2.3. Оралымды басқару құқығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мемлекеттік меншік қатынасы тендікті жариялай отырып, бірақ белгілі
бір ерекшеліктерге ие: а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай
заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады; ә) мемлекет заңды тұлға
болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару
органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде, белгіленген заңдар
мен ережелер шеңберіңде қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол
кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе шектелгендерін де
иелене алады; в) мүлікті меншікке алуда әртүрлі тәсілдер қолданады,
айталық, салық, баж салығы, жинау жәнет.б. бар; г) мемлекеттік меншік
негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, ягаи тұрғындарды күнкөріске
қажеттілікпен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы
атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін және қорғайтын
құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекеттік мүлік
иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.

Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену,
пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын
құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз
қалауы бойынша жүзеге асырады.

І – тарау. МЕМЛЕКЕТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1.1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Мемлекеттік меншік Конституциямен (6-бап), Азаматтық кодекспен (192-
бап) меншіктің бір түрі ретіңде бекітілген.
Азаматтық кодексте азаматтық-құқықтық қатынастардағы барлық қатысушылардың
тендігі көзделген.
Азаматтық кодекстің 111—114-баптарына сәйкес мемлекет азаматтық-
құқықтық қатынаста өзіндік егемендік иммунитетін көрсетпейді, қайта
азаматтық заңдардың ортасынрмен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың
өзге қатысушыларымен тең негіздерде қатынасады. Мысалы, мемлекетке және
әкімшілік-аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен
реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан
өзге норма туындамайтын болса, қолданылады (АК-тің 114-бабы) және азаматгық-
құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар шешеді (АК-
тің 111-бабы 3-тармағы).
Мемлекеттік меншік қатынасы тендікті жариялай отырып, бірақ белгілі
бір ерекшеліктерге ие: а) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай
заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады; ә) мемлекет заңды тұлға
болып табылмайды, сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару
органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде, белгіленген заңдар
мен ережелер шеңберіңде қимылдайды; б) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол
кез келген мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе шектелгендерін де
иелене алады; в) мүлікті меншікке алуда әртүрлі тәсілдер қолданады,
айталық, салық, баж салығы, жинау жәнет.б. бар; г) мемлекеттік меншік
негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, ягаи тұрғындарды күнкөріске
қажеттілікпен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Республикасы
атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін және қорғайтын
құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекеттік мүлік
иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді.

Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену,
пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын
құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстан халқының мүддесі жолында өз
қалауы бойынша жүзеге асырады.

1.2. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Мемлекеттік меншік құқығының субъектісі мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік меншікті басқару және меншік иесінің құқықтық өкілеттігін
жүзеге асыру мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асады. Заңда
көрсетілген немесе Қазақстан Республикасы тапсырмасы болған ретте оның
атынан басқа мемлекеттік органдар, занды тұлғалар мен азаматтар әрекет
етеді. Конституцияның 66-бабы, 4)-тармақшасына сәйкес ҚР Үкіметіне
мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру жүктелген. Қазақстан
Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар 1995 жылы 18-
желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы"
Жарлығының 9-бабы 8-тармағына сәйкес Үкімет мемлекеттік меншікті басқаруды
ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды жасап әрі жүзеге асырады,
Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік меншіктің құқығын қорғауды
қамтамасыз етеді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Үкіметіне мемлекеттік
меншік құқығының субъектісі ретіндегі міндеті жүктелген. Демек, Үкімет
мемлекеттік мүлікке қатысты кез келген әрекетті жасай алады, ҚР Үкіметіне
конституциялық бекітілген өкілеттігіне орай өзіне мемлекеттік меншікті
басқаруды ұйымдастыру тапсырылғандықтан, оны өзі немесе өкілетті органдары
арқылы жүзеге асырады, яғни осыған орай мемлекеттік меншікті иелену,
пайдалану және билік ету мәселелерін шешеді.
