Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I.бөлім. Менеджмент туралы жалпы түсінік
1.1. Менеджменттің мәні
1.2. Менеджменттің қызметінің түрлері

II.бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
2.1. Менеджменттің мәні
2.2. Менеджменттің әр түрлілігі

III.бөлім. Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент
3.1. Менеджмент іс . әрекетінің бағыты
3.2. Қазақстандағы менджменттің методологиялық негіздері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар: «Менеджмент-бұл жұмыс істеп тұрған коммерсиялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Басқару ұғымының туындауы еңбек бөлінісінің пайда болуымен туындауымен байланысты.
Мұның өзі жалпы процестің қарым – қатынасы басқарушы функциямен қамтамасыз етіледі, сондықтан басқару қоғамдық еңбекке тән. Өндіріс масштабы өскен сайын басқару ролі де атқарады.
Сондықтан, әлеуметтік жүйелердегі басқару кең ұғымда қызмет түрі мен мақсатына тәуелсіз кез-келген ұғымдағы басқару ретінде қарастырылады. Барлық мекемедегі басқару нақты функциядан орындауға мүмкіндік беретін қызмет ретінде түсіндіріледі. Нақты функцияларды пайда алуға бағытталған мекемелердегі басқару менеджмент деп аталады.
Менеджер - ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.
Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.
Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі.
Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі-келіссөз жүргізе білуі-әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Макаров С.Ф. Менеджер за работой.-М., моладая гвардия, 1989. (26 – 29 бет)
2. Руководитель коллектива. Наше общество сегодня и завтра. –Л., 1924-23 ст.(20 – 25 бет )
3. Бобрыщев Д.Н. Основные категориитеории управления. М.: 1988-189 ст.(30 – 35 бет )
4. Гвишиани Д.М. Организация и управление. М. Наука, 1972-535 ст. .(120 – 128 бет )
5. Оксфордский учебный словарь английского языка (А.С. Хориби – Оксфорд: Изд-во Оксвордского ун-та, 1974-англ. яз). .(13 – 15 бет )
6. Шағын кәсіпкерлікті басқару. О. Сәбден. А. Тоқтанова. «Білім». Алматы, 2002 ж. .(32 – 35 бет )
7. ҚР-сы Президентінің 1997 жылы 6 наурыздағы «Шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту және белсендіру шаралар туралы» жарлығы Казахстанская правда. 1997ж. .(3 – 4 бет )
8. Экономика предприятия. В. П. Грузинов. В. Д. Грибов. Финансы и статистика. Москва, 2001г. .(12 – 18 бет )
9. Қазақстан экономикасы. К. Р. Нұрғалиев. «Қазақ университеті». Алматы, 1999ж. .(36 – 38 бет )
10. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. «Экономика». Алматы, 2003г. .(28 – 35 бет )
11. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру. М. Қ. Баймұхашева. Оқу құралы. Атырау, 2004ж.(65 – 68 бет )
12. Кәсіпорын экономикасы. Г. Ө. Жолдасбаева. «Экономика». Оқу құралы. Алматы, 2002ж. (35 – 36 бет )

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I-бөлім. Менеджмент туралы жалпы түсінік
1.1. Менеджменттің мәні
1.2. Менеджменттің қызметінің түрлері

II-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
2.1. Менеджменттің мәні
2.2. Менеджменттің әр түрлілігі

III-бөлім. Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент
3.1. Менеджмент іс - әрекетінің бағыты
3.2. Қазақстандағы менджменттің методологиялық негіздері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық
адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді
білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы
түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
Менеджмент ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент
дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган.
Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық
сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін
экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға
болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы
немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне
жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі
тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын
ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын
ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын
барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі
тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-
қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде
қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл
жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше,
басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап
ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару
ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді
басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын
басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару
еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу
мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің,
тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының
өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-
әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған
теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам
факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар: Менеджмент-бұл жұмыс істеп
тұрған коммерсиялық кәсіпорынның арнайы органы. Егер батыста кез келген
кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл
басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек
басшылар.
Басқару ұғымының туындауы еңбек бөлінісінің пайда болуымен
туындауымен байланысты.
Мұның өзі жалпы процестің қарым – қатынасы басқарушы функциямен
қамтамасыз етіледі, сондықтан басқару қоғамдық еңбекке тән. Өндіріс
масштабы өскен сайын басқару ролі де атқарады.
