Шығыс Қазақстан облысының экологиялық туризм дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ
ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.1 Табиғи рекреациялық ресурстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Әлеуметтік . экономикалық ресурстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Туристік инфрақұрылым жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ
ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Ерекше қорғалатын табиғи территориялар . экологиялық туризм
нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Шығыс Қазақстан облысы туризмінің дамуында экологиялық туризм
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТУРИЗМ ДАМУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

3.1 Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық туризмнің даму
тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Шетелдік және отандық туристерге ұсынылатын маршруттар ... ... ...
3.3 Шығыс Қазақстан облысында экологиялық туризм дамуының
мәселелері мен болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Экотуризм – жақсы сақталған табиғи ортаның аудандарына саяхат жасау, сол жердің жаратылысы мен мәдени – этникалық ерекшеліктерімен танысу. Мұндай саяхаттан экожүйелер бұзылмайды, қайта одан экономикалық жағдайлары туады да, жергілікті халыққа табиғатты қорғау тиімді болады.
Экотуризм – ластанбаған табиғи аудандарға саяхат жасау, табиғаттың сұлулығымен, өсімдіктері мен аңдарымен қызықтыру, басқа да мәдени ерекше ліктерімен танысу.
Экотуризм – бұл көпшілікке арналған туризм емес, ол табиғи аймақтарда туристердің үлкен ағымын қолдауға бағытталған, керісінше, Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға және жергілікті тұрғындарға экотуризмнің жүзеге асырылуынан табыс әкелуге мүмкіндік беретін баламаәдіс болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының территориясы өзінің бай табиғи ресурстарымен, ерекше қорғалатын табиғи территорияларымен ерекшелінеді.
Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының экотуризм дамуына өзіндік үлес қосатын аймақ, сонымен қатар экологиялық туристік объектілер санын көбейту.
Жұмыстың басты мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының экотуризмін дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау және экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру.
Жұмыстың міндеті: Шығыс Қазақстан облысының экотуризмнің қазіргі экологиялық нысандарына баға беріп, болашақта экотуризмді жоғарғы деңгейге жеткізу үшін, осы облыстағы экологиялық жағдайдың мәселесін шешу керек.
Сонымен, бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған Шығыс Қазақстан облысының экотуризм даму жағдайы.
Мәселен Батыс Алтай тауының табиғаты келген қонақтарға өте жақсы әсер қалдырады. Бұл аймақта табиғи қалпында сақталған Катонқарағай ұлттық саябағы, суының тазалығы жағынан дүние жүзінде бірең сараң көлдердің қатарына қосылатын Марқакөл көлі және шипалы емдік суымен әйгілі Рахман бұлағы орналасқан. Ал, облыстың оңтүстік аймағында жағалауында емдік қасиеті бар батпақ пен суы тұзды Алакөл көлі орналасқан. Жалпы Алакөл минералды сулары деректеріне сүйенсек, ертерекке кетеді. Соның бірі Барлық аңғарында Арасан-Тау тау етегінде теңіз деңгейінен 579 м биіктікте, Алакөл көлінен 24 шақырымда орналасқан Барлық-Арасан емдік сауықтыру орны. Бұл аталған объектілерден басқада көптеген табиғи, тарихи-мәдени объектілер жеткілікті.
Келесі тарауларда, бүгінгі таңда экотуризмнің болашақ перспективалары және экотуризм мәселелеріне байланысты мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілген. Жұмыстың қандай дәрежеде жүргізіліп жатқаны, нақты сандар көрсетіліп анықталған.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...

1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ
ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .

1.1 Табиғи рекреациялық ресурстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.2 Әлеуметтік – экономикалық ресурстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .
1.3 Туристік инфрақұрылым жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

2 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ
ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Ерекше қорғалатын табиғи территориялар – экологиялық туризм

нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2.2 Шығыс Қазақстан облысы туризмінің дамуында экологиялық туризм

рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТУРИЗМ ДАМУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

3.1 Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық туризмнің даму

тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
3.2 Шетелдік және отандық туристерге ұсынылатын
маршруттар ... ... ...
3.3 Шығыс Қазақстан облысында экологиялық туризм дамуының
мәселелері мен
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Экотуризм – жақсы сақталған табиғи ортаның аудандарына саяхат жасау,
сол жердің жаратылысы мен мәдени – этникалық ерекшеліктерімен танысу.
Мұндай саяхаттан экожүйелер бұзылмайды, қайта одан экономикалық жағдайлары
туады да, жергілікті халыққа табиғатты қорғау тиімді болады.
Экотуризм – ластанбаған табиғи аудандарға саяхат жасау, табиғаттың
сұлулығымен, өсімдіктері мен аңдарымен қызықтыру, басқа да мәдени ерекше
ліктерімен танысу.
Экотуризм – бұл көпшілікке арналған туризм емес, ол табиғи аймақтарда
туристердің үлкен ағымын қолдауға бағытталған, керісінше, Қазақстанның
табиғи байлықтарын сақтауға және жергілікті тұрғындарға экотуризмнің жүзеге
асырылуынан табыс әкелуге мүмкіндік беретін баламаәдіс болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының территориясы өзінің бай табиғи
ресурстарымен, ерекше қорғалатын табиғи территорияларымен ерекшелінеді.
Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының экотуризм дамуына өзіндік
үлес қосатын аймақ, сонымен қатар экологиялық туристік объектілер санын
көбейту.
Жұмыстың басты мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының экотуризмін дамуы
үшін қолайлы жағдайлар жасау және экономиканың табысты салаларының біріне
айналдыру.
Жұмыстың міндеті: Шығыс Қазақстан облысының экотуризмнің қазіргі
экологиялық нысандарына баға беріп, болашақта экотуризмді жоғарғы деңгейге
жеткізу үшін, осы облыстағы экологиялық жағдайдың мәселесін шешу керек.
Сонымен, бүгінгі күні өзекті мәселеге айналған Шығыс Қазақстан
облысының экотуризм даму жағдайы.
Мәселен Батыс Алтай тауының табиғаты келген қонақтарға өте жақсы әсер
қалдырады. Бұл аймақта табиғи қалпында сақталған Катонқарағай ұлттық
саябағы, суының тазалығы жағынан дүние жүзінде бірең сараң көлдердің
қатарына қосылатын Марқакөл көлі және шипалы емдік суымен әйгілі Рахман
бұлағы орналасқан. Ал, облыстың оңтүстік аймағында жағалауында емдік
қасиеті бар батпақ пен суы тұзды Алакөл көлі орналасқан. Жалпы Алакөл
минералды сулары деректеріне сүйенсек, ертерекке кетеді. Соның бірі Барлық
аңғарында Арасан-Тау тау етегінде теңіз деңгейінен 579 м биіктікте, Алакөл
көлінен 24 шақырымда орналасқан Барлық-Арасан емдік сауықтыру орны. Бұл
аталған объектілерден басқада көптеген табиғи, тарихи-мәдени объектілер
жеткілікті.
Келесі тарауларда, бүгінгі таңда экотуризмнің болашақ перспективалары
және экотуризм мәселелеріне байланысты мемлекет тарапынан атқарылып жатқан
жұмыстар көрсетілген. Жұмыстың қандай дәрежеде жүргізіліп жатқаны, нақты
сандар көрсетіліп анықталған.
Кіріспе қосу керек.

