Корпоративтiк табыс салығының бухгалтерлiк есебi мен салықтық есебiн ұйымдастыру ерекшелiктерi



КIРIСПЕ
1 КОРПОРАТИВТIК ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛIК ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
1.1 Салықтардың экономикалық мәнi және теориялық негiздерi
1.2 Кәсiпорынның шаруашылық.қаржылық қызметiнiң жалпы сипаттамасы
1.3 «Үштөбе.Айдын» ЖШС.нiң есеп саясаты
2 КОРПОРАТИВТIК ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕБIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 Салық алынатын жылдық жиынтық табыс есебi
2.2 Уақытша айырма сомасының тиiмдiлiгiнiң есебi.
2.3 Экономикалық қызметтен зиян шеккендегi салық есебi
3 КОРПОРАТИВТIК ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ.
3.1 Жылдық жиынтық табыстың құрылуы
3.2 Корпоративтiк табыс салығы бойынша шегерiмдерi мен есептелуi, төлеу мерзiмi
3.3 Корпоративтiк табыс салығының салықтық және бухгалтерлiк есебiнiң жетiлдiру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Салықтар, мемлекеттiң қаржылық ресурстарын қалыптастыра отырып, шаруашылық субъектiлердiң экономикалық қызметiне әсер етiп отыруы қажет, сонымен бiрге, экономикалық өсу мен өнiмдердiң сапасын жақсартуға мүмкiндiк жасауы тиiс. Тарихи тәжiрибе көрсетiп отырғанындай, салықтар мақсатты түрде қолданылса өндiрiстiң тиiмдiлiгiне алып келедi, ал тиiмсiз түрде қолданылатын болса, орны толмас зиян әкеледi. Мемлекет ұйымдардың түрлi қызметтерiне iшкi және сыртқы саясаттары арқылы араласып отырады, мысалы әлеуметтiк, мәдениет, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, қаржылық және техникалық. Осылардың iшiндегi маңыздысы, қаржылық саясат болып табылады, өйткенi қаржылық ресурстармен олардың дамуы қаржыландырылады.
Жалпы елiмiздiң экономикасын жан-жақты дамыту, оны тек қана бiр салаға ғана тәуелдi етiп қоймай, әртараптандыру және сол арқылы әлемдiк экономикаға ойдағыдай кiру бүгiнгi күннiң басты талабы болып табылады. Қазақстандық кәсiпорындар өздерiнiң таза табыстарының 20 пайызын бюджетке бередi. Айыппұлдар мен өсiмпұлдарды есептеуге дейiнгi түрде артық төлемеу үшiн салықтарды дұрыс есептеу мен төлемдiк тәртiптi сақтау және салықтық есептi уақытында ұсыну керек. Салықтарды дұрыс және сауатты есептеу бухгалтерлiк есеп пен салықтық заңнаманың терең бiлiмдерiн талап етедi. Сонымен қатар, салық заңнамасы мен бухгалтерлiк есептің кейбір талаптары сәйкес келмегендiктен салық салудың әдістемелік базасын жетiлдiруге байланысты көптеген мәселелер де туындайды.
Салықтар есебiн жүргiзу мен төлеу – барлық жеке және заңды тұлғалар алдындағы аса маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Өйткенi салықтар әрбiр өркениеттi мемлекеттiң бюджетiнiң негiзгi кiрiсiн құраушы көзi болып есептеледi. Салықтық түсiмдердiң мәндi үлесi заңды тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс салығына келедi. Ол салықтардың iшiндегi ең көлемдiсi және салық төлеушi кәсiпорын қызметiнiң соңғы нәтижесiне толықтай байланысты болып келедi. Сондай-ақ корпоративтiк табыс салығы басқа салықтармен қатар, Қазақстан Республикасының салықтық жүйесiнiң құрамдас элементi болып табылады және ұлттық табысты қайта бөлу құралының қызметiн атқарады. Негiзiнен, корпоративтiк табыс салығын Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнес субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпоративтiк табыс салығын төлейдi. Корпоративтiк табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды. Негiзгi шектерде бұл механизм заңнамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен резидент емес заңды тұлғалар, соның iшiнде кәсiпкерлiк қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейдi. Салықты салудың объектiсi салық салынатын табыс болып табылады, ол жылдық жиынтық табыс пен заңда бекiтiлген шегерiм арасындағы айырма арқылы анықталады. Егер жылдық жиынтық табыс сомасынан шегерiмдер сомасы асып кететiн болса, онда зиян орын алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

1. Все начиналось с десятины: этот многоликий налоговый мир: Сб.ст.: Пер. С нем./ Ред.: Ю.И.Куколев, О.М.Фролова. – М.: Универс, 1992 г. – 406 с.
2. Ермекбаева Б.Ж. Салық салу негiздерi: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi – 2013 – 196 б.
3. Үмбеталиев А.Д., Керiмбек Ғ.Е. Салық және салық салу: Оқулық. – Алматы: Экономика – 2006 – 864 б.
4. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық. – Алматы: Экономика – 2011 – 540 б.
5. Худяков А.И., Бродский Г.М. Теория налогообложения : Оқулық. – Алматы: Норма-К. – 2002 – 392 б.
6. Муравицкая Н.К., Лукьяненко Г.И. Бухгалтерский учет. Финансовый учет. Управленческий учет. Финансовая отчетность: Учебное пособие. – М.: КНОРУС – 2005 – 528 с.
7. Швецкая В.М., Головко Н.А. Бухгалтерский учет: Учеб. для ВУЗов. – М.: Дашков и Ко – 2007 – 512 с.
8. Слабинская И.А. Методология и организация учета налогов в системе бухгалтерского учета: Учебное пособие. – М.: Экономисть – 2003 – 298 с.
9. Попонова Н.А. и др. Организация налогового учета и налогового контроля: Учебное пособие. – М.: Эксмо – 2006 – 624 с.
10. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлiк есеп: Оқулық. – Қарағанды: Қарағанды полиграфиясы, 2009 – 568 б.
11. Коваль Л.С. Налоговый учет в организации: Учебно-методическое пособие. – М.: Гелиос АРВ, 2003 г. – 224 с.
12. Шарипов А.Қ. Салық есебi: Оқу құралы. – Алматы: Экономика – 2009 – 334 б.
13. http://ru.wikipedia.org/wiki
14. 12 ХҚЕС «Пайдаға салынатын салықтар»
15. Проскурина В.П. Бухгалтерский учет от азов до баланса: Практическое пособие. – Алматы: Издательство LEM, 2012 – 372 с.
16. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсiпорындағы бухгалтерлiк есеп: Оқулық. – Алматы: Қазақстан аудит орталығы, 2002 – 656 б.
17. Макарьева В.И. Бухгалтерский учет для целей налогообложения: Методология. – Ярославль: Подати, 1997г. – 276 с.
18. Дүйсембаев К.Ш. Қаржы есептiлiгiн талдау: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2011 – 348 б.
19. Касьянова Г.Ю. раздельный учет: бухгалтерский и налоговый – М.: Финансы и статистика, 2000 г. – 563 с.
20. Ф.С.Сейдахметова. Қазiргi заманауи бухгалтерлiк есеп: Оқу құралы. – Алматы: LEM баспасы, 2008 – 500 б.
21. Л.А.Попова. Қаржылық есеп:Оқу құралы. – Шымкент: Нұрлы бейне, 2010 – 232 б.
22. Методические рекомендации по применению Типового плана счетов бухгалтерского учета. Алматы: - БИКО, 2004 г. – 126 с.
23. Мырзалиев Б.С., Сәтмырзаев А.А., Әбдiшүкiров Р.С. Бухгалтерлiк есеп теориясы және тәжiрибесi: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.
24. Б.Нидлз, Х.Андерсон, Д.Колдуэлл. Принципы бухгалтерского учета: Пер.с англ./Гл.ред. Я.В. Соколов. – М.: Финансы и статистика, 1999г. – 495 с.
25. Кумисбаев А.Ш. Проблемы и тенденции совершенствования налогового учета в Казахстане / под ред. В.К.Радостовца. Алматы: Экономика, 1997 г. – 69 с.
26. Скала В. И., Скала Н.В. Командировочные и представительские расходы субъектов Республики Казахстан. – Алматы: LEM,2002 г. – 362 с.
27. Сапелкина А.А. Налоговая отчетность как инструмент налогового контроля: автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата экономических наук. – М.: МЭСИ, 2004 г. – 31 с.
28. Евстигнеев Е.Н. Основы налогообложения и налогового права: Учеб.пособие – М.: Аналитика-Пресс, 2000 г. – 119 с.
29. Жақыпбеков Д.С. Қазақстандық кәсiпорындардағы салық салу, салық есебi мен есептiлiгiн ұйымдастыру: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2009 -354 б.
30. Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение: Учеб. для ВУЗов – М.: Инфра – М, 2001 г. – 427 с.
31. Жақыпбеков Д.С. Қазақстандық кәсiпорындардағы салық салу, салық есебi мен есептiлiгiн ұйымдастыру: Оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2009 -354 б.
32. Курс лекций по налоговому учету./ Сост. Б.Б.Султанова, Ж.А.Абишева. – Алматы: LEM, 2004 г. – 136 с.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
КIРIСПЕ

