Жалақы және жұмысбастылық: монопсония және еңбек одақтары



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЭКОНОМИКАСЫ: ЖАЛАҚЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...5

1.1 Еңбек рыногы экономикасының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2 Жалақының экономикалық мәнi мен қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

1.3 Жалақы мен жұмысбастылықтың деңгейi және оның Қазақстандағы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15


II ЕҢБЕК РЫНОГЫНДАҒЫ МОНОПСОНИЯ МЕН ЕҢБЕК
ОДАҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

2.1 Монопсония және оның табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .20

2.2 Кәсiподақтар . еңбек ұйымдары ретiндегi қызметi ... ... ... ... ... ... ... ...23


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылар арасындағы қатынпастардың әр түрлi факторлардың әсет етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк-еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ңылыми сала.
Бәрiмiзге белгiлi, елiмiз экономикасының егемендiк алғаннан берi жекешелендiру саясатының жаппай жүруi, яғни еңбек рыногында еңбек сұранысын мемлекеттiк салалармен қатар, рыноктың қызмет етуiнiң басты көрiнiсi болып табылатын жек кәсiпорындар мен фирмалар қалыптастыратын болады.
Кәсiпорын пайда табу мақсатында әр түрлi өндiрiс факторларын қолданады. Солардың iшiнде еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң көп бөлiгiн құрайды. Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты болғандықтан, еңбек рыногы күрделi әлеуметтiк-экономикалық рынок деп аталады. Өйткенi қазiргi заманда адмзат өзiнiң өмiр сүруi үшiн белгiлi бiр қызметтер iстейдi. Бiреулерiнiң жалақысы көп болса, бiреулерiнiкi аз. Ал кейбiреулерi мүлдем жұмыссыз.
Осындай жағдайларды реттеп, әлеуметтiк мәселелердi шешiп отыратын еңбек рыногы болып табылады. Еңбек рыногы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдiк бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бiр-бiрiне әсер етуiмен сипатталады. Кәсiпкерлер мен еңбекке қабiлеттi адамдар рыноктың агенттерi, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады.
1. Әубәкiров Я. Ә. Экономикалық теория негiздерi. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. – 479б.
2. Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003 – 171 б.
3. Рынок труда. Учебник / под. ред. проф. В.С. Буланова и проф. Н.А. Волгина. – М.: МГУ, 1996 г.
4. Мейiрбеков А. Қ., Әлiмбетов Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
5. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
6. С.Әкiмбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 446 б.
7. Джумамбаев С.К. Рынок труда в казахстанской экономике. – Алматы: Ғылым, 2002 г.
8. Берешев С. Регулирование заработной платы в республике Казахстан. – Алматы: ТОО “Баспа”, 2001 г.
9. “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы”: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж., 24 желтоқсан.
10. “Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы” Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж. 19 қараша.
11. “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы заңы // Егемен Қазақстан, 2001 ж, 30 қаңтар.
12. Журнал // Экономика и права Казахстана, 2004 г. № 13.
13. Статистический ежегодник. Алматы. – 2004г. №5
14. Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгiнiң бюллетенi. 2004 жылғы Қазақстан Республикасының өңiрлерi бойынша. – Алматы. 2004 жыл. – 6 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

Экономика және бизнес факультетi

Экономикалық теория кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ЖАЛАҚЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ: МОНОПСОНИЯ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ОДАҚТАРЫ

Орындаған
1 курс студентi:
Тобы:

Ғылыми жетекшi
э.ғ.к ., доцент:

( қолы, күнi )

Алматы, 2005

ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЭКОНОМИКАСЫ: ЖАЛАҚЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. ... ...5

1. Еңбек рыногы экономикасының жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... .5

2. Жалақының экономикалық мәнi мен қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

3. Жалақы мен жұмысбастылықтың деңгейi және оның Қазақстандағы жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..15

