Студентер тобындағы қарым-қатынастың тұлғалық-эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

4

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ


1.1 Психология ғылымындағы эмоцияның теориялық мәселелері ... ... ... ...
14

1.2 Тұлғаның эмоционалдық сферасының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .

32

1.3 Тұлғаның эмоционалдық және танымдық сферасының
өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


46

ІІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1 Эксперименттік зерттеу мақсаты, міндеттері, болжамы ... ... ... ... ... ... .

47

2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен барысы ... ... ... ... ... ... ... ... .

51

2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңделуі мен сапалық талдауы ... ... ... ..

56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

58

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

60
Адамның психикасы біртұтас, күрделі құрылым. Осыған байланысты адамның күнделікті өмір сүруінің өзі көптеген психикалық процесстердің өтуімен байланысты болады. Осы процесстердің сәтті өтуіне жауап беретін бір процесс дұрыс жүрмей қалатын болса, немесе адам туылғанынан бастап оның бір кемістігі болатын болса ол тұлғаның аномалиясына әкеліп соғады. Адам күнделікті өзінің есін, зейінін, түйсігін, қабылдауын, ойлауын, эмоцияларын, интеллектісін, т.б. операцияларын қолданады. Және егер осылардың біреуі болса да дұрыс жұмыс жасамаса бұл үлкен бұзылыстарға алып келеді. Бүгінгі біздің қарастыратын мәселе эмоциялармен байланысты. Эмоциялар адам өмірінде үлкен роль атқарады. Олардың анықтамасы сөздіктерде әр түрлі беріледі.
Эмоция- (латынша emovіo-қобалжытамын, толғандырамын дегенді білдіреді) адамның қайғыруы кезіндегі психикалық бейнелену. Эволюция нәтижесінде тірі жандардың өз организмдерінің жағдайын және сыртқы факторлардың биологиялық мәнділігін анықтауға арналған құрал ретінде дамыды. Эмоцияларды неғұрлым жақсы түсіну үшін түгелдей эмоциясы жоқ адам мен эмоциялық адамды салыстырса түсінікті болады. Жиі адамдар эмоциялардың адамның дамуындағы ролін дұрыс түсінбейді. Бірақ, қазіргі кездегі көптеген зерттеулердің нәтижелері эмоцияларды неғұрлым толық көрсетуде. Эмоциялар әлі де толық зерттелмеген психологияның саласы. Оның әлі де көптеген ашылмаған жақтары көп және көптеген сұрақтар бойынша қарама қарсылықтар кездеседі.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда эмоциялар неғұрлым жақсы зерттелген психологияның саласы болып табылады. Советтік ғылым кезінде эмоция өте аз зерттелген сала болған. Перифериялық теорияға сәйкес эмоциялардың негізінде бұлшықет тонусы, қан сосудтарының ұлғаюы, жүрек соғысының жиіленуі сияқты физиологиялық процесстер жататын болса онда Мэйердің айтуынша « Түстің өзі де эмоцияң деген. Ол кездермен қазіргі кезеңді салыстыратын болсақ эмоция әр түрлі қырдан зерттелуде. Оны тек психологтар ғана зерттеп қоймай сонымен қатар медицина, психиатрия, менеджмент, сату саласында жұмыс жасайтын адамдар зерттеуде. Себебі, эмоциялардың көптеген психикалық процесстерге әсері анықталып отыр. Әрине ол білімдер болса да әлі де белгілі бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан да адамдар ол білімдерді әлі толықтай қолдана алмайды.
1. Выготский Л.С Эмоции и их развитие в детском возрасте. М. 1982 Т.Г. (416-436 беттер).
2. Василюк ФМ. Психология переживания. – М., 1984. – Б. 8-87.
3. Вартанян Г.А., Петров Е.С. Эмоции и поведение. Л. 1987 (7-19 беттер).
4. Немов Р.В. Психология. Книга 1 М. 2003. Б. 335-457.
5. Маклаков А.К. Общая психология: Учебник для вузов. – Питер 2004. – Б. 392-454.
6. Гаврилова Т.П. О восприятии нравственных чувств М. 1984 (10-22 беттер).
7. Додонов Б.И. Эмоция как ценность. – М., 1978. – Б. 23-57, 104-126.
8. Изард К.Е. Эмоции человека. – М., 1980.- Б. 210-397.
9. Платонов К.К. Система психологии и теория отражения. – М., 1982. – Б. 92-97.
10. Шакуров Р.Х. Психология эмоции: новый подход. // Мир психологии, 2002, N 4, с.30-44.
11. Чуприкова Н.И. Эмоциональные сигналы, определяющие выбор жизненного пути. // Мир психологии, 2002, N 4, с.44-47.
12. Горбатков А.А. Успешность деятельности и эмоции: эскиз модели. // Мир психологии, 2002, N 4, с.48-64.
13. Бездыдько А.В. Книга в эмоциональной сфере челавека. // Мир психологии, 2002, N 4, с.85-89.
14. Турсунов Б.Ж., Нурахметов Д.Н., Ергалиев И.Е., Иргебаева Н.М. Нравственно-духовное просвещение. Алматы, 1995г., с.290-291.
15. Психология словарь. //Под. ред. А.В.Петровского, М.Г.Ярошевский. М. 1990.
16. Додонов Б.И. В мире эмоции.- Киев, 1987.
17. Вилюнас В.К. Психология эмоциональных явлении МГУ 1976
18. Изард К. Психология эмоции С.Петербург 1999
19. Психология эмоции тексты Под.ред. Вилюнас В.К., Гиппенрейтер Ю.Б. МГУ , 1984
20. С.Л.Рубинштейн «Основы общей психологииң Минск, 2000
21. Додонов Б.И. Эмоция как ценность.- Москва, 1978
22. Караван газеті. 2006, №16, 37 бет.
23. Большой психологический словарь Под. ред. Мещеряков Б.Г, Зинченко В.П., Москва – 2005
24. Психология Петровский А.В., Ярошевский М.Г., Москва, 2002.
25. Фабр Ж. Жизнь насекомых.- Москва, 1962.
26. Жалпы психология Под. Ред. Богословского В.В., и др. Москва, 1981
27. Додонов Б.И. Гормоноческое развитие и типологическое своеобразие личности. Под.ред. Л.И. Анцыферова. Москва 1981
28. Ланге К.Г. Аффекты. Спб 1890.
29. Изард К.Е. «Эмоции человекаң Под ред. Л.Я.Гозмана, М.С.Егоровой. Москва 1980.
30. Рейковский Я. «Экспериментальная психолгия эмоцииң Москва 1979.
31. Психология: учеб. / В. М. Аллахвердов, С. И. Богданова и др.; отв. ред. А. А. Крылов. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Проспект, 2005. С. 214—217
32. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық: Психология ғылымындағы іс-әрекет теориясы. 2 том/Жетекшісі-акад. Ә.Н.Нысанбаев Алматы «Таймасң баспа үйі, 2005- 480бет.
33. Тихомиров О.К. Психология мышления. - М.: МГУ, 1984. - 272 с.
34. Лук А.Н. Эмоции и личность.-М., Знание, 1982. 176 с.
35. Немов Р.С. Психология: Учебн. Для студ. Высш. Пед. Учеб. Заведений: В 3 кн.-4-е изд.-М.:Гуманит. Изд. Центр Владос,2003.- Кн. 1: Общие основы психологии.
36. Маклаков А.Г. Общая психология: Учебник для вузов.- СПб.:Питер,2004.-с.583.
37. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы/ Жауапты ред. Жақыпов С.М.,-Алматы: Қазақ университеті,2007.-230 б.
38. Анастази А. Психологическое тестирование / под ред. К.М. Гуревича, В.И. Лубовского М. 1982г.
39. Измайлов Ч.А., Михолевская М.Б. Измерение в психологии 1983г.
40. Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии. Санкт-Петербург 1996г.
41. Готтсданкер Роберт. Основы психологического эксперимента.- М.: Изд-во МГУ, 1982.
42. Мельников В.М., Ямпольский Л.Т. Введение в экспериментальную психологию личности. - М., 1985.
43. Общая психодиагностика / Под ред. А. Бодалева, В. Столина - М., 1987.
44. Психологическая диагностика: проблемы и исследования / Под ред. К.М. Гуревича - М., 1981.
45. Түңлікбаева Э.М. Психологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі ықтималды-статистикалық әдістер.- Алматы, 1999.
46. Суходольский Г.В. Основы математической статистики для психологов.- Л.: Изд-во ЛГУ, 1972.
47. Шакурова З.А., Казанцева Э.Р. Основы математической статистики для психологов / Под ред. Ю.С. Багимова – Челябинск

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Техникалық және гуманитарлық факультеті

ДИПЛОМ Ж Ұ М Ы С Ы

Тақырыбы: Студентер тобындағы қарым-қатынастың тұлғалық-эмоциялық
ерекшеліктерін зерттеу.