Салықтар, мемлекеттiң қаржылық ресурстарын қалыптастыра отырып,
шаруашылық субъектiлердiң экономикалық қызметiне әсер етiп отыруы қажет,
сонымен бiрге, экономикалық өсу мен өнiмдердiң сапасын жақсартуға мүмкiндiк
жасауы тиiс. Тарихи тәжiрибе көрсетiп отырғанындай, салықтар мақсатты түрде
қолданылса өндiрiстiң тиiмдiлiгiне алып келедi, ал тиiмсiз түрде
қолданылатын болса, орны толмас зиян әкеледi. Мемлекет ұйымдардың түрлi
қызметтерiне iшкi және сыртқы саясаттары арқылы араласып отырады, мысалы
әлеуметтiк, мәдениет, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, қаржылық және
техникалық. Осылардың iшiндегi маңыздысы, қаржылық саясат болып табылады,
өйткенi қаржылық ресурстармен олардың дамуы қаржыландырылады.
Жалпы елiмiздiң экономикасын жан-жақты дамыту, оны тек қана бiр салаға
ғана тәуелдi етiп қоймай, әртараптандыру және сол арқылы әлемдiк
экономикаға ойдағыдай кiру бүгiнгi күннiң басты талабы болып табылады.
Қазақстандық кәсiпорындар өздерiнiң таза табыстарының 20 пайызын бюджетке
бередi. Айыппұлдар мен өсiмпұлдарды есептеуге дейiнгi түрде артық төлемеу
үшiн салықтарды дұрыс есептеу мен төлемдiк тәртiптi сақтау және салықтық
есептi уақытында ұсыну керек. Салықтарды дұрыс және сауатты есептеу
бухгалтерлiк есеп пен салықтық заңнаманың терең бiлiмдерiн талап етедi.
Сонымен қатар, салық заңнамасы мен бухгалтерлiк есептің кейбір талаптары
сәйкес келмегендiктен салық салудың әдістемелік базасын жетiлдiруге
байланысты көптеген мәселелер де туындайды.
Салықтар есебiн жүргiзу мен төлеу – барлық жеке және заңды тұлғалар
алдындағы аса маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Өйткенi салықтар
әрбiр өркениеттi мемлекеттiң бюджетiнiң негiзгi кiрiсiн құраушы көзi болып
есептеледi. Салықтық түсiмдердiң мәндi үлесi заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтiк табыс салығына келедi. Ол салықтардың iшiндегi ең көлемдiсi
және салық төлеушi кәсiпорын қызметiнiң соңғы нәтижесiне толықтай
байланысты болып келедi. Сондай-ақ корпоративтiк табыс салығы басқа
салықтармен қатар, Қазақстан Республикасының салықтық жүйесiнiң құрамдас
элементi болып табылады және ұлттық табысты қайта бөлу құралының қызметiн
атқарады. Негiзiнен, корпоративтiк табыс салығын Ұлттық банк пен
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент
заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы
жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын резидент емес
заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар –
шағын бизнес субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл
шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi
корпоративтiк табыс салығын төлейдi. Корпоративтiк табыс салығын салу
механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын
жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды. Негiзгi шектерде
бұл механизм заңнамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңды
тұлғалар, резиденттер мен резидент емес заңды тұлғалар, соның iшiнде
кәсiпкерлiк қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар
да, бюджет ұйымдары да төлейдi. Салықты салудың объектiсi салық салынатын
табыс болып табылады, ол жылдық жиынтық табыс пен заңда бекiтiлген шегерiм
арасындағы айырма арқылы анықталады. Егер жылдық жиынтық табыс сомасынан
шегерiмдер сомасы асып кететiн болса, онда зиян орын алады.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар қағидасына көшуi
республиканың барлық қаржы жүйесiнде тиiстi реформа жасауға әкеп соқты.
Осыған байланысты, бухгалтерлiк есеп және салық салу жүйесiнде айтарлықтай
өзгерiстер болды. Бухгалтерлiк есептiң мақсаты мен мiндеттерi қайта
қаралды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында бухгалтерлiк есеп қызметi
төмендегiдей екi негiзгi мiндеттiң орындалуына бағытталды:
• Салық толеушi субъектiнi және басқа да мүдделi тұлғаларды қаржы-
шаруашылық қызметi туралы толық әрi нақты ақпаратпен қамтамасыз ету;
• Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiн жүйеге асыруы бойынша
Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуына бақылау жасайтын
мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшiне ие Бухгалтерлiк есеп
туралы жарлығына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзу барлық шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң заңды мiндетiне айналды. Бұл бағыттағы ең басты
мақсат барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бюджет алдындағы тиiстi
салықтық мiндеттемелерiн орындауында болып отыр. Экономиканы мемлекеттiк
реттеу саясаты аясында мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
арасындағы өзара қарым-қатынастардың қайта қаралуына байланысты,
бухгалтерлiк есеп пен салық салу жүйесiнiң бiрге болу қағидасы бiрiншi
кезектегi жоспарға шығарылды.
Қарастырылып отырған диплом жұмысының тақырыбы Корпоративтiк табыс
салығының бухгалтерлiк есебi мен салықтық есебiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
болып табылады. Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты Алматы облысы, Қаратал
ауданы, Үштөбе қаласындағы Үштөбе-Айдын жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiгi материалында корпоративтiк табыс салығы бойынша бюджетпен есеп
айырысудың қазiргi тәжiрибесiн талдау мен танысу негiзiнде есеп пен есеп
берудi жетiлдiру бойынша нақты әдiстемелердi жасау мен есеп пен iшкi
бақылаудың рөлiн күшейтудiң негiзгi жолдарын айқындау.
Осы қойылған мақсатқа байланысты келесiдей мiндеттер қойылды:
- салықтардың мәнi және экономикада алатын орнын зерттеу;
- кәсiпорынның шаруашылық-қаржылық қызметiнiң жалпы сипаттамасы және
негiзгi экономикалық көрсеткiштерiне талдау жүргiзу;
- Үштөбе-Айдын ЖШС-нiң есеп саясатын қарастыру;
- жылдық жиынтық табыстың құрылуын қарастыру;
- серiктестiктегi корпоративтiк табыс салығының бухгалтерлiк есебiн
жүргiзу тәртiбiн зерттеу;
- корпоративтiк табыс салығының салықтық және бухгалтерлiк есебiнiң
жетiлдiру жолдарын ұсыну;
- ұйымның корпоративтiк табыс салығы бойынша шегерiмдер есебiн
қарастыру;
- корпоративтiк табыс салығын есептеу мен төлеу тәртiптерiн қарастыру.
Бұл диплом жұмысының зерттеу жүргiзу объектiсi Алматы облысы, Қаратал
ауданы, Үштөбе қаласындағы Үштөбе-Айдын жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiгi болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық негiзi болып Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк және қаржылық есеп туралы заңы, қаржылық есептiлiктi
дайындап тапсырудың халықаралық стандарттары, Қазақстан Республикасының
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Салық
кодексi, сонымен қатар қаржылық есеп пен салық мәселелерi бойынша отандық
және шетелдiк ғалымдардың еңбектерi алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспeдeн, нeгізгі мазмұндағы үш
тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдeбиeттeрдeн және қосымшадан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөліміндe корпоративті табыс салығының
бухгалтерлік және салықтық есебінің теориялық негіздері. Eкінші бөлімдe
корпоративтік табыс салығының салықтық есебінің ұйымдастырылуы. Үшінші
бөлімдe корпоративті табыс салығының бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы
және салықтық есебінің жетілдіру жолдары ұсынылды.

