Интернетке тәуелділік



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕОРИЯЛАР ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1 Интернетке тәуелділік мәселесі және оның зерттелу жағдайы ... ... ... ... ..
1.2 Интернетке тәуелділіктің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Интернетке тәуелді мінез.құлықты оқушылармен педагогикалық және психологиялық жұмыс жасаудың үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ ПЕДАГОГ.ПСИХОЛОГТЫҢ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Интернетке байланысты практикалық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Интернет.аддикцияны анықтау бойынша тәжірибелік . эксперименттік жұмыс нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Соңғы он жылдан астам уақыт ішінде ақпараттандырудың рөлі одан әрі өсуде. Ол саясаттану, экономика, қаржылық және әлеуметтік, педагогикалық салаларында шешуші факторға айналды. Әлеуметтену негізінде ақпараттандырудың және оны жаңарту, басқарушылықта дұрыс қолдана алуды көздейді. Жаһандастыру (глобализация) үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды экспоненциалды көлемде қоғамдық өмірде қарқынды қолданылуда. Әсіресе Интернет желісінің жаһандануы барша әлеуметтік ортада өмірлік жағдайға әсерін тигізеді.
Батыс елдерінде Интернетті бұқаралық ақпарат құралдырының және байланыстың негізгі көзі ретінде қарастырып, электронды құжаттамаға айналған. С.Браман, Дж.Гайс, А.Гидденс, Р.Даль, В.Даттон, М.Кастелльс, Р.Коллинз, И.Масуду, Р.Моландер, А.Проссер, К.Робинсон, Л.Сассмен, А.Тоффлер, Д.Хаммер, С.Хартен және т.б. авторлар интернеттің ақпараттық көзін және оның басқа да мүмкіншіліктері мен зардаптарын зерттеген. [1]
«Ақпараттық қоғам» термині алғаш рет 60 жылдардың басында Ф.Махлуп және Т.Умесао еңбектерінде ғылыми айналымға еніп, М.Порат, Й.Масуда, Т.Стоуньер, Р.Катц атты зерттеушілердің жұмыстарында көптеп кездеседі. [2] Ақпараттың қолданыста болуы өз алдына дәстүрлі қор және тауарлар негізінде құрылуы тиіс. Яғни, ақпаратты қолданған адам ақпараттың қордың қайда болатынын, қанша тұратынын, оны кім басқаратынын, олар қаншалықты қолжетімді екенін білу міндетті. «Ақпараттық қызмет көрсету нарығы» 50-60 жылдары АҚШ-та ақпараттық қордың негізінде қалана бастады. Сол кезеңдерде ақпараттық қызмет көрсетушілері ретінде тек академиялық, профессионалдық қызметтері және ғылыми-техникалық қоғамдары, мемлекеттік орындар, білім мекемелері, ал тұтынушылары болып – ғалымдар мен ғылым және техника аймағындағы мамандар танылды. 60 жылдардың басында ақпараттық қызмет көрсетумен қатар электронды өңдеу қызметі және ақпаратпен алмасу нарығы дами бастады. Компьютерлік техниканың кірігуіне байланысты 60-70 жылдардың ортасында зерттеу жұмыстары жаңа сипатқа ие болып, ақпараттық қызмет көрсету орталықтары ашылып, мәліметтер базасына айналды (МБ). 70 жылдардың ортасынан бастап ұлттық және жаһандық желілер пайда болды. 80 жылдары ақпараттық индустрия көлемді қызмет аясын ала бастады және қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне әсерін тигізе бастады.
[1] Braman S. The Right To Create7 Cultural Policy in the Fourth Stage of the InformationSociety // Gazette. 1998. Vol. 60. №1; Castells M. The Information Age. Economy, Society and Culture. Vol. I. The Rise of the Network Society; Guicce J. Looking Backward and Forward at the Internet // The Information Society. 1998. Vol. 14. July-September.
[2] Махлуп Ф. Производство и распространение знаний в США: пер. С англ. М.:Прогресс, 1966. 42 стр.; Masuda Y. The Information Society. Wash, 1981, Porat M, Rubin M. The Information Economy Development and Measurement. Wash, 1977.
[3] Дудко О.Н. Диссертация: Государственное регулирование информационных потоков в российском сегменте сети интернет. М., 2002 г.
