Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Саясаттану пәні. Пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Саясаттанудың басты категориялары ... ... ... ... ... ... ...
Саясаттанудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Саясаттну әрі ғылым, әрі өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Саясаттану негіздері қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағнасын терең түсініп білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық саяси жағдайға еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамардың кұқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге ұйретеді. Саясаттану адамдарға саяси қажеттіктерін мемлекет тарапында іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол саяси төзімділікті, келісімге, серіктестікке мәмлеге келе білуді, саяси шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократялық мемлекет орнау және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды. Десе де мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әртүрлі топтарының мақсат-мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзіреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналылығы мен белсенділігіне байланысты.
Саясаттану пәнінің мақсаты – студенттерге саяси институттардың, ұбылыстардың, қазіргі қоғам дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсінуге көмектесеу. Соның барысында олардың саяси санасын қалыптастыру, адамзат дамуының баламалы даму жолдары бар екендігін түсіндіру, демократиялық саяси мәдениеттің құндылықтары мен ережелерін бойларына сіңріу.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Саясаттану пәні. Пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Саясаттанудың басты категориялары ... ... ... ... ... ... ...
Саясаттанудың әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

Саясаттну әрі ғылым, әрі өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе.

Саясаттану негіздері қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-
мағнасын терең түсініп білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын
рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс
пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы
әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық саяси жағдайға еркін
бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр
сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамардың кұқықтарын
бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат мүддесін білдіріп,
оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген
демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге
ұйретеді. Саясаттану адамдарға саяси қажеттіктерін мемлекет тарапында іске
асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық
тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол
саяси төзімділікті, келісімге, серіктестікке мәмлеге келе білуді, саяси
шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен
мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократялық мемлекет орнау және
тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам
түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды. Десе де мемлекеттік
саясатта жұртшылықтың әртүрлі топтарының мақсат-мүдделерінің ескерілуі,
басқарушы топтың құзіреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың
саналылығы мен белсенділігіне байланысты.
Саясаттану пәнінің мақсаты – студенттерге саяси институттардың,
ұбылыстардың, қазіргі қоғам дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсінуге
көмектесеу. Соның барысында олардың саяси санасын қалыптастыру, адамзат
дамуының баламалы даму жолдары бар екендігін түсіндіру, демократиялық саяси
мәдениеттің құндылықтары мен ережелерін бойларына сіңріу.
Саясаттану пәні. Пайда болуы.

Саясаттану – саясатты танып білу ғылымы, яғни саясат туралы, оның
адаммен және қоғаммен байланысы туралы ғылым. Саясат болса адамзат қоғамы
белгілі бір жүйелік арнаға түсіп қалыптасқаннан бері , әсіресе мемлекеттік
құрылым, мемлекеттік басқару тетігі, билік тұтқасы пайда болғаннан бергі
уақытта халықтардың елдердің тағдырында айтарлықтай шешуші рөл атқарып келе
жатқан және атқара беретін көп қырлы күрделі құбылыс. Сондықтан да қоғам
дамуының әр белестерінде өз дәуірінің ойшылдары саясат құбылысының мәнін
түсінуге, сырын ұғуға ұмтылып, ой-пікірлерді жинақтап отырды.
“Саясаттану” термині ғылми аппаратта кеіңнен пайдаланылады және саясат
әлемін зерттейтін ғылымды, мемлекеттер, саяси партиялар арасындағы саяси
билік жөніндегі саяси қатынастарды білдіру үшін қолданылады.
Саясаттану - “Политология” термині көне грек тілінің “polis” және
“logos” деген екі сөзінен жасалған. Бұл сөздер мемлекетті, қоғамды басқару
өнері туралы ғылым деген мағнаны білдірген.
Саясаттанудағы ең алғашқы түсінік діни-аңызнамалық сипатта болды.