Сондықтан, әлеуметтік жүйелердегі басқару кең ұғымда қызмет түрі мен
мақсатына тәуелсіз кез-келген ұғымдағы басқару ретінде қарастырылады.
Барлық мекемедегі басқару нақты функциядан орындауға мүмкіндік беретін
қызмет ретінде түсіндіріледі. Нақты функцияларды пайда алуға бағытталған
мекемелердегі басқару менеджмент деп аталады.
Менеджер - ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен,
экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез
келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам
да менеджер.
Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ
қызмет міндеті болады.
Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды,
ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе
цифр тілі.
Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім
сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және
оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің
санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы
тиіс.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі-келіссөз жүргізе
білуі-әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы
тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе
алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-
қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз
компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.

I-бөлім. Менеджмент туралы жалпы түсінік
1.1.Менеджменттің мәні

Менеджмент ұғымы 19 - шы ғасырдың аяғында пайда болды. Менеджмент
ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің манус, яғни қол күші деген
сөзінен шығып, ағылшында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін
ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің
саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми,
практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік
беріледі:
1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, әкімшілік бөлігі
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық
адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді
білдіреді.
Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше
түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылар, немесе менеджмент
арқылы ғана әрекет ете алады.
Жеке кәсіпорын, өзінің праволық формаларына қарамастан, басшылығы
болуы тиіс. Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсіпорын менеджментінің
айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар
өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу,
немесе рынок арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік
кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешелігі, олар өзінің барлық
шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі
мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделді.
Менеджмент ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент
дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган.
Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық
сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің
іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана
таразылауға болады.
Менеджменттегі басты нәрсе - өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап
беретін мақсаттар қою (алдына мақсат қойған менеджмент). Ескі стильдегі
кәсіпорын басшылығынан менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу
міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде
тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды
шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы
тиіс.
Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминнің
үшінші анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамдардың, қызметкерлердің
жұмысын ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі
болып саналады. Жаңа кәсіпорынды құрарда жаңа инвестициянгы жүзеге асыратын
ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін
жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды
игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар
әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес,
басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив)
жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер
мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі
тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Сонымен, Менеджменттің 2 ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент - бұл басқару, басшылық ету органы.
Екінші ұғым. Менеджмент - бұл адамдарды басқару (әрекет).
Өндірісті басқарудың ғылыми негіздерін қалыптастыру өткен
ғасырдың соңғы жүз жылдығында басталды. Бұл процесс тез арада әр жақты
сипат ала тұрса да, оның ойдағыдай өркендеу ортасы өнеркәсіптік өндіріс
болды. Ғылым мен техниканың даму өндірісті шоғырландыруға, ал соңғысы өз
кезегінде жаратылыс-техникалық білімнің барлық саласында қарқынды іздестіру
жұмыстарына ықпал етті.
ХIХ ғасырдың соңғы он жылдығында өнеркәсіптік электротехникада
энергетикалық база паро-және су-энергетикалық негізде құрылады.
ХIХ ғасырдың аяғында физика саласында ғылыми революция болып,
бүкіл жаратылыстану ғылымында айтарлықтай ықпал етті. Жарық теориясы
электромагниттік тербелістің жалпы теориясының саласына айналды.
Химия саласында 1869 жылы Д. М. Менделеев ашқан элементтердің
периодтық жүйесі әйгілі жаңалық ретінде енгізілді.
Физика ғылымының жетістігі химияның физикамен тығыз байланысты
екендігін анықтап, физикалық химия пәнін туғызды.
Биология ғылымы саласында ағылшын ғалымы Дарвиннің Түрлердің
шығуы (1856ж.) атты еңбегі заманалық маңызы бар ілім ретінде эволюциялық
биологияның негізін қалады. Организмдердің клеткалық құрылысының ашылуы
нәтижесінде цитология ғылымы пайда болды.
Сонымен ХIХ ғасырдың аяғындағы ғылым, осының алдындағы дәуірде
жинақталған орасан зор нақты материалдарды теориялық тұрғыда жинақтап,
әзірлеуге арналды.
Әрине, капиталистік өндірісті дамытуға қажетті ғылыми ілімді
теорияландыруға талпыныс, өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру принциптерін
тану секілді саланы да қамтыды.