1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 Табиғи ресурстары

Шығыс Қазақстан облысы көлемі бойынша ең кіші аудан. Қазақстан
территориясының 10% үлесін ғана алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы 1932
жылы қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша 1997
жылдың 3 мамырында Семей облысының территориясы біріктірілді.
Облыс республиканың солтүстік шығысында орналасып, оңтүстікте Қытаймен
және Алматы облысымен, солтүстік – шығыста – Ресеймен, батыста Қарағанды
және Павлодар облыстарымен шектеседi.
Облыста 19 әкімшілік - аумақтық бірлік, соның ішінде 15 аудан, 10 қала,
841 кент пен ауыл, 255 ауылдық және кенттік округ есепке алынған. 2010
жылғы 1 қаңтарға облыс халқының этникалық құрамы мынадай: қазақтар – 53,2%,
орыстар – 41,7%, өзге ұлттар – 5,1%. Халқы 1442,5 мың адам, орташа
тығыздығы еліміз бойынша шамалы төмен, халқының тығыздығы 1 шаршы шақырымға
5,1 адамнан келеді.
Жер бедері. Шығыс Қазақстан облысының жаңа шекарасы бойынша үстіңгі
Ертіс бассейнінде орналасқан, ол облысты оң жағалауға және сол жағалауға
бөлді. Шығыс Қазақстан блысының ауданы 283,3 мың км.2 алып жатыр.
Солтүстіктен оңтүстікке 30, яғни 480-ден 510 с.е. және батыстан шығысқа
100- қа жуық, яғни 770-ден 870 ш.б. созылып жатыр. Облыстың қиыр солтүстік
нүктесінің координаты 51004, оңтүстігі 45050 с.е., батысы 76050, шығысы
87020 ш.б. Бұл территорияға мынадай Еуропаның 3 мемлекеті еркін сияр еді:
Болгария (111 мың км.2), Греция (132 мың км.2) және Албания (29 мың км.2).
Шығыс Қазақстан облысының географиялық орны өте қолайлы болып келеді.
Ол Алтай тауы және Сарыарқаның шығыс бөлігін қамти отырып, Ертістің жоғарғы
алабында орналасқан. Оның аумағына төбелі жазықтар мен аласа таулар, биік
таулар және ірі тауаралық қазаншұңқырлар мен аңғарлар енеді. Ао облыс
аумағының бірталай бөлігін қатты қиылысқан таулы және ұсақ қыратты рельеф
алып жатыр. Шығыста Кенді Алтайдың жоталары орналасқан: Иванов (2276 м),
Қоржын ( 2565 м), Көксу (2028 м), Тигрец (2007 м), Оба (1967м), Үлбі (1895
м) және т.б., Оңтүстік Алтайда: Қатын ( Мұзтау 4506 м), Оңтүстік Алтай
(3483 м), Сарымсақты (3373 м), Күршім (2645 м), Азутау (2385м), Нарын (1386
м) және т.б Оңтүстігіне қарай Қалба жотасы (1660 м) мен Зайсан қазан
шұңқыры, Тарбағатай (2992 м), Маңырақ (2053 м) және Сауыр (2930 м) жоталары
орналасқан. Облыстың батыс бөлігін шығыс Сарыарқаның ұсақ қыраты алып
жатыр.
Шығыс Қазақстанның көп бөлігін Сарыарқаның шығыс жағы алып жатыр. Ұсақ
шоқылы таулар тар, көбінесе шатқал тәрізді болып келетін өзен аңғарлары
тілімденіп, өте әдемі түрге ие болған. Көптеген тау төбелер мен жартастар
айрықша таңғажайып пішіндерімен көз тартады. Оңтүстік бөлігін Шығыс тауы
1305м биіктікте, оңтүстік-шығысында Тарбағатай жотасы, солтүстік-шығысында
Колба жотасы, биіктігі 1600м, Солтүстігін Ертіс маңы жазығы, оңтүстігін
Алакөлдің және Сасықкөлдің қазан шұңқырлары алып жатыр.
Ауданның оңтүстігі мен шығысы Қазақстанның мемлекеттік шекарасы бойымен
созылып Жоңғар Алатауы, Сауыр-Тарбағатай мен Алтайдың биік тау жоталарына
барып тіреледі. Шыңдарының көпшілігі мәңгі қар мен мұздықтар жамылған.
Алтайдың ең биік шыңы – Ақсүмбе. Шығыс Қазақстандағы Үлбі өзені
аңғарында жылына 1500мм жауын-шашын түседі. Бұл еліміздің ең жоғарғы
көрсеткіші. Таулардан бастау алған көптеген өзендер мен тау етегіндегі
құнарлы жазықтар мен ірі тауаралық қазаншұнқырларды суландырады.
Шығыс Қазақстанның басты су күретамыры – Ертіс. Аудан аумағындағы ірі
көлдер Зайсан, Алакөл, Марқакөл. Зайсан көлінде Бұқтырма ГЭС-ң салынуына
байланысты көтеріле келіп, су қоймасының едәуір бөлігін қамтитын болды.
Шығыс Қазақстан Ертістің оң жағын Кенді және Оңтүстік Алтайдың жоталары
таулы үстірттері, тау аралық қазан шұңқырлар алып жатыр. Ең биік жер,
облыстың солтүстік-шығысындағы “Мұзтау шыңы”. Оның биіктігі 4506м.
Оңтүстік Алтайдың Нарын, Самырсақты, Тарбағатай, Күршім, Оңтүстік
Алтай, Азутау сияқты жоталары 3000 метрден асады. Алтай тауының ұзындығы
батыстан – шығысқа қарай 2000 км созылып жатыр. Оңтүстігіндегі табиғи
шекарасы қара Ертіс өзенімен Зайсан, батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс
Сібірден Гоби жазығына дейін, ал батыс бөлігі Сарыарқаның Колба жотасы
арқылы бөлінеді. Солтүстік шығыста Шығыс Азияның Шапшалы жотасы батыс
Саянмен жалғасады.
Алтай тауы солтүстік батысында Батыс Сібір жазығынан, оңтүстік
шығысында Гоби шөліне дейін аралықта жатқан ірі тау жүйесі. Алтай таулы
өлкесінің Қазақстанға оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Алтай тауы түркі,
монғол тілдерінде "алтын" деген мағынаны білдіреді. Алтай тауын Оңтүстік
Алтай, Орталық Алтай немесе Кенді Алтай және Қалба деп үшке бөлуге болады.
Ең биік шыңы Мұзтау 4506м.
Табиғаттың әр түрлілігі бойынша Шығыс Қазақстан Республиканың
оңтүстігіне ғана орын береді, ал жер қойнауының байлығы бойынша Оралмен тең
тұрады.
Табиғи – ауа райы тұрғысынан алғанда Шығыс Қазақстан теңдесі жоқ өңір
болып табылады. Онда дала, шөлейітті және тау тайгасы ландшафттары көршілес
тұрады. Облыста ормандар облыс аумағының 30% алып, республика орман
қорларының шамамен 70%-ын құрайды.
Оңтүстік беткейінде қоңыр және қара топырақ кездеседі. Онда шөлейт және
дала өсімдіктері аралас өседі. Солтүстік беткейінде 600-1400м биіктік
аралығында дала, одан жоғары 2200м-ге дейін аралас орман, 2400-ден жоғары
субальпілік және альпілік өсімдіктер тараған. Одан жоғары мәңгі қар мен
мұздықтар жатыр.
Климаты. Шығыс Қазақстан облысының климаты тым континентті. Қаңтардың
орташа температурасы -16-200С, шілдеде орташа температурасы +20+230С, тауда
+16+180С дейін барады. Жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері 150-ден 1000-
1500-мм дейін барады.
Оңтүстік-шығысқа қарай континенттігі арта түседі. Тау етектері мен
төменгі беткейлерінің климаты ылғалдылау келеді. Шығыс Қазақстан облысының
көп бөлігін тау алып жатқандықтан Монголиядан келетін суық ішке ене
алмайды.
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Шығыс Қазақстанның өсімдік топырағы
барынша алуан түрлі. Жалпы алғанда Кенді Алтайда өсімдіктер әлемінің 1000
артық түрі бар, әртүрлі құстардың 300-дан артық түрі, сүт қоректілердің 100-
ге жуық түрі мекендейді. Мүнда тік белдеудегі ландшафт жүйесі қалыптасқан.
Солтүстік және батыс тау етектерінің 400-700 м биіктігінде шалғынды әртүрлі
өсімдіктер мен астық тұқымдасты дала, ал 1200-1700 м биіктіктігінде жусанды
бетегелі дала қалыптасқан. Бұл таулы және далалы белдеуінде қара және қара
қоңыр топырақ қалыптасқан. Таулы орман белдеудің 70% алып жатыр. Мүнда
жалпақ жапырақты орман өседі. Орталық және Оңтүстік ауданда 2200-2500 м
биікте қылқанды орман өседі. Бұл жерді самырсынды, бал қарағайлы ағаштар
өседі. Одан жоғары биік таулы альпілік белдеуде субальпілік бұталар мен
шалғындар өседі. Сонымен қатар мұнда таулы тундра, одан жоғары жағында
