Тұлпар мен ту



Тудың шығу тегі, пайда болуы жылқы құйрығымен байланысты. Оған дәлел қазақтар жылқының күйін сынағанда «ту құйрығы қандай екен?» дейді. Мысалы, орта ғасырдағы Доспамбет жырау:
Ту құйрығы бір тұтам,
Тұлпар міндім өкінбен [7] деп жырлаған.
Дерек берушілердің айтуынша ертеде батырлар өздерінің астындағы сәйгүліктерінің құйрығынан кесіп алып, туы мен найзасының шашағына таққан. Бұл дерек фольклорда анық көрінеді:
Аттылы жасақ толған жер,
Ат құйрығын ту етіп
Атойлап ұран салған жер [48. 414-б]
Демек, көшпенділердің алғашқы тулары өздерінің мініп жүрген аттарының құйрықтары. Кейін уақыт өте келе жылқының құйрығы тудың шашағына тағылып, оны қыл шашақты ту, қыл жалау деп атаған.
Түркі халықтарының барлығына ортақ, түркі қағанаты заманынан қалған тамаша мұра – тас бетіне қашалып жасалған тұлпар мен Ту бейнесі. Желбірете ту ұстаған, салт атқа мінген жауынгер бейнесі сонау Байкал көлі маңынан бастап, Шығыс Еуропаға дейін, яғни түркілердің аттары су ішіп, түркі қылышы жарқылдаған жердің бәрінде кездеседі. Монғолиядан бастап Болгарияға дейін асыл текті арғымақтар мініп, қолдарына желбіретіп ту ұстаған ерлердің суреттері кең тараған Шишкино жартасындағы Курыкан суреттеріне тән тұлпар мен ту. Туы төрт бұрыш (тіпті шаршы десе де болады) пошымында бейнеленіп, ұзын тік ағаштың ұшына бекітілген. Бүйірінен үш көлденең сызық өтеді, бұл тудың үш қыл құйрығы бар, өзі төрт бұрышты қалың матадан жасалған, иленген мал терісінен де жасалуы мүмкін. Себебі көне түркілерде мал терісінен жасалған тулар да кездеседі. Шишкинодағы бұл сурет қазір Якутияның елтаңбасы болып табылады. Курыкандар – якуттардың арғы тегі. Көрнекті археолог Алан Медоев Алматы маңындағы Таңбалы тас сайынан табылған салт атты түркі жауынгерінің бейнесіне «бұл сурет көне түркілердің даңқын әлемге паш еткен сол заманғы саяси плакат» деп баға берген-ді. Бұл Еуразия белдеуіне салынған бейнелердің көне түркілердікі екеніне күмән туғызбайтын айғағы. Көне түркі жазба деректерінде ту – ру, рулық одақтардың, ұлыстардың, әскери жасақтардың, қолбасшылардың белгісі ретінде кездеседі. Әлі күнге дейін түркі халықтарының лексиконында ту, тұғ, байрақ деген сөздер сақталған.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ТҰЛПАР МЕН ТУ

Тудың шығу тегі, пайда болуы жылқы құйрығымен байланысты. Оған дәлел
қазақтар жылқының күйін сынағанда ту құйрығы қандай екен? дейді. Мысалы,
орта ғасырдағы Доспамбет жырау:
Ту құйрығы бір тұтам,
Тұлпар міндім өкінбен [7] деп жырлаған.
Дерек берушілердің айтуынша ертеде батырлар өздерінің астындағы
сәйгүліктерінің құйрығынан кесіп алып, туы мен найзасының шашағына таққан.
Бұл дерек фольклорда анық көрінеді:
Аттылы жасақ толған жер,
Ат құйрығын ту етіп
Атойлап ұран салған жер [48. 414-б]
Демек, көшпенділердің алғашқы тулары өздерінің мініп жүрген аттарының
құйрықтары. Кейін уақыт өте келе жылқының құйрығы тудың шашағына тағылып,
оны қыл шашақты ту, қыл жалау деп атаған.