Билікті, қоғамдық –саяси тәртіпті құдайдың құдіретімен байланыстыру сол
дәуірге тән қөзқарас. Бертінде қоғамның сапалы түрде ілгерілеуіне
байланысты,өндіріс құрал жабдықтарының дамуына, түрлі әлеуметтік топтардың
, тайпалар мен ұлыстардың жіктелуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының
артып, тығыз топтасу негізінде мемлекеттік құрылымның нығая түсуіне орай
саясаттану ғылымының алғашқы ірге тасы қаланып, өзіндік аранасы айқындала
бастады. Бұл ретте гректің көне ойшылдары Платон мен Аристотельдің
еңбектері айрықша. Платаон “Мемлекет” деген еңбегінде үздік мемлекеттік
құрылыс, адам мен мемлекет мүддесінің ұштасу мәселелерін алғаш рет қозғады.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді
атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән
ретінде оқытып, өзі жүргізді. “Саясат” деген еңбек жазып, онда ежелгі грек
мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеді. Аристотель саяси режимдерді жіктеп,
саралап, ғылымда тұңғыш болып “демократия”, “монархия”, “олигархия”,
“аристократия”, т.б. түсініктерді енгізді.
Саясаттану білімін діни-аңызнамалық, этикалық сипаттан ажыратып, оның
негізгі зерттеу объектісі саяси құбылыстар мен прцестер екенін жан-жақты
дәледеп, дәйектеген 16-ғасырдағы итальян ойшылы Никколо Макиавелли болды.
Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай
қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның
арқасында саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашылды. Қайта
өрлеу дәуірінде өндірістің және ғылымның құлаш жая дамығаны белгілі. Осы
кезеңде саясаттану да айтарлықтай жемісті өрлеу үстінде болды.
Саясаттың аса күрделі қоғамдық құбылыс ретінде зерттелуіне
саясаттанудың дербес ғылым есебінде қалыптасып, қаз тұруына әртүрлі
тарихи кезеңдерде өмір сүрген Т.Гоббс, Дж,Локк, Ш, Монтескье, Т,Пеин, Т,
Джефферсон, О. Конт, А, Токвиль, сияқты көптеген ойшылдар қомақты үлес
қосты.
Дербес ғылым ретінде саясаттану генезисі 19-ғасырдың аяғында басталды
және оның алғашқы ғылыми орталықтары АҚШ-тың Колумбия және Йель
университтерінде болды, ал тұңғыш Саяси ғылым академиясы 1889 жылы АҚШ-та
ашылды. 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.
Батыс Еуропа елдерінде ғылыми саяси мектептер 20-ғасырдың 40-жылдарының
ортасында қауырт дами бастады, “саясаттану” терминінің өзі 60-70 жылдары
Германия мен Франция ғылыми қолданысқа ене бастады. Бұл елдерде саясатты
және оның түрлеріне теориялық зерттеу анағұрлым белсендірек жүргізіле
бастады.
20-ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретін де бөлініп
шықты.Бірккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО) 1948 жылы өзіне мүше елдердің жоғары оқу орындарына пән ретінде
саясаттануды енгізуді ұсынды. 1949 жылы саяси ғылымның халықаралық
қауымдастығы , кейін әрбір елдің саяси ғылым қауымдастығы құрылды. Ол
саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазірде жемісті еңбек
етуде.
Отандық саясаттану ғылымының тағдыры өте күрделі және қарама-қайшылыққа
толы. Саясат, мемлекет және билік туралы алғашықы теориялық пікірлер түркі
текті араб тілді философтардың шығармаларында кездеседі, ал әр түрлі
идеялық ағымдарға жататын
біздің 18-20 ғасырлардағы отандастарымыз өз елінің мемлекет, билік,
саяси тағдыры туралы өте қызық ойлар айтты және оның болашағы, өз халқының
болашағы туралы ойлады. Кеңес үкіметі кезінде саясат мәселелері жалпы
философиялық тұрғыдан немесе идеологияландырылған “ғылыми комунизм” пәні
тұрғысынан оқытылды. Тек қана 80-жылдардың ортасынан бастап идеологиялық
сыннан және идеологияландырылған таптық методологиядан босаған, әсіресе
бүкіл қоғам ғана үшін емес, нақты алғанда азаматтар үшінде объективті түрде
саяси білім тапшылығы анықталған қазіргі жағдайларда маңыздылығы аса қажет
болып отырған саяси ғылым жас ғылым мәртебесіне ие бола бастады.
