«ProfiSystems» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы



1. «ProfiSystems» ЖШС.нің жалпы сипаттамасы
1.1. «ProfiSystems» ЖШС.нің ҚЫЗМЕТІНІҢ сипаттамасы және бөлімдерінің қызметін талдау
1.2 «ProfiSystems» ЖШС.нің есеп саясаты
2. «ProfiSystems» ЖШС.нің бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктері
2.1 Ақша қаражаттарының есебі
2.2. ТМҚ.дың есебі
2.3.Дебиторлық борыштар есебі
2.4. Негізгі құралдардың есебі
2.5. Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі
2.6. Міндеттемелер есебі
2.7. Меншікті капитал есебі
2.8. «ProfiSystems» ЖШС.гі қаржылық есептілікті ұсыну ерекшеліктері
Қорытынды
«ProfiSystems» ЖШС-гі тіркеуден өткеннен кейін Ақмола облыстық Әділет басқармасы органында заңды тұлғасына ие болды. Серіктестік дербес баланс, банкте шот, өз атауы жазылған мөрі бар. Өзінің атына мәміле, мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқық, сот алдында жауапты болуына міндетті. Серіктестік Қазақстан Республикасында, және шетелдерде сәйкес филиалдар құрып өкілдер ашуға құқылы. Міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің алдында қарыздарына жауап бермейді. Серіктестік мемлекет алдында жауап бермейді. Серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. «ProfiSystems» ЖШС-де бір жылда орташа есеппен саны 50 ден аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып келеді және активінің құны бір жылда орташа есеппен алпыс мың есептік көрсеткіштен аспауы қажет. «ProfiSystems» ЖШС қызметінің мақсаты – қатысушы мен еңбек ұжымдарын үстеме қаржы түсірудегі кәсіпкерлік қызмет түрлерін іске асыру арқылы таза пайда табу болып табылады. Серіктестіктің қызметінің нысаны:
-коммерциялық, делдалдық, хабарлау, жарнама қызметі;
-құрылыс материалдарының көтерме және бөлшек саудасы;
- пластикалық терезелерді, есіктерді жасау және сату;
-терезе және есіктерді қараңғылау жүмыстарын ұсыну;
-сауда нүктелерін ашу.
Серіктестік мүлкін негізгі және айналымдық қаржылар, сондай – ақ құны серіктестіктің дербес балансында көрсетілген басқа мүліктер құрайды. Мүлік серіктестіктің меншік құқында. Серіктестік мүлкін қалыптастыру көздері мыналар:
- жарғылық капиталға салынған салымдар;
- оның қызметіне алынған кірістер;
- заңдылық актілермен тыйым салынбаған басқа көздер.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
1. ProfiSystems ЖШС-нің жалпы сипаттамасы
1.1. ProfiSystems ЖШС-нің ҚЫЗМЕТІНІҢ сипаттамасы және бөлімдерінің қызметін талдау
ProfiSystems ЖШС-гі тіркеуден өткеннен кейін Ақмола облыстық Әділет басқармасы органында заңды тұлғасына ие болды. Серіктестік дербес баланс, банкте шот, өз атауы жазылған мөрі бар. Өзінің атына мәміле, мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқық, сот алдында жауапты болуына міндетті. Серіктестік Қазақстан Республикасында, және шетелдерде сәйкес филиалдар құрып өкілдер ашуға құқылы. Міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің алдында қарыздарына жауап бермейді. Серіктестік мемлекет алдында жауап бермейді. Серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. ProfiSystems ЖШС-де бір жылда орташа есеппен саны 50 ден аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып келеді және активінің құны бір жылда орташа есеппен алпыс мың есептік көрсеткіштен аспауы қажет. ProfiSystems ЖШС қызметінің мақсаты - қатысушы мен еңбек ұжымдарын үстеме қаржы түсірудегі кәсіпкерлік қызмет түрлерін іске асыру арқылы таза пайда табу болып табылады. Серіктестіктің қызметінің нысаны:
-коммерциялық, делдалдық, хабарлау, жарнама қызметі;
-құрылыс материалдарының көтерме және бөлшек саудасы;
- пластикалық терезелерді, есіктерді жасау және сату;
-терезе және есіктерді қараңғылау жүмыстарын ұсыну;
-сауда нүктелерін ашу.
Серіктестік мүлкін негізгі және айналымдық қаржылар, сондай - ақ құны серіктестіктің дербес балансында көрсетілген басқа мүліктер құрайды. Мүлік серіктестіктің меншік құқында. Серіктестік мүлкін қалыптастыру көздері мыналар:
- жарғылық капиталға салынған салымдар;
- оның қызметіне алынған кірістер;
- заңдылық актілермен тыйым салынбаған басқа көздер.
Қатысушылардың серіктестік мүлкіне қосқан қосымша салымдарды оның жарғылық капиталының көлемін және қатысушылар үлесін өзгертпейді. Серіктестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың салымдарын біріктіру есебінен 100000 теңге көлеміндегі жарғылық капитал құрылды. Салымдар төлеу Қазақстандық теңгемен жүргізіледі. Қатысушының салым төлеуіне құрылыс, шикізат, тауарлар, материалдар, өндірістер, бағалы қағаздар кірілуі мүмкін және оның бағалары серіктестіктің дербес балансында көрсетіледі. Егер мүлік, серіктестіктің қатысушыларына берілген жағдайда, салым және үлес көлемі арендалық төлеуі мүлікпен пайдалану белгіленген уақытта қатысушылармен ойластырылған.
Құрылтайшылардың салымы жарғылық капитал натурал түрінде немесе мүліктік құқығы ақшалар түрінде барлық құрылтайшылардың шешімімен бағаланады. Егер бағасы салымнан жоғары болса, жиырма мың есептік көрсеткіштің эквивалентіне жуық жоғары болса оның бағасы экспертпен дәлелденеді.
Серіктестік құрылтайшылары 5 жылдық шамасында кредиторлардың алдында, осының құқы шегінде ортақ жауапты болады, осы бағасынан салымы көтерілген.
ProfiSystems ЖШС-гінің құрылымын келесі кестеден көріге болады:
ProfiSystems ЖШС-гі