Түркі халықтарының барлығына ортақ, түркі қағанаты заманынан қалған
тамаша мұра – тас бетіне қашалып жасалған тұлпар мен Ту бейнесі. Желбірете
ту ұстаған, салт атқа мінген жауынгер бейнесі сонау Байкал көлі маңынан
бастап, Шығыс Еуропаға дейін, яғни түркілердің аттары су ішіп, түркі қылышы
жарқылдаған жердің бәрінде кездеседі. Монғолиядан бастап Болгарияға дейін
асыл текті арғымақтар мініп, қолдарына желбіретіп ту ұстаған ерлердің
суреттері кең тараған Шишкино жартасындағы Курыкан суреттеріне тән тұлпар
мен ту. Туы төрт бұрыш (тіпті шаршы десе де болады) пошымында бейнеленіп,
ұзын тік ағаштың ұшына бекітілген. Бүйірінен үш көлденең сызық өтеді, бұл
тудың үш қыл құйрығы бар, өзі төрт бұрышты қалың матадан жасалған, иленген
мал терісінен де жасалуы мүмкін. Себебі көне түркілерде мал терісінен
жасалған тулар да кездеседі. Шишкинодағы бұл сурет қазір Якутияның
елтаңбасы болып табылады. Курыкандар – якуттардың арғы тегі. Көрнекті
археолог Алан Медоев Алматы маңындағы Таңбалы тас сайынан табылған салт
атты түркі жауынгерінің бейнесіне бұл сурет көне түркілердің даңқын әлемге
паш еткен сол заманғы саяси плакат деп баға берген-ді. Бұл Еуразия
белдеуіне салынған бейнелердің көне түркілердікі екеніне күмән туғызбайтын
айғағы. Көне түркі жазба деректерінде ту – ру, рулық одақтардың,
ұлыстардың, әскери жасақтардың, қолбасшылардың белгісі ретінде кездеседі.
Әлі күнге дейін түркі халықтарының лексиконында ту, тұғ, байрақ деген
сөздер сақталған.
Туларға тайпалардың тотемін, жаратушысын, иесін кескіндеген.
Алтайлықтардың тілінде ту, аруах, рух бір мағынаны білдіреді.
Бейнелеу өнері ескерткіштері, көшпелілер петроглифтері, балбал тастардағы
суреттерден ту ұстаған батырлардың бейнелерін көптеп көруге болады. Бұл
суреттерді Шығыс өнеріндегі тулар бейнелерімен салыстырып қарасақ, олардың
формалары, жасалу әдістері бірдей, барлық шығыс халықтарына ортақ екенін
көруге болады. Көшпелілер өнерінде бейнеленетін түркілердің, қыпшақтардың
туларын соған қарап қалпына келтіруге болады.
Ту үш бұрышты не төрт бұрышты матадан жасалып, басқа түсті матамен
жиектеледі. Жиектік матадан тудың төрт бұрышты желегіне қосымша құйрық
тағылады. Өнер ескерткіштерінен көшпелілерде бір, екі, үш құйрықты тулар
болғанын көреміз. Үш бұрышты тулар құйрықсыз болып келеді. Көшпелілер
туларының ұқсастықтары шығыс бейнелеу өнерінде түгелдей кездеседі. Тулардың
желектеріне киелі символдар салынған. Қытай жазбаларында көне түркілердің
туында қасқыр бейнесі болғаны жөнінде айтылады. Петроглифтерден күн бейнесі
салынған туды ұстап тұрған жауынгерді көруге болады. Көне көшпелілердің
қасқырды да, күнді де кие тұтқаны белгілі. Тудың басына да байрақтікі
сияқты ұшты найза, ұшты найза түрінде, ұзынша күмбез түрінде жасалады.