жартастар, тас қорымдар, қар алаңдары мен мұздықтар алып жатыр. Тау
беткейлерінен қара топырақ, одан жоғары ашық күлгін топырақ тараған. 700 м
жоғары астық тұқымдас шалғын шөптер мен қылқан жапырақты ормандар
басталады. Осыдан әрі самырсын, шырша, майқарағай аралас орман. Субальпілік
және альпілік шалғындар көбінесе жануарлар дүниесінен таулы аудандарға тән
түрлері тараған. Өсімдіктердің ішіндегі ең маңызды дәрілік шөптер: итмұрын,
цитрус, қайың, емен тағы басқа шөптер. Сонымен қатар дәрілік шөптердің
жемістері қарақат, қызылқат, долана, дала жидегі кездеседі. Орманды
алқаптың 1638,9 мың га осы өңірде. Бұл аймақ еліміздегі орман алқабына бай
аймақ. Сонымен мәңгі жасыл жапырақты өсімдіктің сан мың түрі осында.
Көп облыстың топырағы өсімдік жамылғысына биіктік белдеулік тән.
Солтүстік – батысындағы жазықтың қара топырағында шөпті қалалық өсімдік
өседі. Оңтүстікке қарай Ертістің солтүстік жағындағы қара топырақ бозды
бетегелі, Зайсан қазан шұңқырындағы боз қоңыр топырақты жусанды бетегелі,
сүр топырақта жусанды өсімдіктер өседі. Таулы өлкелердің ең төмен белдеуін
таулы долана, одан жоғарырақ қайың, көктерек, майқарағай, шырша биіктегі
беткейлерде субальпілік және альпі шалғындары өседі. Алтайда шөлейтке тән,
орманға және биік тауларға тән жануарлар кездеседі. Жазда мекен
ететіндерден тырна, сарыала қаз, үйрек, аққу.
Үлкен өзендерінде бекіре, тайман, алабұға, ал кішігірім өзендерінде
хариус кездеседі.
Алтайдың тау орманының күлгін топырағында майқарағай, қарағай, самырсын
өседі. Тоғайларында итмұрын, қарақат, тауаралық алаңдарында күлгінді,
кәдімгі тарғақ шөп, қоңырбас шөп шығады. Оңтүстік Алтайдың қоңыр
күлгін топырағында балқарағай жайқалады. Биік таудағы альпі шалғынды
шегіргүл, жидек сарғалдақ, атқонақ өседі. Алтайда қоңыр аю, марал,
солтүстік бұғысы, таутеке, қар барысы; құстардан саңырау құр, шіл, тоқылдақ
және тағы басқалары мекендейді. Терісі бағалы кәсіптік маңызы бар аңдардан
бұлғын, ақкіс, қара күзен, сібір күзені тіршілік етеді. Су тышқаны, жанат
тәрізді ит, америка күзені Алтайға жерсіндірілген.
Су ресурстары. Ең басты су артериясы – Ертіс (ұзындығы 4248 км2, облыс
көлемінде 1311 км2). Ірі көлдері: Зайсан, Алакөл (2650 км2), Сасықкөл (736
км2), Марқакөл (455км2). Ертісте Бұқтырма, Жаңа Шүлбі және Өскемен су
қоймалары тұрғызылған.
Таулы бөлігінде шағын тұщы су көлдері көп кездеседі. Ертіс өзенінде
Бұқтарма бөгені салынған. Нарын мен Бұқтарманың тау беткейлерінен
басталатын салаларының энергетика маңызы зор. Тау бөктерінде бұлақтар да
көп. Бұл аудан суға өте бай.
Шығыс Қазақстан өзендері өте тығыз орналасқан. Таулары өте қатты
тілімденген. Таулы өзендер 70 астам, ал сарқырамалар 3500-дей үлкенді,
кішілі көлдер бар. Суы тұщы минералды 0,07% құрамында йод, фтор, бром тағы
басқалары бар. Балыққа өте бай (сазан, табан, хариус, майқан, қара балық)
түрлері кездеседі. Өзеннің бастауында андатра кездеседі.
Территориясының оңтүстік – шығысынан, солтүстік – батысына қарай
Қазақстанның аса ірі су магистралі және энергияның қуатты көзі – Ертіс
өзені ағып өтеді. Ертіс арқылы өтетін Семей – Барнаул жолы еліміздің Батыс
және Шығыс – Сібір, Оңтүстік Қазақстан мен Орта азия мемлекеттеріне шығуға
мүмкіндік береді.
58,4млрд кв.т Үлкен көлі, Марқакөл, Зайсан көліне Бұқтарма СЭСі
салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналған. Жауын-шашынның жылдық мөлшері
солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 155 мм дейін түседі. Вегетациялық кезең
солтүстігінде 169, оңтүстігінде 198 күнге созылады.
Алтай тауына батыстан және оңтүстік – батыстан соққан желдер ылғал алып
келеді, сондықтан тау беткейлерінде жылына 600 мм-ге дейін жауын-шашын
жауады. Тауға биіктеген сайын жауын-шашын мөлшері көбірек түседі. Үлбі
өзені бастау алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге дейін жауады. Тау
етегінде жауын-шашын мөлшері 250-300 мм. Қардың түсуі тау етегінде 20-30
см, ал тауға биіктеген сайын 2 м дейін қалыңдайды.
Алтайдың Шығыс бөлігінде өзендер көп. Басты өзендері Ертіс және оның
салалары: Бұқтарма, Үлбі, Күршім, Нарын. Өзендері мұздық және қар суымен,
жер асты, жауын-шашын суымен қорланады. Ертіс өзенінің жылдық су ағыны
Бұқтарма, Өскемен су қоймалары арқылы реттеліп тұрады. Бұқтарма, Өскемен су
қоймаларына бірнеше су электр станциялары салынған.
Алтай өзендері Шығыстың су энергетикалық ресурстарының көбін құрайды.
Алтай көлге де бай. Ең ірілері – Зайсан, Марқакөл көлдері. Марқакөл тау
ішінде – абсолюттік биіктігі 1450 м жерде орналасқан. Суы тұзды. Оның
өзіндік қайталанбас әсем табиғаты мен табиғи байлығын қорғау үшін қорық
ұйымдастырылған. Зайсан көлінің табиғи жағдайы Бұқтырма су қоймасын салуына
байланысты көп өзгерді. Қазір Бұқтырмамен жалғасып жатыр.
Зайсан көлі Алтай мен Сауыр – Тарбағатай тауларының аралығындағы
қазаншұңқырда орналасқан. Бұл – ағынды, суы тұщы көл. Зайсанға бірнеше өзен
келіп құяды да одан Ертіс өзені ағып шығады. Көлдің беті қыста қатады, ал
жазда судың температурасы +26°С дейін жылиды. Судың деңгейі жаздың алғашқы
жартысында көтеріледі. Зайсан кәсіпшілік маңызы бар балыққа бай. Онда
балықтың 23 түрі кездеседі. Өзен көлігін дамытуға қолайлы.
Бұқтырма өзені – Ертістің оң жақ саласы. Бұл өзен Оңтүстік Алтайдың
мұздықтары мен қарынан басталады. Бұқтырма жағалауы жартасты, арнасы
шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма
өзені. Өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Су
деңгейінің шұғыл көтерілетін кезі маусым айы, ал арнасының төмен түсетін
кезі қыс айлары. Өзен ағаш ағызуға қолайлы әрі электр энергиясын өндірудің
тиімді көзі болып табылады.
Бұқтырма өзенінің аңғары шатқал – шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің
әрбір бұрлысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен
жағалауларының биіктігі 200 метрге дейін жететін жартасты, тік құлама
беткейлі болып келеді. Өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш,
бұталар өседі.
Ертіс – Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтай
тауының батыс беткейінен бастау алып Зайсан көліне құяды, ол дүние
жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248 км, ал Қазақстан
жеріндегі арнасының ұзындығы 1700 км. Ертіс өзені Зайсан көлі мен Бұқтырма
бөгетінен кейін Алтай тауының Қалба, Нарын жоталарының тау аралықтары мен
тау шатқалдары арқылы ағады. Ертіс өзеніне көптеген салалар келіп құяды.
Өскемен қаласынан төменірек тұста кең арнамен Ертіске Үлбі мен Об өзендері
келіп қосылады. Бүл өзен ағысының жылдамдығын арттырады. Ал Семей қаласының
маңында жазықтыққа шыққаннан кейін өзен баяу және жай ағады. Ертіс өзені
арзан электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Ертіс бойына бірнеше су
электр станциялары салынған. Өскемен және Бұқтырма СЭС-нан өндірілген
энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары пайдаланады.