Басқару мәселесіне алғашқы көңіл бөлу 1911 жылы байқалды. Сол
кезде Фредерик У. Тейлор өзінің Ғылыми басқару принциптері деген кітабын
жариялады. Міне осы кезден бастап басқару ғылымы зерттеудің жеке саласы
ретінде танылды. Бұл концепция ХIХ ғасырдың орта тұсынан бастап осы
ғасырдың 20-жылдарына дейінгі ұзақ кезеңде дамытылды. Басқару ісіне
мүдделіктің негізгі күші, Англияда басталған өнеркәсіптік революция болды.
Алайда, басқару ісінің өзі ұйымдастырудың дамуына және табыстылығына елеулі
ықпал ететіндігі туралы идея тұңғыш рет Америкада пайда болды.
Бұған себепші болған жайт, жиырмасыншы жылдың басында
адамдардың шыққан тегіне, ұлтына қарамастан, өзінің білімі мен ақыл-ойын
көрсете алатын бірден-бір мемлекет АҚШ болды. Миллиондаған европалықтар өз
өмірін жақсарту мақсатында ХIХ ғасырда Америкаға қоныс ауыстырып,
бизнестің, сонымен қоса басқарудың алуан түрлі ролін атқара алатын еңбекқор
адамдардан жұмысшы күшінің аса көп тобын жасақтады.
ХIХ ғасырдың соңында құрылысы аяқталған трансконтиненталдық
темір жол линиясы Американы әлемдегі ең ірі бірыңғай рынокқа айналдырды.
Елде іс жүзінде бизнесті мемлекеттік тұрғыда реттеу деген болмады.
Кәсіпкерлердің ішкі ісіне араласу деген болмағандықтан, өз бизнесін
дамытудың бастапқы кезінде-ақ олар едәуір жетістікке жетіп, монополистер
болды. Осындай және басқадай факторлар ірі салаларды, ірі кәсіпорындарды
қалыптастырып, басқару тәсілдерін жетілдіруді қажет етті.
Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды,
институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің
элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару
проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т.б.) басталған
мезетте пайда болды.
Басқару практикасы, ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісіне
жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру
қажет болды, бұған өз уағында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің
заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда
көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер
жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.
Үлкен Клод пен кіші Джордтың Басқару ақыл-ойының тарихы
кітабында біздің заманымыздан 500 мың жыл бұрын, шумерлер сына жазуды
(клинописьті) ойлап шығарған кезден бастап менеджменттің дами бастағандығы
айтылады.
Көне египеттер (мысырлықтар) бізге жазбаша ескерткіштер қалдырады.
Онда әңгіме басқару туралы болады. Осыдан 4 мың жылдай бұрын жазылған
Птаххотепа үйретуі кітабында қазіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін
жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады: Егер сен басшы болсаң байсалды бол.
Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сөзін бөлме.
Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла
сөйлеп, іштегі шерін тарқатқанды жөн санайды.
Еңбекті басқару проблемасына көне гректер де көңіл бөлді.
Платон еңбек бөлінісінің, жұмыс түрлеріне қарай маманданды, рудың
қажеттілігі туралы пікір айтты. Сократ басқаруды іс-әрекеттің (мемлекетті,
еңбекті, сауданы, әскерлерді басқару) ерекше саласы ретінде қарастырып, ол
да осындай пікірді – қажетті адамды өз орнына қоюды, сөйтіп оларға берілген
тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды.
Жұмыскерлер арасындағы бірлесіп әрекет етуге қол жеткізу,
сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылыми қағыдалар Марка Тулия Цицеронның
Шешендік өнер жөніндегі үш трактатында қамтылады.
Көне римдіктерде мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызмет
сатысында төмен шелділердің жоғары шелділерге бағыну тәртібі енгізілген.
Үлкен Катон басқару міндетін әділ атқару туралы пікірлер айтқан. Жер қожасы
өзінің басқарушысына бір жылдық жазбаша жұмыс жоспарын (календарлық
жоспарлау) беріп, міндетті айқын қоюы, белгілеген жоспарды нәтижесімен
үнемі салыстырып отыруы, талдауы және қорытынды жасауытиіс. Әсіресе, жедел
түрде басқаруға ерекше көңіл бөлген. Басқарушыдан: Жұмысшының біразы ауру,
басқаларын қаладағы жұмысқа алып кетті, ауа райы бөгет жасады...деген
секілді баяндаманы алғаннан кейі, қожайыны жағдайды айқындап, қажет болған
жағдайда тиісті шешімқабылдайды: тапсырмаға түзету енгізеді, жұмыс
істейтіндерді қайтадан бөледі, оларды жабық ғимаратқа ауыстырады т.б.