Сату орындары
Құрылтайшылар кеңесі
Қойма

Кадрларды қабылдау бөлімі
Директор

Директордың орынбасары
Сату және маркетинг болімі

Есеп және қаржы бөлімі

1-сурет. ProfiSystems ЖШС-нің құрылымы.

ProfiSystems ЖШС-де есеп бөлімі бухгалтерлік есеп бас бухгалтерімен басқарылатын бухгалтериямен жүзеге асырылады.Егер кәсіпорында бухгалтерлік қызмет болмаса, басшы есеп пен есеп беру жүргізуді арнайы мамандандырылған ұйымдарға келісімшарт (көбінесе ол шағын кәсіпорындарға қатысты) негіздерінд тапсыруына құқығы бар.
Кәсіпорынның есеп бөліміндегі жұмыс ереже бойынша бухгалтерлік жұмыстың мөлшеріне қарай мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
-Есеп айырысу;
-Материалдық, алғашқы құжаттар ;
-Қаржылық. Бас бухгалтер қызметіне кәсіпорын басшысы тағайындайды немесе қызметінен босатады және оған бағынады. Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есепшоттарда шаруашылық әрекерттерді бейнелеуді және бақылауды,ақпараттарды ұсынуды, Бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді құруды, кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы- шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді басқа қызметтермен бірге қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауарлы- материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын қабылдау және беру, сонымен қатар есеп айырысу, несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісімшарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды.
Бас бухгалтерге тікелей ақша қаражаты және материалдық құндылықтармен байланысты жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Оған чектер мен басқа құжаттар бойынша кәсіпорын үшін ақша қаражаттары мен тауарлы- материалдық құндылықтарды алуға рұқсат етілмейді.Бас бухгалтерді орнынан босатқан кезде қайтадан тағайындалған бас бухгалтерге істерді тапсыру жүргізіледі. Сонымен бір уақытта кәсіпорын басшсымен бекітілген актінің құрылуымен бухгалтерлік есептің жағдайы мен дұрыс ақпараттарды тексеру жүргізіледі.
Кәсіпорында сату және маркетинг бөлімі ерекше орын алыды. Сату және маркетинг бөлімінің басты мақсаты- нарықтық экономика жағдайында, тауарлар мен қызметтерге ұсыныс пен сұраныстың нәтижелі сәйкестілігін қамтамасыз ету, бәсекелестікті бағалау және тауарлар мен қызметтерді сатудың ерекше стратегияларын ойлап табу болып табылады. ProfiSystems ЖШС-нің сату және маркетинг бөлімінде сату бөлімінің басшысы, сату бөлімінің менеджерлері және маркетолог қызмет етеді. Сату және маркетинг бөлімінің басты атқаратын қызметтерін келесі сызбадан көруге болады.

