Келісім-шарт



Келісім-шарт дегеніміз - келісімде көрсетілген, сатып алушы (біздің жағдайымызда мемлекет) мен сатушы арасындағы белгілі бір міндеттердің орындалуы туралы келісімдер. Бұндай келісімдердің көлемі көп жағдайда бір беттен бастап шарықтайды. Мысалы, мемлекет күрделі, мамандандырылған құрал-жабдықтарды сатып алу кезіндегі жасалатын келісім-шарттар, белгіленген стандартқа сай сатып алу өтінішінің көлемі мың бетке дейін немесе одан да көп болады. Мемлекеттік сатып алу шарттарының екі түрі болады:
 шығындарды өтеу;
 белгіленген бағалар;
Келісім - шарттардың келесідей түрлері болады:
1. «Шығындар + тұрақты кіріс» келісім - шарты - шығындарды өтеу тобындағы ең көп қолданылатын келісім - шарт типі. Берілген келісім-шарт орындалған кезде, өндіруші фирманың келісім - шарт шарттарында қарастырылған дұрыс шығындардың барлығының төленуіне құқығы бар. Сонымен қатар алдын ала қарастырылған табыс төленеді. Осындай келісімдер орындаушыны - ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандырмайды. Көп жағдайларда мердігер өз шығындарын көбейтуді дұрыс деп есептейді. Осылайша ол келісім-шарт бойынша қосымша шығындарымен жанама шығыстарын көбейтеді. Ол сонымен қатар болашақ келісім-шарттарды орындау кезінде жоғарылаған бағамды қолдануы мүмкін.
2. «Табыссыз шығындарды өтеу» келісім-шарты (немесе шығын келісім-шарты) шығындарды өтеу келісім-шарттың алғашқы түріне өте ұқсас болып келеді. Айырмашылығы - өндіруші фирмаға табыс (гонорар) төленбейтіндігінде. Осы келісім-шарт түрі келесі жағдайларда құрылады:
а) мамандандырылған коммерциялық емес институттармен жүргізілетін зерттеу жұмыстары үшін;
б) басқа келісім-шартты орындауға байланысты қолданылатын құрылыстар бойынша жұмыстар үшін;
3. «Бөлінген шығындар бойынша» келісім-шарттар. Бұл жағдайда мердігер, алғашқы келісімге сәйкес зерттеу проектісін орындауға кеткен шығындардың орнына компенсация алады. Келісілген деңгейден жоғары болған шығындар орындаушыға төленбейді. Ендеше, келісім-шарттың бұл түрі сирек қолданылады.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Келісім-шарт дегеніміз - келісімде көрсетілген, сатып алушы (біздің
жағдайымызда мемлекет) мен сатушы арасындағы белгілі бір міндеттердің
орындалуы туралы келісімдер. Бұндай келісімдердің көлемі көп жағдайда бір
беттен бастап шарықтайды. Мысалы, мемлекет күрделі, мамандандырылған
құрал-жабдықтарды сатып алу кезіндегі жасалатын келісім-шарттар,
белгіленген стандартқа сай сатып алу өтінішінің көлемі мың бетке дейін
немесе одан да көп болады. Мемлекеттік сатып алу шарттарының екі түрі
болады:
✓ шығындарды өтеу;
✓ белгіленген бағалар;
Келісім - шарттардың келесідей түрлері болады:
1. Шығындар + тұрақты кіріс келісім - шарты - шығындарды өтеу
тобындағы ең көп қолданылатын келісім - шарт типі. Берілген келісім-шарт
орындалған кезде, өндіруші фирманың келісім - шарт шарттарында
қарастырылған дұрыс шығындардың барлығының төленуіне құқығы бар.
Сонымен қатар алдын ала қарастырылған табыс төленеді. Осындай келісімдер
орындаушыны - ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандырмайды. Көп
жағдайларда мердігер өз шығындарын көбейтуді дұрыс деп есептейді.
Осылайша ол келісім-шарт бойынша қосымша шығындарымен жанама шығыстарын
көбейтеді. Ол сонымен қатар болашақ келісім-шарттарды орындау кезінде
жоғарылаған бағамды қолдануы мүмкін.
2. Табыссыз шығындарды өтеу келісім-шарты (немесе шығын келісім-
шарты) шығындарды өтеу келісім-шарттың алғашқы түріне өте ұқсас болып
келеді. Айырмашылығы - өндіруші фирмаға табыс (гонорар)
төленбейтіндігінде. Осы келісім-шарт түрі келесі жағдайларда құрылады:
а) мамандандырылған коммерциялық емес институттармен жүргізілетін
зерттеу жұмыстары үшін;
б) басқа келісім-шартты орындауға байланысты қолданылатын
құрылыстар бойынша жұмыстар үшін;
3. Бөлінген шығындар бойынша келісім-шарттар. Бұл жағдайда
мердігер, алғашқы келісімге сәйкес зерттеу проектісін орындауға кеткен
шығындардың орнына компенсация алады. Келісілген деңгейден жоғары болған
шығындар орындаушыға төленбейді. Ендеше, келісім-шарттың бұл түрі сирек
қолданылады.
