Түркі халықтарындағы тәңіршілдік пен ислам дінінің арасындағы тарихи, рухани сабақтастықтарды қазақ тарихы негізінде дәлелдеу



КІРІСПЕ
ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ САЛТ . ДӘСТҮРЛЕР МЕН РУХАНИ ДАҒДЫЛАР
1.1 Түркілердің рухани өміріндегі наным . сенімдер мен тәңіршілдік түсінігі
1.2 Арғықазақтардағы (протоқазақтардағы) тәңіршілдік пен ислам дінінің өзара сабақтастық сипаты
ІІ. ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ТӘҢІРШІЛДІК ӘДЕТ . ҒҰРЫПТАРЫН ЫҒЫСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақ даласына ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары
2.2 Ислам дінін қабылдаған қазақтардағы тәңіршілдік белгілері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі күндегі тәуелсіз Қазақстан жағдайында орнығып отырған рухани мәдени үрдістерден шығып отыр. Бүгінгі мемлекет пен діннің арасындағы қатынас жаһандану дәуіріне негізделген жаңа ұстанымдар арқасында жүргізілуде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ІХ Еуразия Медиа Форумында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан еуропалық тәжірибеге, атап айтқанда, ЕҚЫҰ-ның нақты іс қимылына сүйене отырып, қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа үлгілері мен құрылымдарын іздейді, әрі құрады. Бұлардың бірегейі – Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес. Бұл кеңес серпінді түрде дамып, Азия құрлығында барған сайын танымал бола түсті. Бүгінде АӨСШК мақсаты ЕҚЫҰ – ның мүддесімен сәйкес Азиядағы ұжымдық қауіпсіздіктің жаңа үлгісіне айнала бастады. Осы 2011 жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етеді. Қазақстан мұсылман тұрғыны басым зайырлы мемлекет ретінде ислам және христиан өркениеттерінің жақындасуына ықпал етеді. Сондықтан біз ЕҚЫҰ мен ИКҰ арасындағы диалогтың жандануына күш саламыз. Бүгінде біздің тәжірибеміз Батыс пен Шығыс елдері үшін тартымды» [1] – деген сөзі қазіргі кезеңдегі елдегі дінаралық және ұлтаралық кепілдігі туралы болды.
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы қоғамдық – саяси өмірдің барлық саласында көптеген жаңалықтардың енуімен ерекшеленеді. Түркі халықтарының рухани өмірінде тәңіршілдік ерте кезеңдерден негізгі орын алып, қазіргі қазақ болып қалыптасқан халықтың өмірінде ислам дінімен бірге оның сарқыншақтары қолданылуда. Әлі күнге дейін тәңіршілдік діни сенім ретінде исламмен сабақтасуы және тұрмыстық қолданыста барынша орын алғандығы бітіру жұмысының өзін өзекті мәселе екендігін көрсетеді. Тақырыптың бүгінгі күнмен байланысы арғықазақтар мен қазіргі таңдағы қазақ халқының рухани және тұрмыс салттарында белең алған әдет ғұрыптардың көрініс табуы болып отыр. Ал, бұл тақырыптың қажеттілігі тәңіршілдіктің діни жүйе ретінде қарастырылғандығы және исламға қайшы емес элементтерін қазақ және күллі түркі қоғамында сарқыншақтары сабақтасып орын алуын ғылыми тұрғыда қарастыру қазіргі күнде тарих ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Себебі аталған мәселенің өзекті болып отыруы, осыған дейінгі зерттеушілердің еңбектері тәңіршілдік пен ислам дінін жеке-жеке қарастырылса, олардың арасындағы сабақтастық мәселесі орын алмай, бұл мәселе қазіргі таңда жаңаша тұрғыда зерттеуді талап етіп отыр.
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан тәңіршілдік феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Түркілер арасында бейбіт түрде қабылданған ислам діні кейінгі қазақ халқында тәңіршілдік және өзге де наным сенімдермен қатар қолданыс алуы қазіргі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
1. Назарбаев Н.Ә. ІХ Еуразиялық Медиа Форумында сөйлеген сөзі // Гид по конференции Девятый Евразийский Медиа Форум. – Алматы, 2010. – 2б.
2. Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. – Алматы, 1998. – с.392
3. Оңғаров Е. Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтарының орны. – Алматы, 2010. – 131б.
4. Махмут Қашқари Түрік сөздігі. Үш томдық. 3 том, Алматы, 1998. – 598 с.
5. Ислам - наме // Материалы по истории казахских ханства ХҮ - ХҮІІІ веков. (извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алма – Ата, 1969.
6. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІ том Көне түрік бітіктастары мен ескеткіштері (Орхон, Енисей, Талас) Алматы, - 2005. 373б.
7. Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. І том Лұбсанданзан. Ежелгі хандар негізін салған төрелік жосығының туындыларын құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы Алматы, - 2005 364 б.
8. Баялиева Т.Д. Доисламские верования и их пережитки у киргизов. Фрунзе, 1972 – с 38-39
9. Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука. Алматы, 1993. – 248 с.
10. Моңғолдың құпия шежіресі: (ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы көшпелілер шежіресі) / аударған: М. Сұлтанияұлы, -Алматы: Өнер 1998 - 224
11. Лубсанданзан. Алтын шежіре: Шыңғыс хан қағанатының көне түркі моңғол тайпалараның тарихы / Моңғол тілінен аударған. А. Мауқарұлы. – Екінші басылым. – Алматы, 1998
12. Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы. – Астана 2008. 728б
13. Жалайыр Қадырғали. Шежірелер жинағы / шағатай қазақ тілінен аударған Н.Мингулов, Б.Көмеков, С. Өтениязов. – Алматы: қазақстан, 1997 – 128б
14. Шубаева Ұ.Қ. Ұлттық менталитеттің діни негіздері. Алматы. – 2009 – 125 б
15. Тойшанұлы А. Дала мен Қала 2011 ж. №6 (386) 7; (387) 8; (389) // www.google.kz.
16. Уәлиханов Ш. Көп томдық шығармалар жинағы І том, Алматы, 2010. – 376 б.
17. Тойшанұлы А. Түрік атлантидасы Ана тілі №365 // google.kz.
18. Бисенов Х. Ислам дінінің шығуы және оның таптық мәні. Алма-Ата, - 1955. - 32б.
19. Қ. Шүлембаев, Ж.Қажымов Ислам діні және ұлттық қатынастар. Алматы, 1972. – 17б.
20. Дорженов С.Б. Ислам және ұлттық қатынастар. - Алматы, 1985.- 48б.
21. Тәжікова К. Ислам: дүниетаным, идеология, саясат. – Алматы, 1989. – 176 б.
22. Ә. Төлеубаев Ғұндар мемлекеті түркі мемлекетінің бастауы // Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер.- Алматы, 2001. 262-268 б.
23. Орынбеков М.С. Протоқазақтардағы дүниетанымы. Алматы, 1990. 260 б.
24. Махаева А.Ш. Көне түріктердің рухани мәдениеті. – Алматы, 2002. - 68 б.
25. Қартабаева Е. Т. Ортағасырлардағы араб-түрік мәдени байланыстарының тарихы: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2007. 106 б.
26. Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті және ислам (тарихи мәденитанулық зерттеу) - Алматы, 2002. 346 бб.
27. Ақатаев С. Күн мен көлеңке. Ғылыми – танымдық аңсар. Алматы, 1990. 240 б
28. Жолдасбеков М. Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық атласы.- Астана 2007. - 360б.
29. Әмірғазин С.Т. Исламның қазақ халқының рухани дәстүріне ықпалы. Т.ғ.канд., - Алматы, 1997. 143 б.
30. Зуев Ю.А., Агелеуов Г.Е. Буд-тенгри – божество древнетюркского пантеона // Военное искусство кочевников в Центральной Азии и Казахстана. Алматы, 1998. – 123б
31. Қараманұлы Қ. Тәңірге тағзым. – Алматы, 1996. – 141б
32. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Үшінші кітап. – Алматы, 2004. – 488б
33. Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов в контексте бытового ислама в Южном Казахстане в конце XIX – XX в.в. Алматы, 1992 171б.
34. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. – Алматы,1994.-480б.
35. Нұртазина Н. Д. Көне түркілік дәстүр және ислам // Қожа Ахмет Иасауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері атты халықаралық конф.(29 қыркүйек 1қазан) Алматы: 2008. 203-210 б.б.
36. Безертинов Р.Н. Древнетюркские мировозрение «Тэнгрианство» Казань 2006. – 245 с.
37. Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. І том Лұбсанданзан. Ежелгі хандар негізін салған төрелік жосығының туындыларын құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы Алматы, - 2005 364 б.
38. Акатаев С.Н. Мировоззренческий синкретизм казахов. Выпуск 2. – Алматы, 1994. – 243с.
39. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Жиырма томдық. І том. – Астана, 2005.- 496 б.
40. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІ том Көне түрік бітіктастары мен ескеткіштері (Орхон, Енисей, Талас) Алматы, - 2005. 373б.
41. Зуев Ю.А., Агелеуов Г.Е. Буд-Тенгри – божество древнетюркского пантеона // Военное искусство кочевников в Центральной Азии и Казахстана. Алматы, 1998. – 123б.
42. Есім Ғ. Қазақ халқы исламның арқасында ұлт болып қалыптасты // Ислам және өркениет. – 2010. 21-31 наурыз №9 1-6 бб.
43. Тойшанұлы А. Дала мен Қала 2011 ж. №6 (390) // www.google.kz.
44. Аюпов Н.Г. Тенгрианство как открытие мировоззрение. – Алматы, 2004. 224 с.
45. Серикбаева А.С. Тенгрианство и ислам в духовной жизни казахов // Лавровские (среднеазиатско кавказкие чтения) 2000 – 2001. - СПб., 2002. 154с.
46. Әулеттік тарихи жылнамалар («Чжоушу», 50-цзюань, «Туцзюе баяны») ІҮ том 2 бөлім. - Алматы, 2006. 243б.
47. Қодар Әуезхан Дәстүрлі дүниетанымымыздан ажырамаған жөн // Ислам және өркениет. 2008. 1/10 Қаңтар №1 6б
48. Исаұлы М. Тәңіршілдікке оралу – пұтқа табыну // Ислам және Өркениет №1 (109) 1-10 қаңтар 2008. 7б.
49. Ағыбайұлы Е. Ислам дінін қорлағандарға тосқауыл керек // www.google.kz.
50. Нысанбаев Ә. Нұрмұратов С. Ислам дініндегі этикалық ұғымдардың тарихи философиялық маңызы. // Халықаралық конференция материалдары, -Алматы, 2009. – 75б.
51. Қинаятұлы З. Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті: екі томдық монографиялық зерттеу. Алматы: 2010. 728 б.
52. Әкім Ж. Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы. – Алматы. 2007. - 304б.
53. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. ІІ том Тарихи мәдени жәдігерлер Алматы: Дайк Пресс, - 2005. 75б.
54. Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы. Исламның жауһарлары мен жәдігерлері.Тарихи – филологиялық және теологиялық зерттеулер, эссе очерктер, қолжазбалар, сұхбаттар. – Алматы, 2008. – 487б.
55. Уложения Тимура. – Ташкент, 1992. – с 2
56. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И Казахстан: летопись трех тысячилетий. – Алматы, 1992. – 250 с
57. Кенжалиев К7 Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. - Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 125б
58. Камалиденова А. Особенности ислама в Казахстане. Обычное право // Власть как ценность и власть ценностей: сетамарфозы свободы. – Алматы, 2007. – 402с.
59. Дербісәлі Әбсаттар қажы. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы. – Алматы: 2003. 7 б
60. Козыбаев М.К. Козыбаев И.М История Казахстана. – Алма-Ата. 1993. – с.21
61. Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российской империи // Прошлое Казахстана в источниках и материалах. – Алматы, 1997. - 231 с.
62. Левшин А.И. Описание киргиз – казацких орд и степей. – Алматы, 1996 656б.
63. Стюарт Д. Религия казахов в ХҮ – ХҮІІІ вв. Дисс.канд.ист.наук Алматы 2002. 137б.
64. Тимошинов В.И. Мәдениеттану. Қазақстан - Еуразия – Шығыс - Батыс. Алматы, 2008. – 400 c.
65. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары. 1-том біртұтастығы және ерекшеліктері / құраст. С.Әжіғали - Алматы, 2005.-328б.
66. Өсеров Н., Естаев Ж. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. А. 1992. 135 б.
67. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Екінші кітап. - Алматы, 2004. - 516б.
68. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы, 1999. 200 б.
69. Саидбаев Т. Ислам и общество. – М., 1984, - 302 с.
70. Бұлұтай. М. Ж., Ата-баба діні? Түркілер нег мұсылман болды? Алматы, Білім, 2000. – Б. 504.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі күндегі
тәуелсіз Қазақстан жағдайында орнығып отырған рухани мәдени үрдістерден
шығып отыр. Бүгінгі мемлекет пен діннің арасындағы қатынас жаһандану
дәуіріне негізделген жаңа ұстанымдар арқасында жүргізілуде. Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы ІХ Еуразия Медиа Форумында сөйлеген сөзінде: Қазақстан
еуропалық тәжірибеге, атап айтқанда, ЕҚЫҰ-ның нақты іс қимылына сүйене
отырып, қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа үлгілері мен құрылымдарын
іздейді, әрі құрады. Бұлардың бірегейі – Азиядағы өзара ықпалдастық және
сенім шаралары жөніндегі кеңес. Бұл кеңес серпінді түрде дамып, Азия
құрлығында барған сайын танымал бола түсті. Бүгінде АӨСШК мақсаты ЕҚЫҰ –
ның мүддесімен сәйкес Азиядағы ұжымдық қауіпсіздіктің жаңа үлгісіне айнала
бастады. Осы 2011 жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық
етеді. Қазақстан мұсылман тұрғыны басым зайырлы мемлекет ретінде ислам және
христиан өркениеттерінің жақындасуына ықпал етеді. Сондықтан біз ЕҚЫҰ мен
ИКҰ арасындағы диалогтың жандануына күш саламыз. Бүгінде біздің
тәжірибеміз Батыс пен Шығыс елдері үшін тартымды [1] – деген сөзі қазіргі
кезеңдегі елдегі дінаралық және ұлтаралық кепілдігі туралы болды.
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы қоғамдық – саяси өмірдің барлық
саласында көптеген жаңалықтардың енуімен ерекшеленеді. Түркі халықтарының
рухани өмірінде тәңіршілдік ерте кезеңдерден негізгі орын алып, қазіргі
қазақ болып қалыптасқан халықтың өмірінде ислам дінімен бірге оның
сарқыншақтары қолданылуда. Әлі күнге дейін тәңіршілдік діни сенім ретінде
исламмен сабақтасуы және тұрмыстық қолданыста барынша орын алғандығы бітіру
жұмысының өзін өзекті мәселе екендігін көрсетеді. Тақырыптың бүгінгі күнмен
байланысы арғықазақтар мен қазіргі таңдағы қазақ халқының рухани және
тұрмыс салттарында белең алған әдет ғұрыптардың көрініс табуы болып отыр.
Ал, бұл тақырыптың қажеттілігі тәңіршілдіктің діни жүйе ретінде
қарастырылғандығы және исламға қайшы емес элементтерін қазақ және күллі
түркі қоғамында сарқыншақтары сабақтасып орын алуын ғылыми тұрғыда
қарастыру қазіргі күнде тарих ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
Себебі аталған мәселенің өзекті болып отыруы, осыған дейінгі
зерттеушілердің еңбектері тәңіршілдік пен ислам дінін жеке-жеке
қарастырылса, олардың арасындағы сабақтастық мәселесі орын алмай, бұл
мәселе қазіргі таңда жаңаша тұрғыда зерттеуді талап етіп отыр.
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны
бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні
Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса
бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол
феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық
үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан
тәңіршілдік феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра
алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан
болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Түркілер арасында
бейбіт түрде қабылданған ислам діні кейінгі қазақ халқында тәңіршілдік және
өзге де наным сенімдермен қатар қолданыс алуы қазіргі күннің өзекті
мәселесі болып табылады.
Академик Бартольд В. В.: ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм
билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен
соғысуына тура келді, [2] – деп жазуына қарағанда, біздің ойымзыша, сол
кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп,
ислам дінін қабылдамағанға ұқсайды.
Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де
қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы ғазауат соғысына
шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп,
үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына,
тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну
бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал
басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты
разы етуге тырысты. Аруақ аттаған оңбас деп аруақты ұмытпады...[3]. Мұның
өзі түркілерде тәңір мен табиғат құбылыстарына сенумен қатар, исламның
келуінен ол мүлдем жойылмағандығын, керісінше сабақтасып байланыса
жүргендігін көрсетеді. Әбу Ханифа жол салған сунниттік ағым басқаларына
қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш
болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да
қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп
тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін
шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-
біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-
ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың
қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы
ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде
араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін,
праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура
келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қарастыруға тырысты.