II ЕҢБЕК РЫНОГЫНДАҒЫ МОНОПСОНИЯ МЕН ЕҢБЕК

ОДАҚТАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .20

2.1 Монопсония және оның табиғаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .20

2.2 Кәсiподақтар – еңбек ұйымдары ретiндегi қызметi
... ... ... ... ... ... ... ...23

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

КIРIСПЕ

Әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн
тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға
өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын,
қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылар
арасындағы қатынпастардың әр түрлi факторлардың әсет етуiне байланысты
өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк-еңбек
қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ңылыми сала.
Бәрiмiзге белгiлi, елiмiз экономикасының егемендiк алғаннан берi
жекешелендiру саясатының жаппай жүруi, яғни еңбек рыногында еңбек сұранысын
мемлекеттiк салалармен қатар, рыноктың қызмет етуiнiң басты көрiнiсi болып
табылатын жек кәсiпорындар мен фирмалар қалыптастыратын болады.
Кәсiпорын пайда табу мақсатында әр түрлi өндiрiс факторларын
қолданады. Солардың iшiнде еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы
күшi жалпы өнiмнiң көп бөлiгiн құрайды. Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты
болғандықтан, еңбек рыногы күрделi әлеуметтiк-экономикалық рынок деп
аталады. Өйткенi қазiргi заманда адмзат өзiнiң өмiр сүруi үшiн белгiлi бiр
қызметтер iстейдi. Бiреулерiнiң жалақысы көп болса, бiреулерiнiкi аз. Ал
кейбiреулерi мүлдем жұмыссыз.
Осындай жағдайларды реттеп, әлеуметтiк мәселелердi шешiп отыратын
еңбек рыногы болып табылады. Еңбек рыногы – бұл тауар болып табылатын еңбек
ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдiк бағасымен саны, оларға сұраныс
пен ұсыныстың бiр-бiрiне әсер етуiмен сипатталады. Кәсiпкерлер мен еңбекке
қабiлеттi адамдар рыноктың агенттерi, олар еңбек рыногында өзара қатынаста
болады. Яғни, шешудi қажет ететiн әлеуметтiк мәселе болып табылатын
халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуi, жұмысбастылық, жалақы, жұмыссыздық,
еңбек ұйымдары осы еңбек рыногының құрылымары болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Жалақы және жұмысбастылық:
монопсония және еңбек одақтары ” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi
бүгiнде елдiң халқының тұрмыс деңгейi сол елдiң даму нәтижесiнiң көрсеткiшi
болып табылады. Ал халықтың тұрмыс жағдайы тiкелей елдегi еңбекке қабiлеттi
адамдар санына, олардың жұмыспен қамтамасыз етiлу деңгейiне, сонымен қатар
жалақы және осыларды реттеп отыратын еңбек одақтары мен ұйымдарына, жұмыс
берушiлерге байланысты.
Мен бұл тақырыпты жазудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей:
• Еңбек және еңбек рыногының экономикалық мәнiн ашу, шетелдiк еңбек
рыногы үлгiлерiн талдау;
• Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру,
сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
• Еңбек рыногындағы монопсония және оның ерекшелiгiн көрсету;
• Еңбек одақтары және олардың елiмiз экономикасындағы алатын орнын
анықтау;
• Жалақы, жұмысбастылық, кәсiподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара
байланыстары, мәселелерiн және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.

I ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЭКОНОМИКАСЫ: ЖАЛАҚЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ

1. Еңбек рыногы экономикасының жалпы сипаттамасы

Еңбек рыногы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы,
бұлардың тепе-теңдiк бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бiр-
бiрiне әсер етуiмен сипатталады. Кәсiпкерлер мен еңбекке қабiлеттi адамдар
рыноктың агенттерi, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Сондықтан
еңбек рыногы сұраныс пен ұсыныс механизмi арқылы экономикалық агенттердiң
арасындағы бәсекелестiктiң нәтижесiнде жұмыспен қамтудың белгiлi көлемi
және еңбек төлемi дәрежесi орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып
табылады.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын,
қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс
алушылардың арасындағы қатынастардың, әр түрлi факторлардың әсер етуiне
байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк
еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала. Мұнда еңбек
ұсынысы жалпы еңбекке қабiлеттi адамдар болса, ал еңбек сұранысын нарықтық
экономикада фирмалар мен кәсiпорындар қалыптастырады. Осы фирмалардың
қызмет етуi негiзiнен микроэкономика деңгейiнде болғандықтан жалпы фирма
теориясы ұғымына тоқталып өтуге тура келдi.
Еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң
көп бөлiгiн алады. Еңбек рыногында жұмыс күшi бiр жағынан сатылады, ал
екiншi жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күшi деген ұғымға тоқталайық.
Жұмыс күшi дегенiмiз адамның физикалық және ой қабiлетi, осы қабiлетiн ол
материалды қжәне рухани игiлiктердi өндiруге пайдаланады. “Жұмыс күшi”
деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс iстеп жүргендердiң нақтылы
еңбекте пайдаланатын қабiлеттерi. Жұмыс күшiнiң еңбекке деген қабiлетi әр
түрлi болады, алайда еңбк кезiнде оның барлығы бiрдей қолданылмайды.
Сондықтан, жұмыс күшiнiң нақтылы еңбекке қажет қабiлеттерi бағаланады,
белгiлi кәсiп жасауға жұмсалынған жұмыс iстеу қабiлеттерi өмiрге,
тiршiлiкке қажет заттарға айырбсталады. Демек, еңбек рыногы дегенiмiз
“жұмыс iстеп жүрген” жұмыс күшi рыногы 2, 5 бет .
Еңбек рыногы пайда болуы және iск кiрiсуi үшiн ең кем дегенде оның
құрылымында мына бөлiктер болуы қажет:
• Еңбек рыногының субъектiлерi (жалданған еңбеккерлер және олардың
кәсiподағы, жұмыс берушiлер, яғни фирмалар; мемлекет және оның
органдары);
• Рынок механизмi (жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы,
бәсекелестiк);
• Субъектiлер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешiмдер мен заң
нормалары;
• Жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтiк төлемдер;
• Рынок инфрақұрылымы.
Еңбек рыногының жоғарыда аталған бөлiктерi бiрлесiп жұмыс күшiне деген
сұраныс пен оның ұсынысын теңестiруге, адамдардың еңбекке және қызмет түрiн
еркiн таңдау құқығын iс жүзiнде асыруға, белгiлi әлеуметтiк қорғау жүйесiн
құруға бағытталады.
Еңбек рыногының екi түрiн көрсетуге болады:
• Бiрiншiсi жұмыс күшiнiң территория жүзiнде жылжуға бейiмделген, яғни
жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен
толтырады. Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды.
• Екiншiсi еңбеккерлердiң фирма iшiнде жылжуына бейiмделген. Бұл рынокты
кейде iшкi рынок деп атайды.
Еңбек рыногының қызметтерi қоғам өмiрiндегi еңбектiң ролiмен
белгiленедi, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды көзi.