Нарықты зерттеу

Сервистық қызмет көрсету

Жарнама және тауар өтімін ынталандыру
Өнім ассортиментін жоспарлау

Сату және маркетинг бөлімінің негізгі функциялары



Тауарлар мен қызметтерді өткізу

2-сурет. Кәсіпорындағы сату және маркетинг бөлімінің қызметтері.
Осылайша сату және маркетинг бөлімінің қызметкерлері кәсіпорынның тауарлары мен қызметтерінің барынша сұранысқа ие болып, өтімді болуын қадағалап отырады. Тауарға сұранысты қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шалалар жүргізіледі.

1.2 ProfiSystems ЖШС-нің есеп саясаты

Қазақстан Республикасының Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер жайлы Кодексіне сәйкес (Салық Кодексі) кәсіпорында барлық салық түрлерін және жинамдарды есептейді және төлейді.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесі келесі нормативтік құқықтық құжаттардағы талаптарға сәйкес жүргізіледі;
1)Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары;
3) Қазақстан Республикасында қолданысқа ие қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесі Департаментінің №237-111 2007 жылы бұйрығымен бекітілген шаруашылық операциялардың типтік корреспонденциясы;
6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттары.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу барысында ProfiSystems ЖШС-нің директоры бекіткен есеп саясатының қағидалары мен негіздеріне сүйенеді.
ProfiSystems ЖШС-нің есеп саясаты 2009 жылдың 5 қаңтарында №8 хаттамамен қабылданған және ол 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2432 Бухгалтерлік есеп туралы заң негізіндегі ҚР Президентінің қаулысы мен ҚР БЕС №1-20; ҚР Қаржы министрлігінің 21 мамыр 1997 жылғы бұйрықтарының және басқа да заң күші бар нормативтік актілерде көрсетілген кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық талаптарына сай жасалған.
Бұл есеп саясатына сәйкес негізгі құралдарға жұмыс істеу кезінде қолданатын құралдар, қолдану мерзімі 12 айдан кем емес, құнына байланыссыз. Кәсіпорынның есеп саясаты анықталған нормативтер негізінде өз бетінше шаруашылықтың ұйымдық құқықтық түрінен, салалық ерекшеліктерінен, айналыс әдіснамасынан және істің сипаты және т.б. есеп және бақылаудың ұйымдастырылуының нақты қалпы мен әдістерін анықталуына құқық береді.
ТМҚ иемденуінің есебі мен оның бағалануының ережесі мен тәртібі, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі, оның бағалануы, өткізілуі және т.б. есеп саясатымен анықталған. Есеп саясатындағы сонымен қатар бухгалтерлік есептің шоттар жүйесінің құрылымын анықтауы енген.
Есеп саясатының қалыптасуы кезінде мүліктік ерекшелік пен ұйымдық ісінің үздіксіздікті қарастырылады, сонымен қатар есеп саясатының қолданылу кезектілігі, шаруашылық қызмет фактілерінің уақытша анықталғандығын қарастырады.Есеп саясаты толықтылық, байқаушылық, қарама-қайшылық және орнықтылық талаптарына сәйкес келеді.