2. Әлеуметтік – экономикалық ресурстар

Шығыс Қазақстанның өзіндік ерекшелігі мол, дәстүрлі ескерткіштердің
бірі - мұртты қорғандар. Олар қатарынан орналасқан, кіші қорғаннан
шығысқа қарай тізбектелген екі тас қатардан тұратын үлкен және кіші
қорғаннан тұрады. Мұртты қорғандар туралы түсінік айқын болуы үшін
Қазақстан территориясынан және басқа жерлерден табылып, жіктелген
қорғандарға сипатта бере кетейік.
1927 жылы орыс өлкетанушысы Л.В.Семенов қазіргі Ақмола облысының
жерінен сәкілі немесе мұртты тас қорғандарды тауып, суреттеп жазған.
Себебі ондай қорғандарға қазба жұмысын жүргізгенде адам қаңқасы мен мал
сүйектері кездескен. Жарты ғасырдан кейін ғалымдар мұртты қорғандардың
құпиясын ашты.
Берел қорымындағы ең құнды, әлемдік маңызды ерекшк археологиялық
олжалар 1999 жылдың мамыр – маусым айларында №11 обаны толығымен қазып,
ашқан кезде табылады. Аталған обаның диаметрі – 30 метрден астам,бастапқы
биіктігі 2 метрден асатын үйіндісінің сыртқы пішіні сопақшаформалы болып,
оның төбесінің ортасына таман тұсы төмен қарай ойысып, отырып кеткен.
Берел қорымы Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы биік таулы аңғарда
(теңіз деңгейінен 1100 м), ақ берел өзенінің Бұқтырмаға құяр мүйісінен орын
тепкен Берел ауылының оңтүстік – батысқа қарай 7-8 км жерде орналасқан.
Солтүстік шығыстан оолтүстік шығыстан оңтүстік – батысқа қарай созылып
жатқанаңғардың ені 2 км-ден асады. Аңғардың бас – аяғы қайың, балқарағай,
самырсын, шырша аралас орманмен көмкерілген Алтайдың Кемпір, Қайнар,
Қарашоқы, Бетеу деп аталатын жоталарымен қоршалған, табиғаты ерекше көркем
жер.
Яғни Алтайдың адамзат өркениетінің алтын бесігі, жер жаннаты екенін
археологиялық зерттеулер, жазба деректер, ауызша аңыз - әңгімелер күн
өткен сайын дәлелдеп отыруы да заңдылық болар деп ойлаймыз.

1.3 Туристік инфрақұрылым жағдайы

Туризм инфрақұрылымы дегеніміз – туристік орналастыру құралдары
(көліктің, тамақ, ойын –сауық құралдары, танымдық, сауықтыру, спорттық және
өзге де мақсаттағы объектілердің туристік қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың экскурсиялық қызмет және гид қызметтерін көрсету ін ұйымдастыру
жиынтығын айтамыз.
Жалпы туристік инфрақұрылым келесі бірнеше сектор арқылы немесе
қызмет көрсету түрлері бойынша танып білеміз.
1. Көлік секторы
2. Орналастыру секторы
3. Тамақтандыру секторы
4. Көңіл көтеру секторы
5. Ақпараттық – жарнамалық сектор
Шығыс Қазақстан облысының туристік инфрақұрылымына тоқталсақ.

