Буденовск уран кенорны



КІРІСПЕ
1 Буденовск уран кенорнының геологиясы
1.1 Буденовск кенорнының құрылуының геологиялық ерекшеліктері
2 Ауданның геологиялық құрылысы
2.1 Стратиграфиясы
2.2 Тектоникасы
2.3 Гидрогеологиялық сипаттама
3 ҰГЗ нәтижелерін интерпретациялау
3.1 Рудаларды эмандау
3.2 Уран мен радий арасындағы радиоактивтілік тепе.теңдік
3.3 Уран кендерінің аймағы
3.4 Радий мен радон арасындағы радиоактивтілік теңдік
3. 5 Интерпретациялау нәтижесі
3.5.1 Диференциалды интерпретация
3.5.2 Қайта есептеу коэффициенті (К0)
3.5.2.1 Таужыныс пен руданың ылғалдылығы (Пвл)мен көлемдік салмағы үшін түзету
3.5.2.2 Гамма каротаж нәтижелерін интерпретациялау кезінде қолданылатын Вк коэффициенті
3.5.2.3 Бұрғылау ерітіндісіне гамма сәулеленудің жұтылуы үшін түзету (Пбр)
3.5.2.4 Уран мен радий (Крр) және радий мен радон аралығындағы радиобелсенділік теңдіктің өзгеруіне байланысты түзетулер
3.5.3.5 Ұңғыманың гамма каротаж мәліметтерін интерпретациялаудың диференциалды нәтижесі бойынша орташа уран мөлшері мен қалыңдығын анықтау
3.6 Интерпретация нәтижелерінің нақтылығын бақылау
3.7 Стандартты электрокаротаж
3.7.1 Жыныстардың геоэлектрлік сипаттамасы
3.7.2 Жұмыстың әдісі мен техникасы
3.7.3 Интерпретация нәтижелері
3.7.4 Ұңғыма қимасының литологиялық.стратиграфиялық жіктелуі
3.7.5 Жыныстардың фильтрациялық қасиеттерін (Кф) анықтау кенорында электрокаротаж мәліметтері арқылы жасалған, интерпретациялық жұмыстардың ішіндегі ең қиыны болып табылады.
4 Ұңғымадағы геофизикалық әдістердің қосымша түрлері
4.1 Лездік нейтрондар болу каротажы (КНД.м)
4.1.1 Әдістің физикалық.геологиялық негіздері
4.1.2 Аспаптар жұмысының техникасы мен әдістемесі
4.1.3 Жұмыс нәтижелері
4.1.3 Жұмыс нәтижелері
4.3 Термометрия
4.4 Жұмыстарды метрологиялық камтамасыздандыру
5 Уран кен орнын ашу
5.1 Ұңғыма санын анықтау
5.2 Технологиялық ұңғымаларды орналастыру әдісін таңдау
5.3 Ұңғымаларды игеруге дайындау
5.4 Ұңғыманың өнімділігін анықтау
5.5 Кен сілемдерінің көлемдік мөлшерін анықтау
5.5 Кен сілемдерінің көлемдік мөлшерін анықтау
5.7 Аумақтың кереген технологиялық торабы
5.8 Қышқылдату құбыры
6 Ұңғымалардың өнімділігін арттыру тәсілдері
Администраторлық аудан районы ҚР ОҚО Созақ ауданына кіреді. Ені 20-40 шақырым Қаратау жотасының солтүстік шығысымен қосылатын, орографиялық түрде үлкен жотаға ұқсас келеді. Негізі пайда болған аудан 2 әртүрлі геоморфологиялық аудандарға бөлінеді: жазық және төбелі. Қыраттық бет бедері жалпақ, дөңесті және өзенді алқапта жатыр, солтүстік және солтүстік –шығыс бағытында созылып жатыр және олар Қаратау жотасы мен Бетпақдаланың арасын алып жатыр. Мойынқұм құмды сілемі өтпелі кезеңде сортаңды және сор алқаптар солтүстік батыс бөліктерінде қарастырылады. Ерекше ірі сортаңды көлшіктер (Ақжайқын,Ащыкөл) Шу өзенінің төменгі жағында орыналасқан, ал Буденов бөлігі солтүстік – батысқа дейінгі жерді алып жатыр. Мойынқұмның солтүстік бөлігінде дөңесті және қуысты құмдар ені 20-30 шақырым кең бағытта созылып жатыр. Құмдар аллювиально-эоловогалық түрде пайда болған. Бұл аймақтың нақты белгілері 310 м , жазықтықтың жартысы 125 м бөліктерін құрайды.
1 Сковородников И.Г. Геофизические исследования скважин, Екатеринбург, 2009, 471 с.
2 Нұрмағамбетов Ә., Нүсіпов Е. "Геофизикалық барлау әдістерінің негіздері", Алматы. 2003, 280 б.
3 Байбатша О., Сеитов Н. жэне т.б. "Геологиялық терминологиялық сөздік", Алматы, 2004, 450 б.
4 Моисеев В.Н. "Применение геофизических методов в процессе эксплуатации скважин", Москва, 1984 г.
5 Латышова М.Г. и др. "Обработка и интерпретация материалов геофизических исследований скважин", Москва, 1975 г.
6. Дягилеева А.И., Андреевич В.В. "Основы геофизических методов разведки", Москва, 1987 г.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
АҢДАТПА

Дипломдық жұмыс бес бөлімнен тұрады:
1 Буденовск кенорны жайлы жалпы мәліметтер мен геологиялық мақсаттар;
2 Буденовск уран кенорны ауданының геологиялық құрылысы;
3 Ұңғымадағы геофизикалық зерттеудің стандартты әдістері;
4 Ұңғымадағы геофизикалық әдістердің қосымша түрлері;
Бірінші бөлімде жалпы мәліметтер мен геологиялық мақсаттар, кенорынның
ашылу тарихы, зерттелуі және барлануы жайлы мағлұматтар келтірілген.
Сонымен қатар, бұл бөлімде геологиялық мақсаттар және сол мақсаттарды шешу
жайлы айтылған. Буденовск уран кенорны ауданының геологиялық құрылысы және
стратиграфиясы, тектоникасы, ауданның пайдалы қазбалары және
гидрогеологиясы жайлы мәліметтер қарастырылған.Екінші үшінші бөлімдерде
Буденовск кенорнында жүргізілетін стандартты және қосымша ҰҒЗ әдістері
жайлы айтылған.
Дипломдық жұмыс -- бет мәтіннен, --- бет суреттен және – кестеден
тұрады.

АННОТАЦИЯ

Дипломная работа состоит из пяти частей:
1. Общие сведение и геологические цели месторождения Буденовск;
2. Геологические строение уранового месторождения Буденовск;
3. Стандартные методы геофизических исследования в скважине;
4. Дополнительные виды геофизических методов в скважине;
5. Охрана труда и окружающей среды.
В первой чаете приведены общие сведение и геологические цели, история
открытия месторождения, исследование и сведение о разведке. В том числе в
этой главе приведены геологические задачи и их решение. Во второй чаете
описанно геологическое строение и стратиграфия, тектоника, полезные
ископаемые и гидрогеология уранового месторождения Буденовск. В третей и
четвертой части рассмотренно стандартные и дополнительные методы ГИСа на
месторождение Буденовск.
Дипломная работа содержит -- страниц, --рисунков, --таблиц.

ANNOTATION

The work of diploma consist of 5 pieces:
1. General information and geological aims;
2. Geological structure of the deposit of uranium Buddennovsk;
3. Geophysical ekamination of drill hole and standarts of metrods;
4. Supplementary types of wireline serves;
5. Profection of work and environment.
There are general information, and geological aims history of opening
that deposit, survey and enploitation in the first part. So that,
geological aims and their decision were discussed in this part. Region of
deposit Buddennovsk and its geological structure, stratification second
park. You can read about standarts, which are in the deposit of Buddennovsk
and supplementary geological survey of drill holes in the third and forth
parts.
The work of diploma consists from -- pages, -- pages of pictures and –
tables.

КІРІСПЕ

Администраторлық аудан районы ҚР ОҚО Созақ ауданына кіреді. Ені 20-40
шақырым Қаратау жотасының солтүстік шығысымен қосылатын, орографиялық түрде
үлкен жотаға ұқсас келеді. Негізі пайда болған аудан 2 әртүрлі
геоморфологиялық аудандарға бөлінеді: жазық және төбелі. Қыраттық бет
бедері жалпақ, дөңесті және өзенді алқапта жатыр, солтүстік және солтүстік
–шығыс бағытында созылып жатыр және олар Қаратау жотасы мен Бетпақдаланың
арасын алып жатыр. Мойынқұм құмды сілемі өтпелі кезеңде сортаңды және сор
алқаптар солтүстік батыс бөліктерінде қарастырылады. Ерекше ірі сортаңды
көлшіктер (Ақжайқын,Ащыкөл) Шу өзенінің төменгі жағында орыналасқан, ал
Буденов бөлігі солтүстік – батысқа дейінгі жерді алып жатыр. Мойынқұмның
солтүстік бөлігінде дөңесті және қуысты құмдар ені 20-30 шақырым кең
бағытта созылып жатыр. Құмдар аллювиально-эоловогалық түрде пайда болған.
Бұл аймақтың нақты белгілері 310 м , жазықтықтың жартысы 125 м бөліктерін
құрайды.