Орындаған

4-курс студенті _______________________________ Досманбетова Ә

Ғылыми жетекші
п.ғ.к _________________________________
Болтаева Ә.М.

Рецензент __________________________________

Норма бақылаушы _______________________________

Қорғауға жіберілді:
Техникалық және гуманитарлық
факультетінің деканы ________________________________

Қорғауға жіберілді 2010ж
Хаттама №

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Психология ғылымындағы эмоцияның теориялық мәселелері ... ... ... ... 14

Тұлғаның эмоционалдық сферасының 32
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ...

1.3 Тұлғаның эмоционалдық және танымдық сферасының
өзара 46
байланысы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

ІІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1 Эксперименттік зерттеу мақсаты, міндеттері, 47
болжамы ... ... ... ... ... ... .

2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен барысы 51
... ... ... ... ... ... ... ... .

2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңделуі мен сапалық 56
талдауы ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

Қолданылған әдебиеттер 60
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...

КІРІСПЕ

Адамның психикасы біртұтас, күрделі құрылым. Осыған байланысты
адамның күнделікті өмір сүруінің өзі көптеген психикалық процесстердің
өтуімен байланысты болады. Осы процесстердің сәтті өтуіне жауап
беретін бір процесс дұрыс жүрмей қалатын болса, немесе адам
туылғанынан бастап оның бір кемістігі болатын болса ол тұлғаның
аномалиясына әкеліп соғады. Адам күнделікті өзінің есін, зейінін,
түйсігін, қабылдауын, ойлауын, эмоцияларын, интеллектісін, т.б.
операцияларын қолданады. Және егер осылардың біреуі болса да дұрыс
жұмыс жасамаса бұл үлкен бұзылыстарға алып келеді. Бүгінгі біздің
қарастыратын мәселе эмоциялармен байланысты. Эмоциялар адам өмірінде
үлкен роль атқарады. Олардың анықтамасы сөздіктерде әр түрлі
беріледі.
Эмоция- (латынша emovіo-қобалжытамын, толғандырамын дегенді
білдіреді) адамның қайғыруы кезіндегі психикалық бейнелену. Эволюция
нәтижесінде тірі жандардың өз организмдерінің жағдайын және сыртқы
факторлардың биологиялық мәнділігін анықтауға арналған құрал ретінде
дамыды. Эмоцияларды неғұрлым жақсы түсіну үшін түгелдей эмоциясы
жоқ адам мен эмоциялық адамды салыстырса түсінікті болады. Жиі
адамдар эмоциялардың адамның дамуындағы ролін дұрыс түсінбейді.
Бірақ, қазіргі кездегі көптеген зерттеулердің нәтижелері эмоцияларды
неғұрлым толық көрсетуде. Эмоциялар әлі де толық зерттелмеген
психологияның саласы. Оның әлі де көптеген ашылмаған жақтары көп және
көптеген сұрақтар бойынша қарама қарсылықтар кездеседі.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда эмоциялар неғұрлым жақсы
зерттелген психологияның саласы болып табылады. Советтік ғылым кезінде
эмоция өте аз зерттелген сала болған. Перифериялық теорияға сәйкес
эмоциялардың негізінде бұлшықет тонусы, қан сосудтарының ұлғаюы,
жүрек соғысының жиіленуі сияқты физиологиялық процесстер жататын
болса онда Мэйердің айтуынша Түстің өзі де эмоцияң деген. Ол
кездермен қазіргі кезеңді салыстыратын болсақ эмоция әр түрлі қырдан
зерттелуде. Оны тек психологтар ғана зерттеп қоймай сонымен қатар
медицина, психиатрия, менеджмент, сату саласында жұмыс жасайтын адамдар
зерттеуде. Себебі, эмоциялардың көптеген психикалық процесстерге әсері
анықталып отыр. Әрине ол білімдер болса да әлі де белгілі бір
жүйеге келтірілмеген. Сондықтан да адамдар ол білімдерді әлі толықтай
қолдана алмайды.

Эмоциялар жеке тәжірибе алуда өте үлкен роль атқарады.
Адамның эмоциялық тәжірибесі жеке тұлғаның дамуы, қайғыруы
барысында дамып отырады.(эмпатия) Эмоциялар адамның қарым-қатынасында,
сөйлесуінде үлкен роль атқарады. Мысалы, өзіне құрдас талдайды, әр
түрлі қол қимылдары арқылы сөйлеседі. Міне осы анықтаманы
А.В.Петровский мен М.Г.Ярошевский өздерінің психологиялық сөздігінде
келтірген болатын. Осы эмоция туралы жүргізілген белгілі ғалымдардың
еңбектері өте маңызды болып табылады. Өйткені, адамның көптеген іс-
әрекеттері оның эмоцияларына тікелей байланысты болады. Эмоциялар адам
өміріндегі құбылыстарды, іс-әрекетті басқарып отырады.

Эмоция мәселесі көптеген уақыт бойы зерттелмей келген
құбылыстардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде де көптеген
ғалымдар адам сезімдері мен эмоциялары арасында белгілі бір шекті
қоя алмай келеді. Кезінде эмоцияларды сезімдермен теңдестіретін
болған.Кейінірек физиологиялық зерттеулердің нәтижесінде эмоцияларға
деген көзқарастар өзгерді. Эмоциялар сезімдер сияқты алғашқы
ақпаратты өңдеу қызметін атқарды. Ойлау заттардың табиғаты мен
көрінуіндегі мәнін анықтауда маңызды роль атқарса, эмоциялар
олардың бағалытын, құндылығын анықтауда роль атқарады.
Тақырыптың жаңалығы: Бүгінгі біздің жасағалы отырған
жұмысымызда біз эмоциялар мен ойлаудың арасындағы байланысты ашуға
тырысамыз. Әрине, осының алдында осы салада жұмыс жасаған
ғалымдар осы мәселені біраз ашып кеткен болатын. Олардың
қарастырғаны эмоциялардың жалпы тапсырманы шешу процессіндегі ролі
болатын. Менің жұмысымда эмоциялардың ойлауға жалпы әсері емес ,
эмоциялардың адамда белгілі бір басым ойлау типінің қалыптасуына
әсерін зерттеп көреміз. Ол жайлы жұмыстың эксперименттік бөлімде
толықтырып түсіндереміз.
Осылардың барлығын айта келе осы жұмыста эмоцияны психикалық
процесстердің реттеушісі ретінде ашу мақсаты тұр. Эмоциялар
адамның психикалық процесстерін реттеп отыратыны күнделікті өмірден
ақ көрінеді. Бірақ оны жұмыс ретінде толық талдауға арналған әлі
де болса жұмыстар толықтай жазылған жоқ. Кейде адамдар, менің
эмоцияларымен маған жиі ел алдына шығып сөйлеуге кедергі жасайды
деген сөздердің өздерінен ақ эмоциялар адамға әсер етіп оның
белгілі бір түрде әрекет жасауына әсер етеді. Және бұл жай шектеліп
қалған мысал емес. Ары қарайғы жұмыстарда біз толықтай осы
мәселені ашып көрсетеміз.
Тақырыптың практикалық маңыздылығы: Осы екі құбылыстың
арасындағы байланысты ашып көрсету арқылы біз болашақта да ойлау
мәселесін зерттейтін кез-келген адам эмоцияны да бірге зерттеуі
керек. Сонымен қатар эмоция мен ойлаудың және басқа да
процесстердің ара-қатынасын тек психологтар ғана біліп қоймай,
басқа аамдарға да жалпы психология сабақтарында түсіндіру.