Мұның өзі түркі қоғамында ежелден қалыптасқан тәңіршілдік пен өзге де наным
сенімдердің ислам дінімен сабақтасып кетуі бүгінде тарих ғылымындағы
зерттелуді қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Тәңіршілдік пен ислам дінінің арасындағы
тарихи, рухани сабақтастықтар мәселеcі қазақ тарихы негізінде қаралады.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Зерттеу барысында алынған
деректер тілдік типіне байланысты түркілік, моңғолдық, арабтық деп бір
қарастырсақ, келесі екінші топты батыс саяхатшыларының еңбектері тобын
құраса, дәстүрлі деректер деп үшінші топ деректер қатарын айтуымызға
болады.
Тілдік типке бірінші топқа жататын деректер қатарына араб тілінде
жазылған Ибн Баттутаның "Путешествия" атты еңбегін, шығыстың ғұламаларының
бірі Махмуд Қашқаридың Диуани Луғат ат-Түрік [4] атты түрік тіліндегі ,
парсы тілінен аударылған Қазақ хандығы тарихының мәліметтері [5], Қазақстан
тарихы туралы түркі деректемелері (Көне түрік бітіктастары мен
ескерткіштері) [6] және Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелерін [7]
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері негізінде қарастырып отырмыз.
Аталған деректерде түркі қоғамының тарихын, соның ішінде біздің бітіру
жұмысына қатысты рухани өмір, тәңіршілдік мәселелеріне баса назар
аударылған. Сонымен қатар түріктердегі тәңір сөзі құдай немесе қазіргі
күнде қолданысқа ие бір жаратушы Аллах есіміммен бір екендігіне
дәлелдемелер береді. Көне бітіктастары мен ескерткіштері Күлтегін, Орхон,
Енисей және Талас жазуларындағы сөздер тәңірдің болғандығын, рухани
өмірдегі орнын заттай дерек ретінде дәйектейді. Сонымен қатар әл - Макдиси
Түркілер бір тәңірі дейді, бұл бір Құдай. Олардың біразы Тәңір – көк аспан
аты десе, басқалары тәңір бұл - аспан деген өз пікірлерін келтіреді.[8]
Қарастырып отырған мәселенің төңірегіндегі екінші топты құрап отырған
батыс саяхатшыларының еңбектерінен түркілердің өмір салтының көріністерін
байқауымызға болады. Соның ішінде олардың отқа табыну, шығысқа қарап ауаға,
тәңірге табынғандары және ата бабаларын өте жақсы құрметтегенін көруімізге
болады. П.Карпини мен Г.де Рубрукта [9] халықтың жерлеу дәстүріне баса мән
беріп, өлімнен кейін де осы өмірдегі тіршілігімен айналысып жүретіндігіне
сенімін олардың мәйітте бірге жерлеген құрал жабдықтары бойынша мәлімет
береді.
Ал үшінші топтағы дәстүрлі деректерге тоқталып өтсек, Ел басына күн
туғанда қаған, кейде тіпті өз басына медет тілегенде жеке адам Тәңірге
табыну рәсімін орындайтын. Мысалы, Шыңғыс хан Бурхан Халдун тауының басына
шығып, мойнына кісе белдігін асып, алақанын көкке жайып, мұрағын шешіп,
нұрлы күнге қарап, тоғыз рет еңкейіп тағзым етіп, шашу шашып, Тәңірден
тілек тілегені Моңғолдың құпия шежіресінде [10] белгіленген. Шыңғыс хан
тағы бірде Тәңір ием, құдірет-күшіңмен әлемнің үстінде менен басқа күштіні
жоқ еткен өзіңсің, мені үстімнен басып тұрған тымағымнан басқа ештеңе жоқ,
- деп мұрағын шешіп, төрге қойып, Тәңірге ықыласпен жалбарынғаны Алтын
шежіре[11] кітабында таңбаланған. Қазақтың мойнына көген, кісе белдік асып
жаратқанға жалбарынып, тілек тілейтіні бұл рәсімге ұқсас. А. Сейдімбек
Қазақтың ауызша тарихы [12]атты еңбегінде қазақ халқының рухани өмірі,
соның ішінде әдет-ғұрыптары жан-жақты қарастырып, біздің алып отырған
тәңіршілдік пен ислам дінінің рухани сабақтастық мәселесіне қатысты
пікірлері көрініс тапқан. Сонымен қатар Қадырғали Жалайырдың Жами ат-
тауарих, яғни Шежірелер жинағы [13] атты еңбегінің түркі жұртының, соның
ішінде қазақ халқының мәдени және рухани тарихында алар орны ерекше.
Шежіреде Оғыз ханды аты әлемге әйгілі Шыңғыс ханмен бірге қарастырып, түркі
және моңғол халықтарында Көк тәңірінің болғандығын атап өтеді. Аталмыш
тұлғаларды Тәңірден жаратылғандығы мәселелері қарастырылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі тарих ғылымында біз қарастырып
отырған мәселе аясында зерттелген еңбектер қатары жоқтың қасы. Дегенмен
ежелгі түркі дүниетанымындағы тәңіршілдік пен қазақ мәденетінің құрамдас
бөлігіне айналған ислам діні жөнінде зерттелген жекелеген еңбектер қатары
баршылық. Сол еңбектерді жүйелі талдап көрсету мақсатында біз оларды 3
топқа бөліп қарастырдық.
Алғашқы топқа революцияға дейінгі кезеңде зерттелген еңбектерді
жатқызамыз. Аталмыш кезеңдегі авторлар қатарына . еуропалық және орыс
авторлары Г.Грюнебаум, Штернберг, К.Леви – Строс, К.Г.Юнг, Ж.Дюземиль,
С.К.Иванов және С.М.Абрамзон, [14] Л.П.Потапов, М.Мюллер, О.Пурев, [15]
А.И. Левшин, академик В.В. Бартольд сияқты зерттеушілерді атап өтсек
болады. Сонымен қатар қазақ ғалымдары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.
Уәлихановтар да аталмыш кезеңдегі зерттеушілер қатарын құрайды. Аталған
авторлар тобының алғашқылары тәңіршілдік пен исламға дейінгі сенімдер
жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізгенімен, олардың еңбектерінен біз
мәселеге үстірт қараушылықты байқаймыз. Себебі бұл кезеңдегі еуропа және
орыс зерттеушілері аталған тақырыпқа аса мән бермей, оны өздеріне берілген
нақты тапсырма немесе отарлық идеологияның әсерімен қарастырған болатын.
[16]
Аталған зерттеушілердің соңғысына келсек, олардың еңбектерінде
қарастырылып отырған мәселе жөнінде неғұрлым байыпты ойлар айтылған.
Мәселен, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш. Құдайбердіұлының пікірлерінен
қазақтардағы ислам дініне байланысты құнды мәліметтер алар болсақ, ал ХҮІІІ
ғасырдағы қазақтың алғашқы ғалым-этнографы Ш. Уәлихановтың зерттеулерінен
түріктердегі және кейінгі қазақ халқындағы шамандық пен тәңіршілдік наным-
сенімдеріне байланысты мағлұматтар аламыз. [17]
Зерттеушілеріміздің екінші тобын біздің мәселемізге қатысты кеңестік
дәуірде қалам тартушылар құрайды. Бұл топтағы зерттеулер діни салаға деген
салқын көзқарастың нәтижесінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының көпшілігі
діннің қоғамдық санадағы кері ықпалы, танымдық процестегі шектеулігі, даму
категорияларына қатысты догмалары тағы басқаларының сынға алынуы көптеген
теріс пікірлерді тұғызды. Кеңестік Қазақстан жылдарындағы исламның өмір
сүру ерекшеліктерін Қ.Шүлембаев К.Бейсембиев, А.Сұрапбергенов, О.Дастанов,
Ж.Дүйсенбин өз еңбектерінде қарастырып өткен. Кеңестік заманда ислам
тақырыбы төңірегінде Х.Бисенов, Қ.Шүлембаев пен Ж.Қажымов, С.Б.Дорженов
және К.Тәжікова сынды зерттеушілер өз еңбектерін арнаған болатын. Аталған
зерттеушілердің еңбектеріне қысқаша тоқталып өтетін болсақ, Х.Бисеновтың
1955 жылы жарық көрген Ислам дінінің шығуы және оның таптық мәні атты
еңбегінде Дін дегеніміз халықтың басын айналдыратын апыйын деген Маркстың
сөзін мысалға келтіреді. Сонымен қатар еңбекте дін ғылыммен сыйыспайды, ол
адамдардың сана сезімін топтастандырады, инициативасын айырып, коммунизм
жеңісі жолындағы күресте жігерін мұқалтады. Әрбір дін өз дініндегі
адамдардың діни ерекшеліктерін уағыздай отырып, ол КСРО халықтарының
достығын бұзуға тырысады - деп келтіреді [18]. Осындай пікірде болған
Қ.Шүлембаев пен Ж.Қажымовтардың Ислам діні және ұлттық қатынастар
кітабында барша дін ұлттық қатынастар деген түсінікті қабылдамайтындығын,
дін адамдардың санасын айналдыратындығын алға тартады [19]. Яғни кеңес
кезеңіндегі зерттеушілер ұлтшылдықпен, шовинизммен күрес ғылыми атеизмнің
дін ықпалынан арылу жолдарын іздеумен айналысқанын көруімізге болады.
