Тұлға теориясы



I. Кіріспе
Тұлға теориясы
II. Негізгі бөлім
1. Фрейд бойынша тұлға теориясы
2. К.Юнгтың тұлға теориясы
3. А. Маслоудың тұлға теориясы
III. Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүние танымы білінеді.
1. Н.С.Ақтаева “Әлеуметтік психология” Алматы 2001жыл.
2. Қ.Жарықбаев, Ө.Озғанбаев «Жантануға кіріспе» Алматы 2000 жыл.
3. «Қызықты психология», Алматы2003жыл.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Орындаған: Мұса
Г.Т. БЗХТ 207 гр
Тексерген: Адилова Э. Т.

Алматы 2013 жыл

ЖОСПАР:

I. Кіріспе
Тұлға теориясы
II. Негізгі бөлім
1. Фрейд бойынша тұлға теориясы
2. К.Юнгтың тұлға теориясы

3. А. Маслоудың тұлға теориясы
III. Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

Кіріспе
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас
даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты
мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге
“меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы
керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі,
өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды.
Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола
бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта
өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше
қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің
көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық
дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б.
Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас
ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын
арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым
алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты,
ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі
болып саналады.
Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін,
психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын
сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық
белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми
анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы
тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты
бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның
бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен
сипатталады және бұлар арқылы адамның дүние танымы білінеді.

Негізгі бөлім

1.Фрейд бойынша тұлға теориясы
Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Австрияның Фрайберг қаласында
дүниеге келген. З.Фрейдтің "психоанализ" терминін еңгізуін, оның ғылымға
қосқан үлкен үлесі деп тануға болады.
"Психоанализ" терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология
теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның
саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі.
Үзақ мерзім психоанализдің дамуында З.Фрейд түлғалық ұйымдастырудың
топографиялық моделін қолданды. Осы модельбойынша психикалық өмірдің үш
деңгейін бөлуге болады: сана, парықсыздық (подсознательность) және
бейсаналық. Оның ғылымға, қосқан ең үлкен үлесі - бейсаналық үғымын
енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі.
Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден
тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде "қол жететін ес" деп аталады) тура
осы сәтге сезілмейтін тәжірибелерді көрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл
психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы көпір болып
табылады. Бейсаналықта тұлғанын негізгі детерминаттары болады, олар:
психикалық қуат, ояту және инстинктер. Инстинктердің екі түрі бар: либидо
немесе сексуалдық қанағатгануға ұмтылу және агрессиялы инстинкт, өлімге
ұмтылу. 20-жылдардың басыңда З.Фрейд өзінің концептуалды моделін қайта
қарастырып, тұлға құрылымьн негізгі үш компонентке бөлді: ид, эго, жогаргы
эго.
"Ид" латынның "Ол" сөзінен шығады. З.Фрейд бойынша "Ол" тұлғаның
карапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта
өмір сүреді және инстинктивті биологиялык оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.),
яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз
байланысты. Фрейд бойынша, ид -ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе.
Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе
деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын ей механизмді көрсетеді:
рефлекторлық әрекет және алғашқы процестер.
"Эго" (латын. "Эго" - "Мен") - шешім қабылдауға жауапты психикалық
ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемте байланысты шектеу
қоя отырып, қанағаттандыруға тырысты. Эгоның қызметі — ағзаның тұтастығы
мен тепе-теңдігін сақтау.
"Жоғарғы Эго" (латын. "sирег" - "жоғарғы" және "еgо" - "мен"). Адам
қоғамда өмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар жөне
әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы "әлеуметгену" процесі, яғни
құрылымдық модельдің тілі бойынша "жоғарғы эгоның" қалыптасуы барысында
жүзеге асады. Фрейд "жоғарғы эгоны" екі жүйегеге бөледі: ар-үят
және эго-идеал.
Теріске шыгару. Адам жағымсыз жағдайлар туындаған кезде оны мойындамай,
бас тартса, теріске шығару деп аталатын қорғаныс механизмі жұмыс істейді.
З.Фрейдтің ойынша, қобалжу инстинктивті импульстардан шығады,
Эгоны болатын қауіп-қатерден сақтайгын сигналдарды атқарады. Оған
жауап ретінде эго жоғарыда көрсетілген қорғаныс механизмдерінің
тізбегін қолданады.

2.К.Юнгтың тұлға теориясы

К.Г.Юнг- швейцар психологы, психиаторы,
мәдениеттанушысы, "терең" психологияның практигі,психологияның
"аналитикалық психология" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның имплицитті теориясы өңдеу
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Жеке тұлғаның қазіргі психологиялық теорияларын классификациялау және оған негіз болатын факторлар: психодинамикалық, социодинамикалық және инеракционистік
Тұлға туралы теориялар жайлы
Тұлға туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Гуманистік психология түлғаны тану
Заңды тұлға түсінігі мен қалыптасу тарихы
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Тұлға және даралық туралы
Пәндер