[4] Короленко Ц.П., Дмитриева Н.В. «Социодинамическая психиатрия». с.291-292. М.. Екатеринбург, 2000.
[5] Войскунский А.Е. «Актуальные проблемы зависимости от интернета». Психологический журнал, №1, 2004.
[6] Ильмар Рейнаас «Интернет-зависимость».
[7] Белинская Е. Интернет-зависимость: аддитивные формы поведения. // Народное образование. – 2009.-№7.-С.268-275.
[8] А.Е.Личко, Н.Я.Иванов «Словарь современной американской психиатрической терминологии с ее отличиями от принятой в России».
[9] Абылкасымова С., Халелова Д. Медицинский бизнес., №4 (04) август., Стр.24.
[10] Абраменко М. Жизнь в киберпространстве. Известия Казахстан., 06.04.2007 г.
[11] Griffiths M. Internet addiction: Faet or fiction? // Psychologist. 1999. V 12(5). P. 246-250.
[12] Москалева А.А. Психолого-педагогические условия и гендерные особенности интернет-аддикции подростков // Вестник КазНУ. Серия пед.науки – 2011. -№2(33). -С.44-51.
[13] Малых Т. Наши дети во всемирной паутине // Воспитание школьников. – 2008.- №2.- С.60-63.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕОРИЯЛАР
ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1 Интернетке тәуелділік мәселесі және оның зерттелу
жағдайы ... ... ... ... ..
1.2 Интернетке тәуелділіктің физиологиялық және психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Интернетке тәуелді мінез-құлықты оқушылармен педагогикалық және
психологиялық жұмыс жасаудың
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Интернетке байланысты практикалық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Интернет-аддикцияны анықтау бойынша тәжірибелік – эксперименттік жұмыс
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Соңғы он жылдан астам уақыт
ішінде ақпараттандырудың рөлі одан әрі өсуде. Ол саясаттану, экономика,
қаржылық және әлеуметтік, педагогикалық салаларында шешуші факторға
айналды. Әлеуметтену негізінде ақпараттандырудың және оны жаңарту,
басқарушылықта дұрыс қолдана алуды көздейді. Жаһандастыру (глобализация)
үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды экспоненциалды көлемде қоғамдық
өмірде қарқынды қолданылуда. Әсіресе Интернет желісінің жаһандануы барша
әлеуметтік ортада өмірлік жағдайға әсерін тигізеді.
Батыс елдерінде Интернетті бұқаралық ақпарат құралдырының және
байланыстың негізгі көзі ретінде қарастырып, электронды құжаттамаға
айналған. С.Браман, Дж.Гайс, А.Гидденс, Р.Даль, В.Даттон, М.Кастелльс,
Р.Коллинз, И.Масуду, Р.Моландер, А.Проссер, К.Робинсон, Л.Сассмен,
А.Тоффлер, Д.Хаммер, С.Хартен және т.б. авторлар интернеттің ақпараттық
көзін және оның басқа да мүмкіншіліктері мен зардаптарын зерттеген. [1]
Ақпараттық қоғам термині алғаш рет 60 жылдардың басында Ф.Махлуп
және Т.Умесао еңбектерінде ғылыми айналымға еніп, М.Порат, Й.Масуда,
Т.Стоуньер, Р.Катц атты зерттеушілердің жұмыстарында көптеп кездеседі. [2]
Ақпараттың қолданыста болуы өз алдына дәстүрлі қор және тауарлар негізінде
құрылуы тиіс. Яғни, ақпаратты қолданған адам ақпараттың қордың қайда
болатынын, қанша тұратынын, оны кім басқаратынын, олар қаншалықты
қолжетімді екенін білу міндетті. Ақпараттық қызмет көрсету нарығы 50-60
жылдары АҚШ-та ақпараттық қордың негізінде қалана бастады. Сол кезеңдерде
ақпараттық қызмет көрсетушілері ретінде тек академиялық, профессионалдық
қызметтері және ғылыми-техникалық қоғамдары, мемлекеттік орындар, білім
мекемелері, ал тұтынушылары болып – ғалымдар мен ғылым және техника
аймағындағы мамандар танылды. 60 жылдардың басында ақпараттық қызмет
көрсетумен қатар электронды өңдеу қызметі және ақпаратпен алмасу нарығы
дами бастады. Компьютерлік техниканың кірігуіне байланысты 60-70 жылдардың
ортасында зерттеу жұмыстары жаңа сипатқа ие болып, ақпараттық қызмет
көрсету орталықтары ашылып, мәліметтер базасына айналды (МБ). 70 жылдардың
ортасынан бастап ұлттық және жаһандық желілер пайда болды. 80 жылдары
ақпараттық индустрия көлемді қызмет аясын ала бастады және қоғамның
әлеуметтік-экономикалық өміріне әсерін тигізе бастады.