Көне Үнді ғалымдары Артхамастра трактатында (VI-III ғасыр)
шаруашылық және басқару туралы бірқатар қызғылықты ой-пікірлер айтады.
Басқаруға қатысты дұрыс және дұрыс емес, заңды және заңсыз, пайда және зиян
ұғымдары зерттеледі. Шығыс ғалымдары басқаруды күш қолданумен
байланыстырады: санскритте (ежелгі және орта ғасырдағы үнділердің әдеби
тілі) басқару өнері данданити деп аталады, мұны дәлме-дәл аударғанда
таяқпен (данда) төпелеп басқару болады.
Үлкен Клод пен кіші Джордтың Басқару ақыл-ойының тарихы
кітабында біздің заманымыздан 500 мың жыл бұрын, шумерлер сына жазуды
(клинописьті) ойлап шығарған кезден бастап менеджменттің дами бастағандығы
айтылады.
Көне египеттер (мысырлықтар) бізге жазбаша ескерткіштер
қалдырады. Онда әңгіме басқару туралы болады. Осыдан 4 мың жылдай бұрын
жазылған Птаххотепа үйретуі кітабында қазіргі басқарушылар үшін әлі күнге
мәнін жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады: Егер сен басшы болсаң байсалды
бол. Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сөзін бөлме.
Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла
сөйлеп, іштегі шерін тарқатқанды жөн санайды.
Еңбекті басқару проблемасына көне гректер де көңіл бөлді.
Платон еңбек бөлінісінің, жұмыс түрлеріне қарай маманданды, рудың
қажеттілігі туралы пікір айтты. Сократ басқаруды іс-әрекеттің (мемлекетті,
еңбекті, сауданы, әскерлерді басқару) ерекше саласы ретінде қарастырып, ол
да осындай пікірді – қажетті адамды өз орнына қоюды, сөйтіп оларға берілген
тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды.
Жұмыскерлер арасындағы бірлесіп әрекет етуге қол жеткізу,
сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылыми қағыдалар Марка Тулия Цицеронның
Шешендік өнер жөніндегі үш трактатында қамтылады.
Көне римдіктерде мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызмет
сатысында төмен шелділердің жоғары шелділерге бағыну тәртібі енгізілген.
Үлкен Катон басқару міндетін әділ атқару туралы пікірлер айтқан. Жер қожасы
өзінің басқарушысына бір жылдық жазбаша жұмыс жоспарын (календарлық
жоспарлау) беріп, міндетті айқын қоюы, белгілеген жоспарды нәтижесімен
үнемі салыстырып отыруы, талдауы және қорытынды жасауытиіс. Әсіресе, жедел
түрде басқаруға ерекше көңіл бөлген. Басқарушыдан: Жұмысшының біразы ауру,
басқаларын қаладағы жұмысқа алып кетті, ауа райы бөгет жасады...деген
секілді баяндаманы алғаннан кейі, қожайыны жағдайды айқындап, қажет болған
жағдайда тиісті шешімқабылдайды: тапсырмаға түзету енгізеді, жұмыс
істейтіндерді қайтадан бөледі, оларды жабық ғимаратқа ауыстырады т.б.
Көне Үнді ғалымдары Артхамастра трактатында (VI-III ғасыр)
шаруашылық және басқару туралы бірқатар қызғылықты ой-пікірлер айтады.
Басқаруға қатысты дұрыс және дұрыс емес, заңды және заңсыз, пайда және зиян
ұғымдары зерттеледі. Шығыс ғалымдары басқаруды күш қолданумен
байланыстырады: санскритте (ежелгі және орта ғасырдағы үнділердің әдеби
тілі) басқару өнері данданити деп аталады, мұны дәлме-дәл аударғанда
таяқпен (данда) төпелеп басқару болады.
Дегенмен, шығыс ойшылдары бағыныштыларды көтермелеуге де зор
көңіл бөледі (Сиасет-намэ кітабы).