1 КОРПОРАТИВТIК ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛIК ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБIНIҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

1.1 Салықтардың экономикалық мәнi және теориялық негiздерi

Салық жүйесi - нарықтық қатынастардың ең маңызды элементi болып
табылады және елiмiздегi экономикалық тұрақтылық көп жағдайда салық
жүйесiне байланысты болғандықтан салық мәселесi тәжiрибеде жүзеге
асырылатын аса күрделi экономикалық реформалардың бiрi болып табылады. Сол
себептi мемлекет салық төлеушiлерге қатаң салық мiндеттерiн орнатады. Егер
бұл салықтық мiндеттер орындалмайтын жағдайда қатаң жазалар қолданылады.
Америкалық мемлекеттiктiң негiзiн қалаушылардың – әкесi Бенжамин
Франклин: Өлiм мен салықтар өмiрдегi екi қашып құтыла алмайтын нәрселер
деп босқа атап кетпеген [1].
Салық төлемдерi, баждар мен өзге де мiндеттi төлемдер мемлекеттiң
қаржылық ресурсын қалыптастырады. Салықтың экономикалық мазмұны бiр
жағынан, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен азаматтардың өзара қарым-
қатынасы, ал екiншi жағынан, мемлекет – мемлекеттiк табысты қалыптастыру
түрiнде сипатталады.
Макроэкономикалық деңгейде салықтың мазмұны өз қызметiн жүзеге асыру
барысындағы мемлекеттiң жалпы iшкi өнiм өндiрiсiндегi үлесiн көрсетедi,
сонымен қатар экономиканың, аймақтың жекелеген салаларын қолдауға
бағытталған экономикалық бағдарламаларды және әлеуметтiк бағдарламаларды
қаржыландыру, сондай-ақ әлеуметтiк салада қызмет ететiн – бiлiм беру,
денсаулық сақтау, басқарма, құқықтық тәртiптi қорғау органдарын, әскерлердi
ұстау барысында сипатталады [2].
Салықтар каржының бастапқы категориясы және олар мемлекетпен бiрге
пайда болып, мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып есептеледi.
Салықтар әлемдегi бүкiл елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен
саяси iс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық
кұралы, мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың аса маңызды
көзi болып табылады. Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты
түрде көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi, олардың
түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттiң табиғатымен
және функцияларымен айқындалады. Салықтар мемлекеттiң қаржылық ресурстарын
қалыптастыруда заңды және жеке тұлғалардың қатысу мiндеттiлiгiн бiлдiредi.
Белгiлi философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбiр азаматтың қасиеттi
борышы деген едi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-iншi бабында:
заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге мiндеттi төлемдердi
төлеу әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады, - деп жазылған. Қайта
бөлудiң тетiгi бола отырып, салықтар бөлу жүйесiнде пайда болатын
жаңылыстарды өшiрудi және экономикалық субъектiлер кызметiн ынталандыруды
немесе тежеудi талап етедi [3].
Салықтардың мәнi олардың функцияларында көрiнедi. Жалпы каржылар
категориясы тұрғысынан салық қосалқы категория болып табылады, сондықтан
қаржыларға қатысты салықтардың функцияларын қаржылардың бөлгiштiк
функциясының құрамдас қосалқы функциялары ретiнде қарастыруды ескерген жөн.
Осыларға сәйкес қазiргi кезде салықтар фискалдық, реттеушi және қайта бөлу
сиякты негiзгi үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржылық
категорияның iшкi белгiлерi мен өзiндiк ерекшелiктерiн бiлдiредi.
Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән тарихи және негiзгi
функция. Оның көмегiмен бюджеттiк қор қалыптасады, мұның өзi салықтардың
қоғамдық мiндеттерiн арттыра түседi. Өйткенi салықтар мемлекеттiк бюджеттiң
кiрiстерiн толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтiк-мәдени шараларды
жүзеге асыруды камтамасыз етедi. Тауар-ақшалай қатынастардың, өндiрiстiң
дамуына карай бұл функция мемлекетке ақшалай табыстардың әрдайым көбейiп
отырған түсiмдерiн айқындайды.
Реттеушiлiк функциясы мемлекеттiң экономикалық кызметiнiң ұлғаюымен
байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына кабылданатын
бағдарламаларға сәйкес ықпал етедi. Бұл ретте салықтардың нысандарын
таңдау, олардың мөлшерлемелерiнiң, алу әдiстерiнiң өзгеруi, жеңiлдiктер мен
шегерiмдер пайдаланылады. Бұл реттеуiштер коғамдық ұдайы өндiрiстiң
құрылымы мен үйлесiмiне, корлану мен тұтыну көлемiне ықпал етедi. Солайша,
соңғы жылдары Қазақстан үшiн салықтық және оларға теңестiрiлген төлемдердiң
төмен үлес салмағы сипатты болып отыр, бұл олардың жеткiлiксiз
жиналымдығымен – салық салудан жалтарынумен түсiндiрiледi.
Қайта бөлгiштiк функция арқылы түрлi субъектiлер табысының бiр бөлiгi
мемлекеттiң қарамағына өтедi. Бұл функцияның iс-әрекетiнiң ауқымы жалпы
ұлттық өнiмде салықтардың алатын үлесi арқылы анықталады; ол ұлттық
табыстың мемлекеттендiрiлу дәрежесiн көрсетедi: бұл үлес 1998 жылғы - 16,6
пайыздан 2008 жылы 22 пайызға дейiн болды (Ұлттық корды есепке алғанда -
26,4 пайыз болады).
Салықтарға да жалпы қаржыларға сияқты бақылау функциясы тән, ол
қаржылық көрсеткiштердi сандық бейнелеу аркылы бюджетке салық төлеушiнiң
салықтық төлемдердi төлеудiң дұрыстығы мен уақыттылығын тексерудi
қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Салықтардың аталған функциялары олардың
әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұнын толық аша түседi [4].
Жалпы салықтар салық салу объектiсiне байланысты тiкелей және жанама
болып бөлiнедi. Корпоративтiк табыс салығы соның iшiнде тiкелей салық
түрiне жатады. Яғни тiкелей салықтар дегенiмiз салық төлеушiнiң кiрiсi
мен мүлкiнен алынатын салықтар болып табылады. Тiкелей салықтардың ең соңғы
төлеушiсi мүлiктiң не табыстың иесi болып есептеледi. Төмендегi суретте
тiкелей салықтың түрлерiнiң құрылымы көрсетiлген.

1 – сурет. Тiкелей салық түрлерi

Бұл салықтар өз кезегiнде нақты және жеке салықтарға жiктеледi. Нақты
салықтар салық төлеушiлердiң мүлкiнiң кейбiр түрлерiне салынады. Жеке
тiкелей салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың табыстарына
салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбiр
салық төлеушiнiң жеке табысы мен мүлкiн де, оның қаржы жағдайын да
ескередi. Келесi 2-суретте жанама салықтың түрлерi сипатталған.

2-сурет. Жанама салық түрлерi

Жанама салықтар – бағаға не тарифке үстеме түрiнде белгiленген салық
төлеушiнiң кiрiстерi мен мүлкiне тiкелей байланысты емес салықтар. Жанама
салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама
салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн түсiмдер де
жатады. Жанама салықтар мемлекеттiң фискалдық мүдделерiн бiлдiредi. Бұл
салықтардың ең соңғы төлеушiсi болып тауарды тұтынушы табылады. Жанама
салық салудың мәнi салықтың тауар бағасына қосылатындығында.
Диплом жұмысының тақырыбына сай Қазақстан Республикасының салық
кодексiне сәйкес корпоративтiк табыс салығына толығырақ тоқталып өтудi
қажет етедi. Корпоративтiк табыс салығын төлеушiлер болып Қазақстан
Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасында өз қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырушы немесе
Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алушы резидент емес заңды
тұлғалар табылады. Корпоративтiк табыс салығын салу объектiлерiне мыналар:
1) салық салынатын табыс;
2) төлем көзiнен салық салынатын табыс;
3) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асырушы резидент емес заңды тұлғаның таза табысы жатады [5].
Соның iшiндегi салық салынатын табысты салық есебiнде келесiдей
анықтайды:

Салық салынатын табыс = жылдық жиынтық табыс – шегерiмдер (1)

Ал бухгалтерлiк есепте:

Ағымдағы жылдық жиынтық 6-шот бөлiмiнiң 7- шот
бөлiмiнiң
табыс ретiнде 5610 шотында = кредиттiк –
дебеттiк
кредиттiк сальдо ретiнде айналымы
айналымы
көрiнiс табады
(2)

Корпоративтiк табыс салығын төлеушiлердiң жеке санаттары үшiн салық
ставкалары да әртүрлi болып келедi. Оны келесi кестеден көруге болады.

