ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау



Кіріспе 3
1 Нарықтық экономикалық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі капиталды пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық аспектілері
1.1 Негізгі капитал түсінігі және оның құрамы мен құрылымы 5
1.2 Кәсіпорынның негізгі өндірістік капиталын бағалау әдістері 10
1.3 Негізгі капиталды пайдалану көрсетіштері және оны арттырудың қазіргі кездегі жолдары 21

2 «Жигер» ЖШС.ндегі негізгі капиталдың қолданылу тиімділігін талдау
2.1 Кәсіпорынның өндірістік.шаруашылық қызметінің жалпы сипаты және оның экономикалық белсенділігін талдау 30
2.2 Кәсіпорынның негізгі капиталмен қамтамасыз етілуін талдау 42
2.3 Кәсіпорынның өндірістік қуаты және негізгі капиталды тиімді пайдалануды талдау 48

3 «Жигер» ЖШС.ндегі негізгі капиталды пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
3.1 Істен шыққан негізгі капиталды сату және өндіріс көлемін ұлғайту арқылы негізгі капиталды пайдалану тиімділігін жоғарылату 56
3.2 Ұсынылған шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу 61

Қорытынды 66
Қолданылған әдебиеттер тізімі 68
Тақырып өзектілігі. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігін алғаннан кейін атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ұдайы өндірісте негізгі қор саясаты ерекше маңызды роль атқарады. Негізгі қордың ұдайы өндірісі макро және микро деңгейде іске асуы тиіс. Ұдайы өндіріс саясатында негізгі макро деңгейдегі міндеті барлық шаруашылық субьектілерінде жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс жағдайын жасауға жаңа техниканы өндіріске ендіру, қайта құру және өндірісті техникалық жаңадан жабдықтау болып табылады. Бұл міндет тиісінше амортизациялық, инвестициялық және салық саясаты жұмыстарын іске асыру жолымен шешілетін мәселе [1].
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорды және өндіріс күштерінің тиімділігін арттыру проблемасы маңызды орында. Осы проблеманы шешу кәсіпорынның өндірістегі орны, оның қаржы жағдайы, нарықтағы бәсекелестік мүмкіндігіне байланысты. Өндірістік қор экономикалық категорияда еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Себебі экономикалық категорияда кәсіпорындарда өндіріс құралдары және еңбек заттары болып қызмет істеп, оның құнын ақшалай формада көрсетіп кәсіпорындардың өндірістік қорын құрайды. Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның жекеменшігінде, шаруашылық қызметінде өзінің жеке мүлкінің болуы. Тек сол ғана кәсіпорының материалдық-техникалық деңгейін, экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Белгілі бір мүліксіз өз қызметін ешқандай ірі, орта немесе шағын кәсіпорын, не болмаса жеке кәсіпкер іске асыра алмайды.
Негізгі өндірістік қорлар - қоғамдық өндірістің материалдық-техникалық базасы болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты, еңбектің техникалық қарулану деңгейі негізгі өндірістік қордың мөлшеріне байланысты. Еңбектің техникалық қарулану деңгейінің жоғарылауы және негізгі қордың ұлғаюы еңбек үрдісінің деңгейін жоғарылатады, қоғамның техникалық-мәдени деңгейін көтереді. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында негізгі капитал - өндірістің ары қарай экономикалық өсуінің ең негізгі құралдарының бірі. Негізгі қорда қоғамның материалдық ресурстарының басым бөлігі орын алған.
Негізгі өндірістік қорлардың құнында құрал-жабдықтың алатын орны қаншалықты жоғары болса, кез келген жағдайда өнім өндіру мен қорқайтарымдылық көрсеткіші соншалықты жоғары болады. Сондықтан негізгі қордың жақсаруы кәсіпорын өндірісінің жоғарылауына, ақша қаражаттарының ұлғаюына, өзіндік құнның төмендеуіне жағдай жасайды [2]. Осы себепті отандық кәсіпорындардағы негізгі капиталды қолданудың тиімділігін арттырудың заманға сай тәсілдерін қолданысқа енгізу мәселелерін іздестіру қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
1. А.Қ Мейірбеков., Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы», Алматы «Экономика», 2003 жыл.- 320 б.
2. К.Ж. Оразалин. «Кәсіпорын экономикасы» Тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. - Алматы 2009. – 320б.
3. Қ.Ж. Оразалин., Жантасов М.М. Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздік. Алматы 2003.- 450б.
4. Под.ред. В.Я. Горфинкеля, Экономика предприятия. «ЮНИТИ»М:2001.- 285б.
5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. -Алматы 2002. -185б.
6. Под. Ред. О.И.Волкова. Экономика предприятия. М-.: «ИНФРА-М», 2000. – 243б.
7. Тулегенов Б.Т., Бельгибаева Ж.Ж., Акимбай А., Асанов Б. Экономика предприятия. Методическое указание. Алматы 2004. – 280б.
8. Калдыбаев О. «Экономика предприятий», Алматы 2001. – 153б.
9. Экономический рост предприятий РК. Сборник научныхтрудов – Алматы: «Экономика» 2000. – 145б.
10. Дәуренбекова А.Н. «Қазақстан өнеркәсібінің деңгейін көтерудің экономикалық механизмі». Монография – Алматы: Экономика, 2005. – 185б.
11. Петросян, Коновалова «Пути повышения эффективности основных фондов и производственная мощность предприятия», Москва 2001. – 345б.
12. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйственного субъекта Учебное пособие – Москва , «Финансы и статистика», 2000. – 250б.
13. Бунин П.Г. «Актуальные вопросы эффективного использования производственной мощности», Москва 2002.-465б.
14. Зайцев Н.Л.,Экономика промышленного предприятия:Оқулық; 2-ші шығ.,қайта өңделген. және толықтырылған.-М.:ИНФРА-М,2002.-336б.
15. В.В.Ковалев. О.Н.Волкова. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Проспект. Москва 2000. – 298б.
16. Г.В.Савицкая. Анализ хозяйственной деятельности предприятия АПК. Минск ООО «Новое знание» 2002. – 485б.
17. Солопенко М. АХД предприятий пищевой промышленности. М-2002. – 285б.
18. Ермолович Л.Л. «Анализ финансово - хозяйственной деятельности предприятия», Минск 2003. – 370б.
19. Прикын Б.В. Экономический анализ предприятия.– М: «ЮНИТИ» 2000. – 235б.
20. Төлегенов Б.Т. Ішкіфирмалық жоспарлау. Алматы Технологиялық Университеті. Алматы 2003. – 243б.
21. “Жигер” ЖШС-ң 2008-2009 жылдардағы есеп беру мәліметтері.
22. Бунин П.Г. «Актуальные вопросы эффективного использования производственной мощности», Москва 2003. – 475б.
23. «Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана» Катков А. С.// Предприятия Казахстана 2009 ж, №9, 7б.
24. Коновалова Н.П. «Полное использование мощности предприятий», Москва 2004. – 285б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Бет.
Кіріспе 3
1 Нарықтық экономикалық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі капиталды
пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық аспектілері
1.1Негізгі капитал түсінігі және оның құрамы мен құрылымы 5
1.2Кәсіпорынның негізгі өндірістік капиталын бағалау әдістері 10
1.3Негізгі капиталды пайдалану көрсетіштері және оны арттырудың 21
қазіргі кездегі жолдары

