Моғол хандығы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І . тарау
1.1 Моғол хандығының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Территориясы мен халқы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

ІІ . тарау
2.1 Моғолстанға Темірдің басып кіруі қарсаңында ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Моғолстанға жасалған жорықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Пайдаланылған әдебиеттер

Сілтеме
Кіріспе
Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан былай саяси және экономикалық жағынан алғанда біртұтас бола алмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауараннахрды жаулап алған монғолдар жергілікті отырықшы-егіншілік және қала дәстүрлерінің ықпалымен жағдайға бейімделіп, отырықшылыққа ауыса бастады . Жетісуда қалған монғолдар болса, олар мұнда елеулі дәрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты сақтап қалды, ол былай тұрсын жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпелілерінің біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады.
Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар өлкені ауыр-шаруашылық күйзеліске ұшыратты, ал Мауараннахрды мекендеген хандардың оны осындай жағдайдан құтқармақ болған әрекеттері түріктердің көшпелі бөлігінің және түріктенген моңғол феодал үстем тобының наразылығын туғызды. ХІV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұрпағы мемлекеті дербес мемлекеттерге айналған батыс және шығыс бөліктерге б-лінді. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы мемлекетінің шығыс аймақтарының феодал шонжарлары 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан қойды. Мұнда XIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты рольді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір территорияны алып жататын.
Дуғлаттардың феодал үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы отырықшы-егіншілік жерлеріне де иелік етті.
Мырза Мухаммед Хайдар дуғлат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған деп жазады. «Шағатай-хан өз мемлекетін [үлестерге] бөлгенде, ол Өртөбеге (Өрте-Бараққа), әмір Поладшының атасына, Маңлай Сүбені [облысын] берді... Оның шығыс шекарасы — Құсан, (Құша) мен Тарбүкір, батыс шекарасы — Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уәлаятының орналасқан; солтүстік шекарасы — Ыстықкөл, ал оңтүстігінде — Жарқан мен Сарыұйғыр.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сказкин С.Д. «Орта ғасырлар тарихы» Алматы. 1979 ж.
2. История стран Азии и Африки в средние века. М., 1957 г.
3. Қазақ ССР тарихы . ІІ том. Алматы, 1983 ж.
4. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы. 1994 ж.
5. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 12 томдық, Алматы 2005 ж.
6. История средних веков. Москва, 2004 г.
7. Историческая энциклопедия. Москва, 2001г.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І – тарау
1.1 Моғол хандығының
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Территориясы мен
халқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

ІІ – тарау
2.1 Моғолстанға Темірдің басып кіруі
қарсаңында ... ... ... ... ... ... . ...13
2.2 Моғолстанға жасалған
жорықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер
Сілтеме

Кіріспе
Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан былай саяси және
экономикалық жағынан алғанда біртұтас бола алмаған Шағатай ұрпағы
мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауараннахрды жаулап алған монғолдар
жергілікті отырықшы-егіншілік және қала дәстүрлерінің ықпалымен жағдайға
бейімделіп, отырықшылыққа ауыса бастады[1]. Жетісуда қалған монғолдар
болса, олар мұнда елеулі дәрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты
сақтап қалды, ол былай тұрсын жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай
көшпелілерінің біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады.
Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар өлкені ауыр-шаруашылық
күйзеліске ұшыратты, ал Мауараннахрды мекендеген хандардың оны осындай
жағдайдан құтқармақ болған әрекеттері түріктердің көшпелі бөлігінің және
түріктенген моңғол феодал үстем тобының наразылығын туғызды. ХІV ғасырдың
ортасына қарай Шағатай ұрпағы мемлекеті дербес мемлекеттерге айналған батыс
және шығыс бөліктерге б-лінді. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы
мемлекетінің шығыс аймақтарының феодал шонжарлары 1348 жылы Шағатай ұрпағы
Тоғылық-Темірді хан қойды. Мұнда XIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі
басты рольді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған
дуғлат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы
ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір территорияны алып
жататын.
Дуғлаттардың феодал үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы
отырықшы-егіншілік жерлеріне де иелік етті.