1 Буденовск уран кенорнының геологиясы

1.1 Буденовск кенорнының құрылуының геологиялық ерекшеліктері

Буденовск кенорнының пайда болған жері Шу-Сарысу кен орны. Оңтүстік
батыс құрамына кіретін Мыңқұдық кен аймағының бөлігін алып жатыр. 1-
суретте көрсетілгендей.
Администраторлық аудан районы ҚР ОҚО Созақ ауданына кіреді. Ені 20-40
шақырым Қаратау жотасының солтүстік шығысымен қосылатын, орографиялық түрде
үлкен жотаға ұқсас келеді. Негізі пайда болған аудан 2 әртүрлі
геоморфологиялық аудандарға бөлінеді: жазық және төбелі. Қыраттық бет
бедері жалпақ, дөңесті және өзенді алқапта жатыр, солтүстік және солтүстік
–шығыс бағытында созылып жатыр және олар Қаратау жотасы мен Бетпақдаланың
арасын алып жатыр. Мойынқұм құмды сілемі өтпелі кезеңде сортаңды және сор
алқаптар солтүстік батыс бөліктерінде қарастырылады. Ерекше ірі сортаңды
көлшіктер (Ақжайқын,Ащыкөл) Шу өзенінің төменгі жағында орыналасқан, ал
Буденов бөлігі солтүстік – батысқа дейінгі жерді алып жатыр. Мойынқұмның
солтүстік бөлігінде дөңесті және қуысты құмдар ені 20-30 шақырым кең
бағытта созылып жатыр. Құмдар аллювиально-эоловогалық түрде пайда болған.
Бұл аймақтың нақты белгілері 310 м , жазықтықтың жартысы 125 м бөліктерін
құрайды.
Аймақ климатты кенеттен континенталды қыста суық қарымен
(40ºдейін) жазда (+40 º дейін) құрғақ, ыстық. Жарты жылдық жауын-шашын
мөлшері 130-150мм де өзгеріп тұрады. Ал күз, қыс, және көктем кезеңдерінде
көбейеді. (85 пайызға дейін) де, ал жаз айларында ерекше құрғақшылық
болады. Ауаның орташа ылғалдылығы 56-59 пайыз шамасында. Аймақта қатты және
үздіксіз жел соғып тұрады. Шаңды борандар және дауылдар орташа жылдамдығы
3,8-4,6 м-сек, солтүстік –шығыс бағытында жиі болып тұрады.
Шөлді және жартылай шөлді типті өсімдіктер сортаңды –баялыш және жиі
сексеуіл түрлері кездеседі. Шу және Сарысу өзендері бойынан пиязшық және
қамыс тамириск өсімдіктері көптеп кездеседі.
Ал жануар әлемі шөлді және жартылай шөлді аймақ түрлеріне ұқсас
келеді. Шу, Ақсүмбе, және Сарысу өзендері гидрографиялық жүйе аймағында
жұмыс жасауына берілген.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның басты аймағы уран саласымен байланысты. ОҚО
мамандыру салалары келесідей:мұнай өңдейтін,химиялық және азық түлік
мамандары.
Қаратау және Ақсүмбе пункттеріне жататын тұрғындар оңтүстіктен 50
шақырым жерде орыналасқан.Аудан орталығы Шолаққорған -210 шакырым.Ал
солтүстікте 40 шақырым жерде Инкай аймағы, Тайқоңыр елді-мекені орналасқан.
Оңтүстік –Батыс бағытында 150 шақырым ара қашықтықта нөмері-6 кен басқарма
орналасқан. (Қызылорда обл.Шиелі ауд).

1-сурет. Жұмыс аймағының картасы

Жақын жердегі темір жол станцияларына жататындар: Созақ (120 шақырым)
Шиелі. Жақын қалалар: Қызылорда (180 шақырым) Шымкент (330 шақырым) Жанатас
(250 шақырым) өндіріспен айналысатын тұрғындардың басты алып жатқан
жерлері.
Аймақты сумен жабдықтау палеоцен-эоцендік және борды кешендері
қысымды жерасты суларының есебімен жүргізіледі.
ЛЭП-110 электр жарығын Қантағалық ТЭЦ-тен тартады. Ал мемлекеттік
электр желісі 70 шақырым жерден өтеді.

2 Ауданның геологиялық құрылысы

2.1 Стратиграфиясы

L-42-XXVII парақ аумағы геологиялық құрылысында кайнозой және мезозой
шөгінді таужыныстары басым келеді. Палеозой шөгінді жаралымдары едәуір
тереңде жатқандықтан (300-600 м) тек қана бұрғылау және геофизикалық
зерттеулер барысында бөлінеді.

Палеозой эратемасы
Таскөмір жүйесі
Төменгі бөлім, турне жікқабаты (C1t)

Серпухов және ортаңғы-жоғарғы карбон түзілімдеріне жататын
таужыныстардың қызғылт түсті қатқабаты жер бетінде байқалмайды. Ол ауданның
солтүстік-батыс жартысындағы № 28, 35, 55, 45, 63, 64 ұңғымаларында, 280-
450 м тереңдікте айқындала түседі.
Қарастырып отырған кешен құрамында ұсақ түйірлі құмтастар басымырақ,
ол ортатүйірлі қою қызыл-қошқыл, қызғылт түсті құмтастар сирек және ашық
жасыл түсті құмтастар одан да сирек кездеседі. Құмтастар дәл сол түсті
құмайт-құмтастармен және құмайттастармен қабаттасып келген. Қиыс
қабаттасқан, катаклазданған құмтастар басым. Катаклаз жарықшаларын бойлай
ақ немесе жасыл кальцит дамыған. Кейде әкті құмайттас қатпарлары байқалады.

Құмтастардың құрамы полимиктілі немесе далашпатты-кварцты және
ортатүйірлі құрылымға ие. Олар кварцтың, микрокварциттердің,
далашпаттарының, серицитті-кремнийлі тақтатастардың, қышқылды
эффузивтердің, гранитоидтардың үшкірленіп жұмырланған сынықтарынан
құралған. Мусковиттің және биотиттің, циркон түйірінің, апатит және
турмалиннің дара жапырақшалары кездеседі. Сынықтардың (кесектердің) өлшемі
0,04 мм-ден 1,0 мм аралығында ауытқиды. Цементі бос жерлерді тотырумен
сипатталады. Құрамы бойынша цемент карбонатты-серицитті немесе кальцитті,
кейде серицит-кварцты және темірлі болып келеді.
Алевролиттер және алевропелиттер кейде әктастылы болып келеді.
Кесектердің құрамы сияқты, құмтастардың құрамы алевролитті және алевропелит
құрылымды. Цементінің құрамы кальцитті, серицитті-кремнийлі немесе темір
болып келеді. Кесектерінің өлшемі 0,05-0,1 мм.
Зерттеліп жатқан ауданда осы түзілімдер ауқымында органикалық
қалдықтар анықталмаған. Төменгі және ортаңғы таскөмірдің серпухов
түзілімдерінің ашылған қалыңдығы 100 м болады.

Мезозой эратемасы

Мезозой түзілімдері зерттеліп жатқан ауданда соңғы бор кезеңінің
шөгінді таужыныстарымен және ортаңғы-соңғы юра мору қыртысының
жаралымдарымен сипатталады.
Мору қыртысының жаралымдары ортаңғы және жоғарғы таскөмірдің намюр
жыныстарының үстіне орналасып, турон жікқабаты түзілімдерімен жабылған.
Мору қыртысы қошқыл қызыл түсті саздардың дақтары және қабатшалары бар ашық
жасыл түсті каолин саздармен сипатталған. Мору қыртысының табанында
(негізінде) қызғылт түсті алевролиттің кесектері кездеседі. Мору қыртысы
таужыныстарының қалыңдығы 2,8 мм-ден аспайды.
К.В. Никифорованың (1960 ж) мәліметтері бойынша, Шу-Сарысу ойпатының
солтүстік шетінде мору қыртысы төменгі-ортаңғы юра түзілімдерде кездеседі.
Осыдан шығатыны, мору қыртысының жаралуы ортаңғы және соңғы юра уақытында
немесе төменгі бордың бірінші жартысында жаралуы мүмкін.