Кесте 1
Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру объектілері
жұмысының негізгі көрсеткіштері*

Көрсеткіштер 2006ж 2007ж 2008ж 2009ж 2010ж
Нөмірлер саны, барлығы, бірлік 2676 3165 3203
Соның ішінде "люкс" дәрежелі 267 217 254
Бір жолғы сыйымдылығы, саны 8516 9903 9801
Ұсынылған төсек – тәулік 486195 594399 456167
Толтырылымдылығы (%) 15,6 16,4 12,8
Төсек–тәуліктің орташақұны,теңге 2149,8 1832,5 2248,3
Есепті кезең ішіндегі 1125 1177 1276
қызметкерлердің орташа алғандағы
жалпы саны, адам
Құрылыстың жалпы алаңы,ш.метр 324914 300646 287950
Одан: нөмірлер алаңы 212370 181511 182254

* Дерек көзі: Шығыс Қазақстан облысының статистика басқармасы

Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру объектілері жұмысының негізгі
көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, 2008 жылы нөмірлер саны 3203 құраған,
соның ішінде люкс дәрежелі орындар 254 орын, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш
217 алдындағы 2006 жылымен салыстырғанда 489 өскен. Бұл нәтижелердің
барлығы облыстағы қонақ үй кешенінің жетілдіріп келе жатқандығын
дәлелдейді.

Кесте 2
Қонақ үйлер мен басқа да орналастыру объектілерін санаттары
бойынша бөлу*

2006ж 2007ж 2008ж 2009ж 2010ж
Барлығы: 65 67 70
Соның ішінде:Қонақ үйлер
5* (5 жұлдызды) - - - - -
4* (4 жұлдызды) 1 1 2
3* (3 жұлдызды) 2 2 4
2* (2 жұлдызды) 2 3 2
1* (1 жұлдызды) 1 1 2
Санаты жоқ 59 60 60

* Дерек көзі: Шығыс Қазақстан облысының статистика басқармасы

Төмендегі кестеден көріп отырғанымыздай, Шығыс Қазақстан облысында
қонақ үйлер мен басқа да орналастыру объектілерін санаттары бойынша
бөлінген. Санаты жоқ объектілер 2008 жылы 60 жетті. Бес жұлдызды қонақ
үйлер жоқ, төрт, үш, екі жұлдызды қонақ үйлердің саны өте аз. Сондықтан
3,4,5 жұлдызды қонақ үйлер құрылысын қолға алу қажет

Кесте 3
Туристердің қатынас құралдары*

Қызмет көрсетілген туристер
Әуе Темір жол Қалааралық Өзге де құрлық
көлігімен көлігімен автобуспен құралдарымен
2006 ж
Резиденттердің(шығатын) 1618 25 6324 188
Резидент емес (келген) 355 74 114 81
Ішкі (экологиялық) 1365 182 2636 14727
туризм
2007 ж
Резиденттердің(шығатын) 1868 25 7845 424
Резидент емес (келген) 109 69 114 259
Ішкі (экологиялық) туризм305 285 3603 25054
2008 ж
Резиденттердің(шығатын) 1548 15 4645 132
Резидент емес (келген) 524 17 6 766
Ішкі(экологиялық) туризм 149 128 4126 47611
2009 ж
Резиденттердің(шығатын)
Резидент емес (келген)
Ішкі (экологиялық) туризм
2010 ж
Резиденттердің(шығатын)
Резидент емес (келген)
Ішкі (экологиялық) туризм

* Дерек көзі: Шығыс Қазақстан облысының статистика басқармасы

Кестеге назар аударатын болсақ, талданған жылдар ішінде туристер
көбінесе қалааралық автобустармен қатынағанды автобустармен қатынағанды жөн
деп есептейді, сонымен қатар көліктің бұл түрі басқаларына қарағанда бағасы
жағынан арзан болып табылады.
Қазақстанда әуе көлігінің бағасы басқа мемлекеттермен салыстырғанда
қалааралық әуе қатынасы елде қайда жоғары болып келеді. Ал темір жол
қатынасы экологиялық туризм объектілеріне алыс болып келеді, бірақ бағасы
және ыңғайлығы жағынан қолайлы болып келеді.
Сол көлік түрлерінің үлесіне тоқталатын болсақ, ішкі туризмде 2008 жылы
2007 жылға қарағанда әуе көлігімен 156 адамға кеміген, теміржолмен қатынау
157-ге кеміген, ал автобустармен жүру 523-ке артқан.

2. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Ерекше қорғалатын табиғи территориялар – экологиялық туризм
нысандары