Есеп саясатында есептің қағидалары мен әдістерін қолдана отырып шаруашылық іс-әрекет туралы нақты және оперативті ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның есеп саясаты ретінде онымен сатып алынған бухгалтерлік есепті жүргізу болып табылады. Ағымдағы топтастыру мен шаруашылық қызметтің барлық фактілерінің жиыстыруының бастапқы барлауы, бағалық өлшемі.
ProfiSystems ЖШС-нің есеп саясаты толық түрде қолданылады және кәсіпорынды төмендегілермен қамтамасыз етеді:
-қаржы-шаруашылық қызметтің барлық операцияларының бухгалтерлік есепте толық көрініс табуын;
-жасырын қор жасалуына жол бермей, ықтимал кіріс пен активтерге қарағанда шығыстар мен міндеттемелер бухгалтерлік есебіне үлкен дәрежедегі дайындығын;
-қаржылық-шаруашылық қызметінің фактілерінің бухгалтерлік есепте көрініс табуы тек құқықтық түрден ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізудің фактілері мен шарттарының экономикалық мазмұңынан көрініс табылуын;
-аналитикалық есептің мәліметтерінің есептін шоттары бойынша айналым мен қалдықтарына теңдігі, сонымен қатар бухгалтерлік есептіліктің ағымдағы есептілікке мәліметтеріне теңдігін;
-шаруашылық қызметпен кәсіпорын көлемі жағдайына байланысты бухгалтерлік есепті ұқыпты және үнемді жүргізілуін.
Амортизацияны есептеу біркелкі есептеу әдісімен жүргізіледі, яғни құнынан келе және амортизация нормасы келесідей орнатылады:
-ғимараттар мен құрылыстар - 5%; Транспорттар - 25%; -негізгі құралдардың басқа да объектілері - 15%.
Материалды-өндірістік қорлар 1300 шотында есептеледі, өндіріске жіберілгендер орташа құны бойынша бағаланады.
Түгендеу жүргізіледі:
-Негізгі құралдар мен материалды-өндірістік қорлар - есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;
-Кассадағы ақша қаражаттары - есептілік жыл біткеннен кейін айына 1 рет;
- Несиелік қарыздар - есептілік жыл біткеннен кейін жылына 1 рет;
Міндетті түрде мүлік және міндеттемелердің түгендеуі жүргізіледі:
- Жылдың есептілік жасау алдына есептік жылдың 1қазанынан кеш емес, түгендеу жүргізілген мүліктен басқасы;
- Материалды жауапты адамдардың ауысуы кезінде;
- Ұрлық, қасақана зиян жасау, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру болған кезде;
- Экстремальді жағдайдармен байланысты табиғт апаттар жағдайында; - Ұйымның қайта құрылуы немесе жабылуы кезінде.
Есеп саясатының орындалуына бақылау жасайтын тұлға бас бухгалтер болып табылады. Бухгалтерлік есепке қатысты мағлұматтар коммерциялық құпия ретінде жасырын сақталады. Есептік-бухгалтерлік құжаттар Мемлекеттік комитеттер мен министрліктер іс-әрекеті нәтижесінде пайда болатын типтік құжаттар тізіміне сәйкес сақталады.
Есептік кезең біткеннен кейін, бухгалтерияда тұрған құжаттар, мұражайға өткізіледі, ол есептік саясатта көрсетілген. Мұражайға өткізілген құжаттардың сақталу мерзімі төмендегі 1 кестеде көрсетілген.