Ислам дінінің енуімен бірге түркі халықтары тудың басына Алланың атын,
Құран аяттарын жазатын. Тудың дәрежесіне қарай оған қосымша байрақ та
(аттың қылы, шашақ, матадан таспа бау) тағылғанын көреміз. Кейде бұл
белгілер қосарланып келеді. Белгінің қосарлануы дәреженің жоғарылылығын
білдіреді. Байраққа, туға тағылатын түсті ленталар асаба деп аталады.
Манас эпосында осы түрі суреттеледі.
Ақ асаба, сұр желек найзасында жалпылдап.
Ақ асаба туменен, айғайлаған шуменен,
Көк асаба туменен.
Жердің жүзі көрінбей Асаба тудан бөлінбей.
Дауылпазы қағылып, Туға Байрақ тағылып [1].
Сонымен қатар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі тайқазан құлақтарына
ілінген туларда осындай қос белгі – шашақ пен бау тағылған он байрақ
сақтаулы тұратын. Мұның бәрі көшпелілерде байрақтың көптеген түрлері
болғанын көрсетеді.
Шығыс Еуропадағы скиф мәдениетінен бастап, сол заманғы қатарлас өмір
сүрген Орталық Азиядан бастап Ордос пен Солтүстік Қытайға дейін жайлаған
дала тайпаларының туларының басында қола мен мыстан жасалған жануарлардың
бейнелері ұшырасады [2].
Орхон түріктерінің тулары, қытай деректері бойынша алтыннан жасалған
бөрібасты болып келген. Қытай деректері бойынша түркілердің билеуші руы
Ашинаны қасқыр асырап өсірген. Ол ерекше қабілетті билеуші болған, өзінің
сарайының қақпасының аузына шыққан тегін білдіру үшін бөрібасты ту іліп
қойған. Көне түркілердің бөрібасты тулары сасанидтік Иранның айдаһар басты,
римдіктердің бүркіт суреті бейнеленген туларын еске түсіреді. Сүйінбай
ақынның:
Бөрібасты ұраным,
Бөрілі менің байрағым,
Бөрілі байрақ көтерсе
Қозып кетер қайдағым... –деп аталатын белгілі өлең жолдары – көне түркі
заманынан қалған ескі дәстүрді еске түсіреді [3]. Әлі күнге дейін көнекөз
қариялар: Көкбөрінің тұқымымыз деп қасқырдың терісін жерге салмай, аяққа
бастырмай төрге іліп қоятыны сондықтан.
Енисей қырғыздары соғыста жақ пен садақ және ту қолданылады - деп
қытай деректерінен көрсек [4], тағазғаздардың туының түсі жасыл деп жазады
араб саяхатшысы Абу-Дулеф [5].
Ықылым заманнан көне түркілер туды ерекше қасиет тұтқан, туға
түріктердің өздері табынумен қатар, басқа елдің, мемлекеттің елшілерін,
басшыларын өз туларына бас игізген. Ұйғыр ханы Гэлэ Моянчжо өзінің күшін
көрсету үшін әскерлерін сапқа тұрғызып Қытай елшісі Дзынды бөрібасты туға
тағзым етуге алып жүреді [6].
...Ежелгі түркі билеушілері басқа елдің елшілерін осы Бөрі басы
бейнеленген туға тізе бүгіп құрмет көрсеткеннен кейін ғана қабылдайтын
болған.. [41].
Қазақ халқының ту ұстау рәсімі, оның әртүрлі ырымдары Жәнібек батырдың
туы туралы аңыз-әпсаналардан анық көрінеді. Жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-
азаттық соғыстың қолбасшыларының бірі керей Жәнібек Ер Бердәулетұлы 1714
жылы Ордың Қарағашында (қазіргі Ресейдің Орск облысы) туып, 1793 жылы
Қызылсу (Шар) бойында қайтыс болған. Бейіті Семей облысының Георгиевка
селосының жанында Ортабұлақ ауылының жолындағы биік төбенің басында.