Мырза Мухаммед Хайдар дуғлат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз
иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған деп жазады. Шағатай-хан өз мемлекетін
[үлестерге] бөлгенде, ол Өртөбеге (Өрте-Бараққа), әмір Поладшының атасына,
Маңлай Сүбені [облысын] берді... Оның шығыс шекарасы — Құсан, (Құша) мен
Тарбүкір, батыс шекарасы — Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы
Ферғана уәлаятының орналасқан; солтүстік шекарасы — Ыстықкөл, ал
оңтүстігінде — Жарқан мен Сарыұйғыр.

1.1 Моғол хандығының құрылуы.
Әмір Поладшы билеген осы аталған бүкіл территория Маңлай Сүбе аталды.
Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішінде ең үлкендері:
Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Андижан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы
қалалардың ішінен әмір Поладшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды.
Кейіннен бұл аудан Моғолстан билеушілері өкіметінің ауық-ауық тірек базасы
ролін атқарды[2].
Дуғлат руынан шыққан әмірлердің XIII ғасырдың өзінде өрлеуі туралы
мағлұматтарды Та'рих-и Рашиди авторы сөзсіз өсіріп айтқан; ол өз
аталарының билікке деген дәмесін, ежелгі тайпаның басқа руларға қарағанда
бас ру екендігін, хандарға дәстүрлі жақындығын негіздемек болған. Мұны В.
В. Бартольдтің өзі-ақ Рашид ад-диннің дуғлаттар туралы айта келіп, осы
тайпадан ол ғасырда [XIII ғасыр] және қазір де сый-құрмет пен даңққа
бөленген ешкім де мәлім емес деп ескерткен пікірін негізге алып атап
көрсетті. Алайда XIV ғасырдың екінші жартысында дуғлаттардың басқа түрік
және түріктенген тайпаларға қарағанда саны мен әскери күші жағынан,
деректемелерге қарағанда, шын мәнінде басым болғаны және дуғлаттан шыққан
әмірдің хандықты құру жолындағы күресті басқарғаны күмән келтірмейді.
Дуғлаттардың үстем тобының басшысы әмір Поладшы Мауараннахрдан
бөлектенген хандық құрмақ болып, өзінің басшылық жағдайын нығайтуға және
феодалдық егестерді бәсеңдетуге үміттенді. Бұл егестер туралы деректемелер
былай деп жазады: Моғол ұлысы хансыз қалды, моғол халқында әркім өзіне бас
болып, ұлыста тәртіпсіздік орнады, әрбір моғол әмірі тәуелсіздік пен өз
билігіне ұмтылып, қарсы әрекеттер мен егестердің жалауын көтерді.
Дуғлат көсемдері арқылы моғол шонжарлары Жетісу мен Шығыс Түркістанда
өз билігін нығайтқанымен, көршілес Мауараннахр мен Ақ Орданың феодалдары
сияқты қалыптасқан дәстүрді бұзуға және Шыңғыс әулетінен билікті тартып
алуға батылы бармады. Поладшы таққа өзі қойған ханды отырғызбақ болып,
Шағатай әулетінен Дуваханның немересі 18 жастағы Тоғылық-Темірді қалады:
Моғол тілінде '[шежіреде] әмір Поладшы-ханды он алты жасында... әкелді деп
айтылады. Он сегіз жасында [Тоғылық-Темір] хан болды, жиырма төрт жасында
мұсылман болды, ал отыз төрт жасында өлді. Күрделі, саяси жағынан тұрақсыз
жағдайда дәл осы хан феодал шонжарларға сүйене отырып, өзінің билігін
күшейтті және моғол хандарының жаңа, едәуір орнықты әулетінің негізін
салды.
Өздері қойған адамды хан етіп бекіте отырып, дуғлат әмірлері ел
ішіндегі өз ықпалын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өз иелікіерін
түрік әмірлерінің билік үшін шиеленіскен күресі жүріп жатқан Ферғана мен
Мауараннахр тарапынан болатын шапқыншылықтан қорғауға, ол былай тұрсын
көрші елдің ісіне араласуға тырысты[3].

1.2 Территориясы мен халқы
Жаңа мемлекет бұған дейін Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде
қалыптасқан атпен, яғни Моғұлстан (Моғолстан) деп атала бастады. Мырза
Мухаммед-Хайдардың Та'рих-и Рашидиіне сәйкес Моғолстанның шекарасы
төмендегідей болды: ...қазір Моғолстан деп аталатын территорияның ұзындығы
мен көлденеңі [ұзақтығы] 7—8 айшылық жол. [Моғолстанның] шығыс шеті
қалмақтардың жерімен шектеседі және Барскөл, Емел және Ертісті [өзіне
қосады][4]. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Бум мен
Қаратал арқылы өтеді[5], батысында [Моғолстан] Түркістан және Ташкентпен
шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және
Тұрфанмен шектеседі, яғни Моғолстанның едәуір бөлігін Оңтүстік-Шығыс
Қазақстан мен Қырғызстанның территориясы құрады. (Оңтүстік шекараның)
ұзындығы сауда керуенінің үш айшылық жолына жетеді және тоқсан күншілік
асуы бар. Бұдан әрі Мұхаммед-Хайдар былай деп жалғастырады: Моғолстанда
көлемі жағынан Жейхұнға (Амудария) тең көптеген ірі өзендер бар, олардың
ішінде Іле, Емел, Ертіс, Шұлық (Шу) және Нарын бар. Бұл өзендер Сейхұннан
(Сырдария) бірде-бір кем емес. Осы өзендердің басым көпшілігі Моғолстан мен
Өзбекстан (Шығыс Дешті Қыпшақ) арасына орналасқан және оларды бөліп
тұрған Көкшетеңіз көліне құяды.
Моғолстанның шекарасы тұрақты болған емес, оның бір жарым ғасырлық
өмір сүрген уақыты бойында өзгеріп отырды. Алғашқы хан Тоғылық-Темір
мемлекетінің құрамына Моғолстанның өзі мен вассалдық иелік ретінде Шығыс
Түркістанның бір бөлігі (дуғлат әмірі Поладшының үлесі Маңлай Сүбе) кірді.
Кейіннен Шығыс Түркістан бірде Темір ұрпағының мемлекетіне кірді, немесе
қайтадан Моғолстан билеушілерінің қол астына қарады; XV ғасырдың 80-ші
жылдарынан бастап Моғолстан хандары иеліктерінің құрамына Ташкент пен
Сайрам енді, бірақ Жетісу тыс қалды. Моғолстанның ыдыраған кезінде XVI
ғасырдың басында оның хандарының билігі тек Қашғариямен ғана шектелген еді.
Тарихи-географиялық Моғолстан термині, мемлекеттің өзінің аты
сияқты моғұл, моғол этнонимінен құралған; монғол сөзі Орта Азияда
осылай жазылатын болған, айтылғанда да солай айтылса керек. XIV ғасырдың
өзінде-ақ мұнда ауысқан моңғол рулары мен тайпалары жергілікті түрік
халқымен сіңісіп кетті. Моғол тайпалары деректемелерде түрік тайпалары
ретінде, өзінің негізінде шығуы жағынан автохтондық болып көрінеді.
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның негізгі халқы мұнда Моғолстан өмір сүрген кезде
түрік тілдес болды.
Моғолстан орта ғасырлық авторлардың тарихи шығармаларында мемлекеттің
құрылу кезеңіне қарай моғол атты этникалық-саяси біртұтастыққа бірігудің
ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті түрік және түріктенген
монғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі ретінде көрінеді.
Деректемелер моғолдарға түрік атаулары да, монғол атаулары да бар ірі
тайпаларды жатқызады, олар: дуғлаттар (дулаттар), қаңлылар (бекшіктер),
керейіттер (керейлер), аргинуд (аргинут) баариндер, арлаттар, барластар,
бұлғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар (мәселен, үйсіндер)
деректемелерге енбеген, бірақ сол кезеңнің барлық әскери-саяси оқиғаларына
қарамастан олардың мұнда одан әрі өмір сүргеніне ешбір күмән жоқ. [Орталық
Азияның саяси картасында XIV ғасырдың ортасында Жетісуда орталығы бар
Моғолстан мемлекетінің пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақ территориясында Ақ
Орданың пайда болып, нығаюымен қатар Қазақстан тарихында маңызды оқиға
болды.

