Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жүргізу жолдарын зерттеу, есептің ұйымға тигізетін әсерін анықтау және оның есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау



КІРІСПЕ 3

1 БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ 6
1.1 Бухгалтерлік есептің негізгі ережелері мен нысандары 6
1.2 Бюджеттік мекемелердегі активтердің талдамалы есебі 15
1.3 Бюджеттік мекемелердегі қаржылық есептіліктің ерекшелігі. 25

2 «АРЫС ҚАЛАЛЫҚ САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 32
2.1 Мекеменің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен экономикалық көрсеткіштері 32
2.2 Мекеменің бухгалтерлік есепті жүргізудегі есеп саясаты 44

3 БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 47
3.1 Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүргізудің заңдылығы 47
3.2 ХҚЕС.ның бюджеттік мекемедегі бухгалтерлік есебін жүргізудегі орны 58

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамадастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Елбасының 2007 жылғы Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Елбасымыз басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізіп, біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі нарықты дамыту жөнінде жасалаған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетігі мен өнеркәсіптік құрылымды өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу қажеттілігіне аса назар аударылды. Бюджет жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген iс-шаралар барысында шешiмi жүйелiк ұстанымды талап ететiн көптеген мәселелер анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы заңдар нормаларын реттеуге және жүйелеуге, олардың неғұрлым икемдi құрылымын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн Бюджет кодексi әзiрлендi.
Бюджет кодексiнде бюджет жүйесiнiң орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететiн жаңа қағидаттар бар, бұрын қолданылған бюджеттi жоспарлау қағидаттары, барлық бюджет деңгейлерiнiң шығыс және кiрiс бөлiктерiн қалыптастыру жөнiндегi ұстанымдар қайта қаралды.
Қолданыстағы заң кесiмдерiне функционалдық талдау жүргiзу нәтижесiнде және орталық пен өңiрлер арасындағы қатынастардағы жинақталған оң және терiс тәжiрибенi ескере отырып, бюджетаралық қатынастар қағидаттары, ресми трансферттердiң нысандары, республикалық бюджеттiң, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетiнiң кiрiстерi айқындалды. Барлық бюджет деңгейлерiне қаржылық орнықтылық беру мақсатында Бюджет кодексiнде бюджет деңгейлерiнiң шығыстық өкілеттiктерi нақты бөлiндi. Бюджеттердiң дербестен күшейту үшiн, сондай-ақ бюджетаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн бюджеттiк субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшерi үш жылға арналып белгіленетiн болады.
Бюджет кодексiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділiгiн бағалау туралы бап көзделген, оған сәйкес тиiстi есептердi жүргізу, бюджеттiк бағдарламалардың негiздемесiн, олардың орындалу барысы мен олар көрсететiн елдiң әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал етуiн талдау және бюджеттiк бағдарламалардың тиiмсiз бағыттарын айқындау болып табылады.
1. Әбдіманапов Ә., Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. Оқулық, - Алматы: «ЖШС Таугуль-Принт», 2007. - 8-30 б.
2. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит. - Алматы: «Экономика», 2007.- 285 б.
3. Баймұханова С.Б., Балапанова Ж., Бухгалтерлiк есеп. - Алматы: «Экономика», 2001. 325б.
4. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М., Аудит: оқу құралы.- Алматы: «Қазақ университеті», 2004. - 550б.
5. Кеулiмжаев Қ.Қ., Әжiбаев З.М. т.б. «Қаржылық есеп».- Алматы: «ЖШС Таугуль-Принт», 2001. - 178б.
6. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности. -Алматы: «Экономика», 2001.-102б.
7. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Е.Т., Жұмағалиева Ж. Г Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау.- Алматы: «Қазақ Университеті» 2001. - 590б.
8. Дюсембаев К.Ш., Аудит и анализ в системе управления финансами.- Алматы: «Қазақ Университеті», 2000.- 120б.
9. Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» .- Алматы: «Қазақ университеті», 2002. - 135б.
10. Рахимбекова Р.М., «Финансовый учет на предприятии»: Учебник. Алматы: Экономика, 2005.- 287б.
11. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет» - Алматы: «Экономика», 2000.- 450б.
12. Глушков.И.В. Бухгалтерский учет на современном предприятии. Москва 2005.-133б.
13. Сатубалдин С.С. Перейти к международным стандартам, Финансы - Алматы: «Экономика», 2001. -235б.
14. Султанова Б.Б. Салық есебі.- Алматы: «Экономика», 2008.- 468б.
15. Толпаков Ж.С., Бухгалтерский учет, - Алматы: «Экономика»,, 2004.-170б.
16. Қазақстан Республикасының. 2007 28.22 қабылданған Заң, 385-1 ҚРЗ Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы.-Астана.: Ақорда, 1999.-132б.
17. Қазақстан Республикасы. 2007 ж, 5-шілдеде қабылданған заң, №294- 3 ҚРЗ. Аудиторлық қызмет туралы.-Астана.: Ақорда, 1999.-185б
18. Қазақстан Республикасы. 1999 ж, 16-шілдеде қабылданған заң, №436- 2 ҚРЗ. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы.-Астана.: Ақорда, 1999.-85б
19. Бухгалтерлiк есептiң типтiк жоспары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Алматы: БИКО 2007ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
6
1.1 Бухгалтерлік есептің негізгі ережелері мен нысандары
6
1.2 Бюджеттік мекемелердегі активтердің талдамалы есебі 15
1.3 Бюджеттік мекемелердегі қаржылық есептіліктің ерекшелігі.
25

2 АРЫС ҚАЛАЛЫҚ САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ 32
2.1 Мекеменің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен экономикалық
көрсеткіштері 32
2.2 Мекеменің бухгалтерлік есепті жүргізудегі есеп саясаты 44

3 БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
47
3.1 Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүргізудің заңдылығы 47
3.2 ХҚЕС-ның бюджеттік мекемедегі бухгалтерлік есебін жүргізудегі орны 58