Ақпараттық қызмет көрсету нарығының негізгі қатысушылары болып:
1. Ақпаратты жасаушылар (producers);
2. Ақпаратты сатушылар (vendors);
3. Ақпаратты қолданушылар (users) және жазушылар (subcribers). [3]
Қазіргі таңда интернет тек сымдар арқылы ғана емес, сонымен қатар
3G4G және Wi-Fi пайда болғаннан бастап ауада таралып, жаңа үлгіде
шыққан ұялы телефондар, планшеттер, теледидарлар және автомашинадағы
дисплейлер де интернет желісіне қосылуы тіптен оңайға соқты. Әсіресе білім
алушылар күндіз-түні интернет желісінде керекті ақпараттар іздеумен
уақыттарын компьютеринтернет алдында өткізеді. Интернет Қазақстанға
қарағанда, АҚШ және Батыс Еуропада аса қатты дамыған. Алайда, Қазақстан
бойынша интернет желісіне тариф арқылы қосылушылар саны жылдан жылға
артуда. Интернетке тәуелділік жайлы тақырыпта көптеген дау-дамайлар
туындап, зерттеушілердің басты назарына алынды. Әсіресе зерттеуші
психологтар, психотерапевттер, медициналық психиатрлар, білім саласында
педагогтар да дабыл қағуда. Жалпы түрде интернетке тәуелділік химиялық емес
тәуелділікаддикция түріне жатқызылады. Интернетке тәуелділік мінез-құлқы
адамдардың шынайы өмірден виртуалды шынайылыққа өтіп, барлық ойын сол
виртуалды кейіпкеріне салумен басталады. Интернетке тәуелділік-ол
интернетке әр уақытта кіріп отыру, offline (сөндірулі) болған жағдайда,
қалай болса да online (қосулы) болуды көздеп отыру.
Жастардың басты қызығушылықтарын әлеуметтік желіде модаға айналған
Вконтакте, Одноклассники, Фейсбук тәрізді, сонымен қатар ЖЖ, ЛИ.Ру, Твиттер
секілді блогтар мен микроблогтар және тағы басқа жаңалықтар, фото, видео
және мәртебені көрсететін түрлі эмоцияларды енгізуге мүмкіндік беретін
сервистер аударуда. Осылайша барлық жаңалықтардың және жаңашылдықтың
назарында болу үшін қазіргі жастар бір-бірімен жарысып, интернеттің барынша
маңыздылығын дәлелдеуде. Алайда пайдасы бардың зияны бар демекші,
физиологиялық және психологиялық дертке ұшырайтындарын елемейді.
Интернет-кеңістікте анонимділік, еркін сөйлеу, қалаған тақырыпта және
қалаған уақытта тіл табысу, эмоцияны шығару, кез келген сұрақтарға жауаптар
алу мақсатында интернетте көп уақыт отыруды талап етеді. Күні бойғы жасаған
әрекеттерін твиттерге жазып, біреулер болса түрлі сайттарда саяхаттап,
контактыда достарының фотосуреттерін, видеобейнелерін бағалап, үйде
компьютерноутбукпен, жолда келе жатып, далада серуендеп жүріп планшетпен
немесе сабақта отырып ұялы телефонмен интернет желісінде отырады.
Үнемі онлайнда отыруға деген психологиялық тәуелділіктің салдарынан,
біздің күнделікті өмірде байқайтын сандырақ әрекеттер – автобуста немесе
кафеде екі оқушы ұялы телеондарын қолдарына алып, бір-біріне смс жолдайды.