Сөйтіп, саясаттанудың пайда болуы күрделі саяси процестерге: батыс
әлемінде де, афро-азиялық әлемде де саяси қозғалыстың өсуіне және
жандануына, Шығыс Еуропа елдерінде тоталитарлық режим орнатылуынан
туындаған әлеуметтік саладарларға; саяси партиялардың рөлінің күшеюіне,
саяси жаңару тәрізді құбылыстың пайда болуына байланысты болды.

Саясаттанудың басты категориялары.

Саяси ғылымның қазіргі заманғы кешенді пәнге қалыптасуы мемлекет
жөніндегі ескі философиялық білімнен бастау алатын рухани-саяси ізденістер
мен әдет-ғұрыптардың бірігуі нәтижесі болып табылады. Бұл процесс мынадай
философиялық-теориялық көздерге сүйенед, олар:
а) ойшылдардың саясат, мемлекет мәселелері туралы философиялық
рефлексиялары;
ә) үлгілі қоғамдық құрылысы туралы әлеуметтік-утопиялық тұжырымдамалар;
б) нақты саяси қатынастарды сациологиялық және психологиялық зерттеу.
Сонымен әлеуметтік-саяси қажеттілік және рухани әдет-ғұрыптың болуы
саяси ілімдердің қазіргі саясаттануға қалыптасу, даму және айналу процесі
жүрген негізді құрады. Адамзат баласы екі мың ғасыр жинаған идеялық
материалдың күрделі өзгерісінің барысында саясаттануда оның пәндік
зерттеуінің аясы ғана анықаталып қоймайды, сонымен қатар саясатты теориялы
және инженерлік қолданбалы аспектілерде болжамдау бағалау және объективті
реалистік тәслідерді өзара келісуі анықталады.
Саясаттану ғылымының зерттеу объектісі – саясат, саяси өмір, қоғамның
саяси саласы. Бұл ғылымның мән –мағнасына терең үңілу үшін ең әуелі қоғам
туралы ұғымды еске алайық. Қоғам дегеніміз объективті заңдылықтар негізінде
қалыптасатын, қызмет атқаратын және дамып отыратын күрделі тірі әлеуметтк
организм екенін білеміз. Қоғам дамуының өзегінде табиғаттағы сияқты адам
санасынан тысқары объективті заңдылықтар жатады. Қоғамдық құбылыстардың
бәрін шартты түрде төрт салаға бөлуге болады:
1. Экономика – материалдық өндіріс , өнімді өндіру, тұтыну, алмастыру
саласы, басқаша айтқанда қоғамдық тіршіліктің қайнар көзі, бастауы;
2. Әлеуметтік сала – адамдардың түрлі топтар мен ұлыстардың тыныс-
тіршілігі , қызмет-әрекеті, өмір сүру салты;
3. Рухани сала – қоғамның және адамдардың рухани болмысы, ой өзегі ,
тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті;
4. Саяси сала – мемлекетті, қоғамды басқару әдістері мен нысандары,
билік тұтқасының қызметі.
Саясаттану саяси саланы біртұтас объект ретінде қарастырып, жалпы
заңдылықтарын ашып көрсетеді. Сөйтіп, саясаттану – саяси өмір тәжірибесін,
объективті саяси шындықты, субъетивті саяси іс әрекетті, саяси ойлау
тәсілдерін және саяси процестерді теориялық тұрғыдан жүйелеуді қамтитын сан
қырлы ғылым. Яғни, саясаттану – қоғамның саяси өмірін саяси процестерді,
ондағы таптардың , топтардың , ұйымдардың өкімет билігіне қатынасын және
осыған байланысты өзара қарым-қатынасын зерттейді.
Алайда, саяси сала өзімен ғана тұйықталып қалмайды. Саясат қоғамның
басқа салаларымен де тығыз байланысты. Сондай-ақ, басқа салалар өзінің
дамуынада айналып келгенде қоғамдық саяси биліктің мән-мағнасына келіп
тіреледі. Басқаша айтқанда саясаттану ғылымы саяси билік арқылы басқа
салаларды да қамтиды. Экономикалық саясат, әлеуметтік саясат, мәдениет
саласындағы саясат дейтініміз сондықтан. Қоғамның әлеуметтік ,
экономикалық , рухани салалары басқарусыз, реттеусіз, бағыт-бағдарсыз, яғни
билік тұтқасынсыз өмір сүре алмайды.