2 Жигер ЖШС-ндегі негізгі капиталдың қолданылу тиімділігін талдау
2.1Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің жалпы сипаты 30
және оның экономикалық белсенділігін талдау
2.2Кәсіпорынның негізгі капиталмен қамтамасыз етілуін талдау 42
2.3Кәсіпорынның өндірістік қуаты және негізгі капиталды тиімді 48
пайдалануды талдау

3 Жигер ЖШС-ндегі негізгі капиталды пайдалану тиімділігін арттыру
жолдары
3.1Істен шыққан негізгі капиталды сату және өндіріс көлемін 56
ұлғайту арқылы негізгі капиталды пайдалану тиімділігін
жоғарылату
3.2Ұсынылған шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу 61

Қорытынды 66
Қолданылған әдебиеттер тізімі 68

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек
экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор
маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігін алғаннан кейін
атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан
экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді.
Нарықтық қатынастар жағдайында ұдайы өндірісте негізгі қор саясаты
ерекше маңызды роль атқарады. Негізгі қордың ұдайы өндірісі макро және
микро деңгейде іске асуы тиіс. Ұдайы өндіріс саясатында негізгі макро
деңгейдегі міндеті барлық шаруашылық субьектілерінде жай және ұлғаймалы
ұдайы өндіріс жағдайын жасауға жаңа техниканы өндіріске ендіру, қайта
құру және өндірісті техникалық жаңадан жабдықтау болып табылады. Бұл міндет
тиісінше амортизациялық, инвестициялық және салық саясаты жұмыстарын іске
асыру жолымен шешілетін мәселе [1].
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорды
және өндіріс күштерінің тиімділігін арттыру проблемасы маңызды орында. Осы
проблеманы шешу кәсіпорынның өндірістегі орны, оның қаржы жағдайы,
нарықтағы бәсекелестік мүмкіндігіне байланысты. Өндірістік қор экономикалық
категорияда еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Себебі
экономикалық категорияда кәсіпорындарда өндіріс құралдары және еңбек
заттары болып қызмет істеп, оның құнын ақшалай формада көрсетіп
кәсіпорындардың өндірістік қорын құрайды. Кәсіпорынның негізгі белгісі –
оның жекеменшігінде, шаруашылық қызметінде өзінің жеке мүлкінің болуы. Тек
сол ғана кәсіпорының материалдық-техникалық деңгейін, экономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Белгілі бір мүліксіз өз қызметін
ешқандай ірі, орта немесе шағын кәсіпорын, не болмаса жеке кәсіпкер іске
асыра алмайды.
Негізгі өндірістік қорлар - қоғамдық өндірістің материалдық-техникалық
базасы болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты, еңбектің техникалық
қарулану деңгейі негізгі өндірістік қордың мөлшеріне байланысты. Еңбектің
техникалық қарулану деңгейінің жоғарылауы және негізгі қордың ұлғаюы еңбек
үрдісінің деңгейін жоғарылатады, қоғамның техникалық-мәдени деңгейін
көтереді. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында негізгі капитал -
өндірістің ары қарай экономикалық өсуінің ең негізгі құралдарының бірі.
Негізгі қорда қоғамның материалдық ресурстарының басым бөлігі орын алған.
Негізгі өндірістік қорлардың құнында құрал-жабдықтың алатын орны
қаншалықты жоғары болса, кез келген жағдайда өнім өндіру мен
қорқайтарымдылық көрсеткіші соншалықты жоғары болады. Сондықтан негізгі
қордың жақсаруы кәсіпорын өндірісінің жоғарылауына, ақша қаражаттарының
ұлғаюына, өзіндік құнның төмендеуіне жағдай жасайды [2]. Осы себепті
отандық кәсіпорындардағы негізгі капиталды қолданудың тиімділігін
арттырудың заманға сай тәсілдерін қолданысқа енгізу мәселелерін іздестіру
қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – ЖШС Жигер кәсіпорнының өндірістік
шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын
зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау
және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты келесі міндеттер шешіледі:
– кәсіпорын негізгі капиталдарын қалыптастырудың теориялық негіздерін
ашып қарастыру;
– Жигер ЖШС-нің шаруашылық қызметіне сипаттама беру және экономикалық
көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
– Жигер ЖШС-нің негізгі капиталының құрамы мен құрылымына талдау
жүргізу;
– Жигер ЖШС-нің негізгі капиталдарын тиімді пайдалану жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні болып кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдаланудың
теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы табылады.
Зерттеу объектісі болып Алматы қаласындағы сүт және сүт өнімдері
нарығында өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыратын Жигер ЖШС саналады.
Тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар өте
жоғары тәуекелділікке негізделген стратегиялық шаруашылық аймақтарда жұмыс
жасауға міндетті болып отыр. Егер де терең біліміңіз болмаса, онда
кәсіпорынның өмір сүруіне төмендегідей сыртқы орта факторлары әсер етуі
мүмкін: тұтынушылардың мінез-құлқы, бәсекелестердің позициялары,
серіктестерді дұрыс таңдау, тұтынушыларды қызықтыратын тауар және қызмет
ассортименттерінің бәсеке қабілеттілігін құру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып кәсіпорынның негізгі капиталын
тиімді пайдалану бойынша келесі шаралардың ұсынылуы болып табылады:
– негізгі капиталды пайдалану тиімділігін істен шыққан негізгі
қорды сатудың нәтижесінде жоғарылату;
– кәсіпорында өнімді өткізу көлемін жақсарту арқылы өндіріс
тиімділігін арттыру.
Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытынды
мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Нарықтық экономикалық жағдайындағы кәсіпорынның негізгі капиталды
пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық аспектілері
1.1 Негізгі капитал түсінігі және оның құрамы мен құрылымы

Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын,
өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге,
орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген
амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни
материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметтеріне
қарай мына топтарға бөлінеді [3]:
1. үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма);
2. ғимараттар (көпірлер, жасанды қоймалар);
3. өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер,
құбырлар);
4. машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер,
электроаппараттық трансформаторлар, көтергіш крандар, монометрлер,
таразылар);
5. тасымалдау құралдары (жолаушылар мен жүк таситын машиналар, көлікке
тіркемелер);
6. құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар);
7. шаруашылық құрал-жабдықтары (диван, сейф);
8. жұмыс және өнім малдары;
9. көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
10. жерді өңдеуге жұмсалған күрделі шығындар;
11. басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалары).
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігінде қарай
меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар
жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа
бөлінеді.
Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс
істеп тұруы ретіндегі негізгі капиталдың ақшалай бағалануы. Осыған
байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады [4].
Кәсіпорындардың өндірістік қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда
жүреді. Олар өндіріс шеңберінен айналым өндірісіне, ал одан қайтіп өндіріс
шеңберіне оралады. Қордың әртүрлі элементтерінің айналымда болуы біркелкі
емес. Осы жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе
өндіріс қорлары негізгі және айналым қорлары болып бөлінеді.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл экономикалық
біркелкілігіне қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімі мен мақсатына
байланысты ажыратылатын өте үлкен еңбек құралдарының саны.
Өндірістік процеске қатысу дәрежесінде негізгі капитал активтік және
пассивтік болып бөлінеді. Негізгі капиталдың актив бөлігі - бұл негізгі
өндірістік қорлардың бір бөлігі, олардың көмегімен өндіріс барысында еңбек
құралдарына тікелей (белсенді түрде) ықпал жасайды не олар бір жерден
екінші жерге көшіріледі,
Бақылау міндеттері орындалады. Олар: жұмыс машиналары мен жабдық,
көлік құралдары, аспаптар,т.б. Негізгі капиталдың жалпы құнындағы негізгі
қордың актив бөлігінің үлес салмағы негізгі капитал құрылымының
белсенділігін сипаттайды. Жоғарғы техникалық деңгейде жарақтандырылған және
еңбектің электрмен қамтамасыздандырылу дәрежесі жоғары кәсіпорындарда, яғни
өндірістік процестер неғұрлым механикаландырылған және автоматтандырылған
кәсіпорындарда оның мәні анағұрлым зор.
Негізгі капиталдың пассив бөлігі - өндіріске тікелей қатыспайтын, бірақ
еңбек процесі үшін және негізгі капиталдың актив бөлігінің қалыпты жұмыс
істеуі үшін жағдай жасайтын, адамды және өндіріс құрал-жабдығын сыртқы
ортаның әсерінен қорғайтын өндірістік негізгі капитал. Олар, мысалы:
үймереттер мен ғимараттар, беріліс қондырғылары, шаруашылық құрал-
саймандар, т.б.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған, белгілі
себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар
жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістің ауыспалы айналымын
жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі капиталдың тозуы,
амортизация, негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың
қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі капиталдың кез келген обьектілері табиғи және сапалық тозуға
ұшырайды, яғни адам күшімен , техникалық және экономикалық факторлардың
ықпалы арқылы олар өзіндік еркшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды,
жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз жұмыстарын орындауға
мүмкіндіктері болмайды.
Табиғи тозу негізгі қорды өндірісте ұзақ жылдар қолданудың салдарынан
тозуы. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі капиталды жаңғырту
арқылы ішінара қалпына келеді.Табиғи тозуға әсер ететін негізгі факторлар
[5]:
– негізгі қордың сапасына, жаңалануына оның конструкциясына,
материалының түрі мен сапасына;
– технологиялық ерекшелік процестеріне, жылдамдық деңгейіне,
өнімділігіне және т.б. көрсеткіштеріне;
– оның жұмыс істеу мерзіміне және уақытына , жыл бойғы істеген
күніне , тәуліктегі ауысымына;
– сыртқы ауа райы әсері, т.б. ыстық, суық , ылғал әсерлерінен.
Жұмысшылардың техниканы қолдану сапасына және олардың негізгі капиталға
деген көзқарасына байланысты [6].
Негізгі капиталдың түріне байланысты, олардың тозуы да біркелкі емес.
Сондықтан негізгі қордың тозуын толық және жарым-жартылай тозуға бөлеміз.
Толық тозуда жұмыс істеген негізгі қорды жояды және жаңалайды.
Жарым-жартылай тозуда жөндеу тәсілімен орнын толтырады.
Негізгі қордың өндірісте нақты атқарған мерзімін норматив қатынасымен,
оны 100-ге көбейту арқылы есептейді:

Тоз(т)=Тм Тн *100%
(1)

мұндағы:
Тоз(т) –табиғи тозу;
Тм – нақты атқарған мерзімі;
Тн - нормативті атқару мерзімі.

Сапалық тозу ескірген негізгі капитал өзінің конструкциялық, өнімділік,
үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден, ғылыми
техникалық прогрестің арқасында тозуын білдіреді. Сондықтан, негізгі
капиталды әсіресе, олардың активтік бөлігін қайтадан ауыстырып отырудың
қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың
анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы- сапалық тозу болып табылады.
Сапалық тозу - негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе
өндірістік үрдістен шығуы. Көп жағдайдй оған кәсіпорындағы технологиялық
тозу жатады. Ол табиғи тозуға қарағанда ерте бітеді. Оны әлі де қолдануға
болады, бірақ ол экономикалық жағынан тиімсіз.
Сапалық тозу баланстық және қалпына келтіру құнының арақатынасы
негізінде анықталады:

Тоз=Бқ - ҚқБқ*100%
(2)

мұндағы:
Бқ - баланстық құн;
Ққ - қалпына келтіру құны.

Кәсіпорын жұмысының соңғы көрсеткіштеріне негізгі өндірістік қорлардың
жеке топтарының тигізетін әсері бар. Сондықтан негізгі капиталдың
өндірістік және технологиялық құрылымына көңіл аудару қажет.
Негізгі өндірістік қорлардың өндірістік және технологиялық құрылымын
білу – аз шығынданып еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында жұмыс орындары
мен өндірісті ұйымдастыруды тиімді жобалауға мүмкіндік береді.
Өндірістің әрбір саласы өзінің спецификасына қатысты өндірістік және
технологиялық құрылымға ие болады. Бұған мысал ретінде сүт өнеркәсібін
алуға болады. Ол өзінің мақсаты, өнім өндіру технологиясына байланысты,
шикізат көзінмен байланысына байланысты ерекшеленеді [7].
Бірақ, салааралық ерекшеліктеріне қарамастан, еңбек өнімділігін
жоғарылатуды қамтамасыз ету мақсатымен шаруашылық саясатында негізгі
өндірістік қорларға қойылатын бәріне жалпы талаптар қарастырылады.
Кез келген кәсіпорын өз жұмысын бастағанда нені өндіру қажет, қандай
сапамен және қанша мөлшерде, қандай мерзімде өндіру жоспарымен нарық
талаптарына сәйкес өндірістік мүмкіншіліктерге қол жеткізуге тырысады. Осы
тұрғыдан негізгі өндірістік қорлардың құрылымымен құрамына көңіл аударады.
Кәсіпорынды негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз еткенде, негізгі
өндірістік қорлардың мінездемесінің мәнінен туындайтын етекшеліктерге көңіл
бөлу қажет:
Негізгі капитал еңбектің өндірістік күшін жоғарылатады және ұзақ уақыт
қолданыста болады. Мұнда ғылыми-техникалық прогресс құрал-жабдықтың сапалық
тозуын тездететінін еске сақтау қажет. Осыған орай, бәсекені ұстап тұру
үшін оны әрдайым жаңартып, модернизациялап отыру қажет.
Негізгі өндірістік қорлар өте қымбат тұратындықтан, оларды сатып алуға
үлкен ақша қаражаты қажет.
Негізгі өндірістік қорлардың қымбаттығын ескере отырып, оларға қол
жеткізудің тиімді шарттарын іздестіру қажет: ол лизинг бойынша, несие
арқылы, не болмаса төмен бағамен, т.б. Бұл маркетинг негізінде іске асады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсарту жолдары:
– құрал-жабдықты жаңалау мен модернизациялау;
– жабдықтардың құрылымын жақсарту;
– ғимараттар мен құрылыстарды қолдануды жақсарту, бос орындарға
қосымша құрал-жабдықтарды орналастыру;
– құрылыс жобаларын дұрыс өңдеу, кәсіпорын құрылысының жоспарын
жоғары сапамен орындау;
– артық, қолданылмайтын құрал-жабдықтарды жою.
Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс
істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Негізгі қор деп -
кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланып өзінің құнын келесі өндірілетін өнімге
бірте-бірте аударып отыратын еңбек құралдарын айтамыз.
Негізгі қордың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер
кіреді.
Өндірістікке жататындар: өндірістің, құрлыстың, ауылшаруашылығының,
көліктің, сауданың және басқада материалдардық өндіріс түрлерінің негізгі
капиталы жатады.
Өндірістік емес негізгі капиталға: түрғын үй, коммуналдық шаруашылық,
денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған негізгі капитал
жатады.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі капитал активті және
пассивті болып бөлінеді.
Активті бөлігі - тікелей өндіріске өнімнің мөлшері мен сапасына ықпал
етеді. Мысалы: машиналар, құрал жабдықтар. Пассивті бөлігі - өндірістік
процестер үшін қажетті жағдай жасайды. Мысалы: ғимарат, құрылыс.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналым
жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі капиталдың тозуы,
аммартизация, негізгі капиталды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың
қорлануы және оларды күрделі жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі капиталдың кез келген объектісі табиғи және сапалық тозуға
ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың
ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа
әкеледі сөйтіп өз функциясын орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі капиталдың табиғи тозуы деп - жөндеу, қайта өңдеу, жаңарту
арқылы қалпына келуін айтады.
Сапалық тозуы деп - ескірген негізгі қордың өзінің үнемділік,
өнімділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоюын
айтады.
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып – ол негізгі капиталдың шамадан тыс
ескіріп қалмауына жол бермеу табылады, себебі: олардың табиғи және сапалық
тозуының деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты
болады.
Негізігі қорды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып,
тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндіру жағдайына
байланысты бірнеше түрі болады [8]:
1.Негізгі қордың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге
кеткен шығындардың жиынтығы;
2. Қайта өндіру құны – негізгі қордың қайта өндіруге кеткен шығынның
жиынтығы:
3. Қалдық құн – негізгі қордың құнынан тозуды алып тастағандағы
бастапқы немесе қалпына келтіру құны.
Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: Шығарылатын
өнімнің түрі, оның жалпы көлемі; Автоматтандыру және механикаландыру;
Мамандандыру деңгейі; Кәсіпорынорнының климаттық және географиялық
жағдайлары;
Негізгі капиталдың қолдану көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:
1. Негізгі капиталды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;
2. Негізгі капиталдың жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
3. Негізгі капиталдың интегралды қолдану көрсеткіштері;
Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану
коэффиценті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффиценті және құралдарды
толық пайдалану коэфиценті жатады яғни, бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт
мөлшерінді қолданылу деңгейін көрсетеді.
Екінші топ көрсеткіштері - негізгі қор нақты өнімділігін оның
нормативті өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.
Үшінші көрсеткіші – құралдарды ингралдық қолдану коэфиценті құралдарды
экстенсивті және интенсивті қолдану коэфицентіне көбейту арқылы анықталады
және ол құралдардың уақыт және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.
Негізгі капиталдың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып қор
қайтарымы есептеледі.
Қор қайтарымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылатын негізгі
капиталдың теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын
экономикалық көрсеткіш. Сондай-ақ, ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды
көрсеткіші болып табылады.
Қор қайтарымына қарама қарсы көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады.
Қор сыйымдылығы – бұл негізгі капитал құнының өндірілген және сатылған
өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Өндірістің негізгі қор көлемі және олардың қолдану дәрежесі
кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат -
саланың, цехтың жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып өндіріс пен еңбекті
неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің
белгілі бір түрін өндіруге барынша жоғарғы қабілеттілігі.