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Жарлықтың 1-бабы негізінде мемлекеттік
кәсіпорындар мынадай түрге бөлінеді: а) республикалық меншіктегі —
республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; ә) коммуналдық менешіктегі —
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар. Республикалық мемлекеттік
кәсіпорындарға байланысты мемлекеттік меншік субъектісі министрліктер,
мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, министрліктердің бірқатар
департаменттері және басқа өкілетті органдар, оған өкілдік ете алатын
әкіңцер болып есептеледі. 1996 жылы 25 маусында Үкімет қаулысымен
бекітілген республикалық Мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі бекітілген
еді, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін "Мемлекеттік
көсіпорындар туралы" Жарлықтың 2-бабына сәйкес жергілікті өкімдер бекітеді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, заңда қөзделген немесе мемлекеттің арнайы
тапсырмасымен мемлекет атынан басқа мемлекеттік оргаңдар, заңды тұлғалар
мен азаматтар әрекет ете алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 21қаңтардағы Мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ жарғылық
капиталындағы мемлекеттің үлесі 50 пайыздан астам болатын шаруашылық
серіктестіктерінің төлем қабілетсіздігін оналтуды жүргізуге уәкілдік
берілген органдарға (ұйымдарға) Қазақстан Республикасының Үкіметі меншіктік
мүлік иесінің құқықтарын беруі мүмкін деп көрсетілген.

1.3. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатады: 1) қозғалмалы және
қозғалмайіын заттар; 2) ақша, шетелдік валюта; 3) бағалы қағаздар; 4)
міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер.

Қазіргі заң мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін айыруда қор жөніндегі
бұрынғы дәрежелеуді сақтаған (АК-тің 200-бабы). Қоғамдық өнім экономикалық
түрде бөлінеді, ол қоғамдық өнімнің құрамындағы қажетті бөліну мен мақсатты
бөлінуге негізделеді.
Бүгінгі таңда мүлікті қор бойынша дәрежелеу экономикалық жағынан құнды
әрі кәсіпорынның бухгалтерлік есебін, мүлік есептеуге жүргізуге оңтайлы
келеді. Әрине, мүліктерді негізгі қорға, айналым қаржысы, шикізат, дайын
өнім тәрізді қорларға бөлу белгілі бір практикалық мәнге ие, өйткені
олардың әрқайсысының өзіне тән құқылық тәртібі бар. Бірақ та ендігі жерде
жалпы азаматтық занда заңды тұлғаның қай қорды, қандай көлемде және қандай
мақсатта құратынын оның тек өзі шешетіндігі айқындалған. Қазіргі қолданылып
жүрген заңдар нормаларында мүлікті мақсатты пайдаланудан бас тарту принципі
бекітілген, демек, қорлар бойынша мүлікті шектеу енді жоқ (АК-тің 44-бабы).
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік меншік республикалық мемлекеттік
меншік және коммуналдық мемлекеттік меншік болып бөлінеді. Азаматтық
кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық мемлекеттік
меншіктің объектісіне жататыңдар: республикалық меншік республикалық
қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Бүрьшғы Азаматтық кодексте
болмаған "қазына" деген ұғым пайда болды. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қазынасына республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры
және алмас қоры, мемлекеттік меншіктің 193-бабында аталған объектілері
(жер, оның қойнауы,су,жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар) және
мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік
жатады.
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999-жылғы 1-
сәуірдегі Заңына сәйкес республикалық бюджет Қазақстан Республикасының
Заңымен бекітілген түсімдермен бюджет тапшылығын қаржыландыру (црофицитгі
пайдалану) есебінен қалыптастыратын және өзіне Қазақстан Республикасы,
Конституция мен заң актілері арқылы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін Республикалық бюджет
бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры —
Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және республикалық бюджеттен
қаржыландыратын жалпы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалардан тұрады.
Бюджет тиісті қаржы жылына арналған Үкімет қабылдаған Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының
негізінде Қазақстан Республикасы Презңдентінің Қазақстан халқына жыл сайын
жолдауын ескере отырып қалыптастырылады.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер: 1) республикалық бюджеттің
кірістері (арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларына (бюджеттеріне)
есептелетін сомадан басқа), олар мыналардан тұрады: а) салықтардан,
адамдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер; ә)
салықтық емес түсімдер; б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын
кірістер; 2) алынған ресми трансферттер (гранттар); 3) республикалық
бюджеттен бұрын берілген несие бойынша негізгі борышты өтеу (Заңның 7-
бабы).