С.Б.Дорженов Ислам және ұлттық қатынастар еңбегін жазуда ислам
дінінің сарқыншақтарының сақталу себептері мен жоюдың кейбір мәселелерін
қарастырып, атеистік бағытта діннің ұлттық қатынастарға кері әсер
ететіндігін барынша дәлелдейді [20]. Қарастырып отырған кеңестік
зерттеушілер ислам дінінің мәнін дұрыс түсінбегендігін және атеистік
идеологияның қатты әсер бергендігін көре аламыз. Тағы бір мысал келтіретін
болсақ, К.Тәжікова Құран адамның ар абыройын төмендетіп, оның ақыл
парасаты мен еркін елемейді. Жеке адамның бостандығының еркін жоққа шығару
концепциясы орын алған [21] деп адамдарды діннен әрі тартуға бағыт
береді. Бұл еңбектердің барлығы да өз заманының талабына сай, атеистік
бағытта маркстік методология тұрғысынан жазылған.
Соңғы үшінші топқа тәуелсіздік алғаннан кейінгі және қазіргі таңдағы
отандық ғалымдарымыздың еңбектерін атап өткіміз келеді. Нақтырақ айтсақ,
аталмыш кезеңдегі зерттеулерге Ә. Төлеубаев, [22] М. Орынбеков,[23]
А.Ш.Махаева,[24] Е.Т. Қартабаева,[25] Н. Нұртазина,[26] С. Ақатаев, [27]Қ.
Сартқожаұлы, М. Жолдасбеков,[28] С. Әмірғазин,[29] Ю. Зуев, Г. Агелеуов,
Қ.[30] Қараманұлы,[31] С. Қондыбай [32] М.Үсенова, Р.Мұстафина еңбектерінің
дінге жаңа көзқарас қалыптастыруда ролі зор. Әсіресе, Р.Мұстафинаның [33]
еңбегі біздің зерттеуміздің көптеген мәселелерінде қаралды. Осы сияқты
ғалымдардың еңбектері жатады. Бұл еңбектерде қазақтардың исламға дейінгі
діни нанымдары жүйелі және біртұтастықта көрсетілген. Сондай-ақ, аталған
топтағы авторлардың еңбектерін жоғарыда көрсетілген топ зерттеушілері
еңбектерімен салыстыратын болсақ, бұлардан әлдеқайда жаңашыл көзқарастағы
пікірлерді, түркі және қазақ мәдениетіндегі ерекшеліктерге байланысты
объективті ойларды байқауымызға болады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының негізінде түркі
халықтарындағы тәңіршілдік пен ислам дінінің арасындағы тарихи, рухани
сабақтастықтарды қазақ тарихы негізінде дәлелдеу және мақсаттан шығып
отырғандай төмендегі міндеттерді шешуге талпынамыз:
- Түркі халқының рухани өміріндегі наным - сенімдер мен тәңіршілдік
түсінігін бейнелеу;
- Протоқазақтардағы тәңіршілдік пен ислам дінінің өзара сабақтастық
сипатын түріктерден бастап ашып көрсету;
- Ислам дінінің қазақ жеріне орнығуынан тәңіршілдік әдет – ғұрыптарын
ығыстыру ерекшеліктерін айқындау;
- Ислам дінін қабылдаған қазақтардағы тәңіршілдік белгілерін көрініс
табуын ашу.
Бітіру жұмысының жаңалығы. Диплом жұмысы барысында жазба деректерге
сүйене келе, сондай-ақ зерттеу еңбектерін өзара салыстыра отырып бітіру
жұмысымызда төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткіздік:
- Түркі халқының рухани өміріндегі наным - сенімдері мен тәңіршілдік
ұстанымының басты мәселелері айқындалды;
- Протоқазақтардағы тәңіршілдік пен ислам дінінің өзара сабақтастық
алғаш рет кешенді түрде талданып, олардың тарихы туралы көзқарастар
сараланды;
- Зерттеулердің нәтижесінде ислам дінін қазақ халқының қабылдауынан
бастап, тәңіршілдіктегі әдет – ғұрыптардың рухани өмірден ығысу
мәселелелері анықталды;
- Қазақ тарихы негізінде тарихшылардың зерттеулерінен ислам дінін
қабылдаған қазақтардағы тәңіршілдік белгілері сақталып отырғандығы
дәйектелді.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. V – XII ғғ., яғни моңғол жаулап алу
дәуіріндегі тәңіршілдік пен ислам тарихи, рухани сабақтастықтары осы
ғасырлардың негізінде қарастырамыз. Бұл мәселе жаңа көзқарас негізінде
арнайы зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Диплом жұмысын жазу
барысында жан-жақтылық, нақтылық және обьективтілік принциптері басшылыққа
алынды. Сонымен бірге бұл мәселені талдау барысында біз ресейлік және
отандық ғалымдардың теориялық тұжырымдарын қолдандық. Аталмыш тақырыбымызды
зерттеу барысында деректердің қатарын салыстырмалы анализден өткізіп,
олардың теориялық мәселелеріне көп көңіл бөлдік. Сондай-ақ, методологиялық
тұрғыдан тәңіршілдік пен ислам дінінің өзара сабақтастық мәселесі пәнаралық
негізде зерттелді. Зерттеу жұмысында жүйелілік, сараптамалық, тарихи және
салыстырмалы тәсілдері кең көлемде қолданылады.
Қазақ мәдениетіне ислам дінінің ену мәселесі көптеген пәндердің,
мысалы, дінтану, философия, мәдениеттану, саясаттанудың және дін
философиясының зерттеу объектісіне айналып отыр.
Диплом жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және көрнекілігінен
тұрады.

ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕР МЕН РУХАНИ
ДАҒДЫЛАР
1. Түркілердің рухани өміріндегі наным - сенімдер мен тәңіршілдік
түсінігі

Тәңіршілдік – монотеистік сипаттағы діни жүйе. Ол бір құдайды
мойындайды және орталықтанған қаған билігінің, түрік империясының, кейіннен
қағанаттардың идеологиясы ретінде қызмет еткен.
Орталық Азияны мекендеген байырғы қауымдардың, олардың ішінде
түркілердің ертеде қандай наным-сенімді ұстанғанын анықтау бұл халықтардың
өткенін білудің негізі болып табылады. Көне Жібек жолы бойында орналасқан
және тарих бойы сахна болған осы территорияда көптеген діндердің болғандығы
шындық. Белгілі ғалым-тарихшы, этнограф, түркітанушы Л.Н.Гумилев Көне
түріктератты кітабында көне түріктердің қандай дінге сенгендігін, қандай
наным-сенімде болғандығына қызығушылық таныта отырып былай деп жазады:
Түркілердің ертедегі наным-сенімдері туралы айтқанда, мен оларды алғашқы
қауымдық сенім деп айтудан аулақпын. Түріктердің өзі әр түрлі тайпалардың
тек Ү-ҮІ ғғ. ғана құрылған, сол себепті де өз дәуіріне жататын наным-
сенімі, сол уақыттың өзге де діни жүйелері сияқты дамып жетілген болатын
[34] - деп ежелгі түркілердің құрамында түрлі этникалық топтардың
болғандығын және діни наным-сенімдерінің де әр алуан түрде болғандығын
айтады. Өйткені, олар ұлан ғайыр жерді мекендеген, көшпелі өмір салтында
өмір сүрген. Ұлы Жібек жолының бойында тұрып Батыс және Шығыс мәдениетінің
дәнекері болғандығын, кейін оны өздерінен өрбіген халықтар өмірінен
байқауға болатын тұстарынан айқын көруге болады.
Тәңірге табынудың идеялық негізі – табиғат заттары мен құбылыстарын
жанды деп қарау болып табылады. Тәңіршілдік пен сана әр заттың иесі, жаны
бар деп пайымдайды. Дүниенің барлығы барлық объектілері адам секілді,
оларға сезім мен сана тән-мыс. Дінтану ғылымы әдетте "табиғи діндер" мен
"этикалық діндерді" бір-бірінен ажыратып қарайды. Түркия ғалымы Йылмаз
Озтуна ежелгі түркілердің үстанған "тәңіршілдік" дінін "табиғат діні" деп
дұрыс анықтайды . Яғни, ол адамзаттың дамуының алғашқы кезеңіне, "балалық
шағына" сәйкес келетін дін.