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65

КІРІСПЕ

Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік
қоғамадастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға
қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын
тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси
және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Елбасының 2007 жылғы Жолдауы Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта
жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік
артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіріктіруге
бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Елбасымыз басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-
ақ нақ сол халықаралық нарықтарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға
салыстырмалы талдау жүргізіп, біздің келешегі зор өндірістерді, соның
ішінде ішкі нарықты дамыту жөнінде жасалаған іс-қимылдың тиімділігіне баға
беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыру
қажеттілігін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне
жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту қажетігі мен
өнеркәсіптік құрылымды өзгертуге қабілетті, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу
қажеттілігіне аса назар аударылды.       Бюджет жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi
жекелеген iс-шаралар барысында шешiмi жүйелiк ұстанымды талап ететiн
көптеген мәселелер анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы заңдар
нормаларын реттеуге және жүйелеуге, олардың неғұрлым икемдi құрылымын
қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн Бюджет кодексi әзiрлендi.
      Бюджет кодексiнде бюджет жүйесiнiң орнықтылығы мен тұрақтылығын
қамтамасыз ететiн жаңа қағидаттар бар, бұрын қолданылған бюджеттi жоспарлау
қағидаттары, барлық бюджет деңгейлерiнiң шығыс және кiрiс бөлiктерiн
қалыптастыру жөнiндегi ұстанымдар қайта қаралды.
      Қолданыстағы заң кесiмдерiне функционалдық талдау жүргiзу нәтижесiнде
және орталық пен өңiрлер арасындағы қатынастардағы жинақталған оң және
терiс тәжiрибенi ескере отырып, бюджетаралық қатынастар қағидаттары, ресми
трансферттердiң нысандары, республикалық бюджеттiң, облыстық бюджеттiң,
республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар (облыстық маңызы бар
қалалар) бюджетiнiң кiрiстерi айқындалды. Барлық бюджет деңгейлерiне
қаржылық орнықтылық беру мақсатында Бюджет кодексiнде бюджет деңгейлерiнiң
шығыстық өкілеттiктерi нақты бөлiндi. Бюджеттердiң дербестен күшейту үшiн,
сондай-ақ бюджетаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн
бюджеттiк субвенциялар мен алып қоюлардың мөлшерi үш жылға арналып
белгіленетiн болады.
      Бюджет кодексiнде бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділiгiн бағалау
туралы бап көзделген, оған сәйкес тиiстi есептердi жүргізу, бюджеттiк
бағдарламалардың негiздемесiн, олардың орындалу барысы мен олар көрсететiн
елдiң әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал етуiн талдау және бюджеттiк
бағдарламалардың тиiмсiз бағыттарын айқындау болып табылады.
      Қазақстан республикасының Үкiметi әзiрлеген және бекiткен
бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу әдiстемесi бюджетті
жоспарлау, атқару және оның атқарылуын бақылау процесiнде бюджеттiк
бағдарламалардың тиiмділігіне бағалау жүргiзу тәртiбi мен көрсеткiштерiнiң
жүйесiн айқындайды.      Бюджеттiк инвестициялар ұғымы кеңейтiлдi,
инвестициялық жобаларды кезең-кезеңмен iрiктеу, сондай-ақ жобалардың
тиiмдiлiгiн бағалау тәртiбi енгiзiлуде.
      Жергiлiктi атқарушы органдардың тек жоғары тұрған бюджеттен
ғана қарыз алу құқығы сақталып, сыртқы және iшкi капитал рыноктарынан қарыз
алуы алынып тасталады.
      Ұлттық қорға қаражат аударудың жаңа тетігi енгiзiлдi, осыған
сәйкес Ұлттық қорды қалыптастыру көзi болып табылатын барлық ресми
трансферттер тiкелей мемлекеттiк бюджеттен аударылатын болады. Осы іс-
шаралар бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайтын
шарттар жөнінде атап өтті. Қаражатта мақсатты жұмсалғаннын реттеу көбінесе
мемлекеттік мекемеледің бухгалтерлік есебінің дұрыс және айқын
жүргізілуімен, сонымен қатар нормативтік актілердің шарттарын орындауды
міндеттеді.
Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу
басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады.
Бухгалтерлік есеп ұйымның хал ахуалын, экономикалық жағдайын анықтап
негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден-бір жүйе. Бүгінгі күні
бюджеттік мекемелерді алатын болсақ, ең алдыңғы қатардағы мәселелерге,
яғни бюджеттен бөлінген құралдарға зор мән бере отырып , кеткен
шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және мақсатты пайдалануды дұрыс әрі
дәл анықтау міндетті шарт.
Осы мәселеге орай ұйым есептеу жолдарын дұрыс жүйеге келтіре отырып,
көрсетілетін қызметін басқарудың заңдылықтары халық шаруашылығында
өркендеуіне жол береді.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі
экономикалық механизмді басқару дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы
ғана жүзеге асуы тиіс.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы – бюджеттік ұйымдардағы
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Дипломдық жұмыстың мақсаты – бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есепті
жүргізу жолдарын зерттеу, есептің ұйымға тигізетін әсерін анықтау және оның
есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Нарықтық экономика жағдайында өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес
қызметтерді жүзеге асыруды бақылау, осы мәселе өзекті болып тұрғандықтан
дипломдық жұмысымды осы тақырыпқа арнап, оның есебінің жүргізілуі мен
ұйымдастырылуын және әдістерін терең мән беріп зерттедім.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде бюджеттік мекеменің
бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың негізі дипломдық жұмыстың негізгі
тақырыбы болғандықтан аса мән беріліп көрсетілген. Яғни, кәсіпорындағы
бухгалтерлік есеп және оны ұйымдастыру, сондай-ақ есептің негізгі ережелері
мен нысандары қарастырылған.
Екінші бөлімде Арыс қаласындағы қалалық Салық басқармасының қызметіне
экономикалық сипаты және есеп саясатының мәні мен жіктелуі қарастырылған.
Ал үшінші бөлім бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепке
аудиторлық тексерудің жүргізілуі және кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен
аудитті жетілдіру жолдарына арналған.