Азаматтық кодекстің 192-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қазынаны
алтын-валюта қоры және алмас қорын құрайды. Қазақстан Республикасы
Презвдентінің 1995 жылы 30 наурызда қабылдаған "Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы" және 1995 жылғы 20 шілдедегі "Бағалы металдар мен
бағалы тастарға байланысты мемлекеттік қатынастарды реттеу туралы"
Жарлықтары өзгерістер енгізілгеннен кейін оны "алтын-валюта қоры және
бағалы металдар мен бағалы тастардың үкіметтік резерві" деп аталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің алтын-валюта қоры қазақстандық
теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылып,
пайдаланылады. Және де ол шетелде сақталатын алтын, шетелдік валюта, мәнет,
банк қаржысынан және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінде сақталатын
валюталық құндылықтардан тұрады. Сондай-ақ халықаралық танылған кез келген
актив қорлары; аударылатын вексельдер, жай және қазыналық вексельдер (шет
мемлекеттер мен халықаралық қаржы мекемелері арқылы шығарылып,
кепілдендірілген), басқа да— сыртқы активтер (кірістер), қорлардың сатып
алу кұнын сақтау да алтын-валюта қорына жатады.
Алтын-валютақорын несиеретінде беруге болмайды, Қазақстан
Республикасының Президенті шешімдерінде қаралған реттерден басқа жағдайда
Қазақстан Республикасы резиденті болсын, болмасын кепілдік және басқа
міңдеттілікті ұсынуға да жол берілмейді.
Алтын-валюта қорын толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі
жүргізеді (Жарлықтың 58-бабы).
Бағалы металдар мен бағалы тастардың үкіметтік қоры бағалы металл,
оның ішінде алтыннан және бағалы тастардан, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетте қаралған қаржыға сатып алған
зергерлік бұйымдарынан, тәркіленген немесе қараусыз қалған, кейін мемлекет
меншігіне өткізілген мүліктерден, табылған көмбеден, тарихи және мәдени
ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған бағалы металдар
мен бағалы тастардан, бұйымдардан құралады.
Мемлекеттік (бюджеттік) қор Мемлекеттік күзетте сақталады. Бұл қорға
тапсырылған құңдылықтарды беру, есептеу, сату және оған өткізу Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асады (Жарлықтың 11-бабы).
Қазынаға сондай-ақ мынадай мемлекеттік меншік объектілері де жатады:
жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да
табиғиресурстар (ҚР АК-тің 193-бабы). Жер, сондай-ақ заңда белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін (Қазақстан
Республикасының Конституциясы 6-бабы, 3-тармағы).
Занда тек мемлекет қана меншік иесі болатын мүліктердің тізбесі толық
қамтылмаған.
Табиғи ресурстарға меншік құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері былайша
ерекшеленеді: а) табиғи ресурстарды пайдалану өзге мүліктерді пайдаланудан
айтарлықтай ерекшеліктерге ие; соңдықтанда ол белгілі бір мақсатпен
қолданылады, бұл орайда табиғатқа залалы тимеуі тиіс; ә) аталған
ресурстарды үнемі бақылап отыру, сол үшін арнайы жүйе-мониторинг
қарастырылған; б) табиғат объектілеріне жасалған залал белгілі бір уақыт
өткен соң көрінеді; в) арнайы өкілеттігі бар бақылаудың тұтастай жүйелері
болады (жерді, орманды бақылайтын органдар т.б.); г) тиісті мемлекеттік
органдардың табиғат объектілерін пайдаланушылар қызметіне араласу құқығы
ескерілген.
Қазіргі заң республикалық кәсіпорындарға мүлікке шаруашылық жүргізу
құқығын, ал қазыналық кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге оралады
басқару құқығын бекіткен.