Тәңірге табыну алғашында дін түрінде емес, космологиялық түсініктер мен
идеялардың жиынтығы ретінде, табиғи құбылыстарға мінәжат етумен байланысты
болады. Жеке бір халық қана тәңірге табынған десек қателік болады. Тәңірге
сенудің терең тарихи тамырлары бар. Ол күллі дін атаулыдан бұрын пайда
болғандығын [35] зерттеушілер дәлелдеп келеді.
Б.э.д Ү-ІҮ мыңжылдықтарда Ұлы даланы мекен етуші моңғол мен түркі
тайпаларында табын құдайы ол Тәңіршілдік болды. Яғни Тенгризм аспан,
билеуші, құдай деп қарастырылды. Оны Жан-Полю Ру былай деп қарастырады.
Тэнгри сөзі мынадай екі сөзден құралған: - Тан-ра - түрік сөзінен тан
бұл – шығыс, және ежелде көптеген халықтарда Ра, діни атау яғни күн
деген мағынаны білдіреді. Көптеген халықтарда күнге табыну культі болды.
Сонымен Танра бұл шығып келе жатқан күн деген мағынаны білдіреді. Бірақ
әлі де болса бұл зерттелуді қажет ететін мәселе болып қала береді,
түріктердің діндерін қалай атағаны – белгісіз.
Тәңіршілдік сенімі түріктерге табиғат рухын сезінуге, өзін табиғаттың
бір бөлшегі деп білуге, табиғаттың ырғағымен тербелуге және оның көпқырлы
әдемілігіне қуануға мүмкіндік берді. Түріктер өзен, көл, жазықтар мен
тауларға өте жақсы қарап, жалпы табиғатты тәңірдің бір бөлшегі іспеттес
көрді.
Егер адам будда дінінде болса, о дүниеде оның рухы кешірімшіл ақ және
жасыл Тары құдайы немесе әртүрлі Будданың ипостастары келеді. Христиан
болса, мүмкін дева Мария, періштелер мен Христос келсе, мұсылманға
пайғамбар Мұхаммед, періште Жәбірейіл, ал кейін Аллахтың өзі келуі мүмкін
деген түсінік бар. Аталған діндерде қасиетті кітаптары мен о дүние туралы
қалыпты діни аспектері орын алған. Тәңіршілдерге о дүние туралы кездесулер
белгісіз. Тәңірші үшін идол, періште, тибет идамдарынан гөрі, өздерінен
бұрын қайтыс болған достары, таныстары, туыстары жақынырақ. Тәңірші о
дүниеде жер бетіндегі адамзаттық өмір берген әкесі, анасымен кездесуді
аңсап, оларға жер бетіндегі жаңалықтарымен бөлісемін деп ойлайды [36].
Ал моңғолдарға келсек, Шыңғыс хан да тәңірге табынды. Өмірінде қандай
да бір ірі оқиға болса немесе соғысқа аттанарда құрбан шалып Бурхан-Халдун
тауына шығып тәңірінен пәрмен сұрайтын.
Шыңғыс қаған: Бұрын сексен түнгі күзет, жетпіс тұрақты (тұрқақ)
кезекші болатын. Енді Мәңгілік Тәңірінің күші дүр,
Тәңірі Жер күш-қуаты айрықша жарылқап
Гүр (күллі) ұлысты түзулетіп
Бір тізгінге бағындырған кезде
Енді маған кезекші, тұрқақтарды мың-мыңнан іріктеп жасақтаңдар. Түнгі
күзет, садақшы, тұрқақ таңдап түменге жеткізіп жасақтаңдар деп жарлық етті
[37]. Моңғолдардың өмірінде де түрік қоғамында тәңірдің болғандығын және
сенім дерін көруімізге болады. Тәңірді ұлықтап, оған тағзым еткен.
Орталық Азиядағы ең көне мифологиялардан келіп шығады. Тәңірі
атауының шығу тегі ғұндардың ченли және қытайдың тянь, тіпті шумерлік
дингер сөздерімен байланыстырыла қарастырылады. Бұл сөздердің бәрі бір
ғана мағынаны – аспан, мәңгі көк аспан дегенді білдіреді. Басқа құдайлардан
айырмашылығы тәңірі материяланбаған, ол – рух, бүкіл тіршіліктің иесі.
Тәңірі – құдай - деп көрсетеді Ш.Уәлиханов. Ұлы Абайда Тәңірі ұғымын
жасаған ретінде көп қолданған [38].
Швейцар ғалымы Н.Паллизеннің болжамы бойынша тәңір сөзі алғашқыда аспан
құдайымен байланыстырылып, тек уақыт өте келе жалпы құдайды тәңір деп атап
кеткен. Бұл пікірмен В.Шмидта келіссе, венгер шығыстанушысы Ю.Немет куман
халқы Тәңір, тәңір амен! [39] деген сыйынулар кездеседі. Тәңір куман
тілінде құдайды білдірген. Сонымен түркі халқының арасында кең тараған
Тәңірі жарылқасын! Иттің иесі болса, түлкінің тәңірісі бар деген сөздер
Тәңірге табынудың үлкен мәні барлығын бейнелейді.
Күлтегін, Білге қаған жазбаларында Тәңрі тег Тәңрі түрінде кездеседі.
Түріктер Тәңірді Ақ Нұр (ақ айас), Ұлы Йеміз(ар тойын); Йе-еде, Хан-
Ие беруші, Бай (Үлкен), Ата-рухтардың ұлысы, Жарылқаушы, Күш
беруші, Құт сыйлаушыретінде анықтайды (сурет №1) [6.291б.].
Бұғыты мәтінінде Таспар қаған заманыныдағы түріктердің ұстанған бөгү
(Тәңірлік) діні туралы, оны қолдану ерекшелігі, Тәңір мен қағанның
байланысы туралы деректер қамтылған. Ол Тәңірге жалбарынды. Осыдан соң шад,
апа, тархан бектер, Сөйтіп Бумын қаған (қаған)отырды [28, 46 б]. Онгин
ұстынында (сурет №2) Жоғарыда Тәңір хан Ұлу жылының жетінші айында айбынды
алып қағанымыздан айырылып кете бардық. Білікті аташымның киелі орнының
(қызметін), қалдырған ақығын дүние мүлкін мен мойныма алдым. Су-Жер,
Тәңірі ... ...Табғач (шекарасына) аттанар болдық [28,113б.] Білге қаған
мәтінінде: (сурет №3) Түрік Тәңірісі, Жер-суы былай депті: Түрік халқы
жоқ болмасын деп, халық болсындеп, Әкем Елтеріс қағанды, анам Ел-білге
қатынды Тәңір төбесінде ұстап жоғары көтерді. Әкем қаған он жеті ер
жинапты. Тәңірі жарылқағандығы үшін деген жолдaр келтіріледі [28,257б.].
Жоғарыда көрсетілген тастарда сақталған мәтіндерден түрік халқында толық
дерлік Тәңірдің орын алғандығын және ол табиғаттың тылсым күштерімен тығыз
байланыстылығын көре аламыз.
Сонымен бірге Тариат және Тарқим жазуларында да түріктердің
соғыстағы жеңістері Тәңірдің сыйы терінде қабылданған. Мысалы,
Сүңгішдіміз - соғыстық. Йайындымыз- жеңдік. Тәңірі жарылқады, Үзе (ұлы)
Көк Тәңірі жарылқағаны үшін, асыраушы йағыз-жер азық бергендіктен елімді,
төремді таптым (елді, төрелі болдым).
Мұсылман жылнамашылары мен Еуропа саяхат миссионерлерінің, әсіресе
соңғы ғасырлардағы этнографиялық деректерінде түріктердің Тәңір түсінігі
туралы көптеген мәлімет беріледі. Мысалы, Алтайларда Көк Тәңірі ұлы,
Заңғар мағынасындағы Үлкен немесе Ұлы бай - Бай Үлкенге- айналған.
Солтүстік батыс Моңғолиядағы сойоттарда Тәңірі Қайырханға айналса,
Сахаларда бддизмнің ықпалымен келген Оруң Айы Тойынға орын берген. Ұйық-
Тұран жазуында: Жоғарыда Ұлы Түрік Тәңірісі идуқ жер суды жаратты-
реттеді делінетін және т.б деректер бар. Осы деректерге сүйене отырып,
туған жердің тәңір тарапынан берілген құт, аталардан қалған мирас екендігін
көруге болады. Ата мирас – отанды Ғұн қағаны Мөде де Тәңірдің құты - өз
жерін, аталарынан қалған топырақты ешкімге таптатпас үшін жауына қарсы
қасиетті соғыс тоналып, қиянатқа ұшырауы, Батыс еуропаны тітіреткен
Атилланың да Византияға қарсы соғыс ашуына себеп болған. Өйткені дәстүрлі
түркілік дүниетанымда ел (мемлекет), ұлыс (халық), йер-су (отан топырақ)
теократиялық түсініктегі болмыстар. Жер мен Көк (Тәңір) ажырамас тұтастықта

Ал, ал – Муттахар ал – Макдисиде: Түріктер Бір Тәңірі деген
түсінікте бір құдайды білдіреді. Олардың арасында Тәңір көк аспанды,
аспан десе, олардың жаратушысының есімі Белиг Байат мағынасы –
Величайший Богачты [39,83б.] білдіреді.