Ресейде елді және өндірісті басқарудың бірқатар маңызды идеяы Б
Петр заманына байланысты. Ол мемлекеттік биліктің және терең экономикалық
өзгерістің бірқатар реформасын жүзеге асырады. Петр самодержавиелік
басқарудың бас идеясын ұсынды. Государь өз ісі туралы жарық дүниеде
ешкімге жауап беруге тиіс емес. Төрешілдікті қалыптастыруда Габелидің
рангтар туралы пікірі ерекше орын алады. Бірақ сол кездің өзінде де күштеп,
әміршіл-өктем әдіс қана қолданылып қойған жоқ. Сол кездегі өндірісті
басқару туралы Сібір мен Уралдың бас заводтарының бастығы В. И. Гениннің
Урал және Сібір заводтарының жазбасы атты кітабында қызғылықты материал
келтірілген. Онда былай деп жазылған: Басқарушы мейірімді, қамқоршы,
еңбекқор, салауатты болуы, істі жан-жақты білуі, қарамағындағы мастерлерге
қолынан келетін істі тапсыруы, әрі оның айтылған сағатта орындалуын
қадағалауы тиіс. Аталған кітаптаосы уақытқа сәйкес келетін ой-пікірлерде
бар:
Басшы нақты істен гөрі бұйрықтың алынғандығы және орындалғандығы,
жауабы мен түсініктемесі туралы бірыңғай рапорт қабылдаумен шұғылданса –
бұдан келер ешқандай пайда жоқ... Мұның барлығы қағаз жүзінде қалады.

1.2. Менеджменттің қызметінің түрлері

Менеджмент – дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды,
институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің
элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару
проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т.б.) басталған
мезетте пайда болды.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар,
адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз -
мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік
топтарға сәйкес келетін менеджменттің қызметінің негізгі алты түрі
тармақталады.
1.Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен,
Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда
менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру
және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
3.Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы
күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4.Құрама одақтық (ассоцияциялық) немесе клубтық менеджмент.
Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс-
әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше
келетін менеджменттің ерекше түрі.
6.Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы
түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент
сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал
етеді.
Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі
мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да,
бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы негізге алынатын түсініктерге
сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық
қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз
ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек
жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл
жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше,
басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап
ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару
ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Менеджмент-нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді
басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент –нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын
басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Көрнекті американ экономисі В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша:
Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі,
әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу
мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің,
тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының
өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-
әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған
теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам
факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.
Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу, міндетті түрде қажет
болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі болуы
мүмкін., осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.
Бірінші тип – мақсатты басқару. Барлық өндірістік және басқадай
басқару міндеттерін барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші
рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы – кәсіпорынның жалпы мақсаттық,
дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған
кезде бөлімшелердің және ондағы жұмыскерлердің мақсаты айқындалады, әрбір
басқарушы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақтылы түсінік алады,
дербес шешім қабылдау мүмкіндігі ұлғаяды және жұмыста табысқа жетуді
ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен,
кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді
шығаруға көшу, жалгерлікті немесе коперацияны енгізу т.б. шараларды орындау
үшін қолданылады.
Басқару процесінің өтуінің екінші типі – бағдарламалық басқару.
Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және
бұл әрекеттердің бір-бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма
жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процесіндегі мұндай
типті, әдетте, өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады.
Кәдімгі жоспардан бағдарламаның өзгешелігі – тапсырманы
орындауды басқаруды кідіртпестен қолға алуға, осал тұста, орын
анықтауға, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару
үшін график жүйесін кеңінен қолданады. Бағдарламалық басқару күрделі
құрылыста, көп бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел
жұмыстарда қолданылады.
Басқару процесінің үшінші типі – жағдайға қарай басқару. Бұл
мақсаты айқындалған, әрі сирек өзгеретін тұрақтанған, толық меңгерілген
өндірісте қолданылады. Мұндағы басты міндет – туындаған қолайсыз жағдайдан
өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру. Ол
үшін пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік
беретіндей шешім қабылданады.
Атап көрсететін жайт, практикада басқарудың жоғарыда аталған
типтері сол қалпында қолданыла бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып
келетін кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттерді шешкен кезде
басқарудың үш типі дербес қолданылуы да, әр түрлі үйлесімде қолданылуы да
мүмкін.
Мұндай үйлесімділікке, соңғы жылдары кең етек алған
бағдарламалық мақсатты басқару – мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және
жүзеге асыру нақты дәлел болады. Мұнда мақсатты басқарудың да, сондай-ақ
бағдарламалық мақсатты басқарудың да элементтері бар. Бағдарламалық
мақсатты басқару кәсіпорынның түбегейлі, негізгі міндеттерін шешу үшін
қолданылады. Мәселен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында Белок, Кадрлар,
Жалгерлік т.б. бағдарламалар.