Бор жүйесі
Жоғарғы бөлім. Турон жікқабаты (K2 t)

Турон жікқабатының түзілімдері зерттелген ауданның барлық жерінде
дамыған.
Астында жатқан таскөмір түзілімдерімен жапсары анық байқалатын
бұрыштық және стратиграфиялық үйлесімсіз болып келеді. Ал үстінде жатқан
теңіздік палеоген түзілімдері Турон жікқабатының таужыныстарын терең
шайылымды трансгрессиялық жатады.
Турон түзілімдерінің құрамында ақ және ашық-қоңыр ұсақ түйірлі
диагональ қабатты құмдар басым болып келеді. Олар, өз кезегінде, нашар
цементтелген құмтастармен, гравелиттермен, конгломераттармен және
малтатастармен қабаттасады. Кейде қою сұр алевролит қабаттары және қоңыр
темірлі құмтастардың қабатшалары кездеседі. Қабаттың табанында, негізінен,
малтатастардың немесе нашар цементтелген конгломераттардың қабатшалары
кездеседі. Жалпы, турон жікқабатының түзілімдері литологиялық құрамының
үлкен қашықтықтарда салыстырмалы біртектілігімен ерекшелінеді.
Турон жікқабатының құмдары мен құмтастары үшкірлі немесе жұмырланған
кварцтың (25-55, кейде 90 %), дала шпатының (5-8-ден 30 % дейін), кварцты-
слюдалы тақтатастардың, кремнийлі таужыныстардың, қышқыл эффузивтердің,
мусковит пен хлорит пластинкаларының сынықтарынан тұрады. Қосалқы түрде
ильменит, гранат, эпидот, ставролит, марказит, гематит, монацит, циркон,
рутил, лейкоксен, сирек барит, турмалин, және хромшпинелидтер кездеседі.
Турон жікқабаты қимасының төменгі жағында бірлі-екілі корунд түйірлерінің
кездесуі тән. Құмтастардың цементі базалық, құрамы бойынша сазды, сирек
темірлі болып келеді.
Малтатастар, конгломераттар және гравелиттер жақсы жұмырланған сынықты
материалдардан тұрады. Сынықты материалдар кварцпен, сирек
микрокварциттермен, яшмалармен, кварцты порфирлермен, гранит-порфирлермен,
кремнийлі жыныстармен сипатталады. Кейбір жағдайларда фосфориттер
ұшырасады. Малтатастардың ірілігі 1-2 см-ден аспайды, кейде 3-4 см-ге
жетеді. Цементі құмтасты-сазды, сирек темірлі болып келеді.
Алевролиттер және құмтасты саздар жолақты-қабатты бітімді және
алевролитті немесе алевропелитті құрылымды болып келеді. Алевролиттердің
сынықты материалының құрамы құмдар мен құмтастардың құрамдарына ұқсас болып
келеді.
Саздар кварцтың, плагиаклаздың, рудалы минералдың және турмалиннің
үшкір сынықтары бар гидрослюдалы-хлоритті құрамды болып келеді.
Жоғарыда сипатталған түзілімдердің жасы № 63 ұңғымадан (тереңдігі 329
м) алынған керндегі бай талшық тозаң кешендерінің негізінде анықталған.
Бор жүйесі түзілімдерінің максимал қалыңдығы ауданның солтүстік-
батыстағы № 63 (тереңдігі 136,3 м) ұңғыма бойынша, ал минимал қалыңдығы №45
(тереңдігі 6,5 м) ұңғыма бойынша анықталған. Басқа ұңғымалар бойынша
қалыңдығы 39-ден 80 м-ге дейін өзгереді.

Сенон жікқабаттар бірлестігі K2sn

Сенон түзілімдері зерттелген ауданда ойыстардың біршама тереңдеген
бөлікшелерінде сақталған. Қапқансор ойысында сенонның түзілімдері № 63
ұңғымада 302,2 м тереңдікте кездестірілген. Осы ұңғымадағы керн
материалдарының мәліметтері бойынша, сонымен қатар, жалпы геологиялық
жағдайы бойынша сенонның таужыныстары турон жікқабатының түзілімдеріне
үйлесімді жатады және тереңде шайылып палеоцен төменгі-ортаңғы эоценнің
құмдары мен және құмтастарымен жабылған.
Сенон жікқабатшасы түзілімдерінің құрамына сұр, көбінесе орта түйірлі
қара-сұр, кейде тіпті қара слюдалы алевролиттердің қабаттасулары бар
кварцты құмдар және құмтастар кіреді. Құмдар мен құмтастардың сынықты
материалы әдетте нашар жұмырланған.
Екінші және оныншы қабаттағы алевролиттерде спорлы-тозаңды кешендер
кездескен. Олардың құрамы: талшықтар 31,7 %, ашық тұқымдылардың тозаңдары
42,6 %, жабық тұқымдылардың тозаңдары 25,7 %.

Кайнозой эратемасы
Аудан көлемінде кайнозой түзілімдері палеоген және төрттік кезеңдердің
барлық бөлімдерімен сипатталған. Неоген түзілімдерінен ортаңғы плиоценнің
жыныстары белгілі.

Палеоген жүйесі

Палеоген түзілімдері аудан төңірегінде теңіздік және континенттік
фациялармен сипатталады. Теңіз түзілімдері палеоценнен бастапқы олигоценді
қоса уақыт аралығын қамтиды, ал континеттік фация – ортаңғы және жоғарғы
олигоцен уақыт аралығын қамтиды.

Теңіз түзілімдері
Палеоцен-төменгі және ортаңғы эоцен (Р21- Р22)

Палеоцен-төменгі және ортаңғы эоценге жатқызылған құмдар мен
құмтастардың қабатшалары сипатталған аудан төңірегінде жаппай дамыған.
Палеоцен-төменгі және ортаңғы эоцен жыныстары турон-сенон
жікқабаттарының түзілімдеріне трансгрессиялық жатады және жоғарғы эоцен-
төменгі олигоценнің саздарымен үйлесімді жабылған. Осы түзілімдердің
қимасында таужыныстардың өздеріне тән литологиялық құрамды үш будалар
бөлінеді.
Төменгі буда өзара астаса орналасқан қара-сұр, жасыл-сұр және сарғылт-
сұр алевролиттердің және саздардың қабаттасуы бар жасыл-сұр, ақ және сарғыт-
сұр кварцты нашар цементтелген құмтастармен және құмдармен сипатталады.
Буданың жоғарғы бөлігінде әдетте шұбар (жасыл-сұр, сарғыт-сұр,
қызғылт, қызыл) түсті құмтастар және саздар кездеседі. Ал буданың төменгі
бөлігінде көп жағдайда конгломераттардың және малтатастардың қабаттары (0,5-
8 м аралығында) кездеседі. Буданың барлық түзілімдерінің қалыңдығы 56 м-ден
50-120 м аралығында өзгереді.
Ортаңғы буда көбінесе жасылдау реңді ұсақ түйірлі жақсы сұрыпталған
кварцты-слюдалы құмдардан, нашар цементтелген сирек жасыл шұбар түсті
саздардың қабаттасуы кездесетін құмтастар мен алевролиттерден тұрады. Буда
түзілімдерінің қалыңдығы біршама қалыпты және 22-30 м, кейде 47 м-ге
жетеді.
Жоғарғы буда ашық-сұр және жасыл-сұр құмдардың, құмтастардың және
саздардың қабаттасуы кездесетін шұбар түсті саздардан және алевролиттерден
құралады. Әдеттегідей, нағыз саздар көптеген сырғанау айналары бар әртүрлі
бағыттарға бағытталып қарқынды мыжылған. Жоғарғы буда түзілімдерінің
қалыңдығы 8 м-ден 45м-ге дейін өзгереді, яғни бұл жоғарғы және ортаңғы
эоценнің шекараларында шайылудың болғанын білдіруі мүмкін.
Жалпы, құмдардың және құмтастардың қабаты үшін, қалыңдықтардың
солтүстік-шығыстан (94 м) оңтүстік-батысқа қарай (150-202 м) өзгеруі
байқалады.
Қиманың төменгі бөлігінде № 61 ұңғыма (тереңдігі 373 м) бойынша
қара-сұр саздарда төменгі-ортаңғы эоценнің спорлы-тозаңды кешені кездескен.
Бұл кешенде жабық тұқымдылар тозаңы 70,5% және ашық тұқымдылар 25,9 %
құрайды.
Осы жоғарыда сипатталған мәліметтерді ескере отырып, құмтасты қабатты
жасы палеоцен-төменгі және ортаңғы эоцен деп есептеледі.