1.2 Кәсіпорынның негізгі өндірістік капиталын бағалау әдістері

Негізгі өндірістік капиталдың қозғалысын есепке алғанда және
жоспарлағанда, негізгі өндірістік капиталдың қуаттылығын анықтағанда табиғи
және құн (ақшалай) формасындағы көрсеткіштерін қолданады.
Табиғи көрсеткішке - құрал-жабдықтың саны, өнімділігі, қуаты,
мінездемесі, бөлімшедегі цехтардың өндіріс қуатының есебі, мысалы: құрылыс,
үй, ғимараттың есебін алғанда биіктігі, көлемі метр квадратпен есептелініп
қолданылады. Мұндай есеп арқылы негізгі өндірістік капиталдың өндірістік
және технологиялық құрылымынның барысын сараптауға, сол сияқты, олардың
топтарының қозғалысы мен жағдайын білу үшін ғана емес, сонымен қатар,
олардың жоғарғы еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін тиімді даму жолдарын
анықтауға да қол жеткізеді.
Құн (ақшалай) есебінде - негізгі өндірістік қор құнын есептеу, өндіріс
жоспарын жасарда, ұлғаймалы ұдайы өндіріс көлемін жоспарлағанда, белгілі
тозу және амортизация көлемін есептеуге, өнімнің өзіндік құнын
құрастырғанда, негізгі өндірістік қорды тиімді қолданудағы экономикалық
көрсеткіштерде қолданады. Мұны бухгалтерия және экономикалық-жоспарлау
бөлімінің қызметкерлері атқарады [9].
Негізгі өндірістік қорды ақшалай бағалау кәсіпорынның
бәсекеқабілеттілігі мен өндіріс тиімділігін жоғарылату мақсатында кәсіпорын
экономикасын жүргізу саясатын қалыптастыруда қажет.
Негізгі өндірістік капиталды бағалау оның жұмыс істеу уақытына
байланысты бағаланады. Жұмыс істеп тұрған негізгі капитал бухгалтерлік
есепте олардың баланстық құны бойынша көрсетіледі. Бағалауда келесі түрлер
қолданылады:
1. Бастапқы құн
2. Қалпына келтіру құны
3. Қалдық құн
4. Жойылу құны
5. Орта жылдық құн
Осы көрсетілген бағалаудың бастапқы үш түрін кеңінен қолданамыз.
Бастапқы құн - негізгі капиталды сатып алу және жаңа кезіндегі
пайдалануға беру құны, оған құралдарды жеткізу және монтаждау жұмыстары
кіреді. Және ол амортизация нормасын, амортизациялық аударымдардың
мөлшерін анықтауға, сонымен қатар кәсіпорын активінің рентабельділігі мен
пайданы, олардың қолданылу көрсеткіштерін анықтауда қолданылады.
Ғылыми – техникалық прогресс негізгі капиталдың өндіріс факторлары мен
жағдайының өзгеруіне әсер етеді, осыған орай олардың өндіріс шығындары мен
нарықтағы баға, тарифтерінің өзгеруіне әсерін тигізеді. Қазіргі жағдайда
негізгі капиталдың сатып алу бағасы ман тарифтеріне ең бірінші әсер етуші-
инфляция болып табылады.
Уақыттың өтуімен кәсіпорын балансындағы негізгі капитал аралас, олардың
нарық ағымындағы сатып алу бағасымен көрсетіледі. Сол себептен,қазіргі
жағдайда негізгі өндірістік капиталды бастапқы құнмен бағалау олардың нақты
құнын көрсетпейді, және сондықтан да негізгі өндірістік капиталды қайта
бағалап және оларды жалпыға бір құндық өлшем бірлігіне әкелу қажеттігі
туындайды. Осы мақсатта негізгі капиталды қалпына келтіру құнымен бағалау
қолданылады.
Қалпына келтіру құны - негізгі өндірістік капиталды қазіргі жағдайдағы
қайта өңдеуге кететін шығындар, ол негізгі капиталды қайта бағалауда
қалыптасады. Негізгі капиталды қалпына келтіру құны олардың негізгі
жағдаындағы және бағалау құны болып табылады.
Негізгі капиталды қайта бағалау кезінде олардың қалпына келтіру құны
жылдам өседі, сондықтан кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері
төмендейді. Осы тұрғыда қайта бағалау кезінде қаржылық көрсеткіштері
төмендейтін кәсіпорын ушін амортизацияны индекстеудің төмендетілген
коеффициенттері қолданылады.
Эксплуатациялау процесінде негізгі капитал тозады және өзінің
бастапқы(қалпына келтіру) құнын жоғалтады. Олардың нақты көрсеткішін
бағалау үшін капиталдың тозған бөлігінің құнын алып тастау қажет. Сол
арқылы негізгі капиталдың қалдық құны белгігенеді.
Қалдық құн - бастапқы құнмен тозу құны сомасының арасындағы айырмашылық
болып табылады.
Негізгі өндірістік капиталдың қалдық құнын мына формуламен анықтаймыз
[10]:

Ққ=НҚбқ- (НҚбқ*Ма 100*Т)
(3)

мұндағы:
Ма - толық қалпына келтіру амортизациясының мөлшері;
Т - негізгі өндірістік капиталдың нақты жұмыс істеген уақыты.