Жәнібектің туы – осы заманға сақталып жеткен қазақ батырларының туларының
бірі ғана. Абақ-Керей ішіндегі Қарақас, Молқы руының батыр ұрпақтарының
бірінен-біріне қалып отырған. 1940 жылы Шыңжандағы Өр-Алтай қазақтары
гоминдандық Қытайға қарсы көтеріліске шыққанда Жәнібектің туын көтерген.
Көтерілісшілердің көз алдында қолбасшының туын жазып, желбірете көтергенде,
халықтың қуанышында шек болмай, ерекше бір рух пайда болғанын Қара Ертіс
романының авторлары әдемі баяндайды [8].
Жәнібек батыр шыққан бұл Абақтан,
Ту алып, тұлпар мініп даңқы шыққан.
Сондықтан Абақ-Керей жауға шапса,
Жәнібек, Жәнібек деп ұрандатқан.
Жәнібек батырдың туы жайында, оны көзі көргендерден, 1940-1945
жылдардағы Шыңжандағы соғысқа қатысқан майдангерлердің естелік-
әңгімелерінен және жазба деректерден құрастыруым бойынша:
...1930 жылдары ту жеке арнаулы үйде сақталыпты. Ту тұрған үйде жалына
екі рет құрбандық шалынады екен. Батырдың туы 2 метрге жуық сарғыш мата,
қай кезде жасалғанын ешкім білмейді. Үйдің төріндегі сандықтың ішінде
сақталған. Бұл сандықтың алдына ешкім отырмайды екен, үйдің жанында ешкім
айғай-шу шығармаған, үйді айрықша қадір тұтқан. Жеңіс болатын кезде
сандықтың ішіндегі ту қозғалып дүрілдейді, сол уақытта ғана алып шығатын
болған. Жәнібектің туын алып шығып көтерген кезде, екі көкбөрісі жол
бастайды. Жәнібектің екі қос көкбөрісі жай уақытта екі езуін жалап отырады
екен. Бірде бозбала Жәнібек жылқы күзетуге шығады, жылқы түнде ешқайда
кетпей үйіріліп тұрыпты. Әкесі келсе Жәнібек ұйықтап жатыр, екі бөрі екі
езуін жалап отыр екен. Әкесі шошып мынаның бөрісі бар екен деп алдымен
шешесіне айтады. Шешесі қорықсаң нағашыларына жібер, сонда барып тәрбие
алсын дейді [9]. Жәнібектің қос бөрісін скандинавтардың көсемі Одинді
жорыққа шыққанда Гери және Фреки деп аталатын екі қасқыр қорғап жүретіні
туралы индоеуропалық мифпен шендестіре қарастыруға болады [10]. Бұл жерде
бөрі соғыстың символын, соғыстың табиғаты мен сипатын көрсетеді.
Жәнібектің бірнеше рет ел аузына ілігіп батырлардың көшіне түскен шағы
– Қаракерей Қабанбай бастаған сарбаздар қалмақтың бір қорғанын алмақшы
болып шабуыл жасаған кезі екен. Биік қамалдың алдындағы ордан Қабанбайдың
аты секіріп кеткен кезде дулығасы түсіп қалады. Мұны көрген Жәнібек
дулығаны жерден іліп алып, Қабекеңнің басына қаттырақ басып кигізе салса
керек. Ұрыс біткен соң Қабанбай: Бағанағы менің дулығамды кигізген кім,
басымды сындырып жібере жаздады деп іздеттіреді. Енді бір соғыста күші
басым қалмақ әскері қазақтарды ығыстырып, Абылай хан қолды қайта жинап
қайырмақшы болады. Сол кезде ханның атына оқ тиіп шапқыншылар жақындап
қалады. 18 жасар Жәнібек атынан қарғып түсіп астындағы Көкдөненін ханға
көлденең тартады. Қарағым өзің қайтесің дегенде Абылай сіз қолға түссеңіз
ел басшысыз қалар, мен қолға түссем қазақтың бір әйелі ұл туар дейді
Жәнібек. Жеңіспен аяқталған ұрыстан кейін Абылай өзін құтқарушының Абақ-
Керейдегі атақ-даңқы шықпаған жай шаруа Бердәулеттің баласы Жәнібек екенін
біліп өзіне шақырып алады. Бала ат бергеніңнен сөз бергенің асты, қандай
тілегің бар? – деп Абылай екі рет сұрағанда үндемей, үшінші сұрағанда
Жәнібек: Біз Керей деген ел едік. Ер Қосайдың елінде Сарыарқаның белінде,
Өр Алтайдың төрінде қазаққа қорған боламын деп, хан Шыңғыстың жолын кескен,
сауытын жыртқан ел едік. Амал айласы асқан Шыңғыс қапыда ханымызды өлтіріп,
иесіз қалған елімізді торғайдай тоздырған, шаңырағымызды шағып, ошағымызды
қиратып, күл төккен топырағымыздан қуған. Сол тозғаннан қазірге дейін еңсе
көтере алмай келеміз. Енді сіздің заманыңызда ел қатарына келіп оң
тізеңізден орын алсақ дейміз, – деген екен.