4. Шығындар + ынталандырушы төлем келісім-шарты. Бұл түр
белгіленген бағалар бойынша келісім-шарттарға ұқсас, мемлекет пен өндіруші
фирма жоспарлы шығындарды, табысты, бөлу формуласын, кірістің максималды
және минималды деңгейін белгілеп келісімге келеді. Бөлу формуласы
мердігерге төленетін гонорардың көлемін анықтау үшін қолданылады. Баға
тек ынталандырушы болған жағдайда, бөлу формуласы келісілетін
жоспарланатын шығындар мен соңғы шығыстар арасындағы қатынасқа
негізделеді.
Бірақ, тұрақты баға келісім-шартынан ерекшелігі, өтелінетін
шығындар келісім-шартында бағалық шектеу жоқ және мердігерге барлық
рұқсат етілген шығындар төленеді. Егер нақты шығындар жоспарланғаннан
жоғары болса, онда нақты табыс жоспарланғаннан кем болады. Ал нақты
шығындар жоспарланғаннан кем болса, онда нақты табыс жоспарланғаннан артық
болады. Бірақ бірде бір жағдайда нақты табыс келісім-шартта
қарастырылған максималды табыстан жоғары бола алмайды.
Шығындар + ынталандырушы төлем келісім-шарты көбінесе зерттеу
немесе тексеру (испытатальная) жұмыстары үшін, шығындарды өтейтін келісім-
шарттардың қолданылуы қажет болған жағдайда құрылады да, оның шарттары
мердігерді ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
5. Шығындар + премия келісім-шарты - шығындар + ынталандырушы
табыс келісім-шартының бір түрі болып келеді. Ол өзіне негізгі табыс
(әдетте 3% және одан да төмен) және келісім-шартта алдын ала келісілген
талаптарға сәйкес тапсырыстың сапалық орындалуына негізделген табыстың
алыну шартын қосады. Шығындар + премия келісім-шартының ерекшелігі - онда
табысты шектеудің математикалық формуласының жоқтығы болып табылады. Табыс
мөлшері Мемлекеттік бағалау кеңесінің кепілдемесіне негізделеді және
мердігер оған қарсы бола алмайды (өйткені, келісім-шартта
келіспеушіліктер бөлімшесі болмайды).
Мемлекеттік келісім-шарттар туралы сұрақтарды қарастыру Америка
Құрама Штаттар экономикасының мәліметтеріне сүйене отырып талдау маңызды
болып табылады.
Федеральді үкімет ақша қаражаттарын үш бағытта жұмсайды.
Бірінші бағыт - әлеуметтік және денсаулық сақтау аумағында жұмыс
істейтін қызметкерлерге төлем ақы, сонымен қатар жұмыссыздарға көмек және
зейнетақы төлемдері.
Екінші бағыт – коммерциялық институттар мен жеке кәсіпорындардан
тауарлар мен қызмет көрсетулердің мемлекеттік сатып алулары.
Үшінші бағыт – келтірілген институттардың жасаған жұмыстары немесе
олардың бақылауы арқылы жүргізілетін әрекеттерге мемлекет гранттар береді
немесе жергілікті басқарушылармен, штаттармен, жеке институттармен
кооперативті келісімдер жасайды.
Ең бастысы – осы көрсетілген мемлекеттік шығындардың (яғни, субсидия
жасау мен келесім-шарттарды құру) барлық бағыттарына әр жыл сайын 100
миллиард доллар шамасында ақша қаражаттары бөлініп отырады. Бұл бағыттар
АҚШ-тың шаруашылық әрекеттің негізгі формалары болып табылады.
Шығындарды жабу (өтеу) келісіміне сәйкес, келісім-шартта алдын ала
ескерілген талаптардың орындалуларын және алдын-ала бағаланған
шығындармен белгілі бір уақыт ішінде мердігер барлық жігерін
бағыттауға міндеттенеді. Орнына, мердігер өз шығындарын өтеуге және кіріс
(гонорар) алуға құқығын иеленеді. Белгіленген баға келісім-шартын
жасасқан кезде, мердігер келісім бойынша барлық міндеттемелердің
орындалуына кепілдеме береді. Кепілдеменің орнына, үкімет белгілі баға
бойынша сатып сатып алынған тауарларға (қызмет көрсетулерге) төлем
төлеуге міндеттенеді.
Үкімет жазбаша келісім-шарттарда сатып алулардың кең таңдауына
шарттарды икемдейді. Егер шығынды өтеу келісім-шарт мердігерге
келісімнен жоғары көлемдегі белгілі бір табыс әкелетін болса, онда
фирма-өндіруші табыссыз жұмыс істеуге келісуі және шығындарды бөлісуге
де қатысуы мүмкін. Басқа жағдайларда белгілі бір міндеттерді орындау
кезінде фирма қосымша күш-қуатын қосуға қызығушылығын тудыру үшін,
мемлекет ынталандырушы төлемді қолдануы мүмкін.