Әңгімелері қысқа да нұсқа, өзіндік тілдері басқаларына түсініксіз,
пошталарын тексеріп, интернетте болып жатқан жаңалықтарға бөгеліп, сонымен
үйлеріне маз мейрам болып қайтады. Осындай кездесудің болғанынан гөрі
болмағаны артық емес пе? Осыдан көретініміз адамдар арасындағы тіл табысу
деңгейі төмендеп, сөйлеу мәнері бұзылып, қызығу орталарының таяздығын
байқауға болады.
Интернетке тәуелділік – біздің басымызда бар мәселенің тікелей
салдары. Жаңа ақпараттар мен таныстарды табу, әдеби шеберлікті ұштау өте
жақсы. Интернеттің осындай сияқты әрекеттерді орындауда пайдасы зор болады
делік. Бірақ шынайы өмірді виртуалды шынайылыққа алмастыру тіптен
ақымақсыздық. Құрал өмірдің негізгі мәніне айналмауы тиіс. Өмірде қорқақ,
әлсіз, қоянжүректі адамдар желіде онлайнкомпьютерлік ойындарды ойнауда,
батыл да батыр, ержүрек, қанішер, кез келген виртуалды кейіпкерді жеңу үшін
бар күшін салады. Олардың өзіндік бір ләззат алуына ыңғайлы орта іспеттес
ол интернет кеңістігі.
Интернет-қатынасқа тәуелділік баршасына аса қауіпті мәселесіне
айналды. Ал оның туындауының бірнеше себептері болуы мүмкін:
❖ Біріншіден, ауызша тіл табысудың жетіспеушілігі байқалғанда. Қалыпты
адам үшін онсыз өмір сүру мүмкін емес. Ал желіде бәрі жеңіл де
қарапайым. Қандай адам тәуелділікке салынады? Әдетте тікелей қатынас
жасаудан жасқанатын ұялшақ және тұйық адамдар.
❖ Екіншіден, ойын ойнауға деген қызығушылық туындағанда. Өзін-өзі басқа
сипатта көргісі келгенде. Әдетте, өзін-өзі бағаламайтын, комплекске
берілген адамдар.
Сонымен, интернетті қолдануда анонимділік, қол жетерлік, көзге
түспеушілік, қауіпсіздік және қарапайымдылық арқылы тікелей тіл табысуға
түсе алмайтын, әлеуметтік ортаға бейімделе алмайтын адамдар үшін бұл құнсыз
қызмет болып табылады. Алайда, осы уақытта өсіп келе жатқан жастардың
қоғамда әлеуметтенуіне кедергі келтіреді. Олар виртуалды шынайылықта
әлеуметтенуіне ұшырап, бейімделуден алшақтайды.
Қазіргі заманда актуалды мәселеге айналған интернетке тәуелділік
тақырыбында зерттеудің теориялық және практикалық мәні артуда. Қоғам
өзгерген сайын ақпараттардың қайнар көздері де сан өзгеріп отыратыны
белгілі. Сол себептен адам құндылықтары, қажеттіліктері мен сұраныстары
заман ағымына ілесуде. Осы орайда интернетке тәуелділік туралы
педагогикалық және психологиялық ойлардың арасында нақты теориялар мазмұны
және ғылыми-әдістемелік негіздемелер құрылмағандықтан, өзара қарама-
қайшылықтар байқалады. Демек, интернетке тәуелді мінез-құлықты оқушылармен
зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бүгінгі күн талабына сай, өркениет
көшіне ілесе отырып, жаһандану үрдісінде болашақ ұлт ұрпағының бейнесін
қалыптастыруға негізделуі тиіс.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: педагог-психологтың орта сынып оқушыларымен интернетке
тәуелділікке байланысты жұмыс жүйесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: – интернет, интернетке тәуелділіктің
туындау себептерін анықтау, интернетке тәуелділікке байланысты зерттеулерді
талдау, мәселенің шешілу жолдарын айқындау, әдістемелік ұсыныс жасау.
Зерттеудің жұмысының міндеттері:
1. Интернет тәуелділік мәселесі бойынша әдебиеттерді зерттеу.
2. Мәселені шешуге арналған ұсыныстар мен кеңестер өңдеу.
