Қазіргі замандағы еңбек нарығы



КІРІСПЕ

1.ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
1.1 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
1.2 Жұмыссыздық және оның түрлері
1.3 Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері
1.4 Инфляция және жұмыспен қамту . Филлипстің графигі

2.ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ
2.1 Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні және нысандары
2.2 Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер етуші факторлар
2.3 Халықаралық еңбек бөлінісі дамуының бағыттары
2.4 Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі мен орны

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалы-лығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінін әлеуметтік экономикалық табиғаттың және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен - сату-сатып алу арқылы жүзеге асады.
1. Конституция РК.- Алматы: Жети жаргы, 1995-. 176стр.
2. Кодекс законов о труде Казахской ССР. Официальный текст с изменениями и дополнениями на 1 октября 1996г.
3. Н. Назарбаев. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, «Қазақстан», 1996, 130-бет.
4. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение \ Под. ред. М.Б.Кенжегузина - Алматы: Министерство науки - АН РК Институт Экономики,1997- 352 с.
5. Гражданский кодекс РК (Общая часть).- Алматы. 1997г.
6. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. - Алматы. Жети жаргы,1996г.
7. Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже XXI века. - Алматы: Казахстан 1997г.
8. Социально-экономическое положение Республики Казахстан за 2001 г. Алматы, 2002 Г.
9. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение \ Под. ред. М.Б. Кенжегузина - Алматы: Министерство науки - АН РК Институт Экономики,1997- 352 с.
10. Томилов В.В, Семеркова Л.Н. Роль мар¬кетинга на рынке труда.-М.,2000 - с.6.
11. Журнал «Вопросы экономики» за 1985-1999гг.
12. Статистический ежегодник Республики Казахстан. Агентство по статистике РК. - А.: 2002. с-103.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1-ТАРАУ. ҚАзіргі замандағы ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
1.1 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
1.2 Жұмыссыздық және оның түрлері
1.3 Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері
1.4 Инфляция және жұмыспен қамту - Филлипстің графигі

2-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ
2.1 Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні және нысандары
2.2 Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер етуші факторлар
2.3 Халықаралық еңбек бөлінісі дамуының бағыттары
2.4 Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі мен орны

Қорытынды

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалы-лығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінін әлеуметтік экономикалық табиғаттың және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен - сату-сатып алу арқылы жүзеге асады.

1-ТАРАУ. кӘзіргі замандағы ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

1.1 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінін болуы -тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлудетеңгермешілдікке жол бсрді, ал ол белгілі бір дорежеде қоғамның өндіргіш күштерінін, дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселссін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл қардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның өсесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшінс деген сұраным еркіндігі мен ұсыным еркінділ қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының, шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруда "жас маман" институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінін қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы - қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты өкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінін, барлық кезеңі бойына еңбек ету нысаның ауыстырып отырады.
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады скен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан экономикаға тән көрініс. Мысалы Финляндияда өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердін, үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі - кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл жағдайлар, қазірде нарықты экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздін елімізге де тән бола бастады. Атап өту керек - бұл процесс өте шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты эко­номика орнығуда, ал ол, өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы, жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қардарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға залалын келтіреді. Ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санының (17 млн. адам) 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономика жағдайында калыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету катынастарынын терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты то­лық, өсіресе тиімді енбекпен қамту мәселесін шеше алмады. Бұл ұғымдар туралы біз нені түсінеміз.
Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз - қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.
Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. 1991 жылы еңбекпен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді оның 75 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Сол жылы бірінші 4 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті әйелдер болды. Ал 1992 жылы ресми түрде, 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. Олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі - жоғары білімді, әрбір екеуі - орта кәсіпті маман, орбір үшеуі - жалпыға бірдей орта білімді.
Болжаммен үстіміздегі жылдың аяғына карай, Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін сонғы 30 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердін үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халыкты еңбекпен камтудың мемлекеттік реттеу меха­низмі онын құктық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардын кен жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыруы қажет.
Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу мерзімі: АҚШ-та 26-34 апта бойына жалақының 50 процентін, кейбір штаттарда 47 аптаға дейін; (Жапонияда - жұмыссыздық жасына және басқа көрсеткшітеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80 процентін; Францияда 1 - 2,5 жыл бойына жалақының 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем ақша; Ұлыбританияда - 52 апта бойына 28,5 фунт стерлинг құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан ұстап қалу есебінен-арнаулы қорлар құру арқылы ла жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақша беріледі.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарга, бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимумінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.
Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны (шетел азаматтарының келуі) шектеу, шетел жұмысшыларының репатриясын (отанына қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жургізслі. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы болу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жардем көрсетеді.
Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемелкет толық өз мойнына алады.
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінін жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе-теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) ділегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.