Уақыт + шикізат және еңбек сағаттары принциптері бойынша құрылған
келісім-шарттар өзіне тұрақтандырылған бағалармен келісім-шарттар және
шығындарды өтеу келісім-шарттарының көрсеткіштерін қосады. Көбіне олар
инженерлі-жоспарлау қызметтерін көрсету және жалпы құрылысқа жасалады.
Санау берілген бағам бойынша шығындалған еңбек сағаттарына белгіленген
материалдар бағасы қосылады – осының барлығы тұрақтандырылған максималды
деңгейге бағынады.
Мемлекет, әрбір сатып алушы сияқты, оның жабдықтаушысы - өзіне әділ
қауіп-қатерді алуын қалайды. Сол себепті мемлекет мүмкіндігі болған
жағдайда белгіленген баға бойынша келісім-шарттарды құруды және өз
қажеттіліктерінің күтпеген жерден өзгеру қаупін білуін қолдайды.
Әртүрлі деңгейдегі қауіп-қатері бар келісім-шарттардың бірнеше түрі
бар. Мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім-шарттарды жасауға лауазымы
бар адам, сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге байланысты
өзіне лайықты келісім-шарт түрін таңдайды.
Бастапқы жағдайдың негізінде жатқан себеп болып, мемлекет жеткізу
келісім-шартын құрған кездегі фирма-өндіруші өз табысын
максимизациялауға жағдайларды іздеу саналады. Мемлекеттік сатып алуларды
федералды реттеу ережелері мыналарды анықтайды: Көптеген коммерциялық
кәсіпорындардың қозғаушы күші – табыс болып саналады. Мемлекет, оның
жабдықтаушылары сияқты барлық қоғамға қажетті жемісті жұмыс істеуге
әсер етуші мақсат болатын осы әсерді қолдануда қызығушылығы болуы
керек. Осы себепті екі жақ келісім-шарттың шарттарын, оның жоғары
деңгейде орындалуын ынталандыру мақсатымен құру керек. Субъектіге
экономикалық орындалу кезінде – жоғары деңгейде үлкен көлемдегі табыс,
ал төмен, егжей-тегжейлі орындалғанда – төмен табыс немесе шығын әкелу
кепілдігі берілуі қажет.
Мемлекеттік сатып алудың федеральді басқаруы тұрақты бағалар
бойынша шарттардың төрт түрін ерекшелеп көрсетеді:
1) тұрақты белгіленген бағалар бойынша келісім-шарттар;
2) шегерумен қоса белгіленген бағалар бойынша келісім-шарттар;
3) белгіленген бағалар бойынша келісім-шарттар + ынталандырушы төлем;
4) қайта саналуға бағынатын белгіленген бағалар;
Осы төрт түр істелінген жұмыстың құнын шектесе де, әрбір жеке
көрсетілген келісім-шарт түрі мердігердің қауіп-қатерін әртүрлі бөледі.

Жұмыс кезінде мердігердің шығындалғанына қарамастан, келісім-
шарт жасалғаннан кейін мемлекетке алғашқы жұмыс бағасын өзгерту
қажеттілігі болмайды. Тек мынандай ерекше жағдайларда ескертулер болуы
мүмкін: мемлекеттің қажеттіліктерінің өзгеруі немесе технологиялық
жаңалықтардың енгізілуіне жауап ретінде келісім-шарттың алғашқы бағасы
өзгерген кезде.
Практика жүзінде белгіленген бағалар бойынша келісім-шарттарды құру
үшін екі шарттың болуы қажет:
1) белгілі бір жоспардың және оның ерекшеліктерінің бар болуы;
2) келісуші екі жақ дұрыс және шынайы болатын бастапқы бағаны
белгілеу қажет.
Бағалы бәсекелестік болмаса да, тұрақты белгіленген бағалар бойынша
келісім-шарт тек келесі шарттар орындалған кезде ғана қолданыла алады:
1.бағалық салыстыруды өткізу мүмкіндігі болса;
2.жұмысты атқару бойынша мүмкін болатын шығындарды бар шығындар
немесе бағалық мәліметтер арқылы шынайы, дұрыс бағалау;
3. белгіссіздіктің келісім-шарт бағасына әсері нақты бағалануы
тиіс;
Егер белгілі бір жағдайда жоғарыда көрсетілген шарттар болмаса,
ең дұрысы шарттарды өтеу келісім-шарттарын құру болып табылады.
Шегерумен қоса белгіленген бағалар бойынша келісім-шарт – бағаның
өсуін не төмендеуін қайта қарастыру мүмкіндігі болған жағдайда құрылады.
Осындай қайта қарастырулар – белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жай астықты барлық келісім шарт жасасу КСРО ішкі және сыртқы сауда
Ұжымдық келісім шартының маңызы
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім мен шығындар
Салық кезеңі
Шарт, келісім, меморандум, мәміле. Презентация. Резюме. Жарнама. Кепілдеме хат
Келісім шарт туралы ақпарат
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Шарт ережелерін бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі
Пәндер