1-кесте
Корпоративтiк табыс салығының салықтық ставкалары

Корпоративтiк табыс Салық салынатын Салық ставкасы Салықтық
салығының субъектiлерiобъектiлерi кезең
ҚР-ның резидент заңды Салық салынатын табыс 2011 ж – 15% Күнтiзбелiк
тұлғалары 2012 ж – 20% жыл
2013 ж – 20 %
Төлем көзiнен салық
салынатын табыс
Ауыл шаруашылығымен Салық салынатын табыс 10% Күнтiзбелiк
айналысатын заңды жыл
тұлғалар
Қызметiн тұрақты Таза табыс 15 % Күнтiзбелiк
мекеме арқылы жүзеге жыл
асыратын резидент емес
заңды тұлғалар

Ескерту – Автордың құрастыруымен ықшамдалып берiлген.

Төмендегi кестеде корпоративтiк табыс салығының мемлекет бюджетiнiң
қанша үлесiн қамтитыны сипатталған.

2-кесте
ҚР-ның мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң 2005-2014 жылдары аралығындағы
динамикасы және ондағы КТС үлесi

Мемлекеттiк бюджет Республикалық бюджет
кiрiстерi. Салықтық түсiмдерОның КТС-ның кiрiстерiндегi
iшiнде КТСүлесi, % салықтық түсiмдер

Сомaсы %
Сатудан түскен 404335477 433681261 29345784 0,07
түсiм,мың.тенге
Жұмысшылaрдың ортaша 92 92 - -
тiзiмдiк саны
Негiзгi құралдардың ортaша 56332446 67860248 11527802 20,4
жылдық құны, мың. Тенге
Еңбек өнiмдiлiгi, 4394950,8 4713926,7 318975,9 7,25
(1жол2жол) тг
Қор қайтымдылығы (1жол3 7,1 6,3 -0,8 -11,2
жол)
Қор сыйымдылығы (3жол1жол) 0,13 0,15 0,02 15,3
Өнiмнiң өзiндiк құны, мың. 376656546 416396985 39740439 10,5
Тг
Жалпы табыс, мың тг 27678931 17284276 -10394655-37,5
Кезең шығындары, мың тг 22249043 17038308 -4964767 22,3
Салық салынғанға дейiнгi 11437841 23925063 12487222 109,1
табыс
Корпоративтiк табыс салығы 2948342 3317325 368983 12,5
Таза табыс, мың тг 8489499 20607738 12118239 142,7
Дебиторлық қарыз, мың тг 5686953 5686953 -
Сату рентабельдiлiгi,(13 0,02 0,04 0,02
жол1 жол)%
Активтер рентабельдiлiгi 0,92 0,05 -0,87
(Таза табысАктивтер), %
Меншiктi капитал 0,05 0,06 0,01
рентабельдiлiгi (Таза табыс
МК), %

Ескерту – Ұйымның қаржылық есептiлiгi негiзiнде автор тарапынан
құрылған.

Жоғарыдағы кесте мәлiметтерiне сүйене отырып келесiдей қорытынды
жасауға болады: Үштөбе-Айдын ЖШС-нiң қор қайтымдылығы
2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 0,08 мың теңгеге азайды. Сонымен қатар
2014 жылы жалпы ағымдағы активтердiң айналымдылығы %-ға төмендегендiгi
байқалып отыр.
Серiктестiк сатып алушылармен есеп айырысу жағдайын, әсiресе мерзiмi
өткен қарыздарды үнемi бақылап отырады. Дебиторлық берешек 2014 жылдың
аяғында 5686953 теңгенi құрады. Серiктестiктiң қаржылық жағдайына
айтарлықтай ықпал ететiн кредиторлық және дебиторлық берешектердiң
соммалары контрагенттермен салыстыру актiлерiмен расталған.
Негiзгi құралдардың 31.12.2014 жылдағы қалдық құны 67 860 248 теңгенi
құрады. Серiктестiк негiзгi құралдардың пайдалы қызмет ету мерзiмi бойына
құнды бiр қалыпты жою әдiсiн пайдаланады.
Қорлардың қалдығы 49 583 233 теңгенi құрады. Қорлар әдiл құны
бойынша, яғни, олардың өзiндiк құны және мүмкiн болатын таза сату құны
арасындағы ең төменгi мәнi бойынша бағаланады. Қорлардың өзiндiк құны ФИФО
әдiсi бойынша анықталады. Егер қорлар бүлiнген, бөлшектеп немесе толығымен
ескiрген немесе оларға деген сұраныс азайған жағдайда таза сату құны
бойынша бағаланады.
01.01.2014 жылы өзге де ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердiң көлемi
байқалмады. Серiктестiктiң мiндеттемелерi есептi кезеңде әрбiр қайтарымсыз
алынған активтерге пропорционалды түрде есептелген амортизациялық шығындар
бойынша есептi кезең табыстарына есептен шығарылады.
Серiктестiктiң өзге табыстарына келесiлер кiредi: ұзақ мерзiмдi
активтердi сатудан түскен, қорларды сатудан түскен табыстар, қайтарымсыз
алынған негiзгi құралдары, жеке есебiн жүргiзуге уәкiлеттi органмен
бекiтiлген басқа да қызметтен түскен табыстары және өзге де кiрiстер.

Есептi 2014 жылы Серiктестiктiң барлық табыстары – 433 681 261 теңгенi
құрады, өзiндiк құны – 416 396 985 теңге. Жалпы табыс – 17 284 276 мың
теңге. Әкiмшiлiк шығындар – 16 928 847 теңге. Негiзгi емес қызметтен түскен
табыстар – 25 309 897 теңге, қаржыландырудан шығыстар – 109 461 теңге.
Салық салынғанға дейiнгi негiзгi қызметтен түскен қорытынды пайда – 23 925
063 теңге.

Корпоративтi табыс салығы бойынша шығындар – 3 317 325 теңге. Салық
салынғаннан кейiнгi табыс – 20 607 738 теңге. Кейiнге қалдырылған салықтар
баланстық әдiстi қолдана отырып есепке алынады және салықтық әсерi активтер
мен мiндеттемелер және олардың сомалары бойынша салық базасы арасындағы
уақытша айырмада көрiнiс табады. Кейiнге қалдырылған табыс салығының
ағымдағы бөлiгi әрбiр есептi кезең үшiн қайта қарастырылады және егер
кейiнге қалдырылған активтi бүтiндей немесе бөлшектеп сатуға мүмкiндiк
беретiн салық салынатын табыстың жеткiлiктi мөлшерi алынатын ықтималдылық
болмағанда сол сомаға кеми бередi.

Ендiгi кезекте есептi кезеңдегi ұйымның қаржылық жағдайын талдауға
келетiн болсақ, қаржылық жағдай кәсiпорынның iскерлiк белсендiлiгi мен
тұрақтылығының маңызды сипаттамасы болып табылады. Қаржылық жағдай
кәсiпорынның қолда бар мүлiктерi мен оларды қаржыландыру көздерiнен, сондай-
ақ кәсiпорын қызметiнiң қаржылық нәтижелерiмен анықталады. Төмендегi
кестеде Үштөбе-Айдын ЖШС -нiң қызметiне талдау жасалып, қаржылық
есептiлiктiң барлық нысандарының 2013-2014 жылдар аралығындағы мәлiметтерiн
қолданылды. Талдау барысында келесi нәтижелерге қол жеткiзiлдi. (Қосымша А)
4-кесте
Үштөбе-Айдын ЖШС-нiң 2013-2014 жылдар аралығындағы активтерiнiң
құрамы мен құрылымын талдау

№ Көрсеткiш 2013 жыл 2014 жыл Есептi кезеңдегi
өзгерiстер
Сома, Өзiн Сома,
теңге дiк теңге
Сал
мақ,
%,
Сома, мың теңге Өзiндiк салмақ, Сома, мың теңге
%
Сома, Өзiндiк Сома, мың теңге
мың салмақ, %
теңге
Ағымдық 0,92 0,87 0,9 Компания өтiмдi активтерiн
өтiмдiлiк арттыруы қажет
коэффициентi
Меншiктi 0,5 0,4 0,5 Ұйымның меншiк
қаражаттармен қаражаттармен қамтамасыз
қамтамасыз етiлу етiлу деңгейi өте жақсы
коэффициентi
Төлем 1,2 1,4 1 Жыл соңында ұйымның
қабiлеттiлiгiн жағдайы жақсарып, төлем
қалпына келтiру қабiлеттi болды.
коэффициентi

Ескерту – Ұйымның қаржылық есептiлiгi негiзiнде автор тарапынан
құрылған.