Жойылу құны - тозған және өндірістен шығарылып тасталған негізгі қордың
құны.
Орта жылдық құн - негізгі өндірістік қордың бастапқы құн негізінде
өндіріске ендіру және жойылуын төмендегі формуламен анықтаймыз:

Қо=Қбқ+Өе*Ек12-Жқ(12-А)12
(4)

мұндағы:
Қо - негізгі өндірістік қордың орта жылдық құны;
Қбқ - бастапқы (баланстағы) негізгі өндірістік қор;
Өе - өндіріске ендіру құны;
Ек - негізгі қорды өндіріске енгізген күні, айы;
Жқ - жойылған құн;
А - істен шыққан негізгі қордың істеген ай саны.

Негізгі қор өз құнын өндірілген өнімге біртіндеп аударып отырады.
Бастыпқы баланс құнын (Қб) белгілеп , өндірісте қызмет істеген мерзімі
(Тқ), онда өзінің құнын біркелкі әрбір жылда көшіргенде ол Қ= ҚбТқ
құрайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында ұдайы өндіріс саласынадағы негізгі қор
саясаты ерекше маңызды роль атқаруын анықтайтын мәселе. Негізгі қордың
ұдайы өндірісі макро және микро деңгейде іске асуы тиіс. Ұдайы өндіріс
саясатында негізгі макро деңгейдегі міндеті барлық шаруашылық
субьектілерінде жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс жағдайын жасауға жаңа
техниканы өндіріске ендіру, қайта құру және өндірісті техникалық жаңадан
жабдықтау. Бұл міндет тиісінше амортизациялық, инвестициялық және салық
саясаты жұмыстарын іске асыру жолымен шешілетін мәселе. Негізгі қордың
ұдайы өндірісі – үздіксіз роцесс. Яғни, оларды жаңадан сатып алу жолымен
жаңалау, модернизация және күрделі жөндеу. Негізгі капиталдың ұдайы
өндірісінің мақсаты - кәсіпорынды саны мен сапасы жағынан жоғары капиталмен
толық қамтамасыз ету [11].
Негізгі қордың ұдайы өндірісінде мына мәселелер шешілуі тиіс:
– негізгі қордың әртүрлі себептермен өндірістен шығатын техниканың
орнын жаңалап отыру;
– өндіріс деңгейін кеңейту мақсатында негізгі қор массасын
көбейту;
– өндірістің техникалық деңгейін көтеруде, яғни техника түрі мен
техника-технологияны қолдану режимін жаңалау.

Негізгі қордың ұдайы өндірісін әртүрлі жолдар арқылы іске
асырады, олар мыналар:

– кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым арқылы;
– капитал салым есебінен;
– түбегейлі беру;
– жалға алу есебінен.
Негізгі қордың ұдайы өндірісінің капиталы жыл бойы негізгі қор
балансында көрсетіліп, толық бастапқы құн есебінде және сан есебінде
сипатталынып, келесі формуламен есептелінеді [12]:

Қжа=Қжб+Қе+Қш
(5)

мұндағы:
Қжа - негізгі қордың жыл аяғындағы құны;
Қжб - негізгі қордың жыл басындағы құны;
Қе - негізгі қордың жыл бойы ендірілген құны;
Қш - негізгі қордың жыл бойы шығарылған құны.

Негізгі қордың ұдайы өндіріс үрдісін толық талдау үшін келесі
көрсеткіштерді пайдалануға болады [13]:
– негізгі қорды жаңалау коэффициенті;
– негізгі қордың өндірістен шығу коэффициенті;
– еңбекті қормен қаруландыру;
– еңбекті техникалық қаруландыру.

Жаңалау коэффициенті:

Қж=ҚеҚжа*100
(6)

Негізгі қордың өндірістен шығып қалу коэффициенті:

Кш=ҚшҚжб*100
(7)

Жаңалау коэффициентінің өндірістен шығу коэффициентінен артуы өндіріс
капиталының жаңалау үрдісі дұрыс жүргенін көрсетеді. Яғни кәсіпорынды
қормен қаруландыру өскенін көрсетеді.
Қормен қаруландыру дегеніміз - негізгі өндірістік қор көлемінің
өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмысшылардың орташа жылдық санына қатынасы.

Еқ=НқЖ
(8)

мұндағы:
Еқ - еңбектің қормен қарулануы;
Ж - кәсіпорында істейтін жұмысшылардың орташа жылдық саны.

Бұл көрсеткіштерден басқа технологиялық үрдісте техникалық қарулануда
жеке көрсеткіш қолданылады. Ол еңбекті техникалық қаруландыру көсеткіші.

Етқ=НқбЖ
(9)

мұндағы:
Нқб - орта жылдық негізгі қордың белсенді бөлігінің құны.

Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны - ол негізгі өндірістік
қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе актив бөлігі),
себебі олардың табиғи және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның
жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. Негізгі капиталдың табиғи және
сапалық тозуы олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық
аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады.
Сонымен, амортизация – негізгі капиталдың тозуына қарай олардың құнын
өндірілетін өнімге бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу процесі.
Өтелім аударымының сомасы өтелім нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс
шығынына енгізіледі, негізгі капиталдың тозу дәрежесін сипаттайды және
олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтелім
қорын құрайды. Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның
мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді [14].
Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс
шығындарының мөлшерін көбейтеді, сонымен қатар алатын пайдасының мөлшері де
азаяды. Сол себепті кәсіпорынның эканомикалық дамуының ауқымды деңгейі
қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі
қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл
олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан бәсекеге
жарамдылығы төмендеп , өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансынада
тұрған негізгі құралжабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын
жасап тоырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі капиталдың құнын
өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық
сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық
амортизациялық аударымның негізгі өндірістік капиталдың құнына процент
есебіндегі қатынасы.
Амротизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке
алғанда бастапқы (баланстық) негізгі капиталдың құны амортизацияның
мөлшерімен анықталады. Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына
төмендегі формуламен есептеледі [15]:

МА=Қбқ-ҚжҚбқ*Мқ*100%,
(10)

мұндағы:
Ма - негізгі капиталдың жыл ішіндегі амортизация мөлшері;
Қбқ - негізгі капиталдың бастапқы(баланстық) құны;
Қж - жойылу құны;
Мқ - негізгі капиталдың қызмет мерзімі.