Та'рих-и Рашиди бойынша Тоғылық-Темір дуғлаттардың феодал үстем
тобының, сондай-ақ басқа тайпалар (оның әскербасылары қатарында керейіт,
аргинуд, қаңлы тайпаларының әмірлері мен бектері аталады) ақсүйектерінің
қолдауымен едәуір дәрежеде жағдайды қалыптастырып, Моғолстанның бүкіл
территориясын өз билігіне біріктіре алды; оның ордасы Алмалықта болды[6].
Алғашқы моғол ханы ұлыстық жүйені сақтады; жоғарғы ұлыс бегінің мұралық
лауазымын ол дуғлаттардың басшысына бекітті. Салық жинауды реттеу үшін
бірқатар шаралар қолданылды.
Тармашырын-хан исламды мемлекетінің ресми діні жасаған Мауараннахр
хандарының өнегесімен Тоғылық-Темір өзінің жоғарғы билігін орта ғасырлық
Шығыстағы сыннан өткен идеологиялық тірек — мұсылман діні арқылы нығайтуды
ұйғарды. Ислам жергілікті халыққа Қарахандар дәуірінен бері белгілі
болғанымен, шағатайлық хандар мен түріктенген феодал үстем топ өздерінің
қол астындағыларының көбі тәрізді мәжусилер болатын. Тоғылық-Темір кезінде
Моғолстанда мұсылмандықты күштеп тарату жөнінде батыл шаралар қолданылды.
Мырза Хайдардың хабары бойынша бір күнде 160 мың адам ислам дініне
енгізілді. Бұл, әрине, асырып айтылған, бірақ ол исламды енгізу барысын
дұрыс бейнелейді. Исламды қабылдамағандарға, тіпті әмірлер мен бектерді
қоса, өлім жазасына дейін қатаң шаралар қолданылды.
Тоғылық-Темір өз билігін Мауараннахрға да жүргізбек болды. Өзінің
сыртқы саяси әскери істерімен Тоғылық-Темір өз беделін арттырып, өз
мемлекетін нығайтуға тырысты. Көрші егіншілік өлкелерінен оңай олжа тауып,
тұтқын түсіру дәмесі хан төңірегіне көшпелі ақ сүйектердің топтала түсуіне
жағдай жасады. Өзінің алғашқы жорығына Тоғылық-Темір Жетісудан 1360 жылғы
февраль-мартта аттанды. Әскерімен Ташкентке жақын тоқтап, Тоғылық-Темір-хан
алға отряд жіберді; отряд Сырдариядан өтіп, Шахрисябз қаласына қарай жүріп
кетті. Тоғылық-Темірдің өзара жауласып жатқан жергілікті әмірлер өзіне
қарсылық көрсетпейді деген есебі дұрыс шықты. Олардың бірі— Орта Азияның
болашақ жаулап алушысы әмір Темір — Тоғылық-Темірге бағынатынын білдіріп,
сол үшін Кеш қаласын үлес жерімен бірге басқаруға алды.
Моғол әскерлерінің одан ары жылжуына Тоғылық-Темірдің
әскербасыларының өзара іс әрекетінің үйлеспеуі кедергілік келтірді. Олар ең
алдымен хан ордасына келіп, содан соң бүлік шығарып, Моғолстанға кетіп
қалды. Моғол ханы Мауараннахрды бағындыру жөніндегі одан арғы әрекетін
қоюына тура келді. Бүліктің себебі төмендегідей еді: Тоғылық-Темір Шағатай
мемлекетін қалпына келтірмекші болды, ал көшпелі шонжарларды Мауараннахрдың
отырықшы халқын тонау есебінен баю мүмкіндігі ғана қызықтырған еді.
Әмірлердің бүлігін басып және өз билігін біраз нығайтқан соң Тоғылық-
Темір 1361 жылы тағы да Мауараннахрға аттанды. Мауараннахрдың ірі
әмірлерінің бірі Қажы барлас Хорасанға қашты; Темір тағы да өзінің
бағынышты екенін білдірді де, Кеш өңірін билейтінін құптатып алды. Тоғылық-
Темір Мауараннахрдың бүкіл территориясы арқылы өтіп, оңтүстікте Құндызға
дейін жетті, мұнда көктем мен жаз бойы болып, күзде Самарқандқа оралды.