1.3 Үштөбе-Айдын ЖШС-нiң есеп саясаты

Үштөбе-Айдын серiктестiгi 8 ХҚЕС Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп
бағалауларында болатын өзгерістер мен қателер және ҚР Бухгалтерлiк есеп
және қаржылық есептiлiк туралы Заңына сәйкес өз қызметiнiң есеп жазбаларын
жүргiзуде және қaржылық eсeптiлiгiн дaйындаудa ҚР-ғы бухгалтерлiк есеп және
қаржылық eсептiлiк жүйесiн рeттеушi нормативтi құқықтық актiлердiң
негiзiнде жасaлған.
Есеп сaясатын қaбылдаудағы ең басты мaқсат – қaржылық жaғдайы,
қызметiнiң нәтижесi және өзгерiсi турaлы aқпараттарды шынайы ұсынуғa
болатындaй бухгалтерлiк есеп жүйесiн құру, сондaй-ақ қaржылық aқпараттардың
сaпалық сипаттaмасына немесе Қaзақстан Республикасының заңнамаларына қaйшы
келетiн жағдайларды қоспағанда, барлық аспектiлерiн Халықаралық қаржылық
есептiлiк стандарттарымен сәйкестендiру.
Нaқты Хaлықаралық қaржылық eсептiлiк стaндарттары болмaған жағдaйда,
Серiктестiктiң бaсшылығы Есeп сaясатын құрудa қaржылық есептiлiктi
пaйдаланушыларға пaйдалы aқпараттарды қaмтамасыз етeтiн өзiндiк кәсiби
пайымдaуларын қолдaнады. Мұндaй пaйымдауларды қолдaнуда Серiктестiк
бaсшылығы:
– ұқсaс немесе бaйланысты мәсeлелердi қозғайтын Хaлықаралық
қaржылық есептiлiк стaндарттарының басшылығы мен талаптарын;
– активтер, мiндeттемелер, тaбыс және шығысты анықтау, тану және
бағалау критерилерiн;
– қaржылық есeптiлiктi дайындау және құруда бекiтiлген
Қағидаларды;
– Стандарттар мен жоғарыда аталған пунктeрге сәйкес салалық
тәжiрибенi бекiтетiн басқа органдардың шешiмдерiн назарға алады.
ХҚEС талаптарынан бас тартуға тек Серiктестiк басшылығының шешiмi
бойынша шынайылыққа қол жеткiзуге қажеттi деп танылған жағдайда ғана рұқсат
берiледi. ХҚEС-ның нақты бiр тaлабынан бас тaртудың қaжеттiлiгiн бaғалауда:
- тaлаптың мaқсаты, нeлiктен бұл мaқсатқа қол жeткiзiлмеген нeмесе
нaқты жaғдайда орынсыз;
- Сeрiктестiктiң жaғдайы тaлапқа сәйкeс жүргiзетiн ұйымдардың
жағдайыннан айырмашылығы қандай екендiгiн назарға алынады.
Шынайылыққа қол жеткiзуде талап етiлетiн ХҚЕС-нан бас тартқан
жағдайда, есептiлiк барлық қолданылатын стандарттарды есепке ала отырып
жасалады, бiрақ ескертпелерде келесiдей ақпараттар ашылып көрсетiледi:
– Стандарттың талаптарын бұрмалаушылыққа алып келетiн ХҚЕС атауы
немесе басшылықтың шешiмi бойынша стандарт талаптарына
сәйкестендiру Концепция талаптарына қарама-қайшылыққа алып
келетiн себептер;
– Әрбiр ұсынылатын кезең үшiн – басшылықтың көзқарасы бойынша
шынайылықты қамтамасыз ететiн есептiлiктiң әрбiр компонентiне
түзетулер.
Есеп саясаты ұзақ уақыт бойы қолданысқа ие болады және заңнамаларға,
соның iшiнде бухгалтерлiк есеп туралы заңнаманың талабына сәйкес,
қолданыстағы Есеп саясатын өзгерту қажет болса немесе бұл өзгерiс
Серiктестiктiң қаржылық есептiлiгiнде оқиғалар мен операцияларды шынайы
көрсететiн жағдайларда ресми түрде өзгертiлуi мүмкiн:
Серiктестiктiң Есеп саясатына сәйкес, кәсiпорындағы жалпы бухгалтерлiк
есептi жүргiзуге уәкiлеттi тұлға ретiнде бас бухгалтер жауапты болады. Бас
бухгалтер Бас директорға бағынады.
Бас бухгалтер:
– бухгалтерлiк қызметтегi мамандарды таңдауға және жұмысын
ұйымдастыруға;
– бухгалтерлiк есептiң жүргiзiлуiне, қаржылық есептiлiк нысандарын
құру мен салықпен есеп айырысуға;
– ҚР Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Заңының,
Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарының, құқықтық және
басқа да актiлердiң, сондай-ақ Есеп саясатының талаптарын
сақтауға жауап бередi.
Серiктестiктiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерiнiң жауапкершiлiгi
олардың өкiлеттi болып отырған Серiктестiк қызметiнiң кез келген кезеңiнде
пайда болады. Бас бухгалтердi лауазымынан босатқан кезде жұмысты жаңадан
тағайындалған бас бухгалтерге (егер ол болмаса, Серiктестiктiң басшылығының
бұйрығына сәйкес тағайындалған жұмысшыға) тапсырады.
Үштөбе-Айдын ЖШС -де бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк
жүйесi ҚР Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Заңның
талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Серiктестiктiң бухгалтерлiк есебiн
ұйымдастыру, операциялар мен оқиғалардың орындалуы барысында заңға сәйкес
орындалуы Серiктестiктiң басшылығына жүктеледi. Бухгалтериядағы
қызметкерлердiң функционалды мiндеттерi Бухгалтерия туралы ережелер мен
лауазымдық нұсқаулықтарға сай анықталады.
Серiктестiк, бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып,
қызметтiң түрiне, масштабына қарай және шаруашылық жүргiзудiң нақты
шарттарында:
- бухгалтерлiк жұмыстың ұйымдастырушылық формасын өз бетiнше орнатады;
- Есеп саясатын құрады;
- қажет болған жағдайда бухгалтерлiк есептi функционалды өндiрiстiк
және қаржылық түрлерге бөледi;
- операциялар мен оқиғаларды бақылау тәртiбiн бекiтедi, сондай-ақ
бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына қажеттi басқа да шешiмдердi
қабылдайды.
Уәкiлеттi органмен бекiтiлмеген қағаз немесе электронды түрдегi
бастапқы құжаттарды Серiктестiк өз бетiнше әзiрлейдi және келесiдей
мiндеттi реквизиттердi қамтуы тиiс:
- құжаттың атауы (нысандары);
- құрылған күнi;
- ұйымның атауы;
- операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
- операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiгi (сандық және құндық
мағынада);
- операцияның жүргiзiлуiне (оқиғаның расталуына) және оны
рәсiмдеудiң дұрыстығына жауапты тұлғалардың аты-жөнi, лауазымы
және қолы.
Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлiк есептiң регистрлерi электронды
үлгiде құрастырылатын болса, Серiктестiкте операцияның басқа қатысушылары,
сондай-ақ ҚР заңдарына сәйкес талап етуге құқығы бар мемлекеттiк
органдардың талабы үшiн осындай құжаттардың қағаз үлгiсiндегi көшiрмелерi
дайындалады. Бастапқы құжаттар операцияны жүзеге асыру сәтiнде қалыптасады,
егер бұл мүмкiн болмаған жағдайда операция аяқталысымен жасалады.
Серiктестiкте бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң келесiдей әдiстерi
қолданылады:
- автоматтандырылған – синтетикалық және аналитикалық есеп
регистрлерi мен қаржылық есептiлiктер персоналды компьютерлерде
жүргiзiледi;
- автоматтандырылмаған (қолмен) – шаруашылық операцияларды жүзеге
асыру барысында бастапқы құжаттарды қағаз түрiнде рәсiмдеу.
Автоматтандырылған бухгалтерлiк есепте бiрыңғай бағдарламалық
қамсыздандыру қолданылады. Технологиялық құжат айналымға, құжаттарды
уақытылы және сапалы толтыруға, ондағы мәлiметтердiң шынайылығы мен
бухгалтерлiк есепте көрiнiс табу үшiн құжаттарды уақытылы жеткiзуге құжатқа
қол қойған тұлға жауапты болады.
Серiктестiктiң бiрiншi басшысы ұйымдастырушылық-өкiмгерлiк және
қаржылық-есеп айырысу құжаттарына қол қоюға құқығы бар тұлғалардың тiзiмiн
анықтайды. Сонымен қатар, Серiктестiктiң коммерциялық құпиясын құрайтын
құжаттар тiзiмi де бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
Үштөбе-Айдын ЖШС -нiң қаржылық қызметiнiң Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүргiзiлуiн iшкi бақылау iшкi аудиторларлық тексеру
жүргiзу арқылы жүзеге асады. Бухгалтерлiк есеп ақпараттарын алуға
мүмкiндiгi бар аудиторлар және басқа да тексерушi тұлғалар меншiк иесiнiң
келiсiмiнсiз оны жеке мүдделерi үшiн қолдануға құқығы жоқ.
Серiктестiктiң жалпы есеп жүйесi келесiдей бөлiнедi:
a) қаржылық есеп есептiлiкке қосылады және қадағалаушы органдар мен
аудиторлар үшiн ашық болады. Шоттардың жұмыс жоспары Есеп саясатының
ажыратылмас бөлшегi болып саналады. Қажет болған жағдайда шоттардың
жұмыс жоспары өзгертiлiп, толықтырылуы мүмкiн.
b) статистикалық есеп қаржылық есеп мәлiметтерiне негiзделедi, ақпаратты
ұсыну формасы, құрамы мен мезгiлi Ұлттық статистикалық агенттiгiмен
бекiтiледi.
c) салық есебi бухгалтерлiк есептiң қорытынды нәтижелерiнiң салық
заңнамаларына сәйкес құрылуына негiзделедi және есептiң баламалы
әдiстерiн қарастырмайды.
d) басқару есебi – бұл қаржылық, статистикалық және салық есебiнен келiп
туындайтын Серiктестiктiң басшылығының тапсырмасы бойынша
құрастырылатын жиынтық ақпарат.
Бұл ақпараттар ағымдағы және болашақтағы жағдайларды талдау және
тиiмдi басқарушылық шешiм қабылдау үшiн қажет.
Үштөбе-Айдын ЖШС операциялық, бухгалтерлiк және статистикалық есептi
Қазақстан республикасының заңдылығына сәйкес жүзеге асырады. Бухгалтерлiк
және статистикалық есептi кәсiпорынның бас бухгалтерi жүргiзедi.
Кәсiпорында 1С-Кәсiпорын бухгалтерлiк бағдарламасы қолданылады.
Серiктестiктегi активтерге, меншiктi капиталға, мiндеттемелерге, табыстар
мен шығыстарға әсер ететiн барлық шаруашылық операциялары мен оқиғалары
бухгалтерлiк есепте көрiнiс табуы қажет.
Бiрыңғай шаруашылық операцияларына жиынтық бухгалтерлiк құжаттар
толтырылады. Жиынтық бухгалтерлiк құжаттардың дәлелдеушiлiк күшi оларға
бастапқы құжаттарды тiркеген жағдайда ғана сақталады.
Ұйымның қаржылық есептiлiгi: құрастыру мен ұсыну тәртiбi.
Серiктестiктiң қаржылық есептiлiгi Қазақстан Республикасы қаржы Министрлiгi
бекiткен формалардан, соның iшiнде:
- Қаржылық жағдай туралы есептiлiк (1-нысан)