Қазақстан петроглифтерінде Тәңірдің тарихи – логикалық эволюциясын
көрсететін материалдар басым. Алматы қаласына жақын Тамғалы тастарында ашық
аспан үстінде тәңіршілдік храмдары орналасқан. Мұнда космологиялық
антропоморфты құдайлардың түгелдей ансамблі тәрізді мүсіндердің бейнелерін
көруге болады. Мамандардың пікірінше, барлығы қола дәуірінің кезеңіне
сәйкестенеді.
Тәңірінің жасаған ұғымына айналуы ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Орталық Азияда
Түрік қағанатының пайда болуымен, тығыз байланысты. Тәңірі идеясы Түрік
қағанатының билігін уағыздап дәріптеді.
Қоршаған орта, табиғат көшпелі түрік тайпаларының тұрмыс-тіршілігінің
көзі ретінде маңызды рөл атқарды, бұған қоса олардың кәсіби қызметі, яғни
малды күтіп-бағу табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді болды. Сондықтан да
көне түріктердің діни наным-сенімдері табиғатқа табынушылық сипат алды.
Тәңір - құдайдың пайда болған уақыты қай кез деген мәселе бойынша
оқымыстылардың пікір бір бізді емес, француз ғалымы Жан-Поль Ру біздің
заманымыздың аз алдында десе, қытайлық тарихшылар б.з.б Ү-ІІІ ғ. дейді, ал
белгілі лингвист-ғалым О.Сүлейменов Шумер ескерткіштері негізінде б.з.б ІҮ
мыңжылдықта пайда болған деген ойды ұсынады. Ол: Ғайса пайғамбар туғаннан
ІҮ мың жыл бұрын философиялық ілім ретінде қалыптасып, жер бетіндегі ең
ескі ілімдер – семит және үнді-иран діндерінің анасы болып, ежелден мысыр
діндеріне елеулі әсерін тигізген тәңіршілдік [24,18], - деп жазды.
Биікте Көк Тәңірі,
Төменде қара жер, жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаратылған [24,21б.], -
дейтін Күлтегін жырының үлкен жазбасындағы жыр жолдары көне түріктердің
Аспан және адам бір мезгілде жаралды деп түсінгендіктеріне меңзейді.
Кеңістіктегі Жоғарғы, Орта және Төменгі әлем деп (жоғарыда -аспан, төменде
– жер, екеуінің арасында адам) бөлу көрінісі байқалады.
Көне түріктердің мифологиясындағы ең жоғарғы сатыда бір объект – көк
аспан және құдайды білдіретін Тәңірі бар. Тәңірі құдай көне түріктер
түсінігі бойынша бірнеше сипатқа ие: а) жоғарғыны, яғни көкті көрсетеді; ә)
еркектік бастаумен байланысты қаралады.
Орхон жазбалары мазмұны көрсеткендей, Тәңірі халыққа шексіз билік
жүргізеді. Оның жердегі әмірін жүргізуші қағанның іс-әрекеті де тікелей
Тәңірінің тілегіме астасып жатады.
Түркі халқының атақ-даңқы
Өшпесін деп,
Әкем қағанды,
Шешем қатынды
Көтерген тәңірі,
Ел берген тәңірі
Түркі халқының атақ-даңқы
Өшпесін деп,
Мені қаған етіп отырғызып еді.
Көп қолмен он екі жарық жасадым.
Сөйтіп тәңірі жарылқады.
Тәңірінің адамдарға қатысы Тоныкөк жырынан да байқалады:
Соғыстық,
Бізден екі-үш есе артық еді,
Тәңірі жарылқағандықтан,
Көп деп біз қорықпадық.
... Жеңдік.
Сонымен қатар Күлтегін бітіктасының мәтінінде Тәңір туралы былайша
суреттеледі:
Ел Етміш йабғұ бітіктасының мәтінінде:
Тәңірікенге ісін: бердің: дей: жарылқады:
Тәңірікен: жор
Тәңірікен жабырқаңқы біз: азды көпке: көргендей: еді:
әкем: шад сонша: өтінді:
Тәңірікен:алмасын: дей: бүтін (халық):
Сонда: бермесіне. Ат ес (?) бол .
Тәңірі: Білге: қағанға: сақтап
Ісін:күшін берсем:бар:
Болайын депті: тигені:
Үшін: жауладым:
Берік: тигенім: ұрыс: қылып:
Тәңірі: Білге: қаған(нан):
Айырылмайық: азбайық: дей: сонша: өтіндім:
үст(іңгі): Тәңірі: хан: (әке!)
ұлу: жылғы: жетінші ай: [40].
Үсті Көк Тәңірі:
Асты: нығыз (қоңыр): Жер:
Қылынғанында (Жаратылғанында):
Екі ара: кісі: ұлы: қылынды(жаратылды):
Кісі: ұлында: үсті:
Тәңірі: күш: берген: үшін:
әкем қаған: сүңгісі (жауынгері)
бөрі тек:екен:
жауы: қой тек екен:
Тәңірі: жарылқадық: үшін:
Елдікті: елсіретті:
Қағандықты. Қағансыратты (қаған етті):
Жауды: тбасып, басымдылық қылды(тыныш еткен)
Тізелікті шөктірді:
Бастықты. Жүгіндірді:
Ұмай тек: шешем (өгейім): қатұн:құтына:
Інім Күлтегін: ер атты болды (атқа мінер ер болды)
Шақты (ажалды) Тәңірі жасайды:
Кісі ұлы: көп: өлгелі: туған еді.
Тәңірі тірі етпейінше:
ІІІ - қапталындағы жолдарда былай жазылған:
Тәңірі жарылқағандығын: үшін:
өзім: құтым: бар үшін:
қаған отырдым:
Тәңірі:.Тас бітікледім (жаздым): Йоллығтегін [40,57б.]
Өзінің мәні жағынан, Тәңірі монотеистік дінге жақын болды. Діни
көзқарастардың дамуы барысында көк аспан сияқты Тәңіріні барынша күрделі
құдай-космос-Тәңірі-каинат түсінігі алмастырады. Мұндай ұғымдағы Тәңірі
өзіне космосты, оның көзге көрінетін бөлшектерін: күнді, айды, планетаны,
жұлдызды, адамды, табиғат құбылыстарын, жан-жануарды, өсімдіктерді
қамтиды. Енді табиғат культі және басқа культтер, наным-сенімдер,
көзқарастар барынша күрделенген Тәңірі туралы ұғымға айналады. Тәңірі әрі
рух, әрі дене, әрі олардың бірлігі секілді бейнеге ие болды [24,13б].
Көне түріктер дәуірінде Тәңірі сөзі бірнеше мағынада қолданылады:
Аспан, дүние бөлігі ретінде; 2) Құдай ретінде 3) құдайланған адам
ретінде 4) әмір етуші, әмірші. Осы политеистік мәнде Тәңірі аспанда, жерде,
суда, тау мен жануарлар әлемінде де болса керек. Қазақтарда Көк Тәңірі,
Жер Тәңірі, Аң Тәңірі, Су Тәңірі, Құс Тәңірі деген ұғымдар
сақталған. Барлық сөз тіркестерінде тәңірі сөзі бұйырушы, Құдай,
билеуші деген мағынаны білдіреді.
Көне түріктердің түсінігі бойынша жердегі өмірмен байланысы бар көк
аспанның негізгі атрибуттары бұлар күн мен ай болған. Енисейлік құлыптас
ескерткіштерде көк аспандағы күн мен айды жоғалттым деген сөздері жиі
кездеседі. Орхон түріктері күнге қарап бағыт-бағдарды айқындаған.
Тәңірі бейнесі түркі тілдес халықтардың ғана рухани мұрасы емес, ол -
Орталық Азиядағы барлық халыққа ортақ дүние. Көне мифологиялық шығыстық
бейне қатарына жататын тәңіріні алтайлықтар - Тенгри, буряттар –
тэнгри, сахалар – тангара, тывалықтар – дээр, шорлықтар – тегри,
монғолдар – тэнгер, шорлықтар – тура дейді. Тәңірінің мекені – көк
аспан, ол көк аспанның тұрғандарынa иерархия тән. Сондықтан аспан тоғыз
қабатқа бөлінеді. Әрбір қабат тағы екіге бөлінеді: жарыққа және қараңғыға,
мейірбандыққа және әзәзілдікке. Бұл дегеніміз құдай мейірімді және қатал,
құтқарушы және жазалаушы ретінде болады деген сөз. Ол бәрін көреді, шешеді,
адам тағдыры да сол көктегі құдайдың қолында. Тәңіршілдік дінінің терең
даналығы сонда, ол адамды кемсітпейді, қайта адамды ерлікке, жақсы
іске қарай ынталандырады.