Жоғарғы эоцен-төменгі олигоцен (Р23-Р31)

Жоғарғы эоцен-төменгі олигоцен түзілімдері бүкіл аудан көлемінде 1-
ден 220 м тереңдіктерде көптеген ұңғымалармен ашылған. Олардың жер бетіне
шығуы кішкентай төмпешіктер түрінде Шапшыр бұлағы ауданында, Қапқансор
сортаңы және Тума шатқалы аудандарында кездеседі.
Жоғарғы эоцен-төменгі олигоцен таужыныстары жергілікті шайылумен
көрінбейтін бұрыштық үйлесімсіздікпен ортаңғы эоцен түзілімдерімен
қабаттасады және ортаңғы олигоценнің қызыл түсті саздарымен шайылып
көмкерілген. Барлық жерде бұл түзілімдер түрлі көк-жасыл, қара-сұр жоғары
бөлігінде сары-жасыл саздармен сипатталады. Бұл саздар сирек жұқа қабатты
және жапырақ тәрізді, гипстелген және пириттелген болып келеді. Кварцты
ұсақ түйірлі құмдардың және құмтастардың, бақалшақтастардың және құмтасты
әктастардың қабаттасулары кездеседі.
Жоғарғы эоцен-төменгі олигоценнің шекарасы қимада шұбар саздардың
будаларының пайда болуы бойынша жүргізіледі. Созақ ойысының біршама ойысқан
жерінде бұл шекара нақты емес, себебі саздардың шұбар түсі тек қана жеке
бір бөлікшелерде кішкентай дақ түрінде сақталады. Жоғарғы шекарасы сарғылт-
жасыл немесе жасыл саздардың кеуектену жарықшақтармен және қызыл немесе
кірпіш қызыл саздармен жапсарлары бойынша, сирек әр түрлі түйірлі кварцты-
кремнийлі құмдармен жапсары бойынша жүргізіледі. Әдетте, қиманың ең төменгі
бөлігі көбінесе құмтасты болып келеді. Созақ ойысының ауқымында қиманың дәл
осы бөлігінде барлық дерлік ұңғымалар бойынша көрініс беретін қоңыр
көмірлердің жұқа (5-10 см) қабатшалары кездеседі.
Жоғарғы эоцен-төменгі олигоценнің түзілімдерінің қалыңдықтары біршама
ауытқымалы болып келеді, солтүстік-шығысында 50-70 м-ден батысында және
оңтүстігінде 100-135 метрге дейін өзгереді.
Жоғарғы және төменгі эоценнің саздары бағытталған құрылымға ие болып
келеді. Бұл құрылым қиманың жоғарғы жағында гидрослюдалы монтмориллонитті
қатармен сипатталған, ал төменгі жағында монтмориллонитті гидрослюдалы
қатармен сипатталған сазды минералдардың талшықтарының бірдей бағытталуымен
байланысты. Жыныстардың жалпы массасының 83-100 пайызын сазды фракция, ал
0,8-17 пайызын алевритті фракция құрайды. Құмтастармен құмдар жұқа және
ұсақ түйірлі, сирек ірі тйірлі далашпатты кварцты болып келеді. Негізінен
кварцтың, микроклиннің, плагиоклаздың, цирконның, турмалиннің,
глаукониттің, кенді минералдардың бұрышты түйірлерінен және мусковиттің
жапырақтарынан тұрады. Алевролиттерде құмдар тәрізді сынықты материалдарға
ие болып келеді. Әктастар шомбал бітімді, ұсақ түйірлі құрылымды болып
келеді. Олар кварцтың, плагиоклаздың бұрышты сынықтары және кенді
минералдардың түйірлерінің қоспалары бар кальциттік микротүйірлі
агрегаттарынан тұрады. Сынықтардың өлшемдері 0,5 мм-ге дейін жетеді.
Барлық бөлінген стратиграфиялық кешендердің ішінде жоғарғы эоцен-
төменгі олигоцен түзілімдері фауналармен біршама толығырақ сипатталған.

Континенттік түзілімдер
Ортаңғы олигоцен, бетпақдала свитасы (Р22bt)

Ортаңғы олигоцен түзілімдері сипатталып жатқан ауданның барлық
жерінде дамыған. Олар ауданның солтүстік және оңтүстік бөліктерінде
Тоғыскен және Құтантас белдерінде, Найман және Шолақеспе тауларында жер
бетіне шығып көрініс береді. Ал ауданның басқа бөліктерінде олар төрттік
түзілімдердің аз қалыңдықты жамылғыларымен жабындалған және шурфтармен және
ұңғымалармен ашылады.
Бетпақдала свитасының таужыныстары жоғарғы эоцен-төменгі олигоценнің
саздарына шайылумен көмкеріледі. Шөгінді түзілудегі үзілістің болғанын
жоғарғы эоценнің-төменгі олигоценнің жоғарғы жағында қалыңдығы 2-4 м болып
келетін мору қыртысының жаралуы дәлелдейді. Мору қыртысы жасыл және қара-
жасыл саздардың түссізденуімен және оларда ортаңғы олигоценнің қызыл-
қоңырсаздарымен толтырылған терең (2 метрге дейін) құрғақтану
жарықшақтарының кездесуімен сипатталады.
Бетпақдала свитасының түзілімдері саздармен, құмдармен, құмтастармен,
алевролиттермен және алевропелиттермен сипатталады.
Генетикалық жағынан бұлар негізінен көлдік, пролювийлік және
аллювийлік түзілімдер. Қабаттың өзіне тән бір ерекшелігіне түзілімдердің
негізінен қызыл және қызыл-қоңыр түсті болып келуі, қиманың жоғарғы
бөліктерінде жыныстардың гипстелуі және марганецтенуі және кейбір
қабаттардың жиі сыналануы жатады. Ортаолигоцендік түзілімдердің қалыңдығы
тұрақты емес болып келеді. Қалыңдығы солтүстігінде 50-70 метрден
оңтүстігінде 200-210 метрге дейін өзгереді.
Түзілімдердің созылу бағыты бойынша литологиялық құрамы әр түрлі
болып келеді. Солтүстігінде және шығысында таужыныстардың сазды түрлері, ал
батыс және оңтүстік бөліктерінде құмтасты таужыныстар басым болып келеді.
Саздардың ағартылған түрлерінің солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан
батысқа қарай заңды түрде ұлғаюы байқалады.
Бетпақдала свитасының саздары қоңыр және қарқынды боялған кварцтың,
дала шпатының құм және алевролит түйірлерінен тұратын сазды массалардан
және слюданың қабыршақтарынан тұрады. Құрылымы псаммитопелитті,
алевропелитті немесе пелитті болып келеді. Сазды 0,1 мм фракцияларының
құрамы 42,0 ден 97 % және 100 %-ға дейін өзгереді.
Ортаңғы олигоцен құмдарымен құмтастары көбінесе ұсақ түйірлі, сирек
әркелкі түйірлі, негізінен кремнийлі жыныстардың, дала шпаттарының және
слюдалардың түйірлері кездесетін кварцты болып келеді.

Жоғарғы олигоцен, асқазансор свитасы (Р23 as)

Асқазансор свитасының түзілімдері сипатталып отырған ауданда
салыстырмалы түрде кеңінен дамыған. Олар Тоғыскен, Құтантас белдерін,
Кішіктас және Қыземшек шоқыларын, Тоғыскен белінен солтүстіктен оңтүстікке
қарай үстірт тәрізді көтерілімдерді құрайды. Буденовск құмдарында бұл
түзілімдер кішкентай жұрнақ тәрізді эолдық құмдар ішінде сағаланады,
сонымен қатар шурфтармен және ұңғымалармен ашылады.
Асқазансор свитасының таужыныстары ортаңғы олигоцен қызыл түсті
саздарына шайылумен жабындалып, стратиграфиялық үйлесімсіздікпен кеншағыр
свитасының саздарымен және төрттік жаралымдармен көмкерілген.
Жоғарғы олигоцен түзілімдері барлық жерде дерлік жасыл саздардың,
кварцты және гравелиттермен құмтастардың линзалары бар темірлі құмтастардың
қабатшалары кездесетін ашық сұр, жасыл сұр, сары кварцты, кварцты слюдалы
негізінен ұсақ түйірлі құмдармен сипатталады. Свитаның негізінде жиі
біршама дөрекі құмтасты материалы және кварцты кермнийлі құрамды гравиймен
малтатастардың материалдары кездеседі. Свитаның өзіне тән ерекшелігіне оның
ашық түсті және құмды құрамды болуы жатады.
Асқазансор свитасының құмды қимасы кебір жерлерде біршама
ауытқулармен ауданның барлық жерінде дамыған.
Құтантас шатқалында свитаның негізінде ірі және жақсы жұмырланған
тасмалталардан және тасдөңбектерден, сұр және қара сұр кварцты құмтастардан
тұратын конгломераттар және дөңбектастар кездеседі. Осы жерде қиманың
жоғарғы бөлігінде орта түйірлі тығыз кварцты құмтастар орналасады. Осы
кварцты құмтастарда К.В. Никифорова ірі жануардың сүйек қалдықтарын
анықтаған.
Буденовск құмдарында асқазансор свитасы Асқазансор сортаңына ұқсас
құрамға ие болып келеді, бірақ қалыңдығы біршама аз болады, 0-ден 20 метрге
дейін. Шығысында, оңтүстігінде және солтүстігінде бұл түзілімдердің
қалыңдығы бірте-бірте азаяды. Тоғыскен құдығы ауданында оның қалыңдығы 15-
20 м, шығыс шекарасында 2-3 м, солтүстігінде және оңтүстігінде 10-20метрден
аспайды.
Асқазансор свитасының құмдарымен құмтастарын петрографиялық және
минералогиялық талдау олар негізінен дала шпаттарымен кермнийлі жыныстардың
және мусковит жапырақтарының сынықтары кездесетін кварцты құрамды болып
келетінін көрсеткен.