1 БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

1. Бухгалтерлік есептің негізгі ережелері мен нысандары

Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің негізгі ережелеріне
толығымен тоқталмас бұрын біз жалпы бухгалтерлік есеп не? деген сұраққа
қысқаша тоқталып өтейік. Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастарға байланысты
іс әрекеттерді сапалы түрде жүргізу мен мәліметтерді жан жақты қолдану және
бұлардың маңызын түсіну үшін ақпарат жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы
және зиянды мәліметтер жүйесін топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау
үшін көрсеткіштер мен мәліметтерді даярлайды. Сонымен бухгалтерлік есеп деп
– ұйымдар қызметін тиісті ақпараттар және мәліметтермен қамтамасыз ететін
мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Әр мекемелерде сол мекеменің көрсететін
қызметіне, шұғылданатын жұмысына, орындалатын жұмыс көлеміне, есеп
саясатына, мекеменің түріне және тағы сол сияқты ерекшеліктеріне байланысты
бухгалтерлік есеп әр түрлі жүргізіледі. Біз дипломдық жұмысымыздың
тақырыбын толығырақ ашу мақсатында әр түрлі мекемелердегі бухгалтерлік
есептің ерекшеліктері мен ережелеріне тоқталмай, нақты мемлекеттік
мекемелердегі бухгалтерлік есептің ережелеріне тоқталайық [3].
Біріншіден бюджеттік мекеме ұғымына тоқталсақ, өзінің аты айтып
тұрғандай бұл мекемені қаржыландыру бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге
асырылады, бұл мекеме мемлекет атынан (егер Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес, осыған уәкілетті болса) азаматтық құқықтық
қатынастардың тарабы болуға құқылы. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік
қызмет мемлекеттік органдарды толық әрі нақты және шынайы ақпараттармен
қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасын
қаржыландыру жоспарының орындалуын, мекемелермен, мемлекеттік мекемелермен
есептесу жағдайын сонымен қатар, ақша қаражатының, материалдық
құндылықтардың сақтығын бақылауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызтеттің міндетіне келесілер
жатады:
- құжаттардың уақытылы, дұрыс толтырылуын және болып жатқан
операциялардың заңды екенін алдын ала тексеріп отыру. Қаржылық план бойынша
міндеттемелердің негізінде берілген рұқсат шеңберінде міндеттемені
қабылдауды бақылау;
- жұмысшыларға, қызметкерлерге еңбек ақыны, студенттерге,
тыңдаушыларға, аспиранттарға, мемлекеттік мекеме оқушыларына стипендияны
есептеп, уақытылы беру;
- ақша қаражатының, есептесулердің, материалдық құндылықтардың
түгендеуін жүргізіп қатысу және түгендеудің нәтижесін уақтылы әрі дұрыс
есепте көрсету;
- құндылықтардың есебімен амандығына материалды жауапты тұлғаларға
нұсқаулық (инструктаж) жүргізу;
- бухгалтерлік есептілікті белгіленген уақытта құрып, көрсету;
- қаржыландыру жоспарын және олардың есебін құрастырып, оны
мемлекеттік мекеменің басшысымен (егер эклномикалық қызмет штабында
қызметкер болмаған жағдайда) келісу;
- активтердің, құндылығы аз және тез тозатын заттар мен басқада
материалдық құндылықтардың бақылауын және бүтіндігін сақталынатын немесе
қолданылатын жерінде қадағалау;
- алғашқы құжатты, бухгалтерлік есептің регистрларын (электронды
немесе парақтағы түрін), есептіліктің, есеп саясатының, есептік
көрсеткіштердің электронды өңдеу программасын және оған тиісті есептілікті,
сонымен қатар басқа құжаттарды сақтау және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес мағлұматқа жапсыру.
Мемлекеттік мекеменің басшысы есеп жүйесі мен бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекеме де бухгалтерлік есеп
мекеменің бухгалтерлік қызметімен жүргізіледі, бұл қызмет мемлекеттік
мекеменің өзбетінше жеке құрыламдық бөлімі немесе бас бухгалтер басқаратын
орталықтандырылған бухгалтерия болып табылады.
Бухгалтерлік қызметті, бухгалтерлік есебі мен есептілігі жоқ
мемлекеттік мекемелерде бұл қызмет мекеме басшысы тағайындаған сәйкесінше
маманмен жүргізілуі мүмкін. Мекеме басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс
жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауы тиіс. Құжаттар мен мәліметтерді
тапсырып дайындау үшін бас бухгалтердің қойған талаптарын барлық бөлімшелер
мен қызметкерлер бұлжытпай орындайтынын қамтамасыз ету. Бас бухгалтерді
жұмыс орнына тағайындауды және жұмыс орнынан босатуды мемлекеттік мекеме
басшысы жүзеге асырады. Бас бухгалтер тікелей мемлекеттік мекеме басшысына
бағынады. Мемлекеттік мекемеге бас бухгалтер болып арнайы білімі бар тұлға
тағайындалады. Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері бухгалтерлік есептің
шоттарына жүргізілген барлық шаруашылық операцияларды еңгізуді, оперативті
ақпаратты көрсетуді, белгіленген уақытта бухгалтерлік есептілікті
құрастыруды қамтамасыз етеді. Бас бухгалтерлер мекеме басшысымен банктік
құжаттарға және ақша қаражатына, тауарлы материалдық құндылықтарға негіз
болатын құжаттарға және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісімдерге
қол қояды.
Мекеме басшысы банктік құжат пен бухгалтерлік құжатқа қол қоюды бас
бухгалтер ұсынған уәкілетті адамға құқық бере алады. Осы уәкілеттік тек
мекеме басшысының бұйрығы негізінде беріледі.
Бас бухгалтердің қолы жоқ құжаттар нақты емес болып саналады және
орындалуға қабылданбайды. Материалды жауапты тұлғалардың орындарынан ауысуы
және жұмыс орнынан босатылуы бас бухгалтердің келісімімен жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде бас бухгалтер қызметкерлердің
қызметтік міндеттерін бекітуі керек (әр қызметкер өз міндеттерін біліп, өз
жұмысына жауапты болуын қамтамасыз ету негізінде). Мемлекеттік мекемеге
кіретін барлық бөлімшелер бухгалтерлік есептегі мәліметтер мен құжаттарды
бухгалтерлік қызметке уақытында тапсыруы тиіс.
Бас бухгалтердің бухгалтерлік қызметке берілетін тқажетті құжаттар мен
мәліметтерді даярлау реті туралы талаптары барлық мемлекеттік мекеме
бөлімщелерінің қызметкерлеріне міндетті болып келеді, ал орталықтандырылған
есепте барлық қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелерге міндетті болып
табылады.
Бас бухгалтер орнынан босатылған жағдайда (жұмыстан босату, басқа
жұмыс орнына тағайындалуы, жұмыс орнын ауыстыру) заңнамаға сәйкес
тағайындалған бас бухгалтерге барлық істітапсыру жүргізіледі, ал орнынан
босатылған бухгалтердің орнына адам жоқ болған жағдайда, мемлекеттік мекеме
басшысы тағайындаған қызметкерге істің барлығы тапсырылады.
Тапсырушы бас бухгалтердің (одан әрі тапсырушы) қабылдаушы тұлғаға
(одан әрі қабылдаушы) істі тапсыру, мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығы
негізінде жүргізіледі. Бұйрықта істі тапсыру-қабылдау мерзімдері
көрсетіледі, бірақ бұл мерзім екі жұмадан аспауы тиіс. Істі тапсырып
қабылдау барысындағы қабылдаушы тұлға мен тапсырушы тұлғаның еңбек ақылары