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар – мемлекеттік табиғи қорықтар,
ұлттық табиғи қорықтар, мемлекеттік қорықшалар, мемлекеттік зоологиялық
қаумалдар және де резерваттар.
Мемлекеттік табиғи қорық – экологиялық туризмнің негізгі объектісіне
жатпайды, бірақ экологиялық туризмнің буферлық зоналарда дамытуға болады.
Қорықтарда шаруашылық қызметтерді жүргізуге болмайды, мұнда тек қана
ғылыми жұмыстар жүргізіледі және де экологиялық маршруттарды ұйымдастыруға
болады.
Қорықтардың негізгі мақсаты – табиғат құбылысындағы жаратылыс
заңдарын сақтау және оқып білу.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы. 1976 жылы 4 тамызда Қазақ ССР
Министрлер Советінің осы қорықты ұйымдастыру туралы қаулысы шықты.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында,
Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол
солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан
Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1449,3 метрлік абсолюттік
биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі 3304,5 метр (Ақсу- Бас тауы).
Қорық үш бөлікке бөлінген: оңтүстік – таулы – орманды алқап – 6250 га,
ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр;
көл жағалауы – 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы
солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; солтүстік таулы – орманды
алқап – 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің
жоғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің
сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік
табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағында.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорықтың ұйымдастырудағы негізгі мақсат –
Оңтүстік Алтайдың табиғат кешенін, сондай – ақ бірегей альпі өзені Марқакөл
көлін табиғи қалпында сақтау.
Марқакөл – Алтайдың ірі су қоймасы. Көл созылған сопақша формалы,
солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Су жинайтын
бассейнінің көлемі 1180 кв. км құрайды. Көлдің ұзындығы – 106 км, ені – 6-
19 км, ауданы – 45 кв. км, жағалауының ұзындығы – 106 км, көлдің орташа
тереңдігі – 14,3 метр, максимальды тереңдігі – 24-27 метр. Көлдің шарасында
6,5 кубометр су жиналған.
Марқакөл көлінен басқа қорықтағы негізгі қорғау объектілері, олар:
Солтүстік Сібір таулары үшін қалыпты болып саналатын биік таулы ауданның
балқарағайлы, самырсынды және шыршалы ландшафтары; Марқакөлге ғана тән
майқан, хариус, талмабалық, теңгебалық түрлерінің жергілікті бірегей
балықтар әлемі, құрамына біздің республикамызда, тіпті дүние жүзінде сирек
кездесетін және құрып бара жатқан түрлердің көптеген қатары кіретін бай
және сан алуан құстар мен сүт қоректілер. Марқакөл көлінің пайда болуы
альпілік тектоникалық циклдің ширек ғасырлық кезеңіндегі мұз дәуірімен
байланыстырылады. Ол дәуірде жоғары көтерілулер мен жарылулардың
нәтижесінде қазіргі жоталар мен тауаралық ойпаттардың өзіндік жүйелері
пайда болды. Олар кейіннен мұз қатулардың әсеріне ұшырады. Мұның іздерін
Күршім жотасының су айырықтарынан анық байқауға болады. Марқакөл көлінің
қазаншұңқырына орташа таудың бөлшектенген, сүйір шыңды, тік беткейлі тау
бедері тән. Тау беткейлері терең өзен алаптарымен кесіп өтілген. Күршім тау
жоталарына таңқаларлық тау жұрнақтарынан құралған жартасты шыңдар мен тау
айдарлары тән. Көптеген таулардың ұшар бастары ірі сусыма тас сынықтарымен
жабылған, олар тастан құралған өзендермен- курумниктермен тау беткейінен
төмен қарай түседі. Жотаның солтүстік- шығыс бөлігі ірі үзік – үзік
шатқалдармен, каньондармен бөлінген. Ал бұлардың ортасында төменде
таңғажайып әдемі көкпеңбек альпі көлі жатыр. Азу тау мен Сорвенковский
белок жоталары үшін су айырықтарының бастары тегістелген, күмбез тәрізді
жоталы тау бедері тән. Су айырықтар кей жерлерде бөлек – бөлек жартастары
бар, кейде маңайы шашылған шойтастар мен плиталарға толы тегістелген жер не
жазық сипатты болып келеді. Мұнда альпі щалғындығы мен тау тундрасы
анағұрлым байсалды көрінеді, ал қалың ергежейлі қайыңдар мен талдардың
орнын аршалар басқан. Тау жоталарының баурайы төменде тау өзендері мен
бұлақтары ағып жатқан терең тайга бөлшектерінен тұрады және анағұрлым тік.
Көлдің жағалауы батыста, солтүстікте және солтүстік- шығыста ені 1-2 км
көл айдынын құраса, ал оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында Азу тау жотасы
көлге кіріге жанасатындықтан анағұрлым жіңішке болып келеді.Тау жоталарынан
көлге келіп түсетін салалардан пайда болған мүйіске ұқсас жерлер.
Климаты континенталды, қары қалың, қысы қатал, ал жазы қоңыржай жылы
болады. Марқакөл- Қазақстанның ең суық ауданы: ең төменгі температурасы
-550С дейін төмендейді (Орловка ауылының маңайы). Бұл жерде Оңтүстік
Алтайдағы жылдық ең төменгі орташа температура тіркелген (-410С), қаңтарда
орташа температура -25.90С болғанда, шілде айының ең төменгі орташа
температурасы +14.10С. Жазда температура +290С дейін көтерілсе, қыста -40-
440С, кейде -530С дейін төмендейді. Күндік орташа температура 0 градустан
жоғары деңгейде 162 күн, ал 0 градустан төмен деңгейде 203 күн тұрады.
Аязсыз кезең- 60-70 күн. Урунхай ауа- райын болжау жөніндегі постың
деректері бойынша көпжылдық орташа температура 0 градустан жоғары деңгейге
ауысатын күн- 5 мамыр. Жылдық жауын- шашын мөлшері 321- ден 731- ге дейін
ауытқиды. Айлық абсолютті ең жоғарғы жауын- шашын мөлшері 110-120- ға дейін
жетуі мүмкін. Жылдың суық кезінде (15 қазаннан 5 мамырға дейін) 230-266 мм
жауын- шашын жауады. Алғашқы қар қазан айының бірінші он күндігінде
байқалады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының бірінші он күндігінде, ал
кей жылдары қазанның аяғында қалыптасады. Қардың орташа қалыңдығы 40-70 см,
ал кей жылдары 150 см-ге жетеді. Қар 160- 170 күн жатады. Өзен
жағалауларында қар әдетте мамыр айының бірінші он күндігінде, тауда – мамыр
айының аяғында-маусым айының басында кетеді. Қар мамыр айының екінші он
күндігіне дейін жауады, кейде тіпті тамыз және қыркүйек айларында басталуы
мүмкін.
Жел көбіне оңтүстік шығыстан соғады. Бір жылда соғатын қатты жылдар мен
дауылдардың саны 6- дан 12- ге дейін. Ең қатты жел- жергілікті шүмек желі.
Ол кейде көктемде және жазда Марқакөл көлінің бетінде толқындарының
биіктігі 1-2 метр болатын дауыл тудырады. Келесі бір жел- жергілікті жерде
тихушка деп аталады. Ол оңтүстіктен соғады, көл бетіне қобалжу тудырады,
