Мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу жолдары



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.11

2.1 Мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.28

2.2 Мектеп оқушыларын дамытуға жаңаша көзқарас ... ... ... ... ... ... ..29.40

2.3 Жетілген тұлғаның сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41.52

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53.56

IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57.58
Бүгінгі танда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындауда. Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттігі пайда болды. Оның үстіне, өтпелі кезеңдегі нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаңшылыққа ұшыраған әрбір отбасының экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесіне кері әсерін тигізіп отырғанын да ескермеуге болмайды. Ата-аналар күн көріс қамымен базар жағалап немесе жұмыс іздеп, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуде, ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызды. Бұл 10—13 жасар жеткіншектерді шылым шегуге, ішімдікпен, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысуға, ұрлық істеуге, т.б. қылмыстық әрекеттерге топтасуға, қатігездікке итермелеуде.
Сонымен бірге мектепте қоғамға пайдалы істердің бәсеңдеуі оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығын төмендетті, сондай-ақ мектептердегі оқу-тәрбие ісінде етек алған формалистік көзқарас, тәрбие жұмысын бір мерзімде жүргізілетін науқанға айналдыру, оқу бағдарламасының, жоспарының және оқулықтардың бір сарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербестік ерекшеліктерге көңіл аудармау, балаларға тек бедел арқылы ықпал етуге негізделген әкімшілік, әмір етушілік сияқты келеңсіз жағдайлар тұлғаны еркіндігінен айырды. Ол оқушылардың бойында тәрбие мәселесіне кері көзқарас туғызды. Сондықтан оқушылардың көпшілігі жеке басының ерекшеліктері мен икемділіктерін дамытуға мектеп мүмкіндік бермейді деп санайды.
1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А. Ғылым, 1973
2. Амоношвили Ш. Трактат «Школа жизни». М., 1998
3. Абай Кұнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы
1-2 т. Алматы: Ғылым, 1977.
4. Ананьев Б. Г. Человек как предмет познания. Л.: Изд-во ЛГУ, 1968.
5. Ашайұлы А. Ұлттық педагогика негізінде оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру. Автореферат. 1995
6. Бәдуиззаман Саид Нурси. Кіші. "Рисале-и Hұp" шығармалар
жинағынан. Ыстамбул: Сөздер, 1994 (қазакша басылымы),
7. Битинас Б. П. Введение в философию воспитания. М. Фонд
духовного и нравственного образования, 1996.
8. Безрукова В. С. Педагогика. Проективная педагогика.
Екатеринбург: Деловая книга, 1996.
9. Выготский Л.С. Воображение и творчесво в детском возрасте. М. Просв.1967-90
10. Гегель Г.В. Наука логики. М. Мысль 1970
11. Гусьев Л.и др. Жоғарға класс оқушыларының клубы. А. Маектеп 1964.
12. Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы А. Қазақстан 1977
13. Иманбаева С. Ерлік тағылымы. Қазақстан мектебі 1997
14. Гуманистические воспитательные системы вчера и сегодня.
Под общей ред. Селивановой Н. Л. М. Пед. общество России, 1998.
15. Гершунский Б. С. Философия образования XXI века. М, 1998.
16. Денисенко Ю Сын человеческий. Путь. Алматы, 1992.
17. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші..
18. Қазақстан Республикасының Білім заңы
19. Есімов Қ. Сана болмысы 2 баслымы А. Қалам 1998
20. Омаров Д. Абайтану курсы А. Рауан 1998
21. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология А. Мектеп 1982
22. Канке В. А. Философия. Исторический и систематический
курс. М: "Логос", 1996,
23. Қожахметова К.Ж. Халықтың педагогикалық зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. А. РБК 1998.
24. Қыраубайқызы А. Жас ұрпақ бүгін және ертең немесе тәрбиенің
жаңаша моделі жайлы ұсыныс //Егемен Қазақстан. 30 желтоқсан,1997.
25. Кыраубайқызы А, Әлем және Мен (бастауыш буынға арналған
бағдарлама). Адамгершілік сабақтары кітабынан. Алматы: "Мен -
Адаммын" қоғамдық қоры. 2001.
26. Майғаранова Ш. Рухани — адамгершілік тәрбиесі//Бастауыш
мектеп, № 11-12, 1997.
27. Майғаранова Ш . Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. А. Ғылым, 2002.
28. Муртаза Жүнісұлы Бұлытай. Ата баба діні. Түркілер неге мұ-
сылман болды? Алматы: Білім, 2000.
29. Нысанбаев Ә. Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымының әлеумет-
тік және философиялық астарлары //Акиқат, № 6-7. 1998.
30. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методология,
теория и практика формирования. Алматы: Алем, 2000.
31. Төрениязова С.М. Бастауыш мектеп оқушыларын сабақтан тыс жұмыстар арқылы дамыту.А., Школа ХХІвек 2002
32. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық. Алматы: Қазақстан,1991.
33. Щуркова Н. Е. Программа воспитания школьников. М., 1998.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-11

1. Мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу

жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...12-28

2. Мектеп оқушыларын дамытуға жаңаша
көзқарас ... ... ... ... ... ... ..2 9-40

3. Жетілген тұлғаның
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .41 -
52

ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..53-56

IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...57-5 8

КІРІСПЕ

Бүгінгі танда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика
мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту
қажеттілігі туындауда. Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне
ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін
ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса
қажеттігі пайда болды. Оның үстіне, өтпелі кезеңдегі нарық қыспағынан
жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаңшылыққа ұшыраған әрбір отбасының
экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесіне кері әсерін тигізіп
отырғанын да ескермеуге болмайды. Ата-аналар күн көріс қамымен базар
жағалап немесе жұмыс іздеп, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуде, ал ол оқушы
жастардың қараусыз қалуын туғызды. Бұл 10—13 жасар жеткіншектерді шылым
шегуге, ішімдікпен, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысуға, ұрлық істеуге,
т.б. қылмыстық әрекеттерге топтасуға, қатігездікке итермелеуде.