және сол мерзімде құжаттарға қол қою құқы кімге берілетіні бұйрықта
көрсетілуі тиіс. Істі тапсыру барысында сол мемлекеттік мекеменің
бухгалтерлік есебінің жағдайы және есептілік көрсеткіштің шынайлығы
анықталып, сәйкесінше қабылдап-тапсыру АКТы толтырылады. Бұл акт қабылдаушы
мен тапсырушының жауапкершіліктерін бөледі. Бухгалтерлік қызметтегі істі
тапсыру соңғы көрсетілген (даярланған) баланс негізінде жүргізіледі. Актте
істі тапсырудың мерзімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Істі қабылдап тапсырудың барысында кассаның жағдайы (қабылдау-тапсыру
мезетіндегі) тексеріледі (ақшаның сақталуына тиісті жағдайлары жасалынды
ма; кассалық кітаптағы жазулардың жағдайы; кассада сақталатын басқа
құндылықтардың жағдайы және олардың бухгалтерлік жазулармен сәйкес келуі;
чектік кітапшалардың бар болуын тексеру; қолданылмаған чектердің номерін
тексеру). Кассаны тексеру актына тапсырушы және қабылдаушы тұлғалармен
қатар кассир немесе кассаны жүргізуге жауапты тұлға қолдарын қояды.
Істі қабылдап тапсыру барысында ақша есебінің жағдайы, есеп айырысу
операцияларының есебі, баланстың есеп айырысу баптарын (дебеторлық және
кредиторлық қарыздардың шындығы; өндіріп алынатын өтірік қарыздың бар
болуын тексеру және оған кіналі адамды көрсету; өзара есепайырысудың
салыстыру актысының бар болуы; бюджетке уақытылы аударылмаған соммалардың
бар болуын) тексеру және мемлекеттік мекеменің есептілігін құрастыру
(есептілік тәртіптің орындалуы, көрсетілетін есептіліктің сапасы).
Сонымен қатар актта келесілер көрсетіледі:
- бухгалтерлік қызметтегі есептің ұйымдастырылу жағдайы, (штат,
штаттың толықтығы-жабдықталуы; міндеттердің бөлінуі; қызметтік нұсқаулық;
бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша нұсқаулық материалдардың бар
болуы; бухгалтерлік кітаппен, есеп және есептілік бланктармен қамтылуы;)
есмеп жүйесінің құрылуы;
- алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік есептіліктің жағдайлары;
- қаржылық бақылау мен есептің ұйымдастырылуына қажетті талаптар;
- құжаттардың дұрыс сақталуы мен даярлануы, мұрағаттың жағдайы.
Мемлекеттік мекеменің есебі мен есептілігінің жағдайын тексергеннен
кейінгі құралған актыға тапсырушы мен қабылдаушы қолдарын қояды, ал
мемлекеттік мекеме басшысы актыны бекітеді. Егер қабылдаушы актыдағы кей
бір жағдайлармен келіспесе, актыға қол қойған кезде қабылдаушы өзінің
келіспеушілігін растайтын сөздер жазуға құқығы бар. Акт екі данада
құрастырылады, бір данасы тапсырушы тұлғада қалады. Актқа қол қойылған соң
істі тапсырушы бас бухгалтер бухгалтерлік қызметтің жетекшілігінен
(басшылығынан) босатылады[ 8].
Бухгалтерлік есеп регистрларына жазуларды еңгізудің негізіне, дұрыс
құрастырылған алғашқы құжаттар жатады. Бұл құжаттар операцияның немесе
болған жағдайдың нақ болғанын бекітеді. Алғашқы құжаттар операцияның немесе
жағдайдың болған уақытында құрастырылуы тиіс, ал егер ондай мүмкіншілік
болмаған жағдайда, операция немесе болған жағдай бітесалысымен құрастырылуы
керек. Құжаттың уақтылы және сапалы толтырылуына, сонымен қатар,
бекітілген уақытта бухгалтерлік есептілікте көрсету үшін және құжаттағы
мәлімет мағұлматының шынайы екендігіне құжатты жасаған және құжатқа қол
қойған тұлғалар жауапты болады. Алғашқы құжаттар келесідей міндетті
реквизиттерден тұруы керек:
- құжаттың атауы (формасы);
- толтырылған күні;
- мекеменің атауы немесе құжат кімнің атынан толтырылған (сол тұлғаның
аты жөні);
- операцияның және болған жағдайдың мазмұны;
- операция өлшемінің өлшем бірлігі (сандық немесе құндық
көрсеткіштер);
- операцияның болғанына, дұрыстығына жауапты тұлғалардың жұмыс
қызметтерінің атаулары, аты жөні тегі және қолдары;
- салық төлеушінің тіркеулік номері.
Электронды алғашқы құжаттың бейнесі қағазда рәсімделген алғашқы
құжаттың күші сияқты күшке ие. Электронды қол қоюды қолданатын мекемелер
қажетті қауіпсіздік (электронды қол қоюды қолдану және оған қол жеткізу
құқы туралы) шараларды қолдану керек.
Бухгалтерлік есеп регистрларындағы алғашқы құжатты электронды түрде
жүргізуді қолданатын мемлекеттік мекемелер бұл құжаттардың қағазда
рәсімделген көшірмесін операцияға қатысушы басқа да тұлғалардың
талаптарымен және Қазақстан Республикасының заңымен мұндай құқық берілген
мемлекеттік органдардың талаптарымен құжат көшірмесі шығарылып берілуі
тиіс.
Кей бір қажетті жағдайлада алғашқы құжаттарда қосымша реквизиттер
көрсетілуі мүмкін. Олар:
- мемлекеттік мекеменің атауы мен адресы;
- операцияның жүргізілуіне негіз болатын жағдай;
- құжатпен бекітілген басқа да реквизиттер (құжатталатын операцияның
мінездемесімен анықталады);
- басқа да қосымша реквизиттер.
Материалдық құндылықтарды сатып алуға сәйкес құжаттарда материалды
жауыпты тұлғалардың, алынатын құндылықты алуы туралы қолхат жазылады. Ал
орындалған жұмыс туралы құжатта белгіленген тұлғалардың жұмысты қабылдауын
негіздейтін жазу немесе қолхат алынады. Алғашқы құжаттың тексттік және
сандық бөліктерінде келісілмеген түзетулер жіберілмейді. Алғашқы құжаттарда
жіберілген қателерді, қате соммаларды немесе жазуды жіңішке сызықпен сызу
арқылы және сызылған сомманың немесе тексттің үстіне түзетілген сомма
немесе текст жазу арқылы түзетіледі. Түзетілген текст немесе сомманың
жанына түзетілді деген сөз жазылып, құжатқа қол қойған тұлғалардың
қолымен негізделіп, түзету жасалған уақыт жазылады. Банктік немесе кассалық
алғашқы құжаттарға түзетулер жасауға болмайды.
Есеп регистрларындағы жазуларға негіз болатын құжаттар бухгалтерлік
қызметке бас бухгалтер белгілеп, мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен
мерзімде көрсетілуі керек.
Материалды жауапты тұлғалар тауарлы-материалдық құндылықтардың кірісі
мен шығысы бойынша алғашқы құжаттарды 442-ші формадағы тапсыру реестырында
көрсетеді. Бұл құжат (442-ші формадағы) екі экземплярда құрастырылады.
Материалды жауапты тұлғалардың қатысуымен тексеріс жүргізілгеннен кейін
(берілген алғашқы құжаттардың дұрыстығы туралы тексеріс) реестрдың бір
данасы (бухгалтерлік қызметкерлердің қолымен) материалды жауапты тұлғаға
қайтарылып беріледі, ал екінші данасы бухгалтерлік қызмет істерінде қалады.
Тауарлы-материалдық құндылықтың, ақша-қаражаттың сақтығына жауапты
тұлғалармен (бекітілген тәртіппен) толық материалды жауапкершілік туралы
жазбаша келісім жасалады.
Бас бухгалтерлер алғашқы құжаттың, бухгалтерлік есеп регистрлардың,
есептіліктің және баланстың сақтығын, дұрыс толтырып дайындалуын және
мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді. Алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есеп
регистрлары есептіліктер мен баланстар мұрағатқа берілгенге дейін
бухгалтерияда сақталынады. Аталған құжаттардың сақталуына бухгалтерияда
арнайы бөлмелер немесе жабылатын шкафтар қарастырылуы керек. Мұндағы
құжаттардың сақтығына жауапты тұлғаны бас бухгалтер тағайындайды.