– Сендей ер туған елде оң тізесінен орын бермеген ханда әділдік бола
ма? Тағы бір тілегіңді айт, – дейді.
– Абақ деген елім деп оң тізеңізден орын бергенгіңіз рас болса
сарбаздарымды жинап, сардарымды сайласам деймін. Найзамды өткір қайрап, жау
алдында ойнақтасам деймін.
Анамыз Абақтың желкілдеген желегін ту қып көтерген ел едік. Сардар
сайлап, жасақ жасанғанда түскен төбеме, шыққан шыңыма қадайтын туымды
белгілеп беріңіз, – дейді. Қалың қолдың алдында Абылай оған найзаға
сапталған, екі кере құлаш ақ жібек туды ұсынады.
Сол Абылай берген ақ ту Жәнібектің ақ туы – деп аталып, 200 жылдан
астам қазақты жеңіске бастап келген желбіреген байрақты 1856 жылы қытайлар
қолға түсіріп, құртты. Жәнібектің туы кеткен соң, қазақтың қытайға қарсы
ұлт-азаттық соғысы тоқтап, қазақ мүлде жуасыды.
Хандардың, әскербасылардың жеке дәреже белгілері – байрақтарды,
салтанатты рәсімдерде, жорықта, айқаста арнаулы тағайындалған адамдар ұстап
жүрген. Еуропа авторлары түрік хандарының, монғол хандарының алдында ағаш
сапқа тағылған аттың құйрығын алып жүретінін жазады. Байрақты алып жүруші
адам байрақшы немесе тубегі деп аталатын. Шығыс елдерінде, соның ішінде
көшпелілерде әскери салт бойынша батырларға түрлі әскери лауазыммен бірге,
дәреже белгісі ретінде ту тапсырылатын.
Кәріқұлақ қариялардың айтуынша ту әскердің киесі саналғандықтан, туды
ұстауға ең батыр адамдар сайланған, олар жорықта бас қолбасшыдан кейін
екінші адам болып есептелінген. Жекпе-жекке шығарда ту ұстаушыдан рұқсат
пен бата алып, тудың ұшын мандайына тигізген, қазақ салтында туды сүю мүлде
болмаған. (L XVII)
Батыр болатын баланы қазақ жас кезінен бетінен қақпай өсірген. Ерасыл-
Қабанбайдың батыр болатынын түсінде көрген.
Ту ұстап құлан жалды тұлпар міндім
Түсімде қалың жауды таптап жүрдім [43]
Қабанбай батыр туралы тарихи жырларда алдымен ол бас батыр емес ту
ұстаушы ретінде көрінеді:
Найманның ту басшысы,
Байжігіт ер Қабанбай [11].
Тарихи әңгімелерде Барақтың адуынды, азулы батыр, сонымен қатар алтын
туы болғанын мына өлең шумақтары көрсетеді:
Найманда алтын тулы батыр Барақ;
Айтулы ер, ұран болған жұртқа барып,
Жауыма қанды көбік жұтқызам деп,
Қол жиды үш Матайдан үш мың санап.