Тоғылық-Темірдің Мауараннахрда уақытша орнығуына өлкедегі саяси жағдайдың —
жиырма жыл бойы, XIV ғасырдың 40-шы және 50-ші жылдарындағы орталық
биліктің болмауы себептесті. Ішкі феодалдық соғыстардан және шетелдік
басқыншылықтардан қалалар мен елді мекендердің бейбіт халқы азап шекті.
Оның (Тоғылық-Темір-ханның) әскері, — деп әңгімеленеді Зафар-намеде, —
Гиндукуштың тау бөктеріне дейінгі аудандар мен территориядағы халықтың
жерін тонап, күйзелтті....
Өзінің баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың билеушісі етіп қалдырып,
Тоғылық-Темір Моғолстанға оралды. Бірақ моғол әмірлері тағы да бүлік
шығарды, ал әмір Темір ізінше Тоғылық-Темірдің қойған билеушісінен кетіп
қалды. Моғол әскербасылары өздерін жаулап алушылардай ұстап, тек өздерінің
баюын ғана көздеді[7]. Халық бұқарасының ашынуы мен жаулап алушылар
ордасындағы талас-тартысты пайдаланып, әмір Темір Мауараннахрда билік
жүргізуге күш сала бастады[8]. Тоғылық-Темірдің елімі хан тағын мұралану
ісімен айналысу үшін Ілияс-Қожаны Мауараннахрдан кетуге мәжбүр етті. Бірақ
қайтар жолда Темір мен әмір Құсайынның біріккен әскерлерімен Ілияс-Қожаның
шайқасуына тура келді. Ол жеңіліп, тұтқынға түсті, бірақ Моғолстанға
босатылып жіберілді. Темір жеңілген моғол әскерлерін Ташкентке дейін қуды.
Моғолстанның ханы болған соң Ілияс-Қожа 1365 жылы өз билігіне бұрынғы
Шағатай иеліктерін біріктіруге жаңа әрекет жасады. Темір өз әскерлерімен
оиы Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында қарсы алды. Бұл
жерде өткен белгілі Батпақ шайқасының (Джанг-и лой) екі жақ үшін де зор
маңызы болған еді. Шайқас кезінде әскерлердің соғыс қимылын қиындатқан
қатты нөсер құйды. Моғолстанның қатан ауа райына көндіккен және неғұрлым
жақсы жасақталған Ілияс-Қожаның әскері бұл шайқаста жауға төтеп берді.
Дуғлат әмірі Шамс ад-дин басқарған моғол әскері Темірді кері қайтуға мәжбүр
етті және дүркірей қашқан кезде көптеген адамдар батпақ пен лайға
тапталды, қырғын алаңында 10 мыңға таяу адам өлді.
Жеңіс моғол әскерлеріне Мауараннахрға жол ашты. Му'ин ад-дин Натанзи
моғолдардың Самарқандқа барар жолдағы тонаушылықтары туралы хабарлайды:
Жеңістен кейін моғолдар ислам елінде талан-тараж бен зорлық-зомбылыққа ден
қойып, өлтірумен және тонаумен айналысты38. Темір мен Хұсайын Самарқандты
тастап, Амударияның арғы бетіне өтті. Бірақ моғолдар қаланы ала алмады:
моғолдарға қарсы, феодалдарға қарсы орталығы Хорасанда болған қозғалысқа
қатысушы сарбадарлар басқарған Самарқанд халқы жойқын қарсылық көрсетті.
Ұзақ қоршауға алу әскерді әлсіретті, Жете (яғни Моғолстан. — (Ред.)
әскерінің аттарына жамандат тиіп, бұдан аттардың қырылғаны сонша, төрт
жауынгерге бір аттан да қалмады. Моғолдар қаладан шегінуге мәжбүр болды.