Мемлекеттік мекемелердегі құжаттар бухгалтерлік мұрағатта
белгіленгенмерзім ішінде сақталады. Мерзім өткен соң істер белгіленген
тәртіппен белгіленген мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады. Істердің мұрағатқа
тапсырылғандығы туралы құжат үнемі бухгалтерлік қызметте сақталады.
Мемлекеттік мекемелердегі алғашқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп
регистрларын, есептіліктерді тек прокуратура, алдын ала тергеу, тергеу
жүргізу органдарымен, сот және салық органдарының қызметімен қолданудан
қалдыруға (изъятие) (Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық және
салықтық заңдарына сәйкес) болады. Қолданудан қалдыруды жүзеге асыратын
органдардың келісімімен, қатысуымен мемлекеттік мекеменің белгіленген
қызметтік тұлғалар алынатын құжаттардың көшірмесін жасай алады (көшірмені
алғанда көшірмені алған күн мен негіздеме жазылады). Егерде толығымен
толтырылмаған құжаттар алынатын болса, ондай құжаттарды (алуды жүргізіп
жатқан органдар өкілдерінің қатысуымен) мемлекеттік мекеменің белгіленген
қызметтік тұлғалары толтыруға құқығы бар.
Алғашқы құжаттар жоғалған жағдайда мемлекеттік мекеменің басшысының
бұйрығымен құжаттар жоғалуын немесе жойылуын анықтайтын қызметтік тергеу
жүргізетін комиссия құрылады. Керек болған жағдайда комиссия жұмысына
қатысатын мемлекеттік өртті қадағалау органны және тергеу органының
өкілдері шақырылады.
Комиссия жұмысының нәтижесі актпен бекітіледі. Бұл актқа комиссия
мүшелері қол қояды да, мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді.
Мекеме өзінің шаруашылық операцияларын көрсету барысында
қолданатынесеп регистрларының жиынтығы бухгалтерлік есептің нысандарын
пайда болдырады. Кәзіргі кездегі бухгалтерлік есеп нысандары бірбірнен
регистрлар жиынтығымен сонымен қатар олардың өзара араласу жүйесімен
ерекшеленеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп нысандарының бір бірімен
бірігуі немесе ұқсастығы олардың барлығында шаруашылық операциялар бастапқы
құжаттармен негізделіп есеп регистрларында бухгалтерлік есеп шоттарында
(шот жоспарына сәйкес) көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп нысаны – бұл ақпараттық жүйенің ұйымдастырылуы. Бұл
жүйе синтетикалық және аналитикаклық есептерді, сонымен қатар хронологиялық
және жүйелік жазуларды белгілі бір реттілікпен өзара байланыстырады., ал
бұл байланыс ағымдағы шаруашылық өмірдің фактілерін жүзеге асыруға және
есептілікті құрастыруға негіз болады. Бухгалтерлік есеп нысандарының төрт
түрін анықтауға болады: мемориалдық-ордерлік; журнал-ордерлік;
жеңілдетілген; автоматтандырылған;
Енді аталып өткен нысандардың әрбіреуіне қысқаша тоқталып кетейік.
Сонымен, мемориалдық-ордерлік нысан – тіркеу журналын (мемориалдық-
ордерлік) жүргізуді қарастырады, ал ол журналда бухгалтерлік проводкалар
хронологиялық тәртіппен тіркеледі.
Мемориалдық-ордерлердегі проводкалар Бас кітап шоттары бойынша
жатқызылып, бұл жүйелік есептің синтетикалық регистры болып табылады және
аналитикалық есеп карточкаларда жүргізіледі. Ондағы жазулар алғашқы немесе
жиынтық есеп құжаттар негізінде жасалады.
Журнал-ордерлік нысан есеп мәліметтерін арнайы регистрларда (журнал-
ордерлік) жүйелендіруді қакрастырады, олар бухгалтерлік есеп шоттарының
кредитында және оларға қосалқы ведомостьтардың дебетында жүргізіледі. Есеп
нысанының бұл түрі жазудың бірнеше рет жазылуын жоққа шағакрып,
синтнтикалық және аналитикалық есептерді біріктіреді. Автоматтандырылған
бухгалтерлік есеп нысаны электронды-есептеуіш машинаны қолдануды
қарастырады.
Бухгалтерлік есептің жеңілдетілген нысаны есептің екі түрін
қарастырады:
1. Жай түрі – кішкентай мекеме мүліктерінің есеп регистрлары
қолданылмайды. Нысанның бұл түрі келесі жағдайда қолданылады, егер:
- мекемеде шамалы аз ғана шаруашылық операциялар жүргізілсе;
- шаруашылық қызметтің құрамында материалдық өндіріс сферасы жоқ
болса.
2. Жеңілдетілген түрі. Нысанның бұл түрі ведомостьты мекеменің мүлік
есебіне қолданғанда қарастырады. Әр бір ведомость қолданыстағы шоттардың
біреуі бойынша операциялар есебі үшін қолданылады [9].
Бухгалтерлік есеп нысанын таңдау әр түрлі жағдайларға, мысалы, мекеме
қызметінің аумағына, есеп процессының автоматтандырылу деңгейіне және тағы
басқаларға байланысты болып әр мекеменің есеп саясатында бекітілуі тиіс.
Біздің жазып отырған дипломдық жұмысымыздың тақырыбына сәйкес біздің
қарастыратынымыз бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есптің нысаны, ал
мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулықта бюджеттік
мекемелердегі қаржылық жоспарды орындаудағы бухгалтерлік есеп мемориалдық-
ордерлік нұсқау бойынша жүргізіледі. Осыған толығырақ тоқталып өтейік.
Бухгалтерлік қызметке түскен алғашқы құжаттар міндетті түрде түріне
(алғашқы құжатты толтырудағы толықтылық пен дұрыстық және реквизиттардың
толтырылуы), және мазмұнына (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жеке
көрсеткіштердің логикалық ілесуі) қарай тексеріледі.
Тексерілген және еспке қабылданған құжаттар операцияның болған
мерзіміне қарай (хронологиялық ретпен) жүйелендіріледі және мемориалды-
ордермен жинақ ведомостьтарына рәсімделеді. Оларға келесідей номерлер
беріледі:
Мемориалдық-ордер 1 – кассалық операциялар бойынша жинақ ведомостьы
381-ші форма.
Мемориалдық-ордер 2 – бюджеттік шоттардағы құралдардың қозғалысы
бойынша жинақ ведомостьы 381-ші форма.
Мемориалдық ордер 3 – ақылы қызмет; спонсорлық, қайырымдылық көмек,
заңды және жеке тұлғалардың уақытша ақша қаражаттарының уақытша шет ел
валюта шотында және сыртқы заемдар мен гранттар бойынша бюджеттік
инвестициялық арнайы шоттарда орналастырылуы 381-ші форма.
Мемориалдық ордер 5 – еңбекақы және стипендия бойынша (405-ші форма)
есеп айырысатын ведомостьтардың жинағы.
Мемориалдық ордер 6 – мекемелер мен есеп айырысу бойынша жинақ
ведомость (408-ші форма).
Мемориалдық ордер 7 – аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысудың
жинақ ведомость (408-ші форма).
Мемориалдық ордер 8 – есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша
жинақ ведомость (386-шы форма).
Мемориалдық ордер 9 – активтардың орын алмасуы және есептеп шығуы
бойынша жинақ ведомость (438-ші форма).
Мемориалдық ордер 10 – құны аз және тез ескіретін заттардың орын
алмасуы және есептен шығуы бойынша жинақ ведомость (438-ші форма).
Мемориалдық ордер 11 – азық түліктің кірістелуі бойынша жинақ
ведомостьтардың жинағы (398-ші форма).
Мемориалдық ордер 12 – азық түліктің шығындалуы бойынша жинақ
ведомостьтардың жинағы (411-ші форма).
Мемориалдық ордер 13 – материалдың шығындалуы бойынша жинақ
ведомоть (396-шы форма).
Мемориалдық ордер 14 – жасалынған жұмыс, атқарылған қызмет,
сатылған тауар бойынша есептелген кірістердің жинақ ведомость (409-шы
форма).