Амортизация мөлшері негізгі капиталдың құнын өтеудегі жылдық пайызы
болып есептеледі. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі капиталдың
өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес
негізгі капиталдың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс
анықтауға өте қажет:
– негізгі капиталдың төзімділігі;
– сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
– техникамен қайта қамтамасыздандыруға келешекке арналған жоспар;
– жабдықтау балансы;
– жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі капитал жөнінде пайдаланатын есептеу
техникаларын,жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды
ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдануы мүмкін, ал ескірген техникаларды
жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту қажет [16].
Негізгі капиталды қайтадан жаңартудың жай және кеңейтілген екі формасы
болады. Жай қайта жаңарту формасы- бұл ескірген еңбек қүралдарын ауыстыруы
және толық жөндеу. Ал негізгі капиталды қайта жаңартудың кеңейтілген
формасына жаңадан құрылыс жүргізу, кәсіпорын жұмысын кеңейту және
реконструкциялау мен техникалық қайта қарулану, құрал-жабдықты
модернизациялау жатады. Бұл айтылған формалардың әрқайсысының өзінің
белгілі орындайтын тапсырмасы және артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Негізгі капиталды қайта жаңартудың кеңейтілген формасының бірі - құрал-
жабдықты модернизациялау. Оған құрал-жабдықтың сапалық тозуын толықтай және
біртіндеп жою, және де технико-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату
мақсатында жаңарту жатады. Құрал-жабдықты модернизациялау бірнеше жолдармен
жүргізіледі:
– жұмыс істейтін машиналардың техникалық мүмкіндіктерін жоғарылату
үшін конструкциясын жетілдіру;
– құрал-жабдықтың өнімділігін жоғарылату мақсатында механизмдермен
құрылғыларды автоматтандыру және механикаландыру;
– құрал-жабдықтарды бағдарлама арқылы басқаруға көшіру.
Құрал-жабдыққа модернизациялау жүргізуден жылдық өндіріс деңгейі
жоғарылап, өнімнің өзіндік құны төмендеп, еңбек өнімділігі жоғарыласа, онда
ол экономикалық өте тиімді болып табылады. Мұнда өндіріс рентабельділігінің
жоғарылауы қажет [17].
Негізгі капиталдың пайдаланылу тиімділігін жалпылама сипаттау үшін қор
қайтарылымы (тауарлық өнім құнының негізгі өндірістік капиталының орташа
жылдық құнына қатынасы), қор сиымдылығы (қор қайтарылымына кері шама),
пайдалылық (рентабельділік) (пайданың негізгі қоралрдың орташа жылдық
құнына қатынасы), өнім өсімінің бір теңгесіне шаққандағы үлестік капиталдық
салымдардың көрсеткіштері қолданылады. Сонымен қатар, негізгі капиталдың
салыстырмалы үнемделуі есептелінеді:
Қор қайтарылымы көрсеткіштерін есептеген кезде бастапқы деректерді
салғастырылымды түрге келтіреді. Өнім көлемін көтерме бағаларының
өзгерісіне және құрылымдық ығысуларға, ал негізгі капиталдың құнын –
олардың қайта бағалануына түзету қажет.
Негізгі өндірістік капиталының қор қайтарылымына ықпал ететін бірінші
деңгейдегі факторлар – бұл: капиталдың жалпы сомасында олардың активтік
бөлігінің өзгерісі; капиталдың активтік бөлігінің қор қайтарылымының
өзгерісі:
Негізгі өндірістік капиталының (технологиялық жабдықтың) активтік
бөлігінің қор қайтарылымы оның құрылымына, жұмыс істеу уақытына және орташа
сағаттық өндірімге тәуелді болады.
Жабдық қор қайтарылымының факторлық үлгісін кеңейтуге болады, егер
жабық бірлігінің жұмыс істеу уақытын істелініп қойған күндер (К),
ауысымдылық коэффициенті (Кауыс) және ауысымның орташа ұзақтылығының
көбейтіндісі түрінде келтіретін болсақ. Технологиялық жабдықтың орташа
жылдық құнын – күндер санының (К) және технологиялық жабдық бірлігінің
салғастырылымды бағалармен (Б) берілген орташа құнының көбейтіндісі ретінде
келтіруге болады, бұдан кейін соңғы факторлық үлгі келесі түрде болады.
Жабдық қор қайтарылымының өсіміне факторлардың ықпалын есептеу үшін
тізбекті қойылымдар тәсілі қолданылады.
Үшінші реттегі факторлардың қор қайтарылымы деңгейіне ықпалын есептеу
үшін жабдықты алмастыру немесе оның жетілдірілуіне байланысты өнім
өндірісінің көлемі қалайша өзгергенін білу керек. Бұл мақсатпен оның
алмастырылу уақыты аралығында жаңа және ескі жабдықта өнім шығарылымын
салыстыру қажет және алынған нәтижені технологиялық жабдықтың нақты орташа
жылдық құнына бөлу керек.
Ұқсас тәсілмен өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдіру
бойынша ҒТП шараларын енгізу есебінен өнім өндірісі көлемінің және қор
қайтарылымының өзгерісі анықталады.
Әлеуметтік факторлардың (жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылату, еңбек
пен демалудың жағдайларын жақсарту, денсаулық сақтау шаралары және т.б.)
есебінен қор қайтарылымының өзгерісі сальдолық әдіспен анықталады.
Негізгі өндірістік капиталдың (НӨҚ) қор қайтарылымы деңгейіне үшінші
реттегі факторлардың ықпалы і-ші фактордың есебіне жабдықтың қор
қайтарылымының өсімін капиталдың активтік бөлігінің нақты үлес салмағына
көбейту керек. Өнім өндірісінің көлемі қалайша өзгеретінін білу үшін, әрбір
фактордың есеьінен НӨҚ-дың қор қайтарылымының өзгерісін НӨҚ-дың нақты
орташа жылдық қалдықтарына көбейту керек.
Негізгі капиталдың пайдаланылу тиімділігін көтерудің бүкіл халық
шаруашылығында маңызы зор. Бұл мәселені шешу – қоғамға қажетті өнім
өндірісінің көбейтілуін, құрылған өндірістік потенциал қайтарылымының
жоғарылауын және халық қажеттіліктерінің толығырақ қанағаттанылуын, елдегі
жабдық балансының жақсаруын, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, өндіріс
пайдалылығының (рентабельділігінің), кәсіпорын жиналымдарының өсуін
білдіреді. Негізгі капиталдың толығырақ пайдаланылуы өндіріс көлемінің
өзгерісі кезінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге қажеттіліктердің
азаюына, яғни кәсіпорын пайдасының жақсырақ пайдаланылуына (пайдадан тұтыну
қорына төлемдер үлесінің көбеюіне, жинақтау қорының көп бөлігінің
технологиялық үрдістерді механизацияландыру және автоматизацияландыруға
бағытталуына) әкеледі.
Өнім өндірісі бойынша жоспарлар орындалуының, оның өзіндік құны
төмендеуінің, пайда, пайдалылық (рентабельділік) өсуінің қажетті шарты –
бұл кәсіпорынның қажетті ассортиментте және сапада шикізат пен
материалдармен уақытында қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның өнім бірлігіне кететін материалдық ресурстар
қажеттілігінің өсуі экстенсивті жолмен (материалдар мен энергияның көп
мөлшерін сатып алумен немесе өз бетінше өндірумен) немесе қарқынды
(интенсивті) жолмен (өнімнің өндірісі барысында қолда бар ресурстарды
үнемдірек пайдаланумен) қанағаттандырылуы мүмкін.
Бірінші жолы өнім бірлігіне кететін үлестік материалдық шығындардың
өсуіне әкеледі, дегенмен, оның өзіндік құны бұл кезде өнім өндірісінің
көлемі ұлғаюы және тұрақты шығындар үлесінің азаюы есебінен төмендеуі де
ықтимал. Екінші жол үлестік материалдық шығындардың қысқаруын және өнім
бірлігінің өзіндік құнының төмендеуін қамтамасыз етеді. Шикізаттың,
материалдардың және энергияның үнемді пайдаланылуы олардың өндірісінің
көбеюіне тепе-тең. Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін және
пайдаланылуын талдау мәселелері:
– материалдық-техникалық жабдықтау жоспарларының нақтылығын, олардың
пайдаланылу және өнім өндірісінің көлеміне ықпалының деңгейін, оның