Экономикалық бағыттан еңбек дегенiмiз өте маңызды өндiрiстiк ресурс болып
табылады. Сонымен қатар еңбек төрт негiзгi өндiрiстiк факторлардың бiрi
және ол адаммен байланысты болғандықтан күрделi және көптеген
ерекшелiктерiмен сипатталады. Осыған сәйкес еңбек рыногы басты екi қызмет
атқарады.
Еңбек рыногы өндiрiстiң тиiмдiлiгiнiң артуына, ғылыми-техникалық
прогрестi жетiлдiруде және осының негiзiнде еңбек етушiлердiң тұрмыс
дәрежесiн елеулi көтеруге көмектеседi. Еңбек рыногы жұмыс орны мен кәсiптi
таңдауға, өмiр салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсiздiгiн
қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек рыногы асқан жауапкершiлiктi, тәртiптi,
жинақылықты қажет етедi.
Оның әлеуметтiк қызметiне адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс
халының әдеттегiдей дәрежесiнiң қамтамасыз етiлуi және жұмыскерлердiң
өндiрiстiк қабiлетiнiң тиiстi дәрежеде ұдайы өндiруiнiң қамтамасыз етiлуi
жатады. Еңбек рыногының экономикалық қызметiне еңбекке рационалды тарту,
оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек рыногы көптеген ынталандыру
функцияларын атқарады. Олар бәсекелестiк қабiлеттiң күшеюiне, тиiмдiлiгi
жоғары еңбектiң өсуiне, маманданудың жоғарлауына себеп болады.
Әдетте, еңбек рыногының үш моделiн атайды: американдық, жапондық және
шведтiк.
Американдық моделiне экономиканың бәсекелестiк жағдайы қолдау
саясаты, оның аса орталықтануына жол бермеу, кәсiпкерлер белсендiлiкке және
қызметкерлердi жеке табысқа, ақша табуды мақсат етуге итеру тән.
Қызметкерлер кәсiпорындар арасында жиi алмасады, оқу орындарында кәсiптiк
даяорлау толық болады, кәсiпорындар өндiрiстiк оқуға кететiн шығынды
азайтуға тырысады. Осындай саясаттың нәтижесiнде қызметкерлердiң
территориялық және кәсiптiк жылжымалдылығы, жұмыссыздық деңгейi басқа
елдермен салыстырып қарағанда жоғары болады. Мұның барлығы бұл елде сыртқы
рынок басым екенiн көрсетедi.
Шведтiк моделдiң ерекшелiгi мемлекеттiң белсендi түрде жұмыспен
қамтамасыз ету саясаты жүргiзуi. Мемлекет органдары қызметкерлердi кәсiптiк
дайындау, жұмыс орнын жасау, жұмыс iздеп жүргендердi бос жұмыс орнын табу
үшiн кәсiптiк бейiмдеу және мәлiмет беру, жаңа жқмыс орнына жету үшiн
жәрдем ақша беру арқылы жұмыс күшiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға көп
көңiл бөледi. Мемлекет әлеуметтiк қызметтердi қажет ететiн секторларда
жұмыспен қамту мәселесiне етекше көңiл бөлiнедi. Сондықтан елде жұмыс
күшiне деген сұраныс және жұмыспен қамту мәслелерiнiң шешiлуi жоғары
деңгейде болып отыр.
Жапондық моделдiң ерекше бiр сипаты – “өмiр бойына жалдану жүйесiнiң”
орын тебуi, яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекпен қамтамасыз етiлуiне
кепiлдеме алады. Мұндай жүйенi кәсiподақтар қолдап, фирмаға түзу ниетпен
қарайды. Жапонияда кәсiподақтар кәсiпорындар iшiнде құрылады және қызмет
iстейдi. Фирма қызметкерлердiң кәсiптiк дайындау мен бiлiктiлiгiн
жоғарлатумен шұғылданады, олардың еңбекке, жұмыс сапасына дұрыс көзқарасын
тәрбиелейдi. Өз ойымен қызметкердi бiр жұмыс орнынан екiншiсiне, бiр
бөлiмнен басқасына ауыстырып тұрады. Мұндай еңбек рыногын жабық iшкi рынок
деп сипаттайды. Жапондық моделде фирма басшыларының қызметкерлерге жақсы
қамқорлықпен қарауы, олардың өндiрiстен тыс өмiрiне көңiл бөлуi және де
фирманың жан-жақты қызметiне еңбеккерлердiң құштарлығы сипаттайды. Бiрақ
бұл модел кейiнгi кездерде экономикалық дағдарыстар болуына байланысты
өзгертiлiп жатыр, тұрақты жұмыспен қамтылатын адамда рсаны азаюда.