Сурет 28. Жекеленген еңбек нарығы.

28-ші суретте енбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе-теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе-теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. WP*.
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егep жұмыс күшін ұсыну басқа өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын болса, онда жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:
халықтың мөлшерімен;
тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабылеті бар халықтың үлесімен;
жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс сағатының орташа санымен;
жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының мамандық деңгейімен квалификациясымен .
Жалақының тепе-тендік деңгейін орнықтырудың автоматты тенденциясы болады деген жорамал бар. Тепе-тендікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінін ауытқуы қызмет етеді: ақшалай жалақы өскен жағдай да бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды.
Еңбек нарығын біз жеткілікті дәрежеде ашып көрсете алдық па? Жоқ. Себебі, біріншіден, біздің моделімізде жұмыссыздық жоқ, екіншіден, әртүрлі мамандық иелерінің жалақы айырмашылығы көрсетілмеген.
Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе-тендік жағдайы көбінесе мемлекеттін араласуымен айықталады. Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтың сұраным мен ұсыным қозғалысына автоматты түрде бейімделу әрекетіне шек қояды.

1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері

Шетелдік мамандар жұмыссыздықтын, себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай саналуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және т.б. Осыларга толық тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға бо­лады.
Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздык өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, маман-дығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байла­нысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машина-өзгертуді немесе баска мамандықты игеруді қажет етеді.
АҚШ Конгресінің, экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зерттеуінің мәліметі бойынша қазір шет елдерде жұмыссыздықтын 70-ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыз-дықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне -жиынтық сұранымнын жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішіндс ен алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне - жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз бола­тын - жумыссыздыкты (фрикциондық, құрылымдық, технологиялык және басқа нысандары) жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы қеңи түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айынын езінде-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап турды. Осындан кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбсктен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардын дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлгаюы, тұрғындардың артүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішше қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80-шы жылдары жұмыс­пен қамтуды көбейтуде өндірктік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90%, ал Батыс Европада 100% құрады.
Қандайда жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономи-калық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз бо­лу - тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің арнамысын, абырой-беделін жоғалту деп те есептеледі.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет - жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі енбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді.
Бұдан тиімді түрдегі жұмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатканы айқын бола түседі. Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату-сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осынын арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінін сапасына деген талап күшейеді.
Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады және қазіргі кездегі оның шамасы қандай? Жұмыс күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады. Әзірше, дүние жүзінін көптеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі, оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы, Швейцарияда бір сағаттық еңбек - 30, Германияда - 28, Австрияда - 22, Францияда -15 доллар тұрады. Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш, қазіргі таңда Қазақстанда, орта шамамен 0,10 доллар (әрине бұл арада инфляцияның деңгейін ескеру қажет) құрады.

1.3. Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері

Жұмыссыздык проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсатымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық және иерархия туралы
Нарықтық экономиканың үлгілері
Нарық механизмі оның қызмет етуіндегі ерекшеліктері
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері
Нарық және иерархия
Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері
Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық салдары
Нарықты мемлекет тарапынан реттеу
Пәндер