Мемориалдық ордер 15 – асырауында балалары бар ата-аналармен есеп
айырысулардың жинақталған ведомость.
Операциялар көлемі жинақ ведомостын толтыруды қажет етпейтін бюджеттік
мекемелерде шоттар кореспонденциясы (274-ші формалы) жеке мемориалды
ордерлерде немесе штамп оттискысында (онда тікелей алғашқы құжаттарда
белгілі бір номер аталып қойылады) көрсетіледі. Штамп тура мемориалды
ордердегі реквизиттерден тұруы керек. Жеке мемориалды ордерлер операцияның
орындалуына қарай құрастырылады, бірақ келесі күннен кеш емес (алғашқы
құжатты алмас бұрын) жеке құжаттардың және біркелкі құжаттардың негізінде.
Мемориалдық ордердегі субшоттар кореспонденциясы операцияның мінездемесіне
байланысты жазылады, бір субшоттың дебеті бойынша екінші шоттың кредиты
бойынша; бір субшоттың дебеті бойынша және бірнеше субшоттың кредиты
бойынша, немесе керісінше бірнеше субшоттың дебеті бойынша және бір
субшоттың кредиті бойынша. Мемориалдық ордерлерге бас бухгалтер немесе оның
орынбасары және орындаушы қол қояды. Барлық мемориалдық ордерлер Бас
журнал кітабында тіркеледі 308-ші форма. Бас журнал кітабында есеп
субшоттар бойынша жүргізіледі. Бас журнал кітабы өткен жылдың аяқтаушы
балансына сәйкес жыл басында қалған қалдық соммаларының жазуымен ашылады.
Ондағы жазулар мемориалдық ордерлерді құрастыру барысында жүргізіледі, ал
жинақтаушы ведомостьтың мемориалдық ордерын құрастырғанда айына бір рет
құрастырылады.
Мемориалдық ордер сомасы алдымен ордер бойынша сомма графасына
жазылып, содан соң сәйкесінше субшоттардың дебеті мен кредитіне жазылады.
Дебеттік және кредиттік субшоттар бойынша сомманың айлық айналымы
Ордер бойынша сомма графасындағы соммаға тең болуы керек. Ай бойынша
айналымнан кейін екінші жолға әр бір субшот бойынша келесі айдың басына
қалдық шығарылады.
Дәл осындай есеп есеп регистрларында (кітаптарда, карточкаларда, жинақ
ведомостьтарында және тағы басқаларда) жүргізіледі.
Бухгалтерлік кітаптарға жазу еңгізбес бұрын кітаптың барлық беттері
номерленеді де, ең соңғы бетінде бас бухгалтердің қолынан кейін келесідей
жазу жазылады: осы кітапта барлығы (жақшаның ішіне барлық беттердің саны
жазылады) беттер номерленеді
КО-4 формадағы, 440-шы формадағы кассалық кітап, еңбек кітапшалар 449-
шы формадағы олардың қосымшалары (вкладыш) бланкісінің кіріс-шығыс есеп
кітабы, сонымен қатар шнурланып, мөр қойылып, беттердің саны, мекеме
басшысының, бас бухгалтердің қолдарымен бекітілуі тиіс.
Әр бір кітапта мемлекеттік мекеменің және орталықтандырылған
бухгалтерияның аты және кітаптың қай жылға ашылғандығы жазылуы керек.
Кітапта ашылған субшоттардың атаулары болуы тиіс. Егер де жазу келесі бетке
ауыстырылса, сол субшоттың атауында басқа бетке ауыстырылды деп жазып,
ауыстырылған беттің номері белгіленіп жазылады.
Егер бір жыл өткен соң кітапта бос парақтар қалып қалса ондай
кітаптарды келесі жылы да қолдануға болады. Мұндай жағдайларда кітап
мұрағатқа екі жылда бір рет өткізіледі. Карточкалар (активтар бойынша
карточкалардан басқа) 279-шы формадағы карточкалар реестрында тіркеледі.
Бұл реестрды әр бір шотқа жеке жеке жүргізеді. Активтер есебінің
карточкалары ОС 10-шы формадағы актив есебі бойынша инвентарлық карточкалар
описьында тіркеледі. Карточкалар картотекада сақталады. Картотеканың ішінде
олар субшоттар бойынша орналастырылады, ал субшоттар ішінде материалды
жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтериядақызмет
көрсететін мекемелер бойынша орналастырылады. Материал, құндылығы аз және
тез ескіретін заттар (тағы сол сияқты) есебінің карточкалары мұрағатқа
тігілген түрінде карточкалар реестырымен, регистырымен және басқа да
бухгалтерлік құжаттармен жыл сайын немесе екі жылда бір рет өткізіледі. Дәл
осы мерзімде жыл ішінде есептен шыққан активтер есебінің карточкалары
мұрағатқа тапсырылады.
ОС-10 формадағы активтер есебінің инвентарлық карточкаларының тізімі
мұрағатқа жіберіледі, егер онда ОС-6; 8; 9; формадағы соңғы инвентарлық
карточкада мүліктің шығынға жазылуы туралы белгі болса. Бухгалтерлік есеп
регистрларындағы жазу алғашқы құжаттардан толтырылады (құжаттар алғашқы
күннен кейінгі күннен кеш емес толтырылуы тиіс). Әр бір айдың соңында
аналитикалық есептің регистрларында соңғы айналымдар есептелініп субшоттар
бойынша қалдықтар шығарылады. Ағымдағы жылдың бухгалтерлік есеп жазуларында
табылған қателердің түзетулері келесі ретпен жүргізіледі:
1. Берілген есептік мерзім мен бухгалтерлік балансты тапсырғанға
дейінгі анықталған (мемориалдық ордердегі көрсеткіштерді өзгертуге қажетсіз
болға жағдайда) қатені жіңішке сызықшамен сызып (сызылған қатені оқуға
болатындай етіп) үстінен, түзетілген сомма немесе текст жазылады. Сонымен
бірге, осы жерде парақтың шетіне бас бухгалтердің қолынан кейінгі белгілі
бір жолдың қарама қарсысында түзетілді деген жазу жазылады.
2. Бухгалтерлік балансты тапсырғанға дейінгі анықталған қателер егер
мемориалдық ордердегі көрсеткіштерді өзгертуге қажеттілігі болса, онда
мұндай қателерді жаңа мемориалдық ордер ашумен немесе қызыл сторно
тәсілімен түзетеді.
Дәл осылай барлық жағдайларда қателер түзетіледі. Егер де олар
бухгалтерлік есептің жазуында балансты өткізіп қойғаннан соң анықталып
түзетуге жіберілген жағдайдада қателер жоғарыда айтылғандай түзетіледі.
Синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша бухгалтерлік жазудың
дұрыстығын қадағалау үшін М14, және 285-ші мен 326-шы формалардағы айналым
ведомостьтары белгілі бір синтетикалық шоттармен біріктірілген әр бір
аналитикалық шоттардың топтары бойынша құрылады. Әр бір айналым
ведомостьтарындағы аналитикалық шоттар бойынша қалдықтар мен айналымдардың
жиыны. 308-ші формадағы Бас журнал кітабының сол субшоттарының айналымы
мен қалдығының жиынымен салыстырылады. Айналым ведомостьтар ай сайын
құрастырылады, ал активтер, тез тозатын, құндылығы аз және тез ескіретін
заттар бойынша айналым ведомостьы квартал сайын құрастырылады. 326-шы
формадағы айналым ведомостьтарындағы жазулар (керек болған жағдайда)
бірнеше жылдар ішінде жүргізілуі мүмкін.
Жаңа қаржылық жылда бухгалтерлік есеп регистрларындағы синтетикалық
және аналитикалық шоттарда жыл басындағы қалдықтар сомасы өткен жылдың
соңындағы (аяқтық) балансындағы және есеп регистрындағы соммамен толығымен
сәйкес келуі тиіс.
Әр бір есептік айдың соңында барлық мемориалдық ордерлер, мемориалдық
ордерлер-жинақ ведомостьтар және оларға тиісті құжаттар хронологиялық
тәртіппен іріктеп алынып брошюралануы керек. Құжаттардық көлемі азғантай-ақ
болса брошюралауды үш айда бір рет бір папкаға жасауға болады.
Брошюралардың сыртқы жағында мемлекеттік мекеменің және орталықтандырылған
бухгалтерияның атаулары; папканың атауы мен реттік номері; есептік мерзімі,
жылы, айы; мемориалдық ордердің бастапқы және соңғы номерлері; беттер
көлемі жазылады[10].