жергілікті ырым бойынша- бұл ауа- райының өзгеретінін білдіреді. Анда-
санда темірбек және маральник атты қатты дауылды желдер соғады. Кешкі және
түнгі солтүстік желі- урынхай желі жыл бойы солтүстікке қарай үнемі соғып
тұрады. Жағалауы аз тілімделген, ирек сызықты, кей жерлерінде аздап шығып
тұрған мүйістері мен кішкентай бұғаздары бар. Жағалауы көбіне лайлы,
батбақты, сонымен қатар малта тасты, қойтас тасты және құмды. Жағасында
қалың талдар, шоқ қайыңдар, шыршалар өседі, кей жерлері батпақ және жанаса
жайласқан шалғынды кеңістік болып келеді. Марқакөл көлінің түсі өзінің
әртүрлілігімен және әдемілігімен таң қалдырады: ашық күндері көл көк немесе
көгілдір, ауа- райының өзгеруіне байланысты қара сұр немесе күміс реңдес
түске енеді. Көл шарайнасы күні бойы әлденеше рет өзгереді. Көлдің суы
ультратұщы, өте жұмсақ, аздаған қышқыл, кальций тобының гидрокарбонат
класына жатады. Қыста көл қатады. Мұз құрсауы қазан айының екінші
онкүндігінде пайда болады, мұз қататын орташа уақыт- 20 қараша. Қалжыр
өзенінің бастауы қыста қатпайды, ал қыс жылы болғанда Марқакөл көліне
құятын кейбір тау өзендерінің арнасы қатпай қалады. Мұздың қалыңдығы 60-120
см-ге жетеді. Көл мұздан мамыр айының бірінші онкүндігінде ашыла бастайды,
ал толығымен мамыр айының аяғында ашылады. Көлге 95 ағын сулар келіп құяды,
ал Қара Ертістің негізгі саласы болып саналатын жалғыз Қалжыр өзені
(ұзындығы 128 км) ағып шығады. Көлге құятын өзендердің ішіндегі ірілері-
Тополевка- 23 км, Төменгі Еловка- 9,5 км, Матабай- 7,5 км, Жирен- Байтал-
7,5 км және басқа да анағұрлым жіңішке арналы (2-3 метр) және онша терең
емес (1-3 метр) және қарқынды жылдам ағысы бар кішкентай өзендер құяды.
Әдетте бұл тау өзендерінің жоғарғы ағысында сарқырамалар болады.
Марқакөл ойпатының топырақ қабаты тік белдеулікпен сипатталады.
Шалғынды- далалы белдемде шалғынды- шымтопырақты сілтісіздендірілген және
орманды- шалғынды топырақ (шығыс жағалау), сондай- ақ қаныққан қара топырақ
тәріздес шалғынды орман топырағы көп. Жағалауда шалғынды- батпақты және
жайылма сулы- шалғынды топырақ араласқан әртүрлі батпақты топырақтар көп
кездеседі.Жер бетіне жақын жатқан жер асты сулары учаскелерінде батпақты
шымтезекті- қопалы топырақ қалыптасады. Таулы- орманды белдемде таулы-
орманды, әлсіз және жабық күлгінденген таулы-шымтопырақты, шалғынды
оңтүстік және қара топырақ тәріздес таулы- орманды топырақ қалыптасады.
Таулы- шалғынды белдемде альпілік шымтезекті, күлгінденген, толық
қанықпаған (оңтүстік беткей бойынша) таулы- шалғынды субальпілік топырақ
жақсы қалыптасқан. Таулы- тундралы белдемде таулы- тундралы күлгінденген
және әлсіз және ірі қарашірік топырақ басым болады.
Қорықта жота баурайларын алып жатқан, кейде көл жағалауына дейін
түсетін балқарағайлы және самырсынды ормандар қалыпты жағдай. Ормандар үшін
аңық байқалатын экспозиялық орайластық тән. Тайга ормандары тәрізді
анағұрлым қалың ормандар солтүстік және батыс беткейлерде, сиректеулері-
шығыс, аздары- оңтүстік беткейлерде орналасқан. Ормандар жеміс бұталарының
көптігімен, қалың биік шөптерімен және бұзылмаған табиғи қалпымен таң
қалдырады. Жота беткейлерінің су айырықтарында шөптерге бай субальпілік
шалғын жақсы дамыған. Шөптердің ішінде көптеген марал тамырлары- сафлор
тәрізді левзей, сондай- ақ Алтай тұрғындары арасында аса жоғары бағаланатын
халықта қызыл тамыр аталатын тиынтақ көп кездеседі. Өзендер мен бұлақтардың
тасты арналарында өзінің қасиеті жағынан қиыршығыстық женьшеньге
(тамырдәрі) ұқсас атақты алтын тамыр- қызғылт семізот кездеседі. Таулы
тундрада тал мен қайыңнан өсіп шыққан таңқаларлық ергежейлі ормандар кең
таралған. Қарлы шыңдарда жаз уақытында да қыс тынысын сезуге болады, ал тау
етегінде көктем патшалығында болып, алғашқы тау жауқазының гүл ашуына куә
болуға болады. Осы жерден көз тартарлық Алтай тауларынын панорамасын және
Алтай тауларының тәңірі- Мұзтау тауын көруге болады.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы Оңтүстік Алтай таулы және
орманды- шалғынды дала аймағының орманды- шалғынды дала орташа және биік
таулы геоботаникалық ауданының шегінде жатыр. Қазақстанның оңтүстік
далалары, Орта Азияның жартылай шөлейттері және Оңтүстік Сібірдің тайга
ормандарының шекералас болуы, таулы жер бедері, әртүрлі климаттық жағдайлар
қорықтың өсімдіктер әлемінің өзінше ерекше және бай болуына әсерін тигізді.
Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және
22 түрлі бұта бар. Шөптесін өсімдіктер ішінде көпжылдық өсімдіктер.
Қорықтың өсімдіктер әлемінен 14 экологиялық топты атауға болады.
Мезофит тобы көп, өсімдіктердің жақсы білінетін биік таулы белдемі
психрофиттердің санының көп болуына себебін тигізеді. Өсімдіктер әлемініңде
гидрофиттер мен гигрофиттердің болуы ірі су қоймасының ашылуымен
байланысты. Петрофиттер жартастың жалаңаштануымен, а ксерофиты және
мезофиты- оңтүстік далалы беткейлермен ұштастырылады. Қорықта таралу аумағы
қорықпен ғана шектелген өсімдіктердің жергілікті түрі жоқ. Бірақ мұнда
алтай рауғашы, алтай уқорғасыны, қызғылт семізот- алтынтамыр, қазоты сияқты
алтайлық жергілікті түрлер өседі.
Шалғынды дала белдемі- теңіз деңгейінен 1450-1600 метр биіктікте,
жиматарғақ, түлкіқұйрық, шалғындық атқонақ, құрғақ айрауық және басқа астық
тұқымдас әртүрлі шөптері бар көлдің жағалау жолағымен ұштасады. Шөп
жамылғыларында жіңішке жапырақты күреңот, Лобель тамырдәрісі, көкшіл сұр
қоянбұршақ, тілік балдырған, кәдімгі маралоты және басқа өсімдіктер
кездеседі. Шөптің биіктігі 0,5-1 метр. Қалың бұталарды татар үшқаты, орташа
тобылғы, тікенекті итмұрын құрайды. Оңтүстік беткейлерде кәдімгі бетеге,
шалғындық атқонақ, дала қоңырбасы, будан бөзкілем, коптамырлы сарғалдақ
және басқа өсімдіктердің бетегелі- шалғынды топтары таралған. Таулы
беткейлерде тошала, сібір бөріқарақаты, жуалар- қыржуа, желілік және
қызғалдақ тәрізді, алтай рауғашы өседі. Көктемде оңтүстік беткейлерде дала
шұғылығы, алтай шырышы, ашық құндызшөп және ала күлтелі қызғалдақ гүлдейді.
Таулы- тайгалы белдемде- теңіз деңгейінен 1450-1900 метр биіктікте
балқарағайлы орман көбірек. Негізгі орман құрайтын түр- сібір балқарағайы.
Қорықта балқарағайлы орманның 19 түрі бар. Олар қорық аумағының 20%-н алып
жатыр және орманды аймақтың 61%-н құрайды. Балқарағайлардың орташа жасы 160
жыл, ағаштың орташа биіктігі 20-30 метр. Ағаш құрамын құрауға қотыр қайың,