Зерттеу әдістері. Зерттеліп отырған мәселе бойынша психологиялық,
ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдап, зерделеу, жүйелеу,
мектептегі оқу үдерісін бақылау, сауалнама, мұғалімдермен, оқушылармен
әңгімелесу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелерін өңдеу және
қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер, мектеп оқушылары арасындағы интернетке тәуелділік мәселелері
бойынша, тәуелділіктің себептері анықталып, алдын алу шаралары жүргізілсе,
мәселеге қатысты теориялар талқыланып, жүйелер және интернетке тәуелді
оқушылармен жұмыс жасау үлгісі жасалып жүзеге асырылса, онда интернетке
тәуелді оқушылар санын азайтуға мүмкіндік туады, өйткені зерттеу барысында
жүргізілген эксперименттік жұмыс нәтижесінде көрсетілгендей оқушылардың
интернетке тәуелді мінез-құлықтарын түзетіп, ойлау қабеліттерін дамытуға,
танымдық белсенділіктерін арттыруға және шығармашылыққа баулуға болады.
Зерттеудің дерек көздері: педагогтардың, психологтардың таным, білім
жеке тұлғаның шығармашылық әрекеті туралы еңбектері, интернет-аддикция
туралы ғылыми еңбектер, озат ғалымдардың іс-тәжірибелері.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕОРИЯЛАР ЖҮЙЕСІ.

1.1 Интернетке тәуелділік мәселесі және оның зерттелу жағдайы.
Психологтардың зерттеушілік және терапиялық тәжірибесінде едәуір
аймақты заңды түрде тәуелділік психологиясы алады. Тәуелділік туралы ілім,
психология мен медицина түйіскенде қисынға келді, сонымен қатар нақты үлес
қосқан педагогика және әлеуметтану ғылымдары. Эпидемиялық үлгі бойынша даму
үстінде тұрған тәуелділіктің түрлерімен, айталық наркотикалық (соның ішінде
токсикоманияны қосқанда), алкогольдік немесе шылымдық, күресу және оларды
алдын алу шараларымен қатар тәуелділік туралы ауқымды түсініктер
қалыптастыру айқын ойлар көрсетеді. Шын мәнісінде сана жағдайының өзгеру
жолымен шынайы өмірден кетудің көптүрлі әдісі, жолы туралы сұрақтар
көптеп қойылады.
Тәуелділік және аддикция ұғымдары кеңестік ғылымда жаңа термин
ретінде әйгілі. А.Е.Личко және Н.Я.Иванов құрастырған сөздікте алғаш рет он
жылдай бұрын қолданды. Шетелдік жетекші елдерде бұл ұғымды әлдеқайда кеі
түрде қолдануда. Ресейлік авторлардың басылымдарында мінез – құлықтық
тәуелділік туралы көп айтылады.
Адамзаттың түрлі әуестенуі оның психологиялық тәуелділігінің дамуы
туралы айтады. Тәуелділіктің психологиялық үлгілері, физикалық тәуелділікті
қоспағанда, оны қайта қарасырып, адамның сол сезімдері мен сезінулеріне
деген байланушылығының эмоцияналды күйін анықтайды. Ц.Т.Короленко
Н.В.Дмитриевамен жазған еңбегінде тәуелділіктің психологиялық үлгісін
айқындайды. Аддиктивті жүріс-тұрыстың элементтері (бөлшектері) өзіндік
психологиялық жағдайының өзгеруі арқылы шынайы өмірден кетуші әр адамға
тән. Аддикцияның мәселесі шынайы өмірден кету (қашу) қарқыны психологиялық
жағдайының өзгеруіне байланысты болса, онда сол қарқын одан әрі санада
күшейіп, негізгі орталық ойға айналып, шынайылықтан толық үзілгенде
басталады. [4] Әрі қарай авторлар аддикцияның химиялық түрінен химиялық
емес түрін ажыратып көрсетеді. Химиялық емес аддикцияға: құмартпа ойындар
аддикциясы (басқаша гемблинг), работогольді аддикция (музыканы күні мен
түні үздіксіз тыңдау), ақшаны қалай болса да солай жұмсау аддикциясы
(шопоголизм), басқа адамдармен қарым-қатынас аддикциясы (сексуалды
аддикция, сезім аддикциясы, қашқақтау аддикциясы), ургентті аддикция (үнемі
уақыттың тапшылығына әдет аддикциясы). [4]
Айта кететін жайт, дүние жүзінде гемблинг көптеген ззерттеушілердің
назарын аудартып, тұлғаның бұзылуы және ересектік уақытта жүріс-тұрыстың
бұзылуы, мәселен, пиромания, клептомания немесе трихотилломания (шашты
ауыртып жұлуға деген құштарлық). Осымен қатар жеңіл түрдегі есірткі заттары
(марихуана) сияқты және физикалық тәуелділікті тудырмайтын басқа да зиянды
химиялық заттардың қолданылуы (дәрігердің рұқсатынсыз жіберілетін
антидепрессанттар немесе анальгетиктер түріндегі психотропты препараттар)
зерттеу саласында көп қызығушылықтар танытады.