1-кесте. Сақталу мерзімі бойынша құжаттар тізімі


Құжат атауы
Сақталу мерзімі
1
Қаржылық есеп беру мен оған тіркелетін түсініктеме жазу:

а) жылдық
әрдайым

б) тоқсандық
5 жыл
2
Жеке, ликвидациялық, өткізу баланстары мен оған қосымшалар, түсініктемелер
5 жыл
3
Бастапқы құжаттар (кассалық, банктік құжаттар, банк үзінділері, жұмыс нарядтары, табель, қабылдау, тапсыру және мүлік пен материалдарды есептен шығару актілері, аванстық есеп беру т.б.)
5 жыл
4
Есеп айырысу шоттары

А) Жұмыскерлер мен қызметкерлердің
75 жыл

Б) Мемлекеттік жәрдемақы мен зейнет ақы алушылар
75 жыл
5
Есептік ( есептік-төлем ведомостері)
5 жыл
6
ТМҚ және ақша қаражаттарын алуға берілетін сенімхаттар
5 жыл
7
Көмекші бақылау кітаптары, кассалық кітап айналым ведомостері
5 жыл
8
Депонерленген еңбек ақы есеп кітабы, орындау парақтарын тіркеу журналдары
5 жыл
9
Шоттарды тіркеу, кассалық ордерлер, сенімхаттар, төлем тапсырмалар кітаптары, журналдары
5 жыл
10
Еңбек ақы бойынша берешек, еңбек ақыдан ұсталымдар, демалыс ақы төлеу жөнінде мәлімет
75 жыл
11
Түгендеу құжаттары (инвентарлық карточкалар)
5 жыл

2. ProfiSystems ЖШС-нің бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктері
2.1 Ақша қаражаттарының есебі

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражат-тарының түсуі мен жұмсалуы келесі категорияларға жіктейді:
- Операция-лық қызмет,
-Инвестициялық қызмет,
-Қаржыландыру бойынша қызмет.
Операциялық қызмет - ұйымның табыс әкелуге бағытталған негізгі қызметі. Осы категорияға ақша қаражаттарының түсу ағыны ретінде жатады: тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардан ақша қаражаттарының түсуі, инвестициялар мен ссудалардан алынған пайыздар мен дивидендтер, сондай-ақ нарықтық бағалы қағаздарды сатудан алынған қаражаттар. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағынына: еңбекке ақы төлеу, тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер, проценттер бойынша төлемдер, салықтық төлемдер және нарықтық құнды қағаздарды сатып алу.
Инвестициялық қызмет - айналымнан тыс активтерді сатып алу және сату, ақша эквиваленттеріне жатпайтын басқадай инвестицияларды сатып алу, сату.Ақша қаражаттарының түсу ағыны ұзақ мерзімді активтерді және нарықтық құнды қағаздарды сатудан алынған ақша қаражаттарын қамтиды. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағыны ұзақ мерзімді активтер мен нарықтық құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарын қамтиды.
Қаржылық қызмет - ұйымның меншікті капиталының құрамындағы өзгерістерді тудырады. Басқаша айтқанда қаржылық қызмет - ұйым иелерінің ресурстарды алу немесе иелеріне ресурстарды қайтару. Олардың инвестицияларына табысты беру.
Ақша қаражаттарының түсу ағыны акцияларды, қысқа және ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен түсімдерді қамтиды. Ақша қаражат-тарының жұмсалу ағыны иелеріне ақшалай дивиденттерді төлеуді қамтиды.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үш категорияға сәйкес үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде операциялық қызметтен түскен ақша ағыны одан кейін инвестициялық қызмет, ең соңғысы - қаржылық қызмет.
ProfiSystems ЖШС ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1000 Ақша қаражаты кіші бөлімі арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1010 - Кассадағы ақша қаражаты, онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 - Жолдағы ақша қаражаты, онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1030 - Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты, онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1040 - Карт-шоттардағы ақша қаражаты, онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1050 - Жинақ шоттарындағы қаражаты, онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатыныңқозғалысы есепке алынады; 1060 - Өзге ақша қаражаты, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.
Кассаға келіп түскен қаражаттарды рәсімдеу үшін Кассалық кіріс ордері, ал кассадан шыққан ақша қаражаттарына Кассалық шығыс ордері толтырылады. Касса бойынша болған барлық шаруашылыұ операцияларын кассир жүргізеді. Күн соңында кассадағы құжаттар кассалық кітапқа тіркеліп жазбалар жүргізіледі. Касса бойынша операцияларды қарастырайық:
1) Дт 1010 Кт 1210 - кассаға сатып алушылардан ақша қаражаты келіп түсті.
2) Дт 1010 Кт -1030 - кассаға банктегі есепті шоттан ақша қаражаты келіп түсті.
3) Дт 3310 Кт- 1010 - мердігерлердің қарызы өтелді.
4) Дт 1030 Кт 1010 - банктегі шотқа кассадан ақша аударылды.
5) Дт 3350 Кт 1010- кассадан қызметкелерлерге еңбекақы берілді.