Әрине моғолдардың шегінуінің басты себебі Самарқанд халқының қаһармандық
күресі болғаны түсінікті. Моғолстанның алғашқы хандарының Шағатай ұрпағы
мемлекетін қалпына келтіру жөніндегі әрекеттері осылай аяқталды.
Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауы экономикалық және саяси
себептерге, ең алдымен күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық процесіне
байланысты заңды құбылыс болды. Моғолстан хандарын бұрынғы Шағатай ұрпағы
хандарымен бір деп дұрыс теңестірген Мауараннахрдың отырықшы-егінші және
қала халқы тәуелсіздік үшін табанды күрес жүргізді. Моғолстан хандарының
көршілес жерлерді жаулап алуға ұмтылуы көшпелі-феодал ақсүйектердің таптық
мүдделеріне байланысты еді[9]. Хандар осы ақсүйектердіц өз қолдарынан
қойған адамдары болатын және бұлар хандарды басқыншылық соғыстары ойларынан
шықса ғана қолдайтын; ал замандастарының ойынша (тиісінше тарихи
шығармаларда да) Моғолстан хандарының Мауараннахрдағы (Ұрұс-ханның Алтын
Ордадағысы тәрізді) сыртқы саяси әрекеттерінің басты себебі бұрынғы
Шағатай ұлысының бүкіл территориясына әулеттік орнату (ал Ұрұсханның Алтын
Орда тағына) дәмелерінің болуында еді.

2.1 Моғолстанға Темірдің басып кіруі қарсаңында
Ілияс-Қожа-ханның билік жүргізген аз ғана уақыты феодалдық топтардың
күресімен өтті. Моғолстанда хан билігі феодал үстем топтың еркімен
шектелген тым әлсіз еді. Хандар феодал ақсүйектердің алдында дәрменсіз
болатын. Бұл жағдай Мауараннахрда жеңілгеннен кейінгі Ілияс-Қожаның
тағдырынан байқалды. Ілияс-Қожа-хан үстемдігінің күйреуі мен оның өлімінің
нақты жағдайлары деректемелерде қарама-қайшы келтіріледі. Әдетте бұл
жағдайлар дуғлаттардың феодалдық үстем тобының көрнекті өкілдерінің бірі
әмір Қамар ад-диннің қарсылығымен байланыстырылады. Қамар ад-дин, Мұхаммед
Хайдардың хабарлауы бойынша, Тоғылық-Темір хан өлген соң бірден
Моғолстандағы жоғарғы өкіметі қолға алмақ болған. Мүхаммед Хайдардың жа-
зуында, оның ханға деген ежелгі дұшпандылығының себебі — Тоғылық-Темірдің
оған моғол мемлекетіндегі феодалдық әкімшіліктің мұраға қалып отыратын ұлыс
бегінің (ұлысбегі) жоғары лауазымды қызметін бермегендігі. Поладшының
өлімінен кейін Тоғылық-Темірдің бұйрығы бойынша дуғлаттың қалған
көсемдерінің ішіндегі үлкені Қамар ад-дин емес. Поладшының жасы әлі
жетпеген мұрагері Хұдайдад ұлысбегі болып тағайындалды. Тоғылық-Темірдің
ұлысбегілікті Қамар ад-динге бермеу себебі ұлыстың барынша қуатты
билеушісінің аузына қараудан құтылғысы келген еді, мұның өзі ханның феодал
ақсүйектердің сепаратизмімен күресі жағдайында әбден түсінікті болатын.
Му'ин ад-дин Натанзидің пікірі бойынша, Қамар ад-дин мен оның інісі
дуғлат Шамс ад-дин ең алдымен Ілияс-Қожа-оғланды хан тағына отырғызады,
бірақ бір жыл өткен соң, жаңа ханның феодалдық талабтарды тоқтата
алмайтынын көрген соң Қамар ад-дин Ілияс-Қожаны өлтіреді. Шараф ад-дин
Йаздидің жазуы бойынша, Қамар ад-дин Ілияс-Қожа-хан өлген соң барып бүлік
шығарған. Мұхаммед-Хайдар Қамар ад-дин Тоғылық-Темір-ханның соңғы ұрпағы
әлі жас Қызыр-Қожа-оғланнан басқа хан семьясының барлық мүшелерін құртты-
мыс, ал Қызыр-Қожа-оғ-ланды дуғлат ұлысбегі әмір Хұдайдад жасырын алып
қалыпты-мыс, — деп хабарлайды[10].