1.2 Жалақының экономикалық мәнi мен қағидалары

Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшiлiгiн құрайды, сондықтан ол
тауарлардың сұраныс көлемiне және олардың бағасына елеулi ықпал етедi.
Экономикалық теорияда жалақының екi мағынасы бар. Бiрiншiсiнде, жалақы
еңбек бағасы, оның дәрежесi мен динамикасы рыноктық факторлар – сұраныс
және ұсыныспен анықталады. Екiншi мәнi жалақы жұмыс күшi – тауардың құнының
ақшалай көрiнiсi, еңбектiң бағасы емес, өйткенi еңбек тауар бола алмайды,
жалақы өндiрiс жағдайымен де, сұраныс және ұсыныспен де анықталады, олардың
ауытқуы жалақының ұмыс күшi құнынан бiрде жоғары, бiрде төмен болатындығын
көрсетедi.
Жалпы жалақының экономикалық мәнi мен қызметтерi өте көп болып
табылады. Себебi, жалақы деңгейi арқылы сол елдiң халқының тұрмыс деңгейiн,
кәсiпоырндардың жағдайын, халықтың менталитетiн, тұтынушылардың талғамын,
жұмыссыздық және жұмысбастыхалық деңгейiн көруге болады. Сондай-ақ жалақы
ынталандыру, жұмыссыздықты азайту, экономикалық активтi халықты көбейту,
адамдардың мамандану дәрежесiнiң өсуi сияқты қызметтер атқарады.
Жалақы жөнiндегi саясат кәсiпорында басқарудың құрамды бөлiгi болып
табылады және оның қызметiнiң тиiмдiлiгi оған елеулi ықпал етедi. Себебi,
еңбек ақы жұмыс күшiн тиiмдi пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының
бiрi.
Жалақы бұл – жұмыскерге оның еңбегi үшiн сапасына , санына және
шығарған қажеттiөнiм көлемiне сәйкес берiлетiн төлем. Қалыпты жағдайда
еңбекақы қажеттi өнiмнiң құнына тең және оның ақшалай түрi болып табылады.
Жұмыс күшi құны қызметкердiң өмiрiне қажет және оның еңбек қабiлетiн
қалпына келтiруге жәрдемдесетiн заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:
• жұмыскердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыратын мүлiк құны;
• оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
• оның отбасының өмiр сүруiне қажеттi заттардың құны.
Нақтылы жұмыс күшiнiң құны қажеттi өнiм көлемiн анықтайды. Оның
өзiндiк жұмыс күшiнiң құны әр елде әр түрлi және ол уақыт өтуiмен
байланысты өзгерiп отырады. Еңбек рыногында жұмыскерлердiң еңбекақысының
өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiне мүмкiндiк жасайды.
Елiмiздегi қоғамда қажеттi өнiмнiң барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы
түрiнде берiлмейдi. Қажеттi өнiмнiң бiр бөлiгi әлеуметтенедi және әр түрлi
салық, есептеп беру арқылы мемлкетке қоғамдық тұтыну қорына кетедi.
Кәсiпорында жалақы саясатын әзiрлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына
төмендегi принциптерiн еске алу керек:
• әдiлдiгi, яғни тек еңбекке тен жалақы;
• iстелмеген жұмыс есебiнiң қиындылығы және еңбек бiлiктiлiгiнiң
деңгейi;
• еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшiн ынталандыру;
• зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегiнiң есебi;
• еңбек өнiмдiлiгiнiң өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына
қарағанда озық жүруi;
• инфляцияның деңгейiне сай жалақыны индекстеу;
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес кәсiпорындарындағы жалақылардың
айырмашылықтарын келесiлерден көруге болады:
1) Мемлекеттiк иелiгiндегi кәсiпорындарда жалақы үкiмет актiлерiмен
реттеледi, ал жеке кәсiпорындарда кәсiпорын әкiмшiлiгi шешiмiмен
шешiледi, бiрақ ол жалақының минималды деңгейiнен кем болмауы керек.
2) Мемлекеттiк кәсiпорындарда жалақы тiркеледi, яғни тұрақты болады;
3) Мемлекеттiк кәсiпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепiлдi, ал
мемлекеттiк емес кәсiпорындарда олар оның экономикалық жағдайына
қарай анықталады.