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Психология ғылымындағы эмоцияның теориялық мәселелері

Эмоция адамның психикалық өмірінде ең алғаш пайда болды және адам
эмоцияның арқасында психикалық өмірге бейімделеді. Демек, баланы әлеуметтік
айналамен эмоция ғана біріктіреді. Адамдардың рухани өміріндегі ұят,
қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлі уайымдар бір-бірін өзара орын
ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерімен бірге, адамдардың
уайым түрінде өзіне пайдалы әртүрлі құбылыстар мен заттардың субъективті
бағалануы мазмұнының көрінісі. Эмоция адамдарға қоршаған әлемді тануға
бағыт-бағдар береді: пайдалы-зияндылығы, негізді-негізсізділігі т.б.
Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды бағытының ерекешелігін қарастыратын
болсақ, мынадай өзгешеліктерді байқауға болады: арнайы оқытуды талап
етпейтін (яғни, туа біткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу мүмкіндіктері
нашар түсінбеушіліктер және қысқа мерзімді (жиі тылсым) ырықсыз бағыт-
бағдарлар.
Эмоция мәселесімен көптеген ғалымдар айналысқан және олардың
әрқайсысы өз сипаттамасын береді. Жиі адамдар эмоция мен сезімдердің
арасындағы айырмашылықты , тағы да басқа көптеген заттарды біле
бермейді. Әр ғалым эмоцияны өзі қызықтыратын жағынан зерттейді және
әр түрлі ыңғайда зерттейді. Кей ғалымдар эмоцияны музыкамен салыстыра
отырып теңеу жасайды. Әр түрлі жанрдағы музыка адамның әр түрлі
эмоциялық жағдайын сипаттайды.
Философтар эмоцияны сезіну, шырай, әуестік, көңіл-күй деп
түсінеді. Эмоция әрдайым ізденістің, қызығудың бастамасы. Ғылым, ақын,
артист болу үшін де оның ең алдымен эмоциясы (ішкі дүниесі,сезімі)
бай болуы қажет. Ішкі дүниесінде ойы, жігері, ынтықтығы қызып
тұрған адам әр нәрсеге таңдана да, таңырқай да, қызыға да біледі.
Міне, бұл барлық ізденістің бастамасы. Көз- адамның ішкі
дүниесінің айнасың дейді. Эмоциясы бай адамның жанарында терең ой
тұнатыны тегін емес. Отандық жұлдыз Ланаға супер жұлдыз, яғни әнші
қандай болуы керек деп сұрақ қойғанда Лана ең біріншіден ол адам
эмоцияға бай болып, оны ешқашан үнемдемеуі керек деді. Иә шынында
да, эмоциясы аз адамға тән сипат: сабырлылық, тыныштық, стабильділік
тән болады. Ал эмоциясы бай адам әрқашанда өмірге ризалығын немесе
риза еместігін ашық көрсете алатын, динамикалы яғни үнемі
қозғалыста болатын, неше түрлі сезімдерді сезіне алады.
Эмоциясыз адам қарапайым заңдылықтармен жұмыс атқаратын машина
тәрізді болып қалады. Өйткені машина заттарға деген қатысын білдіре
алмайды. Қуанышты хабар алғанда қуанбайды, жыламайды, тек берілген
ақиқатты қабылдап отырады. Біз белгілі бір эмоцияның түріне берілген
кезде ол біздің бет бұлшықетіміздің белгілі бір қимыл жасауына
әкеліп соғады. Әсіресе бұл көз жанарынан анық көрінеді. Адамның
көзі ешқашанда өтірікті айта алмайды. Сондықтан да біздің ата-
аналарымыз өтірік айтып тұрғанымызды бірден көзімізден байқап
қояды. Тұрмыстық психологияда өзінің эмоциялық тәжірибесі мол адам
басқа адамның бет қимылдарынан-ақ оның ішкі дүниесінде не болып
жатқандығын біліп қояды.
В.К.Вилюнас адам эмоциялары туралы үлкен еңбек жүргізген
ғалымдардың бірі болып табылады. Ол өзінің эмоция туралы еңбегін
осы проблеманы зерттеудің маңыздылығы жайлы айтып бастайды. Өз
еңбегінде көптеген ғалымдардың айтқан пікірлері мен теорияларын
қолданылады. Ол әр эмоция затқа байланысты пайда болады деген. Ал
затсыз эмоциялар көбіне жан ауруымен ауыратын адамдарда байқалады.
Эмоцияның заты болмаған уақытта фобия, мания, галлюцинациялар пайда
болады. Бұл дегеніміз, біздің эмоциялық көрінулеріміз белгілі бір
оқиғаға, затқа байланысты пайда болады. Эмоциялық көрінулердің
феноменологиясы екі құрылымнан тұрады: арнайы субъективті қайғыру
және бейнеленудің мазмұндылығы. Эмоциялық қайғырулар бағалау міндетін
атқарады. Әрбір жеке жағдайға байланысты эмоция қалыптасқан жағдайға
баға береді. Соған байланысты біз қуанамыз, ренжиміз т.б. Вилюнас
эмоциялардың эволюциясы туралы атап өткен болатын. Ол эмоцияларды
түсіндіру үшін ең біріншіден олардың пайда болуын білу керек.
К.Обуховскийдің: Рецепторлық бағдарлану адам дамуының кейінгі
неғұрлым дамыған түрі болып табылады. Оның алдыңғы жағында
эмоциялар болған, - деп айтқан болатын. Осындай ұқсас көзқарасты
совет психологиясында Бэн, Спенсер, Рибо ұстанған.
Ал психологияның пайда болуындағы эмоциялардың алғашқылығы
туралы С.Х.Раппорт (1965) және К.К.Платонов (1972) айтып кеткен
болатын. Эмоциялардың пайда болуының шарттары . Эмоциялар адамда
маңызы бар оқиғалар болған уақытында пайда болып отырады.В.Вундт пен
Н.Грот әр қабылданатын көрініс маңызды болып табылады деген. Сол
қабылданатын уақытта ол эмоциялық болады. Эмоциялардың пайда болуын
зерттеген кезде онда эмоциялық процесстердің қай түрінің болып
жатқанын анықтап алу керек. Эмоциялардың пайда болуының екі
шарттарын атап көрсетуге болады
1) қажеттіліктер ( мотивтер)
2) әсер етулердің ерекшеліктері (ситуация)
Б.Спиноза өз еңбектерінде эмоциялар фруструацияға, өмірлік
константалардың бұзылуына, мақсатқа жетудің мүмкіншіліктерін
бейнелеуде және т.б. көптеген факторларға әсер етеді.
Эмоциялардың динамикасы. Эмоциялардың динамикасын зерттеуде
Вилюнас В.Вундттың еңбектеріне сүйенеді. Вундт еңбектерінде олар
аффект деп аталған болатын. Эмоциялардың дамуы эмоциялық
қайғырулардың сандық және сапалық өзгерістерінде болады. Олардың
өзгеру формаларын осы аффект анықтайды. Аффект стадиясына
жеткен уақытта эмоциялық әсерлер сыртқы әсерлерге емес,
аффекттің формасына бағынады. Ол жайлап өшіп немесе еріктік оянудың
қалыптасуына алып келуі мүмкін.
Эмоциялар өз құрамына бірнеше эмоционады күйлерді енгізуі
мүмкін. Мысалы, Спиноза бойынша қызғану- күрделі аффект болып
табылады. Қызғану өз алдына бір уақытта махаббат пен жек
көрушілік компонентін қосады. Эмоциялық қайғырулардың комплексіне
кейде себеп-салдарлық карым-катынаспен байланысқан эмоцияларды табуға
болады. Эмоциялардың мұндай қасиеті оның динамикасын анықтауда
маңызды сәт болып табылады.
Кэррол Изард эмоцияға келесі анықтаманы береді: бұл сезімге
ұқсас, адамның түйсінуін, ойлауын, әрекетін ұйымдастыратын және
мотивациялайтын құбылыс.Бұл анықтамаға түсінік беріп көрейік. Эмоция
біздің түйсінуімізді қадағалап отырады. Мысалы, егер адам қуанышты