2.2. ТМҚ-дың есебі

Тауарлы материалдық өнім өндіру барысында өзінің өзіндік құнын бірден өндірілетін өнімге немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның мүлкін - тауарлы материалдық қорлар деп атаймыз.
Тауарлы-материалдық қорлар өзіне активтерді мына түрде ұсынады:
- шикізат және материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер;
- улы химикаттар, медикаменттер;
- дайын өнім;
- сатуға арналған тауарлар.
Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді:
а)Негізгі - бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және материалдың негізін қалайтын материалдар.
ә)Қосалқы - бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.
в)Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар кіреді.
Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:
- ұрланған фактілер болған жағдайда;
- төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары);
- материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда;
- кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде. Сонымен қатар материалдар синтетикалық шоттар бойынша (типтік шоттар жоспарына сәйкес) мынандай топтарға жіктеледі:
* 1310 шикізат пен материалдар шотында - субъектіге тиісті, өндірілетін өнімнің негізін құрайтын немесе оны өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар (бұған құрылыс материалдары да кіреді) мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шаруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік процестерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы есептеледі.
* 1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар шотында - сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарылатын өнімді (құрылысты) іріктеп жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар (оның ішінде құрылыс құрылғылары (конструкциясы) мен детальдары да бар) нақты бары мен қозғалысы ескеріледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды.
* 1312 Отын шоты - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік технологиялық қажеттіліктеріне арналған мұнай өнімдерінің (мұнай, дизельдік отын, керосин, бензин және басқалар), электр қуатын өндіру және ғимаратты жылытуға қажетті, қатты (көмір, торф, отын және басқалар) және газ тәрізді отын, өндіріс қалдықтары мен қатты отын ретінде (үгінді, жоңқа) екінші рет пайдаланылатын қайталама материалдардың нақты бары сонымен бірге қозғалысын есепке алуға арналған.
* 1313 Ыдыс және ыдыстық материалдар шотында - ыдыстардың барлық түрінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап, жәшік және т.б.) (шаруашылық мүлкі ретінде пайдаланылатындардан басқасы), сондай-ақ ыдысты дайындау мен оны жөндеуге (жәшіктерді жинауға қажетті тетіктер, бөшкені жөндеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулар және т.б.) арналған материалдар мен тетіктер есептеледі. Вагондарды, биржаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек-жарақтар.
* 1314 Қосалқы бөлшектер шоты - жөндеу жұмыстарын жүргізуге, машиналар мен құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс-әрекетке қажеттіліктеріне алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай-ақ запастағы және айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған. Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың (двигательдердің), түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөндеу шеберханаларында, техникалық айырбас пунктері мен жөндеу зауыттарындағы айырбас қорларының қозғалысы назарға алынады.
* 1315 Өзге де материалдар шотында өндіріс қалдықтары (ағаш кесінділері, қиындылар, жаңқа және т.б.) түзетілмейтін ақау, негізгі құралдарды есептен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.
* 1316 Қайта өңдеуге берілген материалдар шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін шоттардың дебетіне тікелей жатқызылады.
* 1317 Құрылыс материалдары мен басқалар шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданылатын материалдардың құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, құрылыс конструкциясы мен детальдары, сондай-ақ құрылыс тіліктері үшін (жарылғыш заттар және т.б.) қажетті тауарлы-материалдық қорлардың бар-жоғы мен қозғалысы ескеріледі.
ProfiSystems ЖШС-де материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладная), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар келген жүкті есептеу журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін журналға қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атн (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға сенімхат беріледі. Сенімхат берілген сенімхаттарды есептеу журналына тіркелуі керек және сол сенімхатты алған адам осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні кіріс ету ордерін бір дана етіп толтырады.
Жабдықтаушы ұйым ТМҚ-ды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 дана етіліп тауар-көлік жүкқұжаты (накладная) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөрнтаңбасы) және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алған жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады. Жүргізуші тауар-көлік жүкқұжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келгенматериалдарды кіріске алады. Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі (мөртаңбасы) басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.
Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдық құндылықтарды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.
Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына (путевой лист) тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жұмысына сәкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады. Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәкес келмесе қабылдау актісі жасалынады. Сонымен қатар қабылдау актісі жіберу құжатынсыз келген материалдарға толтырылады. Бұл акт екі етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның ешқандай өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы (мүдделігі) жоқ ұйым өкілінің (адамның) қатысуымен жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған маетриалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар кіріс ордері бойынша қабылданып, баланста уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар деп аталатын шотта есептелінеді. Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға материалдарды босату (ішкі аустыруды) талап ету жүкқұжаты бойынша босатылады. Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) талап ету жүкқұжаты екі данада жазылып, оған бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі. Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда матриалдарды босатуды талап ету жүкқұжатының бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға тапсырылады. Бұл жағдайда толтырылатын құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға жауапты тұлғасы толтырады.