Экономикада жалақы – атаулы және нақты жалақы болып бөлiнедi.
Атаулы табыс жалақы – бұл қызметкердiң белгiлi кезеңдегi iстеген
еңбегi үшiн есептелген және берiлген жалақысы.
Нақты жалақы – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететiн
атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы – бұл атаулы табыс жалақының сатып алу
қабiлеттiлiгi. Елiмiздегi осы аталған атаулы және нақты жалақының 2004
жылғы деңгейiн және оның өткен 2003 жылмен салыстырғандағы индекстерiн
келесi 1-шi кестеден көре аламыз.
Сондай-ақ жалақының берiлуiне және оның берiлу мерзiмiне байланысты
жалақының бiрнеше түрлерi мен нысандары болады. Оны келесi 4-шi суреттен
көруге болады.

Сурет-1 – Жалақының жүйелерi мен нысандары

Кесте 1
Халықтың тұрмыс деңгейiнiң жекелеген көрсеткiштерi

Атаулы Атаулы Нақты Зейнетақының
жалақы, жалақының жалақының орташа мөлшерi
теңге индексi индексi
Қазақстан
Республикасы 23221 114,5 107,6 5818
Ақмола 15431 122,2 114,5 5514
Ақтөбе 23856 112,5 106,2 5617
Алматы 16057 110,7 103,9 5381
Атырау 48272 115,6 111,1 5648
Шығыс Қазақстан 20075 106,8 100,9 6427
Жамбыл 14653 112,8 104,1 5298
Батыс Қазақстан 29706 116,4 110,7 5425
Қарағанды 19942 110,8 105,2 6154
Қостанай 17090 117,4 112,3 5556
Қызылорда 19967 116,7 108,5 5917
Маңғыстау 44841 117,5 109,9 6664
Павлодар 21729 110,4 104,4 5887
Солтүстiк Қазақстан 15327 111,4 104,5 5428
Оңтүстiк Қазақстан 15367 110,2 102,7 5234
Астана қаласы 33014 121,2 113,5 6296
Алматы қаласы 32714 116,4 107,4 6498

Бұл кестеден көретiнiмiз, елiмiзде жалақыны ең көп алатын облыстарға
Атырау (48272), Маңғыстау (44841), Астана қаласы (33014), Алматы қаласы
(32714), Батыс Қазақстан (29706) теңге болса, ал ең төмен жалақы алатын
аймақтарға Жамбыл (14653), Оңтүстiк Қазақстан (15367), Ақмола облысы
(15431), Солтүстiк Қазақстан (15327) теңгенi құрап отыр. Әрине бұл
көрсеткiштердiң арасындағы айырмашылық алшақ болып отыр. Өйткенi ел
аумағының шарушылығына және ондағы тұрмыс деңгейiне байланысты.