болып отырса, ол қоршаған ортаны жақсы қабылдайды, көңіл-күйі жақсы
болады. Бұны басқа сөзбен, қоршаған ортаны көгілдір әйнекпен көру
десек нақтырақ болады. Эмоция адамның ойлауы мен физикалық
белсенділігін басқарып, керекті бағытқа салып отырады. Мысалы, егер
біз өте қатты қорқып тұрған болсақ, біз агрессияға салынуға
батпаймыз.
Додонов әлемді қабылдауда және шығармашылықтағы адамдардың
индивидуалды эмоциялық ерекшеліктерін атап айтқан болатын. Бұл
қазіргі таңда әлі толық зерттеліп бітпеген проблемалардың бірі
болып табылады. Адамдардың белгілі адам болып шығуы осы эмоцияға
байланысты болады. Әйгілі совет жазушысы К.Чуковский әр адамда ерекше
қайталанбас мелодиясы болады дейді. Рубинштейн болса әр тұлғада
әлсіз немесе анық байқалатын эмоциялық құрылым және стилі болады
деген. Адамның қоршаған ортаны қабылдауда ортақ эмоциялық бағытталуы
роль атқарады.Соған байланысты әр адамның белгілі бір жайтқа
эмоциялық түрде жауап беруі әр түрлі болады. Бұл адамдардың
темпераменттерінің әр түрлі болуына байланысты. Әр эмоция жеке өз
алдына даму кезеңінде басқа түрлерге ауысып отыраы. Мысалы, біз
бір адамды жақсы көріп кейін оның саған деген ешқандай сезімі жоқ
екенін білген кезде біз оны жек көре бастаймыз. Мұндай эмоциялық
күйлердің ауысып отыруы қалыптасқан жағдайға байланысты болады.
Жоғарыда атап кеткендей адамның эмоциялары психикалық
процесстермен өте тығыз байланысты. Осыған байланысты мен осы
бүгінгі жұмысты бастап отырмын. Адамның эмоциялық бағыттылығын
немесе онда жиі болатын эмоцияларды білу арқылы біз ол адамның
танымдық процесстерінің ұйымдасуын, психикалық процесстерінің
ерекшеліктерін біле аламыз. Осы гипотезаның өзектілігін адамдар
түсінсе осы сферадағы еңбектер көптеген психологияның салаларында
өз қызметін атқарады. Сонымен қатар қазіргі таңда адамдарда
кездесетін стресстік, депрессиялық жағдайлар адамның өмірінде
көптеген залалын келтіреді. Осы эмоциялардың жақсы түсіну арқылы
ғана біз осындай білімдерді басқа да салаларда қолдана аламыз. Әрине
кез келген құбылыстың адам өмірінде алатын орны немесе себебі
болады. Сол сияқты эмоциялар да адамға үлкен әсер келтіреді.
Теориялық бөлімде келтірілген мысалдардың барлығы да оған мысал
бола алады.
Адамдарда эмоциялардың ең басты функциясы адамдар бір-бірін
жақсырақ түсінеді, адам сөйлемей тұрып ақ оның бет қимылдары
арқылы оның күйін түсінеді, соған байланысты адаммен қалай қатынас
жасауын анықтайды. Әйгілі Ч.Дарвиннің айтуынша эмоциялар эволюция
барысында пайда болып, адамдар өздерінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін ситуациялардың маңыздылығын анықтайтын құрал
ретінде дамыды.
Эмоция мәселесін зерттеуде әр түрлі зерттеу әдістері
қолданылған болатын. Оларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
Нейрофизиологиялық деңгейдегі зерттеу
Эмоциялардың экспрессиялық компонентін зерттеу
Эмоциялық қайғыруларды зерттеу әдістері.
Сонымен қатар эмоцияларға жасалған психофизиологиялық зерттеулер
арқылы стресстің әр түрлі шарттарындағы висцералды жүйелер жайлы
сенімді ақпараттар алынған. Мұнда эмоциялар кезіндегі жүрек соғысы,
демалыс жиілігі және электр терілі қарсылықтар зерттелген.
Психофизиологиялық зерттеулердің бір бағыты мазасызданулықты автономды
жүйке-жүйесінің симпатикалық бөлігін иннерциялайтын органдардың
активизациялануымен байланыстырған. Мазасызданулықты қорқыныш ретінде
қарастырған Левит ( Levіtt, 1967) , қорқыныш пен мазасызданулық
негізінен симпатикалық реакциялардан тұрады деген. Яғни, ол жүрек
соғысын және систоликалық қан қысымын күшейтеді. Басқа да
зерттеулердің нәтижесі осы тұжырымды дәлелдеген болатын. Циммерман
жарықта ұйықтайтын адамдар неғұрлым мазасызданулы , жүрек соғысы және
дем алуы жиіленген болатынын көрсеткен.
Осы жасалған зеттеулер мазасыздануды автономды жүйке-жүйесінің
симпатикалық бөлігі іс-әрекетінің күшеюімен байланыстырған болатын.
Бірақ бұл мазасызданулықты зерттеу бағыты мазасызданулықтың
физиологиясын мүлде қарапайымдап жіберді деген оймен сынға ие
болған. Тағы да бір кемшілігі бұл бағытта жұмыс жасаған ғалымдар
мазасызданулықты әр түрлі түсінген. Біреулері мазасызданулықты
қорқынышпен теңестірсе, екіншілері оны эмоциялардың комбинациясы
ретінде қарастырған.
Эмоцияларды зерттеудің келесі бағыты эмоциялардың экспрессивті
компонентін зерттеуге арналған. Мұндағы экспрессия термині мимикалық
кешендерде, сөйлеуде және жүріс-тұрыста көрінетін эмоцияның компонентін
сипаттауда қолданылады. Бұл бағыттағы жұмыстар өздерінің дәлелін
Дарвиннің белгілі бір эмоциялардың фундаменталды көрінуінің
әмбебаптылығы мен туа пайда болуы жайлы айтқан тұжырымынан тауып
отыр. Экспрессияны зерттеуде екі бағыт бар:Ерікті экспрессияны және
еріксіз экспрессияны зерттеу. Ерікті экспрессия жайлы жасалған
жұмыстар өте аз. Көптеген ғалымдар көз кемістігімен туылған
балалардың экспрессиясы нормадағы балалармен бірдей деп айтқанмен,
Дьюмас соқыр балалардың экспрессиясының еріктілік деңгейі нормадағы
балалардан анағұрлым төмен деген. Айқын мінез-құлықты зерттейтін
зерттеушілер 3 әдіс түрін қолданады: тікелей бақылау, суретке түсіру
және видеомагнитафонға немесе кинопленкаға түсіру. Әрине осы үш
әдіс ішінен видеоға түсіру ең дұрысы болып табылады. Бірақ онда
адам мимикалары айқын түспеуі мүмкін.
Эмоциялық экспрессияны табиғи эксперимент арқылы зерттеудің
шектеулері бар. Хаггард және Айсакстың көрсетуі бойынша кейбір
эмоциялар шамалап 1\8 секунд аралығында жүреді және оны
тәжірибелі психиатрлар да байқай алмайды. Және бақылаушылар тек
белгілі бір сыналушылардың артынан қарап жүре алады. Табиғи ортада
зерттеу бағыты ретінде этологияны алуға болады. Этолог - ол зоолог.
Олар табиғи жағдайда жануарларды зерттейді. Қазіргі кезде олар
адамдарды да осындай жағдайларда зерттейтін ойы бар.
Келесі әдістер қатарына эмоциялық қайғыруларды зерттейтін
әдістер жатады. Жиі, эмоцияны нейрофизиологиялық және экспрессиялық
түрде зерттейтін зерттеушілер эмоциялық қайғыруларды да зерттейді.
Осындай тесттердің мысалы ретінде Дифференциалды эмоциялар
шкаласынң( DES- Dіfferentіal Emotіons Scale ) алуға болады. Ол
индивидтің фундаменталды эмоцияларды бейнелеуіне арналған. Осы
шкалалар арқылы адамның бірнеше эмоциялар қатарын бағалауға болады.