2. Бюджеттік мекемелердегі активтердің талдамалы есебі

Активтердің бухгалтерлік есебі мемлекеттік мекеме иелігінде бар барлық
активтердің бар болуын, жылжуын және есептен шығуын, дұрыс құжатқа
еңгізіліп, уақтылы есеп регистрларына еңгізілуін, сонымен қатар активтердің
сақтығын және дұрыс қолданылуын қадағалауды қамтамасыз етеді. Активтарға
келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер участоктары, ғимараттар,
құрылыстар, көпжылдық орнатулар және тағы басқа жермен тығыз байланысты
объектілер (оларды қиратпай орындарынан ауыстыру мүмкін емес болып келетін
объектілер)), транспорт құралдары, құрал жабдықтар, шаруашылық және
өндірістік мүлік, арнайы құралдар және тағы басқа активтер. Активтерге
сонымен бірге жерді жақсартуға кеткен капиталды салымдар және жалға алынған
ғимараттар, құрылыстар, құрал жабдықтар және басқада активтерге қатысты
объектілер жатады. Көпжылдық орнатулар жерді жақсартуға, жаңартуға салынған
капиталды салымдар жылдық шығындар соммасындағы активтерге қосылады да,
қолданысқа қабылданған аудандарға жатқызылады (жұмыстың барлық комплексының
аяқталуына қарамастан). Жалға алынған активтер бойынша аяқталған капиталды-
шығындар, жалға алушының меншікті активіне кіргізіліп, нақтылы шығындар
сомасына (егер де келісіммен басқадай қарастырылмаған жағдайда)
жатқызылады. .
Активтерге жатқызылмай, мемлекеттік мекемелерде аз құнды және тез
ескіретін заттарға кіретіндерге келесілер жатады:
а) бір жылдан кем қызмет атқаратын заттар (ол заттардың құнына
қарамастан);
б) бір данасын сатып алу құны 40 еселік көрсеткішке дейінгі тұратын
заттар (қолдану мерзіміне байланыссыз). Мыналарды қоспағанда: (еңбек
құралдары): құнына қарамастан, қолдану мерзіміне байланысты активтерге
жатпайтын, табиғи заттық құрамына, қолдану мақсатына және атқаратын
функциясына байланысты, оларға өндірістік-шаруашылыққа тағайындалған заттар
жатады, кітапханалық қорлар, музейлік құндылықтар (белгіленген тәртіппен
есептелетің экспонаттардан басқа), жануарлар әлемінің экспонаттары, типтік
проектілеу бойынша құжаттар және тағы басқалар;
в) арнайы киім, арнайы аяқ-киім, сонымен қатар төсек-орын жабдығы
(бағасы мен қолдану мерзіміне қарамастан);
г) денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жоғары мәдениет
жұмыскерлердің киімдері мен аяқ-киімдері (олардың бағасы мен қолдану
мерзіміне қарамастан);
д) уақытша құрылыстар, жабдықтар, аспаптар бұлардың орнын толтыру
бойынша шығындар, құрылыс монтаждық жұмыстың өзіндік құнындағы үстеме
шығындар құрамына кіреді;
е) материалдық құндылықтарды қоймаларда сақтаудағы ыдыс және тара;
технологиялық процесстерді сақтаудағы тара (құны бойынша б подпункінде
қойылған лимиттен аспайтын, сатып алу немесе дайындау құны бойынша);
ж) төл малдар, жемдеуге жіберілген малдар, құс, бағалы тері беретін
аңдар; тәжірибе жүргізілетін аңдар;
з) отырғызылатын материалдар ретінде питомниктерде өсірілген көпжылдық
екпешөптер[2].
Бюджеттік мекемелерде активтердің есебіне 01 Активтер деген шот
арналған. Бұл шоттың өзі келесідей субшоттарға бөлінеді:
010-ғимараттар;
011-құрылыстар;
012-қайта берілетін құрылғылар (передаточные устройства);
013-машиналар мен жабдықтар;
014-материалды емес активтар;
015-транспорттық құралдар;
016-құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлік;
017-жұмыстағы және өнімді мал;
018-кітапханалық қор;
019-басқа да активтер;
Енді осы аталып өткен субшоттардың әрбіреуіне жеке жеке тоқталып
кетейік:
1. 010 ғимараттар субшоты жеке топтарға бөліну арқылы
есептелінеді.
а) өндірістік-шаруашылық міндеттегі ғимараттар. Бұл ғимараттарда
басқару органдары мен әлеуметтік-мәдени органдары (оқу органдарының,
емханалардың, амбулаториялардың, поликлинникалардың; интернаттар,
мүгедектер, қариялар үйлерінің; балалар мекемелерінің, кітапхананың,
музейдің, ғылыми-зерттеу институттардың, лабораториялардың және тағы басқа
ғимараттары) және басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан;
б) толығымен немесе көбінесе пәтерге арналған ғимараттар (тұрғын үй
алаңының жалпы пайдалы ауданы ғимараттың жалпы пайдалы аудананың 50%-нан
кем емес болуы тиіс).
2) 011 құрылыстар субшотында келесілер есептеледі: водокачкалар,
стадиондар, бассеиндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер және гүл бақтарының,
саябақтардың және қоғамдық бақтардың қоршаулары.
3) 012 қайта берілетін құрылғылар субшотында есептелетіндер: электр
беретін құрылғылардың, трансмиссияның жүргізілген құбырлардың сызықтары
және олардың аралық құрылғылары.
Ескерту: электростанция, газокомпрессорлы сорап және басқа да
станциялардың ғимараттары 010 субшотында есептеліп, ал сол ғимараттардың
ішіндегі жабдықтар 013 субшотында есептеледі.
4) 013 машиналар және жабдықтар субшотында есептелетіндер: қуатты
машиналар, жабдықтар, жұмыс машиналар мен жұмыс жабдықтар, өлшеуіш
аспаптар, реттеуші аспаптар мен құрылғылар, лабораториялық жабдықтар,
компьютерлік жабдықтар, медициналық жабдықтар, офистік жабдықтар,
арттехқарулар (бронетанктік техника, атқыштар жабдықтары, инженерлік-
қарулар құралдары) және басқа да жеке топтарға бөлінетін машиналар мен
жабдықтар:
1. Қуатты машиналар мен жабдықтар, жылу және электр энергияларын
шығаратын генераторлық машиналар, әр түрдегі энергияны (су, жел, жылу,
электр энергияларын) механикалық энергияға (қозғалыс энергиясына)
айналдыратынқозғалтқыш машиналар.
2. Жұмыс машиналары мен жабдықтар оларға: жолаушыларды
тасымалдайтын және жүкті тасымалдайтын лифттар жатады затты өндіріп шығару
барысында еңбек затына механикалық, термикалық және химиялық әсер етуге
арналған машиналар, аппараттар мен құрылғылар.
3. Өлшеуіш құралдар – мөлшер өлшеуіш, амперметрлер, барометрлер,
ватметрлер, су өлшеуіш құралдары, вакуумметрлер, вольтметрлер, ұзындықты
өлшеуіш құралдар, вольганометрлер, гидроскоптар, индикаторлар, компастар,
манометрлер, хронометрлер, арнайы таразылар, кассалық аппараттар және тағы
басқалар.
4. Реттеуіш аспаптар мен құрылғылар – оттектік-тыныс алатын
аспап, электрикалық пневматикалық, гидравликалық реттеуіш құралдар,
автоматты басқару пульттары, орталықтандыру және блокировкалау аппараттары,
диспетчерлік бақылаудың сызықтық жабдығы.
5. Лабораториялық жабдықтар – пирометрлер, реттеуіштер,
калориметрлер, ылғалдылықты анықтайтын құралдар, микроскоптар,
термостаттар, тұрақтандырушылар, сорып-шығару шкафтары.
6. Компьютерлік жабдықтар – жеке дербес немесе персоналды
компьютерлер; калькуляторлар; лазерлік, матричный және түрлі түсті
принтерлар және сканерлер.
7. Медициналық жабдықтарға – тіс емдеуші дәрігердің креслосы,
операция жасайтын столдар, арнайы жабдықталған төсектер, арнайы
дезинфекциялайтын жабдықтар және тағы басқалар.
8. Офистік жабдықтар – көшірме жасайтын машиналар, факс
машиналары, құжаттарды жою машиналары және тағы басқалар.
9. Басқа да машиналар мен жабдықтар – жоғарыда аталып өткен
бөлімдерде көрсетілмеген басқа да машиналар, құрылғылар мен жабдықтар.
Басқа да машиналар мен жабдықтарға келесілер жатады: стадионның, спорттық
бөлімшелердің жабдықтары, оқу орындарындағы шеберхананың және сыныптардың
ішіндегі жабдықтар, киноаппаратуралар, сахына жабдықтары, музыкалық
аспаптар, теледидарлар, видеокамералар, ұялы байланыс аппараттары,
пейджерлер, радиоаппараттар,мемлекеттік мекемелердің арнайы ғылыми
зерттеулік жабдықтары; өрт сөндіруші цистерналар, механикалық өрт сөндіруші
сатағаштар, кіржуғыш және тігін машиналары, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар,
кондиционерлер, микротолқынды пештер және тағы басқалары.
5) 014 субшотында материалды емес активтер есептелінеді. Бұл
объектыларда материалды-заттық негіз жоқ бірақ ұзақ уақыт бойы табыс алуға
мүмкіндік береді активтын бұл түріне келесілер жатады: төлем ақыға алынған
жерді, суды, пайдалы қазбаларды және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану
құқығы; ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану құқығы, сонымен
қатар лицензияларды, тауарлы белгілерді, сауда маркаларын, броккерлік
орындарды, гудвилды, бағдарламалық қамтамасы етуді, ноу-хау
өнертабыстарды белгілі бір төлем ақыға алу жатады. Есепте материалды емес
активтер, оларды сатып алу және қалпына келтірудегі нақты шығындар
сомасында көрсетіледі. Материалды емес активтар жылжуының немесе орын
ауыстыруының аналитикалық есебі материалды емес активтар есебінің НОС-6
инвентарлық карточкасында жүргізіледі.
6) 015 транспорттық құралдар субшотында адамдарды және жүктерді
тасымалдайтын барлық қозғалыс құралдары жатады. Олар бөлек бөлек топтарға
топтастырылады:
1. Жылжымалы теміржол, су, автокөлік құралдарының құрамы (вагон,