Көне түрік дінінде түрік Тәңірісі бейбітшілік Тәңірісі болатын, - деп
жазды ойшыл Зия Гөкалп. Түрік дінінің өзегі болып табылатын ил (ел) сөзі
бейбітшілік мағынасын беретін. Елші, Елхан Бейбітшілік қағаны деген
болатын. Түрік елхандары Маньчжуриядан Мажарстанға дейін бейбітшілік
орнықтырған, бейбітшілік саясатының бастамашылары еді [24.23б.].
Тоғыз қабат аспан әлемі туралы түсінік ұзақ уақыт бойы даму сатысынан
өткен және де өзге халықтар түсінігіне әсер еткен болса керек. Мысалы,
монғолдардың түсінігінде сапан тоқсан тоғыз қабаттан тұрады, cоған қарай
Тәңірі атты 99 құдай бар. Ал еуропалық христиандар шығысқа тән дүниетанымды
толық алмай, тек құдайыланған үштік Троица туралы түсінік қалыптастырған.
Көне түріктік құдайлар пантеонында да бірнеше Тәңірі болған. Бірақ
олардың саны нақты қанша болғанын айту қиын. Әйтсе де осы бағытта арнайы
зерттеулер жарық көре бастағанын атап өткен жөн.
Тәңіршілдік діни жүйесінде маңызды орын алған Бұл тәңірінің бейнесі
көне түріктер мәдениетінде қаған билігінің символын және қағандық (ер) мен
Қатундық (әйел) бастаудың бірлігі идеясын әйгілеген құдай болды деп
түсіндіреді зерттеушілер Ю.А.Зуев пен Г.Е Агелеуовтар [41].
Философ ғалым Ғарифолла Есім тәңіршілдік мәселесінде былай дейді:
Түркілердің адамзат өркениетіне қосқан ең үлкен үлесі - Тәңір идеясы.
Тәңір идеясын монетеистік сипаттағы мәдени танымның негізі деуге болады.
Жалпы Тәңір мәселесінде ғылымда әр текті пікірлер баршылық. Менің де бұл
мәселеде өз түсінігім бар. Тәңірді біз сипаты арқылы танимыз. Ал Тәңірдің
сипаты - көк. Басқаша айтқанда көк Тәңірдің эпитеті. Сонда көк дегеніміз
не? Біреулер көк деген аспан десе, көкті эпитет дегенге тоқтайды. Менің
пікірімше, көк дегеніміз аспан емес. Себебі көк деген өсіп-өну деген
мағына беретін ұғым. Көк сөзі де осы тәрізді Тәңірдің сипатын ашады.
Тәңір - жаратылыс, ол көк, яғни мәңгі өсіп-өне беретін қуат. Тәңір деген
дін емес, онда діндік институттар жоқ, дін дерлік қағидалары жоқ, ол
дүниеге ашық көзқарас, ашық дүниетаным. Демек дін дүниетанымнан, осы
тәңірлік ашық дүниетанымнан шығып отыр. Көк Тәңірге сену тек түркілерге
ғана тән наным емес. Мұндай сенімдер барлық құрлықтарда, әсіресе, Солтүстік
және Оңтүстік Америка, Африка, Солтүстік Азия және Австралиядағы бейсауат
қауымдарда көне замандардан белгілі болған тәңір культі. Л.Гумилев ежелгі
қытайлықтарда түрік ұғымындағымен бірдей көк тәңір нанымы болғанын
растайды. Көне Қытай, Мысыр, Рим, Месопотамия елдерінде көк тәңір туралы
нанымдардың болғандығын, аталмыш елдердің патшаларының атағы көбіне көктің
ұлы, күннің ұлы, аспанның перзенті боп аталғандығын Древние тюрки атты
еңбегінде дәлел-дейді.
Ғалымдар көк тәңірі туралы нанымды тәңірлер және тәңірсымақтар туралы
культтерден бұрын болған ең тұрпайы наным [42]деп бағалайды және мұндай
тұрпайы сенім ең шалғай құрлықтарда да болғандығы ғылыми ақиқат деп
санайды.
Тәңірге, Жер–Суға табынудың пайда болуын адамда әуелден қалыптасқан
ризашылық сезімдерімен байланыстыруға болады. Бұл құдайлар қарапайым
тіршіліктің иелеріне қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде адамдарға азық –
түлікті сыйлаған мейірбандылықтарға алғысын білдірудегі ниетінен туған еді.
Осындай өмірдің нақты шындығына көз жеткізу адамдарға жәрдемдесетін жоғары
әлем бар деген түсінікті туғызды. Ежелгі түрік әулеті өздерінің
ұғымдарындағы ең биік шыңды Хан Тәңірі деп атауы да кездейсоқ емес.
Болмыстың мәнін және оның рухтық көрінісін Аспанға салу қазақ халқында
көпке дейін сақталып қалды. Аспанға құдіретті күшті құдай тұрғысында
мұқият жасалынға талдау және көшіп-қону бағытын анықтаудағы басты нысана
ретінде қаралуы өзінің дүниетанымдық тұрғыдағы Тәңіріне табынуына ықпал
етті. Бұдан шығар тұжырым, нақты аспан объектісімен оның тірі дүниенің
рухани символы ретінде уағыздалуы арасында сәйкестік бар [29,48.] – деген
пікірге толығымен қосылуға болады.
Енді мәдени дәстүрлеріміздегі нақтыламақ болған шамандық пен
тәңіршілдікке ойыспай тұрып діни сенімдердің - тотемизм, магия, анимизм,
фетишизм сияқты формаларының діни санамыздың қалыптасуына тигізген
әсерлерін қарастыра кетуді де жөн көрдік. Тәңірлік дін ғылымда түбегейлі
зерттеліп, тарихи тамырлары мен адам қоғамындағы орны жете анықтала қойған
жоқ. Тәңірлік дінінің өзекті нормалары зороастризммен үндес. Олар:
1. Көкте құдіретті жаратушының барлығына шек келтірмеу.
2. Ата–бабалар қалыптастырған дәстүрлі өсиеттерді бұлжытпай орындау.
3. Жас ұрпақты дәстүрлі өмір салтына бейімдеп тәрбиелеу.
Бұл қағидалардың кез келген діни сананың дүние танымындағы, моральдық –
этикалық нормаларына негіз екендігі ақиқат. Сонымен бірге, олар көзге
көрінбейтін және көрінетіннің бәрін жаратушы деп өздері мойындайтын бір
Құдайға ғана иланады, оны осы дүниедегі шаттықтармен бірге азаптарды
жолдаушы деп біледі. Бірақ сол өз Құдайын намаз оқып, дұға қылып
құрметтейді [29.53б].
Қандай діннің болмасын ақиқат шындық саналатын қағидасы мен түпкі
мақсаты, арқау етер философиялық, адамгершілік, астетикалық ілімдері
болатыны белгілі. Әлемдік діндерде бар бұл жүйе Тәңірлік дінінде де бар.
Мәселен, буддизм төрт ақиқатты сыйлауға, христиандық – үш түрлі
кейіптегі жалғыз құдайды, ислам – Алладан басқа құдай жоқтығын, Мұхаммед
оның пайғамбары екенін мойындауға негізделсе, Тәңір діні Аспанды – ат,
Жерді – ана деп тануға негізделген. Әлемдік діндерінің түпкі мақсаты –
адамды о дүниеге көретін азаптан қорғау, құтқару болса, Тәңірлік дінінің
түпкі мақсаты адамды осы дүниеде лайықты ғұмыр кешуге баулу болып табылады.
Осы орайда, діннің діннен айырмашылығын, өзіндік сипатын, қалыптасқан
қағидаларынан сол дінді өмірге халықтың дүниетанымынан, тұрмысынан, мінез
– құлқынан, салт – дәстүр мен өнерінен іздеген дұрыс [29.46б.] деген
пікірмен толық келісеміз.