Сонымен бірге мектепте қоғамға пайдалы істердің бәсеңдеуі
оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығын төмендетті, сондай-ақ
мектептердегі оқу-тәрбие ісінде етек алған формалистік көзқарас, тәрбие
жұмысын бір мерзімде жүргізілетін науқанға айналдыру, оқу бағдарламасының,
жоспарының және оқулықтардың бір сарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін
қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербестік ерекшеліктерге көңіл
аудармау, балаларға тек бедел арқылы ықпал етуге негізделген әкімшілік,
әмір етушілік сияқты келеңсіз жағдайлар тұлғаны еркіндігінен айырды. Ол
оқушылардың бойында тәрбие мәселесіне кері көзқарас туғызды. Сондықтан
оқушылардың көпшілігі жеке басының ерекшеліктері мен икемділіктерін
дамытуға мектеп мүмкіндік бермейді деп санайды.
Әр оқушының қызығушылығын білмегендіктен және олардың психологиялық
ерекшелігін ескеріп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен
мұғалімдер арасында түсініспеушілік жағдайлар жиі кездеседі. Осының бәрі
тәрбие жұмысының үстірт жүргізілуіне әкеліп соқтыруда. Оған жол беру
тұлғаның дербес ерекшеліктеріне қалай болса солай қараудан, оқушылардың
өзін-өзі тәрбиелеудегі ішкі мүмкіндіктерін ескермеуден, олардың
қабілеттерін әлеуметтік жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр.
Соңғы жылдары оқыту мен тәрбие мәселесіне қатар жарыспалы үрдіс немесе
тәрбиені оқытуға қосымша деп қарау, олардың өзара байланысын ескермеу,
жалпы білімнің базалық сыңарларын дұрыс таңдай білмеу, білімді
ізгілендіруде тәрбиелік мүмкіндіктің толық ескерілмеуі, этникалық мәдени
білімнің дүниежүзілік мәдениетпен байланыста қарастырылмауы сияқты теріс
көзқарастар байқалуда. Тәрбие ісінде отбасымен, балабақшамен, бастауыш және
орта мектептермен, кәсіптік-техникалық училищелермен тұрақты сабақтастық
байланыс сақталынбай қалды. Оқу орындарындағы, мектепке дейінгі және
мектептен тыс мекемелердегі, баспасөздегі, теле-радио хабарлардағы және
қоғамдық ұйымдардағы тәрбие жұмысын орталықтандырудың жеткіліксіз екені
байқалады. Тәрбие жұмысының сапасыздығының тағы бір себебі — олардың ғылыми
негіздері дәрежесінің төмендігінен болып отыр. Педагогика ғылымы көп ретте
жеке тұлғаның дамуын өмірге сәйкессіз тұрғыда қарастырып келді. Кейде ол
өлшемдік ұсыныстар мен нұсқаулар шығарумен ғана айналысты. Ғылыми зерттеу
жұмысындағы өмірден алшақтық, адам туралы басқа ғылымдардың, әсіресе,
биологияның, медицинаның, психологияның жетістіктерін ескермеудің
салдарынан тәрбиеге бір жақты қараушылық мектеп тәжірибесінен орын алып
келді.
Осыған орай, өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер
тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін қайта қарайтын,
оның орнын айқындайтын уақыт келді. Бүгінде
стратегиялық бағдарлы тұлғалық ойлардың шығармашылық түрлерін
қалыптастыратын, Қазақстан Рсспубликасы халықтары арасында бейбітшілік пен
татулықты орнатуға қабілетті, қоғамды ізгілікті адамгершілік тұрғыдан
жаңартудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін жүзеге асыруга жәрдемін
тигізетін жаңа тұрпатты азамат тәрбиелеудің ғылыми әдістемесін жаңа
тұжырымды ғылыми негізде жасаудың қажеттігі алға қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы стратегиялық бағыттарға байланысты Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақ Білім академиясынын этнопедагогика және тәрбие
лабораториясында соңғы жылдары пайда болған Қазақстан Республикасы
азаматынының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру
тұжырымдамасына (1995), Білім саласындағы мемлекеттік саясат
тұжырымдамасына (1996), Қазақстан Республикасындағы этникалық мәдени
білім тұжырымдамасына (1996), Қазақстан Республикасында орта білімді
дамыту тұжырымдамасының жобасына (1997), Қазақстан Республикасының Білім
заңына (1999), Ресей Федерациясында оқушы жастарды тәрбиелеу
тұжырымдамасына (1991), Қазақстан Рсспубликасының үздіксіз білім беру
жүйесіндегі кешенді тәрбие бағдарламасы (2000), сондай-ақ зерттеушілердің
ғылыми еңбектеріне, әсіресе Н.Козлованың Тәрбие теориясына кіріспе (М.,
1990), В.М.Гинецинскийдің Педагогика теориясының негіздері (М., 1994),
Е.Бондаревскаяның Воспитание — как возрождение гражданина, человека
культуры и нравственности (1993), Гончаровтың Ұлттық мектептің моделі
(1994), Л.М.Фридман мен Г.А.Пушкинаның Оқушылар ұжымында олардың жеке
басын зерттеу (М., 1988), Б.С.Герушинскийдің Философия образования XXI
века (1998), Г.К.Нұрғалиеваның Тұлғаның кұндылық бағытын қалыптастырудың
методологиясы, теориясы, практикасы (Алматы, 1994), П. И. Пидкасистыйдын
редакциясымен шыққан Педагогика (М., 1996), И.П.Подласыйдың
Педагогикасы, Б.Лихачевтың Педагогика курсы лекциясына (1998),
А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтын Қазақ философиясының тарихына кіріспе
(Алматы, 1995), А.С.Арсеньсвтің Жасөспірімдер философтар
көзқарасымен (М.,1996), К.Ж.Қожахметованың Халықтық педагогиканы
зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері(А.РБК.1993.
Ә.Нысанбаев пен М.С.Орынбековтің Абайдын дүниетанымы мен философиясы
(Алматы, 1995) сияқты оқулықтары мсн оқу құралдарына сүйеніп, басқа да
материалдарды басшылыққа ала отырып, оқушыларды тәрбиелеудің теориясы мен
әдістемесі жасалды.
Жоғарыда аталған еңбектердің бәрінде қазіргі білім мен тәрбие берудің
даму әсеріне қойылатын негізгі талаптар төмендегідей үш түрлі бағытта
қарастырылған. Олар: 1) Еркін тұлғаны тәрбиелеу; 2) Рухани тұлғаны
тәрбиелеу; 3) Ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу.

XXI ғасырда бүкіл адамзат ғылыми-техникалық жетістіктерді өз игілігіне
пайдалануда бұрын-сонды болмаған биіктерге көтеріле бастады. Алайда, бұл
осы жетістіктерімен қоса, табиғат заңдылықтарының тепе-теңдігінің
сақталуына нұқсан келтіріп, айналадағы ортаға, адам өмірі мен тіршілігіне
қыруар қауіп-қатер төндіруде. Оған қоса белең алған әлеуметтік-экономикалық
дағдарыстар мен содан туындаған қыспақтың салдарынан адамдардың бір-біріне
деген көзқарасы шиеленісе түсуде, атап айтқанда келеңсіз жағдайлардың
өрбуі, рухани құндылықтардың төмендеуі жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізу
мен ізгідендіру мәселесін күн тәртібіне қоюда. Осыған орай, оқушылардың
тұлғалық, рухани қасиеттерін қалыптастыруды әлеуметтендіруге сәйкес, өз
өмірінің құндылығын дұрыс түсіне алатын ерікті тұлға тәрбиелеу көзделуде.
Қазіргі кезеңде рухани танымның тоқырауы, ізгілік пен адамгершіліктің
төмендеуі қара бастың қамын ойлауға, тек материалдық құндыдықтарға ие болу
шырмауында қалуға ықпалын тигізуде. Олай болса, бүгінгі әлеуметтік-нарықтық
қыспақ кезінде мектеп оқушыларын рухани тұрғыда дамыту болашақ ұрпақ
тәрбиесінің өзекті мәселесіне айналды, оны тәрбие ісінде басшылыққа алу
көзделді.
- Осы уақытқа дейін бала тәрбиесіне негізінен алғанда материалистік
көзқарас тұрғысынан қарап келдік, Рухани таным мәселесі күн тәртібіне
қойылған емес. Ғасырлар тоғысында әлемде, қоғамда, жеке тұлғалар бойында
күрделі өзгерістер жүріп жатқаны, жаңа сананың қалыптаса бастағаны ғылыми-
танымдық, философиялық, парапсихологиялық әдебиеттерде көрініс табуда. Өз
арамыздағы адамдардың рухани жетілуі, жаратылыс сырын түсінуі, Жаратқанды
тануы, жасөспірімдердің ақыл-ойының, көңіл-күйінің, сезімінің дамуы осының
айғағы десек, бұл ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аударып, ойлануын
қажет етеді. Осыған орай, "Адамның жан дүниесі деген не?", "Рухты қалай
тануға болады?", "Адамдардың рухани тоқырауға ұшырау себебі неде?" деген
сұрақтар төңірегінде толғаныс қажеттілігі туындайды.
"Қазақстан — 2030" бағдарламасы мен ел Президентінің Қазақстан халқына
жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын
арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерскше мән берілген еді. Демек,
жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани адамгершілігін жетілдіру
мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттілігі туындауда. Осыған орай мектеп
оқушыларын рухани дамытудың педагогикалык қырлары, оған жаңаша көзқарас,
оқушылардын өзін-өзі тануы, дүниені танудың философиялық, ғылыми және діни
қырларын біртұтас қарастыру жолдары этномәдениет және жалпы адамзаттық
мәдениет аясында өрбиді. Осы диплом жұмысында мектеп оқушыларын рухани
дамытудың жолдары көрсетіледі. Сонымсн бірге рухани танымның тәрбиедегі
маңызы қарастырылады. Оқушылармен жүргізілетін жаттығулар, сұрау-
тапсырмалар, сұхбаттасу олардың пікірлерін түйіндеуге ықпал етеді, өздерін
өздері тексеру тәрізді тәсілдер қолданылады.