өзіндік құнын және басқа да көрсеткіштерді бағалау;
– материалдық ресурстардың пайдаланылу тиімділігінің деңгейін бағалау;
– материалдық ресурстарды үнемдеудің өндіріс ішіндегі резервтерін
айқындау және оларды пайдалану бойынша нақты шараларды жасап шығару.
Материалдық ресурстарды талдау үшін ақпарат көздері: материалдық-
техникалық жабдықтау жоспары, шикізат пен материалдарды жеткізуге өтінімдер
мен келісім-шарттар, материалдық ресурстардың қолда бары және пайдаланылуы
жөніндегі №1-СН, 3-СН, 4-СН, 11-СН; 12-СН статистикалық есеп беру нысандары
және өндіріске кеткен шығындар жөніндегі нысан №5-з, материалдық-техникалық
жабдықтау бөлімінің жедел деректері, аналитикалық бухгалтерлік есептің
материалдық ресурстардың келіп түсуі, шығындалуы және қалдықтары жөніндегі
мәліметтері және т.б.
Материалдық-техникалық жабдықтау (МТЖ) және материалдық ресурстармен
қамтамасыз етілу жоспарының орындалуын талдау. МТЖ жоспарының нақтылығын
және оның материалдардың көлемі, ассортименті, сапасы және жеткізілімдердің
ырғақтылығы бойынша нақты орындалуын тексеру. Қоймалық запастардың жағдайын
талдау. Материалдардың қажетті мөлшерде жеткізілмеуі, олардың жаман сапасы,
материалдарды алмастыру, жеткізілім графиктерінің бұзылуы және т.с.с.
есебінен өнім өндірісін көбейтудің пайдаланылмаған резервтерін анықтау.
Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдаған кезде
алдымен материалдық-техникалық жабдықтау жоспарының сапасын тексереді.
Жоспар нақтылығының тексерісін кәсіпорынның материалдық ресурстарға
қажеттілігін есептеу негізіне қойылған нормалар мен нормативтерді
зерделеуден бастайды. Одан кейін жабдықтау жоспарының өнім өндірісінің
қажеттіліктеріне және материалдардың прогрессивтік шығын нормаларына қарай
қажетті запастардың құрылуына сәйкестігін тексереді.
Кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысының маңызды шарты – бұл материалдық
ресурстарға қажеттіліктің толық мөлшерде жабу көздерімен қамтамасыз етілуі.
Олар сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы көздерге – қол қойылған келісім-
шарттарға сәйкес жеткізушілерден келіп түсетін материалдық ресурстар. Ішкі
көздер – шикізат қалдықтарын қысқарту, қайталама шикізатты пайдалану,
материалдар мен жартылай фабрикаттарды өз бетінше даярлау, ғылыми-
техникалық прогрессдің жетістіктерін енгізу нәтижесінде материалдарды
үнемдеу.
Материалдық ресурстарды сырттан әкелуге нақты қажеттілік – бұл
материалдардың белгілі бір түріне жалпы қажеттілік пен оны жабуға меншікті
ішкі көздерінің сомасы арасындағы айырым. Талдау барысында материалдық
ресурстарды әкелуге қажеттіліктің оларды жеткізуге келісім-шарттармен
қамтамсыз етілуін және олардың нақты орындалуын тексеру керек. Сонымен
қатар, жеткізушілерден алынған материалдардың сапасы, олардың
стандарттарға, техникалық шарттарға және келісім шарттарына сәйкестігі
тексеріледі және олардың бұзылуы анықталған жағдайда жеткізушілерге
наразылық білдіріледі. Кәсіпорынға мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген
материалдар жеткізілімі және кооперацияланған жеткізілімдер орындалуын
тексеруге көп көңіл бөлінеді.
Материалдарды жеткізудің мерзімдері (ырғақтылық) бойынша жоспардың
орындалуының маңызы зор. Жеткізілім мерзімдерін бұзу өнімді өндіру және
сатып өткізу жоспарының жеткіліксіз орындалуына әкеледі. Жеткізілімдер
ырғақтылығын бағалау үшін ырғақтылық коэффициенті, вариация коэффициенті
қолданылады. Шикізат пен материалдардың қоймалық запастарының жағдайына
ерекше көңіл бөлінеді. Ағымдық, маусымдық және сақтандыру запастарын
айыруға болады. Ағымдық запастың шамасы күндермен берілген жеткізілім
интервалына және і-ші материалдың орташа тәуліктік шығынына тәуелді.
Талдау барысында шикізат пен материалдардың аса маңызды түрлер
запастарының нақты мөлшерінің нормативті мөлшеріне сәйкестігі тексеріледі.
Бұл мақсатпен материалдардың табиғи түрде қолда бары туралы және олардың
орташа тәуліктік шығындалуы жөніндегі деректердің негізінде материалдармен
қамтамасыз етілуін күндер түрінде есептейді де, оны нормативті қамтамасыз
етілумен салыстырады. Сонымен қатар, шикізат пен материалдар запастарының
жағдайын артық және керексіздерді анықтау мақсатымен тексереді. Оларды
қоймалық есепке алудың деректері бойынша кіріс пен шығысты салыстыру арқылы
орнатуға болады. Егер қандай-да материалдар бойынша бір жыл немесе одан да
көп уақыт бойы шығыс жоқ болса, онда оларды өтімсіз тобына жатқызады да,
жалпы құнын санайды.
Соңында келесі себептердің кесірінен болған өнімнің жоғалтулары
саналады [18]:
– материалдардың қажетті мөлшерде жеткізілмеуі;
– материалдардың жаман сапасы;
– материалдарды алмастыру;
– материалдарға бағаның өзгеруі;
– жеткізілім графиктерінің бұзылуы есебінен тоқтап қалулар.
Материалдардың қажетті мөлшерде жеткізілмеуі есебінен өнім өндірісі
көлемінің азаюы келесі түрде анықталады: і-ші түрдегі қажетті мөлшерде
жеткізілмей қалған материалдардың мөлшері олардың өнім бірлігіне кететін
шығын нормасына бөлінеді.
Шикізат пен материалдардың төмен сапасы есебінен жоспардан артық
қалдықтар пайда болады. Осы фактордың кесірінен өнім шығарылымы қаншалықты
азайғанын есептеу үшін і-ші шикізат немесе материалдың жоспардан артық
қалдықтарының мөлшерін оның өнім бірлігіне кететін шығын нормасына бөлу
керек.
Жеткізілетін материалдардың ассортименті бұзылған кезде кәсіпорын келіп
түскен материалдың жетілдірілуін жасау мүмкін немесе оны алмастыратын
материалды табу керек. Материалды жетілдірген кезде оның өнім бірлігіне
артық шығындалуы пайда болады; ал бұл айнымалы шығындар сомасының көбеюіне
әкеледі. Жоғалтуларды анықтау үшін материалды жетілдіру нәтижесінде өнім
бірлігіне материалдардың артық шығындалуын осы материалдан даярланатын
өнімнің нақты шығарылымына және оның бағасына көбейту керек. Сонымен қатар,
материалды жетілдіргені үшін жұмыскерлер еңбегіне ақы төлеуге қаражаттардың
қосымша шығыны болады. Бұндай операцияның тиімділігін кешенді түрде бағалау
үшін өнім бірлігінің өзіндік құны, сәйкесінше, кәсіпорынның пайдасы да
қалайша өзгергенін анықтау керек.
Егер бір материалдың одан қымбатырақ материалмен алмастырылуы жүзеге
асатын болса, онда шығындардың сомасы міндетті түрде өседі. Оны анықтау
үшін алмастырылған материалдың мөлшерін (Аа) өзара алмастырылатын
материалдардың бағаларындағы айырымына көбейту керек.
Жеткізуші шикізат пен материлдардың бағаларын көтерген кезде ұқсас
жағдай пайда болады. Бұнда да кәсіпорын үшін не тиімдірек екенін анықтай
керек:
– қымбатырақ материалдарды пайдалану есебінен айнымалы шығындарды
көбейту, бірақ көлемді ұлғайту есебінен қосымша пайда табу;
– егер қымбаттық шикізатты пайдалану нәтижесінде өнім залалдық
болса, онда өнімнің бұл түрінің өндіріс көлемін азайту, немесе
жаңа арзанырақ шикізат нарықтарын іздестіру, немесе өндіріс
құрылымын өзгерту.
Үлкен жоғалтулардың себебі – шикізат пен материалдардың ырғақсыз
жеткізілулері, өйткені кәсіпорындар тоқтап тұрады да, көп өнімді қажетті
мөлшерде өндірмейді, осының нәтижесінде көп пайдасын жоғалтады. Бұл
жоғалтуларды анықтау үшін материалдардың жоқтығынан тоқтап қалулардың адам-
сағаттар санын өнімнің жоспарлық орташа сағаттық өндіріміне көбейту керек.
Шығындар сомасы да көбейеді, себебі кәсіпорын кесірінен тоқтап қалуларды
жұмыскерлерге төлейді.