Түркі халықтарында оларда әлі күнге дейін өлген кісіні жерлегенде
“тәңірге табыс ету“ немесе “көкке тапсыру“ сияқты көнеден қалған дәстүрлері
сақталған. Тибет және түркі халықтарының өзара ұқсастығы олардың тұрмыс-
дәстүрлері мен қолөнері, оның ішінде кілем-текеметтеріндегі ою-өрнектерден
де айқын көрінеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған деректер бойынша,
тибеттіктер тұнғыстардың немесе тоғыз-оғыздардың туыстары. Тоғыз-оғыз және
ұйғырлар бір халық. Қазіргі ғылымға белгілі деректерде б.д.д. I мыңжылдықта
түркі тайпаларының, оның ішінде кердерілердің (“ұлы иозылар”) Алтайда
тұрғаны белгілі. Шамамен б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда көне түркілердің Тәңір
діні Алтайда пайда болды. Яғни, көне түркі тайпасының біреуінің Кедер
пайғамбардың есімімен аталуы заңды құбылыс. Себебі, Сырдария өзені мен Арал
теңізі маңындағы хион немесе кердерілердің тарихы Алтайдағы көне түркі
тайпалары және олардың діні Тенгримен тығыз байланысты.
Тұран тайпалары, оның ішінде “ғұндар күнге, айға, аруақтарға, аспан мен
жердің рухына табынды” дейді “Қытайдың Геродоты” - Сымь Цянь. Олардың
рухани жетекшісі – шамандардың қар, бұршақ, жауын жіберіп, желді қуатын
аспанда өздерінің мемлекеті болған. Византия тарихшысы Менандр “ертедегі
түркілер отқа, суға және жаратқан құдайға сыйынып оларға арнап түйе, өгіз,
қой сойып садақа берді” дейді. Дүниежүзілік діндер классификациясының
негізін салған М.Мюллердің дәлелдеуі бойынша, көне Алтайдан шыққан
Тенгридің мағынасы монғұл, тұнғыс, татар, және фин тайпаларына немесе алтай-
орал тілдері тобына және қытай тіліне ортақ. Осы ұлы ғалымның кезінде, яғни
XIX ғасырда тибет халқының шығу тегі ғылымға белгісіз болғандықтан, тұран
діні тобына жататын халықтардың толық классификациясы жасалмағанымен, ол
“...егер тибет халқы орал-алтай тілдері тобына жататын болса, онда ол тұран
тобының оңтүстік бөлігін құрайды” деп болжап кеткен болатын. Үш мың жылдай
ұмытылып қалған Тұранның көне тарихын бір жүйеге келтірген Е.Кастрен мен
М.Мюллер сияқты данышпандардың рухтарына тағзым ете отырып, олар болжаған
тибеттіктер тұранның оңтүстік тобына, қытай, манчжур және полиазиаттар
орталық тобына, ал монғұл, тұнғыс, түркіден бастап финдерге дейінгі
халықтар тұранның солтүстік тобына жататынын қазір дәлелденгенін айта
аламыз. Адамзат тарихы мен өркениетінің шоқтығы болып саналатын
тұрандықтардың тарихы уақыт өткен сайын ғылыми жаңалықтармен толығып, өзіне
тиесілі тарихтағы абыройлы орынын алады. Өз басшыларына берілген дәреже
Тангли-Кутуды немесе “Аспанның ұлын”қыт. ертедегі ғұндардан алынғанын
қытай тарихшылары дәлелдеді. Соңынан пайда болған қытай императорларының
негізі осында жатыр. Оның мағынасы “аспан ұлынан”, “аспан ризашылығымен
болған императорға” өзгерген. Қытайша бұл сөз Tien – аспан құдайы және
жалпы құдай, ал императордың сөздігінде “ұлы”, яғни жердегі өмірді
жоғарыдан басқарып отырған “жалғыз” әмірші. Қытай тілі тұран тілдері сияқты
агглютинацияға ұшырамағанын, ал Тенгри сөзінің алғашқы мағынасы аспан,
одан кейін аспан құдайы, жалпы құдай, соңында рух болғанын ескергенде бұл
сөздердің төркіндерінің бір екенін көреміз.Көне түркілердің ұғымында
Тенгридің мағынасы табиғи құбылыстарға Аспан - Көк Тәңірі, Аспан - құдай
ретінде болды. Аспан жердегі тіршіліктің барлығынан жоғары, қол жетпейтін
Ұлы және абсолютті қалпында белсенді күш, өмір мен берекенің көзі ретінде
діни сана-сезімге енді “Тянь-Шань” - Тәңір дегеннен шыққан. Ол тұран
жүйесіндегі барлық халықтарға, оның ішінде қытайлықтарға да ортақ ұғым.
Сондықтан, Тянь-Шань тауын “Тәңір” (Tengri) деп өзінің негізгі атымен
атаған дұрыс. [43] Негізінен Тәңірлік терең мәнді Аспан ғана емес, қазақ
халқының алғашқы діни сенімдерін туғызған діни бастау да болды. Жер мен Су
адамдар үшін дүниенің ортасында тұрған табыну заттары болды. Тәңір мен жер
- Судың өзара берік байланысы шын мәніндегі өзара қарым-қатынас жөніндегі
пайымды ойға жетелейді. Жер тәңірінің кіндігі арқылы жермен байланысқан.
Тәңірді құдайдың қасиеттері бар Көк аспан деп білді, оған құлшылық етті.
Араб географы Әл-Макдисидің айтуынша: Бір Тәңір дегені Бір құдай деген
ұғымды білдіреді. Кейбіреулері Тәңір деп аспанның көкшілдігін айтады,
басқалары Тәңірді аспан ретінде түсінеді [24.24б.] Көне түрік нанымдарында
басқа да әйел құдай болды.
Ю.Зуев ортағасырлық қимақтарға қатысты ими этнонимінің эпоним және
тәңірие есімі екендігін дұрыс көрсетеді, дегенмен, үндіирандық егіздерге
(Яма, Ями, Йимак) қатысты өз тұспалының екпінімен кеткендіктен: а) түркіге
қатысты ими атауының ең алдымен еркекке емес, әйелге байланысты екендігі;
б) бір біріне қарама қарсы шежірелік мифтік егіздер түркілерде
үндіирандықсыз да көп кездесетіндігін, яғни оларды (шежірелік, аңыздық,
ертегілік егіздерді) міндетті түрде Имиге телудің қажеті жоқтығын ескермей
кеткен; осы ескерілмеген екі қисын негізінде өзінің сымбатты құрылымын
құрастырған [31,69 б]. Ол - Ұмай ана. Ол шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы
болған. Көптеген мамандар Ұмайды ежелгі үнді құдайы Умамен салыстырады.
Себебі, ол да сондай міндеттер атқарған. Абакан өзенінің табылған көне
түрік жазуынан үзінді келтірелік: Біздің атамыз Ұмай бег, біз алып ердің
күйеуіміз ... . сен елінің дәстүрлерінен айрылма, менің қаһарманым өз
халқымда. Осы сөздер де Ұмай туралы біраз ойларға жетелейді. Ұмай – ана
негізінен тұқым тарату құдайы болып табылатын және олардың тағдырында аса
маңызды роль атқарды. Жер бетіндегі тіршілік атаулының қорғаушысы
мақсатында қалыптасқан. Бұл өмірлік күш – табиғаттың әртүрлі құбылыстарын
адамға ұқсатуға байланысты кейіннен Ұмай бейнесінде көрсетілген - дей
келіп С.В.Иванов түріктерде аспандағы ұлы жасампаз және өмірлік күш
туралы болғанын атап айтқан [30.58б.].
Тарихи фактіге сенетін болсақ, тәңіршілдік діни идея ретінде діни
қызметкерлер жұмыс атқарды. Бір Құдай идеясы мен ата – баба культін ескерер
болсақ, тәңіршілдік семит мәдениетіне ұқсас келеді. Сонымен қатар ежелгі
үнді және ежелгі иран мәдениетінен ерекшеленсе, ведалық ежелгі үнді дінімен
сәйкестенеді. Бұл діндерде кездесетін Зороастра, Будда, Христос, Мұхаммед
тәрізді пайғамбарлар тәңіршілдікте орын алмайды. Пайғамбарлар адамдар
Құдай сөзін ұмытқан кезде, яғни Құдай пайғамбарларды адамдарды дұрыс
жолға түсу үшін жібереді [44.161б].
Махмуд Қашғаридің Диван атты еңбегінен тәңіршілдікте әртүрлі діни
қызметкерлерді болғаны кездеседі: иалабаш, тенгрикандар, тивиндер, камдар,
бақсылар мен әулилер [31,612б.].
Тәңіршілдікте аталған діни қызметкерлердің сыныпталуы төмендегіше:
1. Тенгрикандар деп білімді, ғылым және дін мәселелерімен терең
шұғылданатын, дүниелік өмірден алыс және үнемі қоғамдағы
адамдармен байланысқа аз түсетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақсылық және бақсы сарындары
Тәңіршілдік діні мен Ислам діні
Қазіргі замандағы әлемдік діндер
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Көне түріктердің діні
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Түркілердің сенім негіздері
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар жайында
Қазақ халқының ислам дініне дейінгі діни сенім - нанымдарының зерттелу тарихы
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Пәндер