Неоген жүйесі
Ортаңғы-жоғарғы плиоцен, кеншағыр свитасы (N22-3)

Кеншағыр свитасының түзілімдері сипатталып жатқан ауданда табиғи
ашылымдарда байқалмайды және Шу өзенінің сол жақ жағалауындағы аз
қалыңдықты аллювийлер астында азғантай тереңдікте ұңғымалармен ашылады.
Олар бетпақдала және асқазансор свитасының таужыныстарына шұғыл шайылумен
жатады. Бұл түзілімдер құрамында ақ, ашық-сұр, қоңыр және жасыл реңді
саздар, жиі гипстелген және карбонатталған, сирек әртүрлі түйірлі кварцты-
слюдалы құмдардың қабатшалары басым болып келеді. Кеншағыр свитасы
таужыныстарының қалыңдығы біркелкі емес және 1,2-10 м аралығында өзгеріп
отырады. Қалыңдықтарының осындай өзгермелі болуы, мүмкін, осы түзілімдердің
бастапқы-ортаңғы және соңғы төрттік кезеңде қарқынды шайылғанының айғағы
екенін көрсетеді.
Сипатталған жаралымдардың стратиграфиялық баламасы болып, Н.Н.
Костенко бөлген Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейінде бөлінген іле
свитасының (N22-3) жаралымдары жатады.

Төрттік жүйесі

Сипатталып жатқан ауданның 25 %-н төрттік дәуір жаралымдары алып
жатыр. Олар қазіргі өзен аңғарларын, құрғақ шалғындардың далаларын
толтырады және аз қалыңдықты жамылғы болып жазықтықты кеңістіктерді
көмкереді.
Ауданның төрттік шөгінділері әр түрлі генезисті континенттік
түзілімдердің кешенін құрайды. Олардың ең кеңінен таралғандары аллювийлік,
пролювийлік-делювийлік және эолдық түзілімдер болып табылады.
Төрттік дәуір таужыныстарында фауналық қалдықтарының мүлдем жоқ
болуына байланысты бұл түзілімдерді бөлшектеу негізінен олардың
стратиграфиялық және геоморфологиялық жағдайларына негізделеді, сонымен
қатар шекаралас аудандардағы дәл осындай шөгінділермен салыстыру арқылы
жүргізілген.

Төменгі төрттік түзілімдері (QI)

Төменгі төрттік түзілімдері ауданда аз таралған. Осы бөлімшенің
түзілімдері ортаңғы төрттік түзілімдеріне қарағанда біршама жоғарғы
геоморфологиялық бетті түзеді және ортаңғы төрттік түзілімдерден биіктігі 4-
6 метр болып келетін анық кертпештермен бөлінеді.
Өздерінің жаралу тегі бойынша бұл пролювийлік-делювийлік жаралымдар
болып келеді. Олар ортаңғы және жоғарғы олигоцен түзілімдерінің үстінде
орналасып, ашық-сұр құмдақтармен саздақтардан тұрады.
Төменгі төрттік түзілімдерінің табанында ашық-сұр ұсақ түйірлі және
жұқа түйірлі кварцты құмдар және құмтасты-тасмалталы қатты гипстенген
жыныстар жиі кездеседі.
Төменгі төрттік түзілімдерінің қалыңдығы 3-4 метрді құрайды.

Ортаңғы төрттік түзілімдері (QII)

Ортаңғы төрттік түзілімдер Найман-Шапшур бұлағы 163 м биіктік
сызығынан солтүстікке қарай созылып жатқан шамалы толқынды жазықтарды
құрайды. Сонымен қатар 140 м биіктіктен батысқа қарай ауданның оңтүстігінде
ұңғымалармен ашылады.
Бетпақдала ауқымында олар сұр, кейде қызыл-қоңыр карбонаттанған
саздақтардан тұратын пролювийлік-делювийлік шөгінділермен сипатталады, ал
табанында кварцтың және кремнийдің тасмалталары бар кварцты құмдармен
сипатталады.
Бұл түзілімдердің қалыңдығы 1-3 метрден аспайды (геологиялық картада
олар көрсетілмеген) және сирек 8 метрге дейін жетеді.
Мойынқұм құмдарында ортаңғы төрттік түзілімдері жасыл-сұр және қара-
сұр ұсақ түйірлі сазды құмдармен және алевролиттермен сипатталатын
аллювийлік-көлдік фациялармен ерекшеленеді.
Осы бөлікшеде белгіленген аллювийлік-көлдік түзілімдердің максимал
қалыңдығы 13,3 метрді құрайды.

Жоғарғы төрттік түзілімдері (QIII)

Жоғарғы төрттік түзілімдері Шу өзененің алғашқы салынған
жайылмаүстілік террасалардың кешенін құрайды, сонымен қатар Асқазансор
топырақты ауданында және Тоғыскен белінен оңтүстікке қарай эрозиялық
ойпаңдарды толтырады. Олар ортаңғы және жоғарғы олигоценнің, ортаңғы және
жоғарғы плиоценнің жыныстарына шайылумен орналасады.
Шу өзенінің I жайылмаүстілік террасасын құрайтын аллювийлік түзілімдер
сарылау-сұр және қоңырқай-сұр реңді орта және ірі түйірлі қиғаш қабатты
кварцты құмдармен сипатталады. Әдеттегідей, жайылмадан I жайылмаүстілік
террасаға өтуі бірте-бірте болып келеді, сирек биіктігі 2-2,5 метр болатын
кертпештермен болып келеді.
Литологиялық жағынан ауысуы біршама шұғыл болып келеді. Әдетте
жайылмамен I жайылмаүстілік террасасының шекарасында ені 5-15 метр
құмдақтардың жолағы кездеседі.
Ауданның оңтүстік-батыс бөлігінде I жайылмаүстілік террасаларды
аллювийлік түзілімдері қазіргі дәуірде эолдық өңделуге ұшыраған және қазір
оң жақ жағалауда төмпешікті-қырқалы құмдарды құрайды.
Жоғарғы төрттіктің аллювийлік құмдары және ортаңғы және жоғарғы
олигоценнің аллювийлік және көлдік-аллювийлік құмдары арасында
минералогиялық өзгешелік байқалады.
Жоғарғы төрттік аллювийлердің қалыңдығы 22 метрге дейін жетеді.
Асқазансор топырақты ауданында және Тоғыскен белінен оңтүстікке қарай
эрозиялық ойпаңдарды толтыратын жоғарғы төрттік пролювийлік-делювийлік
түзілімдері сарылу-сұр құмдақтармен, құмдармен, сирек сұр және ашық-сұр
ұйықталған саздақтармен сипатталады.
Бұл шөгінділердің қалыңдығы ойпаңдардың бүйірлік бөліктерінде 3-4
метрге жетеді, орталықтарына қарай 12 метрге дейін өседі.
Пролювийлік-делювийлік жаралымдардың табанында жасыл және жасыл-сары
құмдақтардың және қатты гипстелген саздардың қабатшалары пайда болады. Бұл
жағдай олардың көлдік шөгінділер екенін дәлелдейді.
Сипатталған түзілімдер кешенінде органикалық қалдықтар кездеспейді.