Моғолстанның феодалдық-тайпалық ақсүйектерін бағындыру Қамар ад-динге
оңай іс болмады. Елде саяси және шаруашылық өмірдің қым-қуыт аласапыраны
басталды. Ірі тайпалардың көсемдері ең жоғары әкімшілік қызметтерге ие
болып, айрықша артықшылықтармен пайдаланған дуғлаттардың одан әрі күшеюіне
жол бергілері келмеді. Алайда Қамар ад-дин біраз уақытқа болса да, моғол
тайпаларының едәуір бөлегін бағындыра алды.
Қамар ад-дин мен оның аға-інілері тәрізді дуғлаттардың үстем тобымен
қатар деректемелер бұл кезде Моғолстанда бірқатар басқа тайпалардың
басшыларын да атайды. Шараф ад-дин Али Йазди феодалдық бытыраңқылық,
Моғолстанның билеуші тобының ішкі қарама-қайшылықтары мен талап-тартыстары
туралы жазады. Жете әмірлерінің арасында, — деп хабарлайды ол, — жаулық
орын алды. Дуғлат омағынан шыққан Қамар ад-дин, Кебек, Темір және Ширавул
біраз әскермен аргинуд Қажыбекке қарсы бірікті.
Моғолстанның жекелеген тайпалары мен ұлыстары жерінің шекаралары жиі
өзгеріп отырды, феодал үстем таптың жайлаудың жақсысын алып, олжа түсіруді
көздеген күресі жүріп жатты. Бітпейтін өзара қырқыстар, күшейе түскен езгі
халық бұқарасының наразылығын туғызды. Әмір Темір жасақтарынын, басып кіруі
қарсаңында жалпы Моғолстандағы, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы
жағдай осындай еді.
Моғолстанның құрылуы Қазақстанның, сонымен бірге (Қырғызстанның да)
территориясында этникалық жағынан біртектес мемлекеттік бірлестіктің пайда
болуы жолындағы ілгері басқан қадам болатын, сонымен қатар мұның өзі саяси
жағынан Жетісудың түрік тілдес халқын Қазақстанның басқа территориясындағы
туысқан халықтан уақытша беліп тастады да, қазақ ұлтының қалыптасу
процесіне ықпалы болды[11].
ХІV ғасырдың екінші жартысында, жоғарыда айтылғандай, Алтын Орда мен
Шағатай ұрпағы мемлекеті құлдырап; ыдырап кетті. Шағатай ұрпағы
мемлекетінің батыс бөлігінде 50—60-шы жылдарда ірі-түрік-монғол
тайпаларының көсемдері арасындағы қиян-кескі күрес одан әрі жүріп жатты.
Халық бұқарасы жаудың басып алу қаупі төнген жағдайда азаттық күресіне
көтеріліп, оны сарбадарлар басқарды. Сол кезде Мауараннахрдың ірі
феодалдары мен көпестері халықтың азаттық қозғалысын баса алатын және берік
саяси билік орната алатын адамды іздестіре бастады. Олар түріктенген
монғолдың барлас тайпасынан шыққан Тарағайбектің баласы әмір Темірге
(1336—1405) тоқтады. Өзінің мансапқа жету жолын шағын әскери жасақтың
басшысы ретінде бастап, Темір Мауараннахрдағы соғыстар мен таластар
кезінде, кейін 1360—1361 жылдары Тоғылық-Темірге қызмет етуге ауысқанға
дейін екі жаққа бірдей әр феодалдық иеленушіліктерлерге қызмет көрсетумен
болды. Дегенінен қайтпайтын әрі қатал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына ықпалы
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
Қазақ хандығының тарихы
Бұрындық және Қасым хандар билеген кезеңдегі қазақ хандығы.
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттары
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Ноғай ордасы мен саяси тарихы
XVI ғасырдағы Қазақ хандығының саяси тарихы
Моғолстанның құрылуы, жер аумағы
Бұрындық хан
Пәндер