Алтай қазақтарында тудың ұшар басына алтын ай орнатып сабын алтындағаны
жайлы мәліметтер кездеседі.(С XXIX)
Тулар ұрыс кезінде әскердің, әскери бөлімшелердің орналасуына қарай
ұсталады. Қай жерде қай батырдың, қолбасының туының тігілуіне орай соғыс
қимылдары есептелінді.
Ұстасып өз туымды өр жағынан
Қожакең туы ұсталсын жел жағынан,
Сексен мың қоршап жүрсін ортаға алып
Ер Жәнібек туы ұсталсын бер жағынан.
Қазақтың тарихи туларының ішіндегі біздің заманымызға сақталып жеткені
Қожаберген батырдың туы, қазірге дейін Моңғолияның Баянөлгий аймағында
туыстарында сақтаулы.
Семірмес нақ алтынның жез буына,
Матырған сексен дұға ақ туына.

Көрмесек те, пайғамбар нұрын төккен,
Батырым Қожаберген ақ туына –

Ойнатып арғымағын ақ ту ұстап
Атамыз Қожаберген жауды қуған.

Қойға кірген көкжалдай жалғыз барып
Қожаберген менмін! деп ұран салып
Өлімтігін қалмақтың тау ғып үйіп,
Серт айтыпты – қанжардың жүзін сүйіп!

... Батырдың туы өз ұрпақтары болмаса өзге рудың адамының қолына
тоқтамайтыны туралы тәмсіл. Ерте кезде деседі, батырдың туын бір
жаугершілікке күллі елдің ұйғарымымен көтеріп шыққан көрінеді. Сонда алып
жүрген өзге рудың батыр жігіті туға ие бола алмапты. Ерекше сарынмен
дүрілдеген үн шығарып, желбіреген тудың екпінінен ту ұстаған батырдың аты
сенделіп, аяғын дұрыс баса алмаған екен. Сол кезде, жылқы бағып жүрген
Гендін деген адам тудың дауысын естиді де, астына мінген сұр айғырымен
шауып келіп туды қолына алады. Сонда ғана, ту дүрілдегенін қойып, сабасына
түседі: Қасиетті ту тоқтаған Гендін батыр атанып жорыққа ту ұстаушы боп
аттанған екен. (Гендін аты ұранқайша болғанымен, Қожабергеннің ұрпағы
екен). Осы соғыста бір жігітті ат сүйретіп өлтірген деседі. Батырдың туын
шығарғанда, ұрпақтарынан адам шығыны болады деген тәмсіл сол күннен
басталса керек [54, 20 б].
Жалпы Моңғолия, Қытай қазақтарында Ту туралы әңгімелердің көп болуы,
олардың жауынгерлік рухының сақталып қалуынан. Абай айтқандай Кенесары мен
Наурызбайдан кейін қазақ мүлде жуасып, орыстың отарына айналса, Қытай
қазақтары күні кешеге дейін 1951 ж. ғана құрықталды.
Ауызша әңгімелерде Төртқара руының ту басшысы Таудай батыр, Адайдікі
Амантұрұлы Қожалақ батыр екені айтылады. (L. L. X)
Соғысқа алғаш кірген жас Абылай да ту көтеріп көзге түседі.
Найзаға орамалын ту көтерді,
Батырдың біреуіне оны берді.
Өз атын Абылай деп ұран қылып,
Қалмақтың алдын қырқып ұрысқа енді.
... Әрбір тайпаның өзінің үлкен туы, әрбір бөлімшенің (рудың) өз
белгісі болған. Ту бейбітшілік жағдайда үлкен құрметпен сақталып, оны
барымтаға емес, соғыс уақытында алып шыққан. Жауынгерлер өз туларының
түсіндей белгі жасап, жеңдеріне таққан. Үлкен туды сақтау үшін беделді
сұлтандар мен батырлардың біріне берілетін. Ол жорықта қолбасшыдан кейін
екінші адам саналған. Тудың жоғалуы масқарашылық, опат деп есептелінген...