Қазіргі түзілімдер (QIV)

Қазіргі заманның түзілімдері сипатталып жатқан ауданның негізінен Шу
өзені алқабы көлемінде орналасқан, аз дәрежеде олар Бетпаөдалада дамыған.
Олардың ішінде әр түрлі генезисті шөгінділер бөлінеді: аллювийлік, көлдік-
аллювийлік, көлдік, сортопырақты-тақырлы және эолдық.
Шу өзенінің жайылмасының құраушы қазіргі көлдік-аллювиальді түзілімдер
күл-сұр, қара-сұр, ұса және орта түйірлі құмдармен, құмдақтармен және
ұйықтармен, кейде өлшемі 1,5 м дейін кварцтың, кермнийдің және әктастардың
тасмалталары кездеседі.
Көлдік-аллювийлік түзілімдер, әдеттегідей, кештөрттік аллювиймен
төселеді, сирек ортаңғы және жоғарғы олигоцен саздарымен және құмдарымен
төселеді.
Көлдік-аллювийлік шөгінділердің максимал қалыңдығы 6 м, әдетте 1-3
метрден аспайды.
Шу өзенінің арналық аллювийі сары, сұр, қара-сұр кварцты-кремнийлі
құрамды ірі және орта түйірлі құмдармен сипатталған. Қалыңдығы 2-2,5 м
аспайды.
Қазіргі құрғақ сайлардың аллювийлік түзілімдері литологиялық құрамы
бойынша арналық аллювийлерден айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Құмдардың ірі
түйірлі құрамы және оларда кварцты-кремнийлі құрамды гравийдің кездесуі
көңіл бөлдіреді.
Тақырлы түзілімдер біршама кеңінен тараған болып келеді. Олар
жайпақдонды тұйықталған шұңқырларды толтырады, олардың табаны отаңғы
олигоценнің саздарынан тұрады. Әдеттегідей, тақырлар қабатты құрылымды
болып келеді. Жоғарғы жағында сарылау-сұр немесе қызылқай-қоңыр
саздақтардың, сирек құмдақтардың жұқа қабаты орналасады, төменгі жағында
қоңыр, қызылқай-қоңыр құмтасты саздар немесе құмдақтар орналасады.
Сортопырақты түзілімдер тұйықталған төмендеулерге шоғырланған және
жербі немесе грунтты сулардан тұздардың түсуімен байланысты болып келеді.
Осы түзілімдердің жақсы мысалына 40 км ауданды қамтитын Асқазансор
сортопырағы жатады.
Сортопырақ ашық-қоңыр, сұр, жасыл-сұр ұықтардың және қоңыр темірленген
құмдардың қабатшалары және линзалары кездесетін гипстелген саздардан
тұрады. Жер бетінен сортопырақтың перифериялық бөліктерінде саздар ақ-сұр
тұздардың жұқа қабаттарымен жабылған. Сортопырақтың батыс жартысында оның
беткі жағында қалыңдығы 0,3 м аспайтын су қабаты байқалады. Осы
түзілімдердің толық ашылмаған қалыңдығы 5,2 м құрайды.
Эолды жаралымдар ауданда біршама кеңінен таралған. Ауданның оңтүстік-
батыс бөлігінде олар Мойынқұм құмдарының батыс жағының төбелі-қырқалы
құмдарын, ал ауданның шығыс және солтүстік-шығыс жартыларында жеке қырқалар
құрайды. Жиі беттері солтүстік-шығыс бағытты ұсақ төбелі немесе ұяшықты
пішінді болып келеді.
Мойынқұм құмдарының жаралуы Шу өзенінің аллювийлік өзендік
террасаларының қайта електеуімен, сонымен қатар Мойынқұм құмдарында және
оларға жақын орналасқан белдер көлемінде кеңінен дамыған жоғарғы
олигоцендік құмдардың көпіруімен байланысты. Осы түзілімдердің көпіруімен
Бетпақдаланың бортық бөліктеріндегі көптеген жеке эолды құмдардың
қырқаларының жаралуы байланысты болып келеді. Эолдық түзілімдердің
қалыңдығы 20 метрге жетеді.
Көл түзілімдері Қапқансор сортопырағының батыс бөлігінде дараланады.
Олар қоңырқай-сұр, жасылдау-сұр, қара-сұр ұйықталған құмдақтармен,
саздақтармен және құмдармен сипатталады. Бұл түзілімдердің ашылған
қалыңдығы 2,5 м болып келеді.
Қазіргі пролювийлік және элювийлік-делювийлік түзілімдер ауданда
шамалы ғана дамыған және негізінен түпкілікті таужыныстардың көрініс берген
жерлеріне шоғырланып, ол жерлерде беткейлерінде, жыра-сайларда аз
қалыңдықты құмдақтардың және саздақтардың немесе тасмалталар
шашырандыларының жиналуларын құрайды.

2.2 Тектоникасы

Ауданның қазіргі тектоникасын сипаттайтын қатпарлы құрылымдар және
жарылымды бұзылыстар кешені тектогенездің герциндік және альпілік
замандарда болған қозғалыстар нәтижесінде пайда болған. Деформацияға
біршама ұзақ аралықтағы уақыттармен бөлінген шөгінді түзілудің бірнеше
циклдері нәтижесінде жаралған таужыныстар ұшыраған.
Құрылымдық-фациялық жағынан сипатталып жатқан аймақ Шу-Сарысу
ойпаңының солтүстік-батыс бөлігіне тиесілі болып келеді.
Ауданның солтүстік-шығыс бөлігі (2-сурет) көтерілу облысы (Бұғыджы-
Тамғалы көтерілімі), ал оңтүстік және батыс – бөлігі төмендеу облысы (Созақ
және Қоқпансор ойыстары) болып келеді.

2-сурет. Сипатталған ауданның тектоникалық сұлбасы (А.Е. Никитин
бойынша): 1 — палеозой түзілімдері бетінің изогипстері; 2 — палеоцен —
төменгі және ортаңғы эоцен құмтасты горизонтының изогипстері; 3 —мезозой-
кайнозойлық құрылымдық ярустың құрылымдары : а) антиклиндер, б) синклиндер,
в) күмбез тәрізділер; 4 — тереңдікті интрузиялар мүмкін жаралған
бөлікшелері; 5 — тектоникалық бұзылыстар: а) алпілік тектогенезде
жаңартылған, геофизикалық, бұрғылау және карталау жұмыстары арқылы
анықталған, б) каледондық және герциндік уақытқа жатқызылған, гравиметрлік
жұмыстар арқылы анықтадған; 6 — мезо-кайнозойлық жамылғы астындағы визе
ярусы жыныстарының даму алаңдары; 7 — мезозой-кайнозойлық жамылғы астындағы
ортаңғы және жоғарғы таскөмір намюр жыныстарының даму алаңдары; 8 —
сейсмикалық профильдер