бірен- саран сібір самырсыны қатысады. Орман маңында татар бөріжидегі,
Мейер қарақаты, кәдімгі таңқурай, орташа тобылғы, тікенекті итмұрынның
қалың бұталары өседі. Шөп жамылғыларында жиматарғақ, жіңішке жапырақты
күреңот, кәдімгі сәлдегүл және басқалар бар. Ылғалды жерлерде Лобель
тамырдәрісі өседі. Қалың шөптің биіктігі 1-1,5 метр, қалың шөп жамылғысы 80-
90%-ды құрайды. Солтүстік беткейлердің жоғарғы бөлігінде балқарағай, қотыр
қайың, көктерек пен сібір шетені араласа орналасқан сібір самырсынынан
тұратын күңгірт қылқанды орман кең тараған. Таза самырсын ормандары
азғантай жерді- бар- жоғы 1%- ды алып жатыр және тік солтүстік беткейлердің
жоғарғы бөлігінде орналасқан. Ағаштардың негізгі құрамын сібір самырсыны
құрайды, ал сібір шетені, қотыр қайың толықтырады. Ағаштардың биіктігі 20-
25 метрге жетеді, орташа жасы 90-100 жыл. Ағаштың ұшарбастарының жанасу
көрсеткіші 0.8-0.9. Орман маңайындағы бұталар нашар дамыған және оны алтай
үшқаты және мейер қарақаты құрайды. Сирек және аласа шөп жамылғысы (жабылуы
15-20%) қияқөлең, ақ гүлді қазтамақ, ботагөз, көк сұр қоянбұршақтан тұрады.
Жасыл мүктер қалың жамылғы құрайды. Орманның жоғарғы шекараларында (1900
метрден жоғары) тасты беткейлерде сібір самырсыны жатаған болады. Марқакөл
көліне құятын өзендердің алабында және оның жағалауында таулы- алапты
шыршалы ормандар кең тараған. Негізгі орман құрайтын ағаш сібір шыршасы
және оған сібір майқарағайы, сібір самырсыны, қотыр қайың қосылады.
Ағаштардың биіктігі 20-30 метр. Мұнда әрдайым қаракөлеңке, дымқыл және
тыныш. Топырақты күрең- жасыл мүктер, қияқөлең, қыналар, қырықбуындар мен
сушырмауықтар жауып жатады. Құлаған ағаштар (жел құлатқан, дауыл құлатқан)
ағаштар көп. Орманның маңы онша өспеген, қара және Мейер қарақаты, алтай
ұшқаты кездеседі. Ағаштардың бұталарынан түтеленген сабалақ сұр қыналар
салбырап тұрады. Бұл ормандардан әдемі солтүстік орхидеяларын: жапырақсыз
орашық, үш сыздық маржантамыр, Фукс және балтық сүйсіндерін көруге болады.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы арқылы самырсын қарағайының
оңтүстік таралу шекарасы өтеді. Сондықтан ол бұл жерде сирек.
Субальпілік белдеу – теңіз деңгейінен 1900-2000 метр биіктікте, биік
шөпті альпі шалғындарымен танымал. Шөптің қалыңдығы 50 см-ден 100 см-ге
дейін, топырақты жабуы 70-80%. Осы жерге тән өсімдіктер: ірі жапырақты
сарғалдақ, оңтүстік сібір тиынтағы, ақ гүлді қазтамақ, Флоров шұбаршөбі,
жалпақжапырақты шұбаршөп, әртүрлі жапырақты тікенқурай, сафлор тәрізді
рапонтикум және басқалар.Биік таулы белдеу – теңіз деңгейінен 2000-3000
метр биіктікте, бұл белдеуге альпі шалғындығы мен тау тундрасы аймағы
кіреді. Аласа шөпті альпі шалғындығы өте әдемі. Астық тұқымдастар мен ашық
көгілдір теңбіл қияқөлеңдердің арасынан шөмішгүл, ірі гүлді жыланбас және
ірі жапырақты шерменгүл, ашық қызыл сары алтай күнгелдісі, сары сарғалдақ,
алтай шегіргүлі мен ашық бұтақты көкнәр, оңтүстік сібір тиынтағы және
қандыгүл көзге түседі. Бұлардың бәрі 10 см-ден 20 см-ге дейін ғана болатын
аласа шөптер.
Тауға қарай биіктей түскен сайын өсімдіктер де климаттың қатал
жағдайына сай бейімделе өседі. Олар жерге төселіп жабыса түсіп жастықша
тәрізді әртүрлі форма құрайды. Биік таулы тундра – альпі шалғындығынан
жоғары басталады. Қорықта арасында алтай шегіргүлі, алтай сарғалдағы және
басқалары бар мүгі, қынасы басым мүкті- қыналы тундра, дөңгелек жапырақты
қайың мен ергежейлі талдары (0,5 метрден 1,0 метр биіктікке дейін) бар
бұталы (аласа қайыңды) тундра, арша теңбілдері бар шөптесін тундраның
әртүрлі құрылымдары кең тараған. Су айырықтарда таулы тундра тараған.
Өсімдіктер жаппай жамылғы құрамайды, шығыр тасты және тасты учаскелердің
арасында теңбіл-теңбіл болып орналасады. Мұнда төрт тұқымды семізот, сібір
тасжарғаны, әсем кесте жусан, сібір тасшүйгіні өседі.Егіндік белдемі- 3000
метрден жоғары, Күршім жотасын алып жатыр.
Марқакөл табиғи қорығындағы суда өсетін өсімдіктерді айтсақ, Марқакөл
көліндегі суда өсетін жоғары өсімдіктердің 30-дан аса түрін атауға болады.
Жағалау белдеуін қамыс тәріздес субидайық, қарақошқыл айрауық, торсылдақ
қияқ, мұрын қияқ, батбақ зиягүлі, бірдей түлкіқұйрық және басқалары
құрайды. Таяз суда өзен қырықбуыны, батбақ келтебасы, жалпақ жапырақты
қоға, улы утамыр, кіші балықот өседі. Тереңірек жүзгіш жебежапырақ, үш
құлақты балықот, масақты егеушөп аймағы басталады. 0,5-1,0 метр тереңдікте
қосмекенді самалдық кең тараған. 1-1,5 метр тереңдіктен қамтыма сабақты,
жүзгіш, жылтыр шалаңдардың, шоқ болбырдың таралу аймақтары жақсы байқалады.
Көл айдынының барлық жерінде батырылған мүйізжапырақ кең тараған. Қорықта
азықтық, дәрілік, тағамдық, балшырындық, техникалық, эфир майлы өсімдіктер
түрлерінің көбі өседі.Мұнда әртүрлі дәрежедегі Қызыл кітаптарға енгізілген
өсімдіктерден қар дәуаяғы, сібір қандығы, сафлор тәрізді рапонтикум (марал
тамыры), дала шұғылығы, қызғылт семізот (алтынтамыр), алтай рауғашы,
әртүрлі жапырақты қызғалдақ, сабақсыз бипан, жапырақсыз орашық қорғалады.
Қорықта Алтай жергілікті түрлерінен жіңішке жуа, алтай рауғашы, ашық
құндызшөп, ғажап тегеурінгүл, алтай уқорғасыны, алтай сарғалдағы және ірі
жапырақты сарғалдақ, суық семізот, сабақсыз бипан және қазоты өседі.
Қорық аумағында көптеген бағалы түрлер: марал тамыры, алтынтамыр,
тиынтақ, дала шұғылығы, кәдімгі сәлдегүл немесе кәдімгі шұғылық, жұқа
жапырақты бадан, алтын шоқсары, кәдімгі киікоты, шілтер жапырақты шайқурай,
қара жидек, итбүлдірген (қызылжидек), итмұрын және басқа да өсімдік түрлері
өседі.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жануарлар дүниесі де
әртүрлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе қазіргі кезде де аз зерттелігендердің
қатарында қалып отырған омыртқасыздар әлемі сан алуан. Омыртқасыздардың су
фаунасы әжептәуір зерттелген: қалқыма су организмдерінің 60 түрі, су түбі
организмдерінің- 136 түрі, тұщы су малюскаларының- 11түрі ұсынылады. Қос
мекенділердің ішінен сүйіртұмсық бақа, анда – санда кәдімгі құрбақа
кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кәдімгі сұржылан көп. Дымқыл шоқ
қайыңды, шыршалы ормандарда және мүкті майқарағайлы ормандарда тірі туатын
кесіртке, далалы тау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысының ерекше қорғалатын табиғи территорияларында туризмді дамытудың геоэкологиялық алғышарттары
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Пәндер