деп көрсетеді А. Левшин [12].
Ту – жауынгерлік рухты белгілейтін қасиетті рәміз. Тіліміздегі ту қылып
ұстау, ту қылып көтеру сияқты сөз тіркестерінің бір нәрсені қасиеттеу,
қадірлеу, қайрат беретін күш санауды мағыналайтыны осы тудың жауынгерлерге
рух беретін киелі қасиетінен шыққан. Әскерге күш беріп, қорғау үшін оған
киелі белгілер салынған. Мысалы, мұсылмандарда ай, құран сөздері,
қытайларда қасиетті айдаһар, ирандықтарда самырұқ құс, т. б. бейнелер.
Аспан әлемімен, құдаймен байланысты бұл символдар әскердің қуатын
арттырады, жаудан қорғайды деп саналған.
Ту әскер үстінде желбіреп тұрса, әскерді жеңіске жеткізеді деген
түсініктен, оны қорғап, сақтаған, тудың құлауын жеңілумен бірдей көрген.
... Тоқтамыс Самарқандты қоршап тұрып туы жығылып өзінен-өзі қорқып
қашыпты. Тоқтамыстың туы өзі жығылыпты, кейде Ақсақ Темірдің мергені атып
түсіріпті ... деген сөз бар. [42] Тоқтамыс пен Ақсақ Темір бірнеше рет
кездескен ғой, бізге Самарқанд түбіндегі шайқас қай жылы өткені белгісіз,
бірақ кішкене аңыздың айтпағы тудың қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.
Қазақ ауыз әдебиетінде өздері жараланса да туды құлатпай ұстап тұрған
батырлар туралы аңыздар бар. Мысалы, қалмақтармен бір соғыста Абылайдың ала
туын ұстаған Олжабай батыр қолының қоспасына қалмақ оғы тисе де туды
құлатпай ұстап тұрады:
Олжабай Орта жүзде ту ұстаған,
Балапан тұйғын құстай құныстанған.
Қолының қоспасынан оқ тисе де,
Ту ұстаған жерінен жылыспаған [13).
Жырда А.Левшин жазғандай Олжабай тек рудың ғана емес, бүкіл бір жүздің
ту ұстаушы батыры екені, екіншіден, қолына оқ тисе де ерлік көрсеткені
мадақталады. Әскерлер Олжабайды Ала ту деп (туының түсіне байланысты –
А.Т.), жау оғы тимейтіндіктен Абылай Қу жарғақ деп те атаған [49].
Ту ұстаған батырды өлтіріп, туды құлату екі жақтың да мақсат-нысанасы.
Қазақ-қалмақ соғыстарында Қабанбай батырдың туын ұстаған Мұрын Қазымбет
батыр жайында тарихи әңгімелерде, өлең-жырларда “Ту түбінде тулап өлген
Қазымбет” деп ерекше сүйіспеншілікпен, асқақтата айтылады. Шешуші
ұрыстардың бірінде, тұс-тұсынан қылыш шабылып, найза сұғылып жатса да батыр
ақырғы қайратын жұмсап, қасарып баққан туының астында сарбаздар жиналады.
Денеге түскен жарадан, қолындағы бар қаруы жерде жатқан Қазымбет туды
қасарып, ұстаған күйі, ат үстінде тік отырған қалпында жан тапсырған екен.
Халық өлеңінде:
Бойында үш Шәулінің өлген екен,
Қазақтың туын жықпай ер Қазымбет.
Қапысыз ажал келсе кім өлмеген,
Шынқожа, Шөкейді де шідерлеген
Қос жебе өндіршектен қадалса да
Қазымбет тудың сабын жібермеген [14].
Киелі рәміз болғандықтан, әскердің үлкен бөліктерінің өз туы болды.