Жер қойнауының және аудан бетінің құрылысын анықтайтын құрылымдық-
тектоникалық элементтер үш құрылымдық жікқабат ауқымында орналасады.
Бірінші ортаңғы-жоғарғы палеозой құрылымдық жікқабаты фаменнен бастап
жоғарғы карбонды қоса түзілімдерді біріктіреді, яғни оның жаралуы герциндік
тектогенездің көрініс берген уақытына сай келеді. Зерттеліп жатқан аймақта
бұл жікқабаттың тек қана жоғарғы бөлігі (намюр-ортаңғы және жоғарғы
таскөмір) белгілі болып келеді.
Бұғыджы-Тамғалы көтерілімі ауқымында герциндік жікқабаттың
таужыныстары 280 метрден 340 метрге дейінгі тереңдікте орналасқан (28, 35,
55 ұңғымалар), Созақ ойысының жақтау бөліктерінде 372-380 м тереңдіктерде
(40, 64 ұңғымалар) және Қапқансор ойысында 450 м тереңдікте (63 ұңғыма)
орналасқан. Бұл мәліметтер палеозой іргетасының солтүстіктен Созақ және
Қапқансор ойыстарына қарай жалпы заңдылықпен батуын анықтайды.
Геофизикалық жұмыстардың және геологиялық зерттеулердің мәліметтері
бойынша герциндік ярустың құрылымдық-тектоникалық элементтері ұқсас
шекаралас аудандарда солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс қарай созылған
жарылысты бұзылыстар арқылы блоктарға бөлінген әр түрлі өлшемді және
пішінді жайпақ брахиқатпарлар болып келеді.
Ортаңғы-жоғарғы палеозойлық құрылымдық ярустың платформалық
жамылғысының негізінде төменгі және ортаңғы девонның дислокацияланған
вулканогендік шөгінділері орналасқан. Олардың жаралуы каледондық
қатпарлықтың аяқталуымен және ертегерциндік қатпарлықтың басталуымен
байланысты.
Каледондық іргетастың жабыны ауданның оңтүстік-шығыс бұрышы бойынша
өтетін және Vр 5500—6500 мсек жылдамдықты шекараларда интерпретацияланған
Созақ-Көкшетау Бас сейсмикалық профилінің мәліметтері бойынша оңтүстік
бөлігінде 1500 м тереңдікте, солтүстік-шығыс бөлігінде 300-400 м
тереңдіктерде орналасады. Бірақта осы шекараның иілген флексурасында
бұрғыланған 45 ұңғыма жортаңғы және жоғарғы таскөмір түзілімдерін тағы да
солтүстік-шығысқа қарай ашқан, осы профиль бойынша сипатталып жатқан
ауданнан тысқары жерде 67 ұңғыма төменгі карбонның әктастарына енген. Яғни,
Vр 5500—6500 мсек жылдамдығының шекарасы төменгі таскөмірдің карбонатты
қабатының жабынына сай болып келеді, ал каледондық іргетастың жыныстары
одан да терең тереңдітерде орналасқан.
Екінші мезозой-кайнозойлық (алпілік) құрылымдық ярус туроннан жоғарғы
олигоценге дейінгі мезозой және кайнозой түзілімдерін біріктіреді. Бұл
ярустың таужыныстары шұғыл бұрыштық үйлесімсіздікпен палеозой
түзілімдерінің шайылған бетіне жамылған.
Екінші құрылымдық ярусты құрайтын шөгінді түзілудің үзіліссіздігі
ортаңғы және жоғарғы олигоценнің, төменгі және ортаңғы олигоценнің,
отраңғы және жоғарғы плиоценнің шекарасындасоңғы борда болған азғантай
жалпы көтерілімдер есебінен бұзылған.
Фациялық және құрылымдық әркелкілігі екінші құрылымдық яруста үш
подъярустарды бөлуге мүмкіндік береді: төменгі, жоғарғы бордың континенттік
шөгінділерінің кешенін біріктіреді; ортаңғы, теңіздік палоегеннің
түзілімдерін құрайды және жоғарғы, палеогеннің континенттік жаралымдарымен
сипатталған.
Төменгі құрылымдық подъярустағы таужыныстардың орналасуы туралы
тіректі горизонттардың және палеогендік трангерссияның алдында болған
тереңдікті шайылудыңжоқтығынан қандай да бір ой айту қиындық туғызады. Олар
мүмкін, жайпақ брахиқатпарларды құрайды немесе бұрыштары аспайтын оңтүстік-
батысқа қарай моноклинді құлаған болып келеді.
Ортаңғы подъярустың түзілімдеріне өте жайпақ, бұрышы 10-30º шейінгі
көлбеулікке жақын орналасу тән. Созақ және Қапқансор ойыстарының борттық
бөліктерінде қабаттардың еңістенуі 1-2° ұлғаяды. Созақ ойысының әлпілік
жарылысты бұзылыстар дамыған борттық бөлігінде қабаттардың жалпы моноклинді
фонына қарағанда кішкентай күмбез тәрізді көтерілімдер және антиклиндер
дараланады.
Олардың жаралуы лықсыма емес жарқышақты болып келетін тектоникалық
жарылымдар белдемінде артезианды суларда қабатаралық қысымдардың ұлғаюынан
мүмкін. Осы типті құрылымның мысалына ендікті бағытта біршама созылған овал
тәріздес пішінді Шапшур күмбез тәрізді антиклиналь айтуға болады. Қатпар
өсі бойынша ұзынды 2 км, ал ені 1 км болып келеді. Солтүстік және оңтүстік
қанаттарының еңістенуі 2° 30'. Құрылымның өсі шығысқа және батысқа
(1—1°30') жайпақ батады.
Жоғарғы құрылымдық жікқабат бөлімшесі жыныстарына қабаттардың құлау
бұрыштары 10-нан 20º-қа дейінгі жайпақ, көлбеулікке жақын орналасуы тән.
Бұғыджы-Тамғалы көтерілімі және Қапқансор ойсы ауқымында қабаттардың
моноклинді орналасуы тым жайпақ вал тәрізді қатпарлармен Тоғыскент
антиклиналімен және Шолақеспе сниклиналімен күрделенген. Тоғыскент
антиклиналі субендікті бағытта созылған тар жайпақ қатпарды құрайды.
Ұзындығы өсі бойынша 30 км, ені 2-7 км. Қанаттарының еңістену бұрышы 20-300
асады. Өлшемдері бойынша біршама кішкентай Шолақеспе синклиналіде осындай
құрылысқа ие болып келеді.
Үшінші құрылымдық жікқабат плиоценнен қазіргі жаралымдардың
континенттік түзілімдерін біріктіреді. Тауыныстар көлбеу орналасқан.
Белгілері 157 және 163 болып келетін шоқылар ауданында және де осы
түзілімдерде жаңа тектоникалық қосғалыстар есебінен пайда болған азғантай
көтерілулер байқалады.
Зерттеліп жатқан ауданда жарылымды бұзылыстар негізінен геофизикалық
жұмыстардың кешені бойынша және бұрғылау материалдарын құрылымдық талдаудың
мәліметтері бойынша бөлінеді.
Солтүстік-батыс бағыттағы жарылымдар басым болып келеді, сирек
солтүстік–шығыс бағыттағы жарылымдар байқалады.
Ұзақ дамыған Солтүстік-батыс бағыттағы жарылымдар каледондық уақытта
пайда болған, ал солтүстік-шығыс бағыттағы жарылымдар герциндік уақытта
пайда болған. Тектоникалық жарылымдардың көп бөлігі өздерінің дамуын
герциндік уақытта тоқтатқан, ал кейбіреулері тектогенездің әлпілік
дәуірінде жаңартылған.
Ең үлкен жарылысты бұзылысқа барлық аудан бойынша оңтүстік-шығыстан
солтүстік-батысқа қарай өтетін және Созақ және Қапқансор ойыстарын
солтүстік-шығыс жағынан қоршайтын лықсыма жатады. Электрлік зондылау
мәліметтері бойынша жыртылу жігі жазықтығы оңтүстік-шығысқа шұғыл құлайды.
Палеогендегі флексура бойынша өлшенген лықсыманың амплитудасы ауданның
солтүстік-батыс және соңтүстік-шығыс бұрыштарында ондаған метрден 120-140 м-
ге дейін өзгереді. Алпілік дәуірде осы жарылым бойынша оңтүстік-батыс
блоктың бірте-бірте төмендеуі болған, себебі барлық жерде жоғарғы бордан
бастап ортаңғы олигоценге дейін осы блок ауқымында қалыңдықтардың біртіндеп
заңдылықты ұлғаюы байқалады. Әсіресе қалыңдықтары ортаңғы олигоценде шұғыл
өзгергені байқалады.
Солтүстік-шығыс бағыттағы жарылымды дислокациялар біршама аз
зерттелген. Осы жарылымдардың ішінде бұлақтар сериясы бойынша сағаланатын
жоғарғы эоцен–төменгі олигоцен түзілімдерінен шығатын Тұма шатқалындағы
жарылымы дараланады. Жарылым, жарықшақты типті болып келеді және дәлдікті
ірі масштабты қималарды тұрғызғанда жоғарғы эоцен – төменгі олигоцен
түзілімдерінің антиклинді көмпиюуі бойынша байқалады (2 суретте).
Аудан ауқымында жаңа тектоникалық қозғалыстар біршама әлсіз дамыған.
Осындай жарылымдардың мысалына бас диагональ жарылымның батысқа қарай
тарамданған жарылымын келтіруге болады. Бұл жерде, Кішіктой шоқысы
(биіктігі163 м) ауданында Шу өзені жайылмасының шұғыл азаюуы, сонымен қатар
интенсивті тереңдікті эрозия байқалады. Морфометриялық тұрғызулар оңтүстік
блоктың көтерілгендігін көрсетеді.

2.3 Гидрогеологиялық сипаттама

Буденов Созақ артезиан хауызының оңтүстік-батыс бөлігінде, үшінші
ретті Шу-Сарысу артезиан хауызында орналасқан. Созақ артезиан хауызының тік
қимасында 2 гидрогеологиялық қабат бөлінеді:
-жоғарғы-мезозой-кайнозойлық топырақ және қысым суларының қабатын
сыйдырады;

-төменгі палеозойлық біліммен қосылған аралық қабат және қатпарлы
фундаменттен құралған,сызат-қабатынан, сызатты, және сызат-карстық сулар.

Жоғарғы гидрогеологиялық қабатта, өз кезегінде, екі су жүру кешені
бөлінеді, өз арасында аймақтық жоғары сутірегімен- тасаран- чегандық
көкжиекпен бөлінеді. Біріншге, топырақ-су кешені төрттік-неоген бөлініп
шығуы жатады, екіншіге, қысым және палеоцен –эоцендік артезиан су кешендері
және кеш борланған түзулерт жатады.

Төрттік- неоген топырақ суларының кешені. Бұл кешеннің бөлініп шығуы
споралық немесе жаппай таралады. Жер асты суларының терең жер асты
суларының өте шұбарланған құрамымен сипатталады және кең диапазонда ортақ
минералданады-тұщы гидрокарбонатты кальцийден немесе оңтүстік шығыста
натриден жоғары концентратталған сульфит-хлорлы тұздықтардан хлор-натрилі
құрамдардан ағынсыз көл шұңқырлары және сорлар бөлініп шығады.Жаппай тарату
шығу орындары су алып жүру көкжиегінен тұрады, олардан асқазансор және
бетпақдала нүкерлері бөлініп шығады.