Психологиядағы эмоциялық- сезімдік сфераның дамуы Ч. Дарвин, Н.Н.
Ланге, У. Джемс, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов, И.М. Сеченов, 3. Фрейд, П.Г.
Вельский, Л.М. Петражицский П.К. Анохин, С.Л. Рубинштейн, Л.С. Выготский,
Н.Д. Левитов, П.М. Якобсон, М.С. Неймарктің еңберінде өз дамуын
тапты.Жағымды эмоциялық күй - әрекеттерді тіркеу құралы, пайдалы
үйреншікті аффектті санкциялайдың, аффект интегралң, аффективті
интегралң- перифериядағы өмірлік маңызды акттардың толыққанды және
бірізді дамуын бақылап отырады.(П.К.Анохин.)
Отандық психологиялық зерттеулерді теоретикалық қарастыра отырып
біз эмоция мен сезімдердің арнайы ерекшеліктерін анықтай аламыз,
сонымен қатар олардың адамның мінез-құлқының өзгеруін көре аламыз.
Маурер: Эмоциялар централды маңызды рольді ойнап,өзінің әсері арқылы
жүріс-тұрысты өзгертеді.Ол жүріс –тұрыс үйрену деп аталады,ң- деген.
[16,15 бет] Ол батыс өркениетінің эмоцияларға күдікпен қарауын және
интеллектті одан жоғары қоюын ашық түрде сынап кінәлаған. Эмоциялар
тым экстрординарлы мәнге ие және оны интеллектке қарама-қарсылық
ретінде қарастыру әділ емес. Әлдеқайда, эмоциялар интеллекттің жоғарғы
реттеушісі.ң Бұл ғалымның айтуы кейінгі кезде бірталай ғалымдардың
жұмыстарынан өз жалғасын тапқан болатын.
Адам баласының алғашқы нәресте кезінде эмоциялары тек
органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырумен және инстинктпен
байланысты болса, кейінірек оның тұлға болып қалыптасқан уақытында ,
онда тек органикалық емес, рухани қажеттіліктері де пайда болады.
Оның осы қажеттіліктерді қанағаттандыру процессінде әр түрлі
сезімдер п.б. Еңбек қарым-қатынастарының дамуы әр түрлі әлеуметтік
сезімдерді оятады.
Рубинштейннің пікірінше, эмоциялар санадан тыс өмірлік
процестермен байланысты болғандықтан, оның теориясы мен
классификациясын сәйкесінше тек физиологиялық механизмдерін ғана
қарастырмай, эмоцияның негізінде жатқан шынайы қарым-қатынастарға
жүгіну керек.
Ч.Дарвиннің эмоцияның биологиялық теориясында жануарлар эмоциясын
олардың органикалық қажеттіліктеріне ( көбею, тірі қалу ) байланысты
бөлгені дұрыс болып табылады. Бірақ бұл теорияның үлкен кемшілігі
эмоцияның жануарлардан адамдарға тасымалдануы болып табылады.
Адамдардың өмір сүру формаларның өзгеруі олардың эмоцияларын
өзгертеді. Ал, биологизаторлық теория адам эмоцияларын инстинктермен
байланыстырады.
У.Джемс осы көзқарасқа жақын болатын. Ол: объект тек әрекетке
әкелмейді, сонымен қоса ол бағдарды өзгертедің. Қажеттіліктерге деген
қарым-қатынас әр түрлі жолмен дем алуға, қан айналымға,
органикалық функцияларға әсер етеді. Әрекеттер тоқталған кезде,
эмоциялар әлі де жүріп жатады. Сол үшін де біз адамның бетінен
кек өштікті, соққы әлі берілмей тұрып- ақ көріп қоямыз.
Инстинктивті реакциялар мен эмоциялық көрінулер белгілі бір
көрінбейтін қиылыстарда бірігіп жатады. У.Джемс эмоциялық процесс пен
инстиктивті іс-әрекет арасында белгілі бір шекараны өткізудің
қиындығын атап айтады. Мұны необихевиоризм өкілдері қабылдайды. Соның
ішінде Дж.Уотсон айтуы бойынша, инстикт өзімен сыртқы әрекетті
таныстырса, ал эмоция организммен байланысты реакция дейді. Ол
эмоция мен инстинкт арасында нақты шекара жоқ , инстикт сияқты
эмоция да тұқым қуалайтын стереотипті реакция деп айтады.
Рубинштейн эмоциялардың өтіп жатқан оқиғаларға қатысты көрінуі
арқылы адамның эмоциялық жағдайын анықтауға болады деген. Бұл
мақсатта ассоциативті экспериментң ( К.Юнг 1906 ) қолданады. Бұл
экспериментте адам тітіркендіргіш сөзге ойына бірінші келген сөзбен
жауап қайтаруы керек. Тәжірибелерден аффективті қайғырулардың:
1) ассоциацияға әсері туралы айтылады. Егер бастапқы көрініс
сыналушының эмоциялық қайғыруларымен қатысы жоқ болса, адамда заттар
ассоциациясы пайда болады. Олар өмірдегі нақты заттарға байланысты
болып келеді ( сия-қалам, қағаз-жазу т.б. Юнг бойынша бұл объективті
ассоциация д.а.). Ал адамда аффективті-эмоциялық қайғырулардың болуы,
оның ассоциациясының ауытқуына алып келеді. Мұнда аталған затқа
мүлде мағынасы жағынан алшақ заттардың аттары аталынады. Бұл
сыналушының аффективті-эмоциялық күйі кезіндегі сол аталған заттармен
бір комплекскең бірігуі арқылы түсіндіріледі.
2) ассоциативті реакциялар жылдамдығына әсері. Сыналушыда
комплекстің болуы ассоциациялық реакцияның кідіруіне әсер етеді.
Мұндай кідірулер қалыпты жауап беретін уақыттан 2,5-ке артық
болады.Осындай кідіріспен жауап берген адамның сол затқа қатысты
аффективті-эмоциялық қайғыруларының болғанын анықтауға мүмкіндік
береді. Міне осындай жағдайлардың орын алуы эмоцияның реттеуші
функциясын көрсетеді.
С.Л.Рубинштейн тұлғаның эмоциялық ерекшеліктерін көрсеткен
болатын. Тұлғаның эмоциялық сферасының негізгі ерекшеліктері оның
сезімдерінің мазмұнымен түсіндіріледі. Адамның тікелей қайғыруларында
адамның бағдарын білуге болады.
Эмоциялық типтік ерекшеліктердің келесі түрлері болады:
1) Күшті және әлсіз эмоциялық қозу
2) Эмоциялық орнықтылықтың көп немесе аз мөлшері
3) Сезімнің күші немесе интенсивтілігі
4) тереңдігі
Мұндай эмоциялық орнықтылық пен қозушылық адамдардың
темпераментіне байланысты болады. Кейбір адамдар тез ашуланып тез
басылып қалады, ал кейбір адамдар бір жынданғаннан басылуы қиын
болады. Темпераментке байланысты эмоциялық қайғыруларды неғұрлым
толық қарастырған Додонов болатын.Оның еңбегімен біз кейін таныс
боламыз. Мысалы: интенсивтілігі мен бағыттылығы жағынан күшті сезімдер
терең емес болуы мүмкін.Осы жағынан махаббат пен әуестенушілік те
ажыратылады. Махаббат өз алдына интенсивтілігімен емес тереңдігімен,
оның тұлғадағы терең орын алуымен ерекшеленеді.
Рубинштейн тұлғалардың эмоциялық, сентиментальды, құмарлы
болатындығы туралы айтқан болатын. Эмоциялық жандар сезімдерін оның
вибрацияларына беріліп қайғырады. Сентиментальды жандар сезімдеріне
сырттай қарайды, олардың толқуларына сүйсіне отырып қарап отырады.
Құмарлы мінез адамдары өздерінің сезімдерімен өмір сүреді,
сезімдердің күшін әрекетке әкеліп отырады.
Эмоцияны қайғырып жатқан адамның бетіндегі бұлшықеттің электрлі
белсенділігінің өзгеруін байқап көруге болады. Мұндай өзгерістер
адам миында, қан айналымында және демалуында да байқалады. Қорқып
немесе ашуланып тұрған адамның жүрек соғысы қалыпты жүрек соғысынан
40-60 рет көп соғады. Өте әсерлі эмоциялық қайғырулардың нәтижесі
соматикалық немесе психикалық ауытқуларға алып келуі мүмкін. [1]
Осы эмоциялардың салдарынан әр түрлі ауруларға қарсы тұрушылық
қабілет төмендейді. Егер адам ұзақ уақыт бойы алаңдауда,
депрессияда, кек өштікте болса, онда орз, тұмау, ішек
инфекциялармен ауырып қалу қаупі болады. Бұл аурулардың барлығы
вирусты аурулар болып табылады. Адам организмінде әрқашанда осы
вирустардың қоздырушылары болады. Эмоциялар адамның иммунды жүйесін
әлсіздеткен уақытта, организм вирустардың дамуына қолайлы жағдай
тудырады.
Эмоциялар адамның тірі қалуына өте қажетті зат болып
табылады.Бізде эмоциялар болмаса, біз қуаныш пен қайғыны, кек өштік
пен кінәлікті сезбейтін едік.Бұл жерде Изард эмоциялардың
адаптацияға әсерін көрсеткен болатын. Оның еңбектерінде ересек
адамдардағы қуаныштарға психофизиологиялық зерттеулер жүргізілген.
Зерттеулер нәтижесінде адамдардың қуанған уақыттағы организміндегі
өзгерістерді байқаған. Біз жағымды эмоциялар адамды әрқашанда
шабыттандырып, іс-әрекет сапасын жақсартады, ал жағымсыз эмоциялар
адамға кері әсер келтіріп іс –әрекет сапасын төмендетеді деп айта
алмаймыз. Жиі осы көзқарас дұрыс болып табылады. Ал, кей жағдайда
керісінше, ұят, қорқынышты басынан кешірген адамдар керісінше өз іс-
әрекетінің сапасын жақсартуға тырысады. Эмоцияларсыз адам
болмайды. Тіпті адам стрессіз де өмір сүре алмайды.
Г.Сельенің айтуы бойынша стресстен алыс болу деген өлімді
білдіреді. Адамдар тұлға ретінде бір-бірінен эмоциялық сфералары
бойынша өзгешеленеді. Оларға: эмоциялық қозғыштық, пайда болатын
эмоциялық қайғырулардың тұрақтылығы және ұзақтығы , стеникалық немесе
астеникалық эмоциялардың басымдылығы деген параметрлер бойынша
ерекшеленеді. Бірақ бәрінен де дамыған тұлғаның эмоциялық сферасы
оның сезімдерінің тереңдігімен және затқа қатыстылығымен
ерекшеленеді.Сондықтан да тест жасау кезінде авторлар эмоцияларға
қатысты арнайы сұрақтарды құрастырады.
Көптеген авторлардың айтуы бойынша эмоциялар адамға
физиологиялық та психологиялық тұрғыда да әсер етеді. Адамның
психологиялық жағдайы оның физиологиялық қалпына әсер етеді. Егер
адам есікті бояп жатып дұрыс жасамай қалатын болса, ол өзінің
дұрыс жасамағандығын түсінеді де оған ашуланып қайта жасай
бастайды. Сол қайта жасаған ретте де адам дұрыс жасамайды. Ғалымдар
мұның себебін адамның сәтсіз қадам жасағандағы бұлшықеттерінің
жиырылуын жайлы айтады.
Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негізгі ішкі өмірлік
сигналы болып табылады және келесі ойымен әрекетін басқарып бағдарлайды.
Мұның анық себептері мен негізін жөнді ақылмен түсінбеуі мүмкін. Бірақ
олардың дәлдігіне сенімді болуы шарт. Тұлға деңгейінің ішкі сенімділігі
әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады.