Интернетке тәуелділік немесе интернет-аддикция (Internet Addiction
Disorder немесе IAD), сонымен қатар интернетті шамадан тыспатологиялық
қолдану (Internet Overuse, Pathological Internet Use) атаулары көптеп
кездесіп, күнделікті өмірде қолданылуда. Интернетпен белсенді жұмыс істеу
уақытында қысқа уақытқа болса да басқа нәрсеге бөгеле алмаушылық пен
қабілетсіздік, тіпті интернетпен жұмысты доғару белгіленбейді; интернет
желісін күштеп немесе амалсыздан тоқтату кезінде өкініш пен ашу-ызаға
салыну; интернетпен жұмыс уақытын шексіз созу және уақытты шектей алмау;
интернет желісінің үнемі қосылып тұруын ақшалай қамтамасыз етіп отыру;
отбасы мен достарымен қарым-қатынасқа түсу кезінде интернетпен шектеліп,
соған ұмтылу; қызмет ету немесе оқу кезінде салғырттық, интернет алдында
дұрыс тамақанбау (биологиялық режимді бұзу), ұйқысыздық секілді белгілеру
дәл осы интернетке тәуелділіктіаддикцияны байқатады.
Интернетке тәуелділіктің психологиялық феноменін зеттеген алғашқы
зертеушілер ретінде клиникалық психолог К.Янг және психиатр И.Голбергті
айтуға болады. 1994 жылы Янг арнайы сұрақтама дайындап, веб-сайтта 500
жауап берушілердің ішінен 400 аддиктті анықтады. Ал Голберг 1995 жылы
құмартпа ойындарға деген қызығушылық негізіне сәйкестендіріп құрастырған
интернетке тәуелділікті анықтау үшін диагностикалық жұмыстарды ұсынды. 1997-
1999 жылдары осы көрсетілген мәселе бойынша зертеушілік және
психотерапиялық кеңес беру веб-қызметтері пайда болды. 1998-1999 жылдары
К.Янг, Д.Гринфилд және К.Суррат алғашқы монографияларын жариялады. 1998
жылдың аяғына қарай Сурраттың айтуы бойынша, интернет-аддикция ресми түрде
тар мағынада клиникалық бағыт ретінде емес, адамдарға психологиялық-
тәжірибелік көмек беру және зерттеудің негізгі саласы болды.
Соңғы кездері (жылдары) интернетке тәуелділікаддикция жайлы
ақпараттар едәуір түсінікті болды және оған мыналарды кіргізуге болады:
a. Компьютермен жұмыс жасауға деген обсессивті құмарлық (ойындарға,
бағдарламаландыруға немесе басқа да іс-әрекет);
b. www-мен компульсивті навигация, жойылған мәліметер қорында іздеу
жүргізу;
c. интернетке деген, құмартпа ойындарына, онлайн аукциондарға
немесе электронды сатылымдарға патологиялық құштарлық;
d. интернетті әлеуметтік қолдануға тәуелділік, яғни чаттарда
араласу, топтық онлайн ойындары мен телеконференцияларда шынайы
өмірде бар достары мен жанұясын виртуалды кейіпкерлермен
алмастыру әбден ықтимал;
e. киберсекске тәуелділік, яғни интернет желісіндегі
парнографиялық сайттарға, чаттарда немесе ересектерге арналған
жабық топтарда сексуалды тақырыптарда талқылау жүргізу. [5]
Интернетке тәуелділік (ағылшын сөзі Internet Addiction, Internet
Addiction Disorder) - психиканың бұзылуы, Интернетке қосылуға деген
байланушылық ықылас, Интернеттен уақытында ажырай алмаушылық. Интернет-
аддикция кең мағынада талқыланатын сұрақ болып табылады. Алайда бұл
психиканың бұзылуы DSM-IV-дің ресми сырқат топтамасына кірмегедіктен
бейресми деңгейде қалып отыр. 1997-1999 жылдары зерттеушілік және
психотерапиялық кеңес беру интернет-қызметтері ашылып, интернетке
тәуелділік мәселесін қарастырды. 1998-1999 жылдары алғашқы мақалалар шықты.