Жоғарғы алып борлы емес кешендегі су алып жүру көкжиегі шығарылу
орындарында жаппай таралған. Бұл кешеннің бөлініп шығуы платформа режимінің
жағдайында қалыптасты. Жалпақ ,інқұдық және мыңқұдық су алып жүру
көкжиектері бөлінген, осылар және ұзақ тұрған саздар біртекті су алып жүру
кешенін қалыптастырады. Барлық көкжиектер жақсы фильтрлік қасиеттерімен
және су көлемінің молдығымен сипатталады. Кенсыйымдылық фильтрация
коэффициентінің бөлініп шығуы гидрогеологиялық ауытқығанда 2,9 ( 7,2
мтәул мөлшерінде болады. Ортақ қуаттылық кешені 220 ( 245м.

Жерасты суының пьезометриялық беті оңтүстік-оңтүстік-шығыстан,
солтүстік-солтүстік-батысқа қарай бағытталған. Оңтүстік фланг шығару
–орнында ол +43м биіктікте орналасады, Инкайда -1,5м.

Жерасты суларының кешенінде минералдану өшу жағдайы қоректену аймағына
және тиеуге байланысты, нәтижесінде қайтадан бөлініп шығады, сонымен қатар
осьтік бөліктегі инфильтрация өседі. Осылай терең емес мекен орындары және
жоғары борлы емес бөлініп шығулардың бетке шығуы (мыңқұдық көкжиегі) тау
бөктерлерінде Қаратау жотасында жер асты сулары 0,5 ( 1,5 гл минералдан
тұрады, ось ағыны бойынша оңтүстік минерал 1,8 гл –ден тұрады (орталық
бөлігі Буденов) және 3,5 ( 3,6 гл солтүстікте (Инкай), зонадан активті су
айырбасын өшіргенде ол 5,5 гл дейін ұлғаяды. Бұл көкжиектердің дебиті 5
лсек мөлшерінде өзгереді, яғни қалыпты жағдай мөлшерінен 19 метрден 15,7
лсек-қа дейін, 216 м төмендеуімен. Инқұдықтағы уранды жер асты суларының
бөлініп шығуы клесідей сипатталады: оттегінің жаппай жетіспеуі, яғни оттегі-
қалыптастыру мөлшері өте аз, сонымен қатар күкіртті сутегі бар және рн
мәні берілген, ол жақын нейтралдылықты және әлсіз су қышқылы реакциясын
анықтайды.

Судағы Уран концентрациясы 2,5*10-4 гл , радий -8,2*10-10 гл.

Жер асты суларындағы элемент қатарларының ішінде кен шығарылым-қорының
жоғары концентрациясын( гл) :Mo -1,0*10-5; Zn -1,4*10-4; Re –(1,82,0)*10-
7 дейн.

Буденов Созақ артезиан хауызының төменгі қанатында орналасқан, оның
жапсарында гидрогеологиялық массивтелген Қаратау жотасының көтерілген
бөлігі бар. Мұндай жағдай қарастырылып отырған территориясында көрсетіледі,
аймақтық жоспар факторы сияқты, жергілікті локалдық жүйеде қарастырылады,

Ортақ гидрогеологиялық су алып жүру көкжиектеріндегі палеоцондық және
жоғарғы борлы емес бөлініп шығу Буденов кен орны, оңтүстік-шығыста жер асты
суларының аймақтарда оттекті көбейтуімен анықталады. Сол арқылы Созақ
артезиан хауызындағы гидродинамикалық және гидрохимиялық жағдайды реттейді
және локалдық жергілікті ағынның Қаратау жотасындағы оттексіз суларға
әсерін тигізеді, бұл оның солтүстік-батысына әсерін тигізеді.

3 ҰГЗ нәтижелерін интерпретациялау

3.1 Рудаларды эмандау

Рудаларды эмандау керндік сынамалар бойынша жүреді. Эмандалу
коэффициентінің орташа мәні 31 топтық сынама бойынша 24,7%, орташа
квадраттық ауытқуы – 16,3% және вариация коэфициенті 66%. Мәндердің
әртүрлілігі – 3,2-ден 45,6%-ға дейін.

Құрғақ ауа сынамасында анықталған эмандалу коэфициенті (ауада
эмандалу) табиғи түзілу жағдайындағы (қабаттағы суда эмандалу) эмандалу
коэфициентінен айырмашылығы бар. Сонымен қатар, табиғи шөгу жағдайы үшін
анықталған эмандалу коэфициенті тәжірибелік қызығушылық туғызады, себебі
осы арқылы радонды сығу эффектісі анықталады. Эмандалынатын рудалар
құрамы туралы мәліметтер, кенорындағы рудалардың эмандалуға қабілеттілігі
туралы қорытындыға келеді.

3.2 Уран мен радий арасындағы радиоактивтілік тепе-теңдік

Уран рудаларындағы уран мен радий арасындағы радиоактивтілік тепе-
теңдік радиоактивтілік тепе-теңдік коэфициенті Крр арқылы анықталады және
келесі формуламен есептеледі:

Крр = qRAq и,
(2)

Мұндағы, qRA және qи – радидің массалық үлесі уранның бірлігіне тең
(1г U = 3,4x10"' гRа). Егер, ол 1,0-тең болғанда тепе-тең рудалар деп
атаймыз. Ал, 1,0-ден аз немесе көп болса, онда радиоактивтілік тепе-теңдік
уран не радиге қарай жылжиды.
Буденовск кенорнындағы Крр –ның таралуының негізгі ерекшеліктері мен
заңдылықтары секциялық сынаманың 8000-нан көп сараптамасы нәтижелері
бойынша зерттелген, оның 7000-нан көп сынамасы өткізгіш тау жыныстары
арқылы алынған.
Орташа Крр мәндері рудалық интервалдар бойынша есептеулер мен
сараптамаларда 176 барлау профилінде бұрғыланған 446 ұңғымадан алынды. 581
ұңғымадан алынған керннің 70% –рудалы интервалдан тұрады. Жоғарыда
айтылғандардың барлығын ескере келе кен орнының Крр мәнінің ерекшеліктері
мен заңдылықтары нақты деректер бойынша есептелген. Рудалық дененің
қаттылығы мен геохимиялық жағдайына байланысты секция ұзындығы сынамалау
барысында 0,1-ден 1,0 метрге дейін өзгереді. Сынамалардың көбі 0,3-0,4 м.
секция ұзындығымен таңдалып алынған. Радиоактивтілік тепе-теңдікті сараптау
үшін жақсы сақталған сынамалар қолданылады. Керн сапасы визуалды және
радиометриялық өлшеу нәтижелерін гамма-каротаж графиктерімен салыстыру
бойынша бағаланады.
Сынамадағы уран концентрациясы ренгенді-спектр, ал радий кешенді
радиометрлік әдіспен анықталады.
Уран мен радий сынамаларының сараптамалары кенорындағы радиоактивтілік
тепе-теңдіктің бұзылғандығын және секционды сынама бойынша 0,25-2,0 және
оданда жоғары мөлшерге ауытқығанын анықтады. Сонымен қатар, Буденовск
кенорны пландағы және қимадағы таралу сипаты бойынша қышқыл қабатты аймақ
нысаны болып саналады және Шу-Сарысу уранды-рудалы провинцияның басқа
кенорындарымен ұқсас болып келеді. Жәнеде өзінің жекелеген ерекшеліктері
бар.
Буденовск кенорнында олар көбінесе барлық қабаттық-инфильтрациялық
уран кенорындарына сай себептермен келесі түрде кездеседі:
- барлық рудалық интервал бойынша орташа мәнімен радиоактивтілік тепе-
теңдіктің уранға қарай ауытқуы, жекелеген түзілімдерде 0,88-ге жуық,
морфологиялық элементтің рудалық түзілімдерінде 0,77-ден 0,98-ге дейін;
- әртүрлі литологиялық жыныстар үшін Крр орташа мәніндегі
айырмашылықтың болмауы;
- рудалық интервал бойынша орташа Крр мәні мен уран және радийдегі
концентрация арасындағы нақты және анық корреляциялық байланыстың жоқтығы;

- Крр мәнінің рудалық дене қалыңдығына тәуелділігінің анық байқалуы;
- техногенді сипатқа ие радий мен радонның арасындағы радиобелсенді
теңдіктің өзгеруі, ауысуы.
Осыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ УРАН КЕНОРЫНДАРЫ
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Кен орнының геологиясы
Іңкәй уран кенорны
Жерасты ерітінділеу ( ЖЕА )»
Маңғыстау облысының экономикалық потенциалы
Қазба байлықтарының жіктелуі және оларға экономикалық баға беру
Солтүстік Харасан кен орнын геологиялық зерттеу
Маңғыстау облысының халқы
Химиялық қасиеті
Пәндер