Азаматтық кодексінің 192-бабы 3-тармағына сәйкес коммуналдық меншік
жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық занды
тұлғаларға бекітіп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты мемлекеттік занды тұлғаларға бекітіліп
берілмеген езге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Конституцияның 87-бабында жергілікті атқаруы органдардың қарауына
коммуналдық меншікті басқару да енеді делінген. Бұл меншіктің жаңа түрі
пайда болды деген сөз емес.
Коммуналдық меншіктің ерекшелігі оның қызметінің жергілікті
мәселелерге арналып, белгілі мақсатқа жұмылдырылатындығымен ерекшеленеді.

ІІ – тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Мемлекет Азаматтық кодекстің 192-бабы негізінде мемлекеттік мүліктің
біртұтас меншік иесі болып табылады. Оның иелену, пайдалану және билік ету
тәрізді құқықтық өкілеттіктеріне ешкім де ешқашан шек қоя алмайды. Яғни
мемлекет өзі үшін заң шығарып, мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібін
айқындап отырады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
мемлекеттік меншікті өзіңің органдары арқылы басқарады, солардың ішінде
мемлекеттік занды тұлғалар арқылы да басқарады.
Мемлекеттің иелену құқыгы дегеніміз, қарамағындағы заңмен қорғалатын
мемлекеттік мүліктерді мемлекеттік органдарға немесе кейбір бөліктерін
кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық жүргізу және оралымды басқару
құқықтарына беруге қарамастан өзінің құзыретінде қала береді.
Мемлекет өзінің кәсіпорындарыңда, қазыналық кәсіпорындар мен
мекемелерге мүлікті иелену құқығын бергенімен, мемлекет меншік иесі ретінде
бұл мүліктерге иелену құқығын сақтайды. Өйткені, мемлекеттік заңды
тұлғалардың құкықтық өкілеттікті иеленуі мемлекет иелігін жоққа шығармайды,
ол көлемі бойынша да, мақсаты бойынша да бір-біріне сай келмейді.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың иелену құқығы мемлекеттік иелену құқығымен
салыстырғанда, оның бір бөлшегі, тұтас нәрсенің бір бөлігіңдей ғана болады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мекемелер салалық мүліктік
кешен ретінде мемлекеттік меншіктің объектісі болып табылады, демек оның
иелігінде болады. ("Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Жарлықтың 12-бабы).
Пайдалану құқыгы дегеніміз, мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы
қоғам мүддесі үшін пайданың бәрін алуға байланысты мемлекеттің өзіне тән
мүмкіндігі болып табылады.
Мемлекеттің билік ету құқыгы мемлекеттік мүлікті иелену мен пайдалану,
мүлікті бөлу, ұтымды құқықтық әдістерді айқындау, сол арқылы мемлекеттік
меншікті басқаруды өз дәрежесінде жүзеге асыру тәртібін белгілеуінен
тұрады." Мемлекеттің билік ету құқығы жаңа нормаларды шығару, оларды
өзгерту мен тоқтату, сондай-ақ қызмет процесінде өндірістің қаржылары мен
өнімдерін ұйымдастыру жөніндегі әкімшілік актілердің кемегін пайдалана
отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік биліктің билік етуге байланысты қатынастары Азаматтық
кодекстен басқа да көптеген заң актілерімен реттеледі. Мысалы,
"Жекешелеңдіру туралы" Жарлықтың 16-бабы негізінде жекешелендіруге жататын
кәсіпорын занды тәртіпке сай акционерлік қоғамға айналуы мүмкін, бұл орайда
кейіннен сатып алу құқығы сенімділік басқаруға немесе жалға беріледі.

2.1. МЕМЛЕКЕТІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ ЖӘНЕ
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру — мемлекеттік мүліктерді
қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы меншікті ұйымдастыру шаралары
жөніндегі жүйенің күрделі мәселесі болып есептеледі.
Ғылыми әдебиетте және тәжірибеде "мемлекет иелігінен алу" және
"жекешелендіру" синоним ретінде қолданылғанымен, шын мәнінде олар бір-
біріне дәп келе бермейді.