2.1.Мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу жолдары.

Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты білім беру жүйесінде де
әр кезеңде жаңа, күрделі өзгерістердің туындайтыны белгілі. Қазіргі
кезеңдегі тәрбиенің басты мақсаты — оқушылардың тұлғалық қасиеттерін
гуманистік бағытта дамыту. Гуманизм (адамшылық) жалпы алғанда дүниетаным
принципі десек, адам мүмкіншілігінің шексіз екендігін мойындау, өзін-өзі
дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және абыройын қорғау,
адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын
қамтамасыз ету — қоғамның түпкілікті мақсаты.
Педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, адамдар
арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі, олардың ар-намысын,
абыройын, ұжданын құрметтеу, адамгершілік, парасаттылық тұрғыда қамқорлық
жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу де гуманизмге жатады.
Сонымен, гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылықтың және
ой-шабыттың ерекше жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың,
адамшылықтың шынайы иесі деп қабылдауға болады.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе — мектеп оқушыларын рухани
дамыту. Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін,
қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі
құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру. Адамның
тәндік, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік дамуын рухани дамудың
өлшемі ретінде алуға болады. Рухани даму тұлғаны қалыптастырудың өзегі
болып табылады. Даму дегеніміз — адамның тәндік, жандық және рухтық
сипатының біртұтас үйлесімділікте өрбуі, яғни дүниедегі адам болмысының
көздеген басты мақсаты. Егер әр түрлі ғылым салалары, мәселен, тәнтану,
физиология, психология, әлеуметтану адам дамуының мүмкіндігін, оның тетігін
анықтаса, педагогика дамудың қалай, қандай жағдайда, не арқылы жүзеге
асырылатынын сипаттап, көрсетеді. Даму күрделі, қозғалмалы үрдіс
болғандықтан, тәрбие арқылы ұрпақты жетілдіру тәжірибесі өзара сабақтасады.
Тәрбие бір ұрпақтың тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс, осы
арқылы адамды дамытады. Тәрбие барысында адамның дамуына басшылық жасалады,
оны тәрбие арқылы жеделдетуге немесе өзгертуге болады. Нәтижелі тәрбие
тұлғаны дамытады.
Білім беру — қоғамда адамды дамыту жағдайын арнайы ұйымдастыратын жүйе.
Оқыту — мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас арқылы ұрпақтар
тәжірибесін тарататын және қабылдайтын үрдіс.
Сонымен "тәрбие", "білім беру" "оқыту" адамға сырттан ықпал ететін
жағдайлар, олар тұлғаның өзіне ғана байланысты емес. Дегенмен де, адам
жаратылысынан дамуға қабілетті болады. Оның бойында дамуға ықпал ететін
құдыретті күш бар, оны рух деп атайды. Рух дамудың қозғаушы күші. Адамды
дамытудағы оған ықпал ететін сыртқы жағдайлардың нәтижелі болуы үшін, ол
оның жан дүниесімен, рухымен сәйкес келуі тиіс. Жан — субстанция (ақыл-ой,
сезім, ерік), ол - адамға тән құбылыс, ол -адамды өткенімен және болашақпен
сабақтастырушы. Адамның жаны — оның қозғаушы күші, ол оның дамуын бағыттап,
тәндік мәнінен жоғары тұрады. Адамның жан дүниесінің тетігінде сыртқы
ықпалды қабылдай алатын қабілет бар. Осыған сәйкес адам өзін дамытатын
сыртқы жағдай арқылы ішкі жан дүниесін бейнелейді. Адам өзін дамыту үшін
сыртқы жағдайларды жасап қалыптастырған. Соңғы жылдары педагогакада адамның
ішкі жандүниесі мен іс-әрекетін білдіретін атаулар жиі қолданылуда,
мәселен, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігінен қалыптасу,
өздігінен реттелу. Дамудың жандық негізін сипаттайтын жағдайларды: өзін-өзі
тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігінен оқу деген атаулар арқылы
білдіреді. Осы ұғымдарды педагогикада адамның ішкі дүниесін бейнелеу үшін
колданады .
Тәрбие, білім беру, оқыту - ішкі жандүниеге түрткі болатын, жағдай
жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы жағдайлар. Сондықтан да философтар,
психологтар адамның жан-дүниесінде дамудың қозғаушы күші бар екенін
көрсетеді. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу ара қатынасынан "тәрбиелік
қарым-қатынас" өрбиді. Тәрбиелік қатынас өзара қарым-қатынастың бір түрі,
ол адамды тәрбие, білім беру, оқыту арқылы дамытуға бағыттайды.
Тәрбиелік қатынас арқылы тәжірибе алмасу, оны үйрену, үйрету,
пайдалана білу жүзеге асады. Осының барысында түрлі құралдар қолданылады.
Тәрбиелік қатынас "субьект-субьектілік", субьект-обьектілік" болып
жіктеледі. Тәрбиелік қатынаста сыртқы жағдай (тәрбие, білім беру, оқыту)
ішкі дүниемен (өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігінен оқу)
сәйкестенеді. Осындай әрекеттесуден адам дамиды, яғни тұлға жетіледі.
Тұлғаның руханилығы — оның гуманистік бағыттағы дүниелік катынастарға
енуі. Рухани дамыған тұлға - адамзат санасынан туындаған дүниелік
құндылықтарды бойына жинақтап, сол аркылы дүниеге тұлғалық мәндегі объект
деп қарайды. Өмірге осындай дүниелік қатынастан, өмірге қанағаттанбаудан
тұлға ізденіске түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі канағаттанбаушылық
тұлғаның рухани қалыптасуының белгісі, руханилықтың өлшемі болып табылады.
Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері мыналар: басқаларға жанашырлық
білдіру; өзге адамға жақсылық тілеу; адамдарға көмек көрсету; айналадағы
өмірді жақсартуға ұмтылу, оны жүзеге асыру; өмір туралы мәселелер жайында
толғану; өмірдің мәнін іздеу; өзін-өзі дамыту, жетілу арқылы бүкіл дүниені
жетілдіру.
Айналадағы құбылыстарға адами сипат беру, оларды "жандандыру" арқылы
қабылдау тұлғаны рухани дамытудың психологиялық тетігіне жатады. Адам
өміріне лайықты қатынас құру үшін оны Рахымдылық, Сұлулық, Ақиқатқа
негіздей білу керек. Өмір туралы, өмірлік құндылықтар жүйесі жайында
толғануды кейде рухани кызмет деп атасақ, педагогикада оны құндылық -
бағдарлы қызмет деп белгілейді, ол тұлғаны қалыптастыру жүйесінің ең
маңызды кұрылсшысы болып саналады.
Гуманитарлық танымға бағытталған тәрбиеде баланың жас ерекшелігіне,
оның рухани дүниесіне, оқушының құндылық бағдарына, оның мәніне көңіл бөле
отырып, тәрбиені "субьектілік" қатынасқа негіздеу қажет.
Гуманитарлық білімнің негізі — адам болмысын кұндылық-мәндік тұрғыдан
игеріп, оның өзгеруге бейім екенін түсініп, ескеру.
Гуманитарлық танымдық жүйедегі білімдік бағдар төмендегідей болады:
• адамның өзін-өзі тануы, өз мүмкіндіктерін іске асыруы, өздігінен
даму құқығын ең жоғары құндылық деп тануы;
• өзін-өзі басқаруға, өзінің ішкі мүмкіндікгерін, "Мен"-ін табуға
бағыттау;
• өмірлік философияның мәнін іздеудің жағдайын жасау .
Соңғы кезде гуманистік педагогикада тұлғалық бағдарлы тәрбиеге
ерекше көңіл бөлінуде. Қоғамдағы өзінің орны мен міндетін саналы
сезінетін, өзінің даралық сипатына сай іс-әрекет ететін тұлғаны әдетте
Адам дейміз. Тұлғаның психологиялық ерекшелігіне өзіндік сана, жеке
бастық сипат, түрлі сапаларының даму деңгейі, қоғамдық қатынастар жүйесіне
енуі және өзін-өзі реттеуі жатады.
Б. Г. Ананьевтің пікірінше тұлға үш бағытта қарастырылады:
* тұлға тарихи дамудың нәтижесі;
* тұлға қоғамдық-экономикалық қатынастың нәтижесі;
* тұлғаның даралық сипатының қалыптасуы (4.52) .
Тұлғалық-бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын басты
кұрылымдар мыналар:
-тәрбие мазмұнының құндылық, дүниетанымдық бағыты немесе
кұндылықтар жүйесі, яғни өмірдің мәні;
* жалпы адамзаттық және халықтық мәдениетті игеру;
* әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның
азаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту;
* тұлғалық бағдарын (тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу,
өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін) дамыту;
— тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын
ескеру.
Сонымен, тұлғалық-бағдарлы педагогикада тұлғаны мәдениетке ендіріп, жеке
басқа тән қасиеттерін дамыту, адамның ішкі жан-дүниесіне назар аударып, өз