- Жылдық жиынтық табыс туралы есептiлiк (2-нысан);

- Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептiлiк (3-нысан)

- Меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есептiлiк (4-нысан)

- Түсiндiрме хат пен есеп саясаты туралы ақпараттардан тұрады.
Қаржылық жағдай туралы есептiлiк белгiлi уақыт iшiнде Серiктестiктiң
қаржылық жағдайын сипаттайды. Бұл нысанда Серiктестiк қысқа мерзiмдi және
ұзақ мерзiмдi активтердi, сонымен қатар мiндеттемелердi жеке классификация
ретiнде көрсетедi.

Қысқа мерзiмдi активтер. Актив мынандай жағдайда қысқа мерзiмдi актив
ретiнде жiктеледi: оны сату немесе сатылуы үшiн сақтап отыру немесе
операциондық циклдың қалыпты жағдайында қолдануға ұсынылатын болса;

- ол ең бастысы коммерциялық мақсатта құрылады;

- оны есептiк күннен 12 ай уақыт iшiнде сатылады деп күтiледi;
немесе

- ол қолдануына шектеу қойылмаған ақша немесе олардың эквивалентi
түрiндегi актив болып табылады

Қысқа мерзiмдi активтер оларды есептiк мерзiм кезiнен 12 ай уақыт
iшiнде жұмсалуы күтiлмеген жағдайда да күнделiктi операциондық циклдiң бiр
бөлiгi ретiнде сатылады. Қысқа мерзiмдi актвтерге тапсырыс берушiлердiң
және сатып алушылардың қарыз қаражаттары жатады.Қысқа мерзiмдi
мiндеттемелер. Мiндеттеме қысқа мерзiмдi болып сыныпталады егер;

- оны Серiктестiктiң операциондық циклiнiң қалыпты жағдайында өтеу
күтiлетiн болса;

- ары қарай қайта сатылу мақсатында ұсталынып тұрады;

- есептiк мерзiмнен кейiн 12 ай уақыт iшiнде төлеуге жатады;

- Серiктестiктiң есептiк мерзiмнен 12 ай өткеннен кейiн мiндеттеменi
өтеудi кейiнге қалдыруға шартты түрде ешқандай құқығы жоқ.

Кейбiр жеткiзушiлер мен мердiгерлер алдындағы қысқа
мерзiмдi мiндеттемелер, Серiктестiктiң жұмысшыларға есептеген еңбекақылары
және басқа да операционды шығындар қалыпты операциондық циклде қолданылатын
айналым капиталының бiр бөлiгiн құрайды. Осындай операционды статьялар
есептiк мерзiмнен бастап 12 ай болғаннан кейiн өтелуге жататын болса да
қысқа мерзiмдi мiндеттемелер болып жiктелiнедi.Барлық өзге де
мiндеттемелер ұзақ мерзiмдi болып сыныпталады. Бiрқатар жағдайларда
қаржылық мiндеттеме уақытынан бұрын өтелуi тиiс , мәселен мынадай:
кәсiпорын есептiк мерзiм күнiнде немесе оған дейiн қаржылық келiсiм
шарттарын бұзды. Бұл жағдайда берiлген мiндеттеме есептiк мерзiмнен кейiн
де ағымдағы болып классификацияланады, бiрақ есептiлiк бекiтiлген күнге
дейiн кредитор өзi ұсынған келiсiм құқықтарын қабылдамауға келiседi.
Мұндай мiндеттеме егер кредитор жалға алушыға төлемдi кемiнде 12 ай
мерзiмге кейiнге қалдыруына келiссе ұзақ мерзiмдi болып жiктелiнедi.

Қаржылық нәтиже туралы есептiлiк. Кiрiстер мен шығыстар туралы есеп
белгiлi уақыт кезеңiндегi Серiктестiктiң қызметiнiң тиiмдiлiгiн көрсетедi.
Серiктестiк Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң заңдылықтар
тәртiбiмен бекiтiлген қаржылық нәтиже туралы есептiлiк формасын қабылдайды.
Қосымша баптар мен аралық сомалар қаржылық нәтиже туралы есептiлiкте мұндай
көрсеткiштер Серiктестiк қызметiнiң қаржылық нәтижесiне неғұрлым детальды
түрде түсiнiктеме беру үшiн қажет.