1991 жылы 1-маусымдағы КСРО-ның "Мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендірудің бастапқы негіздері туралы" заңы мен 1991 жылғы 22
маусымдағы Қазақ КСР-інің "Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы"
Заңы меншікті реформалаудың екі жолын қарастырған болатын: мемлекет
иелігінен алу немесе "мемлекеттік кәсіпорыңдарды меншіктің басқа түріндегі
(мемлекеттік емес) кәсіпорындарға айналдыру" және жекешелендіру жолымен —
мемлекеттік мүлікті азаматтар мен занды тұлғалардың меншігіне алуы (1-бап).
Заң әдебиеттеріне сүйенсек, мемлекет иелігінен алу дегеніміз,
мемлекеттік кәсіпорындарды, басқа шаруашылық және тұтыну құрылымдарын
әкімшілдік-әміршілік әрекет ыкпалынан шығарудағы нормативті реттелген
процесс болып шығады. Сол арқылы мемлекеттік басқару органдарының
жекешелендіру мен монополиясыздандыру кезінде бөгде әрекеттеріне тосқауыл
қойылады. Ал жекешелендіру дегеніміз, мемлекеттік меншікті жеке,
зандытұлғалардың және шетелдік заңды тұлғаларының мемлекеттің келісімі
арқылы заң бойынша жүзеге асуы ("Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 1-бабы).
Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңдарда "жекешелендіру" деген бір
ғана термин қолданылады.
Қазақстан Рсепубликасында жекешелендіру сатылы негізде етуде.
Қазақстандағы бірінші сатыда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
салдары: кәсіпорындар еңбек ұжымдарына кейін сатып алу құқығымен жалға
берілді, сөйтіп ол ұжымдық кәсіпорынға айналды; кейбір жағдайда еңбек
ұжымдары мемлекеттік мүлікті тегін сатып алу мүмкіндігін иеленді;
тұрғындарға жекешелендіруге жекешелендіру купондары арқылы тарту жүзеге
асты (бірақ қалай істеу тәртібі болмады; аукцион, конкурс және басқа арқылы
сату т.б.).
Сонымен мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінен мемлекеттік
кәсіпорындарды жалға берумен ұжымдық кәсіпорындарға айналдыруымен немесе
еңбек ұжымдарының мешігіне беруімен шектелді. Қазақ КСР-інің "Жалға беру
туралы" 1990жылғы 22-ақпандағы Заңы соның бір мысальт бола алады. Бұл заңда
мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беру үлкен орын алды: Мысалы,
кәсіпорындарды жалға беру (аренда) еңбек ұжымының жалға берілетін мүлікті
сатып алу арқылы кейін ұжымдық кәсіпорынға айналуға себеп болды.
Қазақ КСР-інің "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы"
Заңының 25-бабына сәйкес еңбек ұжымы ең алдымен кәсіпорынды сатып алу
құқығын алды, мемлекеттік кәсіпорынға жататын құрал-жабдықтың бір бөлігін
сатып алу үшін пайдалануына мүмкіңдік ашылды: еңбек ұжымы алатын мүліктің
тек 50 процент құнын төлеу жеңілдігіне ие болды, сондай-ақ өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымдардың объектілерін меншігіне тегін алу құқығын
иеленді; кәсіпорын саудажасап, түсірген пайдасының бір бөлігіне салық
төлеуден босату тәрізді жеңілдіктерді еншіледі.
Алайда мемлекетменшігін еңбек ұжымдарының меншігіне беру экономикалық
проблемаларды шеше қойған жоқ, өйткені, жұмыскерлер бұрынғысынша істі
басқарудан тыс қала берді де өзінің күнделікті кірісіне көп онша ықыласты
болған жоқ, сайып келгенде жеке адам тап осы әдістен қайыр көре алмады да,
кәсіпорынның болашағына бас ауыртып жатады. Соның салдарынан келіп ақыры
"Жалға беру туралы", "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы"
бұрынғы Заңдар күшін жойды.
1993 жылы 5-наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
"Қазақстан Республикасындағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелеңдірудің
Ұлттық бағдарламасы" 1993-1995 жылдарға арналып бекітілді (бұл 2-ші кезең).