мақсатын іске асыруы, өзін-өзі ізгілендіруі, "жеке тұлғаның даралық даму
бағытын анықтауды" ұстануы қажет. Сөйтіп тұлға білім беру жүйесіндегі
маңызды орында болуы тиіс.
Тұлғалық-бағдарлы тәрбиені іс-жүзінде тәжірибеге енгізген ғалымдардың
бірі Н. Е. Щуркова . Оның бағдарламасындағы басты талаптар мыналар:
* тәрбиеге жалпы адамзаттық мәдениет тұрғысынан келгендегі
педагогикалық көзқарас;
* педагогикалық үрдіс барысында жалпы адамзаттық мәдениетке енуді
педагогикалық түсінік негізінде игеріп, қолдану;
* тәрбие үрдісінің мазмұнын анықтауда адамдық, кісілік өмірге лайықты
құндылықтар жүйесін белгілеу, ал білім мен біліктілікті адамның дүниеге
қатынасын анықтайтын құрал деп қарау;
* баланың күнделікті өмірін тәрбиелік үрдіске айналдыру;
* баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде анықтап,
баланы өз өмірінің субьектісіне айналдыру;
* өмір сүрудің философиялық және педагогикалық мазмұнын
үздіксіз шешуге, сонымен қатар оны іске асыру барысында
туындайтын мәселелермен бірге, әркімнің лайықты өмір мен
соған жету жолындағы жауапкершілікті, өмір жолын өз еркімен
тандай білуге тәрбиелеу. (33. 86-87)
Дүниетанымдық қатынас бағдарламаның негізгі желісі етіліп алынған: онда
оқушы мұғаліммен бірге айналадан ортаны таниды, онымен қарым-қатынас
орнатады, сол дүниені сүюге ұмтылыс жасайды, күрделі өмірде мәдени
жетістіктердің негізінде шешім қабылдауға үйренеді, өмірлік мәселелермен
қатынасқа түсу барысында оқушы өз өмірін саналы құра алады. Адамға лайықты
өмір сүруді тек осылай ғана тәрбиелеуге болады.
Қазақстан Республикасында A. M. Қыраубайқызы гуманитарлык қазақ,
мектебінің "Әлем және Мен" атты бағдарламасын жасап, культурология
бағытындағы пәндерді тереңдете оқытуды белгіледі. Ол қазақ және әлем
мәдениетін қалыптастыру мақсатында шәкірттің жеке басына қатысты қасиетін
дамытуға жағдай жасау, ойлай білу мен өзіндік пікір айту қабілетін және
белсенді қызығушылығын дамытуды көздеді. Жан тәрбиесінде баланың өзіндік
"Мен"-ін анықтауына көмектесу, қарым-қатынас мәдениетін үйрету, кісілікке,
парасаттылыққа, жан-жақтылыққа, салауатгы өмірге, имандылыққа тәрбиелеумен
бірге, дене мәдениеті жан тәрбиесімен бірлікте қарастырылды. Рухани
өсудің жолы ретінде ұлт мектебінің өзіндік философиясы мен менталитетін
айқындау, яғни дәстүрлі түркілік өркениет пен қазақ әлемі қалыптастырылып,
әлемдік өркениетпен сұхбаттасу, қарым-қатынаста болу мәселесін көтерді.
Қазақ дүниетанымның өзегі — адамшылдықты, халықтық тәрбиені, дәстүрді
дінмен тұжырымдай отырып, адамды қалыптастырудың қайталанбас мектебінің
рухани көздерін ашу мәселесіне тоқталды. Бала тілінің қалыптасуы үшін ана
тілінің мәйек болып табылатынын, рухани жан-дүние мәйегі қай тіл болса,
бала соныкі екенін ескеру тәрізді түйінді пікірлерді өз бағдарламасына
тұғыр етіп алып, ежелгі түркілік мәдениет негіздерін мектептерге
енгізді.(26)
Қорыта келе айтар болсақ, тұлғалық-бағдарлы педагогиканың
тұжырымдамасы, тәрбие мақсаты, мазмұны, принциптері, педагогикалық іс-
әрекет мәселелері гуманистік және гуманитарлық танымға бағытталған.
Тұлғалық-бағдарлы педагогика тұлғаның өзіндік ұстанымын, өмірлік
көзқарасын, іскерлік дағдыларын анықтап, оны өмірде қолдана білуге,
адамгершілік касиеттерін ақтаута, нарықтық қатынастың жаңа нысандарында
өзін жоғалтып алмау мақсатында оның ішкі "Мен"-ін әлеуметтік ортамен
сәйкестеңдіре алуын негізгі нысана етеді. Сонымен бірге гуманды-тұлғалық
қатынас немесе Ш. Амоношвилидің "Өмір мектебі" атты трактатта педагогикада
ерекше мәнге ие болады. (2. 34-40)
Онда ол бастауыш сынып оқушыларын рухани дамытуды басты мәселелеріне
тоқталады. Бұл мектептің басты мақсаты:
* білім үрдісінің барлық құрамында гуманды-педагогика принциптерін қолдану;
* мұғалімдерге және педагогикалық ұжымға гуманды-тұлғалық
педагогиканы шығармашылықпен қоса игеруге мүмкіндіктер беру
- гуманды-тұлғалық педагогика идеясын кеңінен таратып, бедел арқылы
тәрбиелеуді мектеп өмірінен бірте-бірте ығыстыру.
Осы мақсатты іске асыру міндеттері мыналар:
гуманды-тұлғалық қатынасты бастауыш сынып оқушылары
арасында қалай жүзеге асыруға болатынын көрсету;
осы жүйенің түсініктеме ақпаратын айқындап, баланың табиғатына лайықты оның
тұжырымдамасын ұсыну;
білімнің базалық деңгейін суреттеп, оны ұйымдастыру принциптерінде білмдік-
танымдық бірлік негізін ұстану;
-мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында оқушы өмірінің
мәнін ашуға сипаттама беру;
* гуманды-тұлғалык, педагогикамен айналысатын мұғалімге
қойылатын талаптарды белгілеу;
— мектеп пен отбасы байланыстарының нысандарын анықтау;
- гуманды-тұлғалық білім үрдісіндегі оқушыны дамытатын нәтижелерді
анықтау.
Ш. Амонашвилидің трактаты баланың рухани, адамгершілік, тұлғалық ,
интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Табиғаттың тұғырлы заңдарын, дүниені, психиканы меңгеріп, игеру үшін
адамды рухани тұрғыда дамыту керек. "Өмір мектебі" трактатында балаға
өмірді таныту, одан тәжірибе алуына ықпал ету, өмірдің шексіздігін,
мәңгілігін түсіндіру, "Мен не үшін өмір сүремін?" деген ізденіс барысында
"Дүниені тану, өзін-өзі жетілдіру, рахымдылықты ұлғайту, адам эволюциясын
дамыту" талаптарын нысанаға алу қарастырылады. Сонымен гуманды-тұлғалық
мектептің басты ұстанымы — баланы өмір арқылы дамытып тәрбиелеу.
Жалпы адамзаттық және қоғамдық ой тұрғысынан қарағанда педагогика
күрделі ғылым, сондықтан да оның дәлелді негіздері болуы керек. Ал
тәжірибеде мұғалімдер шығармашылык, тәжірибеге, интуитивтік шешімдерге
(интуитивтік педагогика) және ғасырлар бойы жинақталған даналыққа
сүйенеді. Осыған орай, әр мұғалімнің бойында педагогикалық сенім болуы
тиіс.
"Өмір мектебі" трактаты іргелі аксиомалық бастамаға, ақиқатқа негізделген
әлемдік діни, рухани-философиялық ілімдерге сүйенеді. (2.113-118)
Олардын түйіні:
* жан - дүниеде бар субстанция;
* ол мәнгі жетіліп, өрлеуде;
* бұл дүниедегі өмір рухани өрлеудің бір кезеңі.
Осы түйіннен үш қағида өрбиді де, ол мұғалімнің Сеніміне арқау болады.
1 Бұл өмірде бала кездейсоқ жаратылыс емес; оның бұл дүниеге келуі
қажеттіліктен туған. Оны осы өмірге шақырған адамдар бар, олар онсыз өмір
сүре алмайды.
2. Баланың өмірлік мақсаты - осы өмірде қызмет етуі тиіс, ол алыс-жақынға,
таныс-бөтенге, бүкіл планетарлық эволюцияға қызмет етуі тиіс. Мысалға, ұлы
тұлғаларды алсақ, олар адамзатқа қызмет ету үінін өмірге келгендер.
3. Бала рух иесі, оның бойында рухтың ұлы қуаты бар. Ол Кіші ғарыштық әлем,
ол дүниемен бірліктегі ғарыштың тіршілік иесі. Ол жетілуі жағынан
Жаратқанға ұқсас болғысы келеді, Баланың бойындағы қуат қоры зор
болғандықтан, оның ұмтылысы да биіктей түседі. Ойымызды түйіндей келе
айтарымыз, мұғалім Баланы жоғары әлемнен келген құбылыс ретінде бағалап,
оның осы өмірде атқаратын белгілі қызметімен бірге үлкен қуатқа ие екеніне
сенім артуы, өзінің шығармашылық төзімділігін жетілдіріп, баланы
құрметтеуі, оның тұлғалық қасиетін шындап, балаға қалтықсыз берілуі, оның
тағдырына жауапты болуы шарт. Сенім- дегеніміз білімді сезіну, ал оның
қағидалары ғылыми дәлелдеуге сай келе бермейді. Тек ішкі сезімдік ой ғана
сенімді білдіреді де, ол іс- әрекетке ұласады.
Гуманды-тұлғалық білім үрдісі.- баланың жеке психологиялық
қасиетіне емес, біртұтас табиғатына негізделуі тиіс. Ол табиғат зандылығы
арқылы дамиды, соның күнтізбесіне бағынады, Табиғат дара жолмен жетіледі,
ол бала бойындағы дара мүмкіндіктерді дамытады. Гуманды-тұлғалық педагогика
бала бойындағы ішкі от-жігерін, яғни табиғат арқылы дарыған психикалық
қуаттың — басты үш құмарлықтан құралатынына назар аударады: олар —
даму, қиындықты жеңу арқылы табиғи заңдылықпен жүреді; есеюге құмарлық;
еркіндік.
Трактатта- Сенім, Үміт, Махаббат мәселелері қаралады. Гумандық-тұлғалық
педагогиканың негізгі бастауы - өмірдің Жоғары құдыретке, адам
жанының мәңгілігіне, бұл дүниедегі өмір сынақ пен жетілу жолы екеніне сену