1.3 Негізгі капиталды пайдалану көрсетіштері және оны арттырудың қазіргі
кездегі жолдары

Экономикалық талдауда, есепте және жоспарлауда біріншіден - еңбек
құралдарының қозғалысын және жағдайын, екіншіден - оларды дұрыс
пайдаланудың тиімділігі қарастырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік капиталының техникалық жағдайы және
құрылымына сәйкес өнім өндіру деңгейінің жоғарылауы, өзіндік құнның
төмендеуі және кәсіпорын жинақ қорының көбеюі- негізгі өндірістік капиталды
пайдаланудың тиімділігіне байланысты. Негізгі өндірістік капиталын
пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері үш топтан тұрады [19]:
– негізгі өндірістік қорды экстенсивті пайдалану, яғни олардың
пайдалану деңгейін уақыт бойынша көрсетеді;
– интенсивті пайдалану, яғни олардың пайдалану деңгейін қуаттылық
(өнімділік) арқылы көрсетеді;
– интегралды пайдалану, яғни олардың пайдалану деңгейін уақытпен де,
қуаттылықпен де сипаттап көрсетеді.
Көрсеткіштердің бірінші тобына: құрал-жабдықты пайдаланудың экстенсивті
коэффициенті, құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті, құрал-
жабдықты жүктеу коэффициенті, оның жұмыс уақытының ауысым режимінің
коэффициенті жатады.
Құрал-жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті жабдықтың нақты жұмыс
істеген сағат санының жоспарлы істеген сағат санына қатынасымен
анықталады:
Кэкст=Тқж.н.Тқж.жос.
(11)

мұндағы:
Тқж.н. - құрал-жабдықтың нақты істеген жұмыс уақыты,сағ.;
Тқж.жос. - құрал-жабдықтың норма бойынша жұмыс істеу уақыты.

Жабдықтардың алмасу коэффициенті - 1 күн ішіндегі белгілі бір жабдық
түрінің жалпы жұмыс атқарған, көп жұмыстарға қатысқан мезгіліндегі алмасу -
құрылғыларға қатынасымен анықталады. Оның формуласы:

Калмасу=МаI+МаII+МаIIIЖорн
(12)

мұндағы:
МаI - тек 1 алмасуда жұмыс атқарған жабдықтар саны;
МаII - 2 алмасуда жұмыс атқарған жабдықтар саны;
МаIII - 3 алмасуда жұмысатқарған жабдықтар саны;
Жорн - орнатылған жабдықтар саны.

Осылай есептелген ауысым коэффициенті қанша ауысымда жыл сайын орта
есеппен құрал-жабдықтың әр бірлігі жұмыс істейтінін көрсетеді. Кәсіпорындар
құрал-жабдық жұмысының ауысым коэффициентін көбейтуге тырысулары қажет,
өйткені ол арқылы сол қарлармен өнім өндіру деңгейін көбейтуге болады.
Құрал-жабдық жұмысының ауысымдылығын көбейтудің негізгі жолдары:
– жұмыс орындарын мамандандыру деңгейін жоғарылату, ол құрал-
жабдықты жүктеу және өндірістің сериялық көбеюін қамтамасыз
етеді;
– жұмыстың ырғақтылығын жоғарылату;
– жұмыс орнында қызмет көрсетуді ұйымдастыруда болатын
кемшіліктерге байланысты тұрып қалулурды азайту, құрылғыда жұмыс
сітеушілерді құрал-саймандармен қамтамасыз ету;
– жөндеу жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарын
ұйымдастыруда алдыңғы қатарлы әдістерді қолдану;
– негізгі және, әсіресе қосымша жұмысшылардың жұмыстарын
автоматтандыру мен механикаландыру.бұл жұмыс күшінің ауыр қосымша
жұмыстан негізгі жұмысқа екінші және үшінші ауысымдарғы өтуіне
жағдай жасайды.
Құрал-жабдықты жүктеу коэффициенті жабдықтарды пайдалану уақытымен
сипатталады. Негізінде ол өндірістегі барлық машина паркіне белгіленеді.
Яғни өндірілетін барлық бұйымның осы түрдегі жабдықтардың уақыт қорындағы
жұмысына қатынасымен есептеледі. Мұнда жабдықтардың еңбек сиымдылығын еске
алады, оның үстіне әрбір жабдықтардың өндіретін өнімдердің қиындығын
ескереді. Тәжірибеде жүктеу коэффициентін әдетте алмасу коэффициентіне тең
көлемде, екі есе азайтылған екі алмасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Нарық жағдайында кәсіпорын көрсеткіштерін жоспарлауды ұйымдастыру
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы
Кәсіпорын активтерін қайта құрылымдау
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялар
«Сауда - көлік компаниясы» ЖШС кадрлық саясаттың қазіргі жағдайы мен даму деңгейі
Айналым қаражаттарында қажеттіліктерді анықтау
Жартылай өзгермелі шығындар
Пәндер