Жалданған қызметкерлердiң жалақысы екi бөлiктен тұрады:

• Тарифтiк, ол жұмыс берушi мен кәсiподақ арасындағы келiсiм нәтижесi
болып келедi;
• Мерзiмнен тыс, түнгi сағаттар, мейрам және демалыс күндерi жұмыс
iстегенi үшiн әр түрлi төлемдер.
Жалақының кесiмдi нысаны қызметтiң көлемдiк, сандық көрсеткiштерiн
жақсартуды ынталандырады. Ол өндiрiс учаскелерiнде қол еңбегiнiң немесе
машиналы-қол еңбегiнiң басымдылығы жағдайында қолданылады; дәл осы жағдайда
өндiрiлген өнiмнiң көлемiн және оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерiн
белгiлеудiң негiздiлiгiн ескеру қажет.
Еңбекақының кесiмдi нысаны келесi жағдайларда қолданылады:
• Тiкелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық
көрсеткiштерiнiң бар болуы;
• Орындалатын жұмыс көлемiнiң дәлме-дәл есептеу мүмкiншiлiгi;
• Жұмысшының өндiрiсiн немесе орындалған жұмыстың көлемiн арттыру
мүмкiншiлiгi;
• Осы учаскеде жұмысшыларды өнiм өндiрiмiнiң немесе орындалған жұмыстың
көлемiн онан әрi ынталандыру.
• Техникалық негiзделген еңбек мөлшерiн қолдану.
Еңбекақының мерзiмдiк нысаны жұмыс iстеушiлердiң бiлiктiлiгiн көтеру
және еңбек тәртiбiн нығайтуды ынталандырады. Еңбек мерзiмдiк ақы төлеу
нысанын қолдану жағдайы келесiдей:
• Егер де жұмысшы машиналар немесе агрегаттардың өнiмдiлiгiн арттыру
есебiнен өнiм шығаруды молайтуға ықпалын тигiзе алмаса;
• Егер де қажеттi келiсiмдi бағалауды белгiлеу үшiн өндiрiмнiң сандық
көрсеткiштерiнiң жоқ болуы;
• Ақы төлеудiң мөлшерi дұрыс қолданылған жағдайда.
Еңбекақының мерзiмдiк нысаны үшiн негiзгi екi жалақы жүйесi тән: жай
мерзiмдiк және мерзiмдiк сыйлықақы.
Қызметкердiң еңбекақысының мерзiмдiк жүйесiнде уақыттың бiр бөлiгiнде
анықталуы мүмкiн. Ол келесiдей сипатта болады:
ЕАЖМ = M * T
Мұндағы, М – жұмысшының тиiстi разрядының сағаттық тарифтiк
мөлшерлемесi;
Т - өндiрiсте нақты орындалған жұмыстың уақыты, сағаты.
Қызметкердiң еңбекақысының мерзiмдiк сыйлықақы жүйесiнде мына формула
арқылы анықталуы мүмкiн:
ЕАМС = М*Т (1+М+К+П 100)
Мұндағы, М – белгiленген көрсеткiштердi тарифтiк мөлшерлеуге және
сыйлықақы шартына сай орындаоған сыйлық мөлшерi (%);
К - белгiленген көрсеткiштердiң артығымен орындалғаны және сыйлықақы
шартына сай пайыздық сыйлық мөлшерi (%);
П - белгiленген көрсеткiштердiң артығымен орындалғаны және
сыйлықақы шартының пайызы.
Еңбек нормалары ( жұмыс iстеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек
шығынының өлшемi болып табылады және қызметкер үшiн техниканың,
технологияның, еңбек өндiрiсiн ұйымдастырудың қол жеткен деңгейiне сәйкес
белгiленедi.
Еңбек нормаларын ауыстыруды, енгiзудi және қайта қарауды жұмыс берушi
кәсiпорын жүргiзедi. Қызметкердiң жұмыс iстеу нормаларын орындауы үшiн
жұмыс берушi қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Сондай-ақ ең төменгi жалақы деген ұғым еңбек рыногында жиi кездеседi.
Ол меншiк нысанына қарамастан экономиканың барлық салалары мен барлық
кәсiпорындардағы еңбекақы базасы болып есептелiнедi. Бұл көрсеткiш бiздiң
елiмiзде де қолданылуда. Оның деңгейi бүгiнде зейнеткерлерге 5500 теңге, ал
қызметкерлерге 6200 теңге болып отыр. Ал осы жылдың 1-шi шiлдесiнен бастап
минималды жалақы деңгейi 9200 теңгеге өспек.
1.3 Жалақы мен жұмысбастылықтың деңгейi және оның Қазақстандағы жағдайы