және өзін осылардың негізінде жетілдіру. Осыдан Баланы біздің арамызға
құбылыс, яғни өмірлік міндетін атқаруға келген Рух иесі деп таныған жөн.
Жоғары Рух субстанциясының ықпалымен Бала бойындағы табиғи субстанция
дамиды.
Баланың тәні — тектік ақпаратты және табиғаттың қозғаушы күшін
тасымалдаушы. Денедегі алғашқы қуаттың қозғалысынан барлық потенциялды
мүмкіндіктер дамып, сол арқылы рухани сапалар бейнеленеді, баланың біртұтас
тұлғасы өз ұмтылыстары арқылы ерекшеленеді.
Бала бойында табиғат үш стихиялы құмарлықтан тұрады да: Даму, Есею,
Еркіндік арқылы қозғалады. Осы арқылы мұғалім баланың табиғи байлығын,
тұлғалық қасиетін аша алады. Түйіндей келе айтарымыз, бала бойында рухани
және табиғи күш бар, ол — Көк пен Жердің, жан мен тәннің бірлігі; Бала-кіші
ғарыш әлемі, ол үлкен ғарыш әлемінің бейнесі, бүтіннің қайталанбас бөлігі,
ерекшенің ерекшесі.
Гумандық-педагогикалық үрдістің мәні, гуманды-тұлғалық қатынас орната
білу, мұғалім осы үрдістің жасампазы, ол Баланың стихиялық құмарлығына
сүйенеді; оның көпқырлы күш қабілетін дамытуды, тұлғалық қасиетін анықтап
бекітуді, адами қалыптың озық үлгілерін қарым-қатынас, таным, өмір арқылы
бойына дарытуды көздейді.
Гуманды-тұлғалық білім үрдісі Баланы табиғи қалпында қабылдап, оның
өмірін шығармашылық махаббатқа кенелтуі; махаббат, сүйіспеншілік арқылы әр
затты тануына жол ашып, әр кездескен қиындықты сүйіспеншілік күшімен жеңуге
болатынын оның санасында қалыптастыруы тиіс.
Жалпы айтар болсақ, білім үрдісінің мақсаты - Бала рухының ішкі қуатын,
ой-жігерін айқындауға, болашақ тұлғалық сапасын және осы өмірдегі өз
міндетін анықтау ізденісіне басшылық жасау. Адам өзін-өзі танып, өз
мақсатын анықтаса және оны ешқандай қиындықтарға қарамастан іске асыра
білсе, сонда ғана ол тұлға бола алады. Ш. Амоношвилидің "Өмір мектебіндегі"
тәрбие - материалистік тар ұғымдағы адамгершілік сапасының сыртқы мазмұны
ғана емес, тәрбие тұлғаның жан-рух дүниесінің ерлеуі, ішкі дүниесінің
дамуы, адам өмірін белгілі мақсатқа бағыттаушы бастауы. Тәрбие ең маңызды
нәрсе, ол бұған дейін оқу арқылы кейінгі орынға сығыстырылып келген еді.
Бүкіл оқу үрдісі баланы тар ауқымда білім, білік, дағды, білім негізін
игеpyre бағыттайды. "Білім негізі" тар ауқымда материалистік, тіпті саяси-
идеологиялық танымды көздеп, жан, рух, жүрек, нұр, руханилық деген
ұғымдардан оқушыларды ада еткен болатын. Сонымен бірге білім руханилықты
құрайды деген теріс ұғым қалыптасқан. Осыдан барып, оқытудың тәрбиелік мәні
төмендеп, ол нәтиже бере алмады. Қазіргі кезеңде Жоғары рухани
ие кұрылымын, табиғат заңдылықтарының сырын "жүрегі қатты, ойы суық
адамдарға" айтып жеткізуге болмайды.(2.47)
Жас ұрпақты тәрбиелеуді көздейтін дүние жөніндегі білім, табиғат,
психика күштері адамды ізгілендіреді, олардың жүрегін оятады.
Рухтың ұясы - жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса,
соғұрлым адам да ізгіленеді.
-Жүрек жылуынсыз тек ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға
да, болашаққа да теріс ықпал етеді.
Баланың даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін көректендіруші ретінде
тәрбие, білімнен бұрын қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және
рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн.
Қазір Республикада оқушыларды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан
дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында үлкен ізденістер
қолға алынып жатыр. Ондағы ұстанған басты қағида — Адамның кісілік келбеті
мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен,
әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ
ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін
жүзеге асыру көзделуде. Қоғамымыздағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
жас ұрпақты өмірге белсенді түрде араластыру мақсаты мен әлемдік
өркениеттің жетістіктерімен сусындатуды көздейді. Капиталистік даму
сатысындағы алдыңғы қатарлы, өркениетті елдердің тәжірибелерін ұстана
отырып, мектеп оқушыларының жеке басына қатысты қасиеттерді дамыту бүгінгі
күннің өзекті мәселесіне айналуда. Сонымен республикамыздың дәстүрлі
мәдениетін жалғастыра отырып, басқа мәдениет үлгілерін де күнделікті өмірде
пайдалануға ерекше маңыз берілуде. Көршілес Ресей мемлекетінің ұлттық
идеяны, православиялық дінді күнделікті оқу-тәрбие үрдісіне өзек етуі де
біздерге ой салып, тәрбиедегі басты стратегиялық бағыттарды анықтауды қажет
етеді.
Сонымсн мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселесінде айқыңдалған негізгі
бағдар — тәрбиеге гуманистік және гуманитарлық мән беру. Соның аясында
тәрбиедегі құндылық-бағдарлы қызмет пен тұлғалық-құндылық қатынас негізінде
тәрбиеде сыртқы ортаның ықпалы мен ішкі дамытуға ұмтылыс философиялық
дүниетанымға негізделген болса, гумандық-тулғалық педагогика іргелі
аксиомалық бастамаға, ақиқатқа негізделген әлемдік діни, рухани-
философиялық ілімдерге сүйенеді. Сөйтіп, қазіргі педагогикада адам
болмысының түрлі қырларын, яғни ғылыми, философиялық, рухани-діни
ілімдердің біртұтастығын сақтай отырып, тұлғаның табиғи болмысын дамытып
жетілдіруге болатынын көрсетеді.
Гуманистік педагогаканың негізіне алынатын басты гуманистік идеялардың
бірі, ол - адам табиғи жаратылысынан ерікті, ол Жаратқаннан басқаға
тәуелсіз, тек дүниедегі мақсатын саналы түрде іске асыру үшін Жаратқанға
ұмтылу арқылы ғана өзін бақытты сезіне алады. Жаратқанның идеясына сөйкес
келмейтін нәрсенің бәрі адамшылыққа, ізгілікке жатпайды. Адамның адам
болуын, оны өзге тіршілік иелерінен ерекшелендіретін Жаратқаннан дарыған
құдыретті күш бар.
Идеалдар (ең биік үлгі, жоғарғы мұрат) ақыл-ойға ең биік үлгі-өнегені
нұсқап, өзін онымен салыстыру арқылы жоғары деңгейге ұмтылуды қамтамасыз
етеді, жақсылық пен жамандықты ажыратуға көмектеседі,
Идеялдар аса жетілген тұлғалардың өмірімен тығыз байланысты. Мысалы Иса
(ғ.с.), Мухаммед (ғ.с.). Олар ең биік үлгідегі тұлғалар, ең жоғары
идеалдар. Әр адам олардай бола алмайды, бірақ соған ұмтылыс жасайды.
Идеялардың шынайылығы Жаратқанның ойын іске асырумен тығыз байланысты.
Гуманистік білім беру жүйесінде идеялар тек тұлғаның мүмкіндігін іске
асырады.
Құндылықтар — тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталатын идеялдар.
Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат,
шығармашылық, т.б, жатады. Құңдылыктар — идеяларды қабылдау немесе
кабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады.
Құндылықтар -құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді.
Құндылықтар — сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-
әрекетін белгілейді.
Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді
емес, солай бола тұра, субьективті, өйткені ол адам санасында орын алады.
Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады,
соның нәтижссіндс тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді.
Өмір тәжірибелерін қорыта келе айтарымыз, білім берудегі кұндылық
балалар сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде сүйенуі қажет. Осы тепе-тендіктің
болмауынан білім жүйесінде сыңаржақты педагогакалық көзқарастар орын алып
келгені белгілі. Сондықтан да, мектептерде құндылық-бағдарлы тәрбие
үлгісін ұстанып,оны
өмірге ендіру - көкейтесті мәселслердің бірі бодып табылады.
Тұлғалық-бағдарлы тәрбиеде мынандай талаптар басшылыққа алынады:
- жалпы адамзаттық мәдениет тұрғысынан тәрбиеге педагогикалық
көзқарасты қалыптастыру;
* педагогикалық үрдіс барысында жалпы адамзаттық мәдениетке енуді
педагогикалық түсінік негізінде игеру;
* тәрбие үрдісінің мазмұнын анықтауда адам болуға лайықты
кұндылықтар жүйесін белгілеу, ал білім мен білікке — адамның
дүниеге қатынасын анықтайтын құрал деп карау;
* баланың бүкіл өмірін тәрбиелік үрдіске айналдыру;- баланың даму деңгейіне
лайықты өмірлік мәселедерді сатылы түрде анықтап, баланы өз өмірінің
субъсктісіне айналдыру.
Тәрбиедегі басты мәселе — балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, яғни
өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-катынас жасай білуі, ол
үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның құндылығын және даралық
ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түрде түсіне білуі және өзіне
сырт көзбен қарап, өзінің көңіл-күйін, атқарған іс-әрекетінің себебін
түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс,
Балалардын танымдық ұмтылысын дамыту үшін олардың өз артықшылығы мен
кемшілігін көре білуіне және өзінің жеке басының құндылығын, даралық
сипатын саналы сезінуге тәрбиелеу қажет.
Мектептердің бастауыш сыныптарында білімді игеруге қажетті қабілет пен
дағдылардың дамуын қалыптастырумен бірге оқушыларды өз қабілеттері мен
мүмкіндіктерін саналы сезінуге бағытау қажет.
Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат — оқушыларды ұлттық және жаллы
адамзатгық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне
және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аудару.
Құндылық-бағдарлы тәрбиеде рухани адамгершілік ұстанымдарын жүйелі
түрде жүргізу тиімділікке жеткізеді. Ол үшін оқушының мәдени құндылықтарды
игеруіне, өзін-өзі дамыту дағдыларына, өмір сүре білуге бейімділігіне,
тұлға аралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне, өзіне және өзгеге
жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып табылады.
Рухани адамгершілік тәрбиесін түрлі әңгіме еткізу, рөлдік сындар
жүргізу, кішігірім топтармен жұмыс істей білуге үйрету, өмірлік жағдайлар
туралы түрлі әңгімелер құрастыру, сурет арқылы бейнелеу, әңгіме оқу, оқыған
мәтінді және көрген фильмдерді талдау арқылы іске асыруға болады. Тәрбие
сағаттарында ертегі кейіпкерлерін, сондай-ақ түрлі қуыршақтарды да
кейіпкерлендіріп пайдалану тиімді.
Адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселеде баланың назарын үнемі өз
өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне баулу көзделеді.
Бастауыш сынып балаларының жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл-
күйлерін көтеріңкі ұстау үш әуен, саз-күй, гүл, өсімдіктер, тордағы құстар
және әр түрлі суреттерді сабақ үрдісінде, тәрбиеде орынды қолдана білу
қажет.
Сонымен қатар бастауыш сынып балаларының ішкі жан дүниесіне әсер ететін
жүрек (көңіл-күй) тәрбиесін дамытудың жолдарын да қарастырған жөн. Ол үшін
баланың мінез-құлқын және отбасы мүшелерінің көңіл-күйін бейнелейтін
суреттерді алдын ала дайындау керек.
Бастауыш мектептің бірінші сыныбында балаларды айналамен, табиғатпен
қарым-қатынас орнатуға баули отырып, екінші және төртінші сыныптарда өзін-
өзі құрметтей және бағалай білуге бaулудың мәні зор. Өйткені олар өзгелерді
және өзін құрметтеу арқылы жауапкершілікті сезінеді. Ал бұл қасиеттер
дамымаса, балалар өсе келе түрлі қиыншылықтарға кездеседі.
Рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана баланы құрметтеу. Оның рух
иесі, бойында жаратқанның ұлы қуаты бары кіші ғарыштық әлем, ғарыштың
тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлем мен біртұтастығын саналы түрде
түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт. Баланың қуат
қоры мол болғандықтан, оның өмірді танып білуге ұмтылысы зор екеінін
мойындап, соған орай баланың сезімін тәрбиелеуге, сұлулықты сезінуге, көңіл-
күйін реттей білуге баулудың жолдары қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиетті бойына сіңіруі, оның
өзін-өзі танып, өз төңірегіндегілермен, отбасы мүшелерімен, қоғамдық
ортамен дұрыс қатынас құра білуі, яғни оны әлеуметтендірудің маңыздылығы
ескеріледі. Осыған орай оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларын жас
ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағыттап, оны ата-
аналардың көмегімен отбасында жалғастырған жөн.
Рухани адамгершілік тәрбиесін мұғалім қалай іске асыруы тиіс деген
орынды сұрақ туады. Мұғалімнің шеберлігі — баланың талап тілегіне қолдау
көрсету дәрежесіне байланысты. Балалар үнемі өздерін тәндік және психикалык
жағынан сергек, еркін сезіну тиіс. Олардың бір-бірімен түсіністік, достық,
танымдық ізденістер болуы әр баланың дамуына ыкпал етеді.
Бастауыш сыныптарда табиғатқа кұндылық қатынасты дамытуға болады.Онда
адамның табиғатпен байланысы, табиғат жанды болады деп қарауы,
табиғаттың адам денсаулығына дауа болатынын түсінуі қалыптасады. Сондықтан,
адамның табиғатты көре "ести алу" кабілетін дамыту, табиғат
сұлулығын сезіну, табиғаттағы түрлі-түсті бояулар үйлесімділігін көру
тәрізді тақырыптарды тәрбие үрдісінде қолданудың тиімділігі зор.
Өркениетті елдердегі адамдардың өмірі мен табиғаттағы тіршіліктің
арасындағы байланысты және содан туындайтын экологиялық мәселелерді
балаларға түсіндіру, күнделікгі өмірде айналаның тазалығын сақтауға өз
үлесін қосуға оқушыларды тәрбиелеу көзделеді. Әр адамның табиғатты аялауы,
оны сақтай білуі, қорғауы адамгершілік парызы екенін, табиғат байлығын
арттырудың маңыздылығын оқушылар санасына сіңіру жүзеге асырылады. Адам
өмірінің табиғатпен біртұтас екендігі түсіндіріледі. Өмірдегі мәдени
қалыптарға құндылық қатынас орнату — оқушының өзін-өзі күту, экологиялық
тұрғыдағы мәдениетің, еңбек ету, экономикалық, құқықтық, руханилық және
адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Сонымен бірге
адамның материалдық және руханилық қажеттіліктерінің маңызы түсіндіріледі.
Руханилық дегеніміз — дүниені "жанды обьект" деп қабылдау, оны аялау, адам
өмірінің мәнін іздеу, өзін-өзі тану. Адам — ең жоғары құндылық, ол өмірдің
субъектісі деген ұғымды оқушы санасында қалыптастыру шарт. Адамның
материалдық мұқтаждығын (таным, еңбек, қоғамдық еңбек , көркем-өнер, т.б.),
адамның рухани мұқтаждығын қанағаттандыратын іс-әрекет түрлері, өмірдің
мәнін түсіну үшін атқарылатын қызмет (өзін-өзі тану) жайлы түсінікті
қалыптастырған жөн.
Адам мен табиғатгың үндестігі мен үйлесімділігін көрсетуге келсек,
табиғатты "жандандыру" арқылы оны аялау сезімін қалыптастырып, онымен
үйлесімділікке келуді камтамасыз ету керек. Отбасы, оның әлеуметтік ролі.
Отбасындағы туыстық қатынастар, қазақ отбасындағы дәстүрлер арқылы
оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетгерін дамыту. Оларды рахымдылыққа,
мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі әлеуметтік қатынасқа лайықты
құндылық бағдар қалыптастыру. Бұл ретте Отанын сүюге, қоғамдық қатынастар
игеруге, ондағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға баулу керек.
Сонымен бірге ұлттық дәстүрді сақтауға, оны құрметтеуге тәрбиелеуді,
қоғамдық қызмет түрлерін түсіндіруді,қоғамдық еңбектің адамдарға тигізетін
пайдасы арқылы ізгілікті іс атқаруға баланы бағыттау әдістерін де ұмытпаған
жөн. Оқушыны саналы, салиқалы өмірге лайықты етіп тәрбиелеу мәселесіне
келсек, ол — материалдық игіліктерге оған адамның ақыл-ойы, іс-әрекеті,
жүрек жылуы жұмсалған еңбек нәтижесі деп қарауға, оны аялап, қастерлеуге,
адами көзбен карап, ұқыптылықпен пайдалануға дағдыландыру.
Адам өміріне қолайлы жағдайлар жасау, ізгілікті іс тындыру және соған
қанағаттану сезіміне бөлену, осы дағдыны қалыптастыру арқылы жүзеге асады.
Адам өмірінің ізденісі — танымдық қызмет. Кітап — ақыл-ойдың туындысы,
адамның шығармашылық еркіндігі. .Осы арқылы сұлулықты, әсемдікті сезінуге
тәрбиелеуге болады. Өмірді сүю құдірет , табиғат сұлулығы, адам сұлулығы.
Оқушының бойына сұлулықты көре білу, сезіну және оны жасай білу дағдысын
қалыптастыру қажет.
Оқушының өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Бұл — оқушының өз өмір жолын
таңдай білу қабілетін дамыту, мейірімділік негізінде ойлай білуге,
шығармашылық қабілетке баулу, дүниені біртұтас қабылдай білуге тәрбиелу, әр
адам өмірінің өзгеге ыкпалын көрсету, ер бала мен қыз баланың өмірлік
ұстанымын, табиғи міндеттерін жас ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіру, адам
және оның өмірі туралы ойланту, өз өміріне ойлы көзбен қарауға
дағдыландыру.
Мектеп оқушыларын дамытуға жаңаша көзқарас.