цистерналар, теплоходтар, буксирлер, баржалар, қайық-кемелер, желкен
қайықтар, жүк автомобильдер, жеңіл автомобильдер, прицептар,
автосамосвалдар, автобустар, тракторлар және тағы басқалар).
2. Жылжымалы ауа транспортының құрамы (ұшақ, тікұшақ)
3. Көлік, арба транспорты (арбалар, шаңғылар)
4. Өндірістік транспорт (мотоциклдар, мотороллерлер, велосипедтер,
мүгедектерге арналған каляска).
5. Спорттық транспорттың барлық түрлері. Бірақ ескертіп айтып кететін
бір мәселе: тасымалдаушы, спорттық аттар және басқа да тасымалдаушы
жануарлар 017-ші жұмыстағы және өнімді мал субшотында есептеледі.
7) 016 құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлік субшотына
төмендегілер жатады:
1. Жалпыға тағайындалған механикаландырылған және
механикаландырылмаған еңбек құралдары мен инструменттер, сонымен қатар
металды өңдеуде қызмет атқаратын машинаға тіркелетін заттар, оларға
келесілер жатады: кесетін, соғатын, тығыздайтын, басатын қол еңбегінің
құралдары; әр түрдеді материалдарды өңдейтін аспаптар.
2. Өндірістік мүлік пен жабдық – жұмыс барысындағы өндірістік
операцияларды жеңілдететін өндіріске бағытталған заттар: жұмыс столдары,
кафедралар, парталар және тағы басқа еңбекті қорғауға көмектесетін
жабдықтар; сұйық және шашырап төгілетін заттарды сақтауға арналған сыйымды
ыдыс (бактар, қобдишалар, күбілер, және тағы басқалар) сауда шкафтары мен
стелаждар, инвентарлық тара, газды және жауынгерлік тапаншалар.
3. Шаруашылық мүлік – офистік жабдықтар (стенка, гарнитур, жиһаз
жинағы, тумбалар, демалыс бұрышы) ілгіштер, гардеробтар, әртүрлі шкафтар,
дивандар, столдар, орындықтар, креслолар, кітап полкалары, сейфтар, жазғыш
машинкалар, гектографтар және басқа да қолмен көбейтуші және номерлеуші
жабдықтар; телефондық жабдықтар, көтеріліп апарылатын қазақүйлер, шатырлар,
төсектер (арнайы жабдықталған төсектерден басқа) кілемдер, жалюзи, өртке
қарсы бағытталған заттар: қолдық сатағаштар (механикалық сатағаштан
басқасы).
4. Басқада өндірістік-шаруашылық мүлік – рамалы картиналар, айналар,
қола мүсіндер мен бюсттар, мәрмәрдан жасалған вазалар, шырақтар
(светильники), люстра, бралар, мемлекеттік символдар.
8) 017 жұмыстағы және өнімді мал субшоты. Бұл субшот атына сай екі
топтан тұрады:
а) жұмыстағы мал – аттар, өгіздер, түйелер, есектер және тағы басқа
жұмыстағы малдар (оларға тасымалдаушы және спорттық аттар және басқа да
тасымалдаушы жануарлар жатады, мысалы иттер);
б) өнімді және тайпалық мал – сыйыр, бұқа, буйволдар, яктар, тайпалық
биелер, ешкі қойлар, түйелер (жұмыстағы емес).
9) 018 кітапханалық қор субшотында біз кітаптардың жеке
экземплярларының құнына қарамастан кітапханалық қорларды есепке аламаыз.
Кітапханалық қорға келесілер жатады: ғылыми, көркем және оқу әдебиеттері,
сонымен қатар әдебиеттердің орнаулы түрлері мен басқа да басылымдар.
10) 019 басқа да активтер субшотында есептелетін активтер өзара
топтарға бөлінеді.
1. Көпжылдық екпешөптер мен орнатулар. Көпжылдық екпешөптер мен
орнатуларға жасанды көпжылдық өспешөп орнатулар (олардың жасына
байланыссыз), барлық түрдегі жеміс-жидектік отырғызылымдар (ағаштар, тал-
шілік бұталар; көшедегі алаңдарды, парктерді, бақтарды сонымен қатар
мемлекеттік мекеменің аймағындағы және мемлекеттік мекемеме тұрғын
үйлерінің аулаларын көгаландандыратын және декаративті отырғызылымдар мен
қардан сақтаушы орнатулар және тағы басқалар) жатады.
2. Жерді жақсартуға арналған күрделі шығындар. Оларға инвентарлық емес
мінездемеге ие болған (құрлысты салумен байланыссыз) шығындар және
ауылшаруашылық қолданыстағы жерлерді үстіртін жақсартуға байланысты мәдени-
техникалық шаралар жатады. Бұл шығындар күрделі салымдар арқасында
жүргізіледі.
3. Музейлік құндылықтар (олардың құнына қарамастан) музейлік
экспонаттарынан басқа (көркемөнер, жаратылыс тану, көнедегі және халықтық
тұрмыстағы бұйымдар; ғылыми, мәдени және технологиялық мағынадағы
экспонаттар) олар мемлекеттік музейлердегі музейлік құндылықтарды сақтау
мен есептеу нұсқаулыққа сәйкес есептеледі.
4. Хайуан бақтағы және басқа да осыған ұқсас мекемелердегі
хайуандар әлемінің экспонаттары (экспонаттардың құндарына қарамастан).
5. Бағасы 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сценалық-
қойылымдар құралдары (декорациялар, ұлттық және театрлық костюмдар, бас
киімдер, аяқ киімдер).
6. Типтік проектілеу бойынша құжаттылық.
7. Техникалық тасымалдаушыдағы бағдарлама; оқу кинофильмдері;
магнитті дискілер, ленталар, касеталар.
8. 1 данасына 40 айлық есептік көрсеткіштен жоғары басқа да
мүлік, балалар ойындары, арнайы шаңғылар және тағы басқалар [3].
Егер де мемлекеттік мекемелердің иелігінде музейлік құндылықтар,
лабораториялық, жабдықтар, құралдар, аспаптар және басқа құралдар мен құнды
металдар мен бағалы тастар болған жағдайда, оларды бекітілген заң ретінде
қосымша есепке алады. Мемлекеттік мекеменің басшысының бұйрығымен
тағайындалған жауапты тұлғалардың жауапкершілігіне барлық активтер сақталуы
керек. Активтерді сақтауға жауапты тұлғалар ОС-13 формадағы активтердің
инвентарлық тізімін жүргізеді де, сонымен қатар олар активтердің түгелдігін
қадағалап,барлық өзгерістердің есебін жүргізеді. Жауапты тұлға ауысқан
жағдайда, оның сақтауындағы активтердің инвентаризациясы жүргізіліп, сол
туралы ОС-1 формадағы тапсыру акты толтырылады, ал материалды емес
активтердің берілімі жасалған кезде НОС-1 формадағы материалды емес
активтерді алып-тапсыру акты толтырылады. Толтырылған акттер мемлекеттік
мекеме басшысымен бекітіледі.
Бухгалтерлік есепте активтер бастапқы құны бойынша көрсетіледі, ал ол
дегеніміз оларды алғандағы, дайындағандағы, құрғандағы нақты шығындар
бойынша көрсетіледі деген сөз. Алғашқы құнды өзгерту тек қосымша капиталды
салымдар жасалғанда немесе ішінара ликвидацияланғанда сонымен қатар
Қазақстан Республикасы үкіметінің сәйкесінше шешімімен жүргізілетін
активтерді бағалау жасалғанда жүргізіледі.
Аяқталған құрылыстар мен ғимараттар активтердің құрамына, оларға
кеткен шығындардың толық сомасына кіргізіледі, ал қайта сатып алынған
активтер олардың сатып алу сомасына кіргізіледі. Бухгалтерлік шоттарда
есептеліп қойылған активтердің бастапқы құны өзгереді егердеактивтердің
құнын көбейтетін келесідей шаралар жүргізілсе: салып бітіру, реконструкция,
жабдықтарды бітіру. Күрделі жөндеуге шыққан шығындар, активтер құнының
көбейіп өсуіне жатпайды. Кітапхана қорына кіргізілген кітаптар, оқулықтар
және басқа да басылымдар номиналды құны бойынша есептеледі (кітаптардың
алғашқы тыстарын қоса алғанда). Кітапты жөндеу мен реставрацияға кеткен
шығындар (сонымен қатар кітаптардың тыстарын екінші рет ауыстыру) кітап
құнының көбейіп өсуіне жатпай, мемлекеттік мекеменің бюджеттік қаржыландыру
жоспары бойынша шығындарға жатқызылады. Мемлекеттік мекемеге (қоймаға)
активтер түскен уақытта материалды жауапты тұлғалар, жабдықтаушының
құжатында немесе ОС-1 формадағы активтерді алып-тапсыру актыда немесе НОС-1
формадағы материалды емес активтерді алып-тапсыру актысында құндылықты
алғандығы туралы қолын қоюы керек.
Қоймадан активтерді беру 434-ші формадағы накладной бойынша
жүргізіледі, ал ол өз алдына мемлекеттік мекеменің басшысымен негізделуі
керек. Сонымен бірге 434-ші формадағы накладной бір данада жазылып алынады.
Заңды тәртіппен алынып, қайтарусыз берілген активтер есептілікте баланстық
құны бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік мекемелер активтерді баланстан
шығынға шығаруды, бекітілген заңды тәртіппен жүргізеді. Активтердің
жарамсыздығы, жөндеу жүргізудің әсерсіздігі және активтерді шығынға
шығарудағы қажетті құжаттарды әзірлеу үшін, мемлекеттік мекеменің
басшысымен әрдайым әрекет ететін комиссия құрылады. Комиссияның құрамына
міндетті түрде келесі тұлғалар кіруі қажет: мемлекеттік мекеме басшысының
орынбасары (комиссия төрағасы), бас бухгалтер немесе оның орынбасары,
активтердің түгелдігіне жауапкершілік жүктелген тұлғалар, жол полициясының
өкілі (автокөлік құралын есептен шығынға жатқызғанда). Әрдайым әрекет
ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік басқару есебінің жүргізілуі, олардың проблемалары мен жетілдіру жолдары
Кірістер аудитінің бағдарламасы
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Талдықорған балалар туберкулезіне қарсы санаториясы денсаулық
Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу және табыстар аудитінің әдістемелік тәсілдері
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылауының теориялық аспектілерін зерттеу, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау, іске асыру механизмі
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Мониторинг жүйесі мен ауытқуларды талдау ұйым контроллингінің негізі
Пәндер