Қазақстандағы еңбек рыногы жағдайына келетiн болсақ, әрине бұл
әлеуметтiк-экономикалық сала болғандықтан, елiмiздiң экономикалық
дағдарысты басынан кешiрген жылдары бұл еңбек рыногы да күрт нашарлап
кеттi. Оның келесiдей себептерiн атап өтуге болады:
1. Елiмiз егемендiгiн алғаннан кейiн Қазақстаннның еңбек рыногына жұмыс
күшi ұсынысының имиграциясы мен эмиграциясы ең күштi әсер бердi.
Яғни, елге келушiлерге қарағанда, елден кетушiлер саны көп болды.
Сондай-ақ елден кетiп жатқандардың көпшiлiгi бiлiктi, бiлiмдi және
бәсекелестiк қабiлетi жоғары, еңбекке қабiлеттi жастағы азаматтар
екенiн ескерсек, бiздiң қоғамымыздың еңбек потенциялына орны толмайтын
шығын әкелгенiн айтуымыз керек.
2. Елдегi экономиканың дағдарысқа ұшырауы, өндiрiс орындарыныңқысқарып,
халықтың жұмыссыз қалуына әкелiп соқтырды;
3. Елiмiздiң экономикасы құдарауымен байланысты әлеуметтiк сала да
нашарлап, халқымыздың өсiмi кемуде, оған бiр жағынан өтпелi кезеңде
басты әсер етiп отыр;
4. Фирма мен кәсiпорындар өнiмiнiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң нашар болуына
байланысты, олардың сатуға шығарған өнiмдерiне сұраныстың аз болуы
жалақыны ңтөмендеуiне әкелдi. Осының салдары экономикалық активтi
халықтың санының азаюына әкелдi немесе көлеңкелi экономикада қызмет
етушiлер саны артты;
Алайда осындай келеңсiз жағдайлар орын алғанымен, елiмiз
экономикасының соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамуы, стратегиялар мен
реформалардың оң нәтижесiн беруi, жекешелендiрудiң толық қанды жүруi, шағын
бизнес саласының дамуы, бiлiм саласына реформаның жасауы еңбек рыногында
келесiдей оң нәтижелер көрiне бастады:
1. Елiмiздегi жұмыс күшiнiң жылдамдылығы жоғары, Ресеймен салыстырғанда
еңбек рыногын қалыптастыру алда. Кадрлар дайындауда жеке меншiктi оқу
орындары кәдiмгiдей үлкен роль атқарады.
2. Соңғы бiрнеше жыл iшiнде экономиканың тұрақты дамуымен байланысты,
фирма мен кәсiпорындардың санының өсуi, ауыл шаруашылығында
реформалардың жүргiзiлуi, өндiрiс немесе қызмет көрсету салаларының
дамуына байланысты жұмыссыздық азайып, экономикалық активтi халықтың
саны өсуде;
3. Бәсеке қабiлеттi экономика құру және рыноктық қатынастарды дамыту
адамдардың бiлiмiн жетiлдiруге, еңбек қабiлеттiлiгiн арттыруға
ынталандырады. Бұл дегенiмiз жалпы жалақының өсуiне әкеледi.
Елiмiздегi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы
Еңбекке сұраныс қисығы
Жалақы теориясы:мәні, түрлері, жіктелу ерекшеліктері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы жұмысбастылық жағдайы
Еңбек нарығы әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын фактор ретінде
Жалақы теориясы, мәні, түрлері, дифференциялық ерекшеліктері
Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек нарығы
Экономикалық теорияның негізгі ұғымдары
Микроэкономика пәнінен дәрістік кешен
Пәндер