Сондықтанд саясаттанудың басты категориясы, негізгі түсінігі – билік
тұтқасы, саяси билік, мемлекеттік басқару нысаны. Ал саясаттанудың оқытатын
пәні – саяси биліктің, билік тұтқасының қалыптасуы, қызмет атқару, және
өзгеру заңдылықтары.
Билік тұтқасы арқылы саясаттану ғылымы қоғамның басқа салаларын да
қамтитын болғандықтан, оның зерттейтін заңдылықтарын шартты түрде мынадай
топтарға бөлуге болады:
1)Саяси-экономикалық заңдылықтар;
2) Саяси-әлеуметтік заңдылықтары;
3) Саяси-рухани заңдылықтары;
4) өзіндік саяси заңдылықтары.

Саясаттанудың әдіс-тәсілдері.

Саясаттану пәнінің ішкі құрылымы үш арнаға бөлінеді:1. саясаттану
ғылымы нені зерттеп, нені оқытады, оның тарихи жолы қандай, бүгінгі
теориялық және прақтикалық проблемалары қандай деген мәселелер.2. саясат,
саяси билік және саяси жүйеге қатысты мәселелер; 3. саясаттың, саяси
биліктің мемлекетаралық көріністері төңірегінде мәселелер.
Барлық басқа ғылымдар сияқты саясаттану да саяси құбылыстар мен
процестерді зерттеуде методологиялық негізге, түрлі тәсілдерге сүйенеді.
Методологиялық негіз есебінде дүние жүзінің көптеген саясаттанушылары
диалектикалық логиканың принциптерін басшылыққа алады. Саяси құбылыстарға
нақты тарихи жағдай тұрғысынан талдау жасау, оларды өзара тығыз байланыста
және үнемі өзгерісте деп қарау – зерттеу барысында үлкен маңызға ие
болады.
Саясаттану ғылымы да басқа ғылым салалары сияқты жалпылогикалық
тәсілдерід қолданады. Оларға анализ және синтез, индукция және дедукция,
абстракциялау,абстрактіден нақтыға өрлеу, тарихилық пен логикалықты
ұштастыру т.б. жатады.
Тәсілдердің екінші тобы саяси объектінің ерекшеліктерін тікелей
зерттейді. Оған жүйелік, құрылымдық –функционалдық, социологиялық ,
бихевиористік тәсілдері жатады. Жүйелік тәсіл саясатты күрделі ,
біртұтас, ішкі элементтері өзара иерархиялық байланыста болып, өздігінен
реттеліп қозғалысқа түсіп отыратын жүйе есебінде қарайды. Социологиялық
тәсіл – саясат пен нақты әлеуметтік ортаның өзара тығыз байланысын басты
назарда ұстайды. Бихевиорлық тәсіл – саясатты жеке адамдардың және
топтардың мінез-құлқын таразылау арқылы зерттеуді басшылыққа алады. Бұл
тәсіл саясаттың субъектісі, қозғаушы күші – жеке адам, оның психолгиялық
жағдайы деп біледі.
Тәсілдердің үшінші тобына эмпирялық, тәжірибелік әдістүрлері жатады.
Бұл тәсілдеріді сандық тәсілдері деп те атайды.
Саясаттану ғылымы қоғам өмірнде мынадай негізгі функциялар атқарады: 1.
гнесеологиялық(танымдық) – саяси өмірді шынайы бейнелеу, оның объктивті
байлансыстары мен заңдылықтарын ашып көрсету; 2. аксеологиялық (баға беру)
– саяси құбылыстарға талдау жасап, бағалай білу; 3. саяси мәдениетті
қалыптастыру; 4. саяси өмірді ұтымды түрде жаңартуға бағыт сілтеу.
Көріп отырғанымыздай, саясаттану – қоғамды танып білуде, ондағы саяси
процестерді талдап, баға беріп, сол негізде өзіңнің пікініңді, позицияңды
бекітуге мол жәрдемі тиетін ғылым.
Саясат – түп тамыры терең, сан қырлы, қатпарлы күрделі құбылыс. Саясат
туралы ғылым тарихында оның пайда болуын, ішкі мәнін әртүрлі қырынан
көрсетуге ұмтылған көптеген теологиялық , натуралистік, әлеуметтік, сыншыл-
рационалдық деп аталатын және т.б. ағымдар, түсініктер мен көз қарастар
қалыптасқан. Олардың бәрін жіктеп жатпай-ақ, саясаттаудың әлеуметтік
процестерді, сан ғасырлық саяси даму тәжірибесін саралаудағы ғылыми
жетістіктерніне сүйене отырып, саясаттың пайда болуы мен мәніне бірден
көшейік.