2.3.Дебиторлық борыштар есебі

Белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын -дебиторлық берешек деп айтады.
ProfiSystems ЖШС-де сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі:
1200 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1230 Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1240 Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі.
1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1260 Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1270 Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар
1280 Басқа да қысқа мерзімді дебеторлық берешек шоты;
1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв
Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарас-тырайық.1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциялары жасалады:7000 Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны, 7010 Сату үшін алынып, сатылғантауарлардың өзіндік құны, шоттары дебеттеледі де, 1320 Дайын өнімдер, 8310 Қосалқы өндіріс және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі. Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шоты дедеттеледі де, 6010 Сатылған дайын өнімнен түскен табыс шотты кредиттелінеді.

2.4. Негізгі құралдардың есебі

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.
Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі құралдардың түрі - бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:
-жер;
-жер және ғимараттар;
-машина жабдығы;
-кемелер;
-ұшақтар;
-автокөліктік құралдары;
-жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;
-кеңсе жабдығы.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінде негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақыланады; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетіледі және негізгі құралдардың қор қайтарымын анықталып, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігі негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін құрастырылады. Негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасайды және олардың нәтижесін сонымен қатар негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді.
2400 Негізгі құралдар кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.Осы бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2410, 2420, 2430.
Негізгі құралдардың келіп түсуі мен оның қозғалысынв 2410 - Негізгі құралдар шоты арналған.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталғанамортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АвтоДом Павлодар» ЖШС
Барыс Мунай ЖШС
«Таза Мұнай Ақтөбе» ЖШС-нің мысалында кәсіпорынның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін талдау және бағалау
Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
CAPITAL PROJECTS LTD ЖШС - ның менеджмент жүйесі
Халық банкінің депозиттер есебінің ақпараттық жүйесі
Өндірістік іс-тәжірибе есебі. «ALMALY-LTD» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы
Асем-ай жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің баскару жұмысының ақпараттық жүйесі
Кәсіпорында маркетингті ұйымдастырудың қағидалары
Kazakhstan Facilitators ЖШС консалтингтік компаниясының ұйымдастырушылық экономикалық сипаттамасы
Пәндер