Бұрынғы кезде әскер саны тумен есептелетін, ал он мың әскер ту деп те
аталған. Әскер бөліктерін тумен есептеу түркі, моңғол, манчжур
империяларында, Қоқан, Бұхара хандықтарында болған. Әр әскер бөліктеріне
қолбасылыққа (мыңбасы, түменбасы) бас қолбасшылыққа сайланған батырлар бұл
әскери лауазыммен бірге әскери туды қабылдаған түркі-моңғол әскерінің
қолбасшыларына әскери дәрежемен бірге ту, байрақ, дауылпаз тапсырылатыны
айтылады.
Ер Қосай өзі қырып салған жау әскерін, майдан даласында қалған жаудың
өліктерін санағанда:
Тоқсан мыңдай болады
Ту ішінде топ бастап,
Туын бұзып құлатты
Тастан соққан қаланы (51, 103 б
Атақты қолбасшының, мемлекет қайраткерінің ту иесі қайтыс болған күнде
де ерекше қасиеттеліп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыру дәстүрі – түркі-
моңғол көшпенділеріндегі ата салты. Моңғол халқындағы Шыңғыс ханның туы
хара сүлде ұлы хан өлгеннен кейін, оның даңқын шығарып, ғұрыптық культін
қалыптастырған. Сүлде ұлы ханның тегін, тайпасын, тұтас халқын сақтаушы деп
есептелді. Шыңғысханның сүлдесі бүкіл монғолдарды біріктіруші ретінде
айтылады. Сүлде культі Шыңғысханның көптеген культтерінің бірі ғана.
Әскерін және тұтас халқын сақтаушы, қорғаушы мағынасын білдіреді. Сүлде –
ту мен рух – соғыс синонимі саналды. Сүлде – ту бар жерде халқы мен әскері
де өмір сүреді. Егер оған жамандық болатын болса әскері мен халқы да
жаманшылыққа ұшырайды. [15].
Д.Банзаровтың зерттеуінше Моңғолдар патшаны өзінің
қарамағындағыларды қорғап тұратын ерекше көзге көрінбейтін құдыреттің иесі
деп есептеген, мұндай қасиетін сүлде деп атаған. Моңғол сүлдесінің үлгісі
болып табылатын патшаның туы – әуел баста Шыңғыс әулеті империясы билігінің
негізін қалаушысының өзінің сүлде деп аталатын тоғыз қыл шашақтан құралған
туы. Қазақта әбден жүдеген-жадаған адамды, құр сулдесі қалыпты, қу
шуберектей ағарыпты деп жатады.
Қабанбай батыр туралы тарихи жырларды зерделейтін болсақ жоңғар
шапқыншылығына қарсы ту ұстаушы, ту басшы ретінде көрінген батыр, кейіннен
оның туы бүкілхалықтық реликвияға айналады, тіпті оған Қабанбай туына
қазақпен тағдырлас басқа халықтардың табынып сыйынғанын тарихи фактілерден
көреміз. 1864 жылы бүкіл Шыңжанды қамтыған, ұлт-азаттық қозғалысы
басталады. Бұл Алтай мен Тарбағатай аймағын да қамтиды. Кезекті бір ұрыста
дүңгендер мен қазақтардың біріккен қолы Шәуешек қаласындағы қытай қамалын
қоршап ала алмай, бөгеліп қалады. Сонда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы және ту
ҚАБДЕШ ЖҰМӘДІЛОВТЫҢ ДАРАБОЗ РОМАН-ДИАЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ
Мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран
Қазақстан Реcпубликасының мемлекеттік рәміздері
КР мемлекеттік рәміздері туралы
Мемлекеттік нышандар – Ту, Ел таңба, Әнұран
Мемлекеттік рәміздер. Қасиетті көк байрақ
Жас тұлпар ұйымының тарихы
Еліміздің нышандарының пайда болу белгісі мен олардың нақты сипатын айқындау
Мемлекеттік белгілер
Пәндер