Бізді қоршаған табиғи ортаның өзгеруі мен дамуы объективті
заңдылықтарға бағынатынын білеміз. Ол заңдылықтар адамнан, оның санасынан
тысқары, тәуелсіз. Сондай-ақ, қоғамның өзгеруі мен дамуы да объективті
заңдылықтар негізінде жүріп отырады. Бірақ, қоғамды құраушылар да,
жасаушылар да, адамдар. Олар саналы түрде алдарына мақсат қояды, іс-әрекет
жасайды, дүниені, тіршілікті өзгертуге ұмтылады, сол жолда өзара қарым-
қатынасқа түседі, топтасады. Қоғам өміріндегі объективті қаңдылықтар,
адамдардың іс-әрекеті, тіршілік тынысы арқылы күшке еніп, көрініс табады.
Саясат құбылысы қоғамның осы мәнінен, осы ерекшелігінен туындап, бастау
алады. Басқаша айтқанда саясат – алдында қойған мақсаты бар адамдардың
белсенділігінен туындайтын, олардың талап-сұранымдарынан бастау алатын
құбылыс.
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсында саясаттың кейбір нышандары ғана пайда
болады. Бұл кезеңде адамдар арасындағы қарым-қатынас – негізінен
қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрғысынан реттеліп отырады. Кейіннен,
уақыт озған сайын материалдық өндіріс күрделене түседі, қоғамның жіктелуі
күшейеді, адамдар қоғамдағы орнына, материалдық жағдайына, мақсат-
мүдделеріне қарай топтаса бастайды, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас
қайшылықты сипатқа ие болады. Бұрынғыша, салт-дәстүр, немесе діни наным
шеңберінде ол қатынастарды реттеу мүмкін боламайды. Адамдар мен топтар
арасындағы қатынастарды реттей отырып, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын
сақтай алатын әлеуметтік күштің, билік тұтқасының пайда болуына деген
объективті қажеттілік туды.
Сөйтіп, қоғамдағы орнына, материалдық жағдайларына байланысты
адамдардың топтасуы, ортақ маңызды мүдделерін қорғауға және іске асырыуға
ұмтылуы, олардың арасынадғы қарым-қатынастарды реттеу қажеттілігі билік
тұтқасын өмірге әкелді. Осы негізде қоғамның саяси негіздері қалыптасады.
Саясат түрлі топтардың қоғамдық жағдайларынан туындайтын түпкілікті
мүдделерді іске асыруға байланысты және оған билік тұтқасы тарапына әсер
етуді, кірсуді қажет ететін жерде, сол арқылы қоғам тұтастығын сақтау
керектігіне орай өмірге келді.
Саясаттың негізінде топтасқан адамдардың түпкілікті мүдделері жатады.
Ол мүдделердің мәні – адамдардың қоғамда алатын орнымен , материалдық
жағдайымен , өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік тұрғыдан қатынасымен
анықталады. Ендеше түрлі әлеуметтік топтардың жағдайын, орнын ,мүдделерін
өз мәндерінде бейнелеу арқылы саясат – қоғамдық сананың формас болып
табылады. Әрине мүдделер сан алуан. Оның бәрі саяси мәнді емес. Саяси
мәнді мүдде түпкілікті әрі терең. Ол адамдардың қоғамдық жағдайын,
тіршілігінің мәнін, көкейкесті талап-сұранымын, негізгі мақсатын
бейнелейді. Түпкілікті мүддесін анық ұғынып сезінген адам, немесе топ қана
саяси процеске белсене араласа алады.
Сөйтіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттанудың пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері
САЯСАТТАНУ, ОНЫҢ ПӘНІ, ӘДІСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Мемлекеттің экономикалық саясатын жетілдіру шаралары
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМДЕР МОДУЛІ дәрістер
Саясат субъектілерінің сипаты
Саяси білімді меңгеру Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру факторы ретінде
Әлеуметтік коммуникацияның журналистік, психологиялық, философиялық, семиотикалық табиғаты
Пәндер