Қазіргі таңда әлемнің 10 %-ы интернетке тәуелді деп танылады. Интернет-
аддикцияны бірен сараң ғалымдар ресми түрде дерт ретінде қабылдамаса да,
озық мемлекеттерде интернетке тәуелді адамдарға психотерапиялық,
психологиялық көмек ұсыну жүргізілуде. Мәселен, Финляндияда осындай
психиканың бұзылуына ұшыраған жас азаматтарды әскер сабына қабылдауды
кейінге қалдырады. Көптеген интернетті пайдаланушылар құмарлыққа салынып,
қозып, мазасыздыққа беріледі. Онлайнда отырып, виртуалды достарымен танысып
немесе көптеген ақпараттар жинақтау деген оймен интернетке қалай тәуелді
болғандарын да білмей қалады. Осындай әрекетті біз өзіміздің ортамыздан көп
кезіктіреміз. Әсіресе, оқушылар арасында өте көптеп байқалады. Зерттеу
жүргізу барысында интернет-аддикцияның негізгі 5 түрін топтастырып
көрсетуге болады:
1. Ақпаратты шамадан тыс тиеу (байланған web-серфинг) – интернетте
шексіз саяхаттау, мәліметтер қорынан мәліметтер іздеу;
2. Желіге деген ынтаның болуы – құмартпа онлайн ойындарында ойнау,
үнемі сатылымдар мен аукциондарға қатысу;
3. Виртуалды танысуларға құштарлық – Желіде таныстары мен
достарының тым артуы;
4. Компьютерлік тәуелділік – компьютерлік ойындарға деген
мәжбүрлік (атысу – Doom, Quake, Unreal және т.б., Star Craft,
Contral Strake тәрізді стратегиялар, квесттер);
5. Киберсексуалды тәуелділік – порносайттарға көп кіруді әрдайым
қалау, өзін-өзі басқара алмаушылық.
Интернетке тәуелділіктің бірлігі бойынша желідегі қызметтерді
статистика былай бөліп көрсетеді:
• Чаттар – 37 %
• Көпқолданбалы ойындар - 28%
• Желіде телеконференциялар - 15%
• Электронды пошта - 13%
• Әлемдік өрмек сайттары - 7%
• Басқа да желілік хаттамалар (ftp, gopher және т.б. )- 2%.
Интернет тәуелділіктің 4 белгілері:
I. E-mail-ды үнемі тексеріп отыруға деген байлаушылық;
II. Интернетте отыруды күту және асығу;
III. Интернетті пайдаланушының желіде тым көп отыруы туралы сыртқылардың
шағымдануы;
IV. Интернетке ақшаны көп жұмсауына сыртқалырдың шағымдануы. [6]
Марк Гриффитс (Griffiths) Интернет-аддикцияның екі топқа бөліп
қарастырады:
1. Бірінші реттегі аддикттер ойын ойнау кезінде (онлайн ойындар)
өздерін көңілді сезінеді. Желіде топ болып ойнағнды ұнатады,
себебі топтан жағымды көмек алады, әсіресе ойынның жеңімпазы
болғанда. Олар үшін компьютер – әлеуметтік сыйақы алатын құрал
болып табылады.
2. Екінші реттегі аддикттер компьютерді өз өмірлеріндегі бір
жәйттардан қашу үшін қолданады. Және олардың осы техникаға
байлаушылығы – ішкі мәселелердің терең деңгейін көрсетеді (мысалы,
физикалық тапшылық, өзін-өзі қадірлеудің төмен болуы және т.б.).
[9]
Тәуелділіктің дамуын мысал ретінде қарастыру үшін мына оқиғаға үңілейік.