1.2 Тұлғаның эмоционалдық сферасының ерекшеліктері

Тұлғаның эмоционалдық құрылымында үш компонентті көрсетуге болады:
пәні, эмоционалды уайым және қажеттілік (мотив-түрткілер). Эмоция пәніне
адамның өмірінде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген
адамға мәнді құбылыстардың көрінісі. Олар мынадай болуы мүмкін: емтиханда
алған баға, жұмысқа кешігу, табиғат құбылысы, біреулердің қылығы және ой-
пікірлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендік деп
аталады. Бұл эмоциогендік жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе
біреудің көздеген ойынан тууы мүмкін. Уайымдар эмоция пәнінің мазмұнын
анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негізгі компонентін
құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендік жағдаяттарда кездесетін
қақтығыстар: түсінбеушілік, шошу, таң қалу т.б. субьективті реакциялар
туғызады. Эмоционалдық уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз және ырықты
саналы түрде туып отырады. Эмоционалды уайым түрлі деңгейде саналы және
адамның ішкі рухани әлемін (зейінін, ойлауын, есін, қабылдауын),
физиологиялық процестерін (жүрек қан—тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.)
өзгертеді.
Қажеттілік эмоционалды құбылыстың үшінші компонентін құрайды.
Қажеттілік адамның ішкі психологиялық негізі (көрсеткіштері) болып
бағаланады. Болып жатқан немесе өтіп кеткен жағдаяттардың мәні қәзіргі
жағдайда өзекті қажеттілігімен белгілі бір мөлшерде байланысы,
қажеттіліктерге кедергі немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық
әрқашанда қажеттіліктермен белгіленеді. Мағыналық жағдайлардың болмауында
эмоция көрінбейді. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп
жағдаяттар туындайды. Бірақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттілігін
қанағаттандырғаннан кейін адамға мағынасы мәнсіз болуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін және адамның өмірлік түрлі жағдаяттарының түрткілеріне
субьективті реакция болып қарастырылады. Тұрақсыз әлеуметтік, экономикалық,
саяси, экологиялық жағдай өскелең ұрпақтың және тұлға дамуындағы әртүрлі
ауытқулардың өсуіне бейімделтеді. Біріншіден, зорлық-зомбылық, ұрыс-тартыс,
қажеттіліктерін қанағаттандырмаған жағдайда, криминалды оқиғалар жиі
ұшырасқанда адамдарда эмоционалды шиеленісу болады. Екіншіден, әлеуметтік
ортадағы жағымсыз, қолайсыз оқиғаларды көрсету психикалық денсаулыққа,
психикалық көңіл-күйге, яғни осы өмірге деген қорқыныш, сенімсіздік пайда
болады. Мысалы, қоғамда қауіптіжағдай кездескен жағдайда, мен өзімді осы
жағдаймен күресудің әдіс-тәсілдерін, ыңғайын іздестіруім керек.
Додонов өз еңбектерінде қалыпты өмір жағдайындағы эмоциялық
реакциялардың тұлғалық стереотиптері туралы жазған болатын. Тұлғалық
стереотиптер өмір бойы қалыптасып әр түрлі жағдайларда көрініп
отырады.Осыған мынандай мысалдар келтірейік.
Үлкен жылдамдықта Таллиннан шыққан поезд Пряну станциясына
бара жатады.Сол кезде машинист О.Нуцгер мен көмекшісі Ильмар Ааза
рельстарда отырған кішкентай қызды көреді. Сонда ол кішкентай қыз
поезді көрмей ойнап отыра береді.Нуцгер бірден тормозды басады,
бірақ инерцияның әсерінен поезд әлі де жүре береді. Осыны байқаған
Ильмар поезддан секіріп бар күштен қызға қарай жүгіріп қызды
құтқарып алады.ң
Бұл қалыптасқан жағдайда Ильмардың 2 қажеттілігі
өтеледі:өзінің азаматтық борышын өтеу және өзін-өзі сақтау.Бірақ
бұл екеуінің арасында ешқандай конфликт туындамады. Егер мұнда екі
қажеттілік арасында конфликт туындаған болса бұл іс тез уақытта
жасалмас еді, өйткені адам оыс конфликттілі жағдайлардың қайсысына
бой ұсынуды шешіп отырғанда қызды құтқара алмас еді. Гумандық және
парыздық сезім адам санасын бір уақытта жаулап алды, сөйтіп ол
басқа ешқандай ойдың пайда болуына жол бермеді.
Тағы бір мысалда, курсант-танкист үйренулер барысында гранатаның
чекасын алып гранатаны танктың ішіне құлатып алады.Сонда танк
командирі Георгий Кудинов жарылыстың болатынын түсініп, гранатаны
ары итеріп өзі курсантты өз денесімен жауып қалады.
Берілген екі мысалда адамдар күшті эмоциялық оянуларды бастан
кешіреді. Бұл совет адамдарына тән стереотиптер. Өкінішке орай
бұған қарама-қарсы мысалдар келтіруге болады.
Қонақ үйдің фойесінде тұрған администраторға соғыс ардагері
келіп олардың шаршап тұрғанын айтып тезірек орындарын беруін
сұранады. Бірақ администратор қатты жауап береді. Мұнда
администратордың бір кездерде осылай жауап беріп кейін оның әдетіне
айналу процессін байқап отырмыз.
Осындай әр түрлі өмір жағдайларында адамдардың стереотиптері
қалыптасып олардың мінездерін қалыптастырады және бұл олардың
эмоциялық күйлерінде байқалып отырады. Кейбір адамдарға оларда
қалыптасып қалған стереотиптер адамдармен қарым-қатынасына әсер
етеді.
Эмоцияның қызметтері. Эмоциялар адамның әлеуметтік болмысын қамтамасыз
ететін маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда
оның ішкі (жан) дүниесінің қажетті жағы ретінде пайда болады және онда
өмір сүреді. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық,
оятушы және коммуникативті, сонымен қатар физиологиялық және танымдық
процестерге әсер ету функциясын атқарады.
Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы адам үшін қоршаған заттардың,
құбылыстардың адамдардың әсерлі оқиғалардың өз ойларының жоспарларының
шешімдерінің және т.б. субъективті мәнін бастапқы бағалау болып табылады.
Эмоциялар адам үшін әртүрлі өмірдегі оқиғаларда, адамдарға және өзіне,
заттар мен құбылыстарға жылдам және сенімді бағдар жасауға мүмкіндік
беретін өзінше бір іштегі компас ролін атқарады. Бізге эмоциялық бағалаулар
интеллектуалды бағалауға қарағанда сенімдірек және жеке мәнге ие болады.
Сондықтан да біз оларға сенуге және бағынуға бейімбіз. Мысалы, кез-келген
темекі шегетін адам никотиннің зияндығын біле тұрса да, темекіні
тастамайды. Бұл білімі оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның
темекіге деген қарым-қатынасын өзгерту үшін сол адам темекінің зияндығын
эмоциялық тұрғыда басынан кешіру керек.
Эмоциялар адамға оның қажеттілігінің күйі туралы сигнал беріп тұрады.
Бір нәрсеге деген мәжбүрлік өзектілігінен, сәйкесінше эмоциялық күйзелістер
(ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттіліктер деп аталады. Қажеттіліктің күйіне
байланысты күшеюі, азаюы, мүлдем жоғалып кетуі, белгісі бойынша қарама-
қарсыға ауысуы мұмкін. Қажеттіліктің өмір сүруінің эмоциялық негізі мен
субъективті формасын құрайды.
Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсенділіктің қайнар
көзі болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкіндіктері тікелей олардың күші
мен белгісіне байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты және жай ауруды, үрейді,
ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсенділіктің
бағыты эмоцияның белгісімен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық
жағдайға бағытталған әрекеттерді оятады.
Әсіресе қуаныш эмоциясы осы жөнінде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып
кеткен. (Психология эмоции. Новый подход – журнал Мир психологииң, 2002,
N4). Біздің бойымызда қуанышымыз өмірге деген қызығушылығымызды шақырады
және сол арқылы дем береді. Қоғамға пайдалы шындық біздің бойымызға қуаныш
әкеледі.
Жағымды эмоциялар адам өмір жолын таңдау барысында өмірлік бағдар
береді (Чуприкова Н.И. Эмоциональные сигналы, Определяющий выбор жизненного
пути. Журнал Мир психологииң, 2002, N4, стр. 44-47).
Жағымсыз эмоциялар керісінше ояту функцияларын орындайды.
Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты әсер етеді,
себебі эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйені құрайды.
Сондықтан да эмоциялар әрқашанда ағзаның азды-көпті өзгерістерімен бірге
жүреді. Физиологиялық фукнцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкіндіктері өте
көп. Олар әртүрлі бағытта ондаған, жүздеген есе өзгеруі мүмкін: күшеюі,
әлсіреуі, тіптен толық өшіп қалуға дейін, жақсаруы, паталогияға дейін
нашарлауы, жылдамдауы, баяулауы және т.б. Көптеген аурулар және уақытынан
бұрын қартаю немесе жасару эмоциялық негізде пайда болады.
Эмоциялар адамның санасы мен танымдық процестеріне де дәл осылай әсер
етеді. Эмоциялардың әсерімен олардың мүмкіндіктері мен фукнциялық
сипаттамалары қатты өзгеріске үшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды).
Мысалы, адам қатты стрестің әсерінен ойлауы, есте сақтауы, зейінін
тұрақтандыруы, нашарлауы, өзі әрекеттерін саналы бақылауының төмендеуі
мүмкін. Эмоциялық механизмдердің негізінде творчествалық ойлау мен қиял
жұмыс істейді. Эмоциялық күйде болмаған оқиғалар бейтарапқа қарағанда
жақсырақ есте сақталады.
Эмоцияның бұл функциялық ерекшеліктерінің практикалық мәні маңызды.
Эмоциялар ішкі психикалық процестер болып табылады. Бірақта олар сырттай
жақсы көрінеді: мимикадан, көзқарасынан, әрекеттерден, қимылдан, елестен,
интонациядан және сөйлеудің басқа да ерекшеліктерінен. Бұл басқа
адамдардың эмоциялық күйін түсінуге және олармен нәтижелі қарым-қатынас
жасауға мүмкіндік береді.
Эмоцияның әсері адам іс әрекетінің сәтті немесе сәтсіз
аяқталуына әсер етеді. Компьютерлік ойындарда жылдам қимылды талап
ететін ойындарда бала мен қыздардың жауап реакциялары әр түрлі
болады. Бізге мәлім болғандай қыз бала ер балаға қарағанда неғұрлым
эмоциялық болады. Сондықтан да қыздар мұндай жағдайда оңай жеңіліп
қалады.
Кэррол Изард эмоцияға келесі анықтаманы береді: бұл сезімге
ұқсас, адамның түйсінуін, ойлауын, әрекетін ұйымдастыратын және
мотивациялайтын құбылыс.Бұл анықтамаға түсінік беріп көрейік. Эмоция
біздің түйсінуімізді қадағалап отырады. Мысалы, егер адам қуанышты
болып отырса, ол қоршаған ортаны жақсы қабылдайды, көңіл-күйі жақсы
болады. Бұны басқа сөзбен, қоршаған ортаны көгілдір әйнекпен көру
десек нақтырақ болады. Эмоция адамның ойлауы мен физикалық
белсенділігін басқарып, керекті бағытқа салып отырады. Мысалы, егер
біз өте қатты қорқып тұрған болсақ, біз агрессияға салынуға
батпаймыз.
Эмоция – адамның психикалық өмірінің күрделі құрылымдарының бірі
болып табылады. Мұны айтып отырғаным адамдар көбіне өз
эмоцияларын қадағала алмай қалады. Сонымен қатар эмоция адамның сол
жағдайда өзін қалай сезініп тұрғанын көрсетеді. Эмоцияларды басқара
алмаудың ең жоғарғы нүктесі аффектке апарады. Аффект көбіне
доминантты сипат алып отырады. Мұнда адам санасыз қимылдар
жасайды. Бұл процессті эмоциялық шиеленістер тудырады. Және бұл
шиеленістер адамда ұзақ уақыт бойы қалыптасады. Аффекті процессінің
даму барысы 3 фазадан өтеді:
1. Шиеленістердің өршуі немесе өсуі (реніш, өкпен,ыза т.б. жиналуы)
2. Кульминация ( шиеленістердің шарықтау шегі) Мұнда белгілі бір
іс-әрекет жасалады. Адам өзінің эмоциялық энергиясын шығара
бастайды және ол әрекеттер адаммен саналанбайды.
3. Психикалық энергияның әлсіреуі байқалады.
Осындай аффекттік жағдайда адамдар қылмыстық істер жасайды. Ал
аффекттік жағдайдан шыққаннан кейін ешнәрсені де есіне түсіре
алмайды. Бұл аффект жағдайын айтып отырған себебім, эмоция
процесстерінің күрделігін және маңыздылығын көрсету үшін жасалып
отыр. Мысалға, ұзақ уақыттық стресс салдары адам денсаулығына
өзінің кері әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені барлық аурулардың
бастауы адамның өзінде болады. Ал адам психикасы шаршап, организмі
әлсіреген кезде аурулар қоза бастайды.
Кейбір, қазіргі кездегі психологтардың айтуынша адамда болатын
аурулардың барлығының себебі бар және ол себеп физиологиялық емес,
психологиялық болады. Психологиялық күйзелістердің неше түрлігіне
байланысты неше түрлі аурулар пайда болады. Мысалға, көп ойлай
беретін адамның басында үнемі қайызғақ болады, біреуге деген кешіре
алмай жүрген реніш кейде кистаға алып келеді т.б. Көптеген
психологиялық тренингтердің негізгі жұмысы адамдардың эмоцияларымен
жүргізіледі.
Адам эмоциялары әрқашанда қажеттіліктермен байланысты болады. Біз
сол қажеттіліктерге байланысты оянамыз, сол қажеттіліктерге қарым-
қатынасымызды білдіреміз. Ол қажеттіліктерге деген қарым-қатынас әр
кезде әр түрлі эмоцияларды тудыруы мүмкін (жағымды және жағымсыз)
Бұл құбылыс жануарларда тек органикалық қажеттіліктерге байланысты
болса, ал адамда сол қажеттіліктердің түгелдей бір иерархиялары
пайда болады. Эмоцияның түріне байланысты адам белгілі бір түрде
оған жауап қайтарады. Әрине, ол тек эмоциялармен жауап бермейді,
эмоциялар жауап реакциясының түріне әсер етеді.
Осы қажеттіліктерді айту барысында бізге мотивациялық
процесстерді де айта кету жөн болады. Мотивациялық процесстер де өз
алдына күрделі психикалық процесстерді құрайды және тұлғаның
бағыттылығын анықтайды. Осыған байланысты көптеген ғалымдар да осы
салада әр түрлі теориялар жасаған болатын.
Л.И.Божовичтің пікірінше түрлі объектіге бір ғана қажеттілік
емес өзара әрекеттесуші , шиеленуші кей жағдайда бір-біріне қарама-
қарсы қажеттіліктер жүзеге асады. А.Н.Леонтьев пікірінше
мотивацияның қалыптасу процессі қажеттіліктердің затталыну жағдайымен
анықталады. Шынында да, егер адамның қажеттіліктері қанағаттанбай
немесе затталынбай қалатын болса онда ол адамда мазасыздықты,
мазасыздануды немесе кейде ашуды тудыруы мүмкін.
Б.И.Додонов іс-әрекеттің күрделі түрлері мотивтер ара-
қатынасының схемасы бойынша кез-келген іс-әрекет мотивациясының
келесі құрамымен жүзеге асады:
1. Іс-әрекет процессінің өзінен қанағат алу.
2. Іс-әрекеттің тікелей нәтижесі.
3. Іс-әрекеттің табыстылығы үшін сыйлық.
4. Іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайда жазаланудан қорқу.[27]
Мотивациялық теориялардың бірі Табысқа жету және сәтсіздіктен
қашу мотивация теориясы болып табылады. Бұл теорияның авторлары
американдық психологтар Д.Макклеланд, Д.Аткинсон, және неміс психологы
Х.Хекгаузен. Бұл авторлардың айтуы бойынша адамдардың жүріс-тұрысы
қандай да бір тұрақты қажеттіліктердің иерархиялық ұйымдасқан
жүйесінен тұрады. Бұл жерде мотивтардың екі түрі бөлініп шығады:
табысқа жету және сәтсіздіктен қашу мотиві.
Д.Аткисон бойынша сәтсіздіктн қашу мотиві адамдардың алдына өте
жеңіл тапсырмаларды қою немесе орындалмай қалуы мүмкін бірақ
сәтсіздік ретінде қаралмайтын қиын тапсырмаларды қоюмен
ерекшеленеді.Табысқа жету мен сәтсіздіктен қашу арасындағы айырмашылық
мотивтер күшінің ерекшеліктерінде деп түсіндіреді. Табысқа жету
мотивациясын ұстанатын адамдарда өз іс-әрекетінде нәтижесі сөзсіз
табысқа алып келетін іс-әрекет түрлерін, әдіс тәсілдерін таңдап
алып , оған жетуге белсене кіріседі.
Мұндай адамдардың танымдық сферасында табысқа жету сенімі
сенімділігі басым болады.Олар өз іс әрекетінде басқалардың қолдауын ,
құптауын сезінгендіктен олардың іс әрекеттері жағымды эмоцияға толы
болады. Осы екі мотивация түрінің бір бірінен өзгешеленуі
эмоциялардың сипатына байланысты болады. Табысқа жету мотивациясы
жағымды эмоцияларға толы болатын болса, сәтсіздіктен қашу мотивациясы
мазасыздық , қорқыныш деген сияқты эмоцияларға толы болады.
О.С.Копинаның эмоциялардың әр түрлі бағыттылығы туралы мәліметтер
сыртқы мотивациялық іс әрекеттің ішкі мотивациялық іс әрекетке өту
кезеңіндегі эмоциялыққ процесстердің жағымды ролінің көрсетеді. Бұдан
жеке интеллектілі эмоциялар ойлау іс әрекетінің тек ішкі сапалы
процессуалдық танымдық мотив басым болатын арнауы құрылымында
туындайды және қызмет етеді деген маңызды тұжырым жасауға болады.
Эмпирикалық мәліметтер көрсеткендей, ішкі және сыртқы мотив басым іс
әрекет құрылымындағы алдын ала сезуші және белгілеуші эмоциялар
өзінің табиғаты, функциясы мен құбылыстық сипаты жағынан түрлі
эмоциялық процесстер болып табылады. Осыған орай іс әрекеттің
психологиялық құрылымы жайлы түсініктер кеңейеді: іс әрекет құрылымың
тек мотивациялық және мақсаттық құрылымдарды ғана емес, эмоциялыққ
реттеу типін де қосу қажет деген көзқарас негізделді.
Эмоциялардың реттеушілік функциясы мотивациялық процесстерді
қарастырғанда неғұрлым анық жүріп отырады. Сәттілік және сәтсіздік
эмоциялары осыған байланысты айтылған болатын . Бұған мысал ретінде
К.Левиннің классикалық әдістер арқылы жасаған зерттеулерінің
нәтижесін алуға болады.Эксперимент барысында тұрақта тапсырмаларды
дұрыс шешуге деген қалыптасатын бағыттылық эксперименттің басында
қалыптасатын сәттіліктерге байланысты болады.
Адам бірнеше рет тапсырмаларды сәтті орындайтын болса, кейінгі
кезде ол неғұрлым қиын тапсырманы таңдайды. Ал, керісінше
тапсырмаларды шешуде сәтсіздікке ұшыраған сыналушылар келесі жолы
оңайырақ тапсырмаларды таңдаған. Яғни, адам эмоцияның бірінші не
екінші түрін бастан өткізген болса, ол оның мінез-құлқын реттеп
отырады. Сәттілік эмоциясының қызметтік бағытталуы бастапқы мақсатты
күшейтіп оны қолдау, ал сәтсіздік эмоциясы сол мақсаттарды тоқтатып
немесе қолдамай қояды.
Көптеген авторлардың айтуы бойынша эмоциялар адамға
физиологиялық та психологиялық тұрғыда да әсер етеді. Адамның
психологиялық жағдайы оның физиологиялық қалпына әсер етеді. Егер
адам есікті бояп жатып дұрыс жасамай қалатын болса, ол өзінің
дұрыс жасамағандығын түсінеді де оған ашуланып қайта жасай
бастайды. Сол қайта жасаған ретте де адам дұрыс жасамайды. Ғалымдар
мұның себебін адамның сәтсіз қадам жасағандағы бұлшықеттерінің
жиырылуын жайлы айтады.
Жоғарыда біз айтып кеткендей эмоциялар физиологиялық
реакциялардың болуымен қатар жүреді. Ол дегеніміз тамыр соғысының
күшейуі, терлеу, процесстердің тез жүруі және тағы да басқа. Көп
жағдайда адамдар өз эмоцияларын басқара алмайды. Ұялған адамның
бетінің қызаруы, ашуланған адамның жұдырығын түйуі,қуанған адамның
күлкісін т.б. жасырып қалу немесе кейінге қалдыру мүмкін емес. Осы
сияқты әсерлер адамның психикалық процесстерінде де жүреді. Олар
бірден білінбеген болса да уақыт өте келе бәрі де көрінеді.
Ажырасудан өткен адамдар өз басынан неше түрлі эмоциялық
қайғыруларды өткізеді, осыған байланысты ажырасудан кейін бұл әр
адамның өмірінде өзінің үлкен ізін қалдырады. Жиі кездесетін жағдай
ажырасудан кейін жалғыз қалған адамдар өзінің әлеуметтік жағдайын
көтеруге тырысады. Яғни, олардың басынан өткізген тәжірибесінен,
эмоциялардан кейін адам өзін басқа жақтан мотивациялайды.
Осыған байланысты адамның құндылықтары өзгереді. Кейде адам өзін
мүлде басқа жақтан аша бастайды. Және ең бір маңыздысы өздерінің
өткен некелерін еске түсіргісі келмейді. Айтатын жағдай, осы ажырасу
мәселесінде эмоциялардың неше түрлісі болады. Адам басында махаббат,
қуанышты сезінетін болса, кейін ажырасу кездерінде жек көрушілік,
ашу,ыза деген сияқты сезімдерді сезінеді.Осындай араласқан
сезімдердің болуы адамды түсініксіз жағдайға әкеледі. Ажырасу
кезінде адамдар жұмыстарында зейіндерін шоғырландыра алмайды және
жұмыс сапасы түсіп кетеді. Себебі, эмоциялар өздерінің реттеуші
функциясын атқарып отырады.
Эмоциялар адамның физиологиялық күйіне әсер етіп қана қоймай,
физиологиялық көңіл- күй де адамның эмоциялық жағдайына әсер етеді.
Мұнда ауруханаларда жататын адамдардың эмоциялық жағдайын мысал
ретінде алуға болады. Әр адамның ауруды жеңуі әр түрлі болады. Бір
адамдар қолдарын түсіріп, мазасызданулы болса, екіншілері аурумен
жақсы күресіп оптимистік көңіл күйде болады. Әрине, мұндай жағдайда
оптимистік көңіл күйдегі адам ауруды жақсы жеңіп қалады. Осында
айтатын жайт, басында эмоциялар адам өзінің диагнозын естігенде
пайда болады. Және кейін де аурумен күресудің сәттілігі оптимистік
бағытқа немесе жағымды эмоциялардың болуына байланысты болады.

Эмоцияның формалары және негізгі түрлері. Көрсеткен қасиеттері
теориятикалық жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Семинар сабақтарының дәстүрлі ұйымдастырылуының формалары
Физикалық вербальды агрессия
Жасөспірімдердің тұлғалық дамуының теориялық негізі
Мектеп жасына дейiнгi жетім балалардың психологиялық ерекшелiктерi
Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері
Оқу–тәрбие үдерісіндегі қарым–қатынастың өзекті мәселелері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Пәндер