Болашаққа өркениетті ел болып енуіміз үшін мәдениетімізді қалпына
келтіруіміз керек. Мәдениет туралы сөз қозғағанда біз оның тек материалдық
жағын ғана емес, рухын, мазмұнын айтып отырмыз. Материалдық мәдениетті
өңдеп, жаңартуға болады, ал халықтық, ұлттық өмір-дүниеге, әлем-ғаламға
деген көзқарасты, қарым-қатынастың мәнін білдіретін рухани мәдениет қайта
қалпына келтіру, жаңғырту өте қиын. Мысалы, рухани мәдениет ұлттың әдет-
ғұрпқа, салт-дәстүріне, онын өмір сүрген ортасына, айналасына да
байланысты. Егер айналадағы орта дұрыс болса, мәдениет те орынды сақталады.
Бұл жағдайды ашық әрекет жасау, сабыр, келісім және адамның ұлы болмыс
бітіміне деген сенім ғана көмекке келеді. Ұлттық мәдениетті біздер өзге
халықтармен тарихи және бір кезеңдік байланысты орнатудың жолын таба
алғанымызда ғана сақтай аламыз. Біздің рухани құндылықтарымыздың бүкіл
адамзат биігінен табылуы аса маңызды.
Халқымыз ашық қарым-қатынас, өзара байланыс және адамды биік кұндылық
ретінде қадірлеу идеясын жоғары қоя алғандықтан, мәдени құндылықтардың әр
түрлі нұсқаларын өз бойында үйлесімді түрде жинақтай білді.
Оқушы жастарды тәрбиелеуде оларды рухани дамытуға баса назар аударған
жөн. Ұзақ жылдар бойы мектептегі оқу-тәрбие ісі тек материалистік танымға
негізделіп, оқушыларды рухани дамытуды ұрпак тәрбиесінде ескермей келді.
Оқушының тұлғалық қасиетін дамыту үшін оқу-тәрбие ісін дуалистік танымға
бағыттауымыз, яғни "дүниенің" материалистік және идеалистік екі жағын
бірдей ескеруге ұмтылуымыз қажет. Дуалистік дүниетаным тұлғаны адамгершілік
қағидаларға негіздеп, оқушының рухани-адамгершілік сапасының жетілуіне
шындықтың бір кұрамы ретінде ықпал етеді.
Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір
дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып жетіледі, Әрине, адамзат
тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар —
жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен
намыс, тағы басқалары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін
маңызын жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани
адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары — үміт, сенім және махаббат үнемі
даму үстінде.
Қазақстан Республикасы құрамы жағынан көп этникалық және көп конфессиялы
мемлекет болып саналады. Осыған орай ұрпақ тәрбиесі төңірегіндегі
пікірталастар өрбіп, түрлі құндылықтар жүйесі тең деңгейде қарастырылуы
тиіс. Адамзат дамуындағы жалпы гуманистік бағытпен қоса әр түрлі діндердің
адамгершілік қағидалары мен этикалық жақтары зерделеніп, талдануы тиіс, Бұл
Діннің, рухани-адамгершіліктің бастауы екенін оқушылардың түсінуіне жол
ашып, олардың адамзат мәдениетіндегі кең мағыналы көзқарасын дамытады. Дін
- қоғамдық сана нысандарының өте күрделі түрі. Қоғам-сананың басқа да
нысандары: мәселен, мораль, өнер, философия, ғылым сияқты дін де —
адамдарды қоршаған нақты дүниенің, материалдық болмысының адам санасында
бейнеленуі.Философиялық идеализм дінді қорғайды, ол — дін мәңгі өмір
сүреді, діни сезім адамның жаратылысына тән, оны Құдай әр пенденің жанына
серік етіп берген дейді. Дін мен идеалистік философия дүниеге
көзқарастың негізгі мәселесін шешуде бір- біріне ұқсайды, дін сияқты
идеализм де дүниенің жаратылғанын дін мен идеализм дүниені екіге бөледі:
материалдық дүние және оның үстінен қарайтын табиғаттан тысқары идеалық
дүние. Адам- жан мен тәннен құралған, тәнді жан меңгереді, ал жан мәңгі
жасай береді, деп тұжырымдайды. Философиялық идеализм өзін дүниежүзілік
ілім деп жариялап, өз қорытындыларын ғылыми деректермен байланыстыруға
ұмтылады.