Шығыстар бөлiмшесi бiрнеше баптарға бөлiнедi. Серiктестiк бұл
ақпаратты шығындар тағайындалуы бойынша әдiсiмен көрсетiп, шығындар
олардың функцияларымен сәйкес сатылған өнiмнiң (тауар, жұмыс, қызмет
көрсетулер) өзiндiк құнының бiр бөлiгi, сату бойынша шығындар, әкiмшiлiк
және қаржылық шығындар болып жiктелiнедi.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп Серiктестiктiң таза
активiндегi қаржылық құрылым және ақша түсiмдерi мен төлемдерiнiң
көлемiне, мерзiмiне әсер ету қабiлеттiлiгi сияқты өзгерiстердi бағалауға
мүмкiндiк беретiн ақпаратты көрсетедi. Есеп ХҚЕС Ақша қозғалысы туралы
есеп (IAS-7) талаптарына сәйкес дайындалады. Серiктестiк Қазақстан
Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң заңдылықтар тәртiбiмен бекiтiлген ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есептiлiк нысанын қабылдайды.

Есептiлiкте Серiктестiкпен өзiнiң қызмет түрлерiне қатынасы бойынша
ақша қаражаттарының қозғалысы ашып көрсетiледi.

- операциондық қызмет – осы үшiн Серiктестiк құрылған және негiзгi
табыс алыа келетiн қызмет;

- инвестициялық қызмет – ұзақ мерзiмдi активтердi және басқа
инвестицияларды сатып алу және iстен шығарумен байланысты қызмет түрi;

- қаржылық қызмет – бұл меншiктi капитал мен сырттан тартылған
ресурстардың құрамы мен көлемiнiң өзгерiсi көрсетiлетiн қызмет .

Операциондық қызметке Серiктестiкте инвестициялық және қаржылық
қызмет болып табылмайтын операциялардың барлық түрi жатады. Операционды
қызметтегi ақша қаражаттарының қозғалысы мыналарды қамтиды: тауарды
өткiзуден, жұмысты орындау және қызмет көрсетуден қаржылық түсiмдер; жалға
беруден, комиссиялық сыйақы және басқа табыстардан қаржылық түсiмдер;
жабдықтаушылардың тауары, жұмыс және көрсетiлген қызметке ақшалай
төлемдер; жұмыскерлерге және олардың атынан ақшалай төлемдер; пайдаға
салынатын салыққа компенсация немесе ақшалай төлемдер, егерде олар қаржылық
және инвестициялық қызметпен ешқандай байланыста болмаса; коммерциялық
мақсат үшiн жасалған келiмi бойынша ақшалай түсiмдер мен төлемдер;

Операциондық қызметтегi ақша қозғалысының ашылуы туралы ақпаратты
Серiктестiк ақшалай түсiмдер мен төлемдердiң негiзгi түрлерi туралы
ақпаратты ашу тiкелей әдiсiн қолдану арқылы жүзеге асырады.

Инвестициялық қызметтегi ақша қаражаттарының қозғалысы келешекте
табыстар мен айналымнан шығып қалған ақша қаражаттарын алу үшiн
тағайындалған ресурстарға қатысты жүргiзiлетiн шығындарды көрсетедi.
Инвестициялық қызметтегi ақша қаражаттарының қозғалысы мыналарды қамтиды:

- негiзгi құралдарды, материалдық емес және басқа ұзақ мерзiмдi
активтердi сатып алуға ақшалай төлемдер;

- негiзгi құралдарды, материалдық емес және ұзақ мерзiмдi активтердi
сатудан түскен ақшалай түсiмдер;

-басқа ұйымдарға және бiрiккен ұйымдардың қатысу үлесiне(төлемдерден
басқа бұл құралдар үшiн ақша эквивалентi ретiнде қарастырылатын
коммерциялық мақсаттар үшiн тағайындалады.) бөлшек және ұзақ мерзiмдi
құралдарды сатып алу үшiн ақшалай төлемдер;

- басқа тараптармен берiлген аванстық ақшалай төлемдер мен займдар;

- басқа жақтарға жеткiзiлiп берiлетiн аванстар мен займдардың
өтелуiнен ақшалай түсiмдер;

- инвестициялық қызметпен байланысты басқа да ақшалай түсiмдер мен
төлемдер.

Қаржылық қызмет. Серiктестiк қаржылық қызметтiң ақша қозғалысына
келесiлердi жатқызады:

- қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi займдардың ақшалай түсiмдерi;

- несиелердi ақшалай өтеу;

- қаржылық қызметпен байланысты басқа да ақшалай түсiмдер мен
төлемдер.

Меншiктi капиталдың өзгерiсi туралы есеп. Серiктестiк Қазақстан
Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң тәртiбiмен орнатылған Меншiктi
капиталдың өзгерiсi туралы есеп формасын қабылдайды.

Серiктестiк меншiктi капиталдың өзгерiсi туралы есепте көрсетедi:

- кезең iшiндегi жиынтық пайда (залал)

- меншiктi капиталда танылатын әрбiр кiрiс және шығыс баптары және
осындай баптардың сомасы;

- Есеп саясатындағы және маңызды қателiктердi түзетуде өзгерiстердiң
кумулятивтi әсерi.

Қаржылық есептiлiкке түсiндiрме хат:

- маңызды операциялар мен оқиғалар үшiн серiктестiкпен таңдалған және
қабылданған есеп саясаты және қаржылық есептiлiк дайындығының негiзi туралы
ақпаратты ашып көрсетедi;

-қаржылық есептiлiктiң кейбiр жерлерiнде көрсетiлмей кеткен ХҚЕС-ның
талаптарына сай ақпаратты ашып көрсетедi.

-Серiктестiк шеңберiнде функцияларға негiзделген сыныпталуы қолдана
отырып шығыс және кiрiстер талдауын көрсетiп бередi;

-қаржылық есептiлiктiң шынайылығын қамтамасыз ету үшiн қажет қосымша
ақпаратты қамтиды.

Есеп саясатының көрсетiлiмi. Қаржылық есептiлiкке түсiндiрме ретiнде
есеп саясаты бөлiмiн Серiктестiк қаржылық есептiлiктiң дайындалуы үшiн
қолданылғандар бағалау негiзi, қажет болған жағдайда - қаржылық
есептiлiктi дұрыс түсiну үшiн маңызды түсiнiк болатын есеп саясатының
әрбiр нақты сұрағы қарастырылады. Серiктестiк үшiн есептi кезең болып 1
қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл болып табылады.
Аралық қаржылық есептiлiк Қазақстан Республикасында әсер ететiн
заңдылықтардың талаптарына сәйкес уақытта жеткiзiлiп отырады.

Бухгалтерлiк есеп серiктестiкпен Қазақстан Республикасының валютасы–
теңгемен жүргiзiледi. Қаржылық есептiлiк – мың теңге өлшем бiрлiгiмен
құрылады. Қаржылық есептiлiкте Серiктестiктiң бас директоры мен бас
бухгалтерiнiң қолдары қойылады (немесе соған құзiретi бар тұлғамен).
Серiктестiктiң қаржылық есептiлiгi салық,статистика органдарына және басқа
да құзiреттi бақылаушы ұйымдарға көрсетiледi.

Қаржылық есептiлiктi құрудың қағидалары мен оның сапалық
сипаттамалары: есептеу, үздiксiздiк, түсiнiктiлiк, орындылық,
салыстырмалылық, маңыздылық, сенiмдiлiк, толықтылық, шынайылық.

Үштөбе-Айдын ЖШС –нiң қаржылық есептiлiгi оның салықтық органдарға
өз уақытында және дұрыс жеткiзiлуiне жауап беретiн бас директор және бас
бухгалтердiң қойылған қолдарымен куәландырылады. Серiктестiк қызметi
процесiнде есептiк саясатқа жекелеген iшкi нормативтiк құжаттармен
(бұйрық,өкiм және т.б.) сәйкестендiрiлiп рәсiмделген экономикалық
негiзделген өзгерiстер енгiзе алады.