Оның ерекшеліктері мынадай еді: мемлекеттік секторды акционерлендіру;
дербес жобалар бойынша жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркәсіптік
кешенінде жекешелеңдіру. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік
кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру жөніндегі ұйымдастыру
шаралары туралы" Жарлығы негізінде еңбек ұжымының қызмекерлері 10 пайызға
дейінгі акцияны тегін алу құқығын алды. Жаппай жекешелеңдіру объектілері
бойынша акциялардың көлемінде 51 пайызы купоңдық аукциондық инвестициялық
жекешелендіру қорларына тұрғындардың жекешелендіру инвестициялық
купондарына сатылуы тиіс; акциялардың қалған бөлігі (39 пайызы) қор
биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылады; кәсіпорын
басшылары Президенттің жеке шешімі бойынша акциялардың 5 пайызының
номиналдық құнын алу мүмкіндігіне ие болды.
Жекешелендіру туралы заңның одан әрі дамуы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 23-желтоқсандағы заң күші бар "Жекешелендіру
туралы" Жарлығы аясында жүзеге асты. Айта кетелік, бұл Жарлық 1996 жылдың 1-
қаңтарынан бастап күшіне еніп, Қазақстан Республвкасындағы жекешелендірудің
шын мәніндегі үшінші кезеңін бастады. Жарлық нормаларын жүзеге асыру үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы 7-ақпанда қаулы қабылдап,
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған
бағдарламасын бекітті, ал қазір Үкіметтің 1999 жылы 1 мамырда қабылдаған
қаулысымен 1999-2000 жылдар (4 ке-зең) жекешелендірудің жаңа бағдарламасы
жүріп жатыр.
"Жекешелендіру туралы" Презңденттің заң күші бар Жарлығы
жекешелендірудің неғұрлым маңызды белгілерін айқындап берді: 1)
жекешелендірілген мүліктің мемлекеттік және коммуналдық меншікке
жататындығы; 2) жекешелеңдірілетін объектіні сатып алушының жеке меншіктің
субъектісіне қатыстылығы. "Жекешелендіру туралы" заңға сәйкес басқа да
белгілердің болу мүмкіндігі.
"Жекешелендіру туралы" Жарлыққа сәйкес жекешелендіру мынадай түрлерде
жүзеге асырылады: 1) сауда-саттықта сату (аукцион, тендер); 2) тікелей
бәсірелі сату (Жарлықтың 12-бабы).
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігіне, айналады табиғи ортаны
қорғауға, сыртқы экономикалық ахуалына байланысты ерекше жағдайларда тендер
жабық болуы мүмкін. Оны өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейді (Жарлықтың 13-бабы). Жарлықта жекешелендірудің негізгі
принциптері аталған: жекешелендіруді жүргізген кезде негізгі принциптер
жариялық, бәсекелестік, құқықтық сабақтастық, лауазым иелерінің
жекешелендіруді жүргізудің заңдылығына жауапгершілігі және сатуға
шығарылатын объектілер туралы берілген мағлұматтардың растығы болып
табылады (Жарлықтың 4-бабы).
"Жекешелендіру туралы" Жарлықтың 2-бабына сәйкес сатып алушы
дегеніміз, жекешелендіру барысында мүлікті сатып алатын жеке тұлға
мемлекеттік емес занды тұлға немесе шетелдік заңды тұлға болып табылады.
Олардың бәрі де жеке меншік субъектілеріне жатады. Жекешелендіру кезінде
мыналар сатып алушы бола алмайды: а) акциялардың мемлекеттік пакеті
сатылған кезде акционерлік қоғам сатып алушының акцияларын иеленетін болса,
сатып алушы — акционерлік қоғам акцияларының 25 пайызынан астамын сатып ала
алмайды; ә) жарғылық қорында мемлекеттің үлесі 20 пайыздан асатын
шаруашылық серіктестіктер; Қазақстан Республикасының заң актілеріне немесе
құрылтай құжаттарына сәйкее оларды жүзеге асыру сауда-саттық объектіні
сатудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Жерге меншік құқығы
Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтың коллизиялық мәселелерi
Меншік құқығының жалпы түсініктері
Меншік құқығының түсінігі
Мемлекеттік және жеке меншік құқығы
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОРҒАЛУЫ
Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Пәндер