Дін, философия, ғылым рухани сана ретінде қоғамның әлеумеггік дамуына
және жеке адамның рухани жетілуіне ықпалдарын тигізе отырып, біртұтас
таным жүйесін құрайды. Осы аталған қоғамдық сана құрамдарының біртұтастығы
неде, олардың ішкі қисынын қандай тұжырымдар құрайды, біз оларды неге
жіктеп жеке-жеке қарастырамыз, негізінде біртұтас рухани байлықтарды
бірінен-бірін алшақтатып, кейбір кезендерде олардың құндылығын неге
жоғалтып аламыз, деген сұрақтар төңірегінде әлі де болса ой қорытып, ойлану
қажет.
Ойымызды түйіндей келе айтарымыз, ұрпақ тәрбиесіндегі біздің назарымыздан
тысқары қалған діннің маңызын мынадай тұжырымдарда көрсетуге болады:
Қазақ балаларын ислам дінімен және басқа әлемдік діндермен (жалпы
адамзаттық құндылықтармен) таныстыру арқылы түрлі құндылықтарды айыра
білуге баулуға болады. Ондай құндылықтарға тұлға аралық қатынасқа қажетті
адамды құрметтеу мен оның жауапкершілігін, үмітін, сенімін, махаббатын
жатқызуға болады.; Осындай адамгершілік категориялар әр түрлі этикалық
ілімдерде нақтыланып, жалпы адамзаттық этиканың алтын қазынасына енеді.
Сөйтіп, құндылықтар пікірталасы тұлғаны дамытуға өз үлесін қосады.
Оқушыларды түрлі діндермен таныстыру адамзат өмірінің бір қырын түсінуге
жол ашады, әр түрлі рухани діндермен танысу, дүниенің бірлігін, адамдардың
бірін-бірі түсінуін қамтамасыз етеді. Оқушыны басқа көзқарастардағы
адамның орнында бола білуге тәрбиелейді.
Дін мәдениеттің бір саласы ұлттың діни тарихын түсінбей халық мәдениетін
түсіну мүмкін емес. Осы орайда, Мұртаза Жүнісұлы Бұлытайдың "Ата баба
діні. Түркілер неге мұсылман болды?" атты еңбегі назар аударуға тұрарлық
дүние. Діни тақырыпқа негізделген шығармашылық өнердің әр саласы адамзат
тарихында өшпес мұра қалдырды. Сондай-ақ дін негізін қалаушы дара тұлғалар
адамзат тарихында артына өшпес мәңгілік мұра қалдырып, өз ізбасарларына
өнеге болып келеді. Осы орайдағы оның тәрбиелік мәні өте жоғары. Рухани
ілімдер кез-келген халықтың тарихын түсінуге көмектеседі. (4.84-90)
Діндерді зерделейтін болсақ, олардың негізінде басты адамгершілік және
этикалық құндылықтардың орын алатыны айқындалғанын көреміз. Дін халықтың
даналық қазынасы, адамзат тәжірибесі. Адамгершілік құндылықтар дінде
жинақталган. Сол себепті, рухани ілімдерден бас тарту арқылы біз адамзаттың
ұжымдық даналығынан бас тартамыз. Діннің осындай жағымды, пайдалы
тұстарымен қатар оның көлеңкелі тұстары да бар. Бұлар жөнінде жеке әңгіме
қозғауды жөн көрдім.
Өмірде: "Мен кіммін?", "Өмір деген не?", "Мен қайда барамын?" деген
маңызды сұрақтар жиі туындайды. Осы сұрақтарға жауап іздеу өмірдің мәнін
түсінуте жол ашады. Өмір жолындағы күрделі қиындықтарды бастан өткізу үшін
өмірдің мәнін түсінудің маңызы зор. Бұл сұрақтар төңірегінде ой толғанбаған
адамға өмірде кездесетін қиындықтар мен әділетсіздікті жеңу өте қиынға
түседі. Ал мұндай сұрақтарды шеше білген жағдайда өмірдің мәнін түсінуге,
әр адамның өз тарапынан дұрыс жауап ізденуіне, өзін-өзі танып білуіне ыкпал
етеді.
Соңғы жылдарда педагогикада адамның өзін-өзі дамыту идеясына ерекше көңіл
белінуде. Өзін-өзі дамыту тұлғаны өзгеден дараландыратын басты ерекшелік.
Дүниені өзінше түсіну, сезіну адамдарды өзгелерден ерекшелендіреді. Осыдан
туындайтын тәрбиенің максаты оқушы өзінің даралық сипатын дамытып,
бойындағы ерекшелігін өзгеге көрсетуі және оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні
Дене шынықтыру шаралары
Бастауыш сынып оқушыларын интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Пәндер