2. КОРПОРАТИВТIК ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕБIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Салық алынатын жылдық жиынтық табыс есебi

Салық базасы салық салу объектiсiнiң құн, физикалық немесе өзге де
сипаттамаларын бiлдiредi, олардың негiзiнде салықтың және бюджетке төленуге
жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы айқындалады. Пайдаға
салынатын салықтар ХҚЕС (IAS12) сәйкес активтiң салық базасы - ұйым
активтiң қаржылық жағдай туралы есептiк құнын өтегеннен кейiн алатын кез
келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында
есептелетiн сома. Егер де осы экономикалық пайдаға салық салынбайтын болса,
активтiң салық базасы оның қаржылық жағдай туралы есептiк құнына тең
болады. Мiндеттеменiң салық базасы оның қаржылық жағдай туралы есептiк
құнына тең болады, бұған алдағы уақытта осы мiндеттемеге қатысты салық салу
мақсатында шегерiлетiн кез келген сома қосылмайды. Аванс түрiнде алынған
түсiмге келетiн болсақ, пайда болатын мiндеттеменiң салық базасы оның
қаржылық жағдай туралы есептiк құнына тең болады, бұған алдағы уақытта
салық салынбайтын түсiмнiң кез келген сомасы қосылмайды.
Салық салынатын пайда - салық органдары белгiлеген ережелерге сәйкес
анықталатын кезең iшiндегi пайда, осыған байланысты пайдаға салынатын салық
төленедi.
Үштөбе-Айдын ЖШС-нiң салық саясатына сәйкес салық салынатын табыс
жылдық жиынтық табыс пен шегерiмдердiң арасындағы айырмаға тең болып
табылады. КТС бойынша салық салу ҚР-ның Салық кодексiнiң 4-бөлiмiне (81-
149-баптарға) сәйкес жүзеге асырады. Серiктестiктiң жылдық жиынтық табысына
Қазақстан Республикасында есептi кезеңi iшiнде алынған табыстары жатады.
Ұйымның кiрiстер есебi 6-бөлiмнiң шоттары арқылы жүргiзiлiп отырады. Бұл
бөлiмде келесiдей бөлiмшелер бар:
6000 Өнiмдердi өткiзу мен қызметтердi ұсынудан түскен кiрiс, онда
өнiмдердi сатудан және қызметтер көрсетуден түсетiн кiрiстердi алумен
байланысты операциялар ескерiледi, және оларға ұқсас операциялар, сатылған
өнiмдi қайтарумен байланысты операциялар көрсетiледi. Бағадан немесе
сатудан берiлетiн жеңiлдiкпен байланысты операциялар қарастырылады;
6100 Қаржыландырудан түскен кiрiстер, онда қаржылық активтер бойынша
кiрiстердi алумен байланысты операциялар: депозиттер, берiлген қарыздар.
Дивидендтер боынша кiрiстер, активтерге қаржылық жалдау бойынша кiрiстер,
қаржылық активтiң әдiл құнының өзгертуден кiрiстер көрсетiледi.
6200 Өзге кiрiстер, басқа да кiрiстердi есепке алуға арналған.
6300 Тоқтатылған қызметке байланысты кiрiстер, онда мiндеттемелер
бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулардан алынатын кiрiстерге
байланыты операциялар.
6400 Үлестiк қатысу әдiсi бойынша есепке алынатын ұйымның пайда
үлесi, онда қауымдастырылған немесе бiрлескен ұйымдардың пайда үлесi
ескерiледi. Есептi кезең соңында бұл бөлiмнiң шоттары 5610 Қорытынды
пайда(қорытынды залал) шотымен жабылады. Үштөбе-Айдын ЖШС-нiң салық
саясатына сәйкес жылдық жиынтық табысқа есептi кезеңдегi алынған
табыстарының келесi түрлерi жатады.
Ең алдымен, негiзгi қызметтен түсетiн кiрiске жататын қызмет
көрсетуден түсетiн табыстар болып табылады. Табыс сомасы нақты көрсетiлген
қызмет бойынша анықталады, яғни тапсырыс берушi қол қойған орындалған
қызмет актiсi негiзiнде. Актiге қол қойылған күн табысты тану күнi болып
табылады. Қызмет көрсетуден түсетiн табыстарға келесi табыстар жатады:

– халық, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердi сүт өнiмдерiмен
қамтамасыз ету мақсатында алынатын табыстар;
– жасалған келiсiмшартқа сәйкес, жеткiзушiлерден табиғи сүт өнiмдерiн
қабылдап алуды ұйымдастыру және оны Қаратал ауданы, Алматы облысының
тұтынушыларына тасымалдауды қамтамасыз етуден түсетiн табыстар;
Үштөбе-Айдын ЖШС-нде жоғарыда айтылған кiрiс бойынша бухгалтерлiк
есебi келесi шоттар бойынша жүзеге асырылады. 6000 Өнiмдердi өткiзу мен
қызметтердi көрсетуден түскен кiрiс бөлiмшесi 6010 Өнiмдердi өткiзу мен
қызметтер көрсетуден кiрiс, 6020 Сатылған өнiмдi қайтару, 6030 Бағадан
және сатудан жеңiлдiктер шоттар тобын қамтиды. Сатудан немесе қызмет
көрсетуден түскен кiрiстiң бухгалтерлiк есебi келесi кестеде сипатталған.

8-кесте
Сатудан немесе қызмет көрсетуден түскен кiрiстiң бухгалтерлiк жазбасы

№ Операция мазмұны Шоттар корреспонденциясы
Дт Кт
1 2 3
1 Өнiмдi сатудан немесе қызмет көрсетуден 1210-1240, 6010
түскен кiрiс, (ҚҚС-сыз) 2110-2140
2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлерге 6030 1210-1240,
бағадан және сатудан жеңiлдiктер берiлдi 2110-2140
3 Босатылған құны бойынша тауарлар 6020 1210-1240,
қайтарылды 1210-1240, 2110-2140
2110-2140 6030
-берiлген жеңiлдiктер сомасына
4 Бұрын болшақ кезең кiрiстерiне жатқызылған3520, 4420 6010
соманы осы кезең кiрiстерi ретiнде тану
5 Кезең соңында шотты жабу:
-6010 Өнiмдердi өткiзу мен қызметтер 6010 5610
көрсетуден кiрiс шоттары
-6020 Сатылған өнiмдi қайтару шоттары 5610 6020
-6030 Бағадан және сатудан жеңiлдiктер 5610 6030
шоттары

Ескерту – Әдебиеттер негiзiнде автор тарапынан құрылды [15].
Негiзгi қызметтен түсетiн табыстардың талдамалы есебi 6010 Өнiмдердi
сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кiрiс шотының кредитi бойынша
№13 журнал-ордерде, ал бухгалтерлiк есептi компьютеризациялағанда бiр
айдағы алынған табыстардың түрлерi мен жыл басынан берi өскен жиынтығы
бойынша машиннограммада жүргiзiледi [10].
Негiзгi емес қызметтен табыстарының бiрi мiндеттемелердi есептен
шығарудан түсетiн табысқа келесiлер жатады:
1) серiктестiктiң мiндеттемелерiн оның кредиторының есептен шығаруы;
2) серiктестiк таратылған кезде тарату балансы бекiтiлген кезде
кредитор талап етпеген мiндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап
қою мерзiмiнiң өтуiне байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;
4) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен
шығару бойынша табыстар.Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысқа
кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алу-сату шарты бойынша олардың
мөлшерiн азайту жатпайды [11].
Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс. Үштөбе-Айдын ЖШС-нiң
салықтық есеп саясатына сәйкес сатып алынған тауарлар жұмыстар,
көрсетiлетiн қызметтер бойынша, сондай-ақ қызметкерлердiң есепке жазылған
табыстары бойынша туындаған және 3 жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған
мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған қарыздар жөнiндегi күмәндi
мiндеттемелер бойынша табысқа алынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік салықтық есеп
Ұйымдағы бухгалтерлік есепті және салықтық есепті жүргізудің теориялық негіздері
Салық есебінің тіркелімдері
Қосылған құнға салынатын салық тауарлары
Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы
Бюджетпен есеп айырысу есебі. Салықтар
Салық төлеушінің міндеттері
«Erk–trust» ЖШС–де бюджетпен қарым-қатынас есебі
Салық салынатын табысты түзету
Бюджетпен есеп айырысудың аудиті
Пәндер