Коммуникация дегеніміз – қарым –қатынас, екі және одан да көп
аламдардың өзара түсінісуге байланысты: бір – бірінен ақпарат, мәліметтер
алмасуы.
Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін
біреулермен байланысуға, қарым – қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың
жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және басқару қызметтерін орындау да қарым
– қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің
байланыстырушы процесі болып саналады.
Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым – қатынас
орнату қажет.
Шет ел зерттеушілерінің пікірінше тиімсіз қарым –қатынас
проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін
басшылар –бұлар тиімді қарым – қатынас орната білетіндер. Ұйым ішіндеде,
одан тысқары жерде де тиімді қарым – қатынас ұйым аралықтары үшін де,
сыртқы орта үшінде аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды
пайдаланады.
Олар тұтынушылар мен жарнама арқылы және басқадай жодармен
байланысады. Қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас орнатуда жергілікті ұйымдар
мен, жалпы ұлттық несмесе халық аралық деңгейде байланыс жасауға ерекше
көңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, Сол
себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді,
сондай – ақ өзінің орналасуы, мүмкіндіктері, жеңілдіктер т.б. туралы
деректер келтіріледі. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға
қатысуының басқа да толып жатқан әдістері бар.
Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі проблеммаларға байланысты
ұйым ішінде әртүрлі талқылаулар, жиналыстар телефон арқылы келісімдер
жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар (ведиолента) тағы
басқа жасалады.
Ұйымда мәліметтер бірінен – біріне беріліп, алмасып отырады. Жоғарғы
басшылықтан төменгі басшылыққа күнделікті міндеттер, нақты тапсырмалар
ұсыныстар тағы басқа беріледі. Төменгі деңгейдегі басшылықтан жоғарғы
деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметте не істеп жатқандығы айтылады.
Басшы осындай жолмен ағымдағы және толғағы жеткен мәліметтерді біліп
отырады, істі оңға бастырудың мүмкін болаты варианттарын ұсынады. Жоғарғы
басшылар мен төменгі басшылардың мәлімет алысуы әдетте есеп беру, ұсыныс
айту және жазбаша түсініктеме формасында болады.
Әр түрлі бөлімшелер аралығындағы коммуникация көлбеу коммуникацияға
жатады. Кез келген ұйым мұндай коммуникацияны қажет етеді, өйткені оның өзі
өзара байланысты элементтерден тұратындықтан, басшы мақсатқа жетуі үшін
біркелкі жолға қойылған жұмысқа қол жеткізуі тиіс.
Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып саналады. Олар
бөлімшелердегі міндеттерді анықтау үшін мәлімметтер алмасады, жұмысты
тиімді орындау проблемаларын талқылайды.
Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен
бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға
топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Коммуникациялық процесс - бұл екі немесе оданда көп адамдар арасындағы
мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын
қамтамасыз ету. Коммуникация-бұл күрделі процесс жәнеде оны жақсы түсіну
үшін процесс сатыларын білу қажет.
Мәлімет алмасу процесінің элименттері мыналар болып саналады:
- мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және
оны таратып беруші болып саналады;
- символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау;
-канал, мәліметті беру құралы;
алушы, бұл мәліметті қажет ететін адам.
Мәліметті алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді рөл атқарады, әрі
мұның өзі бір-біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұлардың міндеті
хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жаққа да түсінікті
болуын қарастыру. Мәлімет алу кезеңдері мынадай:
- идеяның пайда болуы; кодтау және канал таңдау; беру; декодтау.
Мәлімет алмасу процесінің кезеңдерін қарастырайық. Мәлімет алмасу
идеяны тұжырымдаудан немесе мәліметті таңдаудан басталады.Бұл кезеңде
жөнелтуші мәлімет алмасу үшін қандай канцепцияны басшылыққа алу қажет
екендігін шешеді де, мұнда ол көптеген фактарларды ескерді. Мәселен, басшы
жұмыс нәтижесін бағалау туралы мәлімет алмасқысы келсе, ол мынадай жайтты
есте сақтау тиіс: идеяның мәнісі сол, өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджментінің принциптері
Менеджмент
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ
Менеджменттің методологиялық негіздері
Кітапханада кадрлармен жұмыс істеуді ұйымдастыру
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Педагогикалық менеджменттің ғылыми - теориялық негіздері
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНЕДЖМЕНТ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Компьютерлік фирма менеджментінің ақпараттық жүйесі
Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент
Пәндер