Дәулет Т., 31 жаста, жұмыссыз. Алғашында Интернетке жай кино-фильмдер
көру үшін, музыка тыңдау үшін, агентте отыру үшін қосылған. Үш айдан кейін
достарының үгіттеуімен, онлайн ойындарды жазып алады. Интернет алдында
отыру әдеттегідей 2-3 сағат емес, күніне 8 сағатқа дейін созылады. Әрине,
таңға дейін компьютер алдында отырғандықтан, жұмысқа кешігеді, бір айдан
кейін тіптен апталап бармай қояды. Есесіне жұмыстан шығарылады. Бар ақшасын
ай сайын Интернет желісіне қосылып отыру үшін жұмсайды. Энергетикалық
сусындардың соңы сыраға, темекі қораптап тартылатын болды. Күні мен түні
сол жұбайының (аддикттің айтуы бойынша компьютер оның жұбайы) қасында
отыратын болды. Жеке өмірі жайлы мүлдем ойланбайды, себебі компьютерден
қолы босамайды. Дәулеттің айтуы бойынша үйленетін ойы жоқ, қызы да жоқ.
Достары да шектеулі. Оның достары көбіне онлайн ойынға ақша тігіп ойнайтын
командасы. Өзін аддикт екенін мойындауға батылы жетпейді, ол өз өмірінің
ағымы осындай деп түсіндіреді. Ал Дәулеттің анасы үмітсіз шайтан демекші,
үйіне келін келеді деген үмітте.

1.2 Интернетке тәуелділіктің физиологиялық және психологиялық
ерекшеліктері.

Алғашқы белгілеріне карпальді канал (карпальный канал) синдромы (ұзақ
уақыт бойында бұлшық етті зорықтырғандықтан, оң қолдың жүйке бағаналарының
туннельді зақымдануы); көздің құрғатуы; мигрень тәрізді бастың ауруы;
ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, ұйқы режимінің бұзылуы).
Интернетке тәуелділіктің психологиялық белгілері әлдеқайда көп және
олар келесідей топтастырылады:
1) Когнитивті ортаның өзгеруі (интернетпен байланысты армандар мен
қиялдар, виртуалды шынайлық туралы ынталы ойлар);
2) Мотивациялы-қажеттік саланың өзгеруі (өзін-өзі басқару мүмкіндігінің
төмендеуі, көбіне- интернет алдында уақытты басқара алмайшылық, қызығу
ортасының тарылуы, онлайнда үнемі отыру талабы);
3) Аффективті ортасының өзеруі (интернетпен байланыс бастаған сәтте
эйфорияда болу, интернеттен шыққанда мазасыздық немесе ашу-ызаға
салынушылық білдіру, интернетке кіре алмаған кезде қозуға беріліп,
тіпті агрессияға салыну, сол үшін өзін-өзі күнәлі есептеу);
4) Жүріс-тұрыстың өзгеруі (желіде болған уақытты жасырып, үйіндегілерге
өтірік айту, жұмысқа деген мүмкіндігінің төмендеуі, оқу үлгерімінің
нашарлауы, өзінің жақын әлеуметтік ортасында әлеуметтік-қауіпті және
эксценртикалық мінез-құлықтың болуы).
Интернетке тәуелділердің тұлғалық ерекшеліктері (интернетте отырған
уақытта):
✓ Үстем болуға бейімділік, әлеуметтік батылдық және өзіне сенімсіздік,
өзін-өзі бағалаудың төмендігі;
✓ Қатынас кезінде жағымсыздық, интроверсия және экстраверсия;
✓ Өзіндік ашылу деңгейінің төмен болуы, өзіндік өзгеруге әлсіз тырысу,
жаңа сынақтарға ашықтық және еріктік;
✓ Шынайы өмірде қарым-қатынастың азаюы және виртуалды шынайылықта
танысу қарқынының өсуі;
✓ Тәуекелге бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Ғаламторға тәуелділік- ғаламдық дерттің бастауы
Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің теориялық негіздері
Ғаламторға тәуелділік мәселесінің тарихы
Интернет тәуелділіктің пайдасы мен зияны
Зиянды бағдарламалардан қорғау
Зиянды бағдарламалар
Вертуальды және интернет тәуелділігінің психикалық аспектілері
Интернеттегі коммуникация және қоғамның тілдік